Бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы



КІРІСПЕ
1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1.Ауадағы механикалық қоспалар
1.2.Ауа микроорганизмдері
1.3.Шу және оның мал организміне әсері
1.4.Ауаның газдық құрамы
1.5.Жас бұзауларды профилактикалық (сақтандыру) мезгіліндегі ұстау және азықтандыру гигиенасы, қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері
2.ЖЕЛДЕТКІШ АУАНЫҢ САҒАТТЫҚ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕП ШЫҒАРУ
2.1.Қажетті формулалар
2.2.Өзіндік зерттеулер
ҚОРТЫНДЫ
Мал гигиенасы дегеніміз – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым;ветеринарлық медицинанның бір саласы болып табылады. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның мал организміне тигізетін әсерін зерттейді; малдардың қора - жайларын таза ұстау, сонымен қатар олардың төлдегеннен кейінгі малдың жағдайларын, малдарды азықтандыру принціптерін қарастырады. Ірі қара малдарының қораларын жобалап-салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына (НТП) және ветеринариялық-санитарлық ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады. Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі. Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитарлық проблема малдарды әртүрлі аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады.
Ірі қара малдардың гигиенасын қай жағынан қарасанда, кең ауқымды болып келеді. Малдың етті өнімділігін арттырудың ең негізгі факторы – саладағы өндірістік үрдістерді оптимизациялау болып табылады. Жас төлді толыққанды және қарқынды азықтандыру кезінде ғана жоғары потенциалды, етті тұқымды малды жеткілікті көлемде өткізуге болады. Шаруашылықтарға қолайлы мерзімде ірі азықтарды дайындау арқылы олардың сапасын жоғарылатып, сүрлем және пішендеме өндірістерін қайта жаңартып, жеткілікті көлемде құнарлы жеммен қамтамасыз етілуі қажет.
1. Гершун В.И., Муслимов Б.М. Ветеринарная гигиена. Учебное пособие.Алматы,Қайнар, 1994.
2. Храбустовский И.Ф., Демчук В.М., Онегов А.П Практикум по зоогигиене. Уч.пособие Москва, Колос, 1984.
3. Мырзабеков Ж.Б. Сагындықов Қ.А. және т.б. Ветгигиена. Лабораториялық-практикалық сабақтардың методикалық нұсқаулары. Алматы, 2005
4. Кузнецов А.Ф., Демчук М.В и др. Гигиена сельскохозяйственных животных. Книга 1,2. Москва: Агропромиздат, 1991.
5. Мырзабеков Ж.Б., Сағындыков Қ.А. және т.б. Жалпы зоогигиена. Оқу құралы. Алматы, 1992.
6. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш. Ветеринариялық гигиена. Алматы, 2005 жылдары. Шетелдегі және ТМД елдеріндегі жылқы өсірудің озат тәжірибесі.
7. Волков Г.К. и др. Ветеринарно – санитарные и зоогигиенические проблемы промышленного животновдство. М., Колос, 1979.
8. Волков Г.К. Зоогигиена и ветеринарная санитария в промышленном животноводстве. М., Колос, 1982.
9. Волков Г.К., Репин В.М. и др. Зоогигиенические нормативы для животноводческих объектов. М., Агропромиздат, 1986.
10. Испенков А.Е., Сапего И.П. Зоогигиенический и санитарный режим на фермах и комплексах. Минск, Урожай, 1984..
11. Кондратьева М.И., Кельдюшева И.Я. Микроклимат на животноводческих фермах и комплексах. Алматы., Кайнар, 1983.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Мал гигиенасы дегеніміз – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты
сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым;ветеринарлық медицинанның
бір саласы болып табылады. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау
деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның мал организміне тигізетін әсерін
зерттейді; малдардың қора - жайларын таза ұстау, сонымен қатар олардың
төлдегеннен кейінгі малдың жағдайларын, малдарды азықтандыру принціптерін
қарастырады. Ірі қара малдарының
қораларын жобалап-салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық-
санитарлық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына (НТП) және
ветеринариялық-санитарлық ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады.
Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға
арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың
ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне
байланысты жүргізіледі. Қандай
болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және
пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитарлық проблема малдарды
әртүрлі аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары
болуын қамтамасыз ету болып саналады.
Ірі қара малдардың гигиенасын қай жағынан қарасанда, кең ауқымды болып
келеді. Малдың
етті өнімділігін арттырудың ең негізгі факторы – саладағы өндірістік
үрдістерді оптимизациялау болып табылады. Жас төлді толыққанды және
қарқынды азықтандыру кезінде ғана жоғары потенциалды, етті тұқымды малды
жеткілікті көлемде өткізуге болады. Шаруашылықтарға қолайлы мерзімде ірі
азықтарды дайындау арқылы олардың сапасын жоғарылатып, сүрлем және
пішендеме өндірістерін қайта жаңартып, жеткілікті көлемде құнарлы жеммен
қамтамасыз етілуі қажет. Ауыл шаруашылығы жануарларының
денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да
болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір
біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау
қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-
жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық
физиология деп атайды. 
Сыртқы немесе қоршаған орта — бұл жануарды қоршаған ауа, су, топырақ,
азықтар мен ғимараттар. Қоршаған орта ағза үшін пластикалық (құрылыс),
энергетикалық және ақпараттық материалын алу көзі болып табылады. Қоршаған
орта мен ағзаның бірлігі олардың арасында үздіксіз өтетін зат және энергия
алмасу үрдісімен нақтыланады.
Сыртқы орта факторлары ағзаға тікелей және жанама: тыныс алуға,
қоректенуге, жылу реттелуіне әсерін тигізеді. Сондықтан сыртқы орта
факторлары тірі ағза үшін патогенді болып табылуы мүмкін. Мысалға, ауаның
төменгі температурасында және суық су ішкенде суық тиюі мүмкін; ауру
туғызатын ағзалармен зарараланған ауа, су және азық жануарларда жұқпалы
және инвазиялық ауруларды туғызуға жағдай жасайды; ауа, су және азықтың
химиялық құрамының сәйкессіздігі зат алмасу бұзылуына, улануға душар етуі
мүмкін.

1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1.Ауадағы механикалық қоспалар
Ауада әр уақытта шаңтозаңның аздыкөпті мөлшері кездеседі. Ауа шаңының
және басқа қоспалар ерекшелігі олардың бөліктерінің тез қонуға деген
қабілеті бар тозаң болып табылады. Шаң негізінде жеңілқатты бөлшектер
түрінде кездесіп, минералдық немесе органикалық шығу тегімен сипатталады.
Атмосфераның төменгі қабатының ауасындағы шаңның шоғырлануы 0,2525 мг м3
аралығында. Зерттеулер нәтижесінде мұхит үстінде әрбір см бетте 100 шаң
бөлшегі кездессе, ал қалаларда 100 мың данаға дейін кездесетіні анықталған.
Көп шаң ауада қатты желде, дауылда, орман өртенгенде, өнеркәсіптік және
энергетикалық кәсіпорындар жұмысының салдарынан пайда болады. Өнеркәсіп
орындарының шаң түріндегі қалдықтарында өте майда минералдық (кремний,
барий, темір тотығы, күшәлә) және өсімдік бөлшектері мен тозаңы кездеседі.
Мысалы, Арал теңізінің құрғауы бүкіл Орта Азияда құрғақ желдің және шаңды
дауылдың пайда болуына себебі болып отыр.
Мал қораларының ауасындағы шаң жемшөп тарату, төсеніш төсеу, оны
жинау, малдың әсіресе құстың орнын ауыстырғанда көптеп жиналады. Олар
органикалық, минералды және аралас шаң болып бөлінеді. Минералды шаң
қорадан тыс жерде (топырақ бөлшегі, кварцты, әкті және т.б.) болады.
Мал қорасы ауасындағы шаң құрамы бір тәуліктің ішінде жемшөп таратуда,
азықтандыру мен желдету жүйелері, қи және саңғырық жинау әдістеріне
байланысты күрт ауытқып отырады. Кейде сусымалы жемді еденге салып бергенде
немесе жемді жоғарыдан шашып берген кезде ауадағы шаң аса көп мөлшерде
көбеюі мүмкін. Шаң мөлшерінің өсуі азықтандыру (4,3 мгм дейін) және қораны
тазалау (4,3 мг м дейін) кезінде көбейетіні байқалған.
Мал және құс қораларында шаң мөлшері ауаның әр текше метрінде 0,5
мгнан 6 мг аралығынан аспауы керек.
Шаңның мал организміне әсері. Шаң теріге, көзге, тыныс ағзаларына
тікелей әсер етеді. Ол көп болған жағдайда теріге түскенде термен, май
бездері бөлген маймен, эпидермистің өлі клеткаларымен және
микроорганизмдермен қосылып малды тітіркендіріп қышындырады, қабындырады.
Соның салдарынан терінің бөлу және жылу реттеу қызметі мен сезгіштігі
бұзылады, дерматит, пиодермия, бөртпелер, тағы басқа аурулар өршиді.
Көздің кілегей қабығына түскен шаң конъюнктивит, кератит (көз етінің
қабынуы) тудырады. Шаңның кезкелген әсері тек оның мөлшеріне, шығу тегіне
ғана емес, оның бөлшектерінің мөлшеріне де байланысты. Қазіргі уақытта шаң
деп мөлшері 0,1 мкм дейінгі бөлшектерді, ал одан кіші бөлшектерді түтін деп
атайды. Оның бөлшектерінің мөлшері 0,25 мкм аралығында болса өте қауіпті.
Мұндай шаң бөлшектері өкпеге, тіпті альвеолаларына дейін оңай өтіп, тез
қонады (6080 пайыз). Ал ірі, яғни 5 мкмден 10 мкмге дейінгі мөлшердегі шаң
негізінде үстіңгі тыныс жолдарында (6080 пайыз) кідіреді, ал 10 мкмден
ірілері жоғары тыныс жолдарында қалады да, жөтелген, түшкірген кезде
біртебірте сыртқа шығады. Шаң бөлшектері тыныс жолдарына түсіп, танау,
жұтқыншақ, кеңірдектің кілегейлі қабықтарын тітіркендіріп жаралайды.
Сөйтіп, инфекция қоздырғыштарының енуіне жағдай туғызып, катаралды (қабыну)
процестердің жіті және созылмалы түрлері пайда болып, өршуіне мүмкіндік
береді.
Эксудат бірнеше мәрте пайда болып, өзінен өзі керісінше тарап тартылып
кетіп отыруы мүмкін. Соның салдарынан альвеола қабырғалары қалыңдап,
қанталап альвеолит, бронхиолит пен периобронхиолит сияқты процестер өршиді.
Тыныс жолдарына терең енген майда шаң фагоцитозға ұшырайды.
Фагоциттер шаң бөлшектермен (кварц, көмір, әк және т.б. шаңы) қосылып,
альвеолаларда, альвеолааралық қандарда, ұсақ лимфа түйіндері мен лимфа қан
тамырларына өте мол жиналады. Олар жинақталып тіршілік ету қабілетінен
айырылған жерлерде байланыстыру ұлпасы өседі. Сол ұлпа біртебірте
қыржымдалып, тыртық тәрізденіп бітеді де, қан тамырларын қысады. Соның
салдарынан бір орында ателектаза, екінші бір орында эмфизема пайда болып,
ақырында тыныс қызметі бұзылады. Бұл тыныс алудың өзгеріске түсіп, түншығу
құбылысының пайда болуына әкеп соқтырады. Осылайша пневмокониоз, өкпе
фиброзы пайда болады.
Мал арасында өкпе силикозы ауада кремний шаңы көп болғаңда жиі
кездеседі. Ал өкпе фиброзы құрамында асбест және кремний қос тотығы
(диоксиді) бар шаңды мол жұтқаннан болады. Ол қойда кең тараған, ірі қара
мен шошқада сирек кездеседі. Силикоз кезінде өкпе ұлпасының кейбір жерлері
байланыстыру ұлпасымен ауыстырылып, өз функцияларын жоғалтады.
Шаңның жанама әсеріне келетін болсақ, оның әсерінен ауада атмосфераның
мөлдірлігі (тұнықтылығы) төмендегендіктен қорада табиғи жарық азаяды.
Шаңданған атмосферада табиғи ультракүлгін радиацияның қарқындылығы
төмендейді. Атмосферада шаң көп болған сайын, соншалықты температура да
төмендейді, ал жазда оның әсерінен 10°С дейін төмендеуі мүмкін. Шаңның
көптігі ауадағы будың суға айналуының себепкері болып, жауыншашын да
тудырады. Сонымен бірге шаң өсімдікке кері әсер етіп, жеңіл иондар санын
азайтады, тұман мен бұлт пайда болуына мүмкіндік жасайды. Мұңдайда, шаң
майда аэрозоль күйінде болып, бөлшектерінің көлемі 10 мкмден 0,1 мкмге
дейінгі аралықта ауытқиды. Аэрозольдың шаңнан айырмашылығы тұрақты
динамикалық коллоидты жүйеде бола тұрып, өте жай шөгуінде. Сондайақ,
олардың тағы бір ерекшелігі беткейі кең көлемге салмағына қарай орналаса
алатын қасиетінде жатыр.

1.2.Ауа микроорганизмдері
Атмосфера микроорганизмдердің өніпөсуіне қолайлы орта емес. Мұнда
бактериялар кеуіп қалады немесе күн сәулесінің бактерицидті әсеріне
ұшырайды әрі қоректік заттар да жоқ. Ауаға микроорганизмдер көбінесе
топырақтан, судан, мал мен адамнан барып тарайды. Олар шаңға араласады
(қатты аэрозольдар) немесе тамшыға қосылады (сұйық аэрозольдар). Сөйтіп,
олар бірнеше минуттан 24 сағатқа дейін ауада болады. Олар ауа ағынымен
түрлі қашықтыққа тарайды, шаңмен, тамшымен бірге қонады. Субстраттан тыс
ауада бос, бөлектенген микроорганизмдер аз. Микроорганизмдердің ауадағы
құрамы метеорологиялық факторлармен тығыз байланысты. Желді күндері ауадағы
микрофлора саны көбейсе, жауынды күндері керісінше атмосфера тазарады.
Жылдың салқын маусымдарында ауа микроорганизмдермен аз ластанады.
Биіктеген сайын да олардың саны күрт кемиді.
Мал қоралары ауасының микрофлорасы. Мал қоралары ауасында сапрофитті
микроорганизмдердің де, шартты патогенді микроорганизмдердің де, кейде
патогенді микроорганизмдердің де жетілуіне жағдай баршылық. Мәселен, оған
ең алдымен температураны, ауаның ылғалдылығы мен өте шаңдануын,
ультракүлгін сәулелердің жоқтығын және тар жерге шамадан көп малды
күтіпбағуды жатқызуға болады. Малдың тіршілік ететін ортасында микробтардың
саны қарқынды микробиозм деп атайды. Оны микробиозбен шатастыруға болмайды.
Ал микробиоз дегеніміз нақты шектелген кеңістіктегі микроорганизмдердің,
кәдімгі ассоциациясының болуы және микробтардың бірбірімен тепетеңдігі.
Мысалы, ауаның температурасы 0°Стан 10°С дейін көтерілгенде қоражай
ауасындағы бактериялар құрамы бірнеше (23) есе артады. Ауаның температурасы
одан әрі көтерілгенде микроорганизмдер саны 5 есе, тіпті одан да астам
көбейеді. Ауа ылғалдылығы артқан сайын бактериялардың көбеюге деген
қабілеті жақсы сақталады. Құрғақ ауада (салыстырмалы ылғалдылығы 4060
пайыз) микроорганизмдердің біраз бөлігі жойылады немесе жетілуі нашарлайды.

Көптеген аурулардың, әсіресе тыныс жол ауруларының (респираторлық)
қоздырғыштары ауа арқылы, көбінесе оның конвекциялық ағымымен тез тарайды
да, қорадағы малға аса қауіп туғызады. Мысалы, құс қорада бір балапан
ларинготрахеитпен ауырса болды, ауру бүкіл құсқа тарайды. Індетті құс
ларинготрахеиттің вирусы ауаға тек аурудың клиникалық белгісі бар кезінде
ғана емес, сонымен бірге симптомсыз кезінде де,тіпті инкубациялық кезеңінде
де тарай береді. Бұл қоздырғыштардың респираторлық жолмен тарайтыны барлық
ауруларға тән ортақ жағдай. Аурулардың аэрогендік жолмен тарауы (туберкулез
және т.б.) мал көп шоғырланған (құс фабрикалары, өнеркәсіп кешендері)
жерлерде аса жиі кездеседі.
Жабық мал қоралары ауасының микроорганизмдері түрі, құрамы бойынша
негізінен сапрофиттер болып келеді. Мұнда кокктар, саңырауқұлақтар
споралары (аспиргилдер, пеницилдер, мукорлар) көп болады. Сиыр
қоражайларының 1 м3 ауасындағы микроорганизмдер саны 12100 мыңға дейін,
шошқа қораларында 25150 мыңға дейін, ал құс қораларында 50200 мыңға дейінгі
аралықта ауытқып отырады.
Олардың құрамы, көбінесе сол қоражайдың құрылысын салғанда,
жабдықтарын құрғанда, оны пайдалану кезінде санитариялықгигиеналық
талаптардың мұқият сақталғанына, желдету, канализация жұмыстарының
сенімділігіне, технологиялық тәртіптердің және т.б. сақталуына байланысты.
Бұл талаптар қатаң сақталмайтын қоражайлардың ауасы, әсіресе гемолитикалық
стрептококк (2,4 мыңға дейін), ішек таяқшалары тобының бактериялары (1м3
100ге дейін және одан да көп), іріңдегіш көкшіл таяқшалар, пастереллалар,
стафилококктар секілді шартты патогенді бактериялар да және басқа да
бактериялар түрлерімен ластанады. Бұзау мен торайлардың асқазанішек және
өкпе, соның ішінде тыныс жолы аурулары мен көп факторлы деп аталатын басқа
ауруларға шалдығуына шартты патогенді бактериялар мен вирустар себепші
болады. Қоражайлардың ауасында шартты патогенді және патогенді емес
микроорганизмдер құрамының артуына жоғары температура мен желдетудің аздығы
мүмкіндік жасайды. Балапан өсірілетін қоражайларда микроорганизмдердің,
соның ішінде микрококктардың, энтерококктардың және саңырауқұлақтардың
жалпы саны 1 м3 ауада нормадан 1,52 есе және одан да астам болса, 56 күндік
бройлердің орташа массасы 0,46 кг кемиді. Мұндай қораларда бройлердің (ет
тауығы балапанының) қан үлгілерінің гемаглютинация титры 4 есе жоғары
болады.
Ауаның аэрозольдармен ластануына қарсы шаралар. Мал қоралары ауасының
ластануына қарсы күрес және шаруашылықтар территориясының ауасын қорғауға,
ауаны тазартуға, зарарсыздандыруға бағытталған жалпы шаралар мен жеке
шешімдер жатады. Шаралардың бірінші тобына малды күтіпбағу мен
азықтандырудың барлық ветеринариялықсанитариялық және зоогигиеналық
нормалары мен ережелерін қатаң сақтап, дер кезінде орындау, қолайлы
микроклиматтың қалыптастыру жұмыстарын үздіксіз және нақты ұйымдастыру, көң
шығару, қоражайды мұқият тазартып, дезинфекциялау, сусымалы азықпен малды
белгілі бір ережеде сақтап азықтандыру жатқызылады.
Малды көп қатарлы клеткаларда ұстаған кезде қоражайлардың қатты
шаңдалып, микробтардың шоғырлануына қарсы тиімді күресу үшін
желдеткіштердің көмегімен бұзылған ауаны ығыстыра отырып, тікелей клеткалар
мен батареяларға берілетіндей етіп қондырылады. Сонымен бірге, желдету
арқылы ауаны жасанды иондармен байытуға да болады (Г.К.Волков, 1987),
мұндай қоралардың шаңы 34 есе, ал микроорганизмдер саны 35 есе азаяды. Бұл
кезде қораны мал тұрған кезде де аэроиондай беруге болады.
Шаруашылықтар территорияларының ауа бассейнінің ластану дәрежесін
азайту үшін қораның бүйір қабырғасы жел өтіне қарсы салынады, санитариялық
аралықтар, соның ішінде елді мекендер арақашықтықтары сақталуы тиіс,
қораның лас ауасын аэродинамикалық аймақ құру мақсатына есептелген
биіктікке жоғары қарай шығару керек. Сондайақ ауа тасқыны жиналатын орын
дұрыс анықталып, желдеткіш камералары ғимараттың бүйір жағына
орналастырылады. Мұндай жағдайда зиянды газдар мен микрофло ралардың
жиналуы қоражайлар үшін 20 пайыздан аспайды. Осылайша сору
желдеткіштерінде, көбінесе, қорғаныш күнқағарлар, төмен қарай иілген
трубалар орнатылады. Сонда лас ауаның таралуы 25 есе кемиді.
Ауа бассейнінің шаңмен және микробпен ластануын төмендетудің тиімді
шараларының бірі талағаштардан айналдыра қорғаныш алабын отырғызу. Кейбір
талағаштар мен бұта тектес (бәйтерек, емен, мойыл, самырсын, арша, сирень)
микробтарды жоятын қасиеті бар аса ерекше химиялық заттар фитонцидтер
түзеді. Қоралар арасында ағаш кемінде екі қатардан отырғызылады. Көң
сақтайтын орындар мен тазарту құрылыстарының айналасына да бұта ағаштар
егіледі, ал мал фермалары айналасының топырағының беткі қабаты көп жылдық
шөп немесе бұталар отырғызылып бекітіледі.
Қоражайлардан шығарылатын ауаны тазарту және зарарсыздандыру
тиімділігін 99,97 пайызға дейін қамтамасыз ететін СП 615 маркалы ЛАИКке
жинақталған КД май сүзгісімен немесе ФПП 1530 май сүзгімен жүргізіледі.
Электр сүзгілер де қолданылады. Осы мақсат үшін сору клапандарына ауа
иондағыш, тасқынды камераларға ДБ60 типті бактерицидті шам қондыруға да
болады.

1.3.Шу және оның мал организміне әсері
Шу дегеніміз әртүрлі дыбыстар үйлесімі. Қоражайдағы шуға қажетсіз,
тәртіп жүйесі жоқ әртүрлі дыбыстар жатқызылады. Шудың организмге әсері оның
қатты шығуына және күшіне байланысты. Шудың өлшем бірлігі Втм2. Дыбыс күші
амплитуда ұлғайған сайын, өсе түседі. Бұл кезде паскальмен Па (Нм2)
өлшенетін дыбыс қысымы да өседі. Дыбыс қысымы ұлғайған сайын, дыбыстың
қаттылығын сезу де күшейеді.
Дыбыс қарқындылығын өлшеу үшін дыбыс қысымының логарифмдік шкаласы
өлшем бірлігі децибел (дБ) жасалған. Әуелгіден нольдік деңгейден 12,4 пайыз
артық дыбыс қысымы 1 дБ дыбыс күші деңгейі деп аталады. Адамның құлағы
әлсіз күштілігі бойынша екі дыбысты, онда да олар күш деңгейі бойынша
бірбірінен 1 дБ, яғни 12,4 пайыз айырмашылығы болса, ести алады. Естілу
диапазонына дыбыс күшінің 0ден (әуелгі естілуі) 140 дБге (барынша естілуі)
дейінгі деңгейі жатады. Дыбыс қысымы деңгейінің әрбір 10 дБге ұлғаюы
дыбыстың әлсізкүштілігінің шамамен 2 есеге ұлғаюына сай келеді.
Үй жануарларының есту анализаторының сезімталдығы әр түрлі және ол
дыбыстың күштілігіне, т.б. факторларға да байланысты жай. Иттер 38ден 80000
Гцке, қой 20дан 20000, жылқы 100ден 1025 Гцке дейінгі аралықтағы ауытқуды
қабылдай алады. Ірі қара өте жақсы естиді.
Дыбыс энергиясының уақытқа байланысты бөлінуі бойынша шуды бірнеше
бөлікке бөлуге болады: тұрақты және импульсты деп. Тұрақты шу дегеніміз
деңгейі уақытпен ең әрі кеткенде 5 дБ өзгеретін шу. Импульсті шу деп
жекеленген соққы дыбыс естілуді атайды.
Бүгінгі мал қоражайларда шуды малдың өзі, технологиялық жабдықтар:
атап айтсақ жемшөп дайындап, тарататын, көң жинап, қи шығаратын, қоражайды
желдететін, сиыр сауатын машиналар мен механизмдер шығарады. Сыртқы (тегі
бойынша) шулар да (мал қораларының астына немесе аэродромға, темір жолға,
т.б. жақын салынса) олардан кем соқпайды.
Шудың әсерінен сиыр организмінде айтарлықтай физиологиялық өзгерістер
болады: тынысы тарылып, тамыр соғысы жиілейді, оттегін пайдалануы және жылу
өнімінің деңгейі төмендейді, күйсеу және қарынның жиырылу жиілігі,
сүттілігі кемиді. 60 дБден 120 дБге дейін шу тауықтың жұмыртқалағыштығын,
шошқа мен ірі қара төлінің қосатын салмағын төмендетіп, олардың дене қызуын
көтереді, эритроциттер мен гемоглобиндер мөлшерін азайтады.
Өндірістік шулар организмнің шартты рефлексті қызметін нашарлатады,
мал мен құстың өнімділігі мен денсаулығына кері әсер етеді. Мал үшін шу
деңгейінің қарқындылығы 6570 дБден аспауы тиіс.
Шудың аса бір қатерлі зардабы ұйқыны қашырады. Мал аштықтан гөрі
ұйқыға шыдай алмайды. Ұйқыдан айырылған иттер аштықтан гөрі бірнеше есе
тез, яғни 45 тәулікте өліп қалған.
Мал фермаларының акустикалық фоны әлі де болса барынша зерттеле қойған
жоқ. Әйтседе жемшөп тасығыш механизмдерде моторы 1 м қашықтықта жұмыс
істеген кезде 84 дБ шу, ал қи шығаратын шөмішті "Беларусь" тракторы осындай
қашықтықта 98 дБ шу, ал УДТ8 тандем сауу қондырғысы 7578 дБ шу шығарады.
Шуды азайтқанда адам қамын ойламаса да болмайды. Өйткені, шу әлгі
айтқан көрсеткіштен асса адамға да, сол малды бағатын, сауатын, т.б.
жұмысшыларға да зиян. Сондықтан да мал қоражайларында аппараттарды осы
шамаға қарай реттеп, шуды басу жағын қарастыру керек. Сыртқы шуды
қоражайдың жанжағына егілген ағаштар мен бұталардың өзі жібермейді.

1.4.Ауаның газдық құрамы
Ауа деп атмосфераны құрайтын газдар қоспасын айтамыз (2.13.1.).
Тропосфераның төменгі қабатындағы ауаның орташа құрамы тұрақты және белгілі
көлеммен, салмақтық пайызбен белгіленеді. Жоғарылаған сайын ауаның сиреуіне
байланысты әр бір газдың құрамы мен мөлшері және оның парциалдық қысымы
төмендейді. Мысалы, оттегінің шоғырлануы теңіз денгейінде 229 гм3 болса,
15 км биіктікте шамамен 15 гм3, парциалдық қысым тиісінше 21,3 және 2,5
кПа (160 және 8,0 мм). Орта өнімді сиыр 1 сағат ішінде шамамен 2,5 м ауа
пайдаланады.
Азот (N). Азоттың атмосфердаға түсуінің негізгі көзі - қазба отындарын
жағу болып саналады. Азоттың парциалды қысымы - 80 кПа. Оның негізгі маңызы
оттегіні араластыруында. Азот қатысса оттегінің парциалдық қысымының
артықтығынан болатын оның улылық әсері азаяды. Қысым жоғары болған жағдайда
ол наркотик сияқты әсер етіп, жүйке-бұлшық ет координациясын бұзады. Азот
көптеген өсімдіктерге қорек көзі болып табылады. Азот өсімдік пен жануарлар
белоктарынын құрамына кіреді.
Оттегі (О2) - ауадағы тіршілік үшін ең маңызды газ. Оның ашық
атмосферадағы құрамының ауытқуы шамалы. Оттегі барлық өсімдіктер мен
жануарлар организмдерінің құрамды бөлігі әрі топырақта, гидросферада
жүретін барлық химиялық реакцияларға қатысады. Егер ол жетіспесе
жануарлардың барлық ағзаларының қызметі бұзылады. Ауа температурасы
көтерілгенде (35-40°С) және оның ылғалдылығы молайғанда ауада оттегінің
парциалды қысымы төмендейді (21,3-тен 18 кПа-ға дейін). Бұл жағдайды ауру
малды, мол өнімді мал мен құсты баққанда ескеру керек. Оттегінің негізгі
көзі - көк өсімдіктер. Организмде зат алмасудың жоғарылауы оның шығынының
артуына әкеп соғады. Оттегінің жетіспеуі (гипоксия) парциалдық қысым 16 кПа
кезінде және тауға - 3000 м биіктікке көтерілгенде байқалады. Ал биік таулы
жерде өсіп бейімделген арқар, тау ешкі және қодастар оттегінің одан да
төмен парциалды қысымына (13 кПа) төзімді келеді. Биік таулы жағдайға
бейімделу (оттегінің төменгі парциалды қысымына) механизмі қандағы
гемоглобин мен эритроцит мөлшерінің көбейтуінде және ұлпа-лардағы кейбір
ферменттерінің синтезінің жеделдетуінде жатыр, өйткені соңғылары
тотықтандыру процесін өршітеді. Оттегінің 6 пайызға дейін төмендеуі өлімге
душар етеді.
Оттегі таза күйінде улы әсер етеді. Оның себебі құрамында SH -
группасы бар ферменттердің немесе коферменттердің тотығуымен байланысты.
Мұндай жағдайда ұлпа мембранасы зақымданады да, таза оттегімен 1-2 сағат
тыныстаған мал өкпесінде ателектаздар пайда болады, ұсақ кеңірдекшелер
бітеледі, 24 сағаттан соң өкпе ісінеді.
Орта есеппен малға керекті оттегі мөлшері мынандай (млкг салмағына):
тыныш тұрған жылқы - 253, жұмыс кезінде - 1780, сиыр - 328, қой - 343,
шошқа - 392, тауық - 980 керекті оттегі мөлшері малдың жасына, жынысына,
организмнің физиологиялық жағдайына байланысты.
Озон (О3) - оттегінің динамикалық изомері. Озон күшті тотықтырғыш
болып табылады.Стратосфераның төменгі қабатында озон атомдық және
молекулалық оттегіден түзіледі. Озон атмосфе-радағы электрлік ыдырау
кезінде және ультракүлгін сәулелерінің әсерімен су буға айналғанда пайда
болады. Оның өте көп шоғырлануы күн күркіреген кезде орманда және теңіз
жағалауында байқалады. Ауа құрамында 0,01-0,06 мгм3 мөлшерінде шоғырлан-
ғанда озон тыныс алу органдары, жүрек-қан тамыр және ас қорыту жүйелеріне
жақсы әсер етеді. Лас ауада озон болмайды. Мұндай жағдайда ол органикалық
заттарды дереу тотықтандыруға жұмса-лады. Сондықтан да озон барда ауа таза
деп есептеуге болады. Озон 0,1 мгм3 мөлшерде тыныс жолдары мен көздің
кілегей қабықтарын тітіркендіреді, ал өте көп болса - улы. Бұл газ ауаның
тазаруы үшін пайдалы. Жер бетінен 20-25 км
биіктікте ғарыштық және залалды ультракүлгін сәулелерін жерге жібермейтін
озонның 3 см қалың-дықтағы қабаты орналасқан. Озонның осы қабаты бұзылса
барлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу және оның мал организміне әсері
228 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
3-4 айлық 100 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайын зерттеу
3-4 айлық 100 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
Жамбыл облысындағы 228 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
Малды жазда бағып-күту гигиенасы
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
20-60 күндік 360 бас бұзау қорасының желдеткіш режимін оңтайландырудың есептік режимдрі
6-8 айлық бұзауларға арналған қораның желдеткіш режимін оңтайландырудың есептері
Сиыр қораларын жобалау
Пәндер