Қазақстандағы балық шаруашылығы



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы балық шаруашылығы
2. Балық түрлері
3. Балық етінің химиялық құрамы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Балықтар - түрлері ең көп тараған омыртқалы жануарлар. Балықтардың 22 000-на астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бірі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз,шеміршекті және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар.[2] Балықтардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 г-нан 12 – 14 т-ға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы (мысалы, албырттардың май қанаты) жетілген. Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балық жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты.
1. С.Т. Дүйсембаев «Ветеринариялық-санитариялық сараптау» Алматы 2013ж
2. Дүйсембаев С.Т.,Серікова А.Т. ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ ПРАКТИКУМЫ
3. С. Ж. Баубеков, А.У. Тайчивеков «Ет өнімдерін өндіру технологиясы» Алматы 2014ж
4. В.А.Макаров «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства»
5. Интернет желісі

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Аграрлық факультеті
Ветеринариялық санитария кафедрасы

БӨЖ №1
Тақырыбы: Қазақстандағы балық шаруашылығы. Балық етінің химиялық құрамы.

Тексерген: Сүлейменов Ш.Қ.
Орындаған:Ухиянов С.Ф.

Семей 2016 ж

Жоспар:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы балық шаруашылығы
2. Балық түрлері
3. Балық етінің химиялық құрамы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Балықтар - түрлері ең көп тараған омыртқалы жануарлар. Балықтардың 22 000-на астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бірі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз,шеміршекті және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар.[2] Балықтардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 г-нан 12 - 14 т-ға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы (мысалы, албырттардың май қанаты) жетілген. Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балық жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты.

Балық шаруашылығы - халық шаруашылығының балық аулау, тасымалдау, қорғау және өсірумен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы. Балық шаруашылығы бағалы тағамдар, балық ұны, майы, теңіз өсімдіктерінен йод, маннит, агар, малазығы мен техникалық өнімдер өндіреді. Қазақстанда 1919 жылы Атырау қаласында Жайық - Жем балық аулау және аңшылық басқармасы, Арал қаласында Түркістан өлкелік балық шаруашылығы басқармасы ұйымдастырылды. Кейін бұл сала тұтынушыларға тағамдық белоктың 20%-ын беретін, қуатты аулау кемелерімен жабдықталған, өндірістік процестері механикаландырылған аса іргелі тамақ индустриясына айналды. Балық желбезекпен тыныс алатын су омыртқалары. Қазақстанда 150-дей түрі бар. Бұлар бекіре (бекіре, қортпа, шоқыр, пілмай, сүйрік), тұқы (тұқы, сазан), (майшабақ, килка), алабұға (көксерке), ақсақа (көкшұбар) т.б. Қазақстан балағы теңізден өзенге түгелдей және жартылай өрістейтін, сондай-ақ теңіз балығы болып бөлінеді. Сонымен қатар еліміздің балығы салқын суда (форель, нәлім, ускуч) және жылы суда (сазан, тұқы, табан) өсетін болып бөлінеді. Кейбір балықтар ұрығын көктем (шорьан, сазан) мен жазда (мөңке, оңғақ) басқа біреулері күз (албырт) пен қыста (нәлім) шашады.
Балық шаруашылығы бағалы тұқымдық балықтарды өсіріп, көбейтетін балық питомниктері, тауарлы-көл және тоғаншаруашылықтары, машина-мелиоративтік станциялары, арнайы оқу орындары, балық сататын фирмалық дүкендері жұмыс істейді. Қазақстанның мыңдаған ірілі-ұсақты көлдері мен өзендері балық шаруашылығы қызмет етеді. Олардың жалпы аумағы 7,5 млн. га шамасында.
Су айдындарының ірілері: Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері,
Қапшағай, Бөген, Бұқтырма бөгендері, Жайық, Ертіс, Есіл өзендері.Дүние жүзі бойынша ауланған бекіре балықтарының 90%-ы Қазақстан балық шаруашылығының үлесіне тиеді. Қазіргі кезде республикада экологияның нашарлауына байланысты су айдынын қорғау, оларды ұдайы мелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл міндет Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына және балық қорғау ұйымдарына жүктелген.

Балықтың түрлері
Морфологиялық құрылысына байланысты балықтарды 3 топқа бөледі:
1. Сүйекті балықтар;
2. Шеміршекті балықтар;
3. Сүйекті-шеміршекті балықтар.

Сүйекті балықтар (лат. Osteichthyes)
Омыртқалы жануарлар класы, қазіргі заманда балықтардың ең түрге бай тобы. Дене ұзындығы 0,7-1,1 см, ден 5-7 м дейін, салмағы 1,5 т жетеді. Ішкі қаңқасы сүйектенген. Әрдайым тері сүйектері болады. Қабыршақтары әртүрлі: ганоидтық, космоидтық немесе сүйекті. Желбезектері қоршаулармен бөлінбеген. Кейбір түрлердің торсылдағы жойылған. Ұрықтану сыртқы ортада өтеді, кейбір түрлері тірі табатындар. Тұщы су және теңіз балықтарының қысымды реттеуі әртүрлі: тұщы су балықтары артық суды желбезек және тері арқылы шығарады, ал теңіз балықтары, бүйрек және желбезек арқылы. 3 класс тармағы бар:
1. Қалаққанаттылар;
2. Сәулеқанаттылар;
3. Саусаққанаттылар.
Сәулеқанатты балықтар.
Қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың 90%-дай астамы осы топқа жатады. Дүние жүзінің түрлі су айдындарында кеңінен таралған және олардың кәсіптік мәні зор. Сүйекті қабыршақтары денесіне жапсарласа орналасқан. Құйрық жүзбеқанатының екі қалағы тең, торсылдат бар, қаңқасы негізінен сүйектен тұрады. Сәулеқанатты балықтардың кәсіптік мәні бар басты отрядтарына ғана тоқталамыз.

Қалаққанатты балықтар.
Бұған қостынысты және саусаққанатты балықтар жатады. Қостынысты Салықтар. Олар желбезегімен әрі өкпемен тыныс алады. Құрғақшылық мезгілде суы тартылып қалатын өзендерде тіршілік етеді. Қостынысты балықтардың торсылдағы өкпеге айналған. Дене пішіні ұршық тәрізді, тұрқы 30 сантиметрден 2 метрге дейін жетелі. Жұп жүзбеқанаттары нашар дамыған. Олар Амазонка өзенінде, Африканың, Австралияның өзендерінде кездеседі.

Саусаққанатты балықтар.
Бұл балықтар ерте заманда кеңінен таралып, кейін жойылып кеткен. Қазіргі кезде оның бір ғана - латимерия деген түрі сақталған. Ғалымдардың пікірі бойынша, қүрлыққа алғаш шыққан қосмекенділердің арғы тегі, осы саусаққанатты балықтар. 1938 жылы Үнді мұхитының Африка жағалауынан латимерия алғаш рет ауға түсті. Саны аз болғандықтан, ауға өте сирек түседі. Латимерия - аузында өткір тістері бар жыртқыш балық. Денесінде желі өмір бойы сақталады. Үлкен өкпесі күрделі өзгеріске ұшырап, майлы мүшеге айналған. Ішкі танау тесігі болмағандықтан, атмосфералық ауамен тыныс ала алмайды. Жұп жүзбеқанаттары еті мол жалпақ қалаққа айналған. Жүзбеқанаттарының қаңқасы бес саусақты аяқтарға ұқсас Майшабақтәріздестер отряды. Көпшілік түрлері теңіздерде топтанып тіршілік етеді. Майшабақтардың Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінде көп тараған түрі - Мұхит майшабағы. Сардинка (Қиыр Шығыс теңіздерінде), қылқа (килька) (Балтық, Қара теңіз дерінде), түлкібалық (тюлька) (Каспий, Қара теңіздерінде) көптеп ау даналы. Каспийдің солтүстік аймағында, Жайық өзенінде кездесетін еділ майшабағы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

Шеміршекті балықтар (Chondrichthyes) .
Қазба қалдықтары девонның орта шенінен белгілі. 2 класс тармағы: тақта желбезектілер (Elasmobranchіі) және бүтінбастылар(Holocephalі), 140-қа жуық туысы, 730 түрі бар. Шеміршекті балықтардың денесінің ұзындығы 6 см-ден 20 м-ге жетеді. Қаңқасытек шеміршекті, қаңқасының ізбестенгендері (сүйектенбеген) жиі кездеседі. Егер қабыршағы бар болса, ол плакодты (тісшелі). Көпшілігінде ұзынша тұмсығы болады, аузы тұмсығының астында көлденең саңылау сияқты көрінеді. Қанат қалақшалары эластинді талшықтармен бекіген. Құйрық қанаттарының қалақшалары тең емес, үстіңгі қалағы үлкен, 5 -- 7 жұп желбезек саңылаулары сыртқа жеке ашылады. Торсылдағы болмайды. Тоқ ішегінде иірлі қатпарлы қақпақшасы, жүрегінде артериалды конусы бар. Ас қорыту және несеп-жыныс жүйелері құрсақ қанаттарының жанындағы ортақ қуыс -- клоакаға ашылады. Іштей ұрықтанады. Аталықтарының жұп шағылысу органдары (птеригоподилері) құрсақ қанаттарының сыртқы талшықтарынан дамыған. Шеміршекті балықтар тірі туады (сирек) немесе ұрықтанған жұмыртқа салады (тірідей жұмыртқа туу). Шеміршекті балықтардың ішкі осмостық қысымы негізінен қанда еритін мочевина арқылы реттеледі. Дене қуысы сұйығының қысымы сыртқы ортаға қарағанда жоғары болады. Шеміршекті балықтар негізінен теңізде тіршілік етеді. Бұларды тұщы суға жіберсе, ішкі осмостық қысымы төмендейді де, олар тез өліп қалады. Араларында тұщы суда кездесетін түрлері бар, олар осмостық қысымын сақтау үшін өте көп мөлшерде зәр бөледі. Шеміршекті балықтардың барлығы да жыртқыштар. Бұлардың көп аулануына қарамастан, кәсіптік маңызы шамалы.
Терісі 2 қабаттан тұрады. Сыртқысы - эпидермес, көп қабатты эпителий, ал ішкі - нағыз тері қабаты дәнекер ұлпасынан түзелген. Эпидермисінде безді жасушалар көп. Шеміршекті балықтардың қабыршақты ұсақ бүртікті. Плокоидты (грекше "плакс" - тақташа, "ейдос" - пішінді) қабыршақтармен қапталған. Тақтажелбезектілерге - акулалар мен скаттаржатады. Акулалардың 350-ге жуық түрі бар. Олар мұхиттарда, теңіздерде таралған. Дене пішіндері алуан түрлі. Акулалардың ішінде адамға қауіптісі - сұр акулалар. Олардың кеңінен таралған түрі - жолақ акула. Ол мұхиттардың субтропикалық және тропикалық теңіздерде кездеседі. Скаттардың да 350-дей түрі бар. Денесі жалпақ әрі көкірек жүзбеқанаттары тұмсығымен тұтасып кеткен. Желбезек саңылаулары денесінің құрсақ жағында орналасқан. Олардың көпшілігі су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Ең ірі түрі - манта, оның денесі көлденеңінен 6 метрге жетеді. Кейбір скаттардың денесінде электр қуатын шығаратын мүшесі болады. Тұтасбастыларға 30-дай түрлері жатады. Көпшілігі судың терең қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Дене пішіні ұзынша ұршық тәрізді. Терісінде қабыршақтары болмайды. Сырты қалың қабықпен қапталған ұрықтанған уылдырық шашып көбейеді. Баренц теңізінде ұзындығы 1 метрдей еуропа тұтасбасы кездеседі. Олардың көпшілік түрі теңіз түбіндегі жәндіктермен қоректенеді. Кәсіптік мәні жоқ.

Шеміршекті-сүйекті балықтар
Бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті-сүйектілердің көп белгілері шеміршекті балықтарғаұқсайды және қаңқаларының сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйекті балықтар көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Шеміршекті-сүйекті балықтарда, шеміршекті балықтардың мына белгілері сақталған: рострумының болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетероцеркальды, жұп қанаттары горизонтальды орналасқан, ішегінде қатпарлы қақпақшалары және жүрегінің, артериялды конусы болады: Сонымен қатар кей-бір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезек қақпақшаларының болуы, желбезек аралық перделерінің жойылуы, торсылдақтарының болуы, уылдырықтың ұсақ қатты қабығы болмауы және ұрықтанудың сыртта болуы т. б.Қазір тіршілік ететін шеміршекті сүйекті балықтардың бекіре тәрізділер деп аталатын бір ғана отряды бар. Соның екі тұқымдасына тоқтап кетейік. Бекірелер тұқымдасының рострумы үшкір, аузы кішкене, ересектерінің тісі болмайды. Орыс бекіресі -- Қара теңізбен Каспий теңіздеріне тараған. Біздің солтүстік өзендерде және мұзды мұхиттың өзен сағасында -- сибирь бекіресі кездеседі, амур бекіресі Амур өзенінде тіршілік етеді. Қызыл балық -- Азов теңізінде, Қара теңізде және Каспий теңізінде тіршілік етеді. Бекірелерге ұқсас стерлядь деген балық, Каспийдің, Қара теңіздің және Солтүстік мұзды мұхиттың өзендеріне тараған. Бекірелердің ерекше бір туысы-қортпа балықтың екі түрі бар. Оның біреуі -- европалық қортпа Каспий теңізінде, Қара теңізде, Адриатика теңізінде мекендейді. Ұзындығы 9 м, салмағы 1400 кг-ға дейін жетеді. Екінші бір түрін калуга немесе Қиыр Шығыс белугасы деп атайды. Ұзындығы 4 метрдей, салмағы бір тоннадан асатын, 100 жылдан аса тіршілік ететін балық. Бұлар Амур өзенін мекендейді. Сырдария мен Амударияны ғана мекендейтін жалған қалақша тұмсықтылар деген ерекше түрі кездеседі. Олардың тұмсықтары жалпақ, ұзын болады. Ұсақ, салмағы бір килограмдай болатын, кәсіптік маңызы жоқ ағзалар.Шеміршекті сүйектілердің бірқатары тұщы суда тіршілік етеді де, кейбір түрлері өткінші балықтар болып саналады. Стерлядь пен америкалық көл бекірелері көп миграция жасамай өздерінің барлық өмірін тұщы суда өткізеді. Қортпа, орыс, сибирьлік бекірелер және қызыл балықтар теңіз жағалауына жақын жерлерінде тіршілік етеді де уылдырық шашу үшін өзендерге шығады. Мысалы, қортпа балық Еділ өзені мен жүзіп отырып, Куйбышев қаласының тұсына дейін келеді, ал Жайық өзенімен жүзетіндері Чкалов қаласының тұсына дейін жүзіп жетеді. Сол сияқты түкті бекіре деген түрі Арал теңізінде семіріп, ал көбейер кезінде тұқым шашу үшін Амурдария мен Ходжейлі қаласының тұсына, Сырдария мен Чиназдың тұсына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Қазақстан халықтарының этнографиясы пәні бойынша практикалық (семинар) сабақ тарының оқу-әдістемелік нұсқауы
Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы
Қазақстан Республикасының жалпы физикалық географиясы, жануарлар дүниесі
Қазақстанда ауланатын балық түрлері
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы 1861-1917 жж
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Қазақстандағы индустрияландыру шаралары
Пәндер