Қ.Р әр аймақ жағдайында дәнді-бұршақ дақылын зиянкестерден қорғау шаралары



I. Кіріспе
Қ.Р әр аймақ жағдайында дәнді.бұршақ дақылын зиянкестерден қорғау щаралары ..4
1.1. Дәнді дақылдардың зиянкестері ...5.13
II. Негізгі бөлім
2.1.Дәнді дақыл зиянкестерінің энтомофагтары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Дәнді бұршақ дақылдары– бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктер; белокқа бай, көбінесе дәні (тұқымы) үшін өсіріледі. Дүние жүзінде17 туысқа бірігетін 60-тан астам түрі бар. Қазақстанда көп тарағаны: асбұршақ , қытайбұршақ (соя), сүмбілбұршақ (лобия), жасымық ,ноғатық ,сиыржоңышқа ,бөрібұршақ (люпин),атбасбұршақ ,майбұршақ ,ноқат ,үрмебұршақ , т.б. Дәнді бұршақ дақылдарының сабақтары тіп-тік (нұт), шырмалып (үрмебұршақ), өрмеленіп (сиыржоңашқа), төселіп (маш) өседі. Кжапырақтары күрделі (бірнеше жапырақшалардан құралады), олар қауырсынды, үш бөлікті және саусақ тәрізді болып бөлінеді. Көбінесе кіндік тамырлы, жемісі бұршақ, онда 2 – 9 ұрық болады. Тұқымы ұсақ (жасымық), ірі (бұршақ), пішіні дөңгелек, қабысқан, бүйрек тәріздес болуы мүмкін. Дәнді бұршақ дақылдары тамырларында түйнек бактериялары болғандықтан, олар ауадан әр га-ға 100 – 400 кг бос азот жинап, топырақты азотпен байытады. Қазіргі таңда агроөндірістік кешеннің негізгі бағыттарының бірі елімізді ауыл шаруашылық шикізаттары және өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету. БҰҰ тамақ және ауыл шаруашылық ұйымының санағы бойынша жыл сайын зиянды ағзалар ауылшаруашылық өнімдерінің 30 пайызын төмендетеді. Оның ішінде топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды сіңіретін, күн көзінен көлеңкелейтін, улы тұқымдарымен ластайтын арамшөптердің үлесі мол. Ауылшаруашылық өнімдерінде таралған ауру қоздырғыштары (қаракүйе, тат, ақ ұнтақ, таз қотыр, жалған ақ ұнтақ, фитофтороз және т.б.)дәнді залалдап, микотоксиндер (афлатоксиндер, охратоксиндер) түзеді.Талдау бойынша микотоксиндер жоғарыулы заттарға (ЛД501,6 -30 мг/кг) жатады.
1. Агроинформ №5, Май 2007. Ауыл шаруашылық дақылдары мен қоршаған ортаға әсері. 13-14бет [1]
2. «Энтомология» Ә.Т.Тілменбаев, Г.Ә.Жармұхамедова Алматы-1994ж [3] 56-89 бет
3. WWW.google.com
4. Сағитов А.О., Исенова Г.Ж., Рвайдарова Г.О., Нұржанов Ө.С., Қалмақбаев Т.Ж. Өсімдікті қорғау. 122-145 бет[4]

5.Искендирова Р.А., Тұтқабаева А.Б.,Тұрсынбай Г.Е. Өсімдік биологиялық қорғау.-Алматы:Агро университет,2014.
6.Қазақ энциклопедиясы, 9 том
"Қазақстандағы жануарлар әлемі" , Алматыкітап баспасы , А.Ф. Ковшарь , В.А. Ковшарьәдебиеттер

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I. Кіріспе
Қ.Р әр аймақ жағдайында дәнді-бұршақ дақылын зиянкестерден қорғау щаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Дәнді дақылдардың зиянкестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-13
II. Негізгі бөлім
2.1.Дәнді дақыл зиянкестерінің энтомофагтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-24
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

I. Кіріспе
Дәнді бұршақ дақылдары - бұршақ тұқымдасына жататын өсімдіктер; белокқа бай, көбінесе дәні (тұқымы) үшін өсіріледі. Дүние жүзінде17 туысқа бірігетін 60-тан астам түрі бар. Қазақстанда көп тарағаны: асбұршақ , қытайбұршақ (соя), сүмбілбұршақ (лобия), жасымық ,ноғатық ,сиыржоңышқа ,бөрібұршақ (люпин),атбасбұршақ ,майбұршақ ,ноқат ,үрмебұршақ , т.б. Дәнді бұршақ дақылдарының сабақтары тіп-тік (нұт), шырмалып (үрмебұршақ), өрмеленіп (сиыржоңашқа), төселіп (маш) өседі. Кжапырақтары күрделі (бірнеше жапырақшалардан құралады), олар қауырсынды, үш бөлікті және саусақ тәрізді болып бөлінеді. Көбінесе кіндік тамырлы, жемісі бұршақ, онда 2 - 9 ұрық болады. Тұқымы ұсақ (жасымық), ірі (бұршақ), пішіні дөңгелек, қабысқан, бүйрек тәріздес болуы мүмкін. Дәнді бұршақ дақылдары тамырларында түйнек бактериялары болғандықтан, олар ауадан әр га-ға 100 - 400 кг бос азот жинап, топырақты азотпен байытады. Қазіргі таңда агроөндірістік кешеннің негізгі бағыттарының бірі елімізді ауыл шаруашылық шикізаттары және өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету. БҰҰ тамақ және ауыл шаруашылық ұйымының санағы бойынша жыл сайын зиянды ағзалар ауылшаруашылық өнімдерінің 30 пайызын төмендетеді. Оның ішінде топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды сіңіретін, күн көзінен көлеңкелейтін, улы тұқымдарымен ластайтын арамшөптердің үлесі мол. Ауылшаруашылық өнімдерінде таралған ауру қоздырғыштары (қаракүйе, тат, ақ ұнтақ, таз қотыр, жалған ақ ұнтақ, фитофтороз және т.б.)дәнді залалдап, микотоксиндер (афлатоксиндер, охратоксиндер) түзеді.Талдау бойынша микотоксиндер жоғарыулы заттарға (ЛД501,6 -30 мгкг) жатады. Аурулардың эпифитотиялық таралу жағдайында ауылшаруашылық дақылдары өнімін түгелдей жояды. Жәндіктер, кенелер тез көбейіп, мысалы колорад қоңызы бір мезгілде 3 рет генерацияланып, 30 млн.дана, ал қандала одан да көп жұмыртқа салады. Қазақстанда 2000 жылы жәндіктердің ішінде шегірткенің кең көлемде таралып, егістіктер мен шабындықтарға орасан зиян келтіргені белгілі. Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Өсімдікті химиялық заттармен қорғау осыдан 2000 жыл бұрын басталған. Демокрит (б.э.б.460 -380 ж.) өсімдікті аурулардан плинус (б.э.б. 79 -23ж) күл, ұсақталған кипарис жапырақтарын және сұйытылғын зәр ерітіндісін өсімдікті қорғау үшін ұсынған.

1.1. Дәнді дақылдардың зиянкестері
Бұршақ бітесі - Acyrthosiphon pisi Kalt
Бұршақ бітесі - Acyrthosiphon pisi Kalt.(Homoptera отряды, Аphidinea отряд тармағы,Aphididae тұқымдасы). Бітенің денесі біршама жуандау,денесінің ұзындығы - 4,5-5 мм. Қанатсыз аналықтарының денесінің түсі жасыл, кейде қоңыр қызыл болып келеді. Ұрықтанған жұмыртқа көпжылдық Бұршақ өсімдігінің сабақтарының тамыр бөлігінде жәнежерге түскен бұтақта қыстайды. Біте осы жұмыртқадан дернәсілдік сатыдын өткеннен кейін аналық - негізге айналады. Партеногенетикалық жолмен көбейіп, колониялар түзеді.Мұнан ары қарай аналық-орналастырушылар пайда болады. Қанатты аналық-орналастырушылар біржылдық бұршақ дақылдарына қонып, сол жерде жаңа колониялар құрады. Бір жылда 10-ға жуық ұрпақ беріп дамиды. Бітелер өсімдіктердіңжас ұлпаларында және гүл шоғырына қоныстанады. Колонияның өсуі жоғарғы бөліктен басталады. Олар көпжылдық бұршақ дақылдарына ұшып келеді де, содан соң бұл жерге аталық пен аналық шағылысқаннан кейін қыстайтын жұмыртқа салады.Бұршақ бітесі бұршаққа, сиыр жоңышқаға, жоңышқаға, жасымыққа зиян келтіреді. Дернәсіл мен имаго шырынды сорып, жапырақты ширатады, дамуды тоқтатады, зақымданған мүшенің түрін өзгертіп, егіннің түсімін төмендетеді. Бітенің жаппай көбеюі ауа райының қолайлы(жылы - жаңбырлы) жағдайларында байқалады.

1-сурет. Бұршақ бітесі

Күресу шаралары.Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдарын бұршақ бітеден қорғау үшін кеңістікті оңашалаудың үлкен маңызы бар. Бұршақ дәнділерді қайталап отырғызуға болмайды. Жерге түскен дән өскіндерінің пайда болуына (өсуіне) жол бермеу керек. Көп жылдық бұршақты төмен кесінді жасап жинау қажет.Егер энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу (сермеу) жасаған кезде 25-30 дара біте түссе немесе 20% -өсімдік залалданған болса, онда инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жүргізеді.
Түйнекті бізтұмсықтар: теңбіл - Sitona lineatus L. Және қылшықты - S.Crinitus Herbst (Бізтұмсықтар тұқымдасы - Curculionidae, қоңыздар отряды - Coleoptera ). Қоңыздың бастүтігі қысқа, денесінің ұзындығы - 3-5мм, денесінің түсі топырақты сұр болып келген. Дернәсілдің сыртқы құрылысына тоқталатын болсақ, олардың денесі йілген,аяқтары жоқ, ақшыл қоңыр басы бар, дене тұрқы 5 мм-ге дейін жетеді. Қоңыздар жердің беткі қабатында және өсімдік қалдықтарының астында, көбенесе көпжылдық бұршақ өсімдіктері алқаптарында қыстайды. Көктем уақытында олар дәнді бұршақ дақылдарынфң өскіндеріне қоныс аударуы мүмкін.Қоңыздар топыраққа және өсімдік мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Дернәсіл дамығаннан кейін топырықтың астына кіріп, азотфиксациялайтын түйнекті кеміріп қоректенеді. Шілде-тамыз а йларында қоңыздардың қуыршақтану кезеңінен кейін жас ұрпақтың таралуы пайда бола бастайды.Түйнекті бізтұмсық бір ұрпақ беріп дамиды. Негізгі қауіпті ересек жәндік пен дернәсіл келтіреді. Қоңыздар жапырақтың шетін кеміріп, місінді зақымдану қоздырады. Жапырақтың дәнжарнағының және өсу нүктесінің зақымдануы өскіннің жойылуына әкеледі. Дернәсілдер түйнек ұлпасын зақымдап, азоттың мөлшерін төмендетеді және өсімдіктің өсуін тежейді. Түйнекті бізтұмсық бұршақ, сиыр жоңышқа, люпин, жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, беде үшін қауіпті болып табылады.

2-сурет.Түйнекті бізтұмсықтар

Күресу шаралары. Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғау үшін учаскілерді көпжылдық бұршақ дақылдарын біржылдық бұршақ дақылдарынан кеңістікті оңашалау керек. Агротехникалық шаралар егіс және өсімдіктерді күту кезінде қолйлы мерзім ішінде жоғары деңгейде орындалуы тиіс. Егін себу алдында тұқымды нитрагинизациялау түйнектің пайда болуына жағдай жасайды. Егінді жинағаннан кейін бірден топырақты терең сүдігер жыртып өңдесе, зиянкестердің қуыршақтары мен дернәсілдерінің жойылып кетуіне мүмкіндік туғызады. Егер бізтұмсықтардың саны біржылдық дәнді-бұршақ дакылдарының өскіндерінде 1м-та 5-10 дара немесе жапырақтың зақымдану дәрежесі 10-15% құраса, онда қоңыздарға қарсы химиялык өңдеу жұмыстарын жүргізеді.
Бұршақ жемірі - Laspeyresia nigricana F.(Tortrisidae - тұқымдасы, Lepidoptera - қабыршақ қанаттылар отряды). Есейген құрттардың денесінің ұзындығы - 12 мм, ақшыл сары, басы қоңыр түсті болып келеді. Денесін түк пен сүйел жапқан. Есейген құрттар пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде ұшады да, өсімдіктің жер бетіндегі мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Құрттардың дамуы дәннің ішінде өтеді.құрттар топырақтың арасына піллә торын түзіп, сол пілләнің ішінде қыстап шығады. 1-2 ұрпақ беріп дамиды. Құрттар көбінесе бұршақты кейбір жағдайда сиыр жоңышқаны, чинаны зақымдайды.Бұршақтың ішіне еніп, дәнді кеміреді.[3]

3-сурет. Бұршақ жемірі

Күресу шаралары.Бұршақты бұршақ жеміріне қорғаудың тиімді жақтарының бірі - ерте және қысқа мерзім ішінде жинау, бұршақты сүдігер жырта өңдеу, өсімдік қалдықтарын құрту.
Бұршақ қоңызы - Bruchus pisorim L.( Coleoptera - қоңыздар отряды.
Bruchidae - дәнектер тұқымдасы). Қоңыздарының бүйірінің алдынғы арқасында және жамбастың төменгі жағында тісшелер орналасқан.Қанаттың үстінде ақ дақтар, ал құрсағының астында екі ірі қара дақтары бар. Денесінің ұзындығы 4,5-5 мм ақшыл түктермен қапталған. Дернәсілі сопақ, ақшыл сары, ұзындығы - 5-6 мм. Қоңыздар тазалау, сақтау және егінді жинаған жерлерде бұршақтың ішінде қыстайды. Дернәсілдің ересек жәндікке
айналуы, қыстап шығуы құрғақ тұқымның ішінде өтеді. Жұмыртқаны бұршақтың жармасына салады. Дернәсілдер бұршақтың ішінде қоректенеді.

4-сурет. Бұршақ қоңызы

Күресу шаралары.Егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Аңыздарды сыдыра жырту, топырақты терең өңдеу қоңыздар мен дернәсілдердің едәуір жойылуына әкеледі. Қойма орындарында тұқымдарға газбен өңдеу және салқындату жұмыстарын жүргізу қажет. Егер шанақтану кезінде энтомологиялықаулағышпен 10 сілтеу жасағанда 15-20 қоңыз табылса, онда бұршақ қоңыздарын жою үшін инсектицидпен өңдейді.
Үрме бұршақ қоңызы - Acantoscelides obtectus Say. (Coleoptera - қоңыздар отряды, Bruchidae - дәнектер тұқымдасы). Ересек жәндіктің денесі қара, ұзындығы - 3-3,5 мм құрсағы қызғылт жирен болып келген. Дернәсілінің денесінің түсі ақ, иілген, оны қылшықтар жапқан, ұзындығы 5 мм-ге дейін жетеді. Есейген даралары егістік жерлерде тұқымда немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қоймаларда қысқы мезгілде 2 ұрпақ беріп дамуын жалғастыруы мүмкін. Аналықтары жұмыртқаларын бұршақтың жігіне немесе жіктің кемірілген жеріндегі шұңқырларға және қоймаларда тұқымның арасына салынады. Үрме бұршақтан басқа ноқатты, чинаны, асбұршақты және т.б бұршақ тұқымдастарын зақымдайды. Бір дәннің ішінде бірнеше дернәсіл дамиды, сондықтан дәннің сыртқы бетінде бірнеше шығу тесіктері болуы мүмкін.

5-сурет. Үрме бұршақ қоңызы

Күресу шаралары. Бұршақ қоңызының күресу шараларына ұқсас.

Бұршақ немесе акция көбелегі - Etiella zinckenelle Tr.(Lepidoptera - қабыршақ қанаттылар отряды, Phicitidae - қара күйе тұқымдасы). Құрттың денесінің ұзындығы - 15-20 мм басы сары қоңыр, ал тұлғасының түсі қоңыр жасыл, қоңырлау немесе ақшыл қызыл болып келеді. Құт пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде және түнде ұшады.Жұмыртқаларын пісіп жетілмеген бұршаққа, гүлдің қалдықтарына салады. Құрттар жұмыртқадан шыққаннан кейін бұршақтың қабығының астында, содан соң тұқымымен қоректенеді. Құрттардың қуыршаққа айналуы топырақта өтеді. 2-3 ұрпақ бріп дамиды. Бірінші ұрпақ акцияда, бұршақта, сиыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күнбағыстың, рапс пен қыша, зығыр зиянкестері және күресу шаралары
ОҚО, Сайрам ауданы, Жаңаталап ауылы жағдайында сүрлемдік жүгеріден жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау
Көкөніс дақылдарын аурулар мен зиянкестерден қорғау шаралары
Өсімдікті интегралды қорғау жүйесінде шаруашылықты ұйымдастыру
Жүгеріні өсіру технологиясы
Ноқат дақылының биологиясы
Жаздық жұмсақ бидай
Өсімдіктерді интегралды қорғау жүйесі бойынша сұрақ/жауаптар
Оңтүстік Қазақстанның тау маңы аймағындағы картопты үздіксіз өсірілетін танабының фитосанитарлық жағдайын зерттеу
Жүгері дақылының биологиялық ерекшеліктері
Пәндер