Карантиндік тексерулер



I. Кіріспе
2.1. Карантиндік тексерудің ережелері
2.2. Зертханалық сараптаманың жалпы ережелері
II.Қорытынды
III. Пайдаланған әдебиеттер
Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты – еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерденколорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан – үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден – сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты – республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті “Өсімдіктер карантині туралы” заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.
1. Насиев Б.Н., Габдулов М.А., Жанаталапов Н.Ж., «Өсімдіктер карантині» оқу құралы/ - Орал,Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, 2015.
2. Сагитов А.О., Камбулин В.Е., Бадаев Е.А., Динасилов А.С., Карантин растений, учебное пособие для студентов ВУЗ-ов и колледжей
3. Торыбаев Қ.Қ. Ашықбаев Н.Н.,. Өсімдік карантині, Алматы «Қонжық» 2000 жыл

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
2.1. Карантиндік тексерудің ережелері
2.2. Зертханалық сараптаманың жалпы ережелері
II.Қорытынды
III. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Осыған байланысты ол сыртқы және ішкі карантин болып екіге бөлінеді. Сыртқы карантиннің негізгі мақсаты - еліміздің аумағын карантиндік маңызы бар нысандардан қорғау. Осы мақсат үшін шет елдермен шекаралардағы арнайы бекеттерде елімізге әкелініп жатқан өсімдік өнімдерінің (дән, жеміс-жидек, орман және жеміс ағаштары, сәндік дақылдардың көшеттері мен тұқымдары, т.б.) барлығы карантиндік тексеруден өтеді. Оларды басқа елге тасымалдау үшін арнайы карантиндік сертификат болуы қажет. Карантиндік нысандардың бірі байқалған жағдайда барлық жүк зарарсыздандырылады немесе жойылып жіберіледі, жіберілген елге кері қайтарылады. Әр мемлекет үшін карантиндік нысандардың тізімдері жасалынып, бекітіледі. Қазақстанда оларға бунақ денелілерденколорадо және капр қоңыздары, комсток құрты, қан-қызыл біте, американың ақ көбелегі; аурулардан - үнді қаракүйесі, күріштің бактериоздары, жүгерінің гельминтоспориоздары, арпаның сарғыш қуыршақтануы, қашқаргүлдің бұйралануы; ал арамшөптерден - сары шырмауық, кекіре, жабайы күнбағыс, т.б. жатады. Ішкі карантиннің негізгі мақсаты - республика аумағында кездесетін, бірақ та әлі аса кең тарала қоймаған зиянды нысандарды жою және әрі қарай таралуын шектеу. Карантин шараларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің өсімдіктерді қорғау және карантин департаменті "Өсімдіктер карантині туралы" заңды басшылыққа ала отырып жүргізеді.

2.1. Карантиндік тексерудің ережелері
Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттік шекарасында барлық
карантинге жатқызылатын өнімдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуші барлық көлік түрлері: қазақстандық немесе шетелдік теңіздегі және өзендегі, жүк немесе жолаушы кемелері, халықаралық әуе жолдарының ұшақтары, тауарлық және жолаушы теміржол вагондары, автокөліктер және басқалары міндетті карантиндік тексеруден (бақылау және қадағалаудан) өтуге тиісті.
Карантиндік тексерудің мақсаты - шет елдерден келетін және елдің аумағында тасымалданатын карантинге жатқызылатын өнімдердегі ғана емес,сонымен қатар осы өнімді жеткізген көлік құралдарындағы өсімдік зиянкестері мен ауруларының барлық тірлерін, арамшөптердің тұқымдарын анықтау.
Тексеру кезінде импорттық себілетін және отырығызылатын материалдардағы зиянкестерден басқа, Қазақстан Республикасында жоқ өсімдіктердің аурулары мен өте зиянды арамшөптердің тұқымдары даанықталады.
Техникалық өсімдік шикізаты мен азық-түліктік мақсаттағыөнімдерінің карантиндік өнімі ең алдымен қауіпті зиякестердің болуынатексеріледі.
Карантиндік өнімге алдымен бірінші реттік, содан соң екінші реттіккарантиндік тексеру жасалады.
Бірінші реттік тексеру кемелер, ұшақтар, тежіржол вагондары мен автокөліктер, және т.б. жолдармен елімізге карантиндік өнім кіргізілетін құрлықтағы, теңіздегі және өзендердегі мемлекеттік шекаралардағы фитосанитарлық бақылау бекеттерінде жіргізіледі. Кей жағдайда қажеттілік туындаса, көлікті кідіртпеу ішін, әкелінген карантиндік өнімнің бірінші реттік тексерілуін қайта тиеп-тісіру үдерісінің барысында немесе шекара маңындағы уақытша тұрақтау қоймаларында жасайды.
Шекара маңындағы қоймалардағы қолайлы және тыныш, уақытқа шек қойылмайтын жағдайда жасалған тексеру әдетте тиімді және дұрыс нәтижелер береді.
Импорттық карантинге жатқызылатын өнімдер елдің ішкі аумағындағы
импорттық өсімдіктен немесе жануарлардан алынатын шикізатты өңдейтін кәсіпорындардың қоймаларында, сондай-ақ сауда ұйымдарының базаларында екінші реттік тексеруден өтеді.
Елдің ішіндегі тексеру - маңызы мен жауапкершілігі жағынан шекарадағыдан еш кем тіспейтін ідеріс. Кейде қайта тексеру барысындақандай да бір ерекше себептерге байланысты анықталмай қалған нысандар табылып жатады. Мұндай ерекше себептер болып саналуы мүмкін: өте төмен температурадағы немесе түнгі мезеттегі жарықтың нашар берілуіндегі тексерістер, тексерудің ықтиярсыз қысқа мерзімділігі, сондай-ақ зиянкестердің анықтау мүмкін болмайтын, жұмыртқа сатысында және жас дернәсілді ккезеңде болуы.
Келіп жеткен карантиндік өнімнің тұтас топтамасын немесе бір бөлігін
өндірілген еліне, дақылға, бірінші реттік тексеру жағдайларына қатысты екінші реттік тексеруден өткізудің қажеттігін, әр жеке жағдайда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық, Астана мен Алматы қалаларының аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспекторы анықтайды.
Бірінші реттік тексерудегі сияқты екінші реттік тексеруде де карантинге жатқызылатын өнімдерді алдымен жалпы сырттай қарап шығады, сосын қажеттілік болып жатса барынша бөлшектеп қарайды. Сырттай қарап шығукезінде зиянкестерді карантинге жатқызылатын өнімдердің ашық бетінен ғанаемес, олар әдетте жасырынатын орындардан да жинап алады. Содан кейін,толық сараптау жүргізу үшін карантинге жатқызылатын өнімдердің әрбіртекті топтамасынан үлгілер алынады. Карантиндік тексерудегі жәнесараптамадағы сынама алу әдістері, сонымен бірге алынатын үлгілерөлшемдері Қазақстан Республикасының Индустрия және саудаминистрлігіндегі техникалық реттеу және метрология комитетімен реттеледі.
Зертханалық сараптама үшін үлгілер негізінен қысқышпен (қапшықтық,вагондық, трюмдік), сынама алу құралымен, арнаулы ожаумен немесеарнаулы аспаппен алынса, кей карантинге жатқызылатын өнімдерден қолменалынады.
Карантинге жатқызылатын өнімдерде зиянкестердің болуын қаптамаданнемесе жасырыну орындарынан табылған ересек бунақденелілер, дернәсілдер, түлеу жабындары, құрттар, қуыршақтары, пілделері бойынша, карантинге жатқызылатын өнімдердің үстінде ұшып жүрген паразиттер менжыртқыш бунақденелілер бойынша, қаптама бетіндегі өрмектерге немесе бунақденелілердің ұнтақ тәрізді экскременттері бойынша бағамдайды, сондай-ақ бөлшектеп тексеруде жекелеген дәндерде, бұршақтарда, жемістерде және т.с.с байқалған тиесілі зақымдану белгілері (бетініңкемірілуі, тесіктер мен жолдар) бойынша да анықтайды. Алайда бірқарағаннан сыртқы ерекшеленетін белгілерінің болмауына байланысты,көптеген материалдар мен өнімдердің іштей зақымдануларын ажырату қиындық тудыруы мүмкін.
Карантинге жатқызылатын өнімдердегі зиянкестер мен аурулардың себебінен мүмкін болатын ішкі зақымдануларды анықтау үшін зертханалық сараптаманың арнаулы әдістерін қолданады. Бұл арада зертханалық сараптау жасауға іріктеліп алынған үлгілер нақты түрде орташа болуы және карантинге жатқызылатын өнімнің осы топтамасын дәл сипаттауы қажет. Кей жағдайда тұқымдардың, жемістердің және басқа да материалдың іштей зақымдануларын анықтауға, олардың арасынан зиянкестермен зақымдалған дәндерден және т.б. шыққан тірі паразиттік бунақденелілердің табылуы себепші болады. Алайда көбінесе жасырын дамитын зиянкестерді тек рентгенография әдісімен табуға болады, ал рентген қондырғысы болмаса еңбекті көп қажет ететін тәсілмен - үлгідегі барлық дәнді бір-бірлеп жарыпнемесе ашып қарап шығу арқылы анықтайды. Егер де флотация әдісімен үлгіден барлық дұрыс жетілмеген дәндерді (тұқымдарды, жаңғақтарды, шемекілерді және т.с.с.) алып тастаса, бұл жұмысты біршама жеңілдетугеболады.
Карантинге жатқызылатын өнімдерді сырттай қарап шығу және үлгілерді іріктеу, олардың зиянкестермен іштей зақымдану мүмкіндігін деескере отырып жүргізілуі тиісті. Сондықтан жекелеп алынған үлгілерді бірге қосып бастапқы негізгі үлгіні жасақтамас бұрын, олардың әр бірін тұқымдардан шыққан зиянкестердің бар-жоғына мұқият қарап шығады және тиесілі зақымданулары бар тұқымдарға айрықша назар аударады.
Карантинге жатқызылатын өнімдерден белсенді күйдегі зиянкестер анықталса, олардың таралу қаупін болдырмау үшін карантинге жатқызылатын өнімдерді түсірместен бұрын сол орнында зарарсыздандырады. Егер де сырттай қарап шығуда зиянды бунақденелілер бақыланбаса, карантинге жатқызылатын өнімдерді шекара маңындағы қоймаға түсіруге рұқсат етіледі, ол жерде оны толықтай тексереді және қажет болса зарарсыздандырылады.
Әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеру өте мұқиятжәне сапалы жүргізілуі қажет. Солай бола тұра көліктің де бекітілген нормадан тыс негізсіз тұрып қалуын болдырмау керек, әсіресе тез бұзылатын карантинге жатқызылатын өнімдерді тасымалдауда бұған жол берілмеуі тиіс.
Әкелінген карантинге жатқызылатын өнімдердің карантиндік немесе елаумағында кездеспейтін қауіпті зиянкестермен зақымдану белгілері бақыланбаған жағдайларда, елдің ішіне қарай тасымалдануы үшін шұғылтүрде тиеп түсіріледі. Бірінші реттік тексеруді жүзеге асырған мемлекеттік инспектор, карантинге жатқызылатын өнімдер жеткізілетін түпкі орындағы аумақтық инспекцияға екінші реттік тексеруді толықтай жүргізудің қажеттігі туралы кідіртпестен хабар береді. Карантиндік сертификаттың көшірмесінемесе бұл туралы карантиндік хабарлама, сонымен бірге бірінші реттіктексерудің нәтижелері жайлы деректер карантинге жатқызылатын өнімдер жеткізілетін түпкі орындағы аумақтық инспекцияға жіберіледі, олардың олжеткенге шейін түсуі ескеріледі. Хабарламада қабылдап алушының мекен жайы мен атауы дәл көрсетілуі тиісті.

2.2. Зертханалық сараптаманың жалпы ережелері
Қазақстан Республикасына шетелдерден әкелінетін немесе өтпелітранзиттік, карантинге жатқызылатын өнімдердің барлығы, сондай-ақ өсімдіктен алынатын түрлі категориядағы және түрлі мақсаттағы отандық материалдардың кейбіреулері карантиндік тексеру мен сараптамаға ұшырайды. Сонымен қатар жануар тектес өнімдердің біразы да карантиндік бақылаудан өтеді.
Түрлі бунақденелілер түрлі даму сатыларында анықтаудың, ажыратыпалудың, жинаудың, ұстап алудың, республикалық карантиндік зертханаға жеткізудің және орнықтырудың арнаулы тәсілдерін қажет етеді.
Карантиндік тексеру мен зертханалық сараптаманың нәтижелері тек өсімдік карантині бойынша мемлекеттік инспектордың мұқияттылығы мен зиянкестерді жинаудың тиянақтылығына ғана тәуелді емес, ол олардың республикалық карантиндік зертханада анықтауға қандай күйде жеткізілетініне де байланысты.
Бунақденелілерді жинап алуда әр түрден барынша көп данасын (кемдегенде 10) жинақтау маңызды. Бұның маңыздылығы мынада, көпжағдайларда зиянкестің түрін дәл анықтау үшін екі жыныстың да өкілдерін иелену керек, сондай-ақ анықтап алу мен фитосанитарлық бақылау бекетінің және республикалық карантиндік зертхананың жүйелік коллекциясын толтыруға қажетті толыққанды даналарды бір түрге жататын бунақденелілердің көп санынан таңдап алған оңайға соғады.
Егер нақты ережелерді сақтамаудан, дұрыс жинауды білмеуден зиянкестер фитосанитарлық бақылау бекетіне немесе республикалық карантиндік зертханаға нашар күйде жеткізілсе, зиянкестердің түрін анықтау қиындық тудырады немесе мүлдем мүмкін болмайды.
Әрқашанда бунақденелілерді асқан сақтықпен, оларды езгілеп және жаншып алмауға тырысып, жинап алу қажет. Жинау кезінде оларды саусақпен ұстамайды, ұшып жүрген көбелектер мен шыбындарды қолмен қақшып алуға, алақанмен басып қалуға болмайды. Ұсақ бунақденелілердің тірілері мен өлгендерін суланған саусақтармен жинауға болмайды, өйткені бұл кезде олардың денесіндегі түктері жабысып, сурет түзетін қабыршақтары сүртіліп қалады, ал өлген құрғақ бунақденелілердің мұртшалары мен аяқтары сынып кетеді. Мұндай бунақ денелілерді анықтау қиын болады немесе мүлдем мүмкін болмайды.
Тірі жұлдызқұрттарды қалай болғанда да саусақпен немесе пинцетпеналуға болмайды, бұлай болса анықтауға қажет өзіндік хетотаксикалық белгілері жойылады, ал алдағы уақытта қысылған жерлерінде күңгірт дақтарпайда болып, анықтауды қиындата түседі.
Бунақ денелілерді құрғақ таза пробиркаларға жинайды. Ең дұрысы 15x60 ммөлшемдегі энтомологиялық пробиркаларды қолдану. Пробиркаларды тек қана гигроскопиялық мақтадан жасалған тампонмен (мақта тығын) бітеген жөн.
Тампон, әсіресе тірі бунақденелілері бар пробиркалар үшін, тығыз болуы жәнебір мақта кесегінен жасалуы қажет. Тампонды пробирканың шетінен асып тұрмайтындай етіп енгізеді, олай болмаса мақта бір нәрсеге ілініп түсіп қалуы мүмкін, сөйтіп жиналған бунақ денелілерді жоғалтамыз.
Резеңке немесе пластмасса тығындар жарамсыз, өйткені пробиркадан жиішығып кетеді, әсіресе сыртқы ауаның температурасы өзгергенде немесесоғылғанда. Сондай-ақ діңнен жасалған тығындар да тиімсіз, әсіресе жеміс жегісінің жұлдызқұрттары мен кей қоңыздардың дернәсілдері үшін, олар онытез кеміріп шығып кетеді.
Пробирканы мыжғырланған немесе тығын түрінде оралып жасалған қағаз тығынмен бітеуге мүлдем жол берілмейді. Мұндай тығын арқылы ұсақ бунақденелілер сыртқа шығып кетеді, сондай-ақ олар оңай түсіп қалады.
Түсінбеушілік тудырмау үшін бір пробирканың ішіне әртүрлі карантинге жатқызылатын өнімдерден жинап алынған зиянкестерді орналастыруға болмайды. Бір ғана пробирканың ішіне көп мөлшердегі тірі бунақ денелілерді салуға болмайды, өйткені олар бір-бірін зақымдайды. Мысалы, жоғарыда өлшемдері берілген пробиркаға бес-алтаудан артық жұлдызқұртты салмайды.
Тірі жұлдызқұрттар немесе кей қоңыздардың дернәсілдері бар пробиркаға міндетті түрде азғана қорек салынады, ал ересек бунақденелілер үшін қыртысталып мыжғырланған қағаз салынады, олар онда орналасып, бір -бірін зақымдамау үшін.
Көбелектердің тірілей, не өлгенін жұлдызқұрттар немесе басқа бунақденелілермен бір пробиркаға салуға болмайды. Көбелектердің қанаттарындағы қабыршақтары оңай сүртіледі және басқа бунақденелілерге жабысып қалады, бұл оларды анықтауды қиындатады. Сонымен қатаркөбелектің қатты ұйпаланған қанаттары сыртқы белгілеріне қарап анықталмайды және коллекцияға мүлдем жарамсыз болып қалады.
Бір пробиркаға ұсақ және нәзік бунақденелілермен бірге ірілерін орналастыруға болмайды, өйткені ұсақ бунақденелілер мен жұмсақ денелі дернәсілдер бұдан соң анықтау үшін жарамсыз жағдайға ұшырайды.Сонымен қатар бір пробиркада тірі жыртқыш бунақденелілердің, мысалы, ветчина қоңызының Necrobia rufipes Deg., мавритандық қызыл қоңыз Tenebrioides mauritanicus L, тері жемірінің Dermestes түрлерінің және т. б.дернәсілдері сай келмейді, себебі олар бір-бірін тез жеп қояды немесебүлдіреді.
Тірі қоңыздарды жинау. Қаралып тексерілген карантинге жатқызылатын өнімде көбінесе дене тұрқы 0,5 см-ден аспайтын қоңыздар кездеседі. Жинау үшін қоңыздың алдына ашық пробирканы қояды, ол соныңішіне түсіп кетеді немесе жорғалап кіреді. Кейде оны жаңқамен, қағаздың қиығымен немесе скальпелдің ұшымен итеріп, оған пробирканың ішіне енугекөмектеседі.
Бұл тәсіл белгілі бір дағдыларды қажет еткенімен, бәрінен де көбірек қолданылады.
Тез жүгіретін, кейде ұшып кететін қоңыздарды пробиркамен жауыпқалып, олар түбіне түскен кезде оны саусақпен бітей тұрады да, мақта тампонмен тығындайды.
Ұсақ қаша жөнелетін қоңыздарды және басқа да кішігірім бунақденелілерді аспиратордың көмегімен жинау жеңіл (эксхаустердің).
Аспиратордың құрылысы түрліше болуы мүмкін, алайда оның жұмыс принципі бірдей: бунақденелілер ауаның қатты ағынымен бірге резервуарға сорылады, одан кері шыға алмайды. Оларды аспиратордан морилкаға немесепробиркаға ауыстырады.
Қоңыздың тірі дернәсілдерін жинау. Баяу қозғалатын притворяшек дернәсілдерін және басқаларын пробирканы тосып тұрып бір нәрсемен итересалады. Шартылдақтардың, ұнжемірлердің, тері жемірлерінің және басқаларының қозғалмалы дернәсілдерін жинауда, олардың жолына бос пробирканы қояды да итергіштеп ішіне түсіреді. Оларды аспиратормен жинауға болмайды, олай етсе олар зақымданады.
Қоңыздардың түлеу қалдықтарын жинау. Зиянкестердің түрін анықтау барысында көбінесе бунақденелілердің дернәсілдерінің түлеуден қалған тері қабығы болса да жеткілікті. Мысалы, терінің құрсақ бөлігінің соңындағы өсінділерінің (урогомф) өзіндік пішініне қарап, мавритан қызыл қоңызының, ветчина қоңызының, ұнның қара қоңыздарының және көптегентері жемірлерінің дернәсілдерін оңай ажыратуға болады тұсындағы. Trogoderma түрі қоңыздарының дернәсілдерінің түлеу қалдықтарын зерттеу карантинге жатқызылатын нақты өнімнің капр қоңызымен зақымданғандығын анықтауды жеңілдетеді. Бұл түлеуден қалған терілерді желге ұшырып алмай,өте сақ болып жинаған жөн, әсіресе олардың басжағындағы бөлігін. Өйткенітүрдің негізгі белгілерінің бәрі сонда шоғырланған .
Тірі күйе көбелектерді жинау. Карантинге жатқызылатын өнімдерді тексерген кезде ірі көбелектер сирек кездеседі, көбінесе әр түрліқойма қан көбелектері, ойыққанатты күйе көбелектер, нағыз күйе көбелектері,жеміс жемірлері және басқалары ұшырасады.
Тексеру уақытында негізінен бейқам отырған көбелектерді ұстаған жеңіл тиеді. Егер де карантинге жатқызылатын өнімдердің үстінде ұшып жүрген көбелек байқалса, оның ұшуын бақылай отырып, қол жетімді жерге қонуын күтеміз. Қонып отырған көбелектерді ұстауда аспиратордың көмегіне жүгінбейді, бұлай етсек олардың қанаты бүлінеді. Осы бір дағдыларға ие бола отырып, оларды тегіс тік жақтаулы кең пробиркамен тез жаба қоямыз, мұртшаларын, басын, қанаттарының ұшын басып қалмауға тырысамыз. Егерде төңкерілген пробирканың астындағы көбелек қозғалмастан отыра берсе,ол пробирканың қабырғасымен сәл жанасатындай етіп пробирканы абайлапқозғайды. Көбелек пробирканың түбіне жақындаса, оны саусақпен тез жауып тұрып, мақта тығынмен тығындаймыз. Кейде көбелекті бірден морилкаға ауыстырамыз.
Егер де көбелектерді бірден жансыздандырмайтын болса, онда жинауүшін бірнеше таза пробирка болуы шарт. Өйткені біреуіне тірі көбелекті орналастырғаннан кейін екінші тірі дарасын салам дегенде, біріншісінің шығып кету қаупі бар.
Мынаны есте сақтау керек, пробиркаға тірілей салынған аналықтар, әсіресе, қойма қан көбелектерінің аналықтары ұрықтанған жұмыртқаларды салуы мүмкін, олар егер байқалмай қалып, республикалық карантиндік зертханада төгілетін болса, олардан пайда болған жұлдызқұрттар залалданумен коллекциялық энтомологиялық материалдардың бүліну көзіне айналыпшыға келеді.
Өлген көбелектерді жинау. Тексеру барысында кейде тірі көбелектерді емес, өлгендерін жинап алуға тура келеді. Оларды жұқа пинцетпен қанатының сүйекті шетінен ұстайды, аяғынан немесе мұртшасынан емес, өйткені олар тезсыныпжұлынып кетеді. Мүмкіндігінше өлген көбелектің денесінің барлықбөліктері тұтас болуға тиісті, бұл өте маңызды, тіпті болмаса оның құрсағысау болуы керек. Өйткені, ең қырқылған экземплярлардың өзін, әсіресе күйелерді, қан көбелектерді және жеміс жемірлерді гениталиялары бойынша ажыратуға болады. Құрсақтары жоқ ескірген экземплярларды айыру мүмкінболмайды.
Тірі жұлдызқұрттарды жинау. Ыдыстағы, қабырғасындағы, едендегі жорғалап жүрген жұлдызқұрттарды жинауда, олардың жолына пробирканы тосып тұрып итеріп енгізеді.
Жаңадан піскен жемістерден табылған жұлдызқұрттарды кесілген жемісте қалдыруға болмайды, өйткені сәл мазаланғаннан кейін олар қашанда қашуға тырысады, сөйтіп жемістің кесінділерінің арасында мыжылып қалады.Сондықтан жұлдызқұрттарды бірден абайлап шығарып алады және зақымданған жемістің кішкене түйірлері бар пробиркаға салады. Жинап алу үдерісінде бүлінген жұлдызқұрттарды ішіне аз мөлшерде салқын су құйылған пробиркаға салады да, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқаларды экпорттау және импорттау кезінде қойылатын ветеринариялық талаптар
Жамбыл облысы Байзақ ауданы ауыл шаруашылық қызанақ дақылын өсіру
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар. Жануарларды айдап жеткізу кезіндегі ветеринариялық-санитариялық қадағалау
Шекарадағы және көліктегі ветеринарлық-санитарлық қадағалау
Қой мен ешкіні су, әуе, темір жолмен, автокөлікпен импорттау ,экспорттау кезінде ел ішінде тасымалдау кезінде қойылатын талаптар ветеринариялық- санитариялық бақылау
Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу
Халықаралық қатынаста жануарларды тасымалдаудағы қауіпсіздігі туралы Евразиялық конвенция
Ауыл шаруашылығы техникасының паркі
Евразиялық экономикалық қауымдастығына мүше - мемлекеттердің аумағына жануарлар, жануар текті шикізаттарға қойылатын ветеринариялық талаптар
Жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы
Пәндер