3-4 айлық 100 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы



КІРІСПЕ
1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1. Мал қора ауасындағы зиянды газдарды
азайту шаралары
1.2.Мал қора ауасын санитариялық гигиеналық
бағалаудың негіздері
1.3. Атмосфералық ауаны қорғау
1.4.Бұзаулату гигиенасы, қойылатын гигиеналық талаптар мен.микроклимат көрсетекіштері
1.5.Бұзауларды сүт ему мезгіліндегі ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсетекіштері
2.ЖЕЛДЕТКІШ АУАНЫҢ САҒАТТЫҚ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕП ШЫҒАРУ
2.1.Қажетті формулалар
2.2.Өзіндік зерттеулер
2.3.Қорадағы желдеткіш бойынша негізгі мәліметтер
ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Зоогигиена — мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon — жануар және hygieinos — сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану (эксплуатация) әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды. Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды. Сыртқы немесе қоршаған орта — бұл жануарды қоршаған ауа, су, топырақ, азықтар мен ғимараттар. Қоршаған орта ағза үшін пластикалық (құрылыс), энергетикалық және ақпараттық материалын алу көзі болып табылады. Қоршаған орта мен ағзаның бірлігі олардың арасында үздіксіз өтетін зат және энергия алмасу үрдісімен нақтыланады. Сыртқы орта факторлары ағзаға тікелей және жанама: тыныс алуға, қоректенуге, жылу реттелуіне әсерін тигізеді. Сондықтан сыртқы орта факторлары тірі ағза үшін патогенді болып табылуы мүмкін. Мысалға, ауаның төменгі температурасында және суық су ішкенде суық тиюі мүмкін; ауру туғызатын ағзалармен зарараланған ауа, су және азық жануарларда жұқпалы және инвазиялық ауруларды туғызуға жағдай жасайды; ауа, су және азықтың химиялық құрамының сәйкессіздігі зат алмасу бұзылуына, улануға душар етуі мүмкін.
1. Гершун В.И., Муслимов Б.М. Ветеринарная гигиена. Учебное пособие.Алматы,Қайнар, 1994.
2. Храбустовский И.Ф., Демчук В.М., Онегов А.П Практикум по зоогигиене. Уч.пособие Москва, Колос, 1984.
3. Мырзабеков Ж.Б. Сагындықов Қ.А. және т.б. Ветгигиена. Лабораториялық-практикалық сабақтардың методикалық нұсқаулары. Алматы, 2005
4. Кузнецов А.Ф., Демчук М.В и др. Гигиена сельскохозяйственных животных. Книга 1,2. Москва: Агропромиздат, 1991.
5. Мырзабеков Ж.Б., Сағындыков Қ.А. және т.б. Жалпы зоогигиена. Оқу құралы. Алматы, 1992.
6. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш. Ветеринариялық гигиена. Алматы, 2005 жылдары. Шетелдегі және ТМД елдеріндегі жылқы өсірудің озат тәжірибесі.
7. Волков Г.К. и др. Ветеринарно – санитарные и зоогигиенические проблемы промышленного животновдство. М., Колос, 1979.
8. Волков Г.К. Зоогигиена и ветеринарная санитария в промышленном животноводстве. М., Колос, 1982.
9. Волков Г.К., Репин В.М. и др. Зоогигиенические нормативы для животноводческих объектов. М., Агропромиздат, 1986.
10. Испенков А.Е., Сапего И.П. Зоогигиенический и санитарный режим на фермах и комплексах. Минск, Урожай, 1984..
11. Кондратьева М.И., Кельдюшева И.Я. Микроклимат на животноводческих фермах и комплексах. Алматы., Кайнар, 1983.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зоогигиена — мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның
атауы грек сөздерінен алынған: zoon — жануар және hygieinos — сау деген
мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік
шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау
және пайдалану (эксплуатация) әдістерін жасап шығарады, жағымсыз
факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс
жасайды.  Ауыл шаруашылығы жануарларының
денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да
болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір
біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау
қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-
жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық
физиология деп атайды. 
Сыртқы немесе қоршаған орта — бұл жануарды қоршаған ауа, су, топырақ,
азықтар мен ғимараттар. Қоршаған орта ағза үшін пластикалық (құрылыс),
энергетикалық және ақпараттық материалын алу көзі болып табылады. Қоршаған
орта мен ағзаның бірлігі олардың арасында үздіксіз өтетін зат және энергия
алмасу үрдісімен нақтыланады. Сыртқы орта факторлары
ағзаға тікелей және жанама: тыныс алуға, қоректенуге, жылу реттелуіне
әсерін тигізеді. Сондықтан сыртқы орта факторлары тірі ағза үшін патогенді
болып табылуы мүмкін. Мысалға, ауаның төменгі температурасында және суық су
ішкенде суық тиюі мүмкін; ауру туғызатын ағзалармен зарараланған ауа, су
және азық жануарларда жұқпалы және инвазиялық ауруларды туғызуға жағдай
жасайды; ауа, су және азықтың химиялық құрамының сәйкессіздігі зат алмасу
бұзылуына, улануға душар етуі мүмкін.
Ірі қара малдарына арналған қоралар мен олардың ішкі
технологиялық процесстердің жабдықталуы тек мал басы мен олардың
физиологиялық ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, оларды ұстау
тәсілдеріне де қатысты болады. Сондықтан мал басына тиісті қораларды
жобалап салу кезінде пайдаланатын технологиялық процесстердің негізіне және
ұстау жүйелеріне сүйеніп малдардың денсаулығын сақтап, өнімін
төмендетпейтін жағдай туғызу қажет. 
1. Ірі қара малын тұрғызып байлап ұстау кезінде салынатын
қоралар үнемді (экономды) және барлық қаралатын технологиялық процесстерді
жүргізуге қойылатын талаптарға сай болуын қадағалайды. Мұндай қоралардың
құрлыстық шешімдері және инженерлік жабдықтары ондағы микроклиматты қалыпты
жағдайда ұстап тұруға мүмкіндік туғызатын болуға тиіс. Малдарды тұрғызып
байлап ұстайтын қоралардың ішіне тұрақтарды орналастыру қатар санына
байланысты екі тұрақты біріктіріп бір азық, немесе көң жолдарын қалдырады.
Қораларды жылыланған және желдетілген шатырлы немесе шатырсыз бір қабатты
қылып, жергілікті арзан құрылыс материалдарынан тұрғызады. Сиыр қораларын
ішкі технологиялық жабдықтарды орналастыруға бөгет жасамайтындай, яғни ауа
алмастыру, көң шығару, азық тарату құрылымдарына қолайлы, керек кезінде
жаңа технологиялық процесстерді кіргізуге жеңіл болу үшін ауыр бағаналарсыз
салу керек. 
Сиырды байлап тұрғызып ұстауға арналған қоралардың едендерін тұтас немесе
жартылай төркөзді қылып жасайды. Тұрақтардағы едендердің материалдарының
жылу сіңіргіштік коэффициенті 12 ккалм²сағград жоғары болмауы керек.
Егер бұл көрсеткіштен артық болса, мал денесінен артық жылу тарап, еденді
жылтуға шығындалады да, сиыр организмінің суыққа ұрынып, төзімділігі
азайып, өнімінің төмендеп, азық шығымының артуына апарып соғады. Мысалы,
ағаш едені мен бетон еденінің жылу өткізгіштігің әртүрлі болуының
салдарынан 100 ккалсағ жылу артық жұмсалады, яғни ол 2 л сүттің
коллориясына пара-пар болады. Сондықтан айтылған болар, ірі қара малдары
астынан жүдейді деген сөз. Оларды байлап тұрғызып ұстаған кезде көбінесе
тақтай едендерді пайдаланады. Өйткені тақтайдан жасалған едендер жылы,
құрылымы қыйын емес, таза, бетон сыяқты тұяқты жемейді. Бірақ сыртқы
әсерлерге шыдамсыз, әсіресе дезинфекциялық химиялық заттарға төзімсіз, тез
тозып, шірігіш келеді. Өте ылғалды болса тайғанақ болып, малдардың
мертігуіне де себепші болады. Ағаш материалдардан еден жасау үшін алдын ала
10 % креозот майының ертіндісімен өңдеп және екі қайтара ыстық қара май
(смола) ертіндісімен жабады. Тақтайдың үстінгі бетін үстіріктеп, тегістеп
және пайдаланудан 10 күн ерте үстіне сөндірілген хлорлы әкі сеуіп қояды.
Мұндай еден төзімді болып ұзаққа шыдайды, хлорлы әкі мен кеуекті тесіктері
бітеледі де, бойына сұйық аз сіңіріп, шірімей тазалауға қолайлы болады.

1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1. Мал қора ауасындағы зиянды газдарды
азайту шаралары
Шаруашылықтардағы мал өсіретін Қора-жай ауасын зерттеген кездегі
көптеген мәлімет анықтамалар бойынша егер малды күтіп-бағу жұмысы жақсы
ұйымдастырылып, күнделікті өте сапалы төсеніштерді (қамыс, сабан, ағаш үй,
там) пайдаланып ондағы шығарынды құбыр және желдегілу жүйелері жақсы жұмыс
істесе, онда Қора-жай ауасында әртүрлі улы газдар: аммиак, күкіртті сутегі,
көмірқышқыл газы болмайды. Мал Қора-жайының ауасында үлкен көлемде
көмірқышқыл газы, аммиак және күкіртті сутегі қосындылары болуы осы мал
Қора-жайы тазалығының өте төмен екендігінің көрсеткіші.
Мал Қора-жайы ауасының құрамын жақсарту үшін ондағы үлкен көлемдегі
көмірқышқыл газын төмендету, онда аммиак пен күкіртті сутегінің жиналуын
жою мен алдын алу шараларын жүргізеді. Зиянды газдарды азайту үшін мал
төсеніштерін күнделікті ауыстырып тұру керек немесе қалың қамыс (сабан)
немесе ағаш ұнтағы сияқты төсеніштерді пайдалану, мал жататын орынның
тазалығын сақтау, жөнделген, жақсы жұмыс істейтін құбыр және желдету
жүйесін пайдалану (малды Қора-жайда дұрыс, қысылыспайтындай орналастыру).
Әсіресе, еденнің ешқандай саңылаусыз және еден астында кеңістік қалмауына
ерекше көңіл аударады, себебі еден асты саңлауынан кіретін аммиак қосындысы
Қора-жай ауасын 80 есе немесе одан да жоғары дәрежеде ластауы мүмкін
(В.М.Печуган). Ал малды байлап өсіретін Қора-жайдағы ауада аммиак
жиналуының алдын алу үшін төсенішке суперфосфат (1 кг суперфосфат 2,5 кг
төсеніш материалға) қосу ұсынылған, осының нәтижесінде ол ауадағы аммиакты
қосып алып, байланыстырып, қиды азотпен байытып, оның сапасын жақсартады.
Мал қораларына жақын орналасқан көң жинайтын (қабылдайтын) орыннан
аммиак, күкіртті сутегі және ішектік газдар түспеуі үшін құбыр жүйесіне
гидравликалық қақпалар орнатады.
Ал жылытылатын мал Қора-жайы (құсхана) ауасында көміртегі тотығы
кездесуі ол пеш және жылыту құралдарының жөндеу керектігін көрсетеді.

1.2.Мал қора ауасын санитариялық гигиеналық
бағалаудың негіздері
Мал Қора-жайының ауа ортасы өзінің физикалық қасиеті мен құрамы
жағынан әрқашанда бірдей емес. Ол оның құрылысы, орналасқан сапасы, оның
санитариялықтехникалық жабдықталуы, кубатурасы және ауданы, сонымен қатар
онда малды ұстау тәсіліне байланысты ауаның физикалық қасиеті және химиялық
көрсеткіштері оның газдық құрамы көп немесе аз болса да өзгеріп тұрады. Мал
Қора-жайының ауа ортасының физикалық және химиялық көрсеткіштері
мүмкіндігінше шекті оптимальды көлемде ауытқып отыруы қажет.
Қора-жай ауа ортасын белгілі бір оптимальды деңгейде ұстау және сақтау
үшін оны объективтік көрсеткіштері бойынша бағалайды. Ауа ортасын бағалау
үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштерге: температура, ылғалдылық, ауа
қозғалысының жылдамдығы, көмірқышқыл, аммиак, күкіртті сутегі, сонымен
қатар Қора-жайдың табиғи жарықталынуы жатады. Мысалы, көмірқышқылының шекті
концентрациядан жоғарылауы Қора-жайдағы ауа алмасуы және ішкі тәртібін
(режим) бағалауға мүмкіндік береді, ал аммиак пен күкіртті сутегінің
нормативті концентрациядан жоғарылауы Қора-жай ауасының малға қауіпті
екендігінің тікелей көрсеткіші немесе өлшеуіші бола алады. Қорытындылай
келе ауа жағдайын бағалауда ондағы көмірқышқыл газы, аммиак және күкіртті
сутегін анықтаудың маңызы өте зор.
Мал Қора-жайының ауа ортасын гигиеналық тұрғыдан бағалағанда негізгі
және шешуші мәні: температурасын анықтау, салыстырмалы ылғалдылық және ауа
қозғалысының жылдамдығын тексеруге байланысты.
Температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығының организмге жекелей
емес үшеуі бірлескен түрде әсер етуіне байланысты мал жағдайын дұрыс
бағалау осы үш фактордың суммарлық әсеріне байланысты шешіледі. Адам өзін
жақсы сезінуі үшін бір уақыт бірлігінде қанша жылу жоғалтса, сонша жылу
өндіруі керек. Температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығының
дұрыс деңгейлері бірдей. Жылжымалы микроклимат зертханасы (ПЛМ 1)
жылу сезіну әсерін көрсетеді және адам гигиенасында өңделген және тиімді
температура деп саналады. Қора-жай ауасының
физикалық қасиетін бағалау үшін тікелей температура, ылғалдылық, ауа
қозғалысының жылдамдығын анықтаумен қатар катотермометрия өрісін
қолданғанның да маңызы зор.Қорадағы ауа көрсеткіштерін ұдайы тексеріп отыру
қажет. Ол үшін арнаулы құралдар қолданылады. Ал ең тиімдісі жылжымалы
микроклимат.Алып жүруге, қолдануға ыңғайлы зертханада керекті зоологиялық
құралдар жинақталған (электротермометр, психрометр, анемометр және т.б.).

1.3. Атмосфералық ауаны қорғау

Ауаның әр уақытта ластануына байланысты оны үнемі қорғау және
санитариялық жағдайын бақылау аса қажет.Қазіргі уақытта атмосфераға теңдесі
жоқ көлемде лас заттар түсуде. Техногендік факторлардан туатын атмосфера
ауасын ластаушылардың ең бастылары - көміртегі тотығы, күкірттің қос
тотығы, көмірсутектер, азот тотықтары, шаң және т.б. болып табылады.
Бұлардан басқа химиялық агрессивті газдар мен әртүрлі дисперстік қоспалар
да кездеседі: күкіртті газдар, қышқыл тұмандар, фтор, күкірт қышқылы, хлор
және басқалары. Атмосфераға түсетін зиянды заттар
агрегаттық жағдайына қарай газ тәрізді (күкірттің қос тотығы, азот тотығы,
көміртегі тотығы, көмірсутектер және т.б.) және қатты (концерогендік
заттар, қорғасын және оның қосылыстары, шаң, күйе және т.б.) болып
топталынады. Қазақстан бойынша алдағы жылдары ауаға тұрақты
көздерден түсетін ластануды 41,1 пайызға төмендету көзделіп отыр.
Қазіргі дүние жүзінде кездесетін жылулық эффектің пайда болуына
себеп болатын заттарға негізінде су, көмірқышқыл газ, метан, азот пен
күкірт тотықтары, фреон және т.б. жатады. Осылардың ішінде бұл эффектке ең
мол үлес қосатын СО2. Қышқылды
жауындардың пайда болуының негізгі себептері атмосфераға өнеркәсіптен
түсетін күкірттің қос тотығы және азот тотықтары ауадағы ылғалмен қосылып,
күкірт және азот қышқыл-дарына айналуында. Қорытындысында жаңбыр мен қар
қышқыл-данады (рН5,6). Мал шаруашылығы мекемелері
атмосфералық ауаға әртүрлі шаң мен микроорганизмдердің түсуінің негізгі
көзі болып табылады. Мысалы, 1 сағат ішінде желдеткіштер арқылы 83,4 млрд.
микроб денешіктері, 14,4 кг аммиак, 0,6 кгм шаң түседі екен. Ал
атмосфералық ауаға үлкен ірі қара шаруашылығынан түсетін (тек ауа алмасу
жүйелерінен) барлық ластардың ішінде тек органикалық заттар 2148 кгтәулік
құрайды. Осы ауаға түскен микроорганизмдер адамдар мен малдар үшін әртүрлі
аэрогенді инфекциялардың туындау қаупін тудырады.
Атмосфераның ластануы ірі қара мал шаруашылығынан (2,5-5 км). Алыс
қашықтықта байқалады. Бұл аймақта жағымсыз иістер, қалыпты мөлшермен
салыстырғанда аммиактың шоғырлануы, микробтың көптігі байқалады. Ірі қара
мал шаруашылығы нысандарына тән жағымсыз ерекше иістер олардан 700-1200 м
қашықтықта тұрақты күшті, 1800 м қашықтықта тұрақты әлсіз, ал 2300-3000 м
қашықтықта тұрақсыз әрі әлсіз деп анықталады.
Жыл мезгіліне байланысты, әсіресе шошқа және
құс нысандарына тән жағымсыз ерекше иістер едәуір қашықтыққа тарайды: қыста
0,5, ал жазда - 3,5-5 км дейін.

Құс фабрикаларының территорияларын тығыз орналастырған-да ондағы
сыртқа шығарылатын ластанған ауа (микробтармен, шаңмен және т.б.) міндетті
түрде бір қорадан екінші қораға ауысып, шаруашылық төңірегімен атмосфералық
ауаны едәуір қашықтыққа ластайды (200 м дейін). Ал 500 м қашықтықта
микробтар мен шаң қалыпты мөлшерден көп аспайды (кәдімгі ауадағыдай).
Ауаның әртүрлі зиянды газдармен
ластануы микроклиматқа теріс әсерімен бірге, жануарларға да зиян келтіреді.
Ластанған ауада көздің тітіркенуі, өкпе аурулары,
мұрыннан қан кету байқалады.Көптеген заттар өздерінің химиялық
беріктілігінің арқасында қоршаған ортада жиналып, көп жағдайда малды,
құсты, балықты, адамды уландырады. Осы тұрғыдан қоршаған ортаға өте зиян
деп хлорланған көміртектер екені анықталып отыр (ДДТ және т.б.).Ірі қараға
қарағанда қой мен шошқа атмосфераның ластану-ына шыдамды келеді. Мұндай
жағдайда жануарлар азықтан бас тартып (ауада көп болғанда), арықтап, кейде
өлімге ұшырауы мүмкін.Лас ауада көп кездесетін әрі жануарлар үшін өте улы
келетін күкірт ангидриді болып табылады.
Ауада қорғасынның, бенз(а)пиреннің, фосфордың, кадмийдің және т.б. болуы
қан түзілетін жүйені шаршатып, жұқпалы ауруларға қарсы төзімділікті
төмендетеді.Қара түтін (смог) деп түтін мен химия кәсіпорындарының газ
қалдықтарынан түратын улы қоспаларды айтамыз. Олар барлық тірі жануарларға
қауіпті (азот тотықтары, мырыш қоспалары, кадмий, күкірт, көміртегі
тотығы).Парниктік газдарға жататындар: көмірқышқыл газы, метан және хлор-
фтор-көміртектер. Бұл газдардың маңыздылығы - жер шарының климатының
өзгеруіне әсер етуінде. Мал қора-жайы
ауасындағы белгілі аммиак, күкіртті сутегі, көмірқышқыл газы және метан
газдарымен қатар 30-ға жуық газ тәріздес химиялық қосылыстар анықталған
(амин, амид, спирт, дисульфид, сульфид, меркаптан тобына жататындар).
Негізгі иістер күкіртті сутегі, аммиак, индол, меркаптанның болуы
нәтижесінде туындайды. Сонымен қатар көп газдар жағымсыз иістер көзі болып
табылады. Иістердің пайда болуы көбінесе, анаэробтық жағдайда өтетін
микробиологиялық процестермен түсіндіріледі. Әсіресе, шошқа қораларында
ерекше жағымсыз иісті қосылыстар көп түзіледі (этанол, пропанол, бутанол,
гексанал, ацетон және т.б.). Осы жағымсыз иістер малмен қоса адамдарға да
зиянды әсер етеді. Атмосфералық ауаның ластануымен күресу
шаралары мал шаруашылығы мекемелерін жобалау кезеңінде есептелінуі тиіс.
Мал шаруашылығы мекемелері ауданындағы ауа бассейнінің жағдайы, көбінесе
объектінің рационалды орналасуына, малды ұстаудың оптимальды әдістерін
таңдау, қиды утильдеу, мал қора-жайын желдетуіне байланысты. Әртүрлі жел
бағытына орналасу-ына қарай мал шаруашылығы мекемелерінің орналасуы мен
санитариялық-қорғаныстық аймағын белгілеу қажет және бұл орналасқан
мекемелердің бірін-бірі ластаудың алдын алу бірден-бір шарт болып табылады.
Қоршаған төңіректі және құс қораларының ауа бассейнін қорғау үшін көп
жағдайда оны ластанудан сақтайтын қарапайым күрес шаралары жеткілікті (ауа-
алмасу жүйелерінде сүзгіштер қолдану, тазалық сақтау және т.б.). Ауаны
ластануды қорғау шараларына жататындар: шаруашылықта жоғарғы санита-риялық
мәдениетті сақтау, микроклиматты қамтамасыз ететін жүйелердің толассыз
жұмысы, мал қораларын үнемі тазалау және дезинфекциялау, санитариялық-
сақтық зонаны қатаң ұйымдастыру және т.б. Мал нысандарынан тарайтын
иістерді және атмосфералық ауаның ластануын азайту мақсатында жүргізілетін
негізгі шаралар - сыртқа шығарылатын ауаны тазалау (әртүрлі сүзгіштер
қолдану, бактериоцидтік лампалармен - БУВ-60, ДБ-60 ауаны дезинфекция-лау)
және қиды өңдеу (биологиялық, тазалау, химиялық заттармен өңдеу, физикалық
факторлар мен механикалық құралдарды қолдану) болып табылады. Мысалы,
қоршаған ауадағы аммиактың азаюы қиды аммоний-персульфаты (2-3 есе), хлорлы
және сутегінің қаныққан тотығымен (2 есе) өңдегенде байқалады.
Атмосфералық ауаның негізгі ластану көзі мал қиы болып табылады (оны
өңдегенде, пайдаланғанда және т.б.).Қиды және қи үймелерін дезодарациялау
үшін хлорлы әк, формалин, сөндірілген әк (0,5-1 пайыз доза қи мөлшеріне
қарай) қолданады.Көптеген дезодарациялауға пайдаланып жүрген химиялық
әдістердің негізі мынандай: реагент қидағы затпен реакцияға түсіп оларды
байланыстырып немесе жойып, бұдан қоршаған ортаға зиянды жағымсыз иіс шығу
немесе лас заттардың бөлінуін тежейді. Сонымен қатар кейбір реагенттер
әртүрлі анаэробты шіру процестері әсерінен әртүрлі зиянды газдар-аммиак,
күкіртті сутегі, меркаптан және т.б. бөлетін бактерияларды жояды.
Өндірістік мекемелерде ауаны зарарсыздандыруда
әртүрлі химиялық заттар, иондау және ультракүлгін сәулелерін қолданады.
Атмосфералық ауаның микробпен және шаң-тозаңмен ластануын төмендету
мақсатында ауа тартқыш желдеткіштерге әртүрлі сүзгіш құрылғылар қояды.
Құсханадан шығарылатын ауаны тазалау үшін жуып тазалайтын сүзгісі бар,
дезинфекциялайтын ертіндісі және жұқа тазалағыш сүзгісі бар құрылғы
қолданады. Мал
шаруашылығы мекемелерінің қоршаған ортаға зиянды әсерінің алдын алу үшін
жасыл ағаш отырғызудың маңызы зор. Ауаны тазалауда көгалдандыру әдістерінің
әртүрлі шаң-тозаң, микроорганизм және зиянды газдарды жоюы бірнеше
себептерге байланысты: тұқымдас құрамы, жолақтың ені, түрі, ағаш және
бұтаның биіктігіне байланысты. Ауаны әртүрлі газдардан тазалау-дың ең
тиімді әдісі - жапырақты көгалдандыру, ал микроорганизм үшін шырша
тұқымдастары. Көгалдандыру үшін пайдаланатын ағаштардың санитариялық-
гигиеналық қасиетін бағалауда олардың фитонцидтік қасиеттерінің, сонымен
қатар олардың ерекше ұшқыш органикалық қосылыстар бөлуінің маңызы өте зор.
Осы органи-калық ерекше қосылыстар әсерінен ауру тудырушы бактериялар
жойылып немесе олардың дамуы тежелінеді.
Антибактериальды қасиеті бар ағаш, бұта тектес тұқымдас-тарға: ақ
акация (барбарис), сақалды қайың, емен, шырша, жасмин, тал, шәңкіш, үйеңкі,
сағызқарағай, жөке, арша, майқарағай, жұпаргүл, бәйтерек, ақтерек, мойыл
және т.б. жатады. Ағаш
өсімдіктердің ішінде жоғары фитонцидтік қасиеті бар тұқымдастарға шыршалы
тұқымдастар жатады. Фитонцидтілігінің максимумды кезеңі көктемгі-жазғы
айларда, яғни олардың гүлденуі және өсуі күшейгенде байқалады. Сонымен
қатар фитонцидтер антимикробты белсенділігімен қатар кейбір өсімдіктердің
инсекти-цидті қасиеті бар қарапайым мойыл, майқарағай, шетен ағаш және т.б.
Өсімдік ассортиментін таңдау кезінде табиғи климаттық аймағын және
экологиялық жағдайын да есептейді.
Көгалдандырудың санитариялық-гигиеналық қызметі – олар-дың
көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуда және сонымен қатар оны оттегімен
байыту қасиетіне байланысты.
Көгалдандырудың әсіресе, ауаның иондау режимін сақтаудағы маңызы өте зор
және оның бұл қасиеті оттегінің биологиялық белсенділігіне байланысты
болады. Ауаның иондалу деңгейі орман мен көгалды ормандарда екі есе жоғары.
Мысалы, жеңіл теріс иондардың саны 1 см ауадағы мөлшері: ормандарда - 2000-
3000, қалалық саябақтарда - 800, жабық мекемелерде - 25-100 мөлшерде
болады. Сондықтан мал шаруашылығы мекемелері мен ғимарат-тары аймағындағы
көгалдандыру ауа бассейнінің жеңіл иондар-ымен баюына жол ашады. Ауа
құрамындағы жеңіл иондардың көбеюіне, көбінесе ақ акация, карель қайыңы
және терек жапырақтас қайың, емен және т.б. көп әсерін тигізеді.
Көгалдандырудың бірден-бір маңызы ауаны зиянды
газдар мен шаңнан тазартуында. Жасыл ағаштардың ауа температурасының
өзгеруіне де тигізетін әсері зор. Ал көгалдандырылған аймақ ауасының
қалыпты ылғалдылығы 7-40 пайыз жоғары болып келеді.
Көгалдандыру, жасыл ағаш отырғызу әсерінен жел жылдам-дығы 2-3 есеге
төмендейді. Мал шаруашылығы мекемелерінің ауласын көгалдандырғанда лас
ауаның бір ғимараттан екіншісіне ауысу мүмкіндігі, жағымсыз иістің шығуы,
шаң-тозаң мөлшері, микроорганизмдер азайып, жалпы метеорологиялық
факторлардың кері әсері төмендейді.

1.4.Бұзаулату гигиенасы, қойылатын гигиеналық талаптар мен.микроклимат
көрсетекіштері
Алынатын болашақ төлдің денсаулығына суалтылған сиырларды бұзаулауға
дайындаудың маңызы өте зор. Буаз сиырларды туардан 7-10 тәулік бұрын бөліп
алып, сиыр бұзаулайтын бөлімге орналастырады. Сиыр бұзаулайтын бөлменің
сиымдылығы шаруашылықтың жағдайлы және ондағы аналық малдардың санына
байланысты болады.
Ірі сүт өндіретін шаруашылықтарында сауын сиырлардың санына байланысты
бөлінген орындардың 30-35 пайызын бұзаулайтын бөлмеге қаратады да, оны 2-3
секцияға бөліп, әрқайсысын кезекпен пайдаланады. Егер сиыр бұзаулайтын орын
екі секциялы болса, технологиялық циклдің ұзақтығы 28-29 күнге, ал үш
секциялы да – 21 тәулікке созылады. Ондай секцияларды 15-10 күнде
толтырады.
Типтік тәсілде салынған бұзаулау бөлімдері негізгі 3 бөліктен
тұрғызып, біріншісінде буаз сиырларды туардың алдында 7-10 күн бұрын,
екіншісінде тұғызу үшін, ал үшіншісінде туғаннан соң 10-12 күн ұстауға
негізделеді. Сиырларды туардың алдындағы және туғаннан соң ұстайтын
бөлімдерде ұзын байлауыш пен ұзын тұрақтарда (ұзындығы 2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шу және оның мал организміне әсері
3-4 айлық 100 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайын зерттеу
228 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
Бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
Жамбыл облысындағы 228 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
Сиыр қораларын жобалау
6-8 айлық бұзауларға арналған қораның желдеткіш режимін оңтайландырудың есептері
20-60 күндік 360 бас бұзау қорасының желдеткіш режимін оңтайландырудың есептік режимдрі
Мал шаруашылығындағы санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық алдын алу шаралары
Малды жазда бағып-күту гигиенасы
Пәндер