Биоагенттерді өсіру технологиясы


Жоспар
Кіріспе
- Биоагенттерге түсініктеме . . . 1 - 2
- Еліміздегі биоагенттердің толық зерттелген түрлері . . . 3-6
Негізгі бөлім
2. 1. Биоагенттерді жаппай өсіру технологиясы . . . 7-13
2. 2. Биозертханаларда аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы биоагенттерді (трихограммалар, бракондар, алтынкөздер) ұстау және сақтау . . . 14-18
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
- Биоагенттерге түсініктеме
Биоагент (биологиялық күрес агенті) - зиянды организмдермен (мысалы, энтомофаг - бунақденелілермен күресте) биологиялық күресте пайдаланылатын пайдалы организм. Биоагенттерге жататындар:
- Трихограмма
- Бракон
- Алтынкөз
Трихограмма -
трихограмматид (Trichogrammatidae) туыстасының жарғаққанаттылар (Hymenoptera) отрядына жататын, мөлшері 1 мм-ге дейінгі ұсақ бунақденелілер. Трихограммалардың әр түрлі түрі түрлі отрядқа жататын бунақденелілер жұмыртқасында тоғышарлық еткенмен мақталықтағы, жүгеріліктегі, көкөніс дақылдарындағы, бақ және орман көшеттеріндегі қабыршаққанаттылар (Lepidoptera) отряды зиянкестерінің жұмыртқаларындағы тоғышарлықтың практикалық мәні өте зор.
Бракон
-
Bracon hebetor
ересектерінің мөлшері 4 мм-ге дейінгі, браконид (Braconidae) тұқымдасының жарғаққанаттылар (Hymenoptera) отрядына жататын бунақденелілер. Бұл энтомофаг өсімдіктерді қабыршаққанатты зиянкестерден биологиялық қорғауда пайдаланылады және жұлдызқұрттардың сыртқы тоғышары болып табылады.
Алтынкөз
(кәдімгі алтынкөз) -
Chrysopa carnea
денесінің ұзындығы 20 мм-ге дейін және қанатын жазғанда 15-30 мм-ге жететін хризопид (Chrysopidae) туыстасы торқанаттылар (Neuroptera) отрядының бунақденелілер. Энтомофагденесінің сырты жұмсақ (дамуының түрлі кезеңіндегі) зиянды бунақденелілер және кенелер жиынтығының жыртқышы. Алтынкөзді жасанды жағдайда жаппай көбейту оңай және биологиялық күрес агент ретінде пайдаланылады.
Энтомофаг сапасы
(жаппай өсіргендегі) - энтомофагтарды биологиялық күреске тиімді пайдалану үшін қажетті қасиеттерінің (физиологиялық, экологиялық, т. б. ) жиынтығы.
Босату реттілігі
(энтомофагтардың) - энтомофагтарды бір маусымда қорғалатын дақылға жалпы босату саны (оларды маусымдық шоғырландыру тәсілімен пайдалану кезінде), сондай-ақ энтомофагтарды нақты мақсаттық зиянкес ұрпақтарына қарсы босату реттілігін айыра білу қажет. Мәселен трихограмманы мақта көбелігінің бір ұрпағына қарсы 3 сатуды құрайды, ал бір маусымдағы жалпы саны мақта көбелегінің үш ұрпағына қарсы 3 босатудан тұрады.
1
Шартты гектар
- ауыл шаруашылығы дақылдары плантациясының энтомофагтер екі және одан да астам босатылған телімі. Мәселен, егер мақта егістігінің 1 физикалық гектарында бір маусымда трихограмма 9 рет босатылса, онда шартты гектар 9-ға тең болады.
Энтомофаг -
бунақденелілермен қоректенетін жыртқыш немесе бунақденелілер есебінен дамитын тоғышар (паразитоид) . Өсімдіктерді биологиялық қорғау үшін жарғаққанаттылар, қаттықанттылар, жартылай қатты қанаттылар, қос қанаттылар, торқанаттылар отрядтарына жататын бунақденелілердің практикалық мәні зор.
Әлемде трихограмма қолданудың көпжылдық тәжірибесі биологиялық күресте ең жақсы тиімділікке ұзақ эволюциялық үдерісте жергілікті жағдайларға бейімделген жергілікті жұмыртқа жегілерін пайдаланған кезде жеуге болатынын көрсетті. Ландшафты аймақтардың әр түрлілігі, өсірілетін дақылдардың молдығы, Қазақстан климатының өзіне ғана тәндігі трихограммалардың жергілікті түрлерін анықтауды, олардың экологиясын зерттеуді қажет етеді. Бұл өндіріске зиянды қабыршаққанаттылармен күресте қолдану үшін жұмыртқа жегілерінің анағұрлым болашағы бар түрлерін ұсынуға мүмкіндік береді.
2
1. 2. Еліміздегі биоагенттердің толық зерттелген түрлері
Қазақстанда трихограммалардың мынандай: Trichogramma evanescens West., T. euproctidis , T. pintoi Voeg. , T. рrincipum Sug. et Sor. секілді түрлері анағұрлым толық зерттелген.
Браконның Bracon hebetor Say., B. simonovi Kokuev тәрізді түрлері анағұрлым тиімді түрлері болып табылады.
Қазақстанда алтынкөздің 15 түрі белгілі. Олар: Chrysopa formosa
Brauer,
Ch. septempunctata
Wesm.,
Ch. perla
L.,
Ch. саrnеа
Steph т. б.
Биофабрикалар мен биозертханаларда өсіріліп, жаз бойы мақта егістіктеріне үнемі босатылып отыратын биологиялық агенттерден (трихограмма, бракон, алтынкөз) басқа бұл егістіктерді энтомокарифагтердің өзге де 60 түрі мекендейді. Олардың арасында көкцинеллидтер (
Coccinella septempunctata
L.,
Adalia bipunctata
L.,
Adonia variegata
Gz. ) ; жыртқыш қандалалар: ориус (
Orius niger
Wolff. ) және набис (
Nabis ferus
L. ) ; шаншарлар: афидиус (
Aphidius
ssp. ), микроплитис (
Microplitis spectabilis
Hal. ), рогас (
Rogas
ssp.
)
және апантелес (
Apanteles
ssp.
)
; жыртықш кене - фитосейулюс (
Phytoseiulus persimilis
Ath. -Henr) ; тахина шыбындар (
Tachinidae
) ; барылдақ қоңыздар (
Carabidae
) т. б. өте көп және тиімді.
Көрсетілген биоагенттер өз пайдалы әрекетімен көптеген зиянкестердің (көбелектерді қоса есептегенде) сан мөлшерін 10-25% және одан да астам төмендетуге қабілетті. Алайда бұл агробиоценоздарға пестицид прессингi болмаған кезде ғана мүмкiн. Мақтаға зиян келтiретiн өрмекшi кене мен мақта көбелегi ерекше қауiптi зиянкестерге жатқызылғандықтан олардан химиялық қорғау мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады, Қазақстанның мақта егетін өңірлеріндегі пестицид мөлшері бақыланады. Қазақстанның оңтүстігінде мақталықтардың зиянкестеріне қарсы қорғаныш шараларын дер кезінде биологияландыру бұл өңірде экологиялық жағдайларды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Трихограмма ( Trichogramma pintoi Voeg. ) - күздік көбелектің, мақта көбелегінің, жер үстілік кіші көбелектің (карадринаның) және көбелектің басқа да түрлерінің жергілікті кең тараған жұмыртқа паразитоиды. Бұл түр Қазақстанның оңтүстігінде мақта егістігін көбелектерден қорғау үшін пайда-
3
ланылады. Трихограмманың мөлшері ол өзі дамыған көбелек жұмыртқасының көлеміне байланысты 0, 25 мм-ден 0, 9 мм-ге дейін болады. Аталықтары аналықтарынан сәл кішірек. Трихограмманың түс реңі күңгірт-сарыдан қараға дейін өзгереді. Аналықтарының мұртшалары қысқа да сирек қылтықтармен жабылып, жуандаған күрзімен аяқталады, ал аталықтарының мұртшалары қалың да ұзын қылтықтармен жабылған, мұртшаларының соңғы буындары өзара қосылып кеткен. Трихограммалардың аналықтары жұмыртқаларын көбелектердің жаңа салынған жұмыртқаларына әр жұмыртқаға 2-4-тен келетіндей етіп салады. Залалданған жұмыртқа көң реңді қара түс тартады. Бұл залалданған жұмыртқаны залалданбаған жұмыртқадан оңай ажыратуға мүмкіндік береді. Туылған дернәсілдер көбелек жұмыртқасының ішіндегісімен қоректеніп, сонда қуыршаққа айналады. Трихограмма дернәсілдерінің жұмыртқада дамуы 4 - 6 тәулікте аяқталады. Аналықтары аталықтарынан бұрын ұшып шығады, аталықтары жұмыртқа салуға дайын болып туылады. Аналықтарының өсімталдығы - 40-50 жұмыртқа. Даму және іздеу белсенділігі үшін 24-30°С ауа температурасы және ауаның 60-80% ылғалдылығы қолайлы. Қазақстанның оңтүстігіндегі шілде-тамыз айларында байқалатын ауа температурасының 30°С-дан артуы және ауа ылғалдылығының 30 пайыздан төмендеуі трихограмманың өсімталдығын төмендетеді. Трихограмма өсімдіктен өсімдікке жылжиды, олар қысқа қашықтыққа - 1, 5-2 метрге ұша да алады. Көбелектердің бір ұрпағы ішінде ол 2-3 ұрпақта, ал бір маусымда 13-14 генерацияда дамиды. Дернәсіл кезеңінде көбелек жұмыртқасында және басқа да танап шекаралары мен танап жиектерінде қыстайды. Табиғатта ол онша көп емес, сондықтан да оны биофабрикалар мен биозертханаларда жаппай өсіру қалыпқа келтірілген. Трихограмма көбелектердің жұмыртқа салу кезеңінде маусымдық шоғырландыру тәсілімен (әлсін-әлсін босату) қолданылады. Ол астық күйесінің (ситотрога) жұмыртқасында өсіріледі.
1-сурет. Трихограмма ( Trichogramma pintoi Voeg. )
4
Бракон хебетор ( Braсon hebetor Say. ) - күздік, мақта, кіші жер үстілік (карадрина), тағы басқа көбелектердің, қан көбелектер мен күйелердің сыртқы тоғышары. Денесінің ұзындығы - 0, 2-0, 3 см. Бракон орта (ІІІ-IV) және ересек (V-VI) жастағы жұлдызқұрттарды залалдайды. Аналықтары жұмыртқаларын жұлдызқұрттарға салмастан бұрын жұмыртқаларын денесіне енгізе отырып, оны сал етіп тастайды. Содан жұлдызқұрт қоректенуін тоқтатады. Бір тәуліктің ішінде бракон 100-150 жұлдызқұрт залалдайды. Аналықтарының өсімталдығы - 100 жұмыртқадан 800 жұмыртқаға дейін. Туылған дернәсілдер жұлдызқұрттың ішіндегі өнімімен қоректеніп, оның қалдықтарында қуыршаққа айналады. Мақта көбелегінің бір жұлдызқұртында 20-25 дернәсіл дамиды. Сол мақта көбелегінің бір ұрпағы дамығанша браконның 2-2, 5 ұрпағы, ал бір маусымда 6-7 ұрпағы дамиды.
Аналықтары түсіп үлгермеген ширатылған жапырақ ішінде, ағаш кеуегінде қыстайды. Браконның дамуы үшін анағұрлым орында жағдай - 26-28°С ауа температурасы, 60-80% ауа ылғалдылығы. Танапқа босатқан кезде гүл шырынымен, жұлдызқұрттың қанды сөлімен қоректенеді, тәулігіне 100 метрге дейін ұшып-қонып жүріп, белсенді түрде жұлдызқұрт іздейді, ал іздеу қабілеті - 500-550 метр. Браконның жергілікті түрі биозертханалар мен биофабрикаларда үлкен балауыз көбелегінің жұлдызқұрттарында көбейеді.
2-сурет. Бракон ( Braсon hebetor Say. )
5
Кәдімгі алтынкөз ( Chrysopa carnea Steph. ) - басқа алтынкөз түрлерінің ішінде анағұрлым кең тараған. Қанаттары жазған кезде 40 мм-ге дейін. Оның дернәсілдері кіші жастағы күздік, мақта, кіші жер үстілік көбелектердің, сондай-ақ биттердің, трипстердің, өрмекші кененің жұмыртқалары мен жұлдызқұрттарын белсенді түрде жояды. Дернәсілдері бір күнде 50-60 бит, 200 кене және кіші жастағы көбелектердің едәуір жұмыртқалары мен жұлдызқұрттарын жоюға қабілетті. Ересек алтынкөз гүл шырынымен, гүл тозаңымен, биттер мен кенелер бөліп шығарған заттармен қоректенеді.
Имаголары құрылыстарда, тұрғын үйлер мен оған жатпайтын ғимараттарда қыстайды. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 11-16°С кезде алтынкөздер сәуірден бастап белсенді және жоңышқалықты, бақтарды, содан кейін мамырда мақталықты мекендейді. Аналықтары жұмыртқаларын бір-бірден (кейде көбірек) мақта жапырақтары мен сабақтарына салады. Олардың өсімталдығы - 190-700 жұмыртқа. Жұмыртқаларының даму ұзақтығы ауа температурасына байланысты 3-12, дернәсілдерінікі 12-15, пупарийларыныкі - 6-8 күн. Ересектері 30-35 күн тіршілік етеді. Бір маусымда алтынкөз 3-5 ұрпақ беріп дамиды. Оған ауашық анағұрлым қолайлы температурасы - 25-30°С, ал ауаның қолайлы ылғалдылығы - 60%. Алтынкөздер биофабрикалар мен биозертханаларда өсіріліп, жұмыртқа сатысында немесе дернәсілдері екінші жасында көбелектердің, биттердің, өрмекші кененің даму ошақтарына жіберіледі.
3-сурет. Кәдімгі алтынкөз ( Chrysopa carnea Steph. )
6
2. 1 . Биоагенттерді жаппай өсіру технологиясы
Трихограммаларды жаппай өндіру технологиясы
Биофабрикаларда трихограммаларды жаппай көбейту механикаландырылған жүйенің техникалық сипаттамасы мен пайдалану жөніндегі нұсқауларына сай жинақталған жабдықтарымен іс жүзіне асырылады.
Трихограммалар өндірістік биозертханаларда немесе биофабрикаларда қорек ретінде толыққұнды арпа дәнінде өсірілген дән күйесінің не болмаса ситотроганың ( Sitotroga cerealella Oliv. ) жұмыртқасы пайдалана отырылып өсіріледі. Дән күйесі мен трихограммаларды жаппай өсіру технологиясына мынандай негізгі операциялар енгізіледі.
1) Дән күйесін (ситотрога) өсіру үшін дән дайындай;
2) Дәнді ситотрогамен залалдау;
3) Ситотроганың көбелегі мен жұмыртқасын алу;
4) Дән күйесінің жұмыртқасын алу;
5) Трихограммаларды көбейту және сақтау;
6) Аналық материалдарды жаңарту және жинақтау.
Дән күйесін өсіру үшін арпа дәнін дайындау . Арпа дәнін түрлі әдіспен: термиялық - ыстық сумен, автоклавтарда және химиялық фумигация жолымен дайындайды. Ылғалды термиялық зарарсыздандыру дұрысырақ, өйткені ол жұлдызқұрт енгізу және оны өсіру үшін аса қолайлы жұмсақ дән алуға мүмкіндік береді. Ол үшін дән 40-60 секундқа ыстық суға (90-95°С) салады. Суға, ол өңезденіп кетпес үшін, алдын ала марганец қышқылды калий (10 л суға 1 г) қосады.
Дәнді ситотрогамен залалдау
. Дәнді залалдау үшін дән күйесінің, көбелектерінің салғанына 2-3-ші күн болған, жұмыртқасы пайдаланылады. Сондай-ақ бүкіл жұмыртқа жасының айырмашылығы бір-бірінен бір тәуліктен аспауға тиіс. Жұмыртқалар температурасы (24±1) °С және ауасының салыстырмалы ылғалдылығы (85±5) % термостатқа 4-5 тәулік салынып қойылады. Алғашқы өрмекші көрінген кезде бүкіл жұмыртқа дән бетіне 100 кг-ға 100 г жұмыртқа есебімен жұқа қабатпен салынады. 4-5 тәуліктен соң, көбелектердің жұлдызқұрттары дәнге енген соң, ол мұқият араластырылып, егер қажет болса қосымша ылғалдандырылады. Ғимарат (20±) °С температурада және (80±5) % ылғалдылықта ұсталады.
7
Дән күйесінің көбелектері мен жұмыртқаларын алу . Көбелектері ұшқан соң 2-3 күннен кейін дәнді кассеталарға аударып, бокстерге орналастырады. Бір бокске әрқайсысында 13-15 кг дән бар 10 кассета орналастырылады. Әдетте көбелектердің жаппай ұшуы кассеттер толтырылған соң 3-5 күннен кейін басталады және ол 15-18 күнге созылады. Дәннен шыққан көбелектер кассеттер перфорациясы арқылы бокске еніп, оның төменгі конустарына жинақталады да ашылатын клапаны арқылы жалпы бунақденелілер өткізгішіне барып түседі. Осыдан олар ауа тасқынымен күйеқабылдағышқа өтеді.
Көбелектер тәулігіне 2 рет жиналады, күйеқабылдағыштан дозалағышпен сору шкафында кіші көптейнерлерге өлшеніп оралады да ауыспалы ұстағышпен және түппен жабылып, 4-5 тәулікке ұялы термостатқа орналастырылады. Кіші контейнерлер күн сайын сору шкафына қондырылған вакуумдық құрылғымен тазартылады.
Жиналған жұмыртқаларды елеуіш, тербелткіш, одан соң пневматикалық класқа бөлгішпен тазартады. Тәулігіне жиналып, тазартылған жұмыртқалар өлшенеді, содан кейін жапсырма жапсырылған қағаз пакеттерге (әрқайсысына 50 грамға дейін) салынады, кассеттер мен Петри табақшалары күйе өндіру (10-20%), трихограмма өсіру үшін пайдаланылады немесе сақтауға қойылады. Биофабрикаларда дән күйесі жұмыртқаларының орташа шығымы бір орналастырылған дәннен көбелек және жұмыртқа жинау циклының ұзақтығы 35-45 күн және дәннің орналасу дәрежесі 75% 100 кг дәннен 600 г.
Дән көбелегінің жұмыртқаларын сақтау. Ұдайы өндіруге арналған партия үшін 1-3°С температурада, 85-90% салыстырмалы ауа ылғалдылығында қысқа уақытқа жұмыртқа сақтау 3-4 тәуліктен, трихограммалар қоныстандыру үшін - 10 тәуліктен аспайды. Биофабрикалардың жыл бойы жұмыс істеуіне қажетті ұзақ мерзімді сақтау үшін жұмыртқаны әбден мұздату әдісі жасалған. Оларды арнайы құрылғымен Дьюар ыдысындағы сұйық ыдысқа салады. Сөйтіп 6-12 ай бойы -196°С температурада сақтайды. Содан кейін жұмыртқалар 44-45°С-ге дейін жылытылған суға салып ерітеді де 25-30°С қызулы гидрофильді плиталарда 25-40 минут бойы кептіріп, трихограмма өсіру үшін пайдаланылады. Дән күйесінің жұмыртқаларын ерітіп, қайта іске қосқан соң трихограммаға 58-60% жұмыртқа қосылады, тоғышардың туылуы 60-75% құрайды.
8
Трихограммаларды көбейту . Дән күйесінің жұмыртқалар әйнек пластикаларға немесе үш метрлік банкаларға желімдеп жапсырылады. Пластикалар немесе банкалар алдын ала ылғал конденсатымен ылғалдандырылады. Пластиналарда тоңазытқыштан алғанда оларға ауа ылғалданғыштан немесе ылғал бумен жұқалап су жағылады. Жұмыртқалар пластинаның екі бетіне не банканы айналдыра шашылады, жабыспағандары сәл сілкіп түсіріледі. Пластиналар органикалық әйнектен жасалған контейнерлерге (виварийлерге) қойылады, ал олардың әрқайсысындағы пеналдарға 20 ситотрога жұмыртқасына бір аналықтан келетіндей есеппен трихограмма имаголары орналастырылады. Контейнерлер немесе банкалар температураны, ауа ылғалдылығын автоматты реттейтін және фотокезеңі (фотопериод) бар, сол жағырапиялық аймақты мекендейтін популяциялар үшін қолайлы климаттық камераға қойылады.
Дән күйесінің жұмыртқаларын 1-2 тәулік ішінде қоныстандырады. Қоныстандыру біркелкілігі шамдарды автоматты түрде кезек-кезек қосу есебінен іске асады. Трихограмманың оң фототаксистік қасиеті бар және пластинаның анағұрлым жарық түскен тұсына жинақталады. Жұмыртқалар қарайғаннан кейін (трихограмманың қуыршақтанар алдындағы кезеңі) оларды сору шкафында елеуіштер жиынтығымен тазалап, өлшейді де, сату үшін (егістік немесе ұдайы өндіру үшін) жапсырма жапсырылған пакеттерге немесе сақтау үшін кассеттерге бөліп салады. Пакеттердің не кассеттердің сыртында трихограмманың түрлері, қоныстанған уақыты және сақтауға қойылған уақытының басы, қоныстану пайызы және олардың сан мөлшері көрсетіледі. Әдетте 1 граммында трихограмма тоғышарлық еткен 70-80 мыңдай жұмыртқа болады.
Аналық материалдарды жаңарту және жинақтау . Трихограмманың бастапқы популяциясының тектік қорын байыту және биоматериалдар сапасын арттыру мақсатында мынандай шаралар атқару ұсынылады.
1) Табиғаттан трихограмма тоғышарлық еткен бунақденелілердің көптеген (кем дегенде 1500) жұмыртқасын жинау.
2) Трихограммалардың биофабрикалар территориясына орналасқан налық телімге (0, 5-1 га) жинақталуы. Бұл телімге жыл сайын әр түрлі мерзімде пісетін ауыл шаруашылығы дақылдары себіліп, қабыршаққанаттылар отрядының фитофагтары мен трихограммалар қолдап қоныстандырылады. Телімнің периметрі бойынша балшырынды өсімдіктер себіледі.
9
3) Аналық телімнен трихограмма қоныстанған жұмыртқаларды тамыз-қыркүйекте жинау, тоғышарлар өсіру, 10 жұмыртқаға бір аналық есебінен иелер жұмыртқалары арқылы күздік екі пассаж жүргізу, ұзақ сақтау үшін трихограммаларды диапаузаға түсіру.
4) Диапаузаға түскен трихограммаларды реактивтендіру (қабілеттендіру), негізгі иенің жұмыртқалары арқылы 2-3 пассаждан кейін іске асатын, гетерозистің популяциялық тиімділігін алу мақсатында топтық будандастыру.
5) Дән күйесінің жұмыртқаларында трихограмманың әрі кеткенде 3-4 ұрпағы дамитындай есеппен трихограммаларды жаппай өсіру.
Егер биофабриканың территориясындағы аналық учаскеде мүмкіндік болмаса трихограмма популяциясы тоғышарлар шығарылмаған агробиоценоздардағы негізгі иелердің тоғышарлық етілмеген жұмыртқаларын жинау есебінен жыл сайын жаңартылады.
Аналық материалдарды жаңарту және жинақтау жөніндегі жұмыс трихограмманың түрлік жағдайы мен оның сапасының бағалануын таксономиялық бақылау жолымен жүргізіледі.
Бракондарды жаппай өндіру технологиясы
Биофабрикаларда бракондарды жаппай өсіру механикалық тізбек жабдықтарының жиынтығымен техникалық сипаттамасына және пайдалану жөніндегі нұсқауына сай іске асырылады.
Бракон зертханалық ие ретінде үлкен балауыз көбелегі ( Galleria melonella L. ) пайдаланылып өсіріледі. Оларды өсіру мынандай кезеңдерден тұрады: ие өсіру, тоғышар өсіру және сол тоғышарды сақтау.
Үлкен балауыз көбелегінің жұлдызқұрттарын өсіру үшін құрамына 700 г жүгері ұны, 350 г бидай ұны, 300 г қант, 70 г маргарин, 350 г сүт, 30 г ашытқы, 260 г кептірілген жеміс, 100 г мерва кіретін қоректік орта пайдаланылады. Осы өнімдерден қоректік орта үгілмелі қоспа алу үшін әлсін-әлсін араластыра отырып, қызу шкафында әзірленеді. Дайын қоспа салқындатылады. Мерва мен кептірілген жеміс бөлек стерильденеді. Кептірілген жеміс, мерва және ұн қоспасы араластырылып, үш литрлік банкаларға 100-150 г қоспадан, сондай-ақ бесінші-алтыншы жастағы жұлдызқұрттан 100 данадан салады. Банкалардың аузы матамен жабылады да, үлкен балауыз көбелегін өсіретін қондырғыға қойылады. Компьютер
10
мониторына 32°С температуралық тәртіп және 70% салыстырмалы ылғалдылық беріледі. 10-15 күннен соң банкаларда көбелектер пайда болады. Көбелектер ұшып шыққан банкаларға жұмыртқа салатын тетік қойылады. Ол тетік өзара бір-бірімен қосылған ағаш планкадан тұрады. Әрбір екі-үш күн сайын оның орнына жаңасы, яғни тазасы қойылады. Планкадан алмас жүзімен үлкен балауыз көбелегінің жұмыртқалары мұқият алынады да бір граммнан дозаланады. Үш литрлік таза банкаға 100 граммнан стерильденген мерва және 1 граммнан жұмыртқа салынып, аузы матамен жабылады да үлкен балауыз көбелегін өсіру үшін екінші қондырғыға қойылады. Температуралық және ылғалдылық тәртібі беріледі. Жұлдызқұрттар екінші және үшінші жасқа жеткенде әрбір жәндікханаға 5 банкадан немесе бір қондырғыға 25 банка аударып салынады. Бірте-бірте жеті шкафтың бәрі осылай етіледі.
Жәндікханалар қалың қара матамен жабылады, қажетіне қарай (аптасына 2-3 рет) жұлдызқұрттар қоректік қоспамен қосымша қоректендіріледі. Апта сайын матаның бетінен ересек жұлдызқұрттар жиналып алынады. №1 шкафқа салынғаннан кейін 10-15 күннен соң жұлдызқұрттарды жастары бойынша бөлуге арналған қондырғыда жұлдызқұрттарды қоректік ортадан бөлектей бастайды. Жұлдызқұрттар қоректік ортамен қоса жырашыққа салынып, бөлгішке тікесінен тік қойылады да есіктері жабылады, температуралық тәртіп (режим) қосылады. Температураның әсерімен жұлдызқұрттар қоректік ортаны тастап, қондырғының бөлігіне түседі де, осында жастары бойынша бөлінеді. Ересек жастағы жұлдызқұрттар браконмен залалдануға, кіші жастағылары №2 шкафқа одан әрі өсіру үшін жөнелтіледі.
Жиналған ересек жұлдызқұрттар банкаларға 250 данадан салынады. Ал ол банкаға қағаз кеңірдектеуге арналған қондырғыда алдын ала кеңірдектелген қағаз салып жіберіледі. Банкалардың аузына мата жайылады да, қоңыр мата жауып тасталады. Сөйтіп ол жұлдызқұрт піллә тоқығанша солай қалдырылады.
Бракон таза банкаларға салынып, жинауға арналған қондырғыға қойылады, олар 100 данадан балмен қосымша қоректендіріледі. Қуыршақтанған жұлдызқұртты кассеталар браконы бар банкаларға ауыстырылады да, банкалардың аузы мата қақпақпен жабылады да, бракон өсіруге арналған қондырғыға орналастырылады. Компьютер мониторына температуралық тәртіп, фотокезең тәртібі мен ылғал тәртібі қойылады. Бірте-бірте бәрі
11
шкафтарға қойылады. Залалданғаннан кейін 10 күннен соң бракондар ұша бастайды. Бракондардың бір бөлігі ұдайы өндіруге қалдырылады, ал негізгі бөлігі танапқа шығару үшін пайдаланылады.
Алтынкөздерді жаппай өндіру технологиясы
Алтынкөздерді биофабрикаларда жаппай өсіру техникалық сипаттамасы мен пайдалану жөніндегі нұсқауына сай механикаландырылған тізбектің жабдықтар жиынтығымен іске асырылады.
Алтынкөз дернәсілдері үшін толыққанды табиғи жем орнына жұмыртқа, дән көбелегінің биофабрика трихограмма өндіру кезінде жаппай көбейтетін, өлген имагосы - ситотрогасы жүреді.
Төменде алтынкөзді жаппай өсірудің, негізінде энтомофагтарды қолайлы гидротермиялық жағдайда ұстау, дернәсілдерді ситотрога жұмыртқаларымен қоректендіру және ересек бунақденелілерді балмен және сыра ашытқысының автолизатымен қосымша қоректендіру жатқан, кейбір үдерістерінің сипаттамалары берілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz