Омыртқалы жануарлар – құстар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Омыртқалы жануарлар - құстар
  2. Зоофактар - жыртқыш құстар және оның түр құрамы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Омыртқалылар жануарлар - хордалы жануарлардың тип тармағы. Омыртқалылардың 40 - 45 мыңдай түрі белгілі. Оларды 7 класқа жіктейді: дөңгелекауыздылар, шеміршекті балықтар, сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер. Омыртқалылар жер бетінде кең тараған, оларды әлемдік мұхиттардың түбінен бастап, биік таулы аймақтар мен сусыз шөлді жерлерден кездестіруге болады. Омыртқалылардың биосферада алатын орны зор, әдетте бұлар биоценоздағы трофиктік (қоректік) тізбекті аяқтайды. Омыртқалылардың адам өмірі үшін маңызы зор. Өйткені Омыртқалыларға кәсіптік аң және ауыл шаруашылығы жануарларының негізгі көпшілігі жатады. Омыртқалылардың арасында ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы зиянкестері, ауру тарататын түрлері де жетерлік. Омыртқалылардың арғы тегі теңізде тіршілік еткен төменгі сатыдағы хордалылар (қабықтылар, бассүйексіздер) . Нағыз Омыртқалылар тұщы суларда пайда болып, олардың эволюциялық дамуының алғашқы сатылары сонда өткен. Жақсы жетілген қозғалу органдарының нәтижесінде су Омыртқалылары (негізінен балықтар) су қоймаларында тіршілік етіп, кейіннен теңіздергетаралған. Тіршілік еткен су қоймаларында оттектің жеткіліксіз болуы девонда олардың құрлыққа шығуына себепші болды. Алғашқы құрлыққа шыққан Омыртқалылар - ихтиостегилер. Бұлар саусаққанатты балықтардан шығып, қосмекенділердің; ал мезозойда жақсы дамыған бауырымен жорғалаушылардың, триаста сүтқоректілердің, юра кезеңінде құстардың арғы тегі болып саналады. Барлық Омыртқалылардың эволюциялық дамуы олардың дене құрылысының күрделенуімен сипатталады. Дене тірегі - хорда, эволюциялық даму процесінің барысында ересек жануарларда (төменгі сатыдағы балықтардан басқасында) хорда, көбінесе омыртқаға айналады (тип тармағының аты осыдан шыққан) . Омыртқалылардың судан құрлыққа шығуына байланысты дене құрылысы күрделілене түсті. Төменгі сатыдағы Омыртқалылардың жүрегі екі камералы болса, жоғары сатыдағы Омыртқалылардың бұлшық етті төрт камералы жүрегі көптеген негізгі (құлақшалар мен жүрекшелер) және қосымша бөліктерден (венозды синус, артериальды конус) тұрады. Қан айналыс жүйесі тұйық біткен.

  1. Омыртқалы жануарлар - құстар

Құстар (лат. Aves) - омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстар - жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар) . Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі. Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.

Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1, 8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы - олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген) . Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі - олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 - 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 - 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді. Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1-ден 20 - 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады.

1868 ж. Вена қаласында (Aвстрия) алғаш рет құстарды қорғау туралы ресми шешім қабылданған. 1922 ж. Құстарды қорғаудың Халықаралық кеңесі құрылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” құстардың 209 түрі мен 83 түр тармағы, ал Қазақстанның “Қызыл кітабына” 56 түрі енгізілген.

  1. Зоофактар - жыртқыш құстар және оның түр құрамы

Жыртқыш құстар - дене мөлшері сан алуан: 35 граммнан (титтей сұңқар) 12 килоға дейін (тазқара, құмай) жететін, 270-290 түрді біріктіретін құстар отряды.

Оларды тек қана жыртқыштық өмір сүру дағдысы біріктіреді. Жыртқыш құстардың тұмсығы ілмек тәрізді болады. Тұмсықтың түбінде тақыр, ашық өңді тері - балсірі бар, танау тесіктері соған ашылады. Тұмсығы өткір және тұтқыр тырнақтарымен бірге құстың олжасын аулап, өлтіретін негізгі құралы болып саналады. Жыртқыш олжасын жүні, қауырсыны және сүйектерімен қоса жейді. Сосын жеуге жарамсыз бөлікті лоқсып, былықпа түрінде құсады. Негізінде күндіз белсенді өмір сүреді, жемін аулайлайтын ыртқыш құстаронша көп емес. Моногамилы, яғни жұбы бірнеше жылдар бойы тұрақты болады, алайда көбінесе жылма-жыл көбеймейді. Балапандары жұмыртқадан жарып шыққында мамақтанып, көзі ашық болады да, ата-енесінің қамқорлығын қажет етеді, Отряд бес тұқымдастан құралады - құмайлар, балықшы тұйғындар, қаршығалар, хатшықұстар және сұңқарлар тұқымдастары. Қазақстанда үш тұқымдастан балықшы тұйғын, қаршыға және сұңқар тұқымдастардан 39 түрдің өкілдері өмір сүреді.

Жыртқыш құстар - тірі жануарларды немесе олардың өлекселерін жеп тіршілік ететін құстар. Жыртқыш құстардың тұмсығы имек, шеті өткір, кескіш. Қанаттары ұзын, көбіне ұшты, кеуде тұсы, сан еттері жақсы дамыған. Көру, есту жүйелері жақсы жетілген. Тырнақтары өткір, имек, жемін бүріп ұстауға, өлтіруге бейім.

Жыртқыш құстардың 5 тұқымдасқа бөлінеді. Олар: Оңтүстік және Солтүстік Америкада тараған америка құмайлары (6 түр), Африка саванналарында кездесетін секретарь (1 түр), жер жүзіне кең тараған балықшы (1 түр), тек Антарктика мен кейбір мұхит аралдарында ғана жоқ қаршыға (205 түр) және сұңқар тұқымдасы (58 түр) . Бұдан Қазақстанда 38 түрі кездеседі.

Жыртқыш құстар- моногамды құстар, жылына бір рет жұмыртқалайды. Ірілері 1-2, ұсақ түрлері 6-7 жұмыртқа салады.
Балапандарын 28 (сұңқар), 55 күн (құмай) арасында шығарады. Ауыл шаруашылығына зиянды кемірушілерді, насекомдарды, өлекселерді жеп, аймақты санитарлық жағынан тазартып, ауру, әлсіз құстарды, жануарларды оңай ұстап, табиғи сұрыптау процесіне қатысып пайда келтіреді.
Жыртқыш құстардың кейбір түрі (бүркіт, қаршыға, ителгі т. б. ) өте ерте заманнан бері әуесқойлық аң аулау үшін пайдаланылады.

Кәдімгі қараторғай (лат. Sturnus vulgaris ) -торғайтәрізділер отряды, қараторғай тұқымдастарға жататын сайрауық құс (1-сурет) . Дене тұрқы 22 см-дей. Қанатын жайғандағы ұзындығы шамамамен 10 см, құйрығының ұзындығы 7 см-дей.

Мекиені қоразынан кішірек болады. Көктемде қауырсыны қара түсті болып, күзде оған ақ қауырсын араласады. Тұмсығы қара, сирағы қызғылт қоңыр.

Кәдімгі жыл құсы. Наурыз айында ұшып келіп, мекиені мен қоразы ағаш қуысына, жартас жарықтарына, інге ұя салады. 4-7-ден (көбінесе 5) жұмыртқалайды (көгілдір түсті), оларды мекиені мен қоразы кезектесіп 14 күндей басады. шыққан кезден 21 күн өткеннен кейін ұядан ұшады.

Кәдімгі қараторғайлар солтүстік аймақта бір рет, оңтүстікте 2 рет балапан ұшырады.

Көбінесе жәндіктермен, олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Күзде жеміс-жидектермен де қоректеніп, бақ пен жүзімдікті бүлдіреді. Кәдімгі қараторғай негізі торпиктік және субтропиктік аймақтарда кездеседі. Бұлар Қазақстанның солтүстігіндегі орманды-далабелдемінде, оңтүстігі мен шығысындағы тау етектерінде ұя салады. Қыркүйек - қазан айларында қыстау үшін Азияның оңтүстігіне, Африкаға, Австралияға ұшып кетеді. Кейде Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қыстап шығатын кездері де болады.

Кәдімгі қараторғай (Sturnus vulgaris)

  1. Сурет. Кәдімгі қараторғай (Sturnus vulgaris)

Шымшықтар туысы (лат. Parus ) - Шымшықтар тұқымдасына жататын негізгі құстар туысы(2-сурет) . Шымшықтар туысы жиырма жеті, жиырма сегіз, жиырма тоғыз түрді біріктіретін бес туыс тармағынан (шөжешымшық, шөрешымшық, көкшіл шымшық, т. б. ) тұрады. Шымшық тұқымдастардың туыс өкілдеріне тән мынадай белгілері бар: қанаты - қысқа, жалпақ, кең керілген, тұмсығы - конус пішінді мығым, аяғы - қармағыш мықты, аталық пен аналықтар мен жас құстар реңі үйлеседі, ағаш қуысына немесе басқа қуыстарға ұялайды. Салындыдағы жұмыртқалары көп болады.

Еркек

2-сурет. Шымшықтар туысы (лат. Parus)

Бозторғайлар ( Alaudіdae ) - торғайлар отрядына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы(3-сурет) . Жер шарында кең тараған, тек Антарктида кездеспейді. 15 туысы, 75 түрі анықталған (1 түрі - Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген) . Қазақстанда 6 туысқа жататын 13 түрі бар.

Бозторғайлар шөл, шөлейт және қиыршықтасты жазық далада, тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі. Дене тұрқы 12 - 23 см . Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Артқы бармағында ұзын тырнағы бар. Әдетте, түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады. Бұл қасиеті құсты жерде жүргенде жасырып, бірден көзге байқатпайды. Ұя салмаған кезде, топтасып ұшады. Бұлардың ішінде ең көп кездесетіні - бозторғай (Alauda arvensіs) . Оның қанатының ұзындығы 8, 5 - 14 см , салмағы 30 - 48 г . Ол Қазақстанның шөлді даласынан басқа аумағында кеңінен тараған. Бозторғайлар жердегі шұқырларға ұялап, оған 2 - 6 тарғыл жұмыртқа салады, кейбір түрлері жылына 2 рет жұмыртқалайды. Балапандарының денесін, әсіресе, жонын қалың мамық жапқан. Бозторғайлар - жыл құсы. Олар қыстау үшін күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға ұшып кетеді, қысы жұмсақ жылдары Қазақстанның оңтүстікаудандарында қыстап қалады. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.

Денесі 12-23 см, қанаттары ұзын. Түсі топырақ тәрізді. Көпшлік түрлерінін еркектері ұя маңында ән салып ұшады. 15 туысы белгілі. Бозторғайлар тундрадан бастап далалық және шөлді аймақтарды мекендейді. Көпшілік түрлері жылы жақта қыстайды. Ұяларын жерге салады. 2-6 жұмыртқа табады. Қоректері, жәндіктер мен өсімдік дәні. 1 түрі ХТҚО Қызыл кітабына енген.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d8/Alauda_arvensis_2.jpg/220px-Alauda_arvensis_2.jpg

3-сурет. Бозторғайлар ( Alaudіdae )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қорықтары мен бақтары туралы
Қазақстранның өсімдіктері мен жануарларына жалпы сипаттама
Биогеоценотикалық жүйелер
Зоология пәні бойынша дәріс кешені
Қызыл кітап жайлы
Зертханалық жануарлар түрлері
Биоалуантүрлілік туралы түсінік
Қандауыршаларға жалпы сипаттама Қандауыршаның сыртқы және ішкі құрылысы
Қызыл кітап және Қазақстан қорықтары
Қазақстан қызыл кітабы беттерінен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz