Жамбыл облысындағы 228 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы



КІРІСПЕ
1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1.Су және мал суару гигиенасы
1.2.Табиғи су көздерін санитариялық гигиеналық тұрғыдан бағалау
1.3.Су көздерін санитариялық тұрғыдан қорғау
1.4.Өнімідік және бордақылауға арналған жас малдарды ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсеткіштері
2.ЖЕЛДЕТКІШ АУАНЫҢ САҒАТТЫҚ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕП ШЫҒАРУ
2.1.Қажетті формулалар
2.2.Өзіндік зерттеулер
2.3.Қорадағы желдеткіш бойынша негізгі мәліметтер
ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Гигиена(гректің hygienos-тазалық,денсаулық,емдік-деген сөзінен алынған)-Малдарға тиімді күтім жасау,азықтандыру және өсіру тәсілдерін қолдана отырып,оның денсаулығын арттыруға ,өнімін молайтуға жағдай туғызуға бағытталған ғылыми пән.
Ғалымдар рационалды әдістер қолданып малдың денсаулығын қорғауға және оны нығайтуға азықтандыруға, күтіп және өсіруге, шыққан тегіне байланысты жоғарғы өнім алуға бағытталған ілім. Гигиена немесе зоогигиена (грек сөзі zoon-жануар, hygienos-сау),деген сөзден шыққан. Тек сау мал ғана, дені сау төл, өзіндік құны төмен жоғары өнім береді. Гигиена малдың өміріне әсер ететін климат, жер қыртысы, өсімдіктер құрамын, ауаны,азықты, суды, малдың организмін,оның өсіп жетілуін зерттей келе ортаның әсерін жойуга және азайтуға арналған ұсыныстар жасайды. Сыртқы әсер етуші факторлардың санын және сапасын зерттеп,оның малға әсерін және сауықтыру әдістерін ескертеді. Сонымен қатар малдың қоршаған ортаға қалыптасуында. Зоогигиена сабағының негізгі міндеті гигиеналық ережелерді анықтап және малды ұстап-күту, азықтандыру гигиенасын, жас малдарды өсіру, асыл тұқымды және жоғары өнімді малдардың экономикалық тиімділігін есепке ала отырып оны шаруашылықта пайдалану ережелерін анықтау.
Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды. Сыртқы немесе қоршаған орта — бұл жануарды қоршаған ауа, су, топырақ, азықтар мен ғимараттар. Қоршаған орта ағза үшін пластикалық (құрылыс), энергетикалық және ақпараттық материалын алу көзі болып табылады. Қоршаған орта мен ағзаның бірлігі олардың арасында үздіксіз өтетін зат және энергия алмасу үрдісімен нақтыланады. Ірі қара малдарының қораларын жобалап – салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық- санитариялық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына және ветеринариялық – санитариялық ережелерге сүйеніп жасалынады.
1. Гершун В.И., Муслимов Б.М. Ветеринарная гигиена. Учебное пособие.Алматы,Қайнар, 1994.
2. Храбустовский И.Ф., Демчук В.М., Онегов А.П Практикум по зоогигиене. Уч.пособие Москва, Колос, 1984.
3. Мырзабеков Ж.Б. Сагындықов Қ.А. және т.б. Ветгигиена. Лабораториялық-практикалық сабақтардың методикалық нұсқаулары. Алматы, 2005
4. Кузнецов А.Ф., Демчук М.В и др. Гигиена сельскохозяйственных животных. Книга 1,2. Москва: Агропромиздат, 1991.
5. Мырзабеков Ж.Б., Сағындыков Қ.А. және т.б. Жалпы зоогигиена. Оқу құралы. Алматы, 1992.
6. Мырзабеков Ж.Б., Ибрагимов П.Ш. Ветеринариялық гигиена. Алматы, 2005 жылдары. Шетелдегі және ТМД елдеріндегі жылқы өсірудің озат тәжірибесі.
7. Волков Г.К. и др. Ветеринарно – санитарные и зоогигиенические проблемы промышленного животновдство. М., Колос, 1979.
8. Волков Г.К. Зоогигиена и ветеринарная санитария в промышленном животноводстве. М., Колос, 1982.
9. Волков Г.К., Репин В.М. и др. Зоогигиенические нормативы для животноводческих объектов. М., Агропромиздат, 1986.
10. Испенков А.Е., Сапего И.П. Зоогигиенический и санитарный режим на фермах и комплексах. Минск, Урожай, 1984..
11. Кондратьева М.И., Кельдюшева И.Я. Микроклимат на животноводческих фермах и комплексах. Алматы., Кайнар, 1983.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Гигиена(гректің hygienos-тазалық,денсаулық,емдік-де ген сөзінен
алынған)-Малдарға тиімді күтім жасау,азықтандыру және өсіру тәсілдерін
қолдана отырып,оның денсаулығын арттыруға ,өнімін молайтуға жағдай туғызуға
бағытталған ғылыми пән.
Ғалымдар рационалды әдістер қолданып малдың денсаулығын қорғауға және
оны нығайтуға азықтандыруға, күтіп және өсіруге, шыққан тегіне байланысты
жоғарғы өнім алуға бағытталған ілім. Гигиена немесе
зоогигиена (грек сөзі zoon-жануар, hygienos-сау),деген сөзден шыққан. Тек
сау мал ғана, дені сау төл, өзіндік құны төмен жоғары өнім береді. Гигиена
малдың өміріне әсер ететін климат, жер қыртысы, өсімдіктер құрамын,
ауаны,азықты, суды, малдың организмін,оның өсіп жетілуін зерттей келе
ортаның әсерін жойуга және азайтуға арналған ұсыныстар жасайды.
Сыртқы әсер етуші факторлардың
санын және сапасын зерттеп,оның малға әсерін және сауықтыру әдістерін
ескертеді. Сонымен қатар малдың қоршаған ортаға қалыптасуында.
Зоогигиена сабағының негізгі міндеті гигиеналық
ережелерді анықтап және малды ұстап-күту, азықтандыру гигиенасын, жас
малдарды өсіру, асыл тұқымды және жоғары өнімді малдардың экономикалық
тиімділігін есепке ала отырып оны шаруашылықта пайдалану ережелерін
анықтау.
Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы — бұл ағзаның қоршаған
ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз,
яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі
ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын
ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан
зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды. Сыртқы немесе
қоршаған орта — бұл жануарды қоршаған ауа, су, топырақ, азықтар мен
ғимараттар. Қоршаған орта ағза үшін пластикалық (құрылыс), энергетикалық
және ақпараттық материалын алу көзі болып табылады. Қоршаған орта мен
ағзаның бірлігі олардың арасында үздіксіз өтетін зат және энергия алмасу
үрдісімен нақтыланады. Ірі қара малдарының қораларын
жобалап – салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық-
санитариялық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына және
ветеринариялық – санитариялық ережелерге сүйеніп жасалынады. 
Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты
ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр
шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп – бағу
жүйелеріне байланысты жүргізіледі.Қандай болмасын ірі қара малдарына
арналған өндірістерді жобалап – салу және пайдалану кездерінде ең басты
ветеринариялық – санитариялық проблема малдарды әртүрлі аурулардан ақтау
және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету
болып саналады.  Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің бағытына
байлынысты, оларға арналған шаруашылықтар: 
1. Тұқымдық – мал тұқымын жақсартып, олардан тұқымды жас төлдер алуға
арналған;
2. Өнімдік – ет және сүт өнімдерін алуға бағытталған шаруашылқтар;
3. Мал басын толықтырып отыруға арналған жас төлдерді өсіріп және
бордақылау бағытындағы шаруашылықтар;
4. Ірі малдарды бордақылап ет өндіру және жас бұзауларды бағып, күту мен
айналысатын шаруашылықтар.

1.ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1.Су және мал суару гигиенасы
Су кешенді табиғи байлық болып табылады және дүниежүзілік мұхит (94%),
жер асты суы (4%), мұз бен қар (2%), өзен, көл және батпақ суларынан
тұрады. Барлық су қорының (1,5 млрд км ) тек 2 пайызы ғана тұщы су үлесіне
тиеді.
Адам өмірі үшін, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі үшін су аса
қажет. Сонымен қатар су сыртқы орта факторлары есебінде жануарлар
денсаулығына едәуір әсер етеді. Сондықтан мал организмі үшін судың алатын
орны ерекше. Ол ерекшелік организмнің құрамының үштен екі бөлігінің судың
үлесіне тиюімен қатар оның құрамында зиянды заттар мен қауіпті микробтардың
болуымен оның малды өсірудегі санитариялық орны жанжақты көрсетілген.
Біздің планетамыздағы тірі жәндіктер денесінің үштен екісі судан
тұрады. Өсімдік организмінде де, жануарлар организмінде де судың мөлшері
едәуір жоғары, су болмаса олар тіршілік етпейді.
Организмдегі су құрамы олардың түріне, жасына, жынысына және ұлпаның
типіне байланысты болады. Мысалы, жылқы организміндегі су оның дене
массасының 55 пайызын, сиырда 60 пайыз, үй қоянында 72 пайыз, балықта 80
пайыз құрайды. Жас жануарларда, әсіресе жаңадан туған төл организмінде су
сақа жануарлармен салыстырғанда едәуір көп болады. Жаңа туған бұзау
денесінің 72 пайызын, 1,5 жастағы тайыншаның 61 пайызын, сақа бұқада 52
пайызын су құрайды. Семіз мал денесіндегі су мөлшері арық малға қарағанда
айтарлықтай аз. Өйткені, май ұлпасы суға мейлінше кедей келеді. Мәселен,
арық қой денесіндегі су 60 пайыз, семіз қойда 46 пайыз құрайды. Ал, кейбір
жануарлардың (түйелер) ерекшелігі су жетіспеген жағдайда жиналған ішкі
майлардан (өркеш майы) метаболикалық су түзіп организмдегі су балансы
теңестіріледі. Ал жануарлардың эмбриондарында су мөлшері олардың массасының
97 пайызын құрайды.
Су дегеніміз негізгі биологиялық сұйық. Су организмге үш сұйық күйде
(фазада) кездеседі: клетка ішінде, клетка сыртында және трансцеллюларлық.
Клетка сыртындағы суға қан плазмасы, клетка аралық сұйық және лимфа
жатады. Трансцеллюларлық сұйық (ішекқарын жолындағы, перикардтағы,
плеврадағы, құрсақ қуысындағы, көз ішіндегі, буын қалтасындағы) тамырлардан
кілегей қабат арқылы бөлінген.
Ұлпалардағы су құрамының ондағы зат алмасудың белсенділігімен
байланысы бар. Мәселен, мида 86 пайыз, бүйректе 80 пайыз, бауырда 70
пайыз, сүйек ұлпасында 20 пайыз су болады. Жануарлар организміне су
азықпен бірге ішкенде және органикалық заттардың клетка ішінде ыдырауы
әсерінен пайда болады (метаболикалық су). Судың көбісі теріде, дәнекер ұлпа
мен бұлшық еттерде болады. Олар су қоры міндетін атқарады. Тері су алмасуда
зор роль атқарады, сондайақ организмді температураның кездейсоқ өзгеруінен
қорғайды. Диффузия мен терлеудің нәтижесінде эпидермис арқылы су бөлінеді
де, организмнің зәр бөлуін азайтады. Жануарлар судың тапшылығына шыдамсыз
келеді. Организмдегі су 20 пайыз кемісе ол өледі. Олар, әсіресе төл
организмі аштықтан көбі шөлге шыдай алмайды. Жануарлар ашыққанымен су беріп
отырса майының, көміртегі мен белоктарының 50 пайызын жоғалтқанымен 3040
тәулік тіршілік ете алады. Ал су бермесе 48 тәулік ішіндеақ өліп қалады.
Су жетіспесе органдар мен ұлпалардың шөліркеп зат алмасуы бұзылады,
сүт қышқылының мөлшері өсіп тотығу процестері төмендейді, қанның ұюы артып,
дене қызуы көтеріледі, тыныс алуы жиілейді, ас қорыту бездерінің секрециясы
азайып, тәбеті төмендейді және өнімділігі күрт кемиді. Шөлдеу организмді
интоксикацияға ұрындырады. Себебі, бауыр, бүйрек, қан құрамында айтарлықтай
өзгерістер пайда болады. Белоктар жылдам ыдырай бастайды.
Организмде су көбейген кезде
электролиттер айтарлықтай көбейіп кетеді. Соның салдарынан клеткалар
зақымданады.Сөйтіп, организм суға уланады. Шамадан тыс тұтынылған су қан
және басқа клеткаларға өтіп оларды ісіндіреді. Қан қысымы артады, ішекте
сумен тым артық араласқан азықты организм нашар сіңіреді. Сақа мал
рационында су шамадан тыс көп болса, олардың өнімділігі көтерілмейді,
керісінше төмендеп кетеді. 1 кг сүт өңдіру үшін (азықпен бірге түсетін суды
қоса есептегенде) 45 л су жұмсалады деп есептеген дұрыс.
Организмдегі бүкіл процесс (ассимиляция, диссимиляция, резорбция,
диффузия, осмос және т.б.) органикалық және неорганикалық заттардың судағы
ертіндісі күйінде өтеді. Су тірі материяның басқадай компоненттерімен
қосылысқа түсіп отырады. Ас қорыту,
асқазанішек жолдарында азықтың қорытылу және организм клеткаларындағы
заттардың синтезделу процестері тек сұйық, сулы ортада ғана өтеді. Су
тотығу, гидролиздену және басқа да алмасу реакцияларына тікелей қатысады.
Ол зат алмасу кезінде
құралған түрлі зиянды заттарды организмнен шығару үшін де қажет. Ішкен су
организмге ас қорыту жолы арқылы түсіп, одан қан және лимфамен ұлпа аралық
кеңістікпен ұлпаға барады. Осымен бір мезгілде ас қорыту каналының ең
бастысы ащы ішектің, кейде тоқ ішектің қабырғаларында су ас қорыту сөлімен
бірге қайта сіңіріледі.

Осылайша су екі бағытта жүреді. Ас қорыту органдары қалыпты қызмет
жасағанда су толығымен дерлік сіңіріледі. Оның шамалы мөлшері ғана нәжіспен
сыртқа шығады. Асқазанішек жолдары ауруына шалдыққан кезде (мысалы, мал
тышқақтаған кезде) сұйық, едәуір көп жоғалады. Су ішектің кілегей қабығының
бүртіктері (ворсинки) арқылы сіңіріледі. Ас қорыту каналдарының кейбір
бөліктерінің сіңіру қарқындылығы ет қоректілер мен шөп қоректілерде әр
түрлі. Мәселен, бір тәуліктің ішінде ірі шөп қоректілердің ас қорыту каналы
арқылы өтетін 160 л судың (оның ішінде ішек сөлінің 70 л суы бар) 145 л
дейін ащы ішек пен тоқ ішек сіңіреді де, қалған 15 литрдейі ғана нәжіспен
бірге (тезекпен) шығарылады. Ал жылқының бопайымен (нәжіспен) бірге
шығарылатын сұйығы тәулігіне 45 литр ғана. Су ас қорыту каналынан қанмен
бірге бауырға жетеді. Ол қанға сол қанның жоғары осмостық қысымының
көмегімен өтеді. Организмнен шыққан судың ішкен судан едәуір
артық болуы шөліркеуге әкеліп соғады. Сусыздану (шөліркеу) түрлі
процестердің бұзылуы кезінде, мәселен малдың ұзақ уақыт іші өткенде, ішек
бітелгенде, жұту қиындаған кезде, тұз азайғанда, құсқанда т.б. кездерде жиі
кездесетін жағдай. Сусыздану кезінде байқалатын клиникалық белгілер: мал
шөлдейді, тілі мен кілегей қабықтары құрғайды, тері серпімділігі
төмендейді, зәрі қатты қойылады (олигурия), көздің ішкі қысымы төмендейді,
іші кебеді, қан айналысы бұзылып, жалпы әлсіздік байқалады.
Су өте жоғары жылу сиымдылығымен ерекшеленеді: аз қызып, жылуды мол
сіңіреді. Сондықтан оны эталон есебінде қабылдап, басқа заттардың жылу
сиымдылығын өлшеу үшін қолданады (калория 1 г суды 14,5°Стан 15,5°Сқа
дейін қыздыруға кететін жылу мөлшері). Дүниежүзілік мұхит сулары осы үлкен
жылу сыйымдылықтың арқасында жер бетіндегі температура жағдайын реттеуші
болып табылады. Су мал қажеттілігін өтеумен
қатар шаруашылықта санитариялық тәртіпті сақтау әрі технологиялық
процестерді өтеу үшін де өте қажет (желінді жуу, тазалау, сүт ыдыстары мен
қондырғыларын, мал денесін және қораларды тазалау, дезинфекциялау және
т.б). Су малдың кейбір індетті, вирустық және
инвазиялық арулардың таралуында үлкен роль атқарады. Ондай ауруларға
топалаң, бруцеллез, туляремия, пастереллез, сальмонеллез, лептоспироз,
маңқа, аусыл және көптеген паразит аурулары жатады.
Ішетін судың сапасы мен мөлшері малдың денсаулығы мен
өнімділігіне тікелей әсер ететін фактор. Қазақстанның көп аймақтарында
судың тапшылығы мен оның сапасының төмендігі кеңінен орын алған. Сондықтан
республикамызда елді мекендерді таза тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында
салалық "ішетін су" бағдарламасы қабылданған (2002 2010 жылдарға).
Бағдарламаның негізгі мақсаттары:

• ішетін судың сапасын жақсарту;

• ішетін суды тиімді пайдалану;

• су көздерінің санитариялықгигиеналық және экологиялық жағдайларын
жақсарту және т.б. Аталған бағдарламаның орындалуы Қазақстанның көптеген
елді мекендері мен мал шаруашылықтарын таза ауыз сумен қамтамасыз етудің
кепілі.

1.2.Табиғи су көздерін санитариялық гигиеналық тұрғыдан бағалау

Шығу тегіне қарай су атмосфералық, жер беті және жер асты суы деп
бөлінеді.Атмосфералық су жер бетіне жауын, бұршақ, қар, шық және тұман
күйінде түседі. Олар құрамындағы газдардың (азот, оттегі, көміртегінің қос
тотығы) жоғарылығымен ерекшеленеді. Бұл сулар құрамында көмір қышқылы
болғандықтан қышқыл реакциялы болады. Сондықтан да дәмі ұнамсыз келеді.
Мұндай сулар көбінесе ішуге жарай бермейді. Жер бетіндегі сулар
жер бедерінің (шалшық, тоған, өзен, көл, теңіз) ойпаңдау тұсына барып орын
тепкен атмосфералық су мен жер беті суының кейбір бөлігі. Бұл суды да сол
қалпында іше беруге жарамайды, алдын ала өңделіп барып пайдаланады.
Қазақстан территориясында жер беті
суының мол қоры орналасқан және оның негізгісі өзен мен көлдер болып
табылады. Гидрологиялық қызметінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 7557
өзен бар деп есептеледі. Өзендер Республика территориясында біркелкі
орналаспаған. Олардың 50 пайыздан артығы таулы және тау етек аудандарында
орналасқан. Республикада үш үлкен су көздері (Балқаш көлі, Арал және
Каспий теңіздері), екі көл (Алакөл мен Теңіз) және 38 мыңнан астам кіші
көлдер орналасқан. Алайда, жер беті суларының ресурсының (100,5 км3 жылына)
біркелкі орналаспауы оларды тиімді пайдалануға кедергі болып отыр. Жер
беті суларының сапасына келетін болсақ, барлық ірі су ағымдарының сапалы
ішетін суға қойылатын стандартқа сәйкес емес. Ертіс, Іле, Орал, Сырдария
сияқты ірі өзендер трансшекаралық болғандықтан қатты ластанған. Сондықтан
олар алдын ала өңдеусіз ішуге немесе шаруашылыққа пайдалануға жарамайды.
Мысалы, Орал өзені фенолмен жоғары деңгейде ластанған (3 ШЖК дейін). Іле
өзенінің экологиялық ауыр жағдайы оның суының бормен (21,8 ШЖК дейін) және
алты валенттілік хроммен (14 ШЖК дейін) шектен тыс ластануынан туып отыр.
Нұра өзені түпкі қабатында, суында және шайындыларында сынап мөлшерінің
деңгейі жағынан республикада ең ласы болып есептеледі. Ертіс өзенінде мыс
(2 ШЖК дейін) пен мырыш (25 ШЖК дейін) мөлшері осы уақытқа дейін жоғары.
Балқаш суында, Іле өзенінде мыстың, мырыштың және никельдің мөлшері жылдан
жылға көбеюде (28 ШЖК арасында). Үлкен су
көздерімен кішігірім өзендердің ластануы негізінде канализациялық тазалау
қондырғыларының шамадан тыс пайдалануы мен олардың тиімсіз жұмысы, аракідік
лас сулардың жіберілуі, суды қорғау зоналарының қанағаттықсыз жағдайымен
байланысты. Сондықтан ең бастысы жер беті суларын қоқымданудан, ласта нудан
және сарқылудан қорғау.
Қазақстан үшін, әсіресе, Аралдың тартылуы орасан зор дүниежүзілік
әсері бар апат болып отыр. Теңіз суының тартылуы үлкен алқапты
шөлейттенуге, аймақтың климатының өзгеруіне және адам мен мал денсаулығына
үлкен зиян келтіруде. Қазіргі кезде Аралды (Кіші Арал) сақтау, соған
байланысты экологиялық апаттың зардабын азайту мақсатында үкіметіміз
қырауыр жұмыс істеуде. Жер асты суы
ең алдымен атмосфералық судан тұрады. Өйткені, атмосфералық су топырақтың
төменгі қабатына өтеді де, онда жер асты су ағыны немесе су қоймасы ретінде
жиналады. Бұл сулар жер қыртысы саңылауының су өткізбейтін қабатының үстіне
шоғырланып, сулы қабат құрайды. Егер бұл қабат бірінші су өткізбейтін
қабатпен топырақтың аралығына орналасса және жер бетіне жақын жатса ол
атмосфералық қысым әсерінде болады. Ал бұл қабат су өткізбейтін қабаттар
аралығына орналасса, онда ол гидростаттық қысым (артезиан су) әсерінде
болады. Санитариялық тұрғыда жер асты суы тайыз, терең су және артезиан суы
деп бөлінеді (7сурет). Тайыз су әдетте жердің үстіңгі қабатында (23 м)
алғашқы су өткізбейтін қабат үстінде болады. Оның жататын тұсы бұл қабаттың
тереңдігіне, сондайақ жыл мезгіліне байланысты. Құрғақшылық кезде оның
мүлде жойылып кетуі мүмкін. Бұл судың бір бөлігін топырақ ертінділері
құрайды. Ал топырақ ертіндісі гидротациялық қабат жасай отырып, топырақ
бөлшектерінің арасындағы капиллярлық кеңістікті толтырады. Тез ластанатын
болғандықтан, оның дәмі қанша жақсы болса да көп жағдайда ол ішуге жарай
бермейді. Терең су (1
метрден 23 км дейінгі, тіпті 6,5 км дейінгі тереңдікте) алғашқы су
өткізбейтін қабаттың астында жатады. Олар су шығатын бірнеше белестерде
орналасып, қысымды, қысымсыз да бола алады. 15 м тереңдікте жатқан жер асты
суы тайыз су деп аталады. Бұл сулар адамдарды ауыз сумен қамтамасыз етудегі
ең басты су көзі болып табылады. Ал 15 метрден төмен жатқан су терең су деп
аталады. Бір литрінде кемінде 1000 мг еріген тұз немесе көмір қышқыл
тотығы, әйтпесе тұщы суда сирек кездесетін элементтердің, мысалы, бром,
йод, фтор, темір, радий бар терең суды минералды су деп атайды.
Құрамындағы минералды қосылыстардың
басымдылығына қарай минералды су бірнеше түрге бөлінеді: хлоридты
(құрамында күкіртті сутек және хлорлы натрийдің көп мөлшері бар); сульфидті
(құрамында күкіртті сутегі бар); көмірқышқылды (құрамында карбонаттар және
СО2 бар); ащы сулар (құрамында күкірт қышқыл магний бар) және басты
компоненттердің бірінің атымен аталатын (йодты, радонды немесе
радиоактивті) минералды сулар. Минералды сулардың ерекшілігі оларда
дезинфекциялық қасиеттерінің болуында (мұндай суларда балықтар ауырмайды,
жақсы тұқым береді).
Артезиан суы оның гигиеналық қасиетіне байланысты өте жоғары бағаланады. Ол
микроорганизмдерден толық дерлік таза. Сондықтан да ешқандай тазартылып,
зарарсыздандырылмайақ іше беруге болады. Республикада барланған жер асты
суларының жылдық ресурсы (623 көз) 15,8 км3 құрайды. Алайда, пайдалануға
жарайтын барланған су қоры біркелкі орналаспаған: тәулігіне әр адамға
шаққанда су қорының салыстырмалы мөлшері 0,08 м3тен (Атырау, Солтүстік
Қазақстан облыстары) 1,62,3 м3ке дейін (Жамбыл, Алматы және Павлодар
облыстары) өзгереді. Қазіргі кезде Республика
территориясында жер асты суларын ластауы ықтимал 700ден аса ошақ бар. Мұның
ішінде ең көп ластау көздері Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан
облыстарында кездеседі. Жер асты суларының ластануы негізгі
минерализацияның артуы, кермектіліктің жоғарлауымен, хлоридтер мен
сульфаттардың мөлшерінің артуымен сипатталады.
Табиғи су көздерінің ластануы. Табиғи су
көздерінің басты ластаушыларына таукен, өнеркәсіп, өндеу кәсіпорындарымен
қатар, мал шаруашылық орындары да жатады. Ал, ең көп тараған ластаушы
заттарға түсті металдар, күрделі химиялық қосындылар, мұнай, минералды
тұздар, радиоактивті қоспалар, пестицидтер және т.б. өндіріс қалдықтары
кіреді. Аталған ластаушы заттар, оның ішінде антропогенді және техногенді
заттар да табиғи сумен араласып оның сапасын өзгертеді. Бұл өзгерістер
әртүрлі болып келеді: судың физикалық қасиеттерінің өзгеруі (алғашқы
мөлдірлігі мен түсінің өзгеруі, жағымсыз иіс пен татымның пайда болуы
т.б.); судың химиялық құрамының өзгеруі (әсіресе, оған зиянды заттар судың
бетіне жүзіп жүретін заттар түсуі, түбіне шөгінді шөгу, су қоймасынан
түскен органикалық ластаушы заттарды тотықтыруға жұмсалуы салдарынан еріген
оттегі мөлшерінің азаюы); бактериялар мен басқа да микроорганизмдердің,
соның ішінде ауру тудыратын микроорганизмдердің де пайда болуы салдарынан
судың сапасының өзгеруі. Ластанған
табиғи суды ішуге, шомылуға, су спортына, тіпті техникалық қажеттілікке
пайдалануға болмайды. Мұндай су балыққа, суда жүзетін
құстарға, малға, тағы басқа организмге зиянын қатты тигізеді. Олар ауруға
шалдығып, біразы қырылып қалады.
Жер беті және жер асты суына мұнай мен оның өнімдері
зиянды әсер тигізеді. Олар өзен және басқа су қоймаларының бетіне жұқа
қабат жасап қана қоймай, оның түбіне шөгінді болып шөгеді. Құрамында сәлпәл
ғана мұнай (литріне 0,20,4мг) болғанның өзінде суда ерекше өткір иіс пайда
болады. Ол иіс қанша хлорлап, сүзгенмен кете қоймайды. Мұнай өнімдері балық
денсаулығы үшін аса зиян. Олар жаппай ауруға шалдығып, ақырында қырылып
қалады. Судың 1 л 0,1 мг мұнай шоғырланса, балық етіне ешқандай
технологиялық өңдеу ала алмайтын дәм мен ерекше өткір иіс пайда болады.
Түрлі өнеркәсіптерден ағып шығатын судың құрамында болатын фенол
қосылыстарының қауіптілігі де ешқайсысынан кем емес. Фенолды сулардың күшті
антисептикалық қасиеті бар, әрі судың иісі өткір, қолайсыз болады және
судың биологиялық процесін бұзады. Бұл жағдай балықтың ұдайы өсу процесін
нашарлатады.

1.3.Су көздерін санитариялық тұрғыдан қорғау

Табиғи суды қорғау проблемасы көп жағдайда олардың әлеуметтік тұрғыдан
және өнеркөсіп кәсіпорындарының қалдық суымен ластануын алдын алуға
байланысты туындайды. Жер беті су көздерін қорғаудың негізгі жолдары: суды
қайта пайдалану жүйелерін енгізу, лас суларды су қоймаларына ағызбау және
оларды тазалау, қалдықсыз және сусыз технологаяларды дамыту, лас суларды
жер асты қабаттарына енгізу, пайдаланған суды тазалау және зарарсыздандыру.
Жер беті суларын ластанудан қорғауда гидротехникалық және
агроорманмелиоративтік шаралардың маңызы зор.
Пестицидтер мен тыңайтқыштардың зияндығын азайту мақсатында
олардың мөлшері мен қолдану уақытын қадағалау және суаратын сумен бірге
пайдалану, өсімдіктерді қорғауда улы химикаттарды биологиялық әдістермен
ауыстыру тиімді.
Басқа лас су көздеріне қарағанда мал шаруашылығының ағынды лас суларының
ерекшелігі оларды утильдеудің өте күрделілігі әрі су көздеріне жойқын әсер
етуінде. Малдан шығатын зиянды ағынды суларды өңдеудің қазіргі ең танылған
технологиясы оларды фракцияларға бөлу: қатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
228 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
Бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
3-4 айлық 100 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайын зерттеу
Шу және оның мал организміне әсері
3-4 айлық 100 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
Ересек Сиырдың салм
Бұзауларды сүт ему мезгіліндегі ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар
20-60 күндік 360 бас бұзау қорасының желдеткіш режимін оңтайландырудың есептік режимдрі
Ірі қара малының гигиенасы.Мал қораларына және мал шаруашылық өндірісіне қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар
Малды жазда бағып-күту гигиенасы
Пәндер