Торқанаттылар отряды


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Торқанаттылар отрядының негізгі топтары

2. 2. Торқанаттылар отрядының сипаттамасы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресу шараларының жүйесіндегі биологиялық тәсіл зиянкестерге қарсы олардың табиғи жауларын - паразиттері мен жыртқыштарын пайдалануға негізделген. Пайдалы жәндіктердің бұл тобын бір сөзбен энтомофагтар деп атайды. Паразиттер басқа жәндіктердің ішкі мүшелерінде немесе солардың аралықтарында ұлпаларды жеп немесе жасуша шырынын сорып тіршілік етеді. Олар иелерінің организімін тіршілік ету ортасы ретінде пайдаланылады және паразитизм кезінде олармен тығыз түрде биологиялық байланыста болады. Паразиттер мен жыртқыштардың арасындағы негізгі айырмашылық- жыртқыш өз құрбанын тікелей өлтіреді, ал паразит иесінің есебінде қоректеніп, оның тіршілік қабілетін әлсіретіп барып, өз даму кезеңінің соңғы сатысында ғана өлтіреді. Кейде паразиттің иесі өлмей тірі қалады. Паразиттік тіршілік ететін бөжектер мен жыртқыш бөжектердің саны өте көп: 50 мыңнан асады. Олардың ішіндегі ең бастысы жарғақ қанатты бөжектер отрядының өкілдері мен паразиттік тіршілік ететін шыбындар , ал жырқыштардан басты орын алатындары- қоңыздар, тор қанаттылар, кандала мен трипсілер .

2. 1. Торқанаттылар отрядының негізгі топтары және олардың сипаттамасы.

Тор қанаттылар негізінен ірі бөжектер қатарына жатады. Ауыз құрылысы кеміргіш . Мұртшалары көп буынды. Тор тәрізді жүйкеленіп, біркелкі дамыған инеліктерге ұқсайды. Бірақ олардан ажырату оңай. Тор қанаттылар қонып отырған кезде қанаттарын үй шатыры тәрізді етіп, екі бүйіріне жинап алады. Жұмыртқалары: сопақша, ақшыл, жасыл, сары түсті. Алтынкөздер деп аталатын тұқымдастарының өкілдері жұмыртқаларын жіңішке сабақшаларға орналастырады. Дернәсілдері: ұзынша, каподео тәрізді, үш жұп аяғы, бір жұп мұртшалары бар. Ауыз аппараттары түйреп сорғыш : астыңғы және үстіңгі жақтары ұзарып, орақ құсап иілген өте үшкір келеді де, соның арқасында жыртқыштық өмір сүреді. Дернәсілдері екі рет түлеп, үш жасқа толады. Қуыршақтары ашық, дамуының аяқ кезінде қозғалып жүреді. Пілләлары негізінен жұмсақ, киіз тәрізді жұмыр болады.

Тор қанаттылардың 3, 5 мыңнан астам түрлері белгілі. Олардың барлығы да пайдалы: өсімдік биттерін, өрмекші кенелерді, сымырларды , трипсілерді, зиянды көбелектер мен қоңыздардың жұлдызқұрттарын , дернәсілдерін және басқа көптеген ұсақ жәндіктерді жеп құртады. Сондықтан қазіргі кезде олардың кейбір түрлері жеміс ағаштары мен көкөніс дақылдардың бірқатар зиянкестеріне қарсы биологиялық күресте тиімді пайдаланылуда. Негізгі түрлері алтынкөздер мен гемеробидтер тұқымдасына жатады.

Алтынкөздер тұқымдасы (Chrysopidae) . Қанаттары біркелкі, жіп тәрізді мұртшалары бар, нәзік, орташа денелі көкжасыл түсті болып келеді. Тірі кезінде шар тәрізді дөңгелек үлкен көздері алтын сияқты жалтырап тұратындықтан, «алтынкөздер» деп аталған (1-сурет) . Ақшыл-жасыл түсті сопақша жұмыртқаларын жіңішке сабақшаларға орналастырып, жекелеп немесе топтап салады. Дернәсілдерінің жалпы сыртқы пішіні ұршық тәрізді болғанымен олардың құрылыстары әртүрлі. Әсіресе дернәсілдердің бүйірлеріне орналасқан төмпешіктер алтынкөздердің қай түрге жататындарын дернәсіл сатысында ажыратуға мүмкіндік береді. Тамақтанып болған үшінші жастағы дернәсілдер- мальпигиево түтіктерінен шыққан киіз тәрізді борпылақ піллә тоқиды да, соның ішінде қуыршаққа айналады. Қуыршақтары жасыл түсті. Дамуының соңғы кезінде қимылдап, пілләнің бір бүйірін дөңгелетіп кеміріп, қақпақ тәрізді ашады да, сыртқа шығып бір ыңғайлы жерге жабысып, соңғы рет түлеп, ересек насекомға айналады. Алтынкөздерді зертхана жағдайында қолдан жаппай өсіріп-өндірген кезде пілләдан шыққан қуыршақтардың орнығып, соңғы рет түлеуі өте жауапты болып табылады. Себебі, олар орнығатын субстрат таба алмай, көп жүріп қалса, түлей алмай өліп қалады. Сондықтан садоктардың ішіне қағаздың қиқымдарын немесе өсімдік жапырақтарын т. б. салып қою керек.

Алтынкөздердің жер жүзінде 200 жуық түрі белгілі. Ал Қазақстанның оңтүстік-шығысында біздің ғалымдарымыздың зерттеулері бойынша 18 түрі табылды. Олардың ішінен кеңінен таралып, зиянды жәндіктерді жеп, шаруашылыққа пайдасын тигізетіндері мыналар: жеті нүктелі алтынкөз (Chrysopa septempunctata Wesm) ; мүсінді алтынкөз (Ch. formosa Brauer Ch. Ventralis prasina Burm) ; меруерт реңді алтынкөз (Ch. Perla L. ) ; ақ жолақты алтынкөз ( Ch. albolieata Kill) ; кәдімгі алтынкөз (Ch. carnea Steph. ), (Ch. dubits MacLach., Ch. vittata Wesm

Chrysopa oculata.jpg https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/ee/Chrysoperla_carnea_larva02.jpg/200px-Chrysoperla_carnea_larva02.jpg https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b1/Chrysopa-sp-huevos.jpg/250px-Chrysopa-sp-huevos.jpg

1 - сурет. Алтынкөздер ( Chrysopa oculata), дернәсілі, жұмыртқасы

2. 2. Торқанаттылар отрядының сипаттамасы

Жеті нүктелі алтынкөз. Бұл түр жеміс бақтарында, астық пен көкөніс дақылдардың егістерінде кездеседі. Ересектерінің түсі ашық-жасыл, өте ірі болады-қанаттарының өрісі 35-40 мм (2-сурет) . Пілләға оранған қуыршақ күйінде түскен жапырақтардың арасында, кейде ағаш қабығының астында қыстайды. Ересек особьтарының ұшып шығуы мамырдың үшінші онкүндігінде басталады да, біраз қоректеніп алған соң жұмыртқалауға кіріседі. Бұл кезде олар өте мешкей келеді. Ал жүргізілген тәжірибелерде, оның бір жұп особы 10 күн ішінде алма және өрік ағаштарынан жиналған жеміс биттерінің 1706 особын жеп құртты. Жеті нүктелі алтынкөз жұмыртқаларын топтап (әр тобында орта есеппен 60 жұмыртқа) көбінесе ағаш және шөптесін өсімдіктердің бітелермен зақымданған жапырақтарының астыңғы бетіне салады. Бірінші ұрпақтың жұмыртқа салу кезеңі 1, 5-2 айға созылады. Осы мерзім ішінде бір аналығы орта есеппен 900-ден аса жұмыртқа салады. Дернәсілдері маусым айының бірінші онкүндігінің аяқ кезінде шыға бастайды да, ал жаппай өрбуі осы айдың соңында байқалады. Бұл түрдің дернәсілдері басқа түрлердікінен гөрі өте мешкей. Бір дернәсілі өзінің даму кезеңінде 200 өсімдік бітелерін жеп құртады.

жети нуктели алтынкоз.jpg Chrysoperla frisst Blattlaus

2-сурет. Жеті нүктелі алтынкөз (Chrysopa septempunctata Wesm) және дернәсілі

Мүсінді алтынкөз . Алтынкөздердің кең таралған түрлерінің бірі. Зерттеулер бойынша Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде кең таралған түрлердің бірі. Ересек бөжек фазасында да, дернәсіл кезінде де негізінен өсімдік бітелерімен қоректенеді. Алматы жеміс аймағында екі ұрпақ беріп өсіп-өнеді (3-сурет) . Қуыршақ күйінде жерге түскен жапырақтардың арасында қыстайды. Ересектері маусымның бірінші онкүндігінде ұшып шыға бастайды. Ал олардың ең көп мөлшерде кездесетін кезеңі маусымның аяқ кезі. Жұмыртқаларын бір-бірден салады. Төменгі жастағы дернәсілдері қоңыр түсті, содан жетіле келе ақшыл қоңыр түске енеді. Бірінші ұрпақтың негізгі бөлігі жұмыртқаларын тамыздың ортасына дейін салып бітіреді. Әрбір ұрғашы бунақдене өз тіршілігінде 500-ден аса жұмыртқа салады. Бірінші ұрпақтың дамуы орта есеппен 35-37 күнге созылады. Бұл түрдің екінші ұрпағының ересек особьтары шілденің үшінші онкүндігінде ұшады. Олардың өсімталдығы бірінші ұрпақтың өсімталдығына қарағанда әлдеқайда төмен. Оның себебі, жаздың екінші жартысында негізгі қорегі-өсімдік бітелерінің азаюына байланысты олар жеткілікті түрде қоректене алмайды.

Мүсінді алтынкөз емен, жаңғақ, долана, алма, алмұрт, алхоры, өрік және тағы басқа жапырақтары қалың ағаштардың көпшілігін, сонымен қатар айқышгүлді, бұршақ гүлді тұқымдас өсімдіктерде мекендейді. Ересектері мен дернәсілдері өсімдік бітелерін ұнатады.

мусинди алтынкоз2.jpg http://image.slidesharecdn.com/empresaecobeneficos-101028081417-phpapp02/95/empresa-ecobeneficos-47-638.jpg?cb=1422660339 http://image.slidesharecdn.com/empresaecobeneficos-101028081417-phpapp02/95/empresa-ecobeneficos-47-638.jpg?cb=1422660339

3-сурет. Мүсінді алтынкөз (Ch. formosa Brauer Ch. Ventralis prasina Burm) ; дернәсілі, жұмыртқасы

Меруерт реңді алтынкөз . Алматы облысында негізінен жабайы өсетін ағаш-бұталарда көбірек кездеседі. Ересектері көкшіл түсті, қанаттарының көлденең жүйкелері қара, ал бой жүйкелері жасыл. Кәдімгі алтынкөзге қарағанда ірілеу, қанаттарының өрісі 28-33 мм (4-сурет) . Жылына екі ұрпақ беріп көбейеді. Бұл түрдің қуыршағы пілләға оранған күйінде жерге түскен жапырақтардың астында, топырақ арасында, кейде ағаш қабығының астында қыстап шығады. Ересектерінің ұшып шығуы мамырдың үшінші онкүндігінде, ал жаппай ұшуы маусымның басында байқалады.

Бұл түрдің ересектері негізінен өсімдік бітелерімен қоректенеді, өте қомағай болады. Олардың бір жұбы 10 күн ішінде орта есеппен жеміс бітелерінің 785 особын жеп құртатыны анықталды. Біраз күн қоректеніп алған соң (5-6 күн) аналықтары жұмыртқалауға кіріседі. Олар жұмыртқаларын жеміс бітелерінің арасына жекелеп орналастырады. Маусымның бірінші онкүндігінде дернәсілдер шыға бастайды. Басқа алтынкөздердің дернәсілдері сияқты оларда жылдам қозғалады және өте қомағай келеді. Әрбір дернәсіл өзінің даму кезеңінде жеміс бітелерінің 955 особын жеп құртады.

меруерт рен алтынкоз.jpg Chrysopa perla : larve http://m7.i.pbase.com/u46/holopain/small/39978307.Chrysoperlaeggs.jpg

4-сурет. Меруерт реңді алтынкөз (Ch. Perla L. ) ; ересегі, дернәсілі, жұмыртқасы

Ақжолақты алтынкөз . Алматы жеміс аймағында кең таралған. Ересектері ақшыл жасыл түсті, арқасында ұзынынан созылған ақ жолағы бар. Қанаттарының өрісі 27-29 мм. Дернәсілдері жеміс бітелерімен және жеміс кенелерімен қоректенеді. Ақжолақты алтынкөз қуыршақ фазасында пілләға оранған күйінде қыстайды. Ересектері маусымның бірінші онкүндігінде ұшып шығады. Бір аналық орта есеппен 248 жұмыртқа салады. Дернәсілдері хризоопа вентралистің дернәсілдеріне ұқсас, денесін қоқым жауып тұрады. Зертхана жағдайында дернәсіл фазасы 16-17, қуыршақ фазасы 12-15, ал толық кезеңі 35-37 күнге созылады. (5-сурет)

Цһрyсопідае фг02.жпг кадимги алтынкоз.jpg

5-сурет. Ақ жолақты алтынкөз (Ch. albolieata Kill) ;

ересегі; дернәсілі

Кәдімгі алтынкөз басқаларына қарағанда өте кең таралған, сондықтан ол жиі кездеседі(6-сурет) . Ересек алтынкөздердің түсі ақшыл-жасыл, кеудесі мен құрсақ жағының арқа жағында сары жолағы бар, басында қара дақтары жоқ. Қанаттарының өрісі 24-26 мм. Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде ол жылына екі ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Өзбекстанда олар сарай мен тұрғын үйлердің саңылауларында, ал Молдавияда от жағылмайтын ағаштан жасалған әртүрлі құрылыстардың жарық-сызаттарында, ағаш қабықтарының астында қыстайды.

Матбаеваның, 1971 зерттеулері бойынша Алматы жеміс аймағында кәдімгі алтынкөздердің басым көпшілігі қысқа қарай Іле Алатауының қарағайлы биік беткейлеріне қарай ауысып, сонда жуан кәрі қарағайлардың қопсыған қабықтарының астын мекендейді. Олар таудың қарағай өсетін биік белдеулерінің ең жоғарғы шекарасына дейін көтеріледі. Олардың ең көп мөлшерде шоғарланып, жиналатын қысқы мекендері теңіз деңгейінен 2500-2800 метр жоғары орналасқан. Суық күзде және ерте көктемде жүргізілген зерттеулерге қарағанда қарағайлардың кейбіреулерінің қабықтарының астынан табылған алтынкөздердің саны 860 дейін жеткен.

кадимги алтынкоз.jpg кад алтынк.jpg

кадимги алтынкоз2.jpg

6-сурет. Кәдімгі алтынкөз (Ch. carnea Steph. ), (Ch. dubits MacLach., Ch. vittata Wesm. ) .

Алтынкөздер 50-60 болып топтанып, қабықтардың ең астына діңгектің жылтыр бетіне бауырлай жабысып, ағаштың өн бойын өрлей (3-4м биіктікке дейін) ұйқыға кетеді. Бірақ алтынкөздердің түстері өзгермей жап-жасыл күйінде сақталады. Ал миграция жасамай егіншілік аймағында әртүрлі ағаштардың ескі қабықтарының астында, сарай, қора және басқа адам тұратын және тұрмайтын үйлердің қабырғаларының жарықтарына, басқа да паналарға еніп қыстап шығатын алтынкөздердің түстері жаздың аяғында қызғылттанып қоңырқай тартады.

Алтынкөздердің қысқы ұйқыдан оянуы және төмен жазыққа қарай миграция жасауы олардың орналасқан қысқы мекендерінің биіктігі мен ауа райы жағдайына байланысы әртүрлі мерзімде басталады. Ауа райы қалыпты жылдары олар сәуірдің соңғы күндерінде оянады да, мамырдың бас кезінде жаппай ұша бастайды. Жоғарыда көрсетілген биіктіктегі тау беткейлері қардан түгел босаған кезде алтынөздердің миграциясы да аяқталады. Қыстап шыққан алтынкөздер біраз қоректеніп алған соң (негізінен гүл шырындарымен қоректенеді), мамырдың бірінші жартысында жұмыртқа салуға кіріседі. Кәдімгі алтынкөз жұмыртқаларын бір-бірлеп ағаш, бұта және шөптесін өсімдіктердің әртүрлі мүшелеріне салады. Мәселен, жүргізілген зерттеулерде, алма ағашынан жиналған сегіз мыңға жуық жұмыртқалардың 67 пайыз жапырақтың үстіңгі бетіне, 28, 2 пайыз астыңғы бетіне, 2 пайыз жапырақтың жиегіне, 1, 1 пайыз жапырақ сағағына, 1, 3 пайыз алма жемісіне, 0, 1 ағаштың бұтағына орналасқан екен. Жұмыртқалаудың дамуы үш күннен 21 күнге дейін созылады. Жұмыртқа салу кезеңі өте шұбалаңқы. Қыстап шыққан ұрпақтың особьтарын ерте көктемнен бастап, жаздың ортасына дейін кездестіруге болады. Олардың өсімталдығы да әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеріп тұрады. Тәжірибе бойынша әр аналық особьтың өсімталдығы орта есеппен 800 жұмыртқаға тең.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Торқанаттылар (Сhrysopidae)
Бөжектердің анатомиясы
Жәндіктер
Биоагенттерді өсіру технологиясы
Фазия шыбындары
Қызыққа толы жәндіктер әлемі
Бөжектер
Жалпы энтомология пәні
Синантропты насекомдармен күресу жолдары
Энтомофагтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz