Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТҮСІНІГІ. ОНЫ БАСҚАРУ МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ . . . 8

  1. Еңбекті қорғаудың түсінігі және қағидалары . . . 8

1. 2 Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау және қадағалау . . . , . . . 11

2 ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН АЙМАҚТЫҚ КӘСІПОРЫНДАРДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ

САҚТАЛУЫ . . . 17

2. 1 Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік

саясаттың бағыттары . . . 17

2. 2 Аймақтық кәсіпорындарда еңбекті қорғау туралы заңның сақталуы . . . 19

3 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ . . . 37

3. 1 Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптарына белгіленген ұсыныстар . . . 37

3. 2 Еңбекті қорғау және өндіріс мәдениеті . . . 46

4 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ЖАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 52

4. 1 «Тенгизшевройл» - қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қазақстандық ірі көшбасшысы . . . 52

4. 2 Өскемен «ТМК» АҚ-ның аймақтық өнеркәсіп қауіпсіздігі мен қоршаған орта менеджментінің жүйесі . . . 61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 65

ҚОСЫМША . . . 66

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні елімізде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде атап айтар болсақ, оның, өндірістегі жарақат пен өндірістік сырқаттың азаюы бойынша жұмысты ұйымдастыру мен біздің қоғамымыздың азаматтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда оң нәтижеге жетіп отырғаны сөзсіз.

Әлбетте осы еңбекті қорғау мәселесінде жұмысты ұйымдастыру бойынша белгілі бір тәжірибеге ие бола отырып, осы жұмыстарды ұйымдастыру бойынша орын алған кейбір проблемалар мен ұсыныстар да айтылып отыр.

Өзектілігі. Елімізде әйткенмен де осы қозғалып отырған маңызды мәселелердің бірі - ұйымдарда еңбек қауіпсіздігімен және еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар мен басшыларды оқыту және олардың білімін тексеру отыр. Жалпы алғанда, біздің еліміздегі «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Заңына орай, жан-жақты қадағаланып отырылады. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің басшылығына сәйкес, білімін тексеру еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша уәкілетті мемлекеттік органның, атап айтар болсақ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың аумақтық департаментінің емтихан комиссиясымен жүргізіледі. Негізінен өндіріс ұйымдарының басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдар мезгіл-мезгіл, кемінде үш жылда бір рет тиісті жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде біліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерін тексеруден өтуге міндетті.

Қазіргі таңда, сондай ақ «Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру» мемлекеттік стандарт негізінде жүзеге асырылып отыр. Әлбетте әр ұйым бөлімшелерінің басшылары болған жағдайда, онда олар бөлімшелердегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаумен қамтамасыз етуге жауапты тұлғалар болып табылады, өздерінің қызметтік міндеттері мен ұйым басшысының басшылығымен білім тексеруінен өтуге міндетті. Тұрақты әрекет етуші ұйымдардың еңбекті қорғау жөніндегі инженерлерін аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдардың жанындағы еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды дайындайтын мамандандырылған орталықтарда және еңбекті қорғау кафедрасы бар жоғары оқу орындары мен мекемелерде оқыту және біліктілігін арттырумен білімін тексеруді жүргізу аса орынды болмақ. Олай болса, осы ұйым бөлімшелерінің басқа жетекшілері ұйымдағы тұрақты әрекет етуші ұйымдарда (ТӘЕК-тен) оқытылып, білім тексеруінен өтуге тиіс.

Олай болса, бұл мәселені шешуге тиісті кәсіподақтармен бірлесіп экономиканың салаларын басқаруды жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органдардың тікелей қатысып шешу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаумен қамтамасыз ету Бағдарламасы әзірленіп бекітілген болатын.

Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының екі тармағына тоқталып өтер болсақ, бұл еңбек жағдайы бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау және еңбекті қорғауды басқару жүйесін ендіру аса қажет болып отыр.

Үкімет Бағдарламасы ОН5А5 -18001 халықаралық стандартына сәйкес Қазақстанның кәсіпорындарына ЕҚБЖ енгізуді ұсынады, бірақ, бұл ретте де республикада (ОН5А5 - 18001 негізіндегі) ЕҚБЖ енгізу рәсімін және оның мазмұнын реттейтін, Ресейдегі секілді бекітілген МЕСТ жоқ.

Мақсаты: Олай болса, бітіру жұмысының мақсаты түрлі еңбек ұжымында еңбекті қорғаудың өзекті мәселелерін көтере отырып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайын қарастыру, азаматтардың еңбегін қорғауда оларға қажет болған жағдайда әлеуметтік көмекті көрсету және осы бағытта еліміздің әр аймағында жүргізіліп жатқан түрлі мекеме мен ұйым, ірі компаниялардың істерін жан-жақты саралау жүргізіп қана қоймай, жақсы іс-тәжірибені өмірге енгізудің маңызын ашу.

Зерттеу міндеттері. Осы мақсатқа жету барысында мынадай, төмендегідей міндеттер алға қойылды.

- Еңбекті қорғаудың түсінігі мен басқаруды қамтамасыз ету жайын қарастыру;

- Еңбекті қорғауды қадағалау мен бақылаудың мәнін ашу;

- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ашып көрсету;

- Облысымызда осы еңбек қорғау мәселесінің жай-күйі;

- Еңбекті қорғау туралы заңдардың сақталуын бақылау;

- Елімізде шетелдік жұмыс күшін қолдану мен олардың еңбегінің қорғалуы аясын бақылау жүргізу барысына аса мән берілді.

Зерттеу болжамы: Түрлі өндіріс және мекеме орындарында еңбекті қорғау жан-жақты қамтамасыз етілуін қадағалаумен қатар, олармен еңбек тәртібін сақтау мен түрлі жағдайлардың туындауы барысында қажетті жұмыс жүргізуде түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану

Олай болса, еңбекті қорғау мәселелеріне орай еңбек орындарында қызметкерлер мен еңбек етуші азаматтардың кәсіптік шеберлігін артыруға аса мән бері. Әр азаматтың өз білімін көтеріп, шеберлігін шыңдауына жағдайлар жасаудың маңызы аса зор.

Ғылыми жаңашылдығы:

- аймақтық кәсіпорындарда еңбекті қорғаудың мәні мен мазмұны бүгінгі көзқарас бағытында анықталды;

- кәсіпорындарда еңбекті қорғаудың мүмкіндіктері;

- еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті мәселелер қозғалды.

- еңбек процесінде еңбек қауіпсіздігін сақтаудың техникалық жайы айқындалды;

- кәсіпорындардағы еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігін сақтаудың өндіріске тиімді жайы қозғалды.

Зерттеудің тәжірибелік мәні: ҚР кәсіпорындарда еңбек және әлеуметтік жағынан қорғау үшін өндірістің, кәсіпорындардың жұмыс процесіне енді.

Міне осы зерттеу нәтижелерін ірі кәсіпорындар мен ұйымдарда пайдалануға болады.

1 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТҮСІНІГІ. ОНЫ БАСҚАРУ МЕН ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Еңбекті қорғаудың мәні және қағидалары

Қазақстан Республикасының Конституциясында [23] адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін жағдайда еңбек ету жарияланған.

Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.

Еңбекті қорғауды кең және тар мағынада түсінуге болады. Кең мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Кең мағынада еңбекті қорғау құқықтық, медициналық, техникалық және экономикалық құрамдас бөліктерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас бөлігі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.

Мысалы, еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т, б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т. б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз. Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе - бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас бөлігінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылған, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген.

Дәл осындай жағдай еңбекті қорғаудың экономикалық аспектісі бұзылған кезде де орын алады, яғни, еңбекті қорғау қаржыландырылмаса және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз.

Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кооператив мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне таралады.

Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкерлердің өмірі
мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі
тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.

Бұл шаралар мен құралдар мыналарда көзделген:

- еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқауларда;

- ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормаларда;

- әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормаларда;

- өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінде;

- қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерде.

Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі қағидалары Қазақстан Республикасы «Еңбекті қорғау туралы» Заңының 4- бабында көзделген [12] . Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің қатысуымен барлық деңгейдегі мемлекеттік билік және басқару органдарының қызметінің бірлесуін көздейді және келесі мынадай қағидаларға:

  • кәсіпорынның өңдірістік қызметінің нәтижелеріне қарағанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының үстемдігі;
  • меншік иесінің немесе оның уәкілетті өкілінің толық жауапкершілігі;
  • еңбекті қорғау міндеттерін осы мәселелерге қатысты мемлекеттік бағдарламалардың және еңбекті қорғау саласындағы қызметтің экономикалық және әлеуметтік саясаттың өзге де бағыттарымен үйлестірудің нәтижесінде кешенді түрде шешу;
  • еңбекті қорғау саласында меншік нысанын және шаруашылық қызметіне қарамастан барлық кәсіпорындар үшін бірыңғай талаптарды белгілеу;
  • кәсіпорындардағы еңбекгі қорғау және қауіпсіздік-техника талаптарының орындалуына мемлекеттік қадағалау және бақылауды жүзеге асыру;
  • еңбекті қорғауға қатысты алдыңғы қатарлы ұлттық және шетелдіктәжірибені, ғылым, техника жетістіктерін кеңінен пайдалану;
  • қызметкерлерді қорғайтын қауіпсіз техниканы, технологияны және құралдарды, еңбекті қорғауға қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарынжасауды және енгізуді ынталандыру;
  • еңбекті қорғауды қаржыландыруға мемлекеттің қатысуы;
  • кәсіпорындарда еңбектің қауіпсіз жағдайларын қалыптастыруға жағдай жасайтын салықтық саясатты жүргізу;
  • кәсіпорындардың қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты, ал қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының нормалары мен ережелерін сақтауға қатысты экономикалық мүдделілігі;
  • кәсіпорындардың қызметін еңбекті қорғау тұрғысынан лицензиялау;
  • өндірістік мақсаттағы өнімдердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қатысты сертификациялауды жүргізу;
  • еңбек жағдайына сараптама жүргізетін мемлекеттік органдарының тікелей жұмыс орындарында, сонымен қатар жаңа және өңделіп жатқан кәсіпорындардың құрылысының жобаларында өндірістің қауіптілігі мен зияндылығын бағалау;
  • қызметкерлерді арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғану кұралдарымен, емдеу-сауықтыру орындарындағы демалыспен және т. б. қамтамасыз ету;
  • өндірістегі әрбір қайғылы оқиғаны және әрбір кәсіптік ауруды қарау мен есепке алудың, қызметкерлердің өндірістік жарақаттың, кәсіптік аурудың деңгейі және еңбекті қорғауды жақсартуға қатысты шаралар жөнінде хабарландырылуын қамтамасыз етудің міндеттігі;
  • өндірісте қайғылы оқиғалардан жәбір шеккен немесе кәсіптік аурумен науқастанған қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғау;
  • жоғары және орта арнайы оқу мекемелерінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша мамандарды дайындау;
  • қызметкерлердің, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың және жекелеген тұлғалардың өкілдік ұйымдарының еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметіне жан-жақты қолдау көрсету:

- еңбекті корғау мәселелерін шешудегі халықаралық одақтастыққа негізделген.

1. 2 Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк

басқару, бақылау және қадағалау

Қазақстан Республкасының «Еңбекті қорғау туралы» Заңына сәйкес [18], еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында еңбекті қорғауға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдарға мыналар жатады.

Яғни, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, бұл орган еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту туралы заңдардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыраса, ал ауыл шаруашылық министрлігі, бұл министрлік машина-тракторлық парктердің техникалық жағдайына, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік, бұл орган орталық және жергілікті атқарушы органдардың табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми мекемелердің жұмысын үйлестіреді, сонымен қатар, өнеркәсіпте жұмыс жүргізудің қауіпсіздігіне қадағалау жүргізеді.

Негізінен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімі жанындағы тәртіптік кеңес, бұл орган мемлекеттік тәртіпті нығайту және
жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қамтамасыз ету мәселелерін қарайды.

Ал Бас Прокуратура, бұл орган республика аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және өзге де
нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына
жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады.

Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар, бұлар тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларын орындауды, жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының, Жоғарғы Сот қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, мәслихаттардың және әкімшілік басшыларының актілерінің орындалуын, республикалық және жергілікті билік органдарының өзара байланысын, халықты жергілікті істерді басқаруға тартуды қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда Қазақстан Республикасында мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары, олардың уәкілетті тұлғалары өздерінің қызметіңде жұмыс берушілерге, шаруашылық органдарына, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік билік пен басқарудың жергілікті органдарына тәуелсіз болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес әрекет етеді.

Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының уәкілетті тұлғалары мынадай құқықтарға ие. Атап айтар болсақ,

  • меншік нысанына және шаруашылық жүргізуіне кез келген уақытта алдын-ала ескертусіз ешбір кедергісіз кіру;
  • министрліктерден, мемлекеттік басқарудың өзге де орталық жәнежергілікті органдарынан, кәсіпорындардан, жұмыс берушілерденқажетті ақпарат алу;
  • кәсіпорындардың басшыларына және өзге де лауазымды тұлғаларға орындауға міндетті ұйғарымдар беру;
  • кәсіпорындарды, жекелеген өндірістерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орны мен жабдықтарды пайдалануды тоқтата тұру (тыйым салу) ;

- кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларына, қызметкерлерін еңбекті қорғау жөніндегі заң шығарушылық және өзге де нормативтік
құқықтық актілерді бұзғаны үшін айыппұл тағайындау, аталған тұлғаларды лауазымынан босату туралы ұсыныстар жасау, қажет болған
жағдайларда оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін прокуратура органдарына материалдар беру құқығына ие.

Жұмыс беруші мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының өкілдеріне жүктелген функцияларды орындау үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.

Ал мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары өздерінің өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес негізсіз санкцияларды қолданғаны үшін жауапкершілікте болады.

Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғауға қатысты құқықтары мен міндеттері және олардың кепілдіктеріне келер болсақ, әрбір азамат еңбекті қорғау құқығына, яғни қауіпсіздік пен еңбек тазалығы талаптарына жауап беретін еңбек жағдайлары құқығына ие.

Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясында және Қазақстан Республикасы «Еңбек туралы» заңында белгіленген негізгі құқықтардың бірі.

Еңбекті қорғауға құқық дегеніміз бұл:

- зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғаулы тиіс қауіпсіз жұмыс орны;

- мұндай факторлар өндірістік жарақатқа, кәсіптік ауруға немесе жұмысқа қабілеттің төмендеуіне әкелмеуі тиіс;

- қайғылы оқиғалар мен кәсіптік ауруларды міндетті түрде тергеу және мұндай жағдайларда әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

- ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен тегін қамтамасыз ету;

- жұмыстың және еңбек тәсілдерінің қауіпсіз әдістеріне үйрету;

- өзінің жұмыс орнындағы еңбекті қорғау жағдайы туралы, денсаулықка келуі мүмкін зақымдарға қатысты тәуекелдер туралы және оларды қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы шынайы ақпарат алу;

- өзінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда осы қауіпті ойғанға дейін жұмысты орындаудан бас тарту;

- кәсіпорындарды жобалау, салу және қолданысқа беру кезінде еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету;

- еңбекті қорғау бойынша мамандарды дайындау;

- еңбекті қорғауды қаржыландыру.

Қауіпсіз жұмыс орнына құқық кәсіпорындардағы, әрбір жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары еңбекті қорғауға қатысты стандарттарға, ережелерге және нормаларға сәйкес болуы тиіс екендігін білдіреді. Жұмыс орны өндірістік жарақатқа, кәсіптік ауруға немесе еңбекке қабілеттің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін қауіпті, зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғалуы тиіс. Еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекті қорғаудың жағдайына бақылауды ұйымдастыру және еңбек ұжымын осы бақылаудың нәтижелері туралы уақтылы хабарландырып отыру міндеті жұмыс берушіге жүктеледі.

Еңбекті қорғау талаптарын сақтаған жағдайда өндірістегі қайғылы оқиғалар, жарақат алу, кәсіптік аурумен ауыру төтенше жағдайлар болып табылады. Алайда, егер мұндай жағдайлар орын алса, қызметкерлер өздерінің тікелей басшыларын немесе басшылықты кез келген қайғылы оқиға, кәсіптік аурудың белгілері туралы, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін кез келген жағдайлар туралы жедел түрде хабарландыруға міндетті.

Жұмыс беруші мен басшылық қайғылы оқиғаны тергеу үшін, олардың алдын алу үшін және апат жағдайлары туындаған кезде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін барлық шараларды қолға алуға міндетті. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін тікелей қауіп төнген жағдайда бұл қауіпті жойғанға дейін олар жұмысты орындаудан бас тартуға, сонымен қатар егер бұл жұмыстар еңбек шартында көзделмесе, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысты істеуден бас тартуға құқылы. Бұл әрекеттер тәртіптік жауапкершілікті туындатпайды.

Өкінішке орай, мойындайтын бір жайт, ғылым мен техниканың қазіргі кезгі даму деңгейінде өндірістің адамға қатысты зиянды әсері әлі де толығымен жойылмаған.

Сондықтан, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары, ерекше температуралық жағдай, ластану және т. б. орын алған жұмыстарда қызметкерлерге нормаларға сәйкес арнайы киім, арнайы аяқ киім және де маска, қорғанышты көзілдіріктер, қорғау, белбеулері, сабын және т. б. сияқты өзіндік қорғанудың өзге де құралдары берілуі тиіс.

Басшылықтың міндетіне тек өзіндік қорғану құралдарын беру ғана емес, сонымен қатар, оларды сақтауды, жууды, кептіруді, тазалауды, жөндеуді және т. б. қамтамасыз ету кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік жайлы
Еңбек қорғаудың түсінігі. Дәріс
Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары
Еңбек қорғаудың түсінігі
Еңбек құқығының қағидалары
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың түсінігі
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары
Еңбекті қорғаудың түсінігі
Еңбек қорғау туралы
Еңбек құқығының қағидаларының түсінігі, олардың мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz