Екінші деңгейлі банктердің өтімділік және төлем қабілеттілігінің экономикалық мазмұны



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ
БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІК ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Екінші деңгейлі банктердің өтімділік және төлем қабілеттілігінің
экономикалық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Банктің өтімділігі мен төлем қабілеттлігін бағалаудың негізгі әдістері мен
тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3 Банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін басқарудың халықаралық
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ
БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІК ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІК
НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Екінші деңгейлі банктердің активтерінің сапасын бағалау ... ... ... ... ... ... ..25
2.2 Екінші деңгейлі банктердің өтімділігі мен төлем қабілетілігін
салыстырмалы талдау (“Темірбанк АҚ және “ТұранӘлемБанк” АҚ
мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӨТІМДІЛІГІ МЕН ТӨЛЕМ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ
ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Екінші деңгейлі банктердің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін бағалаудың
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
3.2 Екінші деңгейлі банктердің өтімділік және төлем қабілетін бағалаудың
оңтайлы етудің болашақтағы бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
3. 3 Банктердің өтімділігі және төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуде
капиталының жеткілікті болуын одан әрі жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ..66
3.4 Банк филиалы клиенттерінің қаржылық жағдайын IT технологиясы
арқылы өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .80

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .84
КІРІСПЕ

Экономиканың банк секторының дамуы кезеңiнде қаржы – несие құралдарының кешенiн орынды қолдануынан олардың өздерiнiң өмiршендiгi, ақша рыногындағы операцияларды жүргiзу нәтижесiнде табыс ала бiлу мүмкiндiгi, немесе керiсiнше, капиталын жоғалту және банкроттыққа ұшырау тәуекел деңгейiне тiкелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы 1 наурызында жасаған Қазақстан халқына жолдауында және Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында атап өткендей: “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орын” иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикамызға кіруімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық – географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.
Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамшылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетулерге міндетті.
Еліміздің осы халықаралық экономикалық ұйымға енуі Қазақстанның дүние жүзілік рыноктағы бәсеке қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Дегенмен осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білу керек” деген болатын [1]. Осы орайда егер, банк менеджерлерi банк тұрақтылығын бақылайтын болса, оларға банктiң төлем жасауға қабiлетсiздiгiн уайымдамауға болады. Сондықтан олар үшiн бiрiншi орында сенiмдiлiк, табыстылық және тәуекелдi ең төменгi шегiне жеткiзудiң проблемасы тұр.
Коммерциялық банктердiң өз клиенттерiнен, өзге банктерден, ақша және қаржы нарықтарынан, сондай ақ банктердiң өзiндiк қаражаттарын табыс алу мақсатында салу, яғни қаражаттарды қолдану, жиынтығында олардың активтi операцияларын құрайды. Коммерциялық банктердiң негiзгi мақсаты табыс алу болғанымен, олар өздерiнiң қаражатының барлығын дерлiк табысы жоғары операцияларға (мысылы, клиенттердi несиелеу) сала алмайды, өйткенi активтi операцияларды жүргiзуде мұндай банктер тартылған қаражаттардың қайтарымдылығын қаматамасыз етуi қажет.
Банктердiң активтi операциялары, операциялардың жекелеген түрлерi бойынша тәуекелдiң тиiмдi бөлiнуi және қажеттi өтiмдiлiк деңгейiн қолдап, заң нормаларын сақтай отырып, тартылған және өзiндiк қаражаттарды қолдана отырып жүзеге асыратын операциялары. Көрсетiлген талаптарды сақтау қажеттiлiгiнен банктер қаражаттарының бiр бөлiгiн пайдасы төмен немесе, мүлдем пайда әкелмейтiн салымдарға салуға мәжбүрлi. Екiншi жағыан, банктiң қызметiн толық қамтамасыз ету үшiн оның активiнде ғимарат, құрал жабдықтар, филиалдық мекемелерге инвестициялар деген баптар бар[2].
Активтi операцияларды өздерiнiң мiндеттерi бойынша банк өтiмдiлiгiн қолдау мақсатындағы және табыс алуға бағытталған операциялар деп бөлуге болады. Бұл операциялар арасында банк қызметiн қажеттi деңгейде қолдауға қажеттi өзара қатынас жасалынады. Банк өтiмдiлiгiн қолдауды мақсат қоятын салымдарға жататындар:
- банк кассасындағы қолма- қол қаражат;
- орталық банктiң шотындағы қалдық;
- тез өткiзiлетiн бағалы қағаздарға инвестициялар;
- өзге банктердегi салымдар және шоттарындағы қаражат.
Бiрқатар елдерде мемлекеттiк қарыз мiндеттемесiне инвестициялар, несие алуда қамтамасыздандыру сапасында немесе капитал нарығында тез өткiзуге болатын қаражат ретiнде көрiнедi.
Жоғарыда аталған салымдардың кейбiреулерi банкке белгiлi бiр табыс әкелгендiгiмен, олардың қолда болуының негiзгi себептерiнiң бiрi, банктiң жалпы өтiмдiлiгiн қолдау қажеттiлiгi. Компаниялар мен фирмаларды, яғни корпоративтi клиенттердi несиелеу бойынша банк операциялары, мәнi тұрғысынан қаражаттарды өтiмдi жайғастыру деп табылмайды, пайыздық ставкалар арасындағы табысты алу мақсатында ғана жүзеге асырылады.
Төлем қабілеттiлiк және өтiмдiлiк тұрғысынан, банктiк операциялар үшiн несиелiк тәуекел және активтердi жайғастыру мәселелерi де өте үлкен маңызға ие. Ресурстарды кассалық қолма - қол қаражаттарға, орталық банктердегi шот қалдықтарына, мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастыру дамыған елдерде нөлдiк тәуекел деңгейiнде болса, фирмаларға, компанияларға және жеке тұлғаларға берiлген несиелер, вексельге салым акцепт, өзгеде ақша нарығының құралдарына салымдар тәуекелдiлiктiң жоғарғы деңгейiмен жүргiзiледi. Осыған байланысты банктiк операцияларды жүргiзуде, банктер үшiн тәуекелдiң бөлiну мәселесi және қандайда бiр операция түрiнде олардың үлкен дәрежесiнiң болмауы мәселелерi үлкен маңызға ие.
Халықаралық несие саласындағы коммерциялық банктердiң операцияларына үлкен көңiл бөлуге болады. Мұндай операциялар өзге банктермен немесе олардың кепiлдiктерiмен жүргiзiлгенiмен, ондағы өтiмдiлiк және тәуекелдiлiк дәрежесi өтiмдiлiгi жоғары операциялардан тәуекелдiлiгi төмен операцияларға дейiн тербелiп отырады. Коммерциялық банктердiң мұндай салада операцияларды жүргiзуi, әрбiр несие түрi бойынша тәуекел дәрежесiн ескеру негiзiнде болады.
Өтiмдiлiк және төлем қабiлеттiлiк банктердiң қаржылық тұрақтылығының негiзгi кепiлi.
Банк тұрақтылығы оның сенiмдiлiгiне, табыстылығына үлкен әсерiн тигiзетiн болғандықтан, бiз әлемдiк тәжiрибедегi қазiргi кезде оларды бағалау әдiстерiн оқып бiлуiмiз және осы алған тәжiрибенi елiмiздiң банк тәжiрибесiне енгiзуiмiз абзал.
Тақырыптың тағы бiр маңыздылығы қарастырылып отырған банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн басқару әдiстерi. Қазақстанның банк жүйесiнiң дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып табылатындығында.
Факторлық талдау негiзiнде банк тұрақтылығының банк қызметiне әсерiн зерттеу үшiн бiз әлемдiк тәжiрибеге үлкен көңiл аударып отырмыз және соның көмегi арқылы Қазақстанда тиiмдi де пайдалы банк қызметiне әсер ететiн жағдайларды анықтап, тәуекелден “қорғану” әдiстерiн саралап отырмыз. Осы кешегi күнге дейiн отандық банктер үшiн банк тұрақтылығына әсер ететiн басты проблема болып алынған несиелердi қайтармау проблемасы қаралып келедi. Бұл мәселенi реттеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң пруденциялдық нормативтерi бағытталған.
Бүгiнде өзiнiң маңыздылығын жоғалтпай, бұл проблеманың орнын басқа проблема алады – ол активтер көлемiнiң жеткiлiктiлiгi.
Өзiмiздiң отандық банктер әлемдiк банк тәжiрибесiнде бар барлық проблемалармен кездестi деуге болмайды, бiрақ олардың саны өсiп барады, ал бұл проблема Қазақстандық банктер үшiн жаңа болып есептелiнедi, сондықтан бұл тұрғыда қандай да бiр терең зерттеулер жүргiзiлген жоқ. Осы орайда, банк тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы зерттулер Қазақстанның банк жүйесiн реформалаудағы ең түйiндi мәселе болып отыр. Барлық аталған өзектi мәселелер және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен негiзгi мiндеттерiн қорға өз әсерiн тигiздi.
Диплом жұмысының басты мақсаты банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн басқару мәселелерiне қатысты әлемдiк банк тәжiрибесiн зерттеу және оның жергiлiктi жағдайға бейiмделуi болып табылады. Банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн бағалау әдiстерi, сонымен қатар Қазақстанның тұрақты банк жүйесiн құрау үшiн қазiргi жағдайларда оларды тиiмдi басқару әдiстерi өңделiп және жетiлдiрiлiп жатыр.
Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн анықтайды:
1 Банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн басқару мәселесiмен байланысты теориялық сұрақтарды оқып бiлу, олардың құрылымын анықтау, банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгi түсiнiгiнiң мазмұнын нақтылау;
2 Банктердiң тұрақты дамуына әсер ететiн факторлар жүйесiн талдау немесе банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгi моделi мен принциптерiнiң тиiмдiлiгiн нақты практикалық мысалдармен дәлелдеу;
3 Талдау нәтижелерi бойынша қорытындылар қалыптастыру және отандық банк мекемелерi үшiн банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн басқару мәселелерi бойынша нақты ұсыныстарды өңдеп шығару.
Жұмыстың пәнi және объектiсi ретiнде банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн бағалау құралдары және әдiстерiмен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектiсi Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктердiң қызметi болып табылады.
Диплом жұмысының әдiстемелiк негiзiн Қазақстан Республикасының банк қызметiн реттейтiн заңдары, қаулылар, ережелер, отандық және шетелдiк экономистердiң ғылыми еңбектерi, оқулықтар, мерзiмдi басылымдардың материалдары құрайды.
Диплом жұмысын жазудың мақсаты:
1) Екiншi деңгейлi банктердiң банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiнiң теориялық негiздерi мен экономикалық мазмұнын ашу.
2) Екiншi деңгейлi банктердiң банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiне талдау жасау.
3) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнiң өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн ұйымдастыру тәртiбi және тиiмдiлiгiн арттыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектi ретiнде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнiң қызметтерi алынған.
Диплом жұмысының методологиялық және теориялық негiзi: отандық және шетелдiк экономисттердiң жұмыстары, екiншi деңгейлi банктердiң статистикалық деректерi, заңдар және нормативтiк актiлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк ережелерi.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

1. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы // Оңтүстік Қазақстан , 4 наурыз, 2006 жыл.
2.Н.А. Назарбаев “Концепция внешней политики требует адаптации к современным условиям”/ Казахстанская правда, 04.10.2005
3. 1-12.2005,1-12.2005,1-12. 2005 ҚР Ұлттық Банкiнiң статистикалық бюллетендерi
4. ҚР Президентiнiң 31.08.1998 ж. “ҚР банктер және банк қызметi туралы” Жарлығы, 68, 68-1, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76 және т.б баптары
5. Аллахвердян Д.А. Финансово-кредитный механизмм развитого социализма- М.: Финансы, 1976 ж.
6. Ачкасов А.И. Активные операции коммерческих банков – М.: Консолтбанкир, 1996 ж.
7. Банки на развивающихся рынках. Укрепление руководства и повышение чувствительности к переменам. 2 том/ Д.Мак Нотон и др. – М.: Финансы и статистика, 1996 ж.
8. Лаврушин О.И. Банковские операции- М.: Инфро,1998
9. Банковский портфель – 1. Книга банкира. Книга клиента. Книга инвестора/ О.Н. Антипова және басқалары – М.: СоминтЭк,1996 ж.
10. Банковский портфель – 1. Книга менеджера. Книга банковского финансиста. Книга банковского юриста/ О.Н. Антипова, Г.М. Антонов және басқалары – М.: СоминтЭк,1996
11. Лаврушин О.И. Банковское дело– М.: БиБНКЦ,1998 ж.
12. Колесникова В.И, Кроливецкая Л..П. Банковское дело– М.: Финансы и статистика, 1998 ж.
13. Белоглазова Г.Н. Коммерческие банки в условиях формирования рынка- Л.: ЛФЭИ, 1991 ж.
14. Белугин М.И. Сберегательное дело. Есептiк-несие техникумдарына арналған оқулық - М.: Финансы и статистика, 1985
15. Бор М.З., Пятелко В.В. Стратегическое управление банковской деятельностью.-М.: Приор,1998 ж.
16. Бухвальд Б.Р. Техника банковского дела-М.: ДИС,1993
17. Валравен К.Д. Управление рисками коммерческого банка/М.Э. Ворд редакциясымен жазылған оқу құралы- Дүниежүзiлiк банктiң экономикалық даму институты.-Вашингтон,1998 ж.
18. Василишен Н.И. Регулирование деятельности коммерческого банка-М.: Финансист информ,1998 ж.
19. Гамидов Г.М. Банковское и кредитное дело – М.: ЮНИТИ,1996
20. Деятельность банков: современный опыт США – М.:Экономист,1992
21. Долан Э.Дж., Кэмпбел К.Дж. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика, ағылшын тiлiнен аудармасы.- СПб,1998 ж.
22. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег-М.: 1978
23. Котлер Ф. Основы маркетинга- М.: Прогресс, 1996
24. Льюис К.Ф. методы прогнозирования Экономических показателей. – М.: Финансы и статистика,1993 ж.
25. Мамонова И.Д. Банк и платежная дисциплина. – М.. финансы и статистика, 1998 ж.
26. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. – М.: Банки и биржи:ЮНИТИ,1998 ж.
27. Нуреев Р.М. Деньги, банки и денежно-кредитная политика. – М.: Финстат информ,2005 ж.
28. Лаврушин О.И. Основы банковского менеджмента-М.: Инфра- М, 2005 ж.
29. Озиус М.П. Пужном Б.Б. Банковское дело и финансовое управление рисками-Вашингтон,1998ж.
30. Рид Э, Коттер Р, Гилл Э. Смит Р. Коммерческие банки-М.: Космополис,1991
31. Лаврушин О.И. Российская банковская Энциклопедия-М.: Инфра- М, 1998 ж.
32. Тосупян Г.А. Банк для клиента – М.: Златоцвет,1993
33. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк. Управление и операции. –М.: Все для Вас,1993ж.
34. Қаржы-несие сөздiгi. –Алматы,2005 ж.
35. Хейне П. Экономический образ мышления в банковской практике-М.: Новости,1996 ж.
36. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный опыт-М.: Финансы и статистика,1998 ж.
37. С.И. Ожегов. Словарь русского языка. – М.: Советская Энциклопедия, 1970 ж.
38. К.Маркс, Ф.Энгельс. Таң. шығ. 23 т. 188 б.
39. Қазақстанның тәуелсiздiк алған он жыл iшiндегi банк жүйесi, ҚР Ұлттық банкi, 2005
40. А..Г. Мельников “О необХодимости целостной системы гарантирования вкладов ”/ Деньги и кредит, 2005
41. ОҚО Ұлттық банк филиалының дайындаған статистикалық мәлiметтерi, 2004,2005,2006.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   
МазмҰны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ
БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІК ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
талдаудың ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Екінші деңгейлі банктердің өтімділік және төлем қабілеттілігінің
экономикалық
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...8
1.2 Банктің өтімділігі мен төлем қабілеттлігін бағалаудың негізгі
әдістері мен

тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.3 Банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін басқарудың халықаралық

тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ
БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІК ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІК
НӘТИЖЕЛЕРІН талдау

2.1 Екінші деңгейлі банктердің активтерінің сапасын
бағалау ... ... ... ... ... ... ..25
2.2 Екінші деңгейлі банктердің өтімділігі мен төлем қабілетілігін
салыстырмалы талдау (“Темірбанк АҚ және “ТұранӘлемБанк” АҚ

мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӨТІМДІЛІГІ МЕН ТӨЛЕМ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ
ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Екінші деңгейлі банктердің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін
бағалаудың

проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
3.2 Екінші деңгейлі банктердің өтімділік және төлем қабілетін бағалаудың
оңтайлы етудің болашақтағы
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...63
3. 3 Банктердің өтімділігі және төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуде
капиталының жеткілікті болуын одан әрі
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... 66
3.4 Банк филиалы клиенттерінің қаржылық жағдайын IT технологиясы
арқылы
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .73
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...80

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТlЗlМl ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .84

КІРІСПЕ

Экономиканың банк секторының дамуы кезеңiнде қаржы – несие құралдарының
кешенiн орынды қолдануынан олардың өздерiнiң өмiршендiгi, ақша рыногындағы
операцияларды жүргiзу нәтижесiнде табыс ала бiлу мүмкiндiгi, немесе
керiсiнше, капиталын жоғалту және банкроттыққа ұшырау тәуекел деңгейiне
тiкелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылы 1 наурызында
жасаған Қазақстан халқына жолдауында және Қазақстан өз дамуындағы жаңа
серпіліс жасау қарсаңында, еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіру стратегиясында атап өткендей: “Біз Қазақстанның
жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын
қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген,
дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орын” иемденген,
әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын
қалаймыз.
Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны мүддемізге пайдалана білуіміз керек.
Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса
алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикамызға
кіруімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық –
географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.
Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамшылықтың жолындағы заңнамалық,
әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік
капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетулерге
міндетті.
Еліміздің осы халықаралық экономикалық ұйымға енуі Қазақстанның дүние
жүзілік рыноктағы бәсеке қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер
ашатынына сенімдімін. Дегенмен осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білу
керек” деген болатын [1]. Осы орайда егер, банк менеджерлерi банк
тұрақтылығын бақылайтын болса, оларға банктiң төлем жасауға қабiлетсiздiгiн
уайымдамауға болады. Сондықтан олар үшiн бiрiншi орында сенiмдiлiк,
табыстылық және тәуекелдi ең төменгi шегiне жеткiзудiң проблемасы тұр.
Коммерциялық банктердiң өз клиенттерiнен, өзге банктерден, ақша және
қаржы нарықтарынан, сондай ақ банктердiң өзiндiк қаражаттарын табыс алу
мақсатында салу, яғни қаражаттарды қолдану, жиынтығында олардың активтi
операцияларын құрайды. Коммерциялық банктердiң негiзгi мақсаты табыс алу
болғанымен, олар өздерiнiң қаражатының барлығын дерлiк табысы жоғары
операцияларға (мысылы, клиенттердi несиелеу) сала алмайды, өйткенi активтi
операцияларды жүргiзуде мұндай банктер тартылған қаражаттардың
қайтарымдылығын қаматамасыз етуi қажет.
Банктердiң активтi операциялары, операциялардың жекелеген түрлерi
бойынша тәуекелдiң тиiмдi бөлiнуi және қажеттi өтiмдiлiк деңгейiн қолдап,
заң нормаларын сақтай отырып, тартылған және өзiндiк қаражаттарды қолдана
отырып жүзеге асыратын операциялары. Көрсетiлген талаптарды сақтау
қажеттiлiгiнен банктер қаражаттарының бiр бөлiгiн пайдасы төмен немесе,
мүлдем пайда әкелмейтiн салымдарға салуға мәжбүрлi. Екiншi жағыан, банктiң
қызметiн толық қамтамасыз ету үшiн оның активiнде ғимарат, құрал жабдықтар,
филиалдық мекемелерге инвестициялар деген баптар бар[2].
Активтi операцияларды өздерiнiң мiндеттерi бойынша банк өтiмдiлiгiн
қолдау мақсатындағы және табыс алуға бағытталған операциялар деп бөлуге
болады. Бұл операциялар арасында банк қызметiн қажеттi деңгейде қолдауға
қажеттi өзара қатынас жасалынады. Банк өтiмдiлiгiн қолдауды мақсат қоятын
салымдарға жататындар:
- банк кассасындағы қолма- қол қаражат;
- орталық банктiң шотындағы қалдық;
- тез өткiзiлетiн бағалы қағаздарға инвестициялар;
- өзге банктердегi салымдар және шоттарындағы қаражат.
Бiрқатар елдерде мемлекеттiк қарыз мiндеттемесiне инвестициялар, несие
алуда қамтамасыздандыру сапасында немесе капитал нарығында тез өткiзуге
болатын қаражат ретiнде көрiнедi.
Жоғарыда аталған салымдардың кейбiреулерi банкке белгiлi бiр табыс
әкелгендiгiмен, олардың қолда болуының негiзгi себептерiнiң бiрi, банктiң
жалпы өтiмдiлiгiн қолдау қажеттiлiгi. Компаниялар мен фирмаларды, яғни
корпоративтi клиенттердi несиелеу бойынша банк операциялары, мәнi
тұрғысынан қаражаттарды өтiмдi жайғастыру деп табылмайды, пайыздық
ставкалар арасындағы табысты алу мақсатында ғана жүзеге асырылады.
Төлем қабілеттiлiк және өтiмдiлiк тұрғысынан, банктiк операциялар үшiн
несиелiк тәуекел және активтердi жайғастыру мәселелерi де өте үлкен маңызға
ие. Ресурстарды кассалық қолма - қол қаражаттарға, орталық банктердегi шот
қалдықтарына, мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастыру дамыған елдерде
нөлдiк тәуекел деңгейiнде болса, фирмаларға, компанияларға және жеке
тұлғаларға берiлген несиелер, вексельге салым акцепт, өзгеде ақша нарығының
құралдарына салымдар тәуекелдiлiктiң жоғарғы деңгейiмен жүргiзiледi. Осыған
байланысты банктiк операцияларды жүргiзуде, банктер үшiн тәуекелдiң бөлiну
мәселесi және қандайда бiр операция түрiнде олардың үлкен дәрежесiнiң
болмауы мәселелерi үлкен маңызға ие.
Халықаралық несие саласындағы коммерциялық банктердiң операцияларына
үлкен көңiл бөлуге болады. Мұндай операциялар өзге банктермен немесе
олардың кепiлдiктерiмен жүргiзiлгенiмен, ондағы өтiмдiлiк және тәуекелдiлiк
дәрежесi өтiмдiлiгi жоғары операциялардан тәуекелдiлiгi төмен операцияларға
дейiн тербелiп отырады. Коммерциялық банктердiң мұндай салада операцияларды
жүргiзуi, әрбiр несие түрi бойынша тәуекел дәрежесiн ескеру негiзiнде
болады.
Өтiмдiлiк және төлем қабiлеттiлiк банктердiң қаржылық тұрақтылығының
негiзгi кепiлi.
Банк тұрақтылығы оның сенiмдiлiгiне, табыстылығына үлкен әсерiн
тигiзетiн болғандықтан, бiз әлемдiк тәжiрибедегi қазiргi кезде оларды
бағалау әдiстерiн оқып бiлуiмiз және осы алған тәжiрибенi елiмiздiң банк
тәжiрибесiне енгiзуiмiз абзал.
Тақырыптың тағы бiр маңыздылығы қарастырылып отырған банк өтiмдiлiгi мен
төлем қабілеттiлiгiн басқару әдiстерi. Қазақстанның банк жүйесiнiң дамуымен
және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудiң жаңа бағыты болып
табылатындығында.
Факторлық талдау негiзiнде банк тұрақтылығының банк қызметiне әсерiн
зерттеу үшiн бiз әлемдiк тәжiрибеге үлкен көңiл аударып отырмыз және соның
көмегi арқылы Қазақстанда тиiмдi де пайдалы банк қызметiне әсер ететiн
жағдайларды анықтап, тәуекелден “қорғану” әдiстерiн саралап отырмыз. Осы
кешегi күнге дейiн отандық банктер үшiн банк тұрақтылығына әсер ететiн
басты проблема болып алынған несиелердi қайтармау проблемасы қаралып
келедi. Бұл мәселенi реттеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң
пруденциялдық нормативтерi бағытталған.
Бүгiнде өзiнiң маңыздылығын жоғалтпай, бұл проблеманың орнын басқа
проблема алады – ол активтер көлемiнiң жеткiлiктiлiгi.
Өзiмiздiң отандық банктер әлемдiк банк тәжiрибесiнде бар барлық
проблемалармен кездестi деуге болмайды, бiрақ олардың саны өсiп барады, ал
бұл проблема Қазақстандық банктер үшiн жаңа болып есептелiнедi, сондықтан
бұл тұрғыда қандай да бiр терең зерттеулер жүргiзiлген жоқ. Осы орайда,
банк тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы зерттулер Қазақстанның банк
жүйесiн реформалаудағы ең түйiндi мәселе болып отыр. Барлық аталған өзектi
мәселелер және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның
мақсаттары мен негiзгi мiндеттерiн қорға өз әсерiн тигiздi.
Диплом жұмысының басты мақсаты банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн
басқару мәселелерiне қатысты әлемдiк банк тәжiрибесiн зерттеу және оның
жергiлiктi жағдайға бейiмделуi болып табылады. Банк өтiмдiлiгi мен төлем
қабілеттiлiгiн бағалау әдiстерi, сонымен қатар Қазақстанның тұрақты банк
жүйесiн құрау үшiн қазiргi жағдайларда оларды тиiмдi басқару әдiстерi
өңделiп және жетiлдiрiлiп жатыр.
Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн анықтайды:
1. Банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн басқару мәселесiмен
байланысты теориялық сұрақтарды оқып бiлу, олардың құрылымын анықтау,
банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгi түсiнiгiнiң мазмұнын
нақтылау;
2. Банктердiң тұрақты дамуына әсер ететiн факторлар жүйесiн талдау
немесе банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгi моделi мен
принциптерiнiң тиiмдiлiгiн нақты практикалық мысалдармен дәлелдеу;
1. Талдау нәтижелерi бойынша қорытындылар қалыптастыру және отандық банк
мекемелерi үшiн банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiн басқару
мәселелерi бойынша нақты ұсыныстарды өңдеп шығару.
Жұмыстың пәнi және объектiсi ретiнде банк өтiмдiлiгi мен төлем
қабілеттiлiгiн бағалау құралдары және әдiстерiмен байланысты теориялық және
практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектiсi Қазақстан Республикасының
екiншi деңгейдегi банктердiң қызметi болып табылады.
Диплом жұмысының әдiстемелiк негiзiн Қазақстан Республикасының банк
қызметiн реттейтiн заңдары, қаулылар, ережелер, отандық және шетелдiк
экономистердiң ғылыми еңбектерi, оқулықтар, мерзiмдi басылымдардың
материалдары құрайды.
Диплом жұмысын жазудың мақсаты:
Екiншi деңгейлi банктердiң банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiнiң
теориялық негiздерi мен экономикалық мазмұнын ашу.
Екiншi деңгейлi банктердiң банк өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгiне талдау
жасау.
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнiң өтiмдiлiгi мен төлем
қабілеттiлiгiн ұйымдастыру тәртiбi және тиiмдiлiгiн арттыру жолдарын
қарастыру.
Зерттеу объектi ретiнде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi
банктерiнiң қызметтерi алынған.
Диплом жұмысының методологиялық және теориялық негiзi: отандық және
шетелдiк экономисттердiң жұмыстары, екiншi деңгейлi банктердiң
статистикалық деректерi, заңдар және нормативтiк актiлер, Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банк ережелерi.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ

БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІК ЖӘНЕ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН

талдаудың ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Екінші деңгейлі банктердің өтімділігі мен төлем қабілетілігінің
экономикалық мазмұны

Өтiмдiлiк және төлем қабілеттілік – банктiң сенiмдiлiгiн қамтамасыз
ететiн, оның қызметiнiң жалпы сипаттамаларының бiрi.
Банк өтiмдiлiгi және төлем қабілеттiлiгi салымшылар мен қарыз берушiлер
алдында банктiң өз мiндеттемелерiн уақытында және шығынсыз орындау
қабілетi. Банктiң мiндеттемелерi нақты және потенциалды деп бөлiнедi.
Банктiң нақты мiндеттемелерi: талап ету депозиттерi. Мерзiмдi депозиттер,
тартылған банк аралық ресурстар, несие берушiлердiң қаражаттары түрiнде
банктiң балансында көрсетiледi. Ал потенциалды немесе баланстан тыс
мiндеттемелерге: банктен берген кепiлхаттар, клиенттерге несие желілерiн
ашу арқылы көрiнедi (сурет 1).

Банк сенімділігін сақтау шарттары

Сурет 1

Егер коммерциялық банктердiң борыштық және қаржылық мiндеттелердi
уақытында орындау үшiн қолма - қол ақшалай қаражаттар басқада өтiмдi
активтерi болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада
жұмылдыру мүмкiндiгi жеткiлiктi болса, онда бұл өтiмдi банк болып табылады.

Банк өтiмдiлiгiнiң екi формасы, яғни мiндеттемелердi өз уақытында және
шығынсыз орындау көптеген iшкi және сыртқы факторлардың көмегiмен
анықталынады (сурет 2).
Ішкi факторлар қатарына мыналар жатады:
- Банк капиталының базасы:
- Банк активтерiнiң сапасы:
- Депозиттердiң сапасы:
- Сыртқы қаражат көздерiне орташа тәуелдiлiгi:

Банк өтімділігі мен төлем қабілеттілігінің сипаттамалары

Сурет 2

- Мерзiмi бойынша активтер мен пассивтердiң өзара сәйкестiгi:
- Сауатты менеджмент:
- Банктердiң жоғары дәрежелi беделi.
Коммерциялық банктер мемлекеттiң несие жүйесiнде үлкен рөль атқарады.
Олар несие капиталы рыногындағы әртүрлi секторларда қызмет ететiн ерекше
кәсiпорын болып табылады. Коммерциялық банктер несие ресурстарының басым
бөлiгiн шоғырландырып, өз (несие беру, салымдарды қабылдау, есептiк
қызметтер көрсету, бағалы қағаздар мен валютаны сату және сатып алу және
т.б.) қызметтердiң бiрнеше түрлерiн көрсетедi. Бүгінгi таңда коммерциялық
банктер клиенттерге екi жүзге жуық қызмет түрлерiн ұсына алады. Клиенттерге
коммерциялық банктердiң ақы негiзiнде көрсететiн қызметтерiн жүзеге
асыруына байланысты жүргiзетiн операциялардың дәстүрлi және нарық талабына
сай жаңадан пайда болған дәстүрлi емес формалары пайда болуда. Осыған
байланысты банк қызметтерiнiң ''коммерциялық'' сипаты артуда.
Екiншi деңгейдегi банктердiң басқа да құрылымдардан ерекшелiгi, олардың
мiндеттемелерiнiң басты мақсаты – пайда табу болып табылады (нарықтық
қатынастар жүйесiндегi олардың ''коммерциялық мүдделерi'' де осында).
Сондықтан, ''коммерциялық'' деген термин екiншi деңгейдегi банктердiң
қандай да болмасын меншiктiң формасына жататындығымен емес, олардың ақылы
негiзде, клиенттерiне көрсететiн қызметтерiнiң сан алуандығымен
байланысты[4].
Сонымен, коммерциялық банктер – коммерциямен айналысатын ерекше
кәсiпорын болып табылады.
Өзiнiң клиенттерiне ссуда бере отырып, банктер қаржы делдалдарының
рөлiн атқарады, себебi бос ақша капиталдарын тiкелей ссудаға беру
шаруашылық өмiрде мүмкiн емес. Банктердiң мұндай қызметтерi салымшыларға,
банктерге және қарыз алушыларға тиiмдi болып табылады. Олардың арасында
несиелiк қатынастар пайда болады.
Бiзге несиенiң екi формасы белгiлi: тауарлы және ақшалай. Осыған
байланысты несиелеудiң екi түрiн ажыратады: тiкелей, банктiк және жанама
несиелеу.
Несиелiк функцияларын атқару барысында коммерциялық банктер айналымға
несие ақшаларын шығарады, яғни қарыз алушыларға ссуда беру кезiнде жалпы
ақша массасы артады, ал қарыз алушының ссуданы өтеуi нәтижесiнде ақша
массасы азаяды. Оның себебi, қарыз алушыға берiлетiн ссуда клиенттiң
банктегi шотына түседi, яғни банк депозит құрайды, есесiне банктiң қарыз
мiндеттемелерi ұлғаяды. Депозит иесi банктен қолма-қол ақша алуы арқылы
айналымдағы ақша санын көбейтедi. Сонымен, несиелеу функциясын орындай
отырып, коммерциялық банктер несие ақшалары эмиссиясын жүзеге асырады.
Депозиттiк-несиелiк эмиссияны жасауымен банктер басқа қаржы институттарынан
ерекшеленедi.
Коммерциялық банктердiң келесi маңызды функциясы – нақты ақшасыз есеп
айырысуды ұйымдастыру және жүргiзу болып есептеледi, яғни есеп айырысу мен
төлем жасау механизмiн қамтамасыз ету. Төлем жүргiзуде делдал
мiндеттемелерiн атқаратын банктер өздерiнiң клиенттерiне есеп айырысумен
байланысты операцияларды жүзеге асырады. Банктiң бұл функциясы тiкелей
бiрiншi функциямен байланысты. Коммерциялық банктер клиенттердiң тапсырмасы
бойынша шоттардың бiрнеше түрлерiн ашады: есеп шот, ағымдағы шот,
депозиттiк шот, контокорренттiк шот, жеке шот.
Банк мекемесiнде барлық басқа кәсiпорындар сияқты белгiлi бiр басқару
аппараты болады. Оның құрамына ең алдымен банк мiндеттемелерiнiң ерекше
сипаты әсер етедi. Банктi кәсiпорын деп есептесек, барлық басқа
кәсiпорындарға тән ортақ белгiлерi де бар, оның дирекциясы, атқарушы
бөлiмшелерi, есеп-қисап бөлiмi, кадрлар бөлiмi т.б.
Сонымен қатар, банк мекемесi ерекше кәсiпорын, ол ақша-несие институты
ретiнде қызмет атқарады, сондықтан оны басқару аппаратының құрылымы банктiң
ерекшелiгiне байланысты. Бұл ерекшелiктердi банк мiндеттемелерiн
ұйымдастырудағы принциптерден байқауға болады, яғни принцип деп банк
мекемесi өз қызметтерiн жүргiзу үшiн және банк операциясын орындау үшiн
бағыт-бағдар беретiн бастапқы жағдайларды айтамыз.
Банктер әдетте функционалдық қағидасы бойынша ұйымдастырылады. Ол келесi
жағдайларды бiлдiредi: банк ipi несие институты ретiнде қызмет атқаратын
болғандықтан, оның басқару аппаратында несиелiк кадрлық бөлiмшелерi болуы
тиiс. Сонымен бipге банк есеп айрысу операцияларын жүргiзетiн болғандықтан,
оның құрамында есеп айрысу операциясын ұйымдастыратын құрылымдық бөлiмдер
болуы тиiс. Банк нақты ақшаны қабылдап және оны беретiн болғандықтан оның
кассасы болуы тиiс. Жалпы алғанда, банк атқаратын қызметтер мен операциялар
оны басқару құрылымына ерекшелiктер енгiзедi, оларды басқа кәсiпорын
құрылымында кездестiруге болмайды. Тек қана мекемелерiне тән болуы тиiс
қағида.
Банктi ұйымдастыру принципiне, сонымен бiрге қойылған мақсатқа
сәйкестiлiк принципi де жатады. Бiзге белгiлi, банктiң мақсаты – пайда алу
болып табылады. Ол, банк мекемесi құрылымында ақша табатын бөлiмдер болуы
қажет дегендi бiлдiредi (клиенттердi iздейдi т.б.), яғни банк мекемесiнiң
құрамында ақшаның түсiмiн қамтамасыз ететiн бөлiмдер бар: кipiстер мен
шығыстарды жоспарлап, банк бюджетiн құрап, шығындар үнемiн қамтамасыз
етедi.
Банк операцияларын жүзеге асыру банктiң мiндеттемелерi болып табылады.
Банк мiндеттемелерiн клиент мүддесi үшiн белгiлi бiр iс-әрекеттердi орындау
деп сипаттауға болады. Кез келген банк өкiмiнiң негiзiнде клиенттiң қандай
да болмасын қажеттiгiн қанағаттандыруы жатады.
Негiзгi дәстүрлi қызмет түрлерiне қазipгi кезде бұрыннан келе жатқан
салымдарды тарту мен ссуда беру операциялары жатады. Осы қызмет түрлерiнен
сыйақы (мүдде) арасындағы айырмадан банктер табыс алып отырады.
Коммерциялық банктердiң осы операцияларын топтастыра отырып, олар
атқаратын негiзгi функцияларды анықтауға болады:
- уақытша бос қаржыларды, жинақтарды шоғырландыру (депозиттiк
операциялар);
- экономика мен тұрғын халықты несиелеу (активтi операциялар);
- несие ақшаларын шығару;
- нақты ақшасыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргiзу;
- инвестициялық қызмет;
- клиенттерге басқа да қаржы қызметтерiн көрсету.
Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын жұмылдыру және
оларды капиталға айналдыру функциясын орындай отырып, банктер ақшалай
табыстар мен жинақтарды салымдар түрiнде шоғырландырады. Салымдарда
топталған жинақтарды ссуда капиталына айналдыру үшiн банктер қарыз
алушыларға несие бередi. Карыз алушылар қаржыларды өндipiстi ұлғайтуға,
тауар сатып алуға жұмсайды. Сонымен, коммерциялық банктердiң көмегiмен
салымдар капиталға айналады.
Ақшаларды тиiмдi орналастыру мақсатында салымдарға (депозиттерге)
тартудағы банктердiң мiндеттемелерiн депозиттiк операциялар деп атайды.
Депозиттiк операциялар негiзiнде коммерциялық банктердiң несие
ресурстарының басым бөлiгi құралады.
Коммерциялық банктердiң екiншi негiзгi дәстүрлi функциясы – экономика
мен тұрғын халықты несиелеу болып табылады. Бұл функция банк
мiндеттемелерiнiң маңызды бөлiгi болуымен бipге активтi операцияларға
жатады.
Бүгiнгi таңда әмбебап сипаттағы коммерциялық банктер банк
мiндеттемелерiнiң жан-жақты қамтитын қызмет түрлерiн жүргiзедi.
Республиканың коммерциялық банктерi қаржы, несие, есеп айырысу
операцияларының барлық түрлерiмен айналысады[5].
Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес, коммерциялық банктер
келесi операцияларды жүргiзедi:
а) заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдау;
б) жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдау;
в) клиенттердiң шотын ашу және жүргiзу, корреспонденттiк шот ашу және
жүргiзу, кассалық қызмет көрсету;
г) қайтарымдылық, мерзiмдiлiк және ақы негiзiнде заңды және жеке
тұлғаларға ұзақ және қысқа мерзiмдi несие беру;
д) инвестицияланатын қаражатты иеленушiлердiң немесе оларға билiк
жасаушылардың тапсыруымен күрделi қаражаттарды қаржыландыру;
е) заңмен белгiленген тәртiпте өз меншiгiндегi бағалы қағаздар шығару
(вексель, аккpедитив, депозиттiк сертификат, акция және басқа да қарыз
мiндеттемелерi);
ж ) төлем құжаттары мен бағалы қағаздарды сатып алу, сату және
сақтау, олармен өзге де операциялар жүргiзу;
з) кепiлдiк операциялары: үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай түрде атқаруды
көздейтiн тапсырмалар, кепiлдiктер мен өзге де мiндеттемелер беру;
и) факторингтiк операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi)
сатып алушыдан төлемсiз тәуекел етiп қабылдай отырып, төлемдi талап ету
құқығына ие болу;
к) форфейтингтiк операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi)
сатып алушының берешек мiндеттемесiн сатып алушыға айналым түспейтiн жолмен
вексель сатып алу арқылы төлеу;
л) сейфтiк операциялар: сейф жәшiктерiн, шкафтар мен үй жайларды жалға
берудi қоса клиенттердiң бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын
сақтау жөнiндегi қызметтер;
м) сенiм (трасттық) операциялары: сенiм білдірген адамның мүддесi үшiн
және соның тапсыруымен ақшаларын басқару;
н) жалға берушiнiң жалға берiлетiн мүлiкке меншiк құқығын сақтай
отырып мүлiктi шарт (лизинг) қолданылатын бүкiл мерзiмге жалға өткiзу;
о) банк мiндеттемелерiмен байланысты кеңес беру;
п) банк операциялары бойынша брокерлiк қызмет көрсету.
Ұлттық банктiң арнайы лицензиясы болған жағдайда коммерциялық банктер
басқа да операцияларды жүзеге асыруға құқылы, соның iшiнде:
- шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
- ақшаларды инкассациялау және басқа жаққа жiберу;
- тұрғын халықтың ақшалай салымдарын тарту.
Жоғарыда аталған операцияларды жүргiзу үшiн банктерге және басқа
тұлғаларға лицензияны Ұлттық банк қана беруге құқылы.
Коммерциялық банктер активтi және пассивтi операцияларды жүзеге
асырады. Бұл екi операциялар диалектикалық бiрлiктiң екi қарама -қарсы
жақтарына ұқсайды. Пассивтiк операцияларсыз активтi операцияларды жүргiзу
мүмкiн емес, керiсiнше активтi операцияларсыз пассивтiк операцияларды да
жүргiзу мүмкiн емес. Банк жүзеге асыратын операциялардың бiр ғана мақсаты
бар ол - шығынды азайтып, табысты арттыру[6]. Осыған байланысты, егер
коммерциялық банктердiң қызметi үшiн активтi операциялардың мәнi, несиелiк
ресурстарды қалыптастырып, оларды қолдану процестерiнiң арасындағы тығыз
байланысты қамтамасыз ету.
Банктердiң активтi операциялары -өзiнiң өтiмдiлiгiн қамтамасыз ету және
қажеттi табысты алу мақсатында өз иелiгiндегi ресурстарды орналастыру
негiзiнде жүргiзiлетiн операциялар.
Активтi операциялардың жiктелiнуi бойынша, олардың құрылымы бойынша
әртүрлi көзқарастар қалыптасқан[6].
Бутако В.И., Львова Р.И., пікірлерінше негізгі активті операциялар
болып табылатындар:
- Нәтижесінде банктің несие потфелі құрылатын, несиелік операциялар.
- Инвестициялық потфельді құрудың негізі болатын, инвестициялық
операциялар;
- Банктердің өз клиенттеріне көрсететін негізгі қызметтерінің бірі болып
табылатын, кассалық және есеп айыру операциялары;
- Барлық банктік операциялардың жүзеге асыруын қамтамасыз ететін,
сәйкесінше инфрақұрылымды құрумен байланысты, өзге де активті операциялар.
Лаврушиннің пікірінше, банктердің кеңінен тараған активті операциясына
жататындар:
- Банк табысының негізгі бөлігін беретін, заемдық операциялар;
- Макроэкономикалық ауқымда мұндай операциялардың негізгі мазмұны,
банктер, тұтыну, айналым, өндіріс процестерін ынталандыра отырып, уақытша
бос, қызмет етпейтін ақша қорларын қызмет етуші қаражаттарға айналдыруы;
- Бірлескен шаруашылық қызметін жүгізуге құқық алу немесе өз ресурстарын
бағалы қағаздарға салу, жүргізілу процесінде банк инвестор ретінде
көрінетін, инвестициялық операциялар;
- Орталық банкте және өзге коммерциялық банкте шоттардағы төлем
қаражаттарының ағымда және ұзақ мерзімдік резервтерін құруда банктердің
активті депозиттік операцияларның мазмұны көрінетін, депозиттік
операциялар;
- Шет елдерде көп табыс беретін, әртүрлі формадағы, өзге де активті
операциялар.
Коммерциялық банктердің активті операцияларды дамытуы өтімділік
табыстылық және де тәуекелдің қажетті деңгейінде болу тұрғысынан, активті
операциялардың өзге түрлерінің немесе қаражат салымын жүзеге асыруда банк
мүмкіндіктеріне жанама және тікелей әсер ететін, банк қызметінің сәйкес
жағын реттеуші заң актілерін қатаң түрде сақтай отырып жүзеге асыру қажет.
Мұндай ережелер, өтімділік немесе тәуекел, олардың табыстылық деңгейіне
орталықтан әсер ету жолымен жекелеген операциялар түрлеріне шектеу немесе
ынталандыруға бағытталған, ерекше заң шаралары, жекелеген операцияларды
жүзеге асыруға рұқсат, тұтас алғанда активті операциялардың дамуы және
жүзеге асырылуына байланысты, барлық банктерге міндетті болып табылатын
сипатта болады.
Заң актілері ретінде қызмет етуші банктік заңдар түсіндіріледі (31
тамыз 1995ж. N 2444 ҚР банктер және банктік қызмет туралы заңы, 4 бап. Банк
қызметін құқықтық реттеу: банк қызметі ҚР конституциясымен және заңдарымен,
Қазақстан Республикасымен жасалынған Халықаралық келісімдермен, ҚР ұлттық
банкінің құқықтық нормативтік актілерімен реттелінеді.) [].
Заң актілерін тұтас активті операцияларды реттеуші, олардың жекелеген
түрлерін реттеуші және де нақты бір операцияны реттеуші деп бөлуге болады.
Жалпы реттеуші заң актілерінің көп тараған түрі өзіндік капитал
көлеміне тәуелді коммерциялық банк операцияларының жалпы көлеміне шектеулер
бар. Ол заңдық тәртіппен әрбір жеке коммерциялық банктің өзіндік қаражат
көлемінің оның активті операцияларының жалпы көлеміне қатынасы ретінде
тағайындалынады. Мұндай шектеулер жекелеген елдердің банктік қадағалау
органдарының коммерциялық банктердің операцияларын қамтамасыз етуіндегі
әсер дәрежесін көрсетеді. Олардың мөлшері-1:10 (Швейцарияда), 1:18
(Австрия, Люксембург, Германияда) құраса, Францияда банктік қадағалау
органдарының мұндай талаптары, нақты заңда көрініс таппаса да, оның
мөлшерін 1:30 шамасында анықтайды.
Францияда кеңінен тараған және де Ұлыбританияда қолданылатын несие
саясатының әдістері қандайда бір уақыт шамасында банктердің несиелік
операцияларының өсім қарқынын шектеу. Мысалы, олар жүргізетін экономикалық
саясаттың қазіргі кезеңіне сәйкес олардың өсімін мемлекет тежеуге
тырысатын, қатаң түрде қарастырылантын және мемлекет тарапынан
ынталандырылатын несие түрлерінің қолданылуы. Көп жағдайларда мұндай
категорияларға банктердің жеке тұтынуларды несиелендірулері ілігеді.
Коммерциялық банктердің активті операцияларының дамуына әсер ететін, тұтас
банктің активті операцияларындағы үлес салмағы ескергенде, несиелеудің
мұндай түрлері активті операциялардың жекелеген түрлерінде таралған.
Банктік несиелеу көлемін бақылау мен қатар, банктік тәжірибеде
қозғалмайтын мүліктерге банктік салым, фирмалар мен компаниялардың
капиталына салым, бағалы қағаздарға салым сондай-ақ, банктік операцияларға
салымдарды шектейтін банктік реттеу шаралары кеңінен қолданылады.
Банктердің бағалы қағаздарға инвестициялары банк портфеліндегі үлес
салмағымен, көлемімен сондай ақ, құрлымы бойынша да реттелінеді. Көп
жағдайда бұл облыстағы банк мүмкіндіктері мемлекеттік немесе мемлекеттік
бағалы кағаздарға пара-пар бағалы қағаздарға салым салумен шектелінеді.
Банктердің акцияларға инвестициялауына шектеулердің қойылуы кеңінен
тараған. Бірақ, 80 ж. және 90 жылдарда көптеген елдерде мұндай салымдарға
заңдық шектеулердің рөлінің төмендегені байқалады, өзге жағынан,
коммерциялық банктердің активті операцияларна шектеу әрбір мемлекеттің
жалпы экономикалық саясатының қазіргі кезеңімен тығыз байланыста болып,
несиенің әртүрлі түрлеріне таратылған: жеке тұтынуларды несиелеу, тұрғын
үйлерді несиелеу, кіші өнеркәсіп және экономиканың өзгеде салалары,
инвестициялық, ауылшаруашылық және экспортық несиелеу. Мұнда дерективтік
шектеулермен қатар, несиелердің жекелеген түрлерін ынталандыру шаралары да,
яғни жарнама әсер етулер де жүзеге асырылады. Несиелеуге бұлай әсер ету
әдістері, мысалы, Ұлыбритания, Испания, Италия, Францияда экспорттық
несиелеуге байланысты қолданылған. Әртүрлі елдердің валюталық реттеуіне
тәуелді болып келетін, қаржыландырудың маңызды түрлерінің бірі, халықаралық
несие жөнінде ерекше айтып өтуге болады. 1978ж. Ұлыбританиядағы валюталық
реттеудің өзгеруімен байланысты ағылшын банктері экспорттық операциялар
бойынша акцептік-рамбурстық несиелердің берілуін күрт қысқартуына тура
келді[7].
Ұлттық банктік жүйенің тұрақтылыған қамтамасыз ету мақсатында, әртүрлі
мемлекеттердің заңдылықтары бір қарыз алушыны несиелендіру лимитін
қарастырған. Экономиканың барлық салаларының даму процесімен байланысты,
осының нәтижесінде өзара тығыз байланысты сауда- өнеркәсіп топтарының
құрылуына орай “бір қарыз алушы” түсініктері ендіріле бастады. Ендеше,
заңмен белгіленген бір қарыз алушыны несиелендіру лимиті, осы топқа
берілетін несиенің жалпы сомасын құрайды. ФРГ да әрбір банктің мұндай
топтарға беретін несиесі банктің өзіндік қаражатының 75 пайызынан аспауы
қажет деген ереже қызмет етеді.
Бір қарыз алушыны несиелеу лимитін ресімдеу әдістерінің кеңінен тараған
әдістерінің бірі, оны кредитор банктің өзіндік қаражатының мөлшеріне орай
пропорционалды ендіну. АҚШ-та бір қарыз алушыға несиелеу лимиті банктердің
өзіндік қаражаттарының 10 пайызынан асырмау белгіленген.
Бір қарыз алушыға лимитті заң түрінде белгілеудің негізгі мақсаты
мынада:
Қаржылық жағдайлары төмендеген жағдайда банктің жалпы жағдайын төмендеуіне
әкелетін, қарыз алушылардың шектелген санына ғана банктік несиелік
операцияларды жүргізумен негізделген, несиелік тәуекелдердің шамадан тыс
асып кетуіне жол бермеу. Мұндай жағдай ФРГ заңдылығында айқын көрінеді.
Ірі сауда өнеркәсіптік топтар немесе фирмалар бір ғана коммерциялық
банктің несие ресурстарымен қамтамасыз етіле алмайтындықтан, аталған реттеу
арқылы бірқатар коммерциялық банктердің арасында тәуекелді бөлу жүзеге
асырылады,бұл өз кезегінде банктік жүйені үлкен қобалжулардан арылтады.
Мұндай заңдылықтардың болуы бір қарыз алуының бірнеше коммерциялық
банкке клиент баруына әкеліп, аса ірі клиент үшін банктік консорциумдар
құрылып, ірі несиелік операциялардың жүргізілуіне әкеледі. Бір қарыз
алушыны несиелеуге қойылған шектеу коммерциялық банктердің активті
операцияларына әрдайым әсер етуші бір ғана норма емес. Сондай ақ,
өтімділікті реттеу немесе коммерциялық банктердің орта және ұзақ мерзімді
активті операцияларының жабылу нормасы сияқты реттеу шаралары да маңызды
рөлге ие[8].

2. Банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін бағалаудың негiзгi
әдiстерi мен тәсiлдерi

Банк қызмет ететін ішкі және сыртқы орта тұрақсыз келеді. Сондықтан,
банктің менеджменті осы орта өзгерісіне дер кезінде бейімделуге
бағытталынуы тиіс. Сондықтан,банк өтімділігі мен төлем қабілеттілігін
басқару стратегияларын жасуда сыртқы және ішкі орта дамуының мүмкін
ситуацияларын ескеруі тиіс. Банк өтімділігі мен төлем қабілеттілігін
басқару стратегиясында банк операцияларының тұрақты құрлымын жасау бағыты
міндетті түрде болуы тиіс. Коммерциялық банктердің өтімділік және төлем
қабілеттілігін талдау келесі кезеңдері сурет 3 көрсетілген.

Коммерциялық банктердің өтімділігі және төлем қабілеттілігін талдау
кезеңдері

Сурет 3

Банктiң өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгi тұрақты өзгерiсте болатын
көптеген факторлармен анықталынатын банк қызметiнiң сапасын сипаттайды.
Сондықтан банктiң өтiмдiлiгi мен төлем қабілеттiлiгi бiрте-бiрте
қалыптасатын және тұрақты факторлармен және әр түрлi тенденциялармен
сипатталатын динамикалық жағдайды бiлдiредi (сурет 4).

Банк сенімділігін сақтаудың негізгі шарттары

Сурет 4
Жинақталған өтімділік және сатып алынған өтімділік қатынастары, банктің
өтімді қаражаттарға деген қажеттілігін анықтау, банк активтері мен
пассивтерін басқарудың негізгі проблемаларының бірі болып қала береді.

Кесте 1

Банк қызметінің банк жағдайының сыртқы және ішкі факторларға тәуеділігі

Өтімділікке әсер етуші ішкі факторлар Өтімділікке сұранысты анықтайтын
сыртқы факторлар
Клиенттер санының өзгерісі; Экономикалық кезеңдері(құлдырау
Клиенттерді экономикалық секторлары меннемесе өрлеу);
салалары бойынша бөлу, олардың Қаржы нарығының әртүрлі салалары
бизнесінің маусымдық өзгерістеріне баға көрсеткіштерінің қатынасы және
тәуелділігі; пайыздық ставкаларының өзгеріс
Банк көлемі және оның имиджі; динамикасы;
Кіші және орташа клиенттердің шотындағыБағалы қағаздар нарығының даму
төмендемейтін қалдық үлесі; дәрежесі;
Несие портфелінің сапасы; Орталық банктердің несиелері;
Сауда портфелі, бағалы қағаздар Қайта қаржыландыру мүмкіндігінің
портфелінің сапасы; болуы;
Міндеттемелер мен талаптардың Аймақтық экономика ерекшеліктері,
орындалуының мерзім бойынша пассив жәнеоның құрылымдық салалары.
активтерінің келісімде болуы.

Өтiмдiлiк және төлем қабілеттiлiктi бағалауға мынадай әдiстер жатады:
- Қаржаттардың орталық қоры;
- ”Банктердегi- банктер”;
- Активтердi басқарудың “ғылыми басқару” әдiсi.
Коммерциялық банктердiң активтi операциялары төмендегiдей бөлiнедi:
1. Несиелiк операциялар;
2. Кассалық операциялар;
1. Бағалы қағаздармен операциялар.
Қазipгi кезде әлемдiк банк тәжiрибесiнде активтердi басқарудың үш
негiзгi әдiстерi қолданыс тапқан: қаржыларды бөлiп тарату немесе
қаржылардың жалпы қоры (pooІ of funds approach), активтердi бөлiп тарату
немесе қаржыларды жайғастыру (assets aІІoacation or convertion funds
approach) және ғылыми әдiс (scientific metod).
Қолданыс табу тәжiрибесiне қарағанда қаржыларды бөлiп тарату (pooІ of
funds approach) әдiсi қарапайым болып табылады. Бұл әдiстiң негiзiнде
банктiң барлық ресурстарын бiрiктiру идеясы алынған. Соңынан жиынтық
қаржылар банк тарапынан тиiмдi деген активтер арасында бөлiп тартылады.
Бұл әдiстi қолданған кезде банктiң өтiмдiлiк және табыстылық принциптерi
ескерiлуi тиiс (сурет 5).
Активтердi бөлiп тарату немесе қаржыларды жайғастыру әдiсi банкке
қажеттi өтiмдi қаржылардың көздерiне байланысты болады. Бұл әдiстi қолдану
барысында мiндеттi резервтер нормасы мен тартылған қаржылардың көздерi
арасындағы айырманы ескерiп отыруға талпынады. Активтердi бөлiп тарату
немесе қаржыларды жайғастыру (assets aІІoacation or convertion funds
approach) әдiсi банктiң өзiнiң iшiнде орналасқан ’’өтiмдiлiк-табыстылық’’
орталықтары арқылы таратылып отырады. Бұл орталықтар банк iшiндегi банктер
деген атаққа ие болған. Қаржылардың қай орталыққа таратылатындығын анықтап
болған соң, банк басқарушылары оларды жайғастыру тәртiбiн анықтайды (сурет
6) [9].
Активтердi басқарудың бұл әдiсiнiң басты артықшылығы банкте алғашқы
реттегi және кейiнгi резевтердiң кезегi мен шегiн дәл анықтауға мүмкiндiк
берiп, қаржыларды ең алдымен несие беру мен бағалы қағаздар алуға бағыттап
отырады. Бұл шаралар банктiң табыстылығын арттыруға ықпалын тигiзедi.
Активтердi басқарудың ғылыми әдiсi (scientific metod) бұл активтердi
экономикалық-математикалық әдiстердi пайдалана отырып басқарудың әдiсi
болып табылады. Мұнда қабылданған шешiмдер стандартты математикалық формада
келтiрiлiп, көптеген элементтердiң өзара байланысын көрсетiп отырады.
Қабылданған шешiмнiң басты мақсаты, мысалы банктiң табыстылығын
мүмкiндiгiнше арттыру, тәуекел деңгейi мен шығындар көлемiн ең төменгi
шегiне жеткiзу және т.б. болуы мүмкiн. Бұл әдістi қолдана отырып, банк
қызметкерлерi көптеген шешiмдердiң iшiнен несиелiк саясатқа сәйкес
оңтайлысын таңдап алуы мүмкiн. Математикалық құралдар, бағдарламалық
қамтамасыздық және қазiргi кездегi алдыңғы қатарлы ЭЕМ пайдалана отырып бұл
әдістi жүзеге асыруға болады.
Жалпы, жоғарыда аталған активтердi басқарудың әдiстерiн нормативтiк
нұсқаулықтар кешенi ретiнде қарастыруға болмайды. Оларды басқару шешiмдерiн
қабылдау барысында басшылыққа алынатын жалпы жағдайлар ретiнде қарастыруға
болады. Әрбiр банк активтер мен пассивтердiң шоттарын топтастырудың
өзiндiк әдiстерi қалыптасып отырады.

Коммерциялык банктiң қаржыларды бөлiп тарату немесе қаржылардың жалпы қоры
(pooІ of funds approach) әдici

Сурет 5

Бiрiншi әдiстiң мәнi мынада: пассивтi операцияларды жүргiзе отырып банк
жинақталған қаржыларды жалпы бiр қорға шоғырландырады. Ал бұл қордағы
қаржыларды активтi операциялар жүргiзу үшiн, дәлiрек айтқанда несие беру
үшiн қолданады. Бұл әдiстiң кемшiлiгi – салымдардың мерзiмдерi
ескерiлместен, несие берiлiп отырады.

Коммерциялык банктiң активтердi бөлiп тарату немесе қаржыларды жайғастыру
(assets aІІoacation or convertion funds approach) әдici

Сурет 6

Банктердiң басым көпшiлiгi екiншi әдiстi қолданып келедi, себебi бұл
әдiстiң қолдана отырып, банк өзiне қажеттi өтiмдi қаржыларды салымдардың
мерзiмдерiн және берiлетiн несиелердiң мерзiмiн ескере отырып жайғастырады.

Ал үшiншi әдiстiң басты мақсаты- банк табысын мейлiнше жоғары деңгейiне
жеткiзу болып табылады. Өтiмдiлiк талаптарына сәйкес тәуекелдiң кез келген
түрiне қарамастан, жоғары сыйақы мөлшерлемелерiн ескере отырып, банк
инвестицияларға салымдар жасап отырады.
Активтердi бағалау мен басқарудың аталған әдiстерiнiң барлығы да
әлемдiк банк тәжiрибесiнде, рыноктағы олардың мiндеттемелерiне сәйкес
кеңiнен қолданыс тапқан. Алайда, осы әдiстердiң iшiндегi ең тиiмдiсi үшiншi
әдiс деп саналады.
Аталған әдiстердiң негiзгi кемшiлiгi, ол ұсақ банктерге қолданыла
алмайды. Өйткенi оған сәйкес дайындығы бар кеңесшiлер немесе қызметшiлер
және iрi модельдердi есептеуге қуаттылығы жететiн есептеуiш машиналар,
жабдықтар болуы қажет, ал мұның барлығы үлкен шығындармен байланысты.

1.3 Банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін басқарудың
халықаралық
тәжiрибесi

Елiмiзде отандық коммерциялық банктердiң қызметтерiнiң жаңа механизмiн
қалыптастыру өркениеттi елдерде кеңiнен дамыған нарықтық-қаржылық
құрылымдардың жылдар бойы қалыптасқан тәжiрибесiне сүйене отырып қалпына
келтiрудi талап етедi. Сондықтан да шаруашылық жүргiзудiң әр түрлi
жағдайына бейiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiн әлдеқашан байқаған, әрi қатаң
бәсекелiк күресте ұзақ тарихи таңдаудың жемiсi болып табылатын банктiң
несиелiк операцияларын қалыптастыруға қатысты шет елдiк тәжiрибелердi
зерттеудiң маңызы зор. Алайда, батыстың экономикалық теориялары нарықтың
экономика субъектiсi ретiндегi қазақстандық коммерциялық банктердiң
қажеттiлiгiн толығымен қамтамасыз ете алмайды, яғни отандық коммерциялық
банктер өз қызметiне шет елдiк тәжiрибенi автоматты түрде көшiрiп, өзiне
бейiмдей алмайды. Олар Қазақстан экономикасында тек экономикалық қайта құру
нәтижесiнде қалыптасатын елiмiздiң өзiне ғана тән ерекшелiктерiн ескере
отырып қолдау табуы мүмкiн[10].
ХХI ғасырдың басындағы дүниежүзiлiк шаруашылықтың айтарлықтай
ерекшелiктерiнiң бiрi – Халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрi
қарқынды дамуы болып отыр. Ел Президентi Н. Назарбаевтың Қазақстан Халқына
жолдауында осы орайда былай делiнген: “Азиялық Барыс болу үшiн бiздiң
басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткiштер саласындағы
алдыңғы қатарлы халықаралық тәжiрибе енгiзiлуi тиiс. Ол -инфляция мен
бюджет тапшылығының төмен болуын, ұлттық валютаның күшейуiн, жинақтау
нормасының жоғары болуын көздейдi. Бұл рецепт Жапонияда, Кореяда,
Индонезияда, Тайван мен Чилиде iске асты. Қазақстанда да iске асады”[11] .
Бүгiнде бiз әлемдiк экономикада әр түрлi Халықаралық банктердiң кең
қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанның куәсi болып отырмыз. Бұл
құбылыс ұлттық экономиканың мейлiнше ашықтыққа ұмтылысынан, халықаралық
құрылымдардың жақындасып, өзара көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан
байқалады.
Әрине, аталған құбылыс оңайлықпен жүрiп жатқан жоқ. Бұл бәсекелi,
қайшылықты да диалектикалық қозғалыс. Халықаралық банктердiң әлемдiк
экономикада кең қанат жаюының диалектикасының өзi жекелеген елдердiң
экономикалық тәуелсiздiк пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген
ұмтылысының көрiнiсi. Дүниежүзiлiк шаруашылықтың нығаюы, ұлттық
экономиканың мейлiнше ашықтығы, дамудың жаңа, тиiмдi арналарының пайда
болуы – осының бәрi экономикалық өсудiң диалектикасы болып табылады.
Қазiргi кезеңде адамзат әлемiн “ақ, қара” деп жiктеп, “капитализм”,
“социализм” атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антогонизмдер де келмеске
кеттi. Бiздiң заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға
ортақ заңдылықтарына бағынатын бiртұтас әлем. Сондықтан елiмiздiң ойдағыдай
өркендеп, гүлденуi үшiн ел экономикасының халықаралық банктермен байланысын
нығайтудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес үкiметi тұсында халықаралық
экономикалық қатынастардың субъектiсi бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық
байланыстардың субъектiсi болуына оған ешкiм мүмкiндiк те берген жоқ едi.
Ал, қазiр Қазақстанның егемендi ел ретiнде қалыптасуы барысында
халықаралық банктермен байланысын, ұлт экономикасы үшiн маңызы мен
болашағын қолға алып, зерттеу көкейтестi мәселеге айналып отыр.
Елiмiздiң халықаралық банктермен байланыстарын орнықтырып, дамытудың
қазiргi кезеңi сол қатынастардың нысандары мен әдiстерiн түбегейлi өзгерту
қажеттiгiмен айқындалады. Бұл, әрине, мейлiнше қолдауға тұрарлық құбылыс.
Дегенмен, қазақстандық банктердiң дүниежүзiлiк қаржы-несие қатынастарына
еркiн адымдап кiруiне, халықаралық банктердiң шарапаттарын пайдалануына
кедергi боларлық себептерi де жоқ емес. Сол себептердiң бiрi халықаралық
банктер қызметi саласындағы бай тәжiрибенi таңдап, әлемдiк рыноктағы
олардың маңызын, ерекшелiктерiн талдайтын зерттеулердiң тапшылығы.
Халықаралық, рыноктық орта өзiнiң экономикалық, ұйымдық, заңдық т.б.
аспектiлерi бойынша бiздiң елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметiн
жүргiзудiң әдiс-амалдарынан өзгеше екендiгi мәлiм. Соңғы уақытқа дейiн орын
алып келген халықаралық банктерге деген көзқарасымыз рыноктың заңдарына
сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде өзiнiң шарасыздығын, тiптi кейбiр
сәттерде зиянды екенiн көрсетiп жүр. Мұның өзi шетелдiк әрiптестермен өзара
түсiнiктi, бiрлескен iс-қимылдарды атқаруды күрделiлендiредi, тiптi заяға
кетiредi.
Сондықтан да, бiз әлемдiк шаруашылықтағы банктердiң мақсаттары мен
мiндеттерiн, олардың құрылымын және жүзеге асыру механизмi мен
ерекшелiктерiн, олардың дамуындағы негiзгi тенденциялары мен өзгешелiктерiн
алғашқылардың бiрi болып осы диплом жұмысында зерттеп отырмыз. Бұл
банктердiң жүргiзiп отырған саясаты, соның iшiнде активтедiң құрылымын
бағалау саясаты осы аталған мәселелердi зерттеудiң жаңа, бүгiнгi күн
талаптарына сай бағыты болып табылады.
Талдау мен зерттеу жүргiзу барысында комерциялық банктер тәжiрибесiндегi
активтедiң құрылымын бағалау әдiстерiнiң рөлiн ашып көрсету үшiн, бiз
әлемдiк экономика тәжiрибесiне үлкен көңiл аударып отырмыз және соның
көмегi арқылы Қазақстан Республикасындағы олардың маңызын қарастырып,
Республиканың коммерциялық банктерiнiң шет ел банктерiмен салыстырмалы
тәжiрибелiк байланысын саралап отырмыз. Әлемдiк тәжiрибе банк саясатын
жүргiзуде елеулi жетiстiктерге жеттi және сол жетiстiктердi ел
экономикасының ерекшелiктерiн ескере отырып қолдану, отандық коммерциялық
банктердiң активтердiң құрылымын бағалау әдiстерiн дамытудың алғышарты
болып табылады.
Банк пен клиенттер арасында өзара пайдасы бар қатынастардың дамуы
өтiмдiлiгі пен төлем қабілеттiлiктi бағалау әдiстерiн одан әрi жетiлдiре
түсiп, өмiрге адымдап кiруiнiң кепiлi болып табылады. Активтi операциялар
көлемiн ұлғайту үшiн, банк клиентердiң мүдделерi мен талаптарын тыңғылықты
зерттеп отыруы тиiс. Клиенттердiң өзi де банктiң экономикалық жағдайын
бiлiп отырғаны абзал. Батыста клиенттердiң шексiз сенiмiне ие болған
банктердiң белгiлерi анықталып қойған. Мұндай банк сенiмдi, кәсiпкерлiк
әлемде елеулi жетiстiктерге қол жеткiзген болуы керек.
Ал бiздiң отандық коммерциялық банктердiң айқын жағдайын ашып көрсететiн
басылымдар өте сирек кездеседi. Сондықтан Қазақстандық банктердiң нақты
жағдайын ашып көрсететiн мәлiметтер базасын қалыптастыру отандық тәжiрибеде
қажет ақ. Олар банк қызметiнiң барысын талдауды тек есеп бергендерiне
қарап емес, сонымен бiрге қалыптасқан жағдайды алғашқы мәлiмет көздерiне
қарап талдауға мүмкiндiк берер едi. Мұндай тәжiрибе Германияда, Францияда,
Люксембургте, АҚШ-та және басқа көптеген дамыған елдерде қалыптасқан.
Осыған байланысты 1998 жылы Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ) белгiлi бiр
мерзiмдерде банктiң ресми экономикалық көрсеткiштерiн жариялап отырудың
стандарттарын белгiледi[12].
Несиелiк операциялардың көлемiнiң өсуi аяқ астынан пайда болатын құбылыс
емес. Ол көптеген факторларға: ең алдымен банктiң уақытша бос қаржыларды
шоғырландыруға, өз қаржыларын банкке инвестициялауға деген клиент
мүдделерiн арттыруға бағытталған банктiң саясатына байланысты болып келедi.
Осы орайда, банктер салымшыларға жеңiлдiк беру туралы ереже жасап, оларға
қызмет көрсетудiң ыңғайлы нысандарын тауып, уақыттарын барынша үнемдеу
жолдарын қарастыруы қажет.
Бiздiң елiмiзде осы күнi бүгiнге дейiн опрерациялар бойынша белгiленетiн
сыйақы стакаларына аса көп назар аударылмай келдi. Халықтық Банкiнiң тұрғын
халықтың жинақтарын тартудағы монополиялық жағдайы және салымдардың
дамымаған жүйесi проценттiк саясаттың дамуына тосқауыл болып келдi.
ҚР Орталық Банкiнiң сыйақы ставкалары арқылы реттеп отыру қабiлетi
әлемдегi жалпы тенденциялар ағымына ендi, алайда Қазақстандағы сыйақы
ставкасының деңгейiнiң өзi шет елдегi ставкалармен ешбiр салыстыруға
келмейдi. Мысалы, 1998 ж. желтоқсан айында Германияның Бундесбанкi бiр
жылдың iшiнде үшiншi рет экономиканы жандандыру мақсатында қысқа мерзiмдi
проценттiк ставкаларын төмендеттi. Бұл шара басқа да еуропалық
мемлекеттердiң орталық банктерiнiң проценттiк стакаларды төмендетуiне
әсерiн тигiздi.

2 ҚазаҚстан РеспубликасындаҒы екiншi деҢгейлi банктердiҢ ӨТІМДІЛІК ЖӘНЕ
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ

2.1 екiншi деңгейлi банктердiң қаржылық нәтижелерін бағалау

Банк негiзiндегi төлем айналымының ұйымдастырылуын коммерциялық
банктердiң ақша ағымын қолдаудағы- арнайы әрдiстердi талап етедi. Бұл
банктер өз бетiнше айналымға ақша шығаруға (эмиссиялауға) құқығы жоқ,
сондықтан олардың ресурстарының жинақталуында кәсiпорындар мен жеке
тұлғалардың қаржылары шешушi рөл атқарады. Бұл жағдай банктер үшiн аса
маңызды себебi олар жинақталған қаржы үшiн, оның тиiмдi қолданылуы және
ақша ағымдылығының бiрқалыпты болуына жауапты.
Әлемдегi банк практикасында ақша ағымының тепе-теңдiгiнiң сақтап қалу
өтiмдiлiк деп аталады немесе коммерциялық банктердiң өмiр сүру
мүмкiншiлiгi. Бухгалтерлiк мағынада банктiң өтiмдiлiгi бұл оның өз
кередиторларының және дебиторларының шоттары бойынша үздiксiз қаржылай
операцияларды жүргiзуi мүмкiндiгi.
Банктiң өмiр сүру мүмкiндiгiнiң және операцияларының тоқтауының басты
себебi бұл қаражаттың жетiспеушiлiгi, осының салдарынан корреспонденттiк
шотта дебиторлық сальдо пайда болды бүгiнгi күнге банк ликвидтiлiгi деген
мағына ол оның корреспондет шотындағы дебиторлық сальдоның пайда болмауы
және клиенттендiң сұранысы бойынша кез-келген уақытта есеп жүргiзу
мүмкiндiгi.
Қазiргi кезде банк iсiнде өтемдiлiктiң үш түрi анықталған: ағымдағы,
ұзақ мерзiмдi және тез анықталатын. Тез анықталатын [Та] өтемдiлiктiң
есебiне жоғары өтемдi активтер [Жа] және сұранысқа дейiнгi шоттардағы
депозиттер [Сд], сонымен қатар кәсiпорындардың есеп айырысу шотындағы
қаржылар жатады. Бұл шоттар бойынша банк клиенттерi кез-келген уақытта есеп
айырысуына құқығы бар, корреспондет шоттағы қалған қаржыларының көлемiнде
тез анықталатын ликвидтiлiктi келесi формула бойынша көрсетуге болады (Та
Жа). Тез анықталатын өтемдiлiк факторларының салыстырылуы банктiң активтерi
мен пассивтерiнiң айналуы жылдамдығына және талдаудың, болжамының дұрыс
жасалуына байланысты. Iс жүзiнде бұл банктердiң ағымдағы депозиттерiн тек
тез айналмалы активтерге орналастырылуы[13].
Жоғары өтемдi активтер құрамына кассадағы нақты қаржылар,
корреспонденттiк шоттағы, Ұлтық банктегi резерв шотындағы, басқа
банктердегi шоттарда (ностро), құнды қағаздардағы қаржылар тез
анықталатын өтемдiлiктiң есептеу қажеттiлiгiн, бұл банктердегi "сұранысқа
дейiнгi" мерзiмге салынған қаржылардың айналымына кез-келген уақытта алып
қою қауiпi.
Қазақстанның БСҰ-не енуіне орай, Қазақстанның қаржыгерлер ассосациямен
ағымды кезеңде қаржы саласында шетелдік капиталдаңы болуына шектеуді
кезеңдер алудың, отандық қаржы құқралдарының бәсекелік қабілеті және
қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс- шаралардың ұсыны жасалды.
Қазақстанның жалпы экономикасының және қаржы саласының соңғы қызмет
нәтижелерін төмендегі суреттен көруге болады.
2000- 2005 жыл аралығында банктердің жалпы активі 6,6 есеге артып 2
трлн.тегеден асты (17 млрд. АҚШ доллары). Елдің ішкі ІЖӨ активтердің үлесі
16,9% - 47% өсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлем қабілеттілігі
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН ТАЛДАУ
Банктік қарыз тартуды басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде меншікті несиелік қабілетін бақылау
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау туралы
Операцияларды жүргізуге байланысты электрондық банктік қызметтер
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың экономикалық негізі
Қаржылық тұрақтылықтың талдауы
Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыптасуын бағалау және оның даму жолдары»
Екінші деңгейлі банктерде қаржы тәуекелін жүзеге асыру
Банкті ұйымдастыру және оның қызметтерінің ерекшеліктерімен танысу
Пәндер