Тіректер конструкциясын және оларды трассаның профилі бойынша орналастыруды оқып білу


3. 1. Тақырып. Әуелік электр тарату желілері. Әуелік электр тарату желілері туралы негізгі мәліметтер. 1000 В-ке дейінгі және одан жоғары кернеулі әуелік электр тарату желілері. Тіректер конструкциясы.
1. Сабақ мақсаты:
2. Жабдықтар мен құралдар:
2. 1. Тіректер.
2. 2. Технологиялық карта, техникалық сипаттамалар мен эксплуатациялау жөніндегі нұсқаулықтар, плакаттар.
2. 3. Жұмыс құралы.
3. Нұсқау 1сағ. Әуелік электр тарату желілері. Әуелік электр тарату желілері туралы негізгі мәліметтер. 1000 В-ке дейінгі және одан жоғары кернеулі әуелік электр тарату желілері. Тіректер конструкциясы.
4. Техника қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар.
4. 1. ТК №1 З. 2., п. 3. материалын қайталау. Техника қауiпсiздiгi бойынша негiзгi мәлiметтер.
5. №21. Тәжірибелік жұмыс. 5сағ Тіректер конструкциясын және оларды трассаның профилі бойынша орналастыруды оқып білу.
5. 1. Жұмыс мақсаты:
5. 2. Тапсырма:
1. Әуелік электр тарату желілері тіректерінің конструкциясын оқып білу.
2. Әуелік электр тарату желілері сымдарының оқшаулағыштарға бекітілуін үйрену.
3. Бақылау сұрақтарына жауап дайындау.
6. Бақылау сұрақтары:
1. Әуелік электр тарату желілерін құрастыру үшін қандай тірек түрлері қолданылады?
2. Ақырғы тректердің міндеті.
3. Қандай жағдайдайларда анкерлік және қиылысқан тіректер қолданылады?
4. Ағаш тректерінің құрылыс ерекшеліктері және қолдану аймағы.
5. Темірбетон және болат тректерінің құрылыс ерекшеліктері және қолдану аймағы.
6. Әуелік электр тарату желілері сымдарының оқшаулағыштарға бекітілу тәсілдері.
7. Әдебиет
- Почаевец В. С., Электрические подстанции М., 2001г.
- Васильев А. А. Электрическая часть станций, подстанций. М., Энергия, 1980г.
- Андреев В. А. Релейная защита и автоматика систем электроснабжения. М., Высшая школа, 1991г.
- Ливинец Н. П., Немилостивый А. Н. Энергетика анықтамасы. К., Техника, 2008ж
- Сибикин Ю. Д., Сибикин М. Ю. Өндірістегі электр қондырғыларын монтаждау және пайдалану.
№21. Тәжірибелік жұмыс. Тіректер конструкциясын және оларды трассаның профилі бойынша орналастыруды оқып білу.
Ашық территорияларда орналасқан электрлік желілер әуе электр тасымалдау желілері түрінде жасалады. Әуелік желілер келесідей конструктивті элементтерден тұрады: сымдардан, тіректерден, оқшаулағыштардан, арматуралардан.
![]()
12-сурет. Әуелік желінің анкерлік участкесі:
1- анкерлік тірек; 2-аралық тірек; l 1 - l 3 -тректер аралығының ұзындығы; Н - желінің габариті; f - сымның төмен түсуі
Желідегі екі анкерлі тіректердің ара қашықтығын анкерлік учаскі деп атайды (12-сурет) .
Желідегі екі қатар орналасқан тіректің арақашықтығы әуе желілерінің тректер аралығының ұзындығы деп аталады. Кернеуі 1000В-ке дейінгі әуелік желінің аралық тіректерінің тректер аралығының ұзындығы 30 . . . 50 м аралығында, ал кернеуі 1000В-тен жоғары желілерінде 100 . . . 250м және оданда жоғары.
Сымдардың бекітілетін нүктелерін жалғайтын сызықпен биіктік бойынша тректер аралығындағы сымдың ең төменгі нүктесінің арасындағы ара-қашықтықты сымның төмен түсуі деп атайды.
Әуелік желінің сымдарынан биіктік бойынша жер бетіне немесе желімен қиылысатын қондырғылардың үстіне дейінгі ең қысқа ара-қашықты желінің габариті Н деп атайды.
Әуелік желінің қатар тректер аралығының бағыттарының арасындағы бұрышты әуелік желінің трассасының бұрылу бұрышы деп атайды.
Әуелік желілерінің тіректерін аралық, бұрыштық, анкерлік, таратушы, қиылысқан және ақырлық түрлерге бөледі.
Аралық тіректер әуелік желінің трассасының түзеу учаскілерінде орналасады.
Бұрыштық тіректер әуелік желінің трассасының бағытының өзгеру орынында орналасады.
Анкерлік тіректер әуелік желінің әр түрлі қондырғылармен қиылысқан және сымдардың сандары, маркілері және қиылыс көлемдері өзгеретін жерінде орналасады. Қалыпты жұмыс режимінде бұл тіректер әуелік желі бойымен бағытталған, сым күштерінің түрлілгін қабылдау керек. Анкерлік тіректердің конструкциясы қатты болып келеді.
Ақырғы тіректер әуе желілерінің басына және соңына, сонымен қатар, кабельдерді шектейтін жерлерде қойылады. Олар анкерлі типті болып келеді және қалыпты жұмыс режимінде бұл тіректер бір жаққа карай бағытталған, сым күштерін қабылдау керек.
Таратушы тіректер әуе желілері таратылған жерлерде орналастырылады.
Қиылысқан тіректер екі әуелік желінің қиылысында орналастырылады.
Әуелік желілер бір немесе екі тізбекті болады. Бір тізбекте біреуден үшфазалық желінің үш сымы немесе біреуден бір фазалық желінің екі сымы болады. 10кВ дейін кернеулі әуелік желілерді жасауға алюминді, болат алюминді немесе болатты сымдарды қолданады.
10кВ дейін кернеулі әуелік желілер тіректерін ағаштан немесе темір бетоннан жасайды. Ағаш тіректердің жасалуы қарапайым және арзан, бірақ ұзақ уақытқа шыдамайды, ал темір бетонды тіректер қымбат, бірақ төзімді болып келеді.
Ағаш аралық (13, а-сурет) және бұрышты анкерлі (13, б-сурет) тіректер мұз қатулары бойынша I, II және III климаттық аудандардағы әуелік желілерді жабдықтауда кеңінен қолданылады. Осы әуелік желі сымдарының вертикалды арақашықтығы 400 мм-ге тең болады. Мұз қатулар бойынша IV климаттық аудандарда көрсетілген арақашықтық 600 мм болуы керек.
![]()
13-сурет. Әуелік желінің ағаш аралық (а) және бұрышты анкерлі (б) тіректері
Ағаш тіректерді жасауда қылқан жапырақты орман материалдарын қолданады. 6(10) кВ кернеудегі әуелік желілерде қолданылатын темір бетонды тіректердің негізгі типтері 14-суретте көрсетілген. Темір бетонды тіректерді вибрациялық және центрифугалық тәсілдермен жасайды. Вибрациялық тіректер тік бұрышты немесе дөңгелек түрде болуы мүмкін. Аралық тіректер штырлы оқшаулағыштарға бекітілген, көлденең орналасқан сымдарда бір қазықты болып орналасады. Анкерлік, бұрыштық, ақырғы, таралушы тіректер аралық тіректерден тұрады. Тіректер А25 - А70, АС 16 - АС50 және ПС25 маркалы сымдар ілуге есептелінген.
14-сурет. 6 және 10 кВ кернеулі әуелік желілердің темір бетонды тіректері:
а- П-10 типті аралық; б- А-10 типті анкерлік; в- КА-10 типті ақырғы; г- УЛА-10 типті бұрыштық (90°бұрыш қа арналған)
1000 В-қа дейінгі кернеулі әуелік желілерде бір және көп сымды сымдар қолданылады. Өрілген сымдар қолданылмайды. 1000 В-тан жоғары әуелік желілерде көп сымды сымдар қолданылады.
1000 В-қа дейінгі кернеулі әуелік желілерде механикалық төзімділікке байланысты сымдардың қиылысу алаңы: алюминді сымдарда - 16 мм 2 , болат алюминді және биметаллды сымдарда - 10 мм 2 , көп сымды болат сымдарда - 25 мм 2 кем болмауы тиіс.
Электр тасымалдау желілерінің тіректерінде келесі тұрақты белгілері болады. Барлық тіректерде
- орнатылған жылы және реттік номері;
- параллельді жүретін желілер трасса учаскісіндегі барлық тіректерде желі номері немесе шартты белгісі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz