Биоагенттердің (энтомофагтардың) жаппай жасанды өсіру және мақтаның асақауіпті зиянкестеріне қарсы күрес


МАЗМҰНЫ
Анықтаулар, белгілеулер және қысқартулар
Биоагент (биологиялық күрес агенті) - зиянды организмдермен (мысалы, энтомофаг - бунақденелілермен күресте) биологиялық күресте пайдаланылатын пайдалы организм.
Бракон - Bracon hebetor ересектерінің мөлшері 4 мм-ге дейінгі, браконид (Braconidae) тұқымдасының жарғаққанаттылар (Hymenoptera) отрядына жататын бунақденелілер. Бұл энтомофаг өсімдіктерді қабыршаққанатты зиянкестерден биологиялық қорғауда пайдаланылады және жұлдызқұрттардың сыртқы тоғышары болып табылады.
Алтынкөз (кәдімгі алтынкөз) - Chrysopa carnea денесінің ұзындығы 20 мм-ге дейін және қанатын жазғанда 15-30 мм-ге жететін хризопид (Chrysopidae) туыстасы торқанаттылар (Neuroptera) отрядының бунақденелілер. Энтомофагденесінің сырты жұмсақ (дамуының түрлі кезеңіндегі) зиянды бунақденелілер және кенелер жиынтығының жыртқышы. Алтынкөзді жасанды жағдайда жаппай көбейту оңай және биологиялық күрес агент ретінде пайдаланылады.
Энтомофаг сапасы (жаппай өсіргендегі) - энтомофагтарды биологиялық күреске тиімді пайдалану үшін қажетті қасиеттерінің (физиологиялық, экологиялық, т. б. ) жиынтығы.
Босату реттілігі (энтомофагтардың) - энтомофагтарды бір маусымда қорғалатын дақылға жалпы босату саны (оларды маусымдық шоғырландыру тәсілімен пайдалану кезінде), сондай-ақ энтомофагтарды нақты мақсаттық зиянкес ұрпақтарына қарсы босату реттілігін айыра білу қажет. Мәселен трихограмманы мақта көбелігінің бір ұрпағына қарсы 3 сатуды құрайды, ал бір маусымдағы жалпы саны мақта көбелегінің үш ұрпағына қарсы 3 босатудан тұрады.
Биоагенттерді (энтомофагтарды) жаппай өсіру - жасанды жағдайда оларды көп мөлшерде өсіру. Жаппай өсіру деп (зертханалық өсіруден айырмасы) бунақденелілердің өсімдікті биологиялық қорғау үшін бір аналықтың ұрпақ тарату кезінде өсіретін түрінің құн және таза табыс көлеміндегі қабылдауға боларлық10 мыңнан 1 млн есеге дейін асып түсетін қатынасын айтады. Жаппай өсіру мақсаты - қысқа уақытта ең аз алаңда еңбек шығыны мен қаржыны өте аз жұмсай отырып, өсімтал аналықтардың ең мүмкін деген көп сан мөлшерін өсіру. Оған бір-бірімен тығыз байланысты және бірдей маңызды үш үдеріс қосылады: өсімдік-иені көбейту немесе энтомофаг дамитын бунақдене-иені ұстау үшін жасанды қоректік орта дайындау; бунақдене-иенің және энтомофагтің, зиянды түрлерден бос (аналық дақылдар) тиісті қорын жасап, сақтау; белгіленген биологиялық қорғау бағдарламасы үшін керекті мөлшердегі пайдалы түрді үздіксіз көбейту.
Трихограмма - трихограмматид (Trichogrammatidae) туыстасының жарғаққанаттылар (Hymenoptera) отрядына жататын, мөлшері 1 мм-ге дейінгі ұсақ бунақденелілер. Трихограммалардың әр түрлі түрі түрлі отрядқа жататынбунақденелілер жұмыртқасында тоғышарлық еткенменмақталықтағы, жүгеріліктегі, көкөніс дақылдарындағы, бақ және орман көшеттеріндегі қабыршаққанаттылар (Lepidoptera) отряды зиянкестерінің жұмыртқаларындағы тоғышарлықтың практикалық мәні өте зор.
Шартты гектар - ауыл шаруашылығы дақылдары плантациясының энтомофагтер екі және одан да астам босатылған телімі. Мәселен, егер мақта егістігінің 1 физикалық гектарында бір маусымда трихограмма 9 рет босатылса, онда шартты гектар 9-ға тең болады.
Энтомофаг - бунақденелілермен қоректенетін жыртқыш немесе бунақденелілер есебінен дамитын тоғышар (паразитоид) . Өсімдіктерді биологиялық қорғау үшін жарғаққанаттылар, қаттықанттылар, жартылай қатты қанаттылар, қос қанаттылар, торқанаттылар отрядтарына жататын бунақденелілердің практикалық мәні зор.
- Биоагенттердің (энтомофагтардың) жаппай жасанды өсіру және мақтаның асақауіпті зиянкестеріне қарсы күрес үшін анағұрлым тиімді жергілікті түрлері
Мақта егістігін қорғаудың интеграциялық жүйесінде биологиялық құралдарды (биологиялық агенттер, биологиялық препараттар) кешенді пайдалану қорғау шараларын анағұрлым жоғары биологиялық және экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Биологиялық қорғаныш құралдары қоршаған ортаның инсектицидтермен ластануын төмендетіп, негізгі зиянкестерді (өрмекші кене, мақта көбелегі т. б. ) ұзақ уақыт бақылауды қамтамасыз етеді, энтомофагтардың танапта көбейіп, сонда жиналуына жағдай жасайды.
Әлемде трихограмма қолданудың көпжылдық тәжірибесі биологиялық күресте ең жақсы тиімділікке ұзақ эволюциялық үдерісте жергілікті жағдайларға бейімделген жергілікті жұмыртқа жегілерін пайдаланған кезде жеуге болатынын көрсетті. Ландшафты аймақтардың әр түрлілігі, өсірілетін дақылдардың молдығы, Қазақстан климатының өзіне ғана тәндігі трихограммалардың жергілікті түрлерін анықтауды, олардың экологиясын зерттеуді қажет етеді. Бұл өндіріске зиянды қабыршаққанаттылармен күресте қолдану үшін жұмыртқа жегілерінің анағұрлым болашағы бар түрлерін ұсынуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда трихограммалардың мынандай: Trichogramma evanescens West., T. euproctidis , T. pintoi Voeg., T. рrincipum Sug. et Sor. Секілді түрлері анағұрлым толық зерттелген. Браконның Bracon hebetor Say. , B. simonovi Kokuev тәрізді түрлері анағұрлым тиімді түрлері болып табылады.
Қазақстанда алтынкөздің 15 түрі белгілі. Олар: Chrysopa formosa Brauer, Ch. septempunctata Wesm., Ch. perla L., Ch. саrnеа Steph т. б.
Биофабрикалар мен биозертханаларда өсіріліп, жаз бойы мақта егістіктеріне үнемі босатылып отыратын биологиялық агенттерден (трихограмма, бракон, алтынкөз) басқа бұл егістіктерді энтомокарифагтердің өзге де 60 түрі мекендейді. Олардың арасында көкцинеллидтер ( Coccinella septempunctata L., Adalia bipunctata L., Adonia variegata Gz. ) ; жыртқыш қандалалар: ориус ( Orius niger Wolff. ) және набис ( Nabis ferus L. ) ; шаншарлар: афидиус ( Aphidius ssp. ), микроплитис ( Microplitis spectabilis Hal. ), рогас ( Rogas ssp. ) және апантелес ( Apanteles ssp. ) ; жыртықш кене - фитосейулюс ( Phytoseiulus persimilis Ath. -Henr) ; тахина шыбындар ( Tachinidae ) ; барылдақ қоңыздар ( Carabidae ) т. б. өте көп және тиімді.
Көрсетілген биоагенттер өз пайдалы әрекетімен көптеген зиянкестердің (көбелектерді қоса есептегенде) сан мөлшерін 10-25% және одан да астам төмендетуге қабілетті. Алайда бұл агробиоценоздарға пестицид прессингi болмаған кезде ғана мүмкiн. Мақтаға зиян келтiретiн өрмекшi кене мен мақта көбелегi ерекше қауiптi зиянкестерге жатқызылғандықтан олардан химиялық қорғау мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады, Қазақстанның мақта егетін өңірлеріндегі пестицид мөлшері бақыланады. Қазақстанның оңтүстігінде мақталықтардың зиянкестеріне қарсы қорғаныш шараларын дер кезінде биологияландыру бұл өңірде экологиялық жағдайларды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
1. 1 Мақталықтың аса қауіпті зиянкестері мен олардың энтомофагтарының қысқаша биологиясы
Мақта көбелегі ( Helicoverpa armigera Hubn. ) - Қазақстанның оңтүстігіндегі мақталықтардың, сондай-ақ томаттардың, жүгерінің, нұттың және басқа да дақылдардың аса қауіпті зиянкесі. Қуыршақтары топырақтың 8-10 см тереңдігінде қыстайды. Ауа райы жағдайына байланысты сәуірдің соңы мен мамыр айында қуыршақтардан гүл сірнесімен қоректеніп, жұптасатын, содан соң жұмыртқа салатын көбелектер ұшып шығады. Бір көбелек орта есеппен 500-дей жұмыртқа салуға қабілетті, бірақ кейбір көбелектер 3000-ға дейін жұмыртқа сала алады. Олар жұмыртқаларын түрлі өсімдікке, ал мақтаға шанақтану кезеңінде салады. Сондықтан да көбелектердің алғашқы ұрпағы басқа өсімдіктерде, ал одан кейінгі ұрпақтары мақтада дамиды. Айналадағы ортаның температурасына байланысты 2-6 күннен кейін жұлдызқұрттар туады. Олар Іжәне ІІ жасында жапырақтарды, гүл бүршіктері мен өсімдіктің жоғарғы бөлігіндегі шапақтарын зақымдайды. Өсу шамасына қарай жұлдызқұрттар бұтаның ортаңғы және төменгі қатарларына өтеді де, шанақтарының, гүлдерінің, құрылып келе жатқан қауашағының жұмсағын жеп, соларды зақымдайды. Зақымдалған жеміс түсіп қалады, ал қауашағы шіріп кетеді. Бұл зиянкес келтіретін өнім шығыны 50 және одан да астам пайызға жетуі мүмкін.
Бір маусымда 3-4 ұрпақ дамиды. Екінші-үшінші ұрпаққа (шілде-тамыз) көбелектің сан мөлшері жоғары деңгейге жетеді. Бұл кезеңде олар өте көп зақым келтіруге қабілетті. Өйткені олар құралып келе жатқан өнімді жояды. Кейбір жылдары зиянкестің екінші және үшінші ұрпағы бір-бірінің үстіне шығып, шоғырланып алады да, мақтаны өте қатты зақымдайды. Мақта егілетін аймақта олардың сан мөлшері жыл сайын айтарлықтай өсіп келеді. Олар әсіресе 1998, 2004 және 2010 жылдары жаппай көбейді.
Өрмекші кене ( Tetranychus turkestani Ug. et. Nic. ) - мақталықтың қауіпті зиянкесі. Оңтүстік Қазақстан жағдайында кәдімгі өрмекші кененің тіршілік әрекеті наурыз айының соңында басталады. Кене өз дамуында мынандай кезеңдерден өтеді: жұмыртқа, дернәсіл, пронимфа, дейтонимфа және имаго. Жаңа салынған жұмыртқасының түрі мөлдір сұйық тамшыдай болады. Одан әрі ол күңгірттеніп, дернәсіл шығар алдында кремдей рең тартады. Шар пішінді, қабығы ешқанай мүсінсіз келеді. Жұмыртқа орташа 1, 5-2 күн дамиды.
Дернәсілінің келесі даму кезеңдерінен ең тән ерекшелігі - үш жұп аяғының болуы. Денесі жарты шар тәрізді, көмескі-сары реңді. Жұмыртқадан шыққан дернәсілі бірден өте ширақтық танытады, жапырақпен жылдам өрмелейді, бірақ өрмек тоқымайды. Оны ересектері ғана тоқып, соның астында қоректеніп, соның астында көбейеді. Дернәсіл орта есеппен 4 күн дамиды. Пронимфалары дернәсілдерінен ірілігімен және төрт жұп аяғымен ерекшеленеді. Денесінің формасы бойынша дернәсілге ұқсас. Өңі - ашық-жасыл. Пронимфа орта есеппен 1-1, 5 күн дамиды. Аталықтары пронимфа кезеңінен кейін ересек кенеге айналады. Ал аналықтары болса одан әрі дейтонимфа кезеңінен өтеді. Дене пішіні және өңі бойынша ол ересектеріне жақындайды. Дейтонимфа 2-3 күн бойы даму кезеңінен өтеді. Аналықтарының денесі сопақ, төрт жұп аяқты. Денесін анық байқалатын қылық түк басқан. Аналықтарының өң реңі жаз уақытында бүйірлерінде қоңыр дақтары бар жасылдау-сары. Аталығы аналығынан едәуір кіші және соңына қарай жіңішкерген құрсағымен ерекшеленеді. Қылтық түктерінің орналасуы мен денесінің реңденуі аналықтарына ұқсас. Аналықтарының өсімталдығы 30 жұмыртқадан 756 жұмыртқаға дейін ауытқиды. Мақта танаптарындағы табиғи жағдайда аналығы бір күнде, егер ауа температурасы 27°С және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 53% болса, орта есеппен 6-7 жұмыртқа салады. Аналықтарының табиғи жағдайдағы тіршілігінің ұзақтығы орта есеппен 9 күн, барынша ұзақтығы 14 күн, ең аз ұзақтығы 3 күн құрайды.
Өрмекші кене мақтаға көбінесе мамыр айының соңында - маусым айының басында қоныс аударып алады. Бұл кененің дамуы үшін қолайлы жағдай ауаның 26-30°С температурасы мен ауаның 40-50% салыстырмалы ылғалдылығы.
Трихограмма ( Trichogramma pintoi Voeg. ) - күздік көбелектің, мақта көбелегінің, жер үстілік кіші көбелектің (карадринаның) және көбелектің басқа да түрлерінің жергілікті кең тараған жұмыртқа паразитоиды. Бұл түр Қазақстанның оңтүстігінде мақта егістігін көбелектерден қорғау үшін пайдаланылады. Трихограмманың мөлшері ол өзі дамыған көбелек жұмыртқасының көлеміне байланысты 0, 25 мм-ден 0, 9 мм-ге дейін болады. Аталықтары аналықтарынан сәл кішірек. Трихограмманың түс реңі күңгірт-сарыдан қараға дейін өзгереді. Аналықтарының мұртшалары қысқа да сирек қылтықтармен жабылып, жуандаған күрзімен аяқталады, ал аталықтарының мұртшалары қалың да ұзын қылтықтармен жабылған, мұртшаларының соңғы буындары өзара қосылып кеткен. Трихограммалардың аналықтары жұмыртқаларын көбелектердің жаңа салынған жұмыртқаларына әр жұмыртқаға 2-4-тен келетіндей етіп салады. Залалданған жұмыртқа көң реңді қара түс тартады. Бұл залалданған жұмыртқаны залалданбаған жұмыртқадан оңай ажыратуға мүмкіндік береді. Туылған дернәсілдер көбелек жұмыртқасының ішіндегісімен қоректеніп, сонда қуыршаққа айналады. Трихограммадернәсілдерінің жұмыртқада дамуы 4 - 6 тәулікте аяқталады. Аналықтары аталықтарынан бұрын ұшып шығады, аталықтары жұмыртқа салуға дайын болып туылады. Аналықтарының өсімталдығы - 40-50 жұмыртқа. Даму және іздеу белсенділігі үшін 24-30°С ауа температурасы және ауаның 60-80% ылғалдылығы қолайлы. Қазақстанның оңтүстігіндегі шілде-тамыз айларында байқалатын ауа температурасының 30°С-дан артуы және ауа ылғалдылығының 30 пайыздан төмендеуі трихограмманың өсімталдығын төмендетеді.
Трихограмма өсімдіктен өсімдікке жылжиды, олар қысқа қашықтыққа - 1, 5-2 метрге ұша да алады. Көбелектердің бір ұрпағы ішінде ол 2-3 ұрпақта, ал бір маусымда 13-14 генерацияда дамиды. Дернәсіл кезеңінде көбелек жұмыртқасында және басқа да танап шекаралары мен танап жиектерінде қыстайды. Табиғатта ол онша көп емес, сондықтан да оны биофабрикалар мен биозертханаларда жаппай өсіру қалыпқа келтірілген. Трихограмма көбелектердің жұмыртқа салу кезеңінде маусымдық шоғырландыру тәсілімен (әлсін-әлсін босату) қолданылады. Ол астық күйесінің (ситотрога) жұмыртқасында өсіріледі. Сапалық көрсеткіштерін қолдау және оның іздеу белсенділігін сақтау үшін табиғи иелері - күздік көбелектер, мақта көбелектері тағы басқа көбелектер жұмыртқаларында көбейтіледі.
Бракон хебетор ( Braсon hebetor Say. ) - күздік, мақта, кіші жер үстілік (карадрина), тағы басқа көбелектердің, қан көбелектер мен күйелердің сыртқы тоғышары. Денесінің ұзындығы - 0, 2-0, 3 см. Бракон орта (ІІІ-IV) және ересек (V-VI) жастағы жұлдызқұрттарды залалдайды. Аналықтары жұмыртқаларын жұлдызқұрттарға салмастан бұрын жұмыртқаларын денесіне енгізе отырып, оны сал етіп тастайды. Содан жұлдызқұрт қоректенуін тоқтатады. Бір тәуліктің ішінде бракон 100-150 жұлдызқұрт залалдайды. Аналықтарының өсімталдығы - 100 жұмыртқадан 800 жұмыртқаға дейін. Туылған дернәсілдер жұлдызқұрттың ішіндегі өнімімен қоректеніп, оның қалдықтарында қуыршаққа айналады. Мақта көбелегінің бір жұлдызқұртында 20-25 дернәсіл дамиды. Сол мақта көбелегінің бір ұрпағы дамығанша браконның2-2, 5 ұрпағы, ал бір маусымда 6-7 ұрпағы дамиды.
Аналықтары түсіп үлгермеген ширатылған жапырақ ішінде, ағаш кеуегінде қыстайды. Браконның дамуы үшін анағұрлым орында жағдай - 26-28°С ауа температурасы, 60-80% ауа ылғалдылығы. Танапқа босатқан кезде гүл шырынымен, жұлдызқұрттың қанды сөлімен қоректенеді, тәулігіне 100 метрге дейін ұшып-қонып жүріп, белсенді түрде жұлдызқұрт іздейді, ал іздеу қабілеті - 500-550 метр. Браконның жергілікті түрі биозертханалар мен биофабрикаларда үлкен балауыз көбелегінің жұлдызқұрттарында көбейеді.
Кәдімгі алтынкөз ( Chrysopa carnea Steph. ) - басқа алтынкөз түрлерінің ішінде анағұрлым кең тараған. Қанаттары жазған кезде 40 мм-ге дейін. Оның дернәсілдері кіші жастағы күздік, мақта, кіші жер үстілік көбелектердің, сондай-ақ биттердің, трипстердің, өрмекші кененің жұмыртқалары мен жұлдызқұрттарын белсенді түрде жояды. Дернәсілдері бір күнде 50-60 бит, 200 кене және кіші жастағы көбелектердің едәуір жұмыртқалары мен жұлдызқұрттарын жоюға қабілетті. Ересек алтынкөз гүл шырынымен, гүл тозаңымен, биттер мен кенелер бөліп шығарған заттармен қоректенеді.
Имаголары құрылыстарда, тұрғын үйлер мен оған жатпайтын ғимараттарда қыстайды. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 11-16°С кезде алтынкөздер сәуірден бастап белсенді және жоңышқалықты, бақтарды, содан кейін мамырда мақталықты мекендейді. Аналықтары жұмыртқаларын бір-бірден (кейде көбірек) мақта жапырақтары мен сабақтарына салады. Олардың өсімталдығы - 190-700 жұмыртқа. Жұмыртқаларының даму ұзақтығы ауа температурасына байланысты 3-12, дернәсілдерінікі 12-15, пупарийларыныкі - 6-8 күн. Ересектері 30-35 күн тіршілік етеді. Бір маусымда алтынкөз 3-5 ұрпақ беріп дамиды. Оған ауашық анағұрлым қолайлы температурасы - 25-30°С, ал ауаның қолайлы ылғалдылығы - 60%. Алтынкөздер биофабрикалар мен биозертханаларда өсіріліп, жұмыртқа сатысында немесе дернәсілдері екінші жасында көбелектердің, биттердің, өрмекші кененің даму ошақтарына жіберіледі.
2Биоагенттерді (трихограммалар, бракондар, алтынкөздер) биозертханаларда ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы өндірістік жолмен өсіру жөнінде ұсыныстар жасау
Биологиялық агенттен арасында мақта егістігін қорғау үшін маусымдық шоғырландыру тәсілімен пайдаланылатын трихограмма, бракон және алтынкөздер кең қолдау тапқан. Трихограмма, бракон және алтынкөздер оларды көбейту үшін, зертханалық иелер пайдалана отырып, биозертханалар мен биофабрикаларда жаппай өндіріледі.
2. 1Трихограммаларды жаппай өндіру технологиясы
Биофабрикаларда трихограммаларды жаппай көбейту механикаландырылған жүйенің техникалық сипаттамасы мен пайдалану жөніндегі нұсқауларына сай жинақталған жабдықтарымен іс жүзіне асырылады.
Трихограммалар өндірістік биозертханаларда немесе биофабрикаларда қорек ретінде толыққұнды арпа дәнінде өсірілген дән күйесінің не болмаса ситотроганың ( Sitotroga cerealella Oliv. ) жұмыртқасы пайдалана отырылып өсіріледі. Дән күйесі мен трихограммаларды жаппай өсіру технологиясына мынандай негізгі операциялар енгізіледі.
1) Дән күйесін (ситотрога) өсіру үшін дән дайындай;
2) Дәнді ситотрогамен залалдау;
3) Ситотроганың көбелегі мен жұмыртқасын алу;
4) Дән күйесінің жұмыртқасын алу;
5) Трихограммаларды көбейту және сақтау;
6) Аналық материалдарды жаңарту және жинақтау.
Дән күйесін өсіру үшін арпа дәнін дайындау . Арпа дәнін түрлі әдіспен: термиялық - ыстық сумен, автоклавтарда және химиялық фумигация жолымен дайындайды. Ылғалды термиялық зарарсыздандыру дұрысырақ, өйткені ол жұлдызқұрт енгізу және оны өсіру үшін аса қолайлы жұмсақ дән алуға мүмкіндік береді. Ол үшін дән 40-60 секундқа ыстық суға (90-95°С) салады. Суға, ол өңезденіп кетпес үшін, алдын ала марганец қышқылды калий (10 л суға 1 г) қосады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz