Ведалардың жазылу тарихы



1.Кіріспе ... ... ... ... ... ...2
2.Негізгі бөлім
2.1. Ведалардың жазылу тарихы ... ...4
2.2 Ведалар мектебі ... ... ... ... ... ... ... 6
2.3. Ведалардың бөлінуі ... ... ... ... .7
2.4. Төрт Веда
Ведалар (санскрит тіл. वेद, véda IAST — «білу», «ілім») — кришнаизм мен индуизм секілді діндердің тууына негіз болған, ежелгі санскрит тіліндегі ең ежелгі киелі жазбалар жинағы.
Ведалар шрути («тыңдалған») категориясына жатады және ондағы мантралар дұға ретінде қайталанып, түрлі діни жоралғыларда қолданылады. Ведалардың негізгі бөлімі самхиттар болып табылады, оларға ведалық самхиттарға түсіндірме болып табылатын брахмандар, араньяктар мен упанишадалар да кіреді.
Ғасырлар бойы ведалар өлең сөз ретінде ұрпақтан-ұрпаққа ауызша түрде беріліп отырып, одан әлдеқайда кейінірек қана қағаз бетіне түсірілген. Индуистердің діни дәстүрлері апаурушея Ведаларын адам қолымен жасалмаған, адамзатқа қасиетті данагөйлер арқылы берілген, құдайды таныту жолындағы мәңгілік жазбалар деп есептеген
Үнді субконтинентінде дамыған философиялық жүйе мен діни дәстүрлердің Ведаларға деген көзқарастары әртүрлі болды. Ведалардың беделі мен Құдайтанытушылық ілімін қабылдаған философиялық мектептер астика деп аталды. Ал буддизм мен джайнизм секілді ілімдер Ведаларды қабылдамады, ондай ілімдер настика категориясына жатқызылады. Олардан өзге Ведалар беделін синкхизм де мойындағысы келмеген.

Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы — Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді.
Санскрит тілінде véda сөзі vid- «білу» түбірінен шыққан және «білім», «даналық» дегенді білдіреді. Зат есім ретінде бұл сөз тек бір рет қана Ригведада кездеседі. Ол праиндоевропалық u̯eidos, көне гректің (ϝ)εἶδος «аспект», «форма» сөздерімен туыстас болып келеді.
Үнді пәлсапасы (философиясы) б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2.Негізгі бөлім
2.1. Ведалардың жазылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2 Ведалар мектебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2.3. Ведалардың бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.4. Төрт Веда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

1. Кіріспе
Ведалар (санскрит тіл. वेद, véda IAST -- білу, ілім) -- кришнаизм мен индуизм секілді діндердің тууына негіз болған, ежелгі санскрит тіліндегі ең ежелгі киелі жазбалар жинағы.
Ведалар шрути (тыңдалған) категориясына жатады және ондағы мантралар дұға ретінде қайталанып, түрлі діни жоралғыларда қолданылады. Ведалардың негізгі бөлімі самхиттар болып табылады, оларға ведалық самхиттарға түсіндірме болып табылатын брахмандар, араньяктар мен упанишадалар да кіреді.
Ғасырлар бойы ведалар өлең сөз ретінде ұрпақтан-ұрпаққа ауызша түрде беріліп отырып, одан әлдеқайда кейінірек қана қағаз бетіне түсірілген. Индуистердің діни дәстүрлері апаурушея Ведаларын адам қолымен жасалмаған, адамзатқа қасиетті данагөйлер арқылы берілген, құдайды таныту жолындағы мәңгілік жазбалар деп есептеген
Үнді субконтинентінде дамыған философиялық жүйе мен діни дәстүрлердің Ведаларға деген көзқарастары әртүрлі болды. Ведалардың беделі мен Құдайтанытушылық ілімін қабылдаған философиялық мектептер астика деп аталды. Ал буддизм мен джайнизм секілді ілімдер Ведаларды қабылдамады, ондай ілімдер настика категориясына жатқызылады. Олардан өзге Ведалар беделін синкхизм де мойындағысы келмеген.

Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы -- Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді.
Санскрит тілінде véda сөзі vid- білу түбірінен шыққан және білім, даналық дегенді білдіреді. Зат есім ретінде бұл сөз тек бір рет қана Ригведада кездеседі. Ол праиндоевропалық u̯eidos, көне гректің (ϝ)εἶδος аспект, форма сөздерімен туыстас болып келеді.
Үнді пәлсапасы (философиясы) б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:

Варналар - топтар Варналардың өкілдері
1. Брахмандар - Абыздық варна
2. Кшатрийлер - Әскери ақсүйектер тобының варналары
3. Вайшьялар - Егіншілер, қолөнершілер, саудагерлер
4. Шудралар - Төменгі варна (құлдар)

2. Негізгі бөлім
2.1. Ведалардың жазылу тарихы
Ведалар әлемдегә ең көне қасиетті жазбалар болып есептеледі. Қазіргі индологиялық ғылымға сүйенетін болсақ Ведалардың құрылу ұзақтығы мың жылға жуық уақытты құрайды. Ол б.з.б. XVI ғасырда Ригведаны құрудан басталып, Солтүстік Үндістан жерінде түрлі шакхаларды құрумен б.з.б. V Будда мен Панни кезінде аяқталған. Көптеген ғалымдар Ведалар қағаз бетіне түскенге дейін ғасырлар бойы оны ауызша түрде тарату дәстүрі болған деген көзқараспен келіседі.
Ведалар жазылған материалдың сапасыздығына байланысты (ол үшін ағаш қабығы немесе пальма ағашының жапырағы қолданылған) , бізге жеткен манускрипттердің жасы бірнеше ғасырды ғана құрайды. Бізге жеткен ең ескі манускрипт Ригведалардың жасының өзі XI ғасырға жатқызылады. Бенаресстік санскриттік университететте XIV ғасырға жататын манускрит сақталған.
Бал Гангадхар Тилак (1856 -- 1920) атты европалық білім алған брахман Ведалар б.з.б. 4500 жылы құрылды деген концепция ұсынған. Б.Г.Тилактың аргументтері Ведалар мен оларға жазылған пікірлердің филолоктік-астрономиялық анализдеріне негізделген. Автордың шешімі мынадай: Ведаларда сипатталған аспан суретін тек жер шарының поляр маңында тұратын адамдар ғана білуі мүмкін. Бірақ Тилактың гипотезасы ғалымдар арсыеда қолдау таппады.
Индуистер Ведаларды санатан -- мәңгілік және апаурушея -- адам қолымен жасалмаған деп есептеген. Пуранадарға сәйкес Әлем пайда болғанна кейін, әрбір ғарыштық цикл басында Брахма ведалық білімге ие болады. Әрбір ғарыштық цикл біткен соң ведалық білім адамдар тануға қабілетсіз күйге еніп, жаңа циклде қайта белгілі болады. Ұлы ришилар бұл білімді алып халыққа миллиондаған жылдар бойы ауызша түрде жеткізіп отырған. Осыдан 5000 жыл бұрын, Дварапа- юга аяғында ведалық білімнің бір бөлігін ұлы риши Вьяса жазып қалдырып, оны төрт бөлімге бөлген және өз кезегінде Веданта-сутра афоризмдері түрінде олардың негізгін түсіндірген.
Вьяса Ведалардың әр бөлімін реттеу үшін өз оқушыларының біріне беріп отырған. Пайла Ригведа әнұрандарын реттесе, қоғамдық және діни рәсімдер кезінде айтылатын мантралар Вайшампаянамен Яджурведада жинақталған. Джаймини жайлы оның әнмен айтылатын және әуендері Самаведа мен Атхарваведада жазылған әнұрандар мен дұғаларды жинағаны белгілі. Оларды реттеген Суманта болған.

2.2 Ведалар мектебі
Веда жазуларын танып-білу мен зерттеусанскрит тілінде śākhā (тура мағынасында буын) деп аталатын түрлі мектептер мен бағыттарда ұйымдастырылды . бұл шакхалардың әрқайсысы Веданың белгілі бір бөлімін қарастыруға бағытталған. Ведалық мектептерде жазбаларды сақтаудың жазба түрінде емес жатқа есте сақтау түріндегі ерекше түрі ойлап табылды. Есте сақтау процессін жеңілдету үшін грамматикалық талдау мен жазбаларды күнделікті қайталап отыру сияқты амалдар қолданылды.
Үнділік дәстүрге сәйкес Ведаларды оқу, тыңау және үйренуге тек екі рет туылғанлар -- үш жоғарғы варна (брахман, кштари, вайшья) өкілдері ғана құқылы болды. Әйелдерге, шудраларға және млеччхаларға бұл айтылған істерді жасау тыйым салынған. Брахман жазбалары шудралардың Ведаларды үйренбеуін қатаң түрде қадағалады. Тәртіпті бұзғандары үшін берілетін жаза ауыр болды: Егер шудра Веданы еститін болса, оның құлағына ерітілген балауыз не шайыр құйылатын болсын; егер ол қасиетті жазбаларды айтатын болса тілі кесілсін; егер есінде саұтап қалатын болса, денсі екі бөлікке шабылатын болсын.
Әртүрлі ведалық мектептер қасиетті жазбаларға өз түсіндірмелерін жасаған, біздің заманымызға дейін олардың орта ғасырларға жататындары ғана жеткен. Орта ғасырлардағы ең белгілі түсіндірме болып Саяна есептеледі. Бұған қоса ведалық мектептер оларды бір жүйгеге келтіріп, әр бөлім үшін аукрамани индексін құрған. Ведалардың жалпы индексі сарванукрамани деп аталады.

2.3. Ведалардың бөлінуі
Ведалық санскриттегі негізгі жазбалар самхиталар (saṃhitā -- жинақтар) -- оттың қатысуымен болатын құрбандық шалуға (яджнаға) арналған мантралар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Упанишадтың басты тезисі брахман туралы
Үнді діні
Үнді философиясы мәдениеті
Үнді философиясы. Көне Үнді философиясы туралы негізгі түсінік
Шығыс философиясына сипаттама
Үнді мен Қытай философиясының дамуы
Ежелгі үнді философиясы. Жайнизм және буддизм
Нирвана мокшаның өзгерген түрі
Жаинизмнің басты мақсаты - қасірет деп түсінген өмірден азат болу
Үнді діни философиясындағы астика және настика ағымыдары
Пәндер