Бұзауларға арналған қора – жайларға қойылатын ветеринариялық – санитарлық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Технология және Биоресурстар факультеті

Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы кафедрасы.

Реферат

СӨЖ тақырыбы: Бұзауларға арналған қора - жайларға қойылатын ветеринариялық - санитарлық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары .

Орындаған:

Қабылдаған:

Алматы 2017-2018

Мазмұны

Кіріспе . . . 3.

Негізгі бөлім . . . 5.

2. 1. Ірі қара малды өсірумен айналасатын өндіріс объекттілеріне қойылатын ветеринариялық-санитарлық талаптары . . . 5

2. 2. Бұзауларға арналған қора - жайларға қойылатын ветеринариялық - санитарлық және гигиеналық талаптары . . . 7.

2. 3. Малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары. . 9.

Қорытынды . . . 12.

Қолданылған әдебиеттер . . . 13.

Кіріспе

Мал шаруашылығы қора-жайларында ағаштан жасалған оттықтар, астаулар және басқа жабдықтардың пайдалануына жол берілмейді. Жануарларды күтіп-бағуға арналған қора-жайлар мен қоршалған ашық қашаларды көңнен тазартып отырады. Адамдар мен жануарлардың бақылаусыз өтіп кетуіне тосқауыл қою үшін өндіріс объектісінің аумағы биіктігі кемінде 2 метр (бұдан әрі - м) қоршаумен қоршалады, ал жол жүру бөлігі қатты су өтпейтін жол-құрылыс материалымен жабылады. Карантиндік бөлім және оқшаулағышты бірыңғай блокта орналастырғанда, олардың арасында тамбур жабдықталады, онда жұмысшылардың арнайы киімдеріне (бұдан әрі - арнайы киім) арналған шкафтар, қолжуғыш, дезинфекциялық ерітінділер бар ыдыстар, аяқкиімдерді дезинфекциялауға арналған дезинфекциялық төсеніштер орнатылады. Мал қора-жайларының едендері, қабырғалары, оттықтары, сұйық көң жинағыштары мен басқа жабдықтары "Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10028 болып тіркелген) сәйкес жүргізілетін дезинфекция жасауға ыңғайлы материалдардан жасалады. Мал шаруашылығы қора-жайларында тарту-сору желдеткішін орнатады, ал қысқы уақытта сырттан кіретін суық ауа жылытылады. Қора-жайлардың желдетілуі ғимараттардың жылу оқшаулауын, бөлінетін жылу, ылғал мөлшерін, көңді шығару тәсілін, қысқы кезеңде түрлі жастағы мал басы үшін сараланған температуралық-ылғалдылық режиммен және үзіліссіз ауа алмасуымен қамтамасыз етілетін жануарларды күтіп-бағу жүйесін есепке ала отырып қамтамасыз етіледі. Төлді күтіп-бағуға арналған ғимараттарда ішкі ауаның барлық басқа нормалаушы параметрлері сақталғанда және қора-жайлардың қабырғалары мен төбесінде конденсаттың пайда болуына жол берілмейтін жағдайда ішкі ауаның ең жоғары салыстырмалы ылғалдылығын 85 %-ға дейін көтеруге жол беріледі. Мал шаруашылығы (жаңа туылған төл үшін) және қосалқы үй-жайлар жылытумен қамтамасыз етіледі. Өндірістік үй-жайлардан ауру жануарларды сою пунктіне тасымалдау үшін арнайы көлік құралдары бекітіліп беріледі. Жалпы шаруашылық оқшаулағыш болмаған кезде оқшаулағыш жобалауға арналған тапсырма бойынша салынады, оны жертөлесі және өзінің ішкі ауласына шығуға арналған құрылысы бар биіктігі 2 м тұтас дуалмен қоршаған кезде, өндіріс объектісінің басқа ветеринариялық объектілерімен бекітуге рұқсат етіледі. Өндіріс объектілеріндегі дезинфекция өндірістің жалпы технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және оның өсімін молайту, өсіру және бордақылау технологиясының ерекшеліктерін ескере отырып, "Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10028 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі. Дезинфекциялық жұмыстар жоспарында негізгі өндірістік және қосалқы үй-жайларды, көлік құралдары мен басқа объектілерді дезинфекциялауды жүргізу мерзімдері, әдістері мен режимдері, сондай-ақ дезинфекциялау және жуу заттарына, дезинфекциялау және жуу техникасына қажеттілік, дезинфекция сапасын бақылау тәсілдері көзделеді. Қора - жайларды және басқа объектілерді дезинфекциялау алдында дезинфекциялауға жататын жерлерге мұқият механикалық тазарту жүргізіледі[1] .

Негізгі бөлім

2. 1. Ірі қара малды өсірумен айналасатын өндіріс объекттілеріне қойылатын ветеринариялық-санитарлық талаптары.

Ірі қара малды бордақылау алаңдарын елді мекендерге қатысты жел бағытының ық жағына, ең тиімдісі жалпы еңістігі 4 0 - 6 0 болатын оңтүстік және оңтүстік батыс беткейлерде орналастырады. Сонымен қатар, әр қашаның (загонның) мал оттықтарынан және демалу орындарынан 2 0 - 3 0 еңіс болуы тиіс. Ірі қара мал өсіру жөніндегі кәсіпорындар мен басқа жекелеген ауыл шаруашылығы объектілер арасындағы зооветеринариялық арақашықтықтар осы талаптарға 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Жануарлар климат жағдайларына байланысты қора-жайларда және қалқа астындағы ашық қашаларда күтіп-бағылады. Ірі қара малдарға арналған жайылу-азықтандыру алаңдары аудандарының нормалары осы талаптаға 4-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Ашық және жартылай ашық үлгідегі алаңдар маусымдық және жыл бойы қолданылатын болып бөлінеді. Маусымдық алаңдар жылдың жылы кезеңінде қолданылады, оларды пайдалану мерзімі ауданның және құрылыстың климаттық жағдайына байланысты болады және әрбір нақты жағдайда олардың жобалануы ескеріле отырып айқындалады.

Барлық маусымдық алаңдар оттықтармен, суарғыштармен және қажет болған жағдайда көлеңке беретін қалқалармен және минералды қоректендіруге арналған астаулармен жабдықталған малға арналған секциялар (қашалар) құра отырып ашық болып жобаланады. Жануарларды азықтандыруға арналған оттықтардың көлемдері осы талаптаға 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Жыл бойы қолданылатын алаңдарды оңтүстік және қоңыржай климаты бар аймақтарда салады. Есептік қысқы температурасы - 20 0 C дейінгі аудандарда алаңдар қалқалармен және желден қорғау құрылғыларымен (желдің бағытын өзгертетін қалқандар, ықтар, тал өсіру) жабдықталады, ал есептік қысқы температурасы - 20 0 C-тан төмен болатын аудандарда үш қабырғалы қалқалармен немесе мал еркін шыға беретін жеңіл жабық қора-жайлармен жабдықталады. Малдарды ашық және жартылай ашық үлгідегі алаңдарда күтіп-бағу кезінде жануарларды азықтандыру бір басқа шаққанда кем дегенде 0, 28 м азықтандыру фронтымен жайылу-азықтандыру аулаларында жүргізіледі. Жануарлар жылдың суық кезеңдерінде суды жылыта отырып топтық үлгілік суарғыштардан суарылады.

Алаңдар нөсерлік кәріз жүйесімен жабдықталады, жануарлар терең ауыстырылмайтын төсемдерде күтіп-бағылады. Өндіріс объектілерінде табынды жинақтауға белгіленген нысандағы ветеринариялық сертификатпен (ветеринариялық анықтамамен) расталатын жануарлардың инфекциялық және инвазиялық аурулары бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден рұқсат етіледі. Тасымалдауға іріктеліп алынған төлдер тасымалдаудың адында эпизоотиялық жағдайға сәйкес алдын ала нұсқауға (нұсқаулық) сәйкес ірі қара мал төлінің инфекциялық ауруларына қарсы егіледі. Осы кезеңде 5 - 8 күндік жастағы жануарларды жіберу үшін іріктелген өнім беруші шаруашылықтарда жылдың көктемгі және күзгі кезеңдерінде жәндіктер ұша басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін химиялық немесе термиялық тәсілмен зарарсыздандырады. Аталған жұмыстарды өнім беруші шаруашылықтың ветеринария саласындағы маман орындайды. Өндіріс объектілеріне әкелінуге жататын жануарларды іріктеп алуды және қабылдауды өндіріс объектісінің ветеринария саласындағы маманы тікелей өнім беруші шаруашылықтың аумағында жүргізеді. Әрбір жануарды клиникалық қарап-тексеру кезінде дене қызуын өлшеу жүргізеді. Әлсіз, жетілмеген, ауру белгілері (жөтел, мұрын қуысынан маңқасы аққан, дене қызуы жоғары) бар, сондай-ақ көзге көрінетін экстерьерлік кемістіктері бар жануарлар өндіріс объектісіне жинақтауға жіберілмейді.
Жануарлар өндіріс объектісінің арнайы жабдықталған автокөлігімен тасымалданады. Жануарларды тасымалдауға арналған автокөліктің шанағы жылу жібермейтін материалдармен жабылады және тиімді мәжбүрлі желдетумен қамтамасыз етіледі. Жылдың суық кезеңдерінде ішке кіретін ауа жылытылады. Қысқы уақыт кезеңінде автокөлік шанағында микроклиматтың мынадай көрсеткіштері ұсталып тұрады: ауаның температурасы + 15 - 16 0 C, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 %, ауаның қозғалыс жылдамдығы секундына 0, 1 - 0, 2 метр (бұдан әрі - м/сек), ол автокөліктің кабинасында орнатылған арнайы датчиктермен бақыланады. Автокөлік шанағының еденін су өтпейтін және жуу мен дезинфекциялау кезінде ластанулардан тез тазаратын материалмен жабдықтайды. Бұзауларды тиер алдында, шанақтың еденіне сабан немесе жануарлардың тайғанауы мен жарақаттануына бөгет жасайтын басқа төсеніштер төселеді. Төсеніш ретінде қолданылатын ағаштың үгіндісін сабанмен араластырып пайдаланады. Тасымалдау кезінде жануарлардың жарақаттануын болдырмау үшін автокөлік шанағының ішінде шығып тұрған болттар мен басқа да өткір заттарды алып тастау керек.

Тасымалдау кезінде салмағы 40-80 килограмм (бұдан әрі - кг) болатын бір бұзауға арналған ең аз алаң 0, 4-0, 75 м 2 құрайды. Әрбір рейстен кейін көлік құралдары тазалануға және дезинфекциялануға жатады.
Жануарларды кешенге қабылдауды бұзауларды қабылдайтын қора-жайда өткізеді. Бұзауларды қабылдайтын бөлімшеде әрбір мал басын клиникалық қарап-тексеру жүргізіп, дене температурасын өлшейді және санитариялық өңдеуден өтеді, бұл ретте жануарлардың жүнін 1 % хлорофос ертіндісімен сәл ылғалдандырылған арнайы щеткамен тазалайды, кірлеген жерлерін жылы сумен жуады, тұяқтарын көңнен тазалайды және профилактикалық мақсатта қолда бар дезинфекциялық препараттың бірімен өңдейді. Ауру немесе ауруға күдікті, сондай-ақ дене қызуы жоғары жануарлар оқшаулауға жатады.
Бұзауларды жылдың суық кездерінде құрғақ және жылы секцияларға орналастырады. Карантин кезінде өндіріс объектісінің ветеринария саласындағы маманың рұқсатынсыз орын ауыстыруға (жануарларды басқа қора-жайларға, сондай-ақ карантиндік қора-жайдың басқа секцияларына ауыстыру) жол берілмейді. Жануарлардың жаңа тобымен әрбір кезекті толықтыру алдында секцияны санациялау (механиқалық тазалау, дезинфекциялау) жүргізеді. Санациядан соң профилактикалық үзіліс бес тәуліктен кем болмайды. Аталған іс-шараларды орындау "бәрі бос - бәрі бос емес" техналогиялық қағидатының жүзеге асырлуын қамтамасыз етеді, оны жануарларды күтіп-бағудың барлық кезеңдерінде сақтау керек.
Қора-жайлар топтық ультракүлгінді (бұданәрі - УК) сәулелеу қондырғыларымен жабдықталады. 2 сағаттық демалыстан кейін әкелінген бұзауларға сүт немесе қаймағы алынбаған сүт алмастырғышын (бұдан әрі - ҚСА) береді. Автосуарғыштарды бұзауларды қабылдағаннан соң 5-7 сағаттан кейін іске қосады. [2]

2. 2. Бұзауларға арналған қора - жайларға қойылатын ветеринариялық - санитарлық және гигиеналық талаптары.

Бұзаулар кешенге әкелінген соң күнтізбелік 65 күн бойы қайтадан қалпына келтірілген сүтпен немесе ҚСА-мен қоректендіріледі. Азықтандыру алдында сүт температурасы 30 - 40 0 C қоспаны жасау үшін ауыз су сапасындағы суық сумен керек мөлшерге дейін араластырылады.
ҚСА таратуға арналған желі мынадай тұйық жүйеден тұрады: сольвилат - құбыр - сольвилат. Желі жиынтығына бұзауларға сүт беруге шелектер, шлангтер, мөлшерлеп құюға арналған пистолеттер кіреді. Бұзауларды әрбір азықтандырғаннан кейін құбыр мен сольвилатты сүттің қалдықтары толық кеткенге дейін 4 минут бойы жылы (25 - 30 0 C) сумен шаяды, одан кейін құбырды 5 - 7 атмосфералық қысыммен ыстық (65 0 C-тан кем емес) сумен жуады және келесі қоректендіруге дейін ыстық суды толтырып қалдырады. Азықтандырудың алдында бұл суды құбырдан шығарады және оны 4 минут бойы ағынды әдіспен ыстық сумен жылытады. Сүт шүмектерін күн сайын бөлшектейді (алдындағы азықтандырғаннан кейін) және губканың көмегімен жылы 0, 5 % жуу ертіндісімен жуады, сумен шаяды және құбырға монтаждайды. Он күнде бір рет ҚСА тарату жөніндегі желіні жуады және дезинфекциялайды. Бұзауларды азықтандырғаннан кейін сүт қалдықтарын жою үшін шелектерді жылы сумен шаяды, одан кейін щеткалардың көмегімен жуғыш құралдардың жылы ерітіндісімен жуады және қысыммен келген ыстық сумен (65 0 C) 1 минут бойы шаяды.
Шланг пен пистолетті құбыры бар жүйеде ағынды әдіспен жылы сумен жуып-шаяды, одан кейін оны құбырдан ағытады және жылы 0, 5 % жуғыш ерітіндімен ваннада жуады, пистолетті ысқышпен тазалайды содан кейін ыстық (65 0 C) сумен шаяды және кептіру үшін кронштейндерге іліп қояды. Бұзауларды қайта қалпына келтірілген сүтпен азықтандырудың алдында шлангті пистолетпен бірге ҚСА-ны тарату желісіне монтаждайды және сонымен бірге қыздырады. ҚСА-ны тарату жөніндегі желінің санитариялық жай-күйін тексеру кезінде сольвилаттың, құбырдың, сүт шлангілерінің, пистолеттердің және шелектердің жай-күйіне назар аударады, оларды күнде кешкі санитариялық өңдегеннен кейін қарап-тексереді. Құбырды қарап-тексеруді мақтадан жасалған тығындар арқылы жүргізеді, олармен келесі бөлшектер мен топтардың ішкі беттерін сүртеді.

1) құбырдардың ішкі қабырғалары;
2) құбырлардың муфталармен жалғанған жерлері;
3) сүт шлангілері;
4) шелектер.

Жасы үлкенірек жануарларға арналған қора-жайлардағы оттықтарды, жемшөп алаңдарын, жемшөп таратқыштарды күн сайын жемшөп қалдықтарынан және ластанулардан тазалау керек. Бұзауды өсірумен және бордақылау жөніндегі өндіріс объектілерінде мынадай талаптарды сақтауды қамтамасыз ететін технология пайдаланады:

1) қолайлы шаруашылықтардан өндіріс объектілерін қатаң кестеге сәйкес бір жастағы жануарлармен жыл бойы біркелкі жинақтау ағымдылығы;
2) жас ерекшелігіне сәйкес жануарларды әкелуден өткізгенге дейінгі кезеңдерде жануарларды күтіп-бағу циклінің бөлшектенуі;
3) жануарларға арналған қора-жайларды оқшауланған секцияларға бөлу;
4) белгілі бір өсіру кезеңіндегі төлдерді күтіп-бағуға арналған үй жайларды мамандандыру;
5) жануарлардың бастапқы қалыптасқан тобының құрамын өсірудің барлық кезеңдерінде жеке өндірістік бірлік ретінде сақтау. [3]

Етті тұқымды қашаларды өсіру жөніндегі өндіріс объектілерінде шетен қорадағы және жазғы-жайылымдық кезде де жеңілдетілген құрылыс материалдарымен салынған жылытылмайтын қора-жайларда еркін серуендететін күтіп-бағу көзделуі қажет. Төлдерді азықтандыру мен суғаруды қалқалармен, сондай-ақ желден және қардан қорғайтын қоршаулармен жабдықталған, қатты жабынды серуендету-азықтандыру аулаларында жүргізеді. Әр түрлі мақсаттағы барлық кешендерде байламай күтіп-бағу кезінде бұзаулар топтармен мынадай секцияларда орналастырылады:
1) міндетті түрде едені сенімді жылу жібермейтін едені бар жеке бокстары төсенішсіз тор еденде;
2) ауыстырылатын төсеніші бар немесе жылытылатын тақтай төсек тапшан түріндегі қамтылған демалу орындары құрылған жазық едендерде.

Малдың басын толықтыратын төл байлаусыз күтіп-бағу кезінде секцияларда қалың төсеніште немесе міндетті түрде жеке бокстар құрылған тор еденде секцияларда топтармен орналастырылады. Жануарларды өсірудің немесе бордақылаудың кезекті технологиялық кезеңі аяқталғанда, оларды басқа қора-жайларға немесе секцияларға ауыстыру өндіріс объектісінің ветеринария саласындағы маманының рұқсатымен ғана жүргізіледі. 6 айдан асқан ересек жануарларға арналған планканың рұқсат етілетін ені - 100 - 120 мм, саңылаулар ені - 40 - 45 мм. Торлар азықтандыру бағытына қатысты перпендикуляр орналасады. Технологиялық іс-шаралар жоспарында ересек жануарлардың тұяқтарын мерзімді қарап-тексеру, жануарлар топтарын емдеу ерітінділері толтырылған ванналардан өткізу жолымен профилактикалық өңдеу, сондай-ақ тұяқтарды уақытында тазалау және қию көзделеді.
Жануарларда зат алмасу жай-күйін бақылау үшін олар әкелінген кезде және бір жас тобынан екінші топқа әрбір технологиялық ауыстырылған кезде мал басын диспансеризациялау жүйесі және жануарлардың бақылау топтарын ай сайын клиникалық-зертханалық зерттеу өткізіледі. Әр топты зертханалық зерттеу нәтижелері нормативтермен және алдағы зерттеу нәтижелерімен салыстырылады.
Анықталған өзгерістер мен бұзушылықтар технологияны тиісті түзету және емдеу-профилактикалық іс-шараларын өткізуге негіз болады. Жазғы кезеңде үш айдан асқан жануарларды кешеннің (өндіріс объектісінің) айналасында 2 километр радиустғы жерлерде арнайы жасалған суармалы, дақылды немесе табиғи жайылымдарда жаяды. Жануарлар жайылған кезде оларды суару жылжымалы автосуарғыштар арқылы ұңғымалардан немесе артезиан құдықтарынан алынған сумен жүзеге асырылады. Бұзаулар жайылатын жерлерде көңді, ағынды суларды төгуге, сондай-ақ басқа жануарларды жайылуына жол берілмейді. Мал төлін өсіру кезінде жоғарыдағы көрсетілген шаралардан басқа, аталған аймаққа тән паразитарлық ауруларға, сондай-ақ қан паразитарлық ауруларына қарсы профилактикалық іс-шаралар, бөгелектермен және қансорғыш жәндіктермен күрес жүргізіледі. Эпизоотиялық ахуалға және жануарлардың келу (әкелу) орнында нақты нозологиялық бірлік бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларға байланысты өндіріс объектісіне әкелінетін жануарлар ауруларға қарсы егілуге жатады. Жануарлар өсіру барысында сібір жарасына қарсы вакцинаны қолдану нұсқаулығында көрсетілген мерзімдерде екпе жұмыстары жүргізіледі. Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес және эпизоотиялық жағдайға байланысты барлық қажетті диагностикалық зерттеулерді, егулер мен өңдеулерді жүргізеді. [4]

2. 3. Малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қораны жарықтандыру
Мал коралары ауасының микрофлорасы
Бұзауларды өсіру гигиенасы
Ірі қара мал қораларының жобалаудың нормативтік базасы
228 бас бұзауға арналған қораның санитарлық – гигиеналық жағыдайы
Қабандар (шошқа)
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері
Шу және оның мал организміне әсері
Күркетауық балапандар
Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz