Ежелгі Қазақстан. Қазақстан тас дәуірінде



Кіріспе ... ... ... ... ... .3
1. Ежелгі Қазақстан. ...4
2. Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
3. Орта ғасырлардағы Қазақстан. ... ..16
4. Қазақстан Монғол шапқыншылығы дәуірінде. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
5. Қазақ хандығы. ... ... ... ... ... 39
Пайдаланылған әдебиет
Қазақстанның тәуелсіздік алуы халқымыздың ұлттық сана- сезімінің, ой-өрісінің дамуына оң әсерін тигізді, сонымен қатар ол еліміздің тарихын тереңірек зерттеуге, ғасырлар қойнауын- дағы деректерді байыпты зерделеуге мол мүмкіндік берді. Қа- зақстан тарихы Қазақстан Республикасы азаматы үшін Отан та- рихы болып есептеледі. Ал өз отанының тарихын білу мемлеке- тіміздің әрбір саналы азаматының қасиетті борышы. Тәуелсізд- ігімізге қол жеткізген аз ғана жылдардың ішінде біз төл тари- хымыз төңірегінде анағұрлым көбірек біле бастадық. Халқы- мыздың жүріп өткен ұзақ жолы өзге жұрттан кем емес. Еліміз- дің тарихы қазіргі жалпы дүние жүзілік тарихтың, соның ішінде Еуразия тарихының, түркі халықтары тарихының құрамдас бөлі- гі болып табылады. Өткен тарихқа мән беру дегеніміз әлемдік өркениеттің жетістіктері мен ежелгі тарихтың, әдебиеттің, өнер- дің ғажайып ескерткіштері туралы біліп қана қоймай, сонымен қатар ол қазіргі қоғамның ажырамас бір бөлігі екендігін ескеру керек. Өйткені тарихи тәжірибенің қазіргі заманға баға берудегі болашақты болжаудағы орны ерекше.
Осы еңбекте көне заманнан бергі Қазақстан тарихын толы- ғырақ қамтуға талпыныс жасалды. Бұл басылым Қазақстанның ерте замандардан бүгінгі күнге дейінгі тарихының аса күрделі қайшылығы, мол процестерін оқырманның дүрыс қабылдап, ой елегінен өткізуіне жәрдемдесетін көмекші құрал болып табы- лады. Еңбекте Қазақстан жеріндегі алғашқы адамдар, олардың тұрмыс-тіршілігі, бір-бірін алмастырған мемлекеттер, олардағы қарым-қатынастар халықтың отаршылдыққа қарсы күресі баян- далып айтылады.
1. Айдаров Ғ. Орхон ескерткіштері.- Алматы, 1990.
2. Ақселеу Сейдімбек. Қазақ әлемі.- Алматы, 2000.
3. Ақышев К. Отырар келбеті.- Алматы, 1979.
4. Аманжолов А. Түрік филологиясы және жазу тарихы.- Алматы, 1996.
5. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері.- Алматы, 1987.
6. Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк.- Алматы, 1969.
7. Тұрлығұл Т., Төлеубаев Ә., Құнапина Қ. Ежелгі Қазақстан тарихы. 6-сынып.
8. Әбілғазы. Түрік шежіресі.- Алматы, 1992.
9. Байпақов К., Ерзакович Л. Қазақстанның ежелгі қалала-ры.- Алматы, 1971 (орыс тілінде).
10. Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы Жібек жолы және орта ға-сырлық Қазақстан.- Алматы, 1992 (орыс тілінде).
11. Гумилев Л. Н. Көне түріктер.- Алматы, 1994.
12. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары.- Алматы, 1995.
13. Дулати М. Х. Тарих-и Рашиди.- Алматы, 2003.
14. Жолдасбаев С., Бабаев Д. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. 7-сынып.
15. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5 том-дық. 1-2 томдар.- Алматы, 1996, 1998.
16. Күлтегін. Көне түркі жазба ескерткіші. (көне түркі тілінен аударған М. Жолдасбеков).- Алматы, 1986.
17. Қасиманов С. Қазақ халқының қол өнері.- Алматы, 1995.
18. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі.- Алматы, 1994.
19. Монғолдардың құпия шежіресі.- Алматы, 1998.
20. Сөнбес жұлдыздар.- Алматы, 1989.
21. Кәдірқұлова Г. Қ. Қазақстан тарихы.- Алматы, 2005.
22. Қазақстан тарихы (оқушы анықтамасы) 5-11 сынып-тар.- Алматы, 2005.
23. Смағұлов С. Қазақстан тарихы (ұлттық бірыңғай тест тапсырушыларға арналған оқу-әдістемелік құрал).- Алматы, 2004, 2005, 2006.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Ежелгі Қазақстан. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
Орта ғасырлардағы Қазақстан. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Қазақстан Монғол шапқыншылығы дәуірінде. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Қазақ хандығы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіздік алуы халқымыздың ұлттық сана- сезімінің, ой-өрісінің дамуына оң әсерін тигізді, сонымен қатар ол еліміздің тарихын тереңірек зерттеуге, ғасырлар қойнауын- дағы деректерді байыпты зерделеуге мол мүмкіндік берді. Қа- зақстан тарихы Қазақстан Республикасы азаматы үшін Отан та- рихы болып есептеледі. Ал өз отанының тарихын білу мемлеке- тіміздің әрбір саналы азаматының қасиетті борышы. Тәуелсізд- ігімізге қол жеткізген аз ғана жылдардың ішінде біз төл тари- хымыз төңірегінде анағұрлым көбірек біле бастадық. Халқы- мыздың жүріп өткен ұзақ жолы өзге жұрттан кем емес. Еліміз- дің тарихы қазіргі жалпы дүние жүзілік тарихтың, соның ішінде Еуразия тарихының, түркі халықтары тарихының құрамдас бөлі- гі болып табылады. Өткен тарихқа мән беру дегеніміз әлемдік өркениеттің жетістіктері мен ежелгі тарихтың, әдебиеттің, өнер- дің ғажайып ескерткіштері туралы біліп қана қоймай, сонымен қатар ол қазіргі қоғамның ажырамас бір бөлігі екендігін ескеру керек. Өйткені тарихи тәжірибенің қазіргі заманға баға берудегі болашақты болжаудағы орны ерекше.
Осы еңбекте көне заманнан бергі Қазақстан тарихын толы- ғырақ қамтуға талпыныс жасалды. Бұл басылым Қазақстанның ерте замандардан бүгінгі күнге дейінгі тарихының аса күрделі қайшылығы, мол процестерін оқырманның дүрыс қабылдап, ой елегінен өткізуіне жәрдемдесетін көмекші құрал болып табы- лады. Еңбекте Қазақстан жеріндегі алғашқы адамдар, олардың тұрмыс-тіршілігі, бір-бірін алмастырған мемлекеттер, олардағы қарым-қатынастар халықтың отаршылдыққа қарсы күресі баян- далып айтылады.
Жалпы, "тарих" деген атау өте ертеден бар. Оны алдымен қолдағандар гректер мен арабтар. Қазақша мағынасы "баяндау", "өткен оқиғалар жайлы әңгіме" дегенді білдіреді. Тарих туралы алғашқы кітапты грек тарихшысы Геродот жазды. Онан бері екі жарым мың жылға жуық уақыт өтті. Сондықтан да дүние жүзі Геродотты "тарихтың атасы" дейді.
Тарихты білу кімге де болса қажет. Тарих алдымен өзіңнің өмір тарихыңды, өзің туып-өскен өлкеңнің, туған халқыңның, еліңнің тарихын оқып үйренуден басталады. Қазақстан тарихы бәрінен бұрын қазақ халқының, Қазақстанды сондай-ақ мекен-деген басқа да халықтардың тарихын оқытады. Бүкіл адам ба-ласы басынан кешірген кезеңдерге, оның тарихында болған өз-герістерге тарих төрт бөлімге бөлінеді: Ежелгі Қазақстан тари-хы, орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, жаңа замандағы Қа-зақстан тарихы, қазіргі замандағы Қазақстан тарихы.

ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан тас дәуірінде
Тас дәуірі адамзат тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезеңде адамның, оның мүсін-кейпі мен мінез-құлқы күн көріс тіршілігі қалыптасты. Тас дәуірі осыдан 2,5 млн. жыл бұрын басталып, б.з.д. 3 мыңжылдықта аяқталды.
Ғылыми зерттеулерге қарағанда адам баласы осыдан 2 мил-лион жыл бұрын пайда болған. Бұл деректі археология ғылымы дәлелдеген. Археология-тарихи ескерткіштер, мұралар арқылы адам баласының өткен тарихын зерттейтін ғылым. Ең алғашқы адамның сүйегі Шығыс Африкада (Кения жерінің Олдувай шат-қалы) табылды.
Адам дамуының сатылары:
1. "Епті адам" табылған жері - Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) - 1 млн. 750 мың жыл, бұрын өмір сүрген.
2. "Тік жүретін адам" 1 млн жыл бұрын өмір сүрген:
а) питекантроп: табылған жері -Ява аралы (1891 жыл), Ин-донезия
ә) синантроп: табылған жері- Қытайдағы Чжо-коу-дянь үңгірі (1927 жыл).
3. "Неандертал адамы" табылған жері - Германиядағы Не-андертал өңірі. Өзбекстанның солтүстік өңіріндегі Тесіктас үңгірі (1938 жыл).
4. "Кроманьон адамы" - Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған.
Адам баласының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасал-ған және бұл кезең ұзақ уақытқа созылған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас дәуірі деп аталған.
Тас дәуірінің кезеңдері
1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі)
а) ерте палеолит
ә) орта палеолит
б) кейінгі палеолит
2. Мезолит (орта тас дәуірі)
3. Неолит (жаңа тас дәуірі)
1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі)
а) ерте палеолит (б.з.д. 2 млн.- 40 мыңжылдықтар).
Оңтүстіктегі Үнді мұхиты жағынан қазақ жеріне жылы ауа келіп тұрған. Сондықтан Қазақстанда субтропиктік ормандар өскен. Сол кезде Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жер-лерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, арқарлар, тауеш-кілер т.с.с.
Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дәуіріндегі б.з.д. 800-140 мыңжылдықтарға сәйкес келеді. Ал-ғашқы адамдар Қаратау (Жамбыл-Шымкент облыстары) жотасы мен Қарасу (Шымкент обл. Алғабас ауд.) тұрағында мекендеген. Ең көне тас құралдар Оңтүстік Қазақстаннан табылды. 1958 жылы Оңтүстік Қазақстанда тас ғасыры адамының тұрақтарын тапқан ғалым археолог ғалым Х. Алпысбаев болатын. Ерте палеолитке Шабақты, Бөріқазған тұрақтары жатады. Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік. Алғашқы адамдардың баспанасы: тау үңгірлері, үңгіме қуыстар, тау шатқалдары т.б. Адамдар табиғаттың қаталдығына қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етті топтасып өмір сүрді. Олар пайдаланған тас құралдар мыналар: кварцит, обсидан, тақтас, шақпақ тас.
ә) Орта палеолит (б.з.д. 140- 40 мыңжылдықтар).
Орта палеолит дәуірі мустьер дәуірі деп аталады. Бұл дәуір ертедегі адамның одан әрі өсіп-дамуымен, мәдени дамуының жаңа кезеңге көтерілуімен ерекшеленеді. Орта палеолит дәуірі-нің адамдары неандерталдықтар деп аталады. Антрополо-гиялық келбеті: мойыны қысқа келеді, тістері ірі болады, сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған. Негізгі кәсібі: аң аулау, терім-шілік. Аңды қауым болып топтасты аулаған.
Басты ерекшеліктерінің бірі-шақпақ тастан от шығаруды үйренді. Діни наным-сенім қалыптаса бастады. Мәселен өлікті жерлегенде бір қырына жатқызып, аяғын бүгеді екен. Тас өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары, негізінен, нуклеустан жасалды. Бұл кезеңнің археологиялық ескерткіштері Оңтүстік Қазақстан-ның Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан табылған. Сондай-ақ, орта палеолитке Уалиханов атындағы тұрақ жатады.
б) Кейінгі палеолит (б.з.д. 40-12 мыңжылдықтар).
Бұл дәуірде адам баласы дамуындағы тағы бір жаңа кезең басталып, қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасты. Бұл адам-дарды "саналы адамдар" немесе кроманьон адамдары деп атай-ды. Адамдар пышақ тіліктерін жасай алатын дәрежег.е жеткен.
Бұл адамдардың антропологиялық белгілері: бастары сопақ-ша, маңдайлары жазық, бойлары ұзын, денесін тік ұстап жүретін болған. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аулайтын аңдары: бұғы, марал, жылқы, мамонт. Теретін жеміс-жидектері: жабайы алма, алмұрт, саңырауқұлақ, сәбіз, жаңғақ т.б.
Еңбек құралдарының 20 шақты түрі болған. Адамдар тау үң-гірлерін, қуыстарды баспана қылған. Бұл кезеңге тән баспаналар әзірге Қазақстан жерінен табылған жоқ. Бұл дәуірде адамдар-дың топтасып өмір сүру нәтижесінде рулық қауым қалыптасты. Сонымен қатар өнер де пайда болды. Бұл дәуір адамдарының бұрынғылардан бір ерекшелігі сол рухани жағынан әжептәуір жоғары болды. Үңгір қабырғаларына салынған суреттер осылай дейді. Кейінгі палеолит адамдары Қазақстанның барлық аума-ғынан табылады. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстандағы Ащы-сай тұрағы, Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағы, Қарабас көмбесі т.б.
2. Мезолит дәуірі. Ежелгі тас ғасыры палеолит пен жаңа тас ғасыры неолит арасындағы өтпелі дәуірді орта тас ғасыры не-месе мезолит деп атаймыз. Ол б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар кезе-ңін қамтиды. Мезолит дәуірі 7 мың жылға созылды. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелген Қазақстанда табылған ес-керткіштері көп емес.
Табиғаты: ауа райы күрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсім-дігі мол жерлер сиреп қалды. Бірқатар жануарлар (мүйізтұм-сықтар, мамонттар) құрып кетті. Аң аулау сол кездегі адамдар-дың негізгі кәсібінің бірі болды. Аңшылық қарулар: жебелі са-дақ, бумеранг т.б. Садақты алғашында ағаштан жасаған. Жебе-лері де ағаш, ұштары сүйек. Жебе 80- 450 метрге дейін жететін болған. Бумеранг ағаш ораққа ұқсас қару. 100 метрге дейін ұша-ды. Мезолит кезеңінде жебенің доғал және домалақ оқтұмсық-тарын аңшылар терісі бағалы аңдарды аулау үшін қолданған. Балық аулау да жақсы дамыды. Оның себебі мұздар еріп, өзен, көлдер көбейді. Бұл дәуірде адамдар Еуропа, Азия, Америка материгін игерді. Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.
2. Неолит дәуірі (б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар). Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі немесе жаңа тас дәуірі деп аталады. Бұл кезең тастардың тиімді қасиеттерін тауып, кәдеге жаратқан табысты кезең болды. Еңбек құралдарын жасаудың тәсілдері жетілдірілді. Бұл дәуірде біраз ерекшеліктер болды. Ең алдымен қоршаған орта қазіргідей кейіпке жетті. Адамдар жануарларды қолға үйретумен айналысты. Шаруашылықтың дамуына, оның жаңа түрлерінің көбеюіне байланысты адамдардың кәсіби қабі-леті де дами бастады. Жаңа тас дәуіріндегі адамдар бұрынғы адамдардан барлық жағынан жоғары тұрды. Олардың құрал-дары: қыш ыдыс, керамика, дән үккіш, балта, кетпен, келі, сән-дік бұйымдар т.б. Бұларды саз балшықтан, тастан, граниттен, мыс, алтын, қорғасын сияқты металдардан т.б. заттардан жаса-ған. Адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Керамикалық зат-тарға геометриялық өрнектер салатын болған.
Неолит дәуірінің басты ерекшелігі еңбек өнімдеріне қол жет-кізу. Неолит дәуірінде солтүстік-шығыс Балқашта құралдарды яшма мен кварциттен жасаған. Бұл дәуірде әйел еңбегінің ма-ңызы артты, олар қоғамда жетекші орын ала бастады. Осылайша неолит дәуірінде аналық ру қалыптасты. Неолит дәуіріндегі тұрақтар: Сексеуіл тұрағы, Қарақұдық тұрағы. Солтүстік Қазақ-станның неолиттік мәдениеті атбасарлық және маханжар болып екіге бөлінеді. Атбасар мәдениетінің тұрғындары Есіл бойының далалық өңірлеріне қоныстанып, негізінен аң аулаумен айналыс-қан. Ал, Маханжар мәдениетінің ескерткіштері Торғай мен То-был алқаптарында шоғырланған. Мұндай ұқсастықтар Еуразия-ның далалық алқаптарындағы тайпалардың мәдени және этни-калық жағынан өзара жақын болғанын көрсетеді.

Қазақстан қола дәуірінде
Қола дәуірі (б.з.д. 2 -- 1 мыңжылдықтар). Тас дәуірі аяқтал-ғаннан кейін, қола дәуірі басталады. Қола дәуірі деп аталуының себебі, осы кезде Еуразияда қола өндіру тәсілі дүниеге келген. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі қалыптасты, оғанмал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі себеп болды. Қола дәуірінде бүкіл Қазақстан жерінде мал шаруашылығы жетекші салаға айналды.
Қола дәуірінің үш ерекшелігі:
1. Қола металлургиясы. Түсті металдар, оның ішінде алтын, өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстанның бірнеше өңі-рінде кен орындарын табылуы бұған дәлел.
2. Бақташылық, мал шаруашылығы. Мал өсіру негізгі кәсіпке айналды. Үй жануарларының түрі көбейді.
3. Егіншілік. Егіншілік біршама дамыды. Металлургияның, мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы ер адамдардың қо-ғамдағы рөлін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастар-дың орнына аталық отбасылық рулық қатынас орнады.
Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпа-лардан көптеген тұрақтар, кен орындары, тағы басқа археоло-гиялық ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет Еуразиядағы қола дәуірінің ең ірі мәдениеті. Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андронов қонысындағы Ачинск ауылы-ның маңынан табылған. Қола дәуіріндегі ежелгі қалалардың ең ескі тұрағы - Арқайым. Ол Қостанай және Шелябі облыстары-ның шекарасында орналасқан. Андронов мәдениетінің ескерт-кіштері Енисейден Оралға дейінгі өте үлкен аймаққа таралды.
Бұл мәдениеттің Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік-Ба-тыс және Орталық Қазақстанда орналасқан. Орталық Қазақстан-да Андронов мәдениетінің 30-дан аса мекені, 150-ден аса мола-сы табылды. Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Андронов мәдениеті кезеңіндегі тайпа-лар геометриялық өрнек салуды білген.
Адамдар мыс пен қалайыны қосып қорытуды үйренген. Ол б.з.д. 2 мыңжылдықта басталған. Андроновтықтарда негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл, әрине егіншіліктің болғанын көрсетеді. Жерді тесемен өңдеген, сондықтан сол кез-дегі егіншілік "теселі егіншілік" деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсірілген. Алғаш рет соқаны Андроновтықтарда патша салған. Қола дәуірінің тайпалары үнді-ирандық тілде сөйлеген.
Андронов қолөнері: Қола дәуірінде Қазақстанды мекен-деген тайпалар ыдысты қыштан жасаған. Андронов мәде-ниетінің археологиялық рәмізі сырға мен алқа. Үй кәсіпші-лігінде тоқыма кәсібі дамыған.
Андроновтықтардың кен өндіру әдістері:
а) Жұмсақ кен өндіргенде опыру әдісін қолданды;
ә) Қатты кен өндіргенде отпен уату әдісін пайдаланды;
б) үңгіп қазу әдісі.
Андроновтықтар өндірген кенді сумен шаятын болған.
Андроновтықтардың баспанасы - жертөле немесе жартылай жертөле.
Діні мен өнері: Қола дәуірінің адамдары табиғат күштеріне көбірек табынды.
1. Мәйіттің басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратып жерлеген.
2. Өлікті қабірге аяқ-қолын бүгіп жатқызған..
3. Өлген адамды өртеп, қабірге оның күлін ғана қою ғұрпы да болған.
Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Ошақты қатты құрметтеген. Тасқа салынған суреттер: жабайы бұқа, би-шілер, қоспақ түйе, екі аяқ арба, әскер шайқасы. Әшекейлер: са-қина тәріздіс сырға, алтын білезік т.б.

ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР
Сақтар
Сақтар б.з.д. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шы-ғыс Түркістан жерін мекендеген ежелгі тайпа. Ежелгі заманда Орта Азия өңірін мекендеген сақ тайпалары туралы тарихи де-ректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба де-ректерінде сақталған. Жалпы, сақ атауының мағынасы жайында әртүрлі пікір бар. Мысалы, "сақ" сөзінің мағынасын парсы жаз-баларында "Құдіретті еркектер" деп түсіндіреді, ал Иран жаз-баларында "Жүйрік атты турлар" деп атайды. Ежелгі грек авторлары сақтарды "Азиялық скифтер" деп атаған.
Сақтар батыр, жауынгер, "дұшпанға - қатал, досқа - адал" болған. Сақтар тайпалық құрамы мен мекендері жағынан мы-нандай топтарға бөлінеді:

Сақтар туралы алғашқы жазба деректер Геродоттың еңбегін-де кездеседі. Сондай-ақ сақтар туралы ежелгі ирандықтардың Авеста деген қасиетті кітабында құнды мәліметтер бар. Сақ қоғамы жауынгерлер, абыздар, қауым мүшелері болып үш топқа бөлінді.
Сақтардың Жетісудағы тамаша ескерткіштерінің бірі - Есік қорғаннан табылған "Алтын киімді адам". Бұл қорған 1969-1970 жылдары қазылды.
Сақ ескерткіштері - Талас, Шу, Іле өзендерінің бойында, Қырғыз, Іле және Жоңғар Алатауының баурайында, Кеген мен Нарынқолдың таулы аймақтарында кездеседі. Ал, Арал өңірінде Шірік-Рабат, Бәбіш-Молда ескерткіштері табылған. Шірік-Рабат қаласы апасиактардың астанасы болған. Апасиактар дегеніміз ғалымдардың айтуынша, су жағасын мекендеген сақтар. Міне осы Шірік-Рабат қаласының орны қазіргі Қызылорда қаласынан Оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде Қызылқұм шөлінде жатыр. Сақ тайпа одағының жоғарғы билеушісін патша деп атаған. Сақ тайпалары б.з.д. VІ ғасырда парсылармен со-ғысқан. Ал, б.з.д. 490 ж. Марафон шайқасында сақтар енді парсылармен одақтасып, гректерге қарсы күресті. Б.з.д ІV ға-сырда Александр Македонский сақтармен соғысты. Парсы патшасы І Дарий сақ тайпаларын өзіне бағындыру үшін әл-денеше шапқыншылық соғыс жүргізген. Дарий б.з.д. 519 -- 518 жылдары сақтарды өзіне бағындырған. Сақ массагеттердің Томирис деген әйел патшасы болған. Грек авторы Ктесий "Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп ұрысқа араласады" деп баяндайды.
Шаруашылығы. Тарихи деректерге қарағанда, сақтар, мал шаруашылығымен айналысқан. Олар жылқы, сиыр, қой, түйе ұстаған. Сақтар өмірінде әсіресе жылқы өсіру маңызды орын алған. Батыс және Оңтүстік Қазақстанда түйе шаруашылығы дамыды. Сақтардың отырықшылығы және егіншілігі Сырдария алқабында кең тарады. Сақ қоғамында жайылымдарды және көшіп-қонатын қажетті жерлерді тайпа көсемі белгілеп беретін болған.
Діни наным-сенімдері. Сақтар діни наным-сенімдерді ерек-ше дәріптеген. Аң бейнелі бой тұмарлар кең тараған. Ал, қару-жараққа аң бейнесін салса, шайқаста рух береді деп сенген. Отырықшы сақтар Жерді киелі деп білді. Олардың түсінуінше, Жер-ана киелі күш иесі болып есептелді. Ал көшпелі сақтар болса күнге, отқа, соғыс құдайына табынды. Өлген адамның аруағына сиынды, ол қайта тіріледі деп есептеді.
Сақтар өлген адамды сәнді киім кигізіп жерлеген, өлікпен бірге қару-жарақ, тағы басқа заттарды қоса жерлеген. Кейде оның мінген аты да бірге көмілген. Сондай-ақ сақтар жын-періден ақтайтын киелі күш деп От пен Күнге табынған.
Үйсіндер
Үйсіндер ежелден келе жатқан белгілі түркі тайпаларының бірі. Сондай-ақ, қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тай-палар қатарына жатады.
Жазба деректерде б.з.д. І ғасырда үйсін халқының саны 630 мың болған делінеді. Мұның өзі олардың іргелі ел болғанын дәлелдейді. Үйсіндердің жайлаулары мен қыстаулары Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында болған. Іле, Талас өзендері бойында егіншілік өркендеген. Мемлекеттің астанасы Қызыл Аңғар (Чигучен) қаласы. Ол қала қазіргі Ыстықкөл мен Іле өзе-нінің оңтүстік жағасында орын тепкен. Жетісудағы тиграхауд сақтардың орнын кейін үйсін тайпалары мекендеді. Үйсіндердің территориясы: батыста Шу, Талас өзендеріне, шығыста Тянь-Шань тауларының шығыс бөлігін, ал солтүстікте Балқаш кө-лінен бастап, Оңтүстікте Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өңірді қамтыды.
Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулының атауы Гуньмо (Күнби) деп аталды. Үйсіндерде жерге, малға жеке меншік қа-лыптаса бастады. Мұның өзі мемлекеттің пайда бола бастау-ының белгілері еді. Әскербашылар мен басқа да билік басын-дағы адамдардың алтыннан, мыстан жасалған мөрлері болды. Олардан кішірек басшылардың да мөрі болған. Бірақ олардың көбі тастан, күйдірілген саз балшықтан жасалды.
Үйсіндер жайлы ежелгі тарихшы Сыма-Цянь мәлімет қал-дырған. Үйсін тайпалары ежелгі түрік тілінде сөйлеген. Үйсін-дер Қытаймен кең дипломатиялық қатынаста болды. Сондай-ақ, ұйғыр тайпаларымен, Орта Азияның ғұн, қаңлы тайпаларымен, Енисей қырғыздарымен қарым-қатынаста болған. Үйсіндердің көрші елдермен оның ішінде қаңлылармен, ғұндармен қатынасы көбіне бейбіт жағдайда өрбіді. Сыртқы қауіпсіздігін нығайту үшін үйсіндер ғұндармен бірнеше рет одақ құрған. Ал Хань им-периясы олардың күшейіп кетуінен қорқып, үнемі осы одақты бұзуға әрекет жасап отырған. Үйсіндер қыз алып, қыз беру ар-қылы кейбір көршілермен де татулық байланыс орнатқан. Көш-пелі үйсіндердің тұрған үйі-киіз үй болатын. Үйсіндер қысты-гүні екі түрлі үйде тұрған: кірпіш үй, тас үй.
Шаруашылығы. Мал шаруашылығы үйсіндер өмірінде аса маңызды болған. Жетісу жеріндегі үйсіндер малдың негізгі түрінің бәрін: қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі өсірген. Әсіресе, жылқы шаруашылығы жақсы өркендеген.
Олар түйе өсіруге де көңіл бөлген. Сонымен қатар, үйсіндер бау-бақша мен қатар дәнді дақылдар да өсірген. Көбіне тары мен арпа еккені байқалады. Оны біз зираттардан табылған ыдыстардың түбіндегі дәндерден көреміз. Үйсіндерде біздің заманымыздың бас кезінде-ақ, егіншілік пен отырықшылық бол-ған. Оларда үй кәсібі, қол өнер дамыған. Әсіресе, керамика ыдыстарын жасау кең өріс алған.
Салт-дәстүрі және діни-нанымы. Үйсіндердің салт-дәстүрі туралы ғылыми деректер жоқтың қасы. Тек қайтыс болған адам-ды жерлеу дәстүрі туралы біраз мәліметтер бар. Бұл мәліметтер археологиялық қазба деректер бойынша жинақталған. Ертедегі үйсіндер өлген адам тіріледі деп есептеген. Сондықтан да адам-ды жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деген заттардың бәрін қоса көмген. Алдымен қайтыс болған адамды сәндеп киін-дірген. Тірі кезінде пайдаланып жүрген заттарын жанына қоса қойған.

Қаңлылар
Б.з.д. ІІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде қаңлы тайпалық одағы құрылды. Қаңлылар қазақ халқының қалыптасуына негіз болған көне түркі тайпаларына жатады. Өзінің ұзақ тарихында оның шекарасы кейде ұлғайып, кейде кішірейіп отырған. Бұған әр түрлі шапқыншылықтар мен соғыстар себеп болған.
Қаңлы тайпаларының атамекені Сырдария өзенінің орта ағысы мен Қаратау жотасы болған. Қаңлы елі күшейген тұс-тарда замандағы атақты мемлекеттер Қытай, Рим, Кушан оны-мен жан-жақты байланыс жасап тұрған. Қаңлылардың күшейіп гүлденген дәуірінде олар Ташкеннен Хорезмге дейінгі жерге иелік еткен. Қаңлы елін хан билеген. Оның үш орынбасары, уәзірлері болған. Елдің астанасы Битянь қаласы. Ол қазіргі Түр-кістан қаласының маңында болған. Ал, екінші бір деректерде елдің астанасы Отырар қаласы болғандығын көрсетеді.
Жазба деректерге қарағанда, қаңлы елі бес бөлікке бөлінген. Әр бөлік өзінің орталық қаласының атымен аталған. Әр бөліктің кіші ханы болған. Олар Ұлы ханға бағынған. Елдің билігі мұра-герлік жолмен әкеден балаға өтіп отырған.
Ру басылары, бай адамдар, ақсақалдар кеңесі, әскери көсем-дер қарапайым халықты өздеріне мәжбүрлеп бағындырды. Мү-лік теңсіздігі адамдардың бай, кедей болып бөлінуін туғызды. Қытай деректерінде қаңлы билеушісінің жазғы және қысқы сарайлары бір-бірінен 900 шақырым қашықтықта орналасқан деп айтылады.
Шаруашылығы. Қаңлылар табиғаты, климаттық, геогра-фиялық ерекшелігі әр түрлі өңірді мекендеген. Шаруашылық-тың дамуы да, адамдардың кәсібі де сол табиғаттық-климаттық жағдайларға байланысты болды. Хорезмде, Арал өңірінде, Таш-кент алқабында отырықшылық дамып, қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Отырықшы қоныстар тұрғындары егінші-лікпен айналысты. Олар тары, арпа, бидай өсірген. Шаруашы-лықтың маңызды бір саласы ол мал шаруашылығы болды.
Қаңлылардың қыстаулары, негізінен Сырдария бойында болған. Ал малдың жайылымы Орталық Қазақстан далаларына дейін жеткен.
Мәдениеті және діни-нанымы. Мәдениеттің қалыптасуына отырықшы тайпалар да көшпелі тайпалар да қатысты. Қаң-лылардың ірі ескерткіштерінің бірі - Алтынасар қала жұрты. Ол 16 га жерді алып жатыр. Қалада тұрғын үйлер қатарластыра салынған. Сондай-ақ, қаңлылар арасында ән-күй, музыка, би сияқты көркем өнер салалары жақсы дамыған. Қаңлылардың діни-нанымы басқа да тайпалар сияқты табиғаттан тыс күшке сеніп, сол күштерге табынып, құрбандық беріп отырған, үй жануарларын да құрбандыққа шалған. Күнге, айға, жұлдыздарға да табынып, ата-баба аруағына сиынған.
Ғұндар
Біздің заманымыздың басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ішіндегі ең жауынгері ғұндар болды. Ғұндар туралы мәліметтерді қытай деректерінен кездестіруге болады. Ғұндар Қазақстан жеріне Орталық Азиядан б.з.д. І ғасырдыңсоңы мен б.з. І ғасырында келген. Дәл осы кезеңде Еуразияның ұлан-байтақ даласында, соның ішінде Қазақстан жерінде де, "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" болды.
Бес ғасырға жуық уақыт бойы ғұндар кең далаға билік жүргізді. Деректерге қарағанда ғұндар 24 руға бөлінген. Әр руды ру ақсақалдары басқарған. Ғұндардың билеушісін "шаньюй" деп атаған. Ғұн қоғамында "түменбасын" шаньюйдің жақын туыстарынан қоятын болған. Ғұн әскерінің негізін атты әскер құраған. Ғұндарда әскери іс аса жоғары дамыған. Ғұн тайпалары ежелгі түрік тілінде сөйлеген. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды.
Б.з.д. 55 жылы Ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар Хань империясына ба-ғынды, ал солтүстіктегі ғұндар Моңғолияның солтүстік баты-сындағы Қырғызнұр көлінің маңына орналасты. Ғұндардың Қа-зақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы шамамен біздің дәуіріміздің 93 жылы басталған.
Еуропа елдеріне жасалған жорықтар кезінде ғұндарды Еділ (Атилла) басқарды. Аттилаға дүние жүзінің мәдениет қайрат-керлері өз шығармаларын арнаған, ал қазақ ғалымларының іші-нен Аттила туралы алғаш рет ғылыми пікіра айтқан Ш. Уәли-ханов болды. Ғұндардың аты тарихта әсіресе жаугершілік жо-рықтармен әйгілі болды.
Ғұндар батысқа қарай тез жылжып, тайпалардың біреуін күшпен бағындырса, екіншісін соғыссыз қосып алып отырады. Қазақстан жеріне олар: Сырдария, Арал теңізіне, Орталық және Батыс Қазақстан жеріне жетеді. Ал, б.з. ІV ғасырында олар орыстың оңтүстік даласына , одан әрі Дунай өзеніне дейін ба-рып, "ғұндар" деген атпен қазіргі Венгрия жеріне жетіп қоныс-танады. Ғұндар Дунайға, одан Италияға өтіп, кейінірек Рим империясының құлауына себеп болады. Жалпы ғұндар - түркі халықтарының ежелгі бір тармағы. Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев "Пайғамбар" деген өлеңінде өзін ғұндардың ұрпағымын деп есептеген.
Шаруашылығы және тұрмысы. Ғұндардың өмірінде мал шаруашылығының маңызы ерекше болды. Ғұндардың малының бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жайылып бағылды. Олар отырық-шылық пен егіншілікті де білді. ХІ ғасырда өмір сүрген МахмұдҚашғари ғұндардың диқаншылықпен айналысатын мәдениетті тайпа екендігін, өздері түркі тілінде сөйлегенімен, өзара түсіні-сетін басқа да тілдері болғанын айтады. Бұл деректерден ғұн-дардың отырықшылыққа көшкенін және түркілене бастағанын көреміз. Аң аулау да ғұндар өмірінде маңызды орын алды. Бей-біт күндері мал бағып, аң аулап күнелткен. Ғұндар киіз үйлерде тұрған. Жүннен жасалған текемет, кілемдерді төсеніш еткен. Сондай-ақ, ғұндар атты, ошақты қадір тұтқан.
Сарматтар
Сарматтар туралы деректер өте аз. "Сармат" тайпасының аты көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.д. ІІІ ғасырдан бастап кездеседі. Бұдан сарматтар осы кезде ғана пайда болды деген түсінік тумауы керек. Бұл кез сарматтардың күшейген, кемеліне келген, яғни тарих сахнасында кеңінен белгілі бола бастаған кезі еді. Сарматтар ғұндармен бірге Қазақстанның ба-тыс өңірін мекендеген. Сондықтан сарматтардың тілі иран тілі-нен түркі тіліне ауысқан.
Сарматтардың құрамында роксоландар, аландар, аорстар, си-рактар тағы басқа тайпалар болған. Сарматтарда елдің ішкі-сыртқы мәселелерін ру ақсақалдары мен тайпа көсемдері қауым мүшелерін қатыстыра отырып шешкен. Әскери демократия заманында ішкі, сыртқы мәселелерді әскербасылары, қолбас-шылар шешетін болды. Олар қауым мүшелерімен ақылдасып, тек әскери жасақ қатарындағы адамдармен ғана санасты.
Сарматтар қоғамында әскери демократия ерлерге де, әйел-дерге де бірдей қатысты болды. Сарматтарда әйелдердің қоғам-дағы ролі мен орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды.
Сарматтардың мәдениеті мен шаруашылығы.
Сарматтардың ескерткіштері Батыс Қазақстан аймағында кездеседі. Олардың кейінгі кезеңдегі ескерткіштері қазіргі Ук-раина жеріне дейін жеткен.
Батыс Қазақстан жеріндегі ескерткіштері Жайық, Елек, Жем, Сағыз өзендерінің бойына тақау орналасқан.
Тарих ғылымында ерте сармат ескерткіштерін савромат ес-керткіштері деп атайды. Жалпы сармат ескерткіштері үш дәуірге бөлінеді. Олар: ерте, орта және соңғы сармат дәуірі ескерт-кіштері.
Савроматтардың кейініректегі ұрпағы, олардың мәдениетін жалғастырушы тайпа - сарматтар. Кейбір зерттеушілер бұларды бір-бірінен бөлмей сарматтар деген бір-ақ атпен атау керек дейді. Бірақ олардың өмір сүрген уақытындағы айырмашы-лықтар, мәдениетіндегі кейбір өзгешеліктер оларды кейде бөліп, кейде савромат-сармат деп қосарлап атауға негіз болды. Жалпы, сармат обалары әр түрлі заттарға өте бай. Ерлердің де, әйел-дердің де қабірлерінде қару-жарақ міндетті түрде қойылады. Сондай-ақ алтын, күміс заттар да қойылатын болған.
Ал шаруашылығы болса олар негізінен көшпелі мал ша-руашылығымен айналысты. Басты түліктері қой мен жылқы болды. Түйе мен сиыр аз болған, оларды негізінен күш көлік ретінде пайдаланған. Сарматтар жартылай көшпелі, тіпті оты-рықшылықпен айналысқан. Сарматтар өмірінде аңшылық қо-сымша роль атқарды. Сондай-ақ, олардың шаруашылығында те-мір, алтын, күміс, мыстан әртүрлі зергерлік тұрмыстық заттар жасау кең тараған.

ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Түрік қағанаты (552-603 жж.)
Біздің заманымыздың І мыңжылдығында Еуразия далаларын-дағы этникалық орта өзгере бастады. Дәл осы уақытта қазіргі түркі тілдес тайпалардың этникалық-саяси бірігуі қалыптасқан еді. Осы дәуірде түркілердің рухани мәдениеті де жаңа сатыға көтерілді. Түркі жазба мәдениеті мен сына жазуы, хатқа түскен түркі әдебиеті қалыптасты. Түркілерде алғашқы діни наным-сенімдер буддизм, христиан, манихей, ислам діндерінің ықпа-лымен, өзге де өркениет жетістіктерінің әсерімен пайда болған. Олар көшпелі және жартылай көшпелі өмір кеше отырып, бір-тіндеп қалалық және отырықшы тұрмысқа көшті. Отырықшы-лыққа көшкен тайпалар өзіне тән өркениеті түрлерін қалыптас-тырды, олардың сол кездегі әлемдік мәдениетте өзіндік орны бар.
V-VІ ғасырларда түркілер далалы аймақтарды мекендеді және оларды қытайлықтар "жужаньдар", еуропалықтар "авар-лар" деп атаған.
"Түркі" сөзі (қытайша "тукюе") алғаш рет көшпелі халықтың атауы ретінде б.з. VІ ғасырында пайда болды. Бізге түркілердің тарихы VІІ-VІІІ ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба-лары арқылы белгілі. Ол ескерткіштер-түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Монғолия жеріндегі Орхон өзенінің жағасынан табылған құлыптастағы жазулар. Сондық-тан да оларды "Орхон-Енисей жазуы" деп атап кеткен. Ескерт-кіштер VІІ-VІІІ ғасырлардағы Түркі қағандығының тұсында Білге қаған (хан), Күлтегін (әскер басы), Тоныкөк (ақылшы, ке-ңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлпы-тастағы жазулар. ҮІ ғасырда Қазақстан жері сол кезде аса қуат-ты болған Түрік қағанатының қоластына қараған. Түрік қағана-ты Орталық Азиядағы тайпалық одақтардан біріккен ежелгі мемлекет. "Түрік" атауы алғаш рет қытайдың 542 жылғы ше-жіресінде кездеседі. Ал түріктердің мемлекеттік дәрежеге көте-рілуі 552 жылдан басталады. Бұл этно-саяси бірлестіктің негізін салушы Бумын қаған еді. 552 жылы түрік қолбасшысы Бумынаварларға қарсы шықты. Ол 553 жылы дүние салды, ал оның ізбасары Мұқан қағанның билігі кезінде Түрік қағанаты Ор-талық Азияда саяси үстемдікке жетті. Қағанаттың негізгі құра-мы түркі тілдес халықтар болды. Олардың басым көпшілігі "теле" тайпалары. Теле-көптеген түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша "теле" сөзінен "түрік" сөзі шыққан. Сондықтанда "теле" мен "түрік" сөзі бір мағынаны білдіреді. Түрік қағанатының құрамында 30-дан аса теле тайпасы болған. Олардың ішінде қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін тағы басқа да тайпалар болған. VІ ғасырдың 70 жылда-рында түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің сол-түстік жағалауына дейін үстемдік етті.
VІ ғасырдың екінші жартысында түрік қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Осы кезеңде Түрік қағанаты Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттермен терезесі тең түсіп, күшті мемлекеттің біріне айналды.
Шаруашылығы. Қағанат халқы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Қыстаулары Іле, Шу, Талас, Ертіс, Сырдария өзендерінің бойында орналасқан. Өзен бойларындағы қыстауларда түрік тайпалары егіншілікпен айналысқан. Сондай-ақ, "Күлтегін" ескерткішінде қала туралы сөздер де кездеседі. Бұл түріктердің кейбір бөліктерінің отырық-шылыққа көше бастағанын көрсетеді. Оған басты дәлел Жетісу және Оңтүстік Қазақстанда археологиялық зерттеу кезінде тұ-рақты үй-жайлардың табылуы.
Түріктердің көп тараған көлігі жылқы болды. Олардың бас-панасы көші-қонға ыңғайлы киіз үй болды. Өйткені мұндай үй тез тігуге, тез жығуға қолайлы еді.
Ал, Түрік қағанатының ыдырау себебі - қаған әулетінің ішіндегі билік үшін талас-тартыс. Сондай-ақ, қағанаттағы ха-лықтар не саяси, не экономикалық жағынан ұйыса алмады.
Осындай себептердің салдарынан қағанаттың ішінде 581 жылы соғыс басталады. Мұндай қайшылықты өз пайдасына шешуге тырысқан көрші мемлекеттер шабуылдарын күшейте түсті. Ал, түрік қағанаты оларға қарсы тұрудың орнына жеке ұлыстарға бөлініп кетті. Ақыры 603 жылы Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екі жарылды.
Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.)
Түрік қағанатындағы әлеуметтік қарама-қайшылықтардың ушығуы, өзара қырқыстар, Қытайдың қағанатқа қарсы шабуыл-дары 603 жылы түрік қағанатын Шығыс және Батыс түрік деген екі дербес бөлікке бөлуіне душар етті. Батыс түрік қағандығы он тайпаның (он оқ бұдун) бірігуі нәтижесінде пайда болды. Батыс түрік қағандығына Жоңғария мен Орта Азияны жалғастырып жатқан жерлер және Шығыс Түркістанның едәуір бөлігі кірді. Ал, Шығыс түрік қағандығы Монғолияны иеленді. Батыс қаға-наттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болатын. Жазғы ордасы қазіргі Жамбыл облысының жеріндегі Мың-бұлақта орналасты.
Алғашқы кезде қағандықты Тардуш қаған басқарған. Бұл Батыс түрік қағанатының билігі күшейген кезі еді. Шығыс Түрік қағанаты керісінше, саяси басқару жағынан әлсіреп, қытай-лардың шабуылына ұшырап отырды.
Батыс түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Шегу (610-618 жж.) мен Тон (618-630 жж.) қағандардың билік құрған кездері болды. Шегу қаған шығыстағы шекарасын Алтайға, ал батыстағы шекарасын Памир тауына дейін жеткізді. Ал, Тон қаған батыстағы елдерді жаулап алуды ойлады. Қаған салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға "селиф" деген атақ берді.
Қағанның билігі шексіз мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Қағанатта жоғарғы лауазымдарға ябғу, шад, елтебер сияқты атақтар берілді. Ал сот істерін бұрықтар мен тархандар атқар-ған. Сондай-ақ, қағанаттағы қарапайым халықты "қара бұдұн-дар" деп атаған. Бұл сөз қазақтың "қалың бұқара", "қара халық" деген сөздерімен мағыналас.
Түріктер көрші тайпалар мен халықтарға қарсы шапқын-шылық жасап, құл айдап әкелетін болған. Қағанат ішіндегі он алты жылға созылған тайпа аралық соғыстар (640-657 жж.) Жетісуға Таң империясы әскерінің баса көктеп кіруіне әкеліп соқты. 704 жылы Батыс түрік қағандығы құлағанымен, осы қағанатқа кіретін "он оқ" халқының ішінен түргеш деген тайпа өз алдына дербес қағандық құрып, тарих сахнасына шықты. Шаруашылығы. Батыс түрік қағанаты шаруашылығының негізін жартылай мал шаруашылығы құрады. Малы жоқ немесе малы аз кедей шаруалар егіншілікпен айналысқан. Қағанаттың едәуір бөлігі отырықшылыққа көшіп, қолөнермен шұғылданған. Шығыс Түрік қағандығымен салыстырғанда оның әлеуметтік құрылымы да едәуір күрделі болды, яғни феодалдық мемлекет дәрежесіне көтерілді. Тек Шу алқабының өзінде VІ-VІІ ғасыр-лар қарсаңында 18-ге жуық қала мен ірі қоныс болған. Олардың негізгі тұрғындары соғдылар, түркілер және сириялықтар еді.
Осы қалаларды алғаш суреттеп жазғандардың бірі қытайлың саяхаткер тарихшысы Сюань Цзан. Ұлы Жібек жолы Батыс тү-рік қағанаты арқылы өткендіктен, бұл өңірде сауда мен қолөнер біршама тәуір дамыды.
Ескертетін жайт: өзгелерге қарағанда қағандық өмірінде соғдылардың рөлі жоғары дәрежеде болды, бүкіл экономикалық және ақша қатынастары солардың тікелей қатынасуымен жүрді.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.)
Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан бастап Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Үшелік қаған өзінің иелігіндегі тайпаларын екі ордаға бөлген. Қағанаттың үл-кен ордасы Суяб қаласында, кіші ордасы Іле бойындағы Күнгіт қаласында болды.
Түргештер туралы алғашқы деректер "Күлтегін" ескерткішін-де және қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары VІ ғасырда Шу, Іле, Талас өзендерінің аймағын мекендеді. Ал, Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды.
Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат 20 әкімшілік аймаққа бөлінді. Қағанатта Үшелік қайтыс болғаннан кейін оның мұрагері болып баласы Сақал қаған (706-711 жж.) таққа отырады. 706 жылы билік үшін сары түргеш және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталады. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Талас (Тараз) қаласына көшірді. Сұлу қағанның (715-738 жж.) тұсында түргештер қайта күшейеді. Сұлу қағанныңшайқастарға тікелей өзі қатысатынына әрі ылғи да жеңіске же-туіне қарсы арабтар оған "мүйізді қаған", "сүзеген" деп ат қой-ған. Сондықтан арабтар Сұлу қағанмен ашық майданда соғы-судан сескенген. 754 жылы қағанатта талас-тартыс шиеленісіп, Түргеш қағандығы біржола әлсіреді. 756 жылы Түргеш қаған-дығын қарлұқ тайпасының көсемдері құлатып, билікті өз қол-дарына алды.
Түргештер көшпелі мал шаруашылығымен, жартылай оты-рықшы егін салумен және сауда, қолөнермен айналысты. Түр-геш қағандығының кезінде сауданың дамығандығы байқалады. Оған басты себеп-қағанат жерінің Жібек жолы бойында орна-ласуы еді. Екіншіден, сауда ісінің қайнаған орталығы Суяб, Ба-ласағұн, Тараз, Испиджаб сияқты қалалар да әсер етті. Қазба жұмысы кезінде Тараз қаласынан "Түргеш қағанатының тең-гесі" немесе "түріктің көк ханының теңгесі" деген соғды жазуы-мен жазылған теңгелер табылған. Бұл теңгелер 704-766 жылдар арасында Таразда соғылған.
Қағандықтың халықаралық саудаға араласуы экономикалық және мәдени дамудың дұрыс бағыт алғандығын көрсетеді.
Қарлұқ қағанаты (756 -- 940 жж.)
Қарлұқтар жазба деректерде біздің заманымыздың V ғасы-рында тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қарлұқтардың түріктермен түбі бір екендігі туралы араб-парсы деректерінде мәліметтер кездеседі. Онда қарлұқтарды "ежелгі түріктер" деп жазады. Араб тарихшысы Әл-Мавразидің айтуынша, қарлұқтар-дың құрамына тоғыз тайпа: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкерсін және тухси деген тайпалар кірген.
Қарлұқтардың негізгі топтасқан жері Алтай тауымен Балқаш көлінің арасы. Қарлұқтар түргеш қағанатының әлсірегенін пай-даланып, 756 жылы билікті өз қолдарына алып, Қарлұқ мемле-кетін құрды. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды. Қарлұқ тайпалары 766-775 жылдары Қашқарияны жаулап алып шы-ғыстағы шекарасын кеңейтті.
Қарлұқтар біздің заманымыздың ІІ ғасырда грек ғалымы Птоломейдің атақты "Географиясы" атты еңбегі арқылы белгілі болған. Орхон жазуларында қарлұқтардың ортақ басшысы ""Елтебер" деген атпен белгілі. Қытай деректері қарлұқтар-дың салт-дәстүрлері батыс түркілерінікі сияқты, тілінің олардан айырмасы жоқ деп көрсетеді.
Қарлұқ қағанатында мал шаруашылығы мен егін шаруашы-лығы өркендеді. Онда мәдениет орталығы болды, бау-бақша, қалалар гүлденді. Қол өнер кәсібі дамыды.
Араб жағрафияшысы Ибн Хаукалдің (Х ғ.) мәліметіне қар-ғанда, қарлұқтар жерінің Батысынан шығысына дейін жету үшін 30 күн жүру керек екен. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болатын.
"Худуд әл-алам" бойынша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған олардың ішінде: Тараз, Құлан, Мерке, Талғар, Атпақ, Тұзын, Барысхан, Сыйкөл т.б. Қарлұқтардың астанасы және олардың көптеген қалалары Ұлы Жібек жолы бойында тұрған, ал бұл жолдың Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісу үшін елшілік және сауда-саттық желісі ғана емес, сол сияқты мәдени және рухани байланыстар арнасы ретінде де орасан зор маңызы болған.
Дегенмен, қағанат өз қолына экономикалық байланыс жүйе-сін тоғыстыра алмаған. Ішкі қырқыс, билік дауы, жер дауы оны әбден титықтатқан.
Міне осындай қиын жағдайда Қарлұқ қағанатына Қашқар жағынан қауіп төнді. 940 жылы олар Баласағұнды басып алады да, Қарлұқ мемлекеті құлайды.
Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы - ХІ ғ. басы)
Оғыз мемлекеті ІХ ғасырдың аяғы - Х ғасырдың басында Сырдария өзенінің құйылысында құрылды. Орталығы- Янгикент қаласы болды. Оғыз тайпалары VІІ ғасырда Батыс Жетісуды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуір мәдениеті
Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
Алғашқы қауымдық қоғам тарихының тарихнамасы туралы
Қазақстан жеріндегі тас ғасыры
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Тас дәуіріндегі Қазақстан
Қола дәуіріндегі қазақстан тайпалары
Қазақстан аумағындағы қола дәуірінің қоныстары
Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі
Ежелгі тас ғасыры дәуірі адам мен оның шаруашылығы қалып - тасуының бастапқы уақыты
Пәндер