Күштік трансформаторларды техникалық эксплуатациялау және оларға қызмет көрсету



1 Күштік трансформаторлар.
2 Күштік трансформаторларды монтаждау, техникалық эксплуатациялау және оларға қызмет көрсету
Күштік трансформаторлар электрэнергетикалық жүйесінің үш фазалық айнымалы токпен электр энергиясын стансалардан тұтынушыларға дейін тасмалдауды және таратуды қамтамасыз ететін негізгі электр жабдығы болып табылады. Трансформатордың көмегімен, кернеу генераторлық шамадан электр жүйесінде тасмалдауға қажетті шамаға дейін (35-750 кВ) көтеріледі және электр қабылдағыштарында қолданылатын шамаға дейін (0,22-0,66 кВ) көп дүркінді, сатылы төмендетіледі.
Күштік трансформаторларды дұрыс эксплуатациялау тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамытамасыз етуіне және электр энергиясын үнемді, рационалды пайдалануына алып келеді.
Техникалық эксплуатация барысында күштік трансформаторларына қойылатын талаптар:
Күштік трансформаторлар тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамытамасыз етуі тиісті;
Трансформатордың жұмыс режимі үнемді болуы тиісті;
Трансформатордың орналасуы оның техникалық эксплуатациясы барысында өртке қауіпсіздігін қамытамасыз етуі;
Трансформатордың әр түрлі ақаулықтан және жұмыс режимінен бұзылудан тиісті қорғаныстармен қамытылуы.
Қорғаныс түрлерінен басқа, трансформатор қызмет көрсетуші персоналдың трансформатор жұмыс режимін, сонымен бірге өндірістік кәсіпорынның электрмен қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс режимін бақылау үшін тиісті өлшеуіш аспаптарымен жабдықталуы тиіс.
Трансформатордық эксплуатациялық сенімділігін жоғарылату үшін келесідей шаралар өткізіледі:
оперативтік қызмет көрсету (тексеру, температуралық режимдерді, кернеу деңгейлерін сақтау, жұмыс режимдерін жүргізу);
1. Почаевец В.С., Электрические подстанции М., 2001г.
2. Васильев А. А. Электрическая часть станций, подстанций. М., Энергия, 1980г.
3. Андреев В.А. Релейная защита и автоматика систем электроснабжения. М., Высшая школа, 1991г.
4. Ливинец Н.П., Немилостивый А.Н. Энергетика анықтамасы. К., Техника, 2008ж
5. Сибикин Ю.Д., Сибикин М.Ю. Өндірістегі электр қондырғыларын монтаждау және пайдалану.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Күштік трансформаторлар. Күштік трансформаторларды монтаждау, техникалық эксплуатациялау және оларға қызмет көрсету.

1.Сабақ мақсаты: Күштік трансформаторларды монтаждау, техникалық эксплуатациялау және оларға қызмет көрсетуді оқып білу.

2.Жабдықтар мен құралдар:
2.1. ТМ, ТМН, ТДН, ТДТН күштік трансформаторларының техникалық сипаттамасы және эксплатациялау нұсқаулығы, плакаттар.
2.2. Технологиялық карта, техникалық сипаттамалар мен эксплуатациялау жөніндегі нұсқаулықтар, плакаттар.
2.3. Жұмыс құралы.

3.Нұсқау 2 сағ. Күштік трансформаторлар. Күштік трансформаторларды монтаждау, техникалық эксплуатациялау және оларға қызмет көрсету.

4. Техника қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар.
4.1. ТК №1 З.2., п.3. материалын қайталау. Техника қауiпсiздiгi бойынша негiзгi мәлiметтер.

5. №19.Тәжірибелік жұмыс. 10сағ Күштік трансформаторларды техникалық эксплуатациялау және оларға қызмет көрсету.

5.1. Жұмыс мақсаты: Күштік трансформаторларды монтаждау, техникалық эксплуатациялау және оларға қызмет көрсетуді оқып білу.

5.2. Тапсырма:
1. Күштік трансформаторлардың негізгі конструктивтік элементтерін, салқындау жүйесін оқып білу.
2. Күштік трансформаторларды эксплуатациялау талаптарын, эксплуатациялау кезінде рәсімделетін құжаттар тізімін білу.
3. Қосуға дайындау кезінде құрғақ трансформаторды тексеру тәртібін үйрену.
4. Күштік трансформаторларды эксплуатациялау процессінде техникалық қызмет көрсету тәртібін оқып білу.
5. Трансформаторларды монтаждау тәртібін үйрену.
6. Бақылау сұрақтарына жауап дайындау.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Күштік трансформаторлардың негізгі конструктивтік элементтерін атаңыздар.
2. Күштік трансформаторлардың орамдары мен изоляциясының түрлері.
3. Трансформаторлардың салқындату жүйесі.
4. Күштік трансформаторларды эксплуатациялау талаптары.
5. Қандай жағдайда трансформатор сөнеді?
6. Трансформаторды қосу тәртібі.
7. Бактің, кеңейткіштің, шығару құбырының, майкөрсеткіштің, термосифондық сүзгінің міндеттері.
8. Трансформаторды сынақтық қосу алдындағы тексеру.
9. Трансформатордың орамдарының кедергілерін тұрақты токпен өлшеу.
10. Трансформатордың орамдарының изоляция кедергілерін өлшеу.
11. Трансформатордың орамдарының изоляциясын кептіру тәсілдері.
12. Өз багінде трансформатордың орамдарының изоляциясын кептіру сұлбасын түсіндіріңіз.
13. Нөлдік тізбектей тогімен трансформаторды кептіру сұлбасы.
14. Бірфазалық қысқа тұйықталумен трансформаторды кептіру сұлбасы.
15. Күштік трансформаторларды эксплуатациялау кезеңіндегі техникалық қызмет көрсету іс шаралары.
16. Трансформатордың жүктелуін және орамдарының температурасын бақылау.
17. Трансформаторды ағымдық, күрделі жөндеу және профилактикалық сынау.
18. Майдың жағдайын бақылау.
19. Күштік трансформаторларды кешенді тексеру.

7.Әдебиет
1. Почаевец В.С., Электрические подстанции М., 2001г.
2. Васильев А. А. Электрическая часть станций, подстанций. М., Энергия, 1980г.
3. Андреев В.А. Релейная защита и автоматика систем электроснабжения. М., Высшая школа, 1991г.
4. Ливинец Н.П., Немилостивый А.Н. Энергетика анықтамасы. К., Техника, 2008ж
5. Сибикин Ю.Д., Сибикин М.Ю. Өндірістегі электр қондырғыларын монтаждау және пайдалану.

№19.Тәжірибелік жұмыс. Күштік трансформаторларды техникалық эксплуатациялау және оларға қызмет көрсету.

Күштік трансформаторлар электрэнергетикалық жүйесінің үш фазалық айнымалы токпен электр энергиясын стансалардан тұтынушыларға дейін тасмалдауды және таратуды қамтамасыз ететін негізгі электр жабдығы болып табылады. Трансформатордың көмегімен, кернеу генераторлық шамадан электр жүйесінде тасмалдауға қажетті шамаға дейін (35-750 кВ) көтеріледі және электр қабылдағыштарында қолданылатын шамаға дейін (0,22-0,66 кВ) көп дүркінді, сатылы төмендетіледі.
Күштік трансформаторларды дұрыс эксплуатациялау тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамытамасыз етуіне және электр энергиясын үнемді, рационалды пайдалануына алып келеді.
Техникалық эксплуатация барысында күштік трансформаторларына қойылатын талаптар:
Күштік трансформаторлар тұтынушыларды электр энергиясымен үздіксіз қамытамасыз етуі тиісті;
Трансформатордың жұмыс режимі үнемді болуы тиісті;
Трансформатордың орналасуы оның техникалық эксплуатациясы барысында өртке қауіпсіздігін қамытамасыз етуі;
Трансформатордың әр түрлі ақаулықтан және жұмыс режимінен бұзылудан тиісті қорғаныстармен қамытылуы.
Қорғаныс түрлерінен басқа, трансформатор қызмет көрсетуші персоналдың трансформатор жұмыс режимін, сонымен бірге өндірістік кәсіпорынның электрмен қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс режимін бақылау үшін тиісті өлшеуіш аспаптарымен жабдықталуы тиіс.
Трансформатордық эксплуатациялық сенімділігін жоғарылату үшін келесідей шаралар өткізіледі:
оперативтік қызмет көрсету (тексеру, температуралық режимдерді, кернеу деңгейлерін сақтау, жұмыс режимдерін жүргізу);
техникалық қызмет көрсету (трансформатордың және басқа да құрылғылардың изоляциялық жағдайын профилактикалық бақылау, трансформатордағы майдың жағдайын қадағалау, сонымен бірге қорғаныс және екінші реттік тізбектерінің құрылғыларын тексеру);
жоспарлы алдын-ала ескертетін жөндеулер (ағынды, капитальды жөндеулер және солармен байланысты профилактикалық сынаулар).
Трансформатормен байланысты барлық жұмыстар жоспарлы немесе бұзылыстарға байланысты кезексіз болуы мүмкін.
Трансформаторды соңғы рет май құйылғаннан кейін 12 сағат өткесін ғана 110кВ кернеуге қосуға болады. Трансформаторды сынап қосып көру уақытында максималды қорғанысты нөлдік уақыт шыдамдығына орнатады, газ қорғаныс сигналдық контактыларын ажыратқышты ажыратуға қайта қосады.
Трансформаторды сынап қосуға дейін тексеріледі:
май толтырылған кірістер мен кеңейткіштегі майдың деңгейі;
оқшаулағыштардың жағдайы (ластың, бояудың, бұзылыстың болмауы);
трансформаторда артық заттардың болмауы;
газ релесінің, май өткізгіштің радиаторлық бұрандарының және ДЦ, Ц салқындату жүйелерінің жапқыш бұрандарының (жоғарғы және төменгі) ашық болуы;
трансформатор мен газ релесінде ауаның болмауы,
бактың жерлестірілуі;
майдың ақпауы;
барлық кернеу ажыратып қосқыштарындағы көрсеткіштерінің, сонымен бірге РПН бар трансформаторда ажыратып қосылу жетегінің басқару сұлбасының дұрыс орналасуы;
техника қауіпсіздігі талаптарын орындалуын қадағалау.
Трансформаторды номиналдық кернеуге кемінде 30 минутқа итеріп қосады және оны тыңдап, жағдайын бақылайды.
Дұрыс жұмыс істеп тұрған трансформатордан салдырламай, ешкандай шусыз бір қалыпты, жай дыбыс шығады.
Трансформаторларды келесі жағдайларда ажыратады:
қатты салдыр немесе шу болса;
майдың температурасы дұрыс көтерілмегенде;
майдың кеңейткіштен шашырағанда немесе шығыс құбырының диафрагмасының жарылғанда;
май ағып, кеңейткіштегі деңгейі тез төмен түсіп кеткенде;
және басқа да бұзылыстар байқалғанда.
Кернеуді ажыратқанда максималдық қорғанысты және газ қорғаныстың контактілерін сигналға орнатады, содан соң трансформаторды толық номиналды кернеуге бірнеше рет итеріп қосып ажыратады. Магниттеуші токтың секіруінен қорғанысты тексеріп реттеу үшін.
Трансформаторды сынап қосудың қортындысы қанағаттанарлық болса, ол жүктеледі де, эксплуатацияға қабылданады.
Трансформаторға оперативтік қызмет көрсету келесілерден тұрады: жұмыс режимін бақылау, мерзімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қосалқы станцияның электр жабдықтарын таңдау
Электр генераторларын жөндеу
Тоқтың күштік трансформаторларын оқып білу
Тартылу трансформаторларын таңдау
Трансформаторлардың энергетикалық жүйедегі жұмысын оқып білу
35/10 кВ «Қараоба» қосалқы станциясын жобалау
Электр машиналарын монтаждау
Трансформаторлардың жұмыс істеу принципі
Электрмен жабдықтаудың аралас схемасы
АҚ АЖК Өтеген Батыр ТЭЖ электр торабын дамыту, есептеу, сараптау және нормалау
Пәндер