Әуелік электр тарату желілерінің монтажы


Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Әуелік электр тарату желілерінің монтажы.

1. Сабақ мақсаты:

Әуелік электр тарату желілерінің аймақ бойынша өту жағдайын, ғимараттар мен қондырғылар, инженерлік коммуникацияларымен қиылысуын және өзара орналасуын оқып білу.

2. Жабдықтар мен құралдар:

2. 1. Әуелік электр тарату желілері.

2. 2. Технологиялық карта, техникалық сипаттамалар мен эксплуатациялау жөніндегі нұсқаулықтар, плакаттар.

2. 3. Жұмыс құралы.

3. Нұсқау 1сағ. Әуелік электр тарату желілері. Әуелік электр тарату желілері туралы негізгі мәліметтер. 1000 В-ке дейінгі және одан жоғары кернеулі әуелік электр тарату желілері. Әуелік электр тарату желілерінің монтажы.

4. Техника қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар.

4. 1. ТК №1 З. 2., п. 3. материалын қайталау. Техника қауiпсiздiгi бойынша негiзгi мәлiметтер.

5. №22 . Тәжірибелік жұмыс. 5сағ Әуелік электр тарату желілерінің монтажы.

5. 1. Жұмыс мақсаты:

Әуелік электр тарату желілерінің аймақ бойынша өту жағдайын, ғимараттар мен қондырғылар, инженерлік коммуникацияларымен қиылысуын және өзара орналасуын оқып білу.

5. 2. Тапсырма:

1. Әуелік электр тарату желілерінің аймақ бойынша өту жағдайына қойылатын талаптарын оқып білу.

2. Әуелік электр тарату желілерінің ғимараттар мен қондырғылар, инженерлік коммуникацияларымен қиылысуына және өзара орналасуына қойылатын талаптарын оқып білу.

3. Бақылау сұрақтарына жауап дайындау.

6. Бақылау сұрақтары:

1. Тұрғындарға қауіптілік туралы тректерге ескерту плакаттары мен белгілерін орнату ережелері.

2. Тректерге реттік номерлерін және көрсетуші жазуларын орнату ережелері.

3. Қоршаған ортаның агрессивті әсері бар аудандардағы әуелік электр тарату желілерінің элементтеріне қойылатын талаптар.

4. Әуелік электр тарату желілерінің қиылысу және жақындау ережелері.

5. Әуелік электр тарату желілерінің ғимараттар мен қондырғылардың үстімен өтуі.

6. Ортақ тректерге әртүрлі кернеулі әуелік электр тарату желілерін орналастыру жағдайы.

7. Әуелік электр тарату желілерінің күзетілген зоналарына қатысты нұсқаулық.

7. Әдебиет

  1. Почаевец В. С., Электрические подстанции М., 2001г.
  2. Васильев А. А. Электрическая часть станций, подстанций. М., Энергия, 1980г.
  3. Андреев В. А. Релейная защита и автоматика систем электроснабжения. М., Высшая школа, 1991г.
  4. Ливинец Н. П., Немилостивый А. Н. Энергетика анықтамасы. К., Техника, 2008ж
  5. Сибикин Ю. Д., Сибикин М. Ю. Өндірістегі электр қондырғыларын монтаждау және пайдалану.

№22 . Тәжірибелік жұмыс. Әуелік электр тарату желілерінің монтажы.

Әуелік желілер келесідей конструктивті элементтерден тұрады: сымдардан, тіректерден, оқшаулағыштардан, арматуралардан. Әуелік желілер бір немесе екі тізбекті болады. Бір тізбекте біреуден үшфазалық желінің үш сымы немесе біреуден бір фазалық желінің екі сымы болады. 10кВ дейін кернеулі әуелік желілерді жасауға алюминді, болат алюминді немесе болатты сымдарды қолданады.

10кВ дейін кернеулі әуелік желілер тіректерін ағаштан немесе темір бетоннан жасайды. Ағаш тіректердің жасалуы қарапайым және арзан, бірақ ұзақ уақытқа шыдамайды, ал темір бетонды тіректер қымбат, бірақ төзімді болып келеді.

Әуелік желілердің трассалары және олардың конструкциясы ПУЭ - 2006 2. 5 бөліміне сәйкес болуы тиіс. Әуелік желілердің кабельдері ПУЭ 2. 3 бөлімі талаптарына сәйкес болуы тиіс.

1000В кернеуден жоғары әуелік желілер темір бетонды тіректерден тұрады. Ағаш тіректер уақытша пйдаланылуы мүмкін.

Биіктігі жерден 1, 5 м төмен емес әуелік желілердің тіректеріне:

  • орнатылған жылы және реттік номері;
  • параллельді жүретін желілер трасса учаскісіндегі барлық тіректерде желі номері немесе шартты белгісі.

Сонымен бірге, екі тізбекті тіректерде сәйкес тізбектер белгіленеді және жолдармен қиылысқан, тұрғындар бар жерде барлық тіректерде жерден 2, 5-3 м биіктікте ескертуші плакаттар ілінеді.

Әуелік желілерде орналылған жоғарғы вольтты аппараттардың реттік номері мен диспетчерлік аттары болады.

Тіректердің даттануы мүмкін барлық элементтері құрлыс талаптары ескеріліп қорғалуы тиіс.

Қоршаған ортаның әсері агрессивті болатын, сонымен қатар металл заттарға қатысты атмосферасы агрессивті жерлерде мына жағдайларды қарастырған жөн:

  • оқшаулағыштар мен арматураларға қатысты шараларды;
  • тростар, сымдар және тіректердің тросты элементтерінің даттануға қарсы тұруы;
  • жерлестіру құрылғылары элементтері қиылысының үлкейюі, жерлестіруде даттануға қарсы қабатты қолдану.

Әуелік желілер мұз қатуы бойынша 5-ші және 6-шы аудандарда жатса, оның үстіне қатты жел болса, мұздың еруін қадағалау керек.

Әуелік желілерді жабдықтап, конструкциялау жұмыстарын аяқтаған соң, табиғатты қорғау заңдарының талаптарын орындаған дұрыс.

Әуелік желілер трассасын таңдағанда мүмкіндігінше қысқа болғаны дұрыс. Әуелік желілер ғимараттар арқылы жүргізілмейді. Әуелік желілердің (35кВ кернеулі) төменгі сымымен ғимарат төбесінің ара қашықтығы 3 м-ден кем болмау керек. Бұл жағдайда ғимараттың металды төбелері 10 Ом және 30 Ом жерлестіру кедергілермен жерлестіріледі.

Әуелік желілерінің қиылысының ара қашықтығын анкерлік және аралық тіректер шектеуі мүмкін.

Едәуір жоғары кернеулі әуелік желілердің тізбектері төменгі кернеу тізбектерінен жоғары немесе тіректен басқа жаққа қарай орналасады. Түрлі кернеулі әуелік желілер тізбектерінің ара қашықтығы едәуір жоғары кернеулі әуелік желілерге арналған талаптарға сәйкес болуы тиіс. Жоғарғы кернеулі участкілері бар изоляцияланған бейтарапты 0, 4 - 35 кВ желілерде нормалды жұмыс режимінде бейтарапқа келтірілген жоғарғы кернеулі фазалық кернеудің шамасынан 10% аспауы тиісті.

Тұрғындар аймағымен өтетін әуелік желілерінің күзетілетін зоналары сымдардың шетінен қалып тұратын параллел сызықтарының арақашықтықтарымен анықталады, және кернеуі 10 кВ дейінгі желілерге 10 м, кернеуі 35 кВ дейінгі желілерге 15 м. Күзетілетін зоналарының ішінде желіні эксплуатациялайтын мекемесінің жазба түрдегі рұқсатынсыз жұмыс жасауға тыйым салынған: а) ғимараттар салу, карьерлер дайындау, құрылыс және жерлестіру жұмыстарын жүргізу, ағаш отырғызу; б) әуе желілері сымдарның астына 3м-ден биік машиналар өтетін жол салу.

Биіктігі 3м-ден астын автомобильдер қозғалатын барлық жолдарға желіні эксплуатациялайтын мекемесінің келісімімен, жолдармен желілердің қиылысатын жерлеріне жүк тиіген автомобильдердің өте алатын биіктігін анықтайтын сигналды белгілер қойылады.

Желіні эксплуатациялайтын мекеме өз күшімен міндетті: а) орман парктерімен өтетін жерлерді қауіпсіз жағдайда (өртке қатысты) сақтау; б) әуе желілеріне қауіп төндіріп тұрған ағаштарда ескертіп, тазарту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіректер конструкциясын және оларды трассаның профилі бойынша орналастыруды оқып білу
Алматы-Атырау учаскесінің проблемалары
Әуе желілерін монтаждау
Электр жүктемесін есептеу
Зауыттың механикалық цехын электрмен жабдықтау
Карауыл электрмен жабдықтау желісі
Қосалқы станцияларда орнатылған күштік трансформаторлардың сипаттамалары
Электрмен жабдықтаудың сенімділігі және электр энергиясының сапасы
Элегеаздық ажыратқыштардың негізгі сипаттамалары, олардың техникалық мінездемесі және конструкциясы, сонымен қатар кемшіліктері мен артықшылығы, қазіргі кездегі жабдық үшін элеткржабдықтау жүйесін жаңалау және модернизациялау
Электрбайланыс сызықты құрылымдарының құрлысын салу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz