Жеміс ағаштарының зиянкестері



Кіріспе
1.Негізгі бөлім
1.1.Жеміс ағаштарының зиянкестерінің энтомофагтары
1.2.Жеміс ағаштарының зиянкестері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттері
Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін организмдер тобына көптеген зиянкес жатады. Зиянкестердің біразы дақылдардың көптеген түрлерін зақымдайды. Сонымен қатар, аздаған түрлерімен қоректенетіндері де кездеседі. Олардың өсімдіктерді зақымдау сипаты мен зақымдайтын ағзалары да әр түрлі болады. Мәселен, кейбір түрлері тамырлармен қоректенсе, басқалары өсімдіктің жер үстіндегі ағзаларын қорек етеді. Ал енді біреулері белгілі бір ағзаны зақымдайды.
Осыған байланысты біздер көптеген қорғау жұмыстарын жүргіземіз. Олар химиялық қорғау, биологиялық, қорғау, механикалық қорғау және т.б. Қазір көбінесе әсері мықты деп химиялық қорғау жұмыстарын егіс алқаптарын да жүргізуде. Бірақ та ол жерге, өсімдікке, табиғатқа зияны мол. Дамыған елдерде химиялық пестицидтерді қолдануға және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құрамындағы токсикологиялық қалдықтарға деген талаптарды күшейтіп, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге биологиялық әдісті кеңінен қолданып, өсімдікті қорғауға мәжбүрлеуде. Мұнымен қатар мемлекеттің және жеке сектордың қаржылай көмектесуінің арқасында бұл бағытта іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Көптеген елдер экологиялық таза күресу шараларына өтіп жатса, ал Қазақстанда керісінше, өсімдіктерді қорғау тек қана пестицидтермен өңдеу ғана деген ұғым қалыптасқан. Республикамыздың аграрлық секторында пестицидтердің қолдану бағытын артуы, қоршаған ортаның ластануына, пестицидтерге төзімді зиянды организмдердің пайда болуына, және улы химикаттар табиғи экожүйенің жойылуына әсерін тигізеді. Адамға ең қауіптісі бүрку кезіндегі адамның улануы. Химиялық тәсіл көбіне улы болғандықтан , биологиялық тәсіл жақсы сонымен қатар зиянсыз, экологияға зияны жоқ болып келеді. Сол себепті де біз зиян келтірмей қорғау жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Соның ең бастысы биологиялық қорғау жұмыстары.Өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғаудың мақсаты мен міндетіне келетін болсақ:
1. Искендирова Р.А., Тұтқабаева А. – Өсімдікті биологиялық қорғау.- Әрекет-Принт – Алматы 2014.
2. Штерниш В.С.Биологическаязащитарастений. изд.-М.:Агропром-издат, 2004.
3. Қ.К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов. Өсімдік шаруашылығы-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-593-595 б.
4. Щепетков Н.Г., Ысқақов М.А. Жеміс-көкөніс шаруашылығы: жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-268-523 б.
5. Торыбаев Х.К. Энтомофагнасекомдар.-Алматы.: 2009.
6. Матпаева Б.Б. Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен биологиялық күрес тәсілдері.-Алматы.:Қайнар,1983.
7. Ашикбаев Н.Ж., Агибаев А.Ж., Прокофьев О.Н. Энтомофагивредныхнасекомых и гербифагисорныхрастений.-Алматы:Агроуниверситет, 1996.
8. Матпаева Б.Б., Тілменбаев Ә.Т. Ауыл шаруашылығына пайдалы жәндіктер.-Алматы:Қайнар,1973.
9. Бондаренко Н.В. Биологическаязащитарастений. 2-е изд.-М.:Агропром-издат, 1986.
10. А.О. Сағитов, Н.Ж. Ашықбаев, Н.Ж. Слямова, Қ.М. Төлеубаев, Б.А. Дүйсембеков. Өсімдікті биологиялық қорғау – Алматы-2010.
11. www.google.kz

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1.Негізгі бөлім
1.1.Жеміс ағаштарының зиянкестерінің энтомофагтары
1.2.Жеміс ағаштарының зиянкестері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттері

Кіріспе
Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін организмдер тобына көптеген зиянкес жатады. Зиянкестердің біразы дақылдардың көптеген түрлерін зақымдайды. Сонымен қатар, аздаған түрлерімен қоректенетіндері де кездеседі. Олардың өсімдіктерді зақымдау сипаты мен зақымдайтын ағзалары да әр түрлі болады. Мәселен, кейбір түрлері тамырлармен қоректенсе, басқалары өсімдіктің жер үстіндегі ағзаларын қорек етеді. Ал енді біреулері белгілі бір ағзаны зақымдайды.
Осыған байланысты біздер көптеген қорғау жұмыстарын жүргіземіз. Олар химиялық қорғау, биологиялық, қорғау, механикалық қорғау және т.б. Қазір көбінесе әсері мықты деп химиялық қорғау жұмыстарын егіс алқаптарын да жүргізуде. Бірақ та ол жерге, өсімдікке, табиғатқа зияны мол. Дамыған елдерде химиялық пестицидтерді қолдануға және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің құрамындағы токсикологиялық қалдықтарға деген талаптарды күшейтіп, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге биологиялық әдісті кеңінен қолданып, өсімдікті қорғауға мәжбүрлеуде. Мұнымен қатар мемлекеттің және жеке сектордың қаржылай көмектесуінің арқасында бұл бағытта іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Көптеген елдер экологиялық таза күресу шараларына өтіп жатса, ал Қазақстанда керісінше, өсімдіктерді қорғау тек қана пестицидтермен өңдеу ғана деген ұғым қалыптасқан. Республикамыздың аграрлық секторында пестицидтердің қолдану бағытын артуы, қоршаған ортаның ластануына, пестицидтерге төзімді зиянды организмдердің пайда болуына, және улы химикаттар табиғи экожүйенің жойылуына әсерін тигізеді. Адамға ең қауіптісі бүрку кезіндегі адамның улануы. Химиялық тәсіл көбіне улы болғандықтан , биологиялық тәсіл жақсы сонымен қатар зиянсыз, экологияға зияны жоқ болып келеді. Сол себепті де біз зиян келтірмей қорғау жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Соның ең бастысы биологиялық қорғау жұмыстары.Өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғаудың мақсаты мен міндетіне келетін болсақ:
oo Ауыл шаруашылық дақылдарының негізгі организмдер тобы - энтомофагтар, гербифагтар, маңызды зиянкестер патогендері мен антогонистерінің, арамшөптер мен ауру қоздырғыштарының жүйеленуін; биология мен экология негіздерін ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру қоздырғыштарының табиғи жауларының тиімділік дәрежелерін, саңырауқұлақ, вирустық және бактериялық препараттарды алу және сақтау технологиясын, энтомофагтар, акарифагтар мен гербифагтарды жаппай көбейту, сақтау және қолдану әдістерін, биофабрикалар мен биозертхана машиналарын білу керек;
oo зиянкестер, аурулар және арамшөптермен күресу үшін керекті биологиялық құралдардың қажетті мөлшерін есептеу тәсілдерін;
oo оларды қолданудың биологиялық, экологиялық және арамшөптермен күресуге өсімдік өсуін реттеушілер тізімі мен қорғау жүйесін қорғауға керекті ақпараттарды іріктей біліп, аймақтағы энтомофагтарды қорғау.
Жемістер
Жеміс (лат. fructus) -- жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т.б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әртүрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды қақырап ашылатын (бұршақ, бұршаққын, т.б.) және бір тұқымды, қақырап ашылмайтын (жаңғақ, жаңғақша, тұқымша, дәнек) түрі бар. Шырынды жемісті көп тұқымды (жидек, асқабақ, алма, т.б.) және бір тұқымды (сүйекті жеміс) деп бөледі. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзокарпий) жылтыр (шие, алма), балауызды (жүзім, алхоры, шомыр), түкті (шабдалы), жұмсақ (өрік), қыртысты (тұшала), қалың (лимон, апельсин), қатты (жаңғақ) болады. Шырынды жемістерде экзокарпий қабатынан кейін қант, май жиналатын жұмсақ мезокарпий (өрік, шие, т.б.) қабаты түзіледі. жемістің ең ішкі қабаты (эндокарпий) кейбір өсімдіктерде қатайып, сүйектеніп кетеді (алхоры, т.б.), кейбіреуінде жұмсақ шырынды (лимон, апельсин) немесе үлпекке (бұршақ тұқымдасы) айналады. (2 сурет )

1 - сурет. Жемістер

Экзокарпий менмезокарпий жасушаларында хлорофилл болғандықтан, пісіп-жетілу кезінде жемістің жасуша шырынында антоциан пигментінің көбеюіне және хлоропластыңхромопласқа айналуына байланысты түсі өзгереді. Бір гүлдегі бірнеше аналықтан (таңқурай, қара бүлдірген, т.б.) пайда болған жемісті күрделі жеміс деп атайды. Бұл жағдайда күрделі жеміс түзетін әр жеміс аналықтан дамиды. Гүл шоғырындағы жеке гүлден дамыған жемістерді шоқ жемістер дейді. Өсімдіктердің піскен жемістері мен тұқымы жел, су, жануарлар және адам арқылы таралады. Құрамында ақуыз, май, көмірсу витаминдері көп болғандықтан жеміс тағамға, мал азығына, т.б. пайдаланылады. Көптеген жемістен дәрі, бояу алынады. Улы және арам шөптердің жемістері зиянды болады.
1.1.Жеміс зиянкестерінің энтомофагтары.
Қауіптізиянкестертізбесікеңауқымды: алмақұрттары, алмакүйесі, жасылалмабітесі, жеміскенелері, егеуіші, қарақаттыңмөлдірқанаткөбелегі, бүлдіргенкенесіжәнебасқалары. Көпқоректікзиянкестердіңбіршаматүрі белгілі, олардыңішіндешыртылдаққоңыз бен қарақоңыздың, заузақоңыздың, бұзаубастыңдернәсілдері асазияндылығыменерекшеленеді. Бунақденелілер мен кенелерденбасқажемісжәнежидекдақылд арынематодтармен, ұлулармен, тышқантәріздікеміргіштермен де зақымдануымүмкін.
Қан қызы қоңыздары немесе кокцинеллидтер(Coccinellidae). Дене тұрқы дөңгелек, арқа жағы дөңес келеді. Көпшілік түрлері ал қызыл, қанаттарының үстіңгі жағында қара таңбалары болады. Мұртшалары қысқа. Дернәсілдері камподео тәрізді, ашық жұріпқоректенеді. Қоректенген жерлерінде құыршаққа айналады. Қуыршақтары бас жағын төмен қаратып, өсімдікке жабысып салбырап тұрады.(3-сурет)

2- сурет. Ересек қанқыз

Кокцинеллидтердің ересектері де, дернәсілдері де, өсімдік биттерімен қоректенеді. Өсімдік биттерімен қатар олар өрмекші кенелерді, бүрге-шіркейлерді, алейродидтерді, сымырларды және басқа да ұсақ жәндіктерді жеп құртады.
Өсімдік биттерімен қоректенетін негізгі түрлері: жеті нүктелі( coccicellaseptempunctata): Екі нүктелі( Adaliabipunctata L): шегіршін (S.conglobata L) , сонымен қатар 14 нүктелі, құбылмалы, нүкте қан қоңыздары. Нүкте тәрізді( stethoruspunctillumWs): Өрмекші кенелердің жыртқыш акарифагы. Ал криптолемус (CryptolaemusmontrousieriMuls) ұн тәрізді сымырлардың маманданған жыртқышы.
Жыртқыш энтомофагтардың басқа түрлерімен салыстырғанда кокцинеллидтердің артықшылығы: қыстайтын жерлерінде өте көп мөлшерде шоғырлана алады, едәуір ұзақ мезгіл сақтауға және бір жерден екінші жерге тасымалдауға көнгіш.
Жеті нүктелі қан қызы. Жеміс ағаштарына зиян келтіретін өсімдік биттерінің негізгі жыртқыш энтомофагы. (4-сурет).Оның қысқы мекендерін әр жерден кездестіруге болады. Бірақ Қазақстанның оңтүстік-шығысында көпшілігі тауда, кішігірім тастардың астында, тырбиған бұталардың арасында және тағы басқа қалтарыс жерлерде қыстап шығады.

3-сурет. Каңқыздың биттерді қорек ету сәті.

Қоңыздардың қысқы ұйқыдан оянып, тау етегіндегі егіншілік аймағына ауысу мерзімдері олардың қыстаған жерлеріне байланысты. Далалық жазық жерде қыстаған қоңыздар наурыз айының бас кезінде-ақ қимылдап, белсенді өмір сүруге кірісе бастайды. Ал биік тауда қыстайтындары мамырдың орта немесе аяқ кезінде ұшып шығады . Алматы облысының тау етегіндегі аймақтарында жеті нүктелі қан қоңызы жылына екі-үш ұрпақ беріп, өсіп өнеді. Жұмыртқаларын 30-50-ден топтап, өсімдік биттерінің колонияларына орналастырады. Өсімталдығы 500-600 жұмыртқа. Қоректену сипаты жағынан көпқоректі. Өсімдік биттерінің біраз түрлерімен қоректенеді. Өсімдік биттерімен зақымданған жас жеміс ағаштарында оның басқа кокцинеллидтерден гөрі сан мөлшері басым болады. Жеті нүктелі қан қоңызы жеміс ағаштарын зақымдайтын биттерді жеп құртады. Оларды битпен зақымданған жеміс ағаштарында көптеп кездестіруге болады. Жалпы алғанда жеті нүктелі қан қоңызы биттердің нағыз жауы болып есептеледі, сонымен қатар бит көп аймақтарда кездестіруге болады. Қоңыздардың ауыл шаруашылығына зиянда жәндіктерді жеп құртатын пайдалы жақтары әлдеқайда басым.
Қоңыздар мен олардың дернәсілдері өсімдік биттері аз болған жағдайдың өзінде де оларды белсенді түрде іздеп тауып алады. Төменгі жастағы дернәсілдер әдетте жұмыртқадан шыққан орындарында қоректік заттарымен қамтамасыз етіледі. Себебі, қоңыздар жұмыртқаларын тек биттердің колонияларына салады. Олар өсімдіктің әрбір жапырағын тексеріп шығады. Онда өсімдік биттерін таба алмаса, қайтадан сабағымен өрмелеп жерге түседі де, келесі өсімдікке көшеді. Аш қоңыздар биттерді түгелімен жеп қояды. Әдетте, екі-үш 200 данаға дейін бит жесе, ал олардың дернәсілдері өздерінің өсіп-даму мерзімінің ішінде 1000 жуығын жеп құртады.
Екі нүктелі және шегіршін қан қызы қоңыздары популяциясының негізгі кезеңінде тауда 1500-2600 метрлік биіктікке кәрі қарағайлардың қатпарлы қалың қабығының астында қыстайды. Ал кейбір бөлігі жазық жердегі бақтарда немесе тағы басқа жерлерде ағаштардың қабығы мен өсімдік қалдықтарының астында қыстап шығады. Көктемде және жаздың бас кезінде бұл қоңыздар жеміс ағашын зияндайтын өсімдік биттерін ұнатады. Жылына екі, кейде үш ұрпақ беріп дамиды.
14 нүктелі қан қызы алмұрт ағашының жас өркендері мен жапырақтарын зақымдайтын алмұрт жапырақ ширатқышы деп аталатын өсімдік битінің негізгі жауы. Алмұрт жапырақ ширатқыш жыл сайын алмұртты қатты зақымдайды, осының салдарынан алмұрттың түйіндері түсіп қалады.
Жеміс ағаштары биттерінің басқа түрлеріне қарағанда бұл бит көшпелі емес оған қарсы химиялық күрес жүргізу өте қиын. Кейбір мәліметтерге қарағанда, он төрт нүктелі қан қызы химиялық күрес жүргізілмеген бақтардағы алмұрт ширатқышының өсіп-өнуін тежей алады. Қоңыздар әсіресе мамыр, маусым айларында көп болады.
Кокцинеллидтердің ауыл шаруашылығындағы маңызы өте зор. Қазақстанның оңтүстік шығысында, тау аймақтарында егіншілік аймақта ол ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін өсімдік биттерінің негізгі энтомофогы болып табылады. Әсіресе ол жаңадан отырғызылған жас алма ағаштарындағы өсімдік биттерін құртуда үлкен роль атқарады. Сондықтан бұл қоңыздарды тәжірибелік мақсат үшін кеңінен пайдалануға болады.
Биологиялық әдістің дамып өркендеуі осы кокцинеллидтер тұқымдасына жататын родолия қоңызын цитрус ағаштарын қатты зақымдайтын аустралия сымырына немесе ицерияға қарсы қолданудан басталды. Жыртқыштың дамуы ицерияның даму кезеңімен үйлесімді келеді және құрбандарына қарағанда қоңыздар тез өседі, ал родолия 4-5 ұрпақ береді.
Криптолемус сымырларының жұмыртқадан бастап ересек бөжекке дейінгі барлық даму фазаларын жеп құртады. Жаңа шыққан қоңыздардың жыныс мүшелері 10-13 күнде пісіп жетіледі. Өсімталдығы өте жоғары, 200-500 жұмыртқаға дейін барады. Қоңыздар 3 айдан 7 айға дейін өмір сүреді. Дернәсілдері баяу қимылдағанымен, сымырларды ағаштардың тесіктерінен, қабықтарының астынан іздеп жүріп тауып алады. Қоңыздың бір ересек дернәсілі күніне сымырлардың 12-25 жұмыртқа қапшықтарын немесе 200-300 дернәсілі мен 60 жуық ересектерін жеп құртады. Криптолемустың жұмыртқадан ересек қоңызға дейінгі дамуы 35-40 күнге созылады. Субтропикалық аймақтарда 3-4 ұрпақ береді.(5-сурет)
Криптолемусдиапаузасыз өніп-өсетіндіктен қыстың жылы кездерінде мекендеген жерлерінен шыға бастайды да, аздап суытса болды жаппай қырылып қалады. Сондықтан бұл қоңыздарды арнаулы инсектариялардаөсіріп-өндіріп, маусымды колонизациялау арқылы пайдаланып, отырады. Жіберу нормасы бір цитрус ағашына 10-20, ал жүзімнің бір түбіне 3 қоңыздан.

4 - сурет. Криптолемус және оның сымырмен қоректенуі

Кокцинеллидтердің жергілікті түрлерін сақтап, олардың тиімділігін арттыру үшін улы препараттарды қолдануды мейлінше қысқарту керек. Сонымен қатар бақтардың ішіндегі шөптерді шабудың маңызы өте зор. Пішен шабу кезінде шөптектес өсімдіктерден кокцинеллидтер жеміс ағаштарына өтіп, ондағы битті түгелдей дерлік жеп құртады. Бұл әсіресе жеті нүктелі қан қызы қоңызының пәрменділігін күрт арттырады.
Стеторус немесе нүкте тәрізді қоңыз-жеміс кенелерінің бейімделген жыртқыш акарифагы. Ересек фазасында қыстап, ерте көктемде шығады. Алматы жағдайында ұрғашы қоңыздар жұмыртқалауға мамырдың бас кезінен бастап-ақ кіріседі. Стеторус бір жаз ішінде екі ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Ол негізінен бақтың өрмекші кенесімен қоректенеді. Қоңыздың бір жастағы дернәсілі бір тәулік ішінде кененің 25-35 данасын, екінші жастағы дернәсілдері -50, үшінші жастағы дернәсілдері-90-100, ал ересек стеторустың өзі 120-130 данасын жейді. (6-сурет)

5-сурет. Стеторус

Жылыжай аққанаты - TrialeurodesvaporariumWstw.(Homepte ra отряды, Aleyrodidae тұқымдасы ).Ересек аққанаттының сары денесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеміс шірігі
Орман ағаштары және оларға зиян келтіретін аурулар
Шекілдеуікті өсімдіктердің зиянкестері мен аурулары
Жеміс ағаштарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын күресу шаралар жүйесі
Жеміс дақылдарының карантинді зиянкестері және олардан қорғау шаралар жүйесі
ЖЕМІС-ЖИДЕК, ЖҮЗІМ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ МЕН АУРУЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Жеміс ағаштары
ЖЕМІС БАУЛАРЫНДА БОЛАТЫН КЕЙБІР ЗИЯНКЕСТЕР
Жеміс дақылдарының маңызы
Шекілдеуікті мен сүйекті жеміс-жидектерді ветеринариялық-санитариялық сараптау
Пәндер