3-4 айлық 100 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайын зерттеу
КІРІСПЕ
1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1.Мал азығы мен азықтандыру гигиенасы
1.2.Азықтағы қоректік заттардың гигиеналық маңызы
1.3.Профилактикалық (сақтандыру) және емдеу
мақсатында азықтандыру
1.4.Бұзау өсіру гигиенасы
2.ЖЕЛДЕТКІШ АУАНЫҢ САҒАТТЫҚ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕП ШЫҒАРУ
2.1.Қажетті формулалар
2.2.Өзіндік зерттеулер
2.3.Қорадағы желдеткіш бойынша негізгі мәліметтер
ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қазіргі кезде экономикамыздың қалыптасу,даму барысында басты мақсат- малды бағып-күтудегі бұған дейінгі қол жеткен табыстарымызды қалыптастыру,қарапайым да әрі тиімді де технологияларды шаруашылықтарға енгізу малшылардың,ғалымдардың және болашақ мал мамандардың міндеті. Бұл ретте мал шаруашылығын дамытудың,оның өнімділігін арттырудың және малдың денсаулығын сақтаудың бірден-бірі кепілі- шаруашылық жағдайында зоогигеналық талаптарды,ветеринариялық-санитариялық нормалар мен ережелерді бқлжытпай орындау.
Жануарлар гигенасы мал денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі жайттарды игеру,аурулардың алдын алу малдың өнімділігін көтеру және оладанмол өнм өндіру жөніндегі мәселелерді дұрыс жолға қою жағын терең зерттейді.
Ірі қара малдарының қораларын жобалап-салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына (НТП) және ветеринариялық-санитарлық ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады. Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі. Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитарлық проблема малдарды әртүрлі аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады. Малдың етті өнімділігін арттырудың ең негізгі факторы – саладағы өндірістік үрдістерді оптимизациялау болып табылады. Жастөлді толыққанды және қарқынды азықтандыру кезінде ғана жоғары потенциалды, етті тұқымды малды жеткілікті көлемде өткізуге болады. Шаруашылықтарға қолайлы мерзімде ірі азықтарды дайындауарқылы олардың сапасын жоғарылатып, сүрлем және пішендеме өндірістерін қайта жаңартып, жеткілікті көлемде құнарлы жеммен қамтамасыз етілуі қажет. Сонымен қатар, арзан сиыр етін өндірудің тиімділігіне көңіл аудара отырып, табиғи пайдалы жерлерді суаландыру жәнеауыспалы жайылымға қосу арқылы, азықтандыруғапайдалы жерлердіұлғаюына қажетті шаралар қолдану керек. Жас төлдің «бір қыс, екі
жаз» қағидаты бойынша жайылымда жүру уақыты аналық бастардың
бұзаулау мерзімімен реттелуі қажет. Етті бағыттағы малдарды жайып
семіртуді қарқынды бордақылаумен аяқтаған жөн.

1. Гершун В.И., Муслимов Б.М. Ветеринарная гигиена. Учебное пособие.Алматы,Қайнар, 1994.
2. Храбустовский И.Ф., Демчук В.М., Онегов А.П Практикум по зоогигиене. Уч.пособие Москва, Колос, 1984.
3. Мырзабеков Ж.Б. Сагындықов Қ.А. және т.б. Ветгигиена. Лабораториялық-практикалық сабақтардың методикалық нұсқаулары. Алматы, 2005
4. Кузнецов А.Ф., Демчук М.В и др. Гигиена сельскохозяйственных животных. Книга 1,2. Москва: Агропромиздат, 1991.
5. Мырзабеков Ж.Б., Сағындыков Қ.А. және т.б. Жалпы зоогигиена. Оқу құралы. Алматы, 1992.
6. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш. Ветеринариялық гигиена. Алматы, 2005 жылдары. Шетелдегі және ТМД елдеріндегі жылқы өсірудің озат тәжірибесі.
7. Волков Г.К. и др. Ветеринарно – санитарные и зоогигиенические проблемы промышленного животновдство. М., Колос, 1979.
8. Волков Г.К. Зоогигиена и ветеринарная санитария в промышленном животноводстве. М., Колос, 1982.
9. Волков Г.К., Репин В.М. и др. Зоогигиенические нормативы для животноводческих объектов. М., Агропромиздат, 1986.
10. Испенков А.Е., Сапего И.П. Зоогигиенический и санитарный режим на фермах и комплексах. Минск, Урожай, 1984..
11. Кондратьева М.И., Кельдюшева И.Я. Микроклимат на животноводческих фермах и комплексах. Алматы., Кайнар, 1983.

Қазіргі кезде экономикамыздың қалыптасу,даму барысында басты мақсат-
малды бағып-күтудегі бұған дейінгі қол жеткен табыстарымызды
қалыптастыру,қарапайым да әрі тиімді де технологияларды шаруашылықтарға
енгізу малшылардың,ғалымдардың және болашақ мал мамандардың міндеті. Бұл
ретте мал шаруашылығын дамытудың,оның өнімділігін арттырудың және малдың
денсаулығын сақтаудың бірден-бірі кепілі- шаруашылық жағдайында
зоогигеналық талаптарды,ветеринариялық-санитария лық нормалар мен ережелерді
бқлжытпай орындау.
Жануарлар гигенасы мал денсаулығын қорғау жөніндегі негізгі жайттарды
игеру,аурулардың алдын алу малдың өнімділігін көтеру және оладанмол өнм
өндіру жөніндегі мәселелерді дұрыс жолға қою жағын терең зерттейді.
Ірі қара малдарының қораларын жобалап-салу және пайдалану кездерінде оларға
ветеринариялық-санитарлық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына
(НТП) және ветеринариялық-санитарлық ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады.
Әр малдардың түрі, жасы,
тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды
таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды
күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі. Қандай болмасын ірі қара
малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және пайдалану кездерінде ең
басты ветеринариялық-санитарлық проблема малдарды әртүрлі аурулардан сақтау
және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету
болып саналады. Малдың
етті өнімділігін арттырудың ең негізгі факторы – саладағы өндірістік
үрдістерді оптимизациялау болып табылады. Жастөлді толыққанды және қарқынды
азықтандыру кезінде ғана жоғары потенциалды, етті тұқымды малды жеткілікті
көлемде өткізуге болады. Шаруашылықтарға қолайлы мерзімде ірі азықтарды
дайындауарқылы олардың сапасын жоғарылатып, сүрлем және пішендеме
өндірістерін қайта жаңартып, жеткілікті көлемде құнарлы жеммен қамтамасыз
етілуі қажет. Сонымен қатар, арзан сиыр етін өндірудің тиімділігіне көңіл
аудара отырып, табиғи пайдалы жерлерді суаландыру жәнеауыспалы жайылымға
қосу арқылы, азықтандыруғапайдалы жерлердіұлғаюына қажетті шаралар қолдану
керек. Жас төлдің бір қыс, екі
жаз қағидаты бойынша жайылымда жүру уақыты аналық бастардың
бұзаулау мерзімімен реттелуі қажет. Етті бағыттағы малдарды жайып
семіртуді қарқынды бордақылаумен аяқтаған жөн. Ірі
қара малдарының қораларын жобалап салу және пайдалану кездерінде оларға
ветеринариялық – санитарлық бақылау жүргізу технологиялық жобалау
нормаларына және ветеринариялық ережелерге сүйеніп жасалады.
Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты
ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады.Ол жобаларды таңдау әр
шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп – бағу
жүйелеріне байланысты жүргізіледі.
1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1.Мал азығы мен азықтандыру гигиенасы
Ең бастысы малдың денсаулығы мен оның өнімділігі азық мөлшері мен
санитариялық тұрғыдан қауіпсіздігіне байланысты екені белгілі. Кейінгі
кезде азықтың құндылығының төмендеуіне байланысты және де рацион құрамының
тапшылығы мал денсаулығына зиян келтіріп, олардың өнімділігін едәуір
азайтты. Азықтың мал организмі үшін маңыздылығы және сапалы әрі құнды
азықтар дайындау жолдары мен зерттеу әдістері осы тарауда толық
келтірілген.
Малды азықтандыру олардың денсаулығына, өнімділігі мен өнім сапасына
тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Жануарлардың
азыққа деген қажеттілігі олардың тіршілігін қамтамасыз етуде, өсу және
семіру кезінде денеге жаңа ұлпалардың қалыптасуы мен жаңаруына, өнім
өндіруге, репродуктивті қызмет пен денсаулықты сақтауға керекті энергия мен
қоректік және биологиялық белсенді заттардың барлығымен анықталады.
Қорек арқылы организм, ассимиляция процесінде өліні тіріге, ал
диссимиляция кезінде, керісінше, тіріні өліге айналдыра отырып, сыртқы орта
заттарын қабылдайды. Бұл процесстер бірбіріне қарамақайшы болғанмен,
бірбірінен ажыратуға болмайтын бүкіл тірі дүниеге тән қасиет болып
табылады.
Малды азықтандыру бәрінен де бұрын тиімді (рациональды) әрі құнарлы
болуы керек, яғни рациондар малдың тек энергияға деген қажетін ғана емес,
сонымен бірге керегінше және дұрыс қатынасты түрлі қоректік заттарға
организмді толық құнды белоктар, көмірсутегі, майларға, минералдық
заттарға, микроэлементтер мен витаминдерге деген қажетін де
қанағаттандыруға тиіс. Ауылшаруашылық жануарларының қабылданған шикізатты
(азықты) тамақтық өнімге (ет, сүт және т.б.) өңдейтін организм ретіндегі
ерекшелігі, олар үшін азықтағы қоректік заттар бір жағынан өнім өндіретін
шикізат болатын болса, екінші жағынан тіршілік үшін керекті энергетикалық
материал болып табылады.
Азықтандыру кезінде белгілі бір режим мен жемшөп беру кезектілігін
сақтау керек. Бірақ, ең алдымен, азық сапасы мал түлігіне, оның жасы мен
физиологиялық жағдайына, жынысына, сондайақ малдың өсірілу бағытына сай
болуы қажет. Былайша айтқанда, малды дұрыс азықтандыру дегеніміз
азықтандыру мен күтіп бағу жағдайларының әсерінен болатын ас қорыту
процестерінің заңдылықтарын білу және сақтау арқылы қарынішек жолының
азықты толық сіңіру қабілетін арттырып, соның арқасында қоректік заттардың
пайдалану тиімділігі мен азықтың өнім өндіруге бағытталған әсерін күшейту.
Құнарлы дұрыс азықтандырудың басты негізгі принциптері: мал
организмінің азыққа деген керекті көлемі мен мөлшерін қамтамасыз ету; мал
азығындағы бүкіл қоректік заттар құрамын жеткілікті деңгейде ұстау; жақсы,
дәмдік сапасын сақтау; қоректік заттардың ас қорытуға жеңілдігі; жемшөпте
патогенді организмдердің, соның ішінде микробтардың, зиянды және улы
заттардың болмауы. Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда мал
арасында әртүрлі аурулар тууы мүмкін. Мұндай аурулар азықтық немесе
алиментарлық деп аталады. Бұл аурулардың себептері биотикалық (тірі) және
абиотикалық (өлі) патогендер болуы мүмкін.
Биотикалық патогендерге жататындар: бактериялдық (сібір жарасы,
сіреспе, сүзек және т.б.) және вирустық (аусыл, вирустық гепатиттер және
т.б.) жұқпалы аурулардың қоздырғыштары; инвазиялық аурулардың қоздырғыштары
(фасциолез, диктикаулез және т.б.); микоз ауруларын тудыратын қоздырғыштар
(аспергиллез, фузариоз және т.б.).
Абиотикалық патогендер шығу тегіне қарай физикалық (азық температурасы
және т.б.), механикалық (үшкір зат, азықтың ірі бөлшектері және б.),
химиялық (зиянды және улы заттардың болуы, минералдық және органикалық
заттардың, витаминдердің аз немесе көп болуы және т.б.) және ұйымдастыру
тәртібінің бұзылуы болып бөлінеді.
Азықтардың тепетеңсіздігі, жеткіліксіздігі немесе шамадан көп берілуі,
азықтандыру тәртібінің бұзылуы және азықтың сапасыздығы мал организмін
стрестік жағдайға әкеп соқтырады. Стресс жағдайының азыққа байланысты
себептері азықтық стресс факторлары деп аталады. Егер, организм кейбір
маңызы зор қоректік заттарды жеткіліксіз немесе толық қабылдамаса жете
азықтандырылмаған, жартылай немесе толық ашығады деген сөз.
1.2.Азықтағы қоректік заттардың гигиеналық маңызы
Азық тапшылығына, әсіресе жас, өсіп келе жатқан мал, буаз мал, сүтті
сиырлар төзімсіз. Төлдің өсуі бұзылады және сүйек қаңқасының бұрын өте
қарқынды өскен дене бөліктері одан әрі жетілмей қалады. Терілерінің
серпімділігі жоғалып, қатпарланады өзіне тән жылтырлығынан айырылып,
ұйпаланады. Азық тапшылығы одан әрі өсірілетін төлдің жыныстық жағынан
жетілуін тежейді, ұрғашы мал төлшілдігінің, ұрықтануының төмендеуіне,
сондайақ төлдегеннен кейін бұрынғы жыныстық циклінің қалпына келуін 23 ай
кідіртуге әкеліп соқтырады.
Азықтағы белоктардың, көмірсутектердің және майлардың маңызы.
Жемшөпмал организміне сыртқы ортадан бірденбір протеин жеткізуші. Құнарлы
протеин жетіспесе қан сары суында белоктар синтезі, әсіресе альбуминдік
фракция синтезі төмендейді, клеткалар мен ұлпаларда қалыпқа келтіру
процестері тежеледі, олардың қорғаныш қызметі әлсірейді. Құнарсыз протеин
тұтынылса асқазанішек жолы мен тыныс алу органдарының инфекцияға ұрынуына
әкеп соқтырады. Бұған, әсіресе шошқа мен құс төзімсіз.
Белоктың жетіспеуі белоктық алмасу ғана емес, сонымен бірге жалпы зат
алмасудың бұзылуына да ұрындырады.
Белоктың жетіспеуін алдын алу үшін алмастырылмайтын синтетикалық амин
қышқылдарын беру керек. Сонда зат алмасудың бұзылуын, өнімділіктің, ұдайы
өсу қабілетінің, мал организмінің табиғи төзімділігінің төмендеуі секілді
жағдайлардың алдын алуға болады.
Кейбір май қышқылдары (липолен, арахидон және линолен қышқылдары)
малдың зат алмасуына, өсуі мен жетілуіне сүйеу болу үшін өте қажет.
Сондықтан, олар азықпен бірге тұрақты түсіп тұруға тиіс. Азықта қоректік
май мөлшері қалыпты болса, тәбет ашуға, ас қорытуға және қоректік заттардың
ішекте сіңірілуіне мүмкіндік береді. Қорек майымен бірге организмге майда
еритін дәрумендәрілер (витаминдер) түседі. Азықта май жетпесе малда майда
еритін дәрмендәрілер (А, Д, Е және К) жетіспеушілігі туындайды.
Мал организмі көмірсутектердің жетіспеуіне ұзақ уақыт шыдай алады.
Өйткені, майлар мен белоктардың ыдырауы кезінде де аздап көмірсутегі пайда
болады. Организмнің белокты өте көп қабылдауына байланысты зәрмен бірге
азоттың да көп мөлшері бөлініп шығады. Көмірсутектер жетіспеуі кезінде
майларды көп тұтыну қанда глюкозаның, органдарда гликогеннің ұлғаюына онша
әсер ете қоймайды. Бұл кезде май қышқылдарының бауырда ацето сірке
қышқылының, ацетонның және воксимай қышқылының (кетонды денешіктер) артық
мөлшерін құрай отырып ыдырауы күшейеді. Осының салдарынан кетоз ауруы пайда
болуы мүмкін.
Көмірсутектердің жетіспеуі негізінен рационда қантпротеин қатынасы бұзылған
кезде байқалады.
Тым артық азықтандырудың да мал организміне айтарлықтай әсері бар.
Рационда белок мүлде көп болса, Адәрмендәрісін сіңіруі де нашарлайды. Ал,
ол мүлде болмаса бұл дәрмендәрі оларды синтездеуге қатысатындықтан
кортикостерроидтардың секрециясы төмендейді. Соған байланысты белогы мол
рационмен ұзақ азықтандыру малдың бейімделу сиңдромының шаршау стадиясының
пайда болуына және өлімге әкеп соқтырады. Одан басқа белок қосылыстарының
артық мөлшерінің ыдырауы кезінде несеп, күкірт және басқа қышқылдардың
мөлшері құралады. Қорытындысында организмнің ауруларға деген қарсылығының
төмендеуіне, бактерицидтік сұйықтықтың әлсіреуіне әкеп соқтырады, ацидоз
өршиді. Артық мөлшердегі қышқылдар кальций және фосфор тұздарымен қосылады.
Сөйтіп, малдың сүйек қаңқасында осы тұздардың жетіспеуіне әкеп соқтырады
да, құныс (рахит) ауруының өршуіне мүмкіндік жасайды.
Азықта протеин құрамы көп болған соң, организмнің С дәрмендәрісі мен
басқада витаминдерге деген қажеттілігі артады. Ал рационда май көп болып,
белок аз болса бүйрек бездерінің қызметі бұзылады, олардың құрылымы да
едәуір өзгеріске түседі.
Азықтағы минералды заттардың мал организмі үшін маңызы. Минералды
заттар организмдегі зат алмасудың бүкіл процесіне қатысып, жем қортылу
процесіне әсер етеді, ұлпа мен сұйықтың, бұлшық ет пен жүйкенің қалыпты
қозуына, сондайақ малдың өсуі мен жетілуіне қажетті реакциясын
сүйемелдейді. Олар азықта жетіспесе, сонымен бірге қатынасы бұзылса зат
алмасу процесінің бұзылуына әкеп соқтырады. Соның салдарынан мал ауруға
шалдығады. Остеомаляция, остепороз, құныс, іш кебу, тұз жетіспеушілік, ақ
бұлшық ет ауруы, паракератоз, қан аздық, акобальтоз және т.б. аурулар
өршиді.
Малды орынды азықтандыру жағын ұйымдастырған кезде рациондағы кальций,
фосфор, натрий, магний, хлор, калий, күкірт, темір, марганец, мыс, кобальт,
йод, ал кейбір жағдайда фтор, бор, селен, молибден құрамдарын нормалай білу
қажет. Соңдай ақ, сыртқы ортаның ластану дәрежесінің өсуіне және азықтар
мен қосымшаларды өндірген кезде химиялық және микробиологиялық
технологияның (ортаның антропогендік және техногендік ластануы)
пайдаланылуына байланысты рациондағы сынаптың, минералды азот, қорғасын
және стронций құрамына бақылау жасау қажет.
Малды дұрыс азықтандыруды ұйымдастыру кезінде минералды заттардың
өзара және басқа қоректік заттармен күрделі байланысы бар екенін ескермей
болмайды.
Мал денесіндегі микроэлементтердің жалпы мөлшері оның салмағының 4
пайызын құрайды. Олар біркелкі бөлінбеген, негізгі "депосы" қан, бауыр,
бұлшық ет, ми, эндокринді бездер және т.б. Организмнің тіршілігі, малдың
мол өнімділігін және резистенттілігін сақтау үшін микроэлементтердің ролі
өте зор.
Мал организмі үшін гемоглобин молекуласының орталығы болатындықтан
темірдің мәні өте зор. Гемоглобиндегі темір атомы осындай жолмен
оксигемоглобин түзе отырып, оттегін байланыстыруға қабілетті. Мал
рационында темір жетіспесе, қан аздық (анемия) ауруының өршуіне әкеп
соғады.
Балапандар мен жас құстардың рационында марганец жетіспесе перозис
ауруы өршиді, яғни құстың тізе буыны іседі, аяқтары мен қанаттарының
сүйектері өзгеріске ұшырайды. Мекиендердің жұмыртқалағыштығы төмендейді,
жұмыртқа қабығының тығыздығы мен балапан шығаруы нашарлайды. Азықта
марганец жетіспесе сүтті бағыттағы сиырлар іш тастайды, жаңа туылған
бұзаулардың қаңқа сүйектері өзгеріске түседі.
Мал рационында мырыш жетіспесе жануарлардың зат алмасуы бұзылып,
төлдің өсіпжетілуі кешеуілдейді, мал бедеу болады, жүні түсе бастайды, тері
аурулары шығады. Бұзаулар енесін еміп жүрген кезде мырыш жетіспесе пеллагра
тәрізді дерматит немесе терінің паракератоз ауруы туындайды.
Мал азығында мыстың жетіспеуі гемоглобин синтезін төмендетеді және
гипохромды қан аздық өршиді. Осының салдарынан ұлпалардың оттегілік аштығы
басталып, алмасудың тотығып үлгермеген өнімдері жиналады. Мал тышқақтайды,
тәбеті қашады, өнімділігі төмендеп, дене салмағы қосылмайды. Артқы аяқтары
салға жиі ұшырайды, ал биязы жүнді қойдың жүні қалыпты бұйралығынан,
иректілігінен айырылады, толқындылығы мен серпімділігі жойылады, ол тіптік
"сым темірдей" қатайып қалады.
Кобальт қан құрауға қатысатын В дәрмендәрісінің құрамына кіреді, ол
көмірсутектік және белоктық алмасуға айтарлықтай әсер етеді. Азықта кобальт
жетіспесе мал қатерлі қан аздық немесе "денесі құрғау" ауруына шалдығады.
Бұл ауруға шалдыққан малдың күйі кетіп, тәбеті қашады, дене салмағы кемиді,
яғни арықтайды, кілегей қабықтары босайды, қан гемоглобинінің құрамы мен
эритроциттердің саны азаяды, асқазанішек жолының қызметі бұзылады, жүні
жылтырлығынан, терісі серпімділігінен айрылып, мал жүдейді.
Азық пен суда йод жетіспесе мал алқымның энзоотиялық ауруына
шалдығады: қалқанша безі ұлғайып, зат алмасуы төмендейді, тері клетчаткасы
ісініп, мал өнімділігі кемиді, қысыр қалу пайызы артып, кейде төл өлі
немесе тіршілікке бейімділігі нашар, үстінде жүні жоқ қызылшақа төл туады.
Егер жайылым отында молибден құрамы тым көп (құрғақ заттың 1 кг 25100
мг) болса малдың өзіне тән "көзден жас ағу" деп аталатын ауруына әкеп
соқтырады: 1 кг құрғақ затта 6 мгнан 36 мгга дейін молибдені бар жоңышқа
пішенін жеген бұзау уланып өлген жағдайлар тіркелген.
Рационда селен жетіспесе мал арасында ақ бұлшық ет ауруы, бауыр
дистрофиясы, аналық бездің азғындауы, желінсау, қан аздық, эритроциттердің
гемолизі тарайды. Ірі қара азығындағы селеннің құрамы әрбір кг құрғақ затқа
35 мг келуі керек.
Мал организмінде фтор негізінен сүйек ұлпалары мен тісте жинақталып
тарайды. Рационда фтор жетіспесе малдың тәбеті қашады, қаңқа сүйектері мен
тісінің формасы бұзылады. Дегенмен, мал шаруашылығына оның жетіспеуі емес,
артықтығы зиян келтіреді. Малдың фтормен улануы оларға фторы көп фосфат
және фторлы шаң түскен жеммен азықтандырып, сумен суарғанда байқалған.
Мал рационында никель жетіспесе темір, көмірсутегі алмасуы бұзылады.
Кейбір ферменттердің (мысалы уреазаның белсенділігі) түрі мен қызметінің
өзгеруіне әкеп соқтырады. Қой рационына никель қосса, азық тұтынуы артады
және дене салмағының өсуі жақсарады.
Азықтың минералды құрамын жақсарту мақсатымен топыраққа су жайылып, әк
төгіледі, тікелей топыраққа енгізу үшін немесе өсімдікті себу және тозаңдау
жолымен қоректендіру үшін минералды тыңайтқыштар қолданылады. Жемшөп
дайындаудың бүгінгі күнгі әдістері олардың құрамын керекті минералды
заттарды (фосфор, күкірт, натрий, хлор және т.б.) қосу, сондайақ минералды
қосымшалары бар химиялық консерванттарды кеңінен пайдалануға мүмкіндік
береді.
Еліміздің көптеген аудандары үшін микроэлементтердің мал түлігіне
арналған аймақтық нормалары жасалған. Минералды қоспалар жасау кезінде сол
жерлерге арналған азық пен минералдық құрамын, яғни биохимиялық
ерекшеліктерін ескеру қажет. Олардың негізгі немесе толықтырғыш ретінде,
көбінесе ас тұзы алынады.
Азық витаминдерінің зоогигиеналық мәні. Мал организмінде дәрмендәрі
жетіспесе гиповитаминоз өршиді. Гиповитаминоздың туындауына күтіпбағудың
нашар жағдайы, біркелкі белоктық немесе көмірсутектік қорек, сапасыз
жемшөп, улы заттармен дәрмендәрілер байланыстыратын және зат алмасуды
бұзатын заттар беру себеп болады. Гиповитаминоздың алиментарлы (алғашқы)
және эндогенді (екінші, яғни жанама) болуы мүмкін. Дәрмендәрінің
жетіспеуіне бәрінен де төл, буаз және сауын малы, ауру немесе ауырып
жазылған мал шыдамсыз келеді.
Дәрмендәрілер, яғни витаминдердің зат алмасудағы алатын орны ерекше.
Олар организмнің барлық клеткасының құрамына енеді, оларда өтетін бүкіл
физиологиялық процестерге әсер етеді. Сондықтан да зат алмасу процестерінің
бұзылу ауқымы организмде дәрмендәрілердің жетіспеу дәрежесіне, тиісті
ферменттер қызметінің жаңару жылдамдығына, басқа да қоректік факторлармен
қамтамасыз етілуіне қатысты болады.
Мал организмі үшін дәрмендәрілердің тым артықтығы да зиян. Ол
гипервитаминоз тудырады.
Көк шөпте сары түсті пигменткаротин немесе Апропитамині болады. Осы
каротин азықпен бірге асқазанішек жолына түсіп, қанға сіңеді. Сөйтіп,
бауырда каротиназа ферментінің әсерімен А дәрмендәрісі синтезделеді.
каротиннен Адәрмендәрісінің ащы ішек қабырғасы мен қанда да синтезделетіні
бар.
Рационда каротиннің жетіспеуі төлдің өсіпжетілуінің кешеуілдеуіне, мал
өнімділігінің төмендеуіне, белоктық, майлық және көмірсутектік алмасу
бұзылатындықтан табиғи өнімділігінің әлсіреуіне, сондайақ кілегей
қабықтардың эпителийлі клеткаларының кератозына әкеп соқтырады.
Гиповитаминозға анағүрлым тән белгі көз ауруы, яғни ксерофтальмия.
Д дәрмендәрісі сүйек ұлпасының құрылуы мен сүйектің өсуіне әсер ететін
кальций мен фосфор алмасуын реттеуге белсенді түрде қатысады. Бұл
дәрмендәрі жетіспесе төл құнысқа шалдығады, ал сақа мал сүйек маюға
(остеомаляцияға) ұшырайды. Сөйтіп, ұрғашы мал қашпай калады. Д
дәрмендәрісінің белсенді түрлері Д2 және Д3. Д2 дәрмендәрісі кальциферол
деп те аталады және көптеген өсімдіктер мен ашытқыларда болатын
эргостериннен пайда болады. Эргостерин Д2 дәрмендәрісіне күннің
ультракүлгін сәулесі әсерінен айналады.
Е дәрмендәрісіне көк шөп өнген дән, майлы өсімдіктер тұқымы, сәбіз,
жоңышқа мен бедеден дайындалған шөп ұны, сұлы, бидай өнігі, содан
әзірленген май бай келеді. Е дәрмендәрісі жетіспесе көбею және ұрықтану
қызметі бұзылады, сондайақ орталық жүйке жүйесі мен көлденең жолақ бұлшық
ет зақымданады.
К дәрмендәрісі фибриногенді фибринге айналдыру реакциясына, яғни
қанның ұю процесіне қатысады. Құрамында К дәрмендәрісі бар препараттар ұзақ
уақыт жазылмай қоятын жарақаттарды, үсіктерді, күйген орындарды, ауыр
жараларды емдеу үшін пайдаланылады.
В тобының дәрмендәрілері – В1, В2, В3, В6, РР, биотин, фолий қышқылы
және В12. В тобы дәрмендәрілерінің жетіспеуіне құс, енелерін еміп жүрген
бұзаулар, шошқа, үй қояны, жылқы, ит шыдамсыз келеді. Бұзауларды айтпағанда
күйіс малының бұл дәрмендәрілерді мес қарында синтездеуге қабілеті бар.
В12 дәрмендәрісі (цианкобаламин) жоғары шөп өсімдік құрамында
кездеспейді. Оларды азықта кобальт жеткілікті мөлшерде болғанда мал
ішегінде бактериялар мен саңырауқұлақтар тәрізділерден пайда болады.
Организмде В дәрмендәрісі белоктармен қосылысқа түседі. Ол организмнің
қан жасау қызметін арттырып (гемоглобин мен эритроциттердің мөлшерін
ұлғайтады) метионин мен нуклеопротеидтердің синтезін күшейтіп,
көмірсутегінің алмасуын жақсартады.
Мал мен құстың В гиповитаминозының алдын алу үшін олардың рационына
дәнді азықтар, кебек, балауса шөп, сапалы пішен, тамыр түйнектер, азықтық
ашытқы, көксүт және В дәрмендәрісінің азықтық концентратын енгізу жолымен
қамтамасыз етіледі.
С дәрмендәрісі өсімдіктермен қатар күйіс малының, үй қояндары мен
құстардың организмінде синтезделеді. Оның жетіспеуіне, әсіресе, енелерін
еміп жүрген бұзаулар, құлын, терісі бағалы аңдар, шошқа шыдамсыз, сезімтал
келеді.
С гиповитаминозының алдын алу үшін рационға көк балауса немесе сүрлем,
жақсы пішен, картоп, тамыртүйнектер және қыста аздап ұсақталған қылқан
жапырақтылар енгізіледі. Жемшөпті қыздырып пісірген кезде бұл дәрмендәрінің
едәуір бөлігі бүлінеді. Сондықтан да кейбір малға картоп пен
тамыртүйнектерді шикілей берген дұрыс.
1.3.Профилактикалық (сақтандыру) және емдеу
мақсатында азықтандыру
Мал организміне емдік және азықтан болатын аурудың алдын алу
мақсатымен малды диеталық азықтандыру тәртібі ұйымдастырылады. Бұл басқада
барлық емдеу мәселелеріне (дәрідәрмектер, биопрепараттар, физиотерапия және
т.б.) қолайлы жағдайды және бір органға емес, бәрінен бұрын организмнің
жалпы жағдайына, оның нейрогуморальды реттелуіне әсер етеді.
Емдік рациондар. Малды диеталық азықтандырғанда оның ауруының
себептерімен патогенезі, малдың жағдайы, түлігі, тұқымы, жасы, жынысы,
қоңдылығы мен өнімділігі ескерілуіге тиіс. Емдік рационның бірнеше түрі
болады:
• көмірсутектік диета организмнің жағдайы ауырлап, мал жемшөп жеуден
қалғанда (пневмония, улану, интоксикация, кетоз кезінде) белгіленеді;
• белоктық диета ауру малды өте құнарлы азықтандыру қажеттілігі
туындағанда белгіленуге тиіс;
• жайылымдық диетаға өкпесінің, асқазанішек жолының, бауырының, бүйрегінің
және т.б. созылмалы ауруы бар мал көшіріледі; 168
• жемсіз диета мал гастритпен, гастроэнтеритпен ауырып тұрғаннан кейін
оның асқазан ішек жолы әлсірегенде белгіленеді. Бұл диета малдың асқазаны
мен ішектерінің моторлық, секреторлық қызметінің жақсаруына мүмкіндік
жасайды;
• жартылай рациондық диета жүректің, бүйректің, бауырдың, асқазанның жіті
ауруы кезінде пайдаланылады;
• азықтың белок құрамы азайтылған диета нефроз, гепатит, энтероколиттік
шіру процесі басым кезінде белгіленеді.
Малды диеталық азықтандырудың жалпы ережелері. Малды диеталық
азықтандыруға көшірерде олардың организмдерінің физиологиясы, азықтандыру
гигиенасының негізі ескеріледі. Диеталық азықтандыруды ұйымдастыру кезінде
мынандай ережелерді басшылыққа алу керек:
• рационға малдың тәбетін ашатын түрлі, дәмдік сапасы да жоғары азық
енгізіледі;
• рационға ауру мал организмі сіңіре алатын барлық қажетті қоректік заттар
енгізілуі керек. Азықтың калориясы және қоректік қатынасы жағынан құнарлы
жем шөп таңдалынады;
• организмнің қоректік заттарға деген қажеттілігіне орай асқазан мен
ішектің, бауыр мен жүректің, бүйрек пен эндокринді бездердің, тағы басқа
органдардың қызмет қабілеті ескеріледі. Егер олардың дұрыс қызмет ете
алмайтындығы анық байқалса ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz