Ірі қара малдың төлдерін етке өсіру және етке союға дайындаудың тиімді, заманауи технологияларын орынды пайдалану



Кіріспе
ІІ Әдебиетке шолу
2.1 Ірі қара мал төлінің өсуі мен дамуының биологиялық ерекшеліктері
2.2 Ірі қара малдарды жайып семіртуді ұйымдастыру
3 Ірі қара малдарды бордақылау
3.1 Ірі қара малдарды бордақылауды ұйымдастыру
3.1.1 Ірі қара малдарды сығындымен бордақылау
3.1.2 Ірі қара малдарды төппен (бардамен) бордақылау
3.1.3 Ірі қара малдарды мақта өндірісінің қалдықтарымен бордақылау
3.2 Ірі қара малдарды сүрлеммен бордақылау
3.3 Ірі қара малдарды жеммен бордақылау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Көп салалы экономикаға көшу, кәсіпкерліктің жеке және бірігу қағидаларындағы шаруашылықтың түрлі нысандарының заңды түрде жұмыс істеуі шаруашылық жүргізудің нысандары мен шарттарын еркін таңдап алуға мүмкіндік береді. Қоғамды қайта құрудың жалпы тізімінде фермерлік (шаруа қожалықтары) шаруашылықтар мен олардың түрлі біріккен нысандары маңызды орын алады.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы төменгі еңбекақы, ауыл шаруашылығы өнімдері мен өндіріс құралдарының бағаларының ара –қатынасы ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтарындағы өндіріс көлемін кеңейтуге мәжбүрлеуде, бұл фермерлік шаруашылықтар құрудың бастапқы кезеңі болды деп айтуға болады. Отандық және әлемдік тәжірибе, фермерлік шаруашылықтар мен басқа да ауыл шаруашылығы ұжымдарының қалыптасуына мемлекет жүйелі түрде қарап, қолдау көрсету қажеттігін көрсетеді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай көмек ғылыми негізделген болу керек, атап айтқанда, фермерлік шаруашылықтар құру барысында топырақ пен өсірілетін өсімдіктер экологиялық қауіпсіз болуы тиіс.
90-шы жылдардың басында Қазақстанның барлық өңірлерінде фермерлік шаруашылықтар құру үрдісі орын алды. Фермерлік шаруашылықтар жергілікті атқару органдары, агроөнеркәсіп ұйымдары қолдау көрсеткен аудандарда белсенді құрыла бастады. Аталған шаруашылықтар түрлі жолдармен құрылды: жеке қосалқы шаруашылықтарды кеңейту және күшейту, жалға беруші шаруашылықтар, шаруалардың ауыл шаруашылығы ұйымдарынан шығуы және тағы басқа.
Сиыр етін өндіретін арнайы ет шаруашылығының маңызы шүбә келтірмейді, осы орайда көптеген елдерде ірі қара малдың жалпы санынан етті малдың үлестік салмағын арттыру үрдісі байқалады.
Мал шаруашылығының өзгеше бір саласы болып табылатын етті мал шаруашылығының бірқатар ерекшеліктері болады. Ет бағытында өсірілетін ірі қара мал тұқымдары жартылай шөлейт және далалы, таулы және тау етегіндегі жерлердің, өзен мен көл алқаптарының табиғи жайылымдарын тиімді пайдалана отырып, сапалы, экологиялық таза, арзан ет береді.
Етті ірі қара мал шаруашылығы дамыған елдердің тәжірибесі ірі пішімді, салмағы ауыр, бойы биік малды қалыптастыру - етті малды іріктеудің перспективалы бағыт екенін көрсетіп отыр.
1. А.Ә.Төреханов, Н.Ә.Жазылбеков, М. А. Кинеев. Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы: Анықтамалық. – Алматы: «Бастау», 2006. – 452 бет.
2. Омарқожаұлы Н. Мал азығын бағалау және малды азықтандыру. –Алматы: ИздатМаркет, 2005.
3. Л.К. Эрнст.,Скотоводство. – М.: ВО «Агропромиздат», 1992.
4. Н.И. Востриков.Технология производства говядины на промышленной основе / – М.: ВО «Агропромиздат», 1988.
5. Н.И. Клейменов. Системы выращивания крупного рогатого скота /– М.: Росагропррромиздат, 1989.
6. Скотоводство.,Н.И.Нусов., Г.Г.Игнатенко. – М.: Колос, 1974. 328 с.
7. А.А. Загришев. – М. Интенсификация откорма молодняка /: Московский рабочий, 1972. 88 с.
8. А.П. Солдатов., Л.П. Табакова. Технология производства молока и говядины /– М.: Колос, 1995.
9. А. П. Калашников, Н.И. Клейменов, В. Н. Баканов и др. – М.: Агропромиздат Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных: Справочное пособие/, 1985. 352 с.
10. Аликаев В.А., Петухова Е.А., Халенова Л.Д. Руководство по контролю качества кормов и полноценности кормления сельскхозяйственных животных. –М.:Колос, 1967.
11. Баканов В.Н., Менькин В.К. Кормление сельскохозяйственных животных. – М.:В.О.Агропромиздат, 1989.
12. Богданов Г.А. Кормление сельскохозяйственных животных. – М.:Колос, 1990.
13. Георгиевский В.И., Анненков Б.Н.,Самохин В.Т. Минеральное питание животных. – М.:Колос, 1979.
14. Дмитриченко А.П., Пшеничный П.Д. Кормление сельскохозяйственных животных. –Л.:Колос, 1975.
15. Менькин В.К. Кормление сельскохозяйственных животных. – М.:Колос, 1977.
16. Нормы и рационы кормление сельскохозяйственных животных: Справочное пособие. –М.:Агропромиздат,1985.
17. Подред.А.П.Калашникова, В.И. Фисинина, В.В.Щеглова, Н.Н.Клейменова Нормы и рационы кормление сельскохозяйственных животных. Справочное пособие 3-е издание переработанное и дополненное/. –Москва, 2003.394
18. Б.П.Мохов., А.Н.Шаронин. – Ульяновск, Производство продукции животноводства / ГСХА, 2005.
19. Попов И.С.: Кормление сельскохозяйственных животных. изд.Сельхозиздат Москва, 1957.
20. Скотоводство / Е.А.Арзуманян. – М.: Колос, 1984. 528 с.
21. Н.А.Жазылбеков, А.И.Мырзахметов, М.А.Кинеев, А.А.Тореханов, А.И.Ашанин, К.П.Таджиев. Кормление крупного рогатого скота в Казахстане в соввременных условиях? Справочное пособие. – Алматы, 2005. – 331стр.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Көп салалы экономикаға көшу, кәсіпкерліктің жеке және бірігу қағидаларындағы шаруашылықтың түрлі нысандарының заңды түрде жұмыс істеуі шаруашылық жүргізудің нысандары мен шарттарын еркін таңдап алуға мүмкіндік береді. Қоғамды қайта құрудың жалпы тізімінде фермерлік (шаруа қожалықтары) шаруашылықтар мен олардың түрлі біріккен нысандары маңызды орын алады.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы төменгі еңбекақы, ауыл шаруашылығы өнімдері мен өндіріс құралдарының бағаларының ара - қатынасы ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтарындағы өндіріс көлемін кеңейтуге мәжбүрлеуде, бұл фермерлік шаруашылықтар құрудың бастапқы кезеңі болды деп айтуға болады. Отандық және әлемдік тәжірибе, фермерлік шаруашылықтар мен басқа да ауыл шаруашылығы ұжымдарының қалыптасуына мемлекет жүйелі түрде қарап, қолдау көрсету қажеттігін көрсетеді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай көмек ғылыми негізделген болу керек, атап айтқанда, фермерлік шаруашылықтар құру барысында топырақ пен өсірілетін өсімдіктер экологиялық қауіпсіз болуы тиіс.
90-шы жылдардың басында Қазақстанның барлық өңірлерінде фермерлік шаруашылықтар құру үрдісі орын алды. Фермерлік шаруашылықтар жергілікті атқару органдары, агроөнеркәсіп ұйымдары қолдау көрсеткен аудандарда белсенді құрыла бастады. Аталған шаруашылықтар түрлі жолдармен құрылды: жеке қосалқы шаруашылықтарды кеңейту және күшейту, жалға беруші шаруашылықтар, шаруалардың ауыл шаруашылығы ұйымдарынан шығуы және тағы басқа.
Сиыр етін өндіретін арнайы ет шаруашылығының маңызы шүбә келтірмейді, осы орайда көптеген елдерде ірі қара малдың жалпы санынан етті малдың үлестік салмағын арттыру үрдісі байқалады.
Мал шаруашылығының өзгеше бір саласы болып табылатын етті мал шаруашылығының бірқатар ерекшеліктері болады. Ет бағытында өсірілетін ірі қара мал тұқымдары жартылай шөлейт және далалы, таулы және тау етегіндегі жерлердің, өзен мен көл алқаптарының табиғи жайылымдарын тиімді пайдалана отырып, сапалы, экологиялық таза, арзан ет береді.
Етті ірі қара мал шаруашылығы дамыған елдердің тәжірибесі ірі пішімді, салмағы ауыр, бойы биік малды қалыптастыру - етті малды іріктеудің перспективалы бағыт екенін көрсетіп отыр.
Мұнан басқа, етті ірі қара мал мықты және өсірілетін өңірдің табиғи-климаттық және шаруашылық жағдайларына жасқсы бейімделген болуы тиіс.
Бұл сала малды жазғы уақытта да бір жерде қарқынды баға отырып, өнімді мал өсірудің әлеуетін барынша пайдаланылатын егіншілікпен айналысатын өңірлерде жоғары сапалы сиыр етін өндіруге мүмкіндік береді.
Негізгі өңірлері - еліміздегі егіншілік саласы барынша дамыған Солтүстік және Орталық Қазақстан. Бұл жерлерде далалық жем-шөп шаруашылығы жақсы дамыған. Өзендер мен көлдердің жағасында шабындық жерлер молшылық. Осының барлығы еліміздегі өнімді етті және сүтті малдың 50 % дейін осы өңірлерде өсіруге мүмкіндік береді. Аталған өңірдің оңтүстік бөлігінде көбінесе етті мал өсіріледі.
Біздің елімізде сиыр етінің өндірісін арттыру ірі қара малдың жас төлін бірізді қарқынды өсіру және семіртумен, малды бағу және жемдеу технологияларын жетілдірумен, өсірілетін малдың генетикалық мүмкіндігін барынша пайдаланумен өте тығыз байланысты.
Мал шаруашылығын қарқынды дамыту елдің түрлі аймақтарындағы шарттарға сәйкес, жаңа технологияларды әзірлеуге белгілі бір талаптар қояды. Осы орайда ет өндірісін ұйымдастыруда қолда бар малды, өндірістік қуаттылықты, технологиялық құралдарды, мал азығын, еңбек және басқа ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген тиімді әдістер қажет.


ІІ Әдебиетке шолу

2.1 Ірі қара мал төлінің өсуі мен дамуының биологиялық ерекшеліктері

Туғаннан кейін бірінші кезеңде, малдардың ағзаның құрлымындағы өзгерістермен қатар, дене салмағы қарқынды өсе бастайды. Осымен қатар, ағза да дамып, жетіле бастайды: ұлпалар өзгеріп, ішкі мүшелері қалыптасып, ағзаның қызметтері жетіле бастайды. Басқаша айтқанда, ағзаның өсуі сандық көрсеткішермен сипатталса, ал ағзаның дамуы - сапалық өзгерістермен сипатталады, яғни жас төлдің ағзасында тұқымдық және сыртқы ортаның әсерімен орын алатын өзгерістер (1, 2-сурет).
Ірі қара малдың төлін етке өткізу мақсатында өсіргенде және бордақылау кзінде олардың қарқынды өсуіне көп көңіл қояды, атап айтқанда малдың тірідей салмағы, орташа тәуліктік салмақ қосуы және семіздігі сияқты сандық көрсеткіштеріне аса назар аударылады. Бұл жерде әрине бірінше кезекте, мал өсіру мен бордақылаудың экономикалық тиімділігіне де назар
1 - сурет Сиыр, жаңа туған бұзауымен
аударылады.
Малдың әр түрлі жастарында салмақ қосуы бір деңгейде болмайтыны белгілі. Өмірінің бірінші айларында төлдердің өсу жылдамдығын сипаттайтын орташа тәуліктік салмақ қосу көрсеткіштері баяу төмен болады, кейін үдейді, сосын тағы төмендейді. Ал төлдің өсуінің үдемелігін сипаттайтын салыстырмалы өсім өмірлерінің бірінші айларда қарқынды болса, кейін жасына орай төмендей бастайды [1].

2 - сурет Бұзаулы сиырлар жайылымда
Малдың өсуі және оның денесінің кейбір мүшелерінің өсуі малдарды азықтандыру мен күтіп - бағуға тікелей байланысты. Малдың азығы жетімсіз әрі құнарсыз болатын болса, денесінің кейбір мүшелері дұрыс жетілмейді. Азықтың жетімсіздігі осы кезде табиғи қарқынды өсіп жатқан мүшелер мен ұлпаларға кері әсерін тигізеді. Тап осы кезде баяу жетіліп келе жатқан мүшелер мен ұлпалардың өсуі өте тежеле қоймайды.
Ал, мал жастайынан азықпен толық қамтамасыз етілсе, олардың тұқым қуалаушылық заңдылықтары толық айқындала алады. Сондықтан мал шаруашылығында малдарды толық құнды азықтандыру мәселесіне айрықша көңіл бөлілуі тиіс.
Мал төлден өседі. Сондықтан мал шаруашылығының тәжірибелі бақташылары тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен бастап ойлайды.
Ірі қара малының сүттілік және еттілік тұқым қуалау қасиеттері қалыптасып даму үшін, оларға қолайлы орта жағдай болуы керек. Оның бастысы - малды дұрыс азықтандыру және дұрыс пайдалану.
Мал дұрыс азықтандырылмаса немесе малл азығы жетіспесе, оның тұқым қуалау қасиеттері жүзеге аспай қалуы сөзсіз.
Малдың өнімдік және тұқымдық қасиеттерінің қалыптасуы толық құнды азықтандырумен қатар олардың эмбрионалдық (бұзаулағанға дейін) және постэмбрионалдық (бұзаулағаннан кейінгі) өсіп даму заңдылығына байланысты [2].
Ғалымдардың малдардың еңесінің құрсағында жатқанда даму кезінде өсуінің тежелуі (эмбрионализм) және туғаннан кейінгі өсуінің тежелуін (инфантилизм) дәлелдеуі, жас төлді өсіруді дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы өте зор. Құрсақта жатқан төлдің өсуінің тежелуі мал азығының аз болып, буаз сиырдың азық мәзірінің құрамында протеин, минералдық заттар мен дәрумендер жетіспегенде анықталады. Сондықтан буаз сиырлардың азығына айрықша көңіл бөлу қажет. Кейін сүт ему кезеңінен кейін, жас төлдер толық құнды азықтандырылмағанда инфантилизм көрінісі байқалады.
Өсудің тежелуінің кез-келген түрі орын алғанда ағзадағы пішім қалыптастыру үрдістері жалғаса береді, ал пішім қалыптастыру үрдістерінің бұзылуы малдың қалыпты өсуіне кедергі келтіреді. Сондықтан, малды тиісті мөлшерде, толық құнды азықтандырмаудың қандай орасан зиян әкелетіні түсінікті. Мұндай малды кейін қанша жақсы жемдегенмен, салмақтың орнын толтыру мүмкін емес, жас төлді қарапайым тәсілмен табиғи жайылымдарда жаю да, осындай нәтиже де бере алмайды.
Сонымен, ет өнімділігін шектейтін факторлар болып малдардың дұрыс жетілмеуін, атап айтқанда, буаз сиырлар мен жас төлдерді өмірлерінің алғашқы айларында тиісті мөлшерде толыққанды азықтандырмау салдарынан туындаған, эмбрионализм мен инфантилизмді санауға болады.
Біраз уақыт дұрыс азықтандырылмаудың салдарынан өсуі мен дамуы тежелген малдарды, кейін қарқынды бордақылағанмен, ет өнімдерінің төменгі сапасының орнын толықтыра алмайды. Себебі еттің сапасы қаңқа бұлшық еттерінің дер кезінде дамуына тікелей байланысты.
Іс жүзінде, бұзауларды динамикалық бұлшық еттері қарқынды өсу кезеңінде күтіп - бағу жас төлдерді сүт ему кезеңінен кейін толық құнды азықтандырылмауымен жиі сәйкес келеді, бұл жағдай төлдің бордақылау алдындағы жалпы дамуына өзінің кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан жас малдардың өсіп-жетілуінің тежелу үрдістері динамикалық типке жататын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеу көрсеткішімен тығыз байланыста деп айта аламыз. Өмірлерінің бірінші айларында төлдерді толық құнды азықтандыру динамикалық және оған жақын бұлшық еттердің өсуіне, нәтижесінде ет сапасының артуына септігін тигізеді.
Сонымен, өсіп келе жатқан малды жасынан бастап дұрыс азықтандырмағанда, бордақыланытын малдың ет өнімдерінің сандық шығындарына әкеліп соғады. Жас төлді кейін етке өткізу мақсатында бордақылау үшін өсіргенде, қарқынды жемдей отырып, барынша салмақ жинаған дұрыс болады. Малдың салмағы неғұрлым жоғары болатын болса, соғұрлым малдардың өсу үрдісі тезірек аяқталып, ет құнарлы және сапалы, өзіндік құны төмен болады. Бұл жерде мал өсіруде үнемдемеу керек деген қағида ұсталынуға тиіс, бұл үнем орны толмас шығындарға әкеліп соқтырады.
Жас төлдерді уақытында толық құнды азықтандырмау, бордақылау кезінде қосатын әр бір килограмм салмағына шығындалатын азықтардың шығынын көбейтіп, сонымен қатар, бордақлау кезеңін ұзартады, мұның барлығын экономикалық тиімді деуге болмайды [3].
Сақа малды бордақылауға жас малмен салыстырғанда жем көп кетеді. Сондықтан малдарды бордақылау мерзімдерін созу артық жемшөпті пайдалануға әкеліп соқтырады.
Өнімге келер болсақ, бордақыланған жас ірі қара малдың еті еттің билогиялық жоғары толыққандылығын айқындайтын жұмсақ, ет талшықтары нәзік, майы аз, тез қорытылатын, дәрумендері, аминқышқылдары, ферменттері және басқа заттары жеткілікті өнім. Сақа малдың ет талшықтарының ірі болуына байланысты еті қатты, майлы, жас малдың етіне қарағанда билогиялық құндылығы төмен болады.
Осы себептерге байланысты жануарларының өмірлерінің алғашқы 6 - 12 айлық жастарында, дене бөлігінің ұлпалары, жалпақ сүйектері, динамикалық және қаңқалық бұлшық еттері мен май ұлпалары қарқынды өсіп жатқанда, толық, құнды азықтармен молынан азықтандыру қажет.
Ет өнімділігін арттыруды тежейтін тағы бір фактор - бордақылауға қойылған малдың жалпы күйінің нашар болуы. Көбінесе бұл малдың басында дұрыс азықтандырылмауына (азық мәзірлерінің толық құнды болмауы), сонымен қатар, бұрын жұқпалы және инвазиялық аурулармен ауыруына байланысты. Мұндай малдарды қарқынды бордақылағанда бұлшық еттері нашар дамып, тез май жинайды. Соған байланысты бұндай малдардың ұшасының іш майы мен тері асты майы шамадан тыс көп, ал етінің сапасы төмен болады. Ірі қара малды қарқынды бордақылауға бағытталған іс - шаралардың ішіндегі ең негізгі мәселе - жемшөп қорын жақсарту, ірі қара малдың төлдерін азықтандыру сапасын арттыру. Себебі, жас малдардың өсіп - дамуына азық мөлшері де, азық түрлері де, азық мәзірінің құрамындағы азықтық үлесі де әсер етеді. Егер бұзау жастайынан ірі және шырынды азықтарға үйретілсе, олардың ас қорыту мүшелері де тез жетіледі, азықты тез қорытатын болады [4].

2.2 Ірі қара малдарды жайып семіртуді ұйымдастыру

Малдарды жайып семірту - табиғи және екпелі жайылымдары бар шаруашылықтарда сиыр етін өндіру технологиясының тиімді әдісі. Сиыр етін өндірудің бұл әдісі малдың ет өнімділігін арттырып, жайылымдарды тиімді пайдалануға, жем-шөп пен еңбек шығымдылығын төмендетуге, нәтижесінде өзіндік құны төмен сиыр етін өндіруге мүмкіндік береді.
Еліміз табиғи жайылымдарға бай. Оларды малды жайып, семірту және бордақылау үшін кеңінен пайдалану - арзан сиыр етінің өндірісін арттыруға мұрындық болады. Малды жайып, семірту әдісі Қазақстанның шөлейтті аймақтарында кеңінен таралған (3-сурет).

3 - сурет Жайылымдағы қашарлардың табыны

Малдарды жайылымда жайып, семірту толыққанды, арзан ғана емес, сонымен қатар, экологиялық таза және құнды ет өндіруге мүмкіндік береді. Малды жайып семірту кезінде малдардың ағзаларында көп мөлшерде, құндылығы жоғары ақуыз жиналады, ал семірту кезеңінің соңында, ақуызбен қатар, бұлшық ет аралық, бұлшық ет ішіндегі, сонымен қатар, іш және тері асты майы қарқынды жиналады. Сондықтан, 1,5 - 2 жасар жастағы малдардың еті мәрмәрлығымен, шырындылығымен, тамаша дәмімен, ерекше иісімен, басқаша айтқанда, тек жайып семіртілген малдың етіне тән қасиетттерімен ерекшеленеді [5].
Жайып семірту кезеңінде, жас төлдердің тірідей салмағы 40 - 60 %-ға артылса, ал сақа малдардың тірі салмағы 25 - 30 %-ға дейін артып, малдың қоңдылығы да жақсарады. Ет шығымы жайылым соңында 52 - 55 % және одан да жоғары болады.
Күзде сойылатын барлық мал жайып, семіртіледі.
Жазда, жас малды етке өткізу үшін бағу кезінде, табиғи жайылымдарды дұрыс пайдалану өте маңызды. Дала мен құрғақ далалы жерлерде, көктем айларында жас төл бетегесі көбірек өсетін тың жерлерде жайылуға тиіс. Жайылым күйіп кеткен кезде, құрамына табиғи жайылым, егілген шөптер мен шырынды азықтар кіретін жасыл конвейер ұйымдастыру қажет.
Малды жайып семіртуді дұрыс ұйымдастырған жағдайда, малдың салмағын өзіндік құны төмен өніммен тез көтеріп алуға болады. Жайылымда семіртілген мал азығының 1 центнерінің құны қыста бордақыланған малдың құнынан 2-3 есе төмен болады.
Жайып семіртудің нәтижесі мал тобын құруға, жайылым алдындағы малдардың күйіне және жайылымды дұрыс пайдалануына байланысты.
Ал, малды жайып семіртуде жеткен жетістіктер малдың қоңдылығымен және семірту уақытының ұзақтығымен анықталады. Мал қыстан орташа қоңдылықпен шықса, жазда бордақылаудан жақсы нәтиже ала аламыз. Қыстан арып шыққан мал, жайылымда дұрыс ет жинай алмайды. Оның себебі, қыстан арып шыққан малдар жайылымның алғашқы екі айын қоң жинауға жұмсайды. Нәтижесінде, қалған уақытта олар тиісті деңгейде қоң жинай алмайды. Қоңдылығы орташадан төмен, сақа малдарды семіру үшін кемінде 130 күн керек болса, қоңдылығы орташа малға 70-80 күн қажет. Қоңдылығы орташадан төмен жас малды жайып семіртуге 150-180 күн қажет болса, қоңдылығы орташа малды жайып семіртуге 120-130 күн қажет [6].
Малды жайып семірту үшін мал табындарын дұрыс қалыптастырудың маңызы өте зор (4-сурет). Табынды жынысы бір, шамамен алғанда жастары шамалас малдан, ал ірі бордақылау шаруашылықтарда қоңдылығы шамалас малдардан құрайды. Жасы жағынан мал жастарының айырмашылығы 6 айдан аспауы керек. Мал табындарын құру кезінде малдың салмағын ескере отырып қалыптастыру қажет, оның себебі салмағы әртүрлі мал өсу бірлігіне бірдей құнды заттар жұмсамайды, мұндай малдар тобын күтіп - баққанда табын бойынша жалпы өнімділік көрсеткіші әдетте төмен болады. Табындағы малдардың салмағының арасындағы айырмашылық 20-30 кг-нан аспағаны жөн. Піштірілген жас өгізшелердің (12-15 айлық) табындарын бір бөлек, бракка шығарылған сиырлар мен қашарлардың табынын бір бөлек құрамдаған жөн болады. Жас малды жаю үшін сақа малға қарағанда жақсырақ, көк майса жайылымдарды таңдау қажет. Егер де бір табында сақа және жас малдар жинақталса, онда жайылған мал дұрыс семірмейді (қоңдылығы орташа мал 60 % аспайды). Жыныс мен жасына орай дұрыс құрамдалған табындарда бордақыланған малдардың ішінде, қоңдылығы жоғары малдардың саны 84 %-ы құраса, қоңдылығы орташа малдардың саны 16 %-ы құрайтын болады.

4 - сурет Піштірілген өгізшелерді жайып семірту
Табындардың көлемін анықтау барысында бордақыланатын мал басының жалпы саны, жасы, сонымен қатар, жер ерекшелігі мен жайылым өнімділігі ескеріледі. Далалы жерлерде табында 150 - 200 бас, орманды, таулы және басқа ойлы-қырлы аудандарда 70 - 120 бас мал болады. Тәжірибелі фермерлер жазық жерлердегі табындағы мал басын 300 - ге дейін жеткізіп, малдарын жайып семірту арқылы жоғары көрсеткіштерге жетеді [7].
Малды жайып семірту үшін жайылымға шығарар алдына ветеринарлық тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда тиісті қайта өңдеу шаралары, атап айтқанда: сонаның дернәсілдерінен тазартады, тұяқтарын тазалап, кеседі, мүйіздерін кеседі, жұқпалы ауруларға қарсы екпелер жасайды, малдан қан алады (5-сурет) және т.б. Әлсіз немесе ауру малдарды табыннан оқшаулайды.
Барлық малдың салмағын өлшеп, әрбір табын бойынша бөлек ведомость жасайды (6-сурет). Салмақ өлшегіш ведомосте жануардың нөмірі, жынысы, жасы, қоңдылығы, тірідей салмағы және айлар бойынша жоспарлаған салмақ қосуы көрсетіледі. Малды жайып семірту маусымында малды ай сайын (таңертең, жайылымға шығарар алдында) өлшейді. Малдың тәуліктік салмақ қосуы мен тірідей салмақтарын арнайы ведомостьке жазады. Жоспарланған салмаққа жеткен малды сату үшін іріктеп алады [8].

5 - сурет Малдан қан алу

6 - сурет Малдың тірідей салмағын өлшеу

Жайылымдық маусым басталғанға дейін шаруашылықтың мамандары табынды қалыптастыру жоспарын құрады: малды айдау бағдарлары; кейбір табындардың жайылымды пайдалануы; малды суару және демалту орындарын көздейді; малды жайып семірту кезеңінде жұмыс істейтін жұмысшыларды іріктейді, малшылардың негізгі және қосымша еңбектері үшін еңбекақы төлеу тәртібін бекітеді. Олардың еңбегі, көбінесе малдың салмақ қосуы мен қоңдылығына қарай бағаланады.
Жайылымдарды дұрыс пайдалану - мал семірту маусымын жемісті өткізудің кепілі. Далалық аймақта сай-салалы жайылымдарды, сонымен қатар, ұсақ өзендердің жағалауларын пайдалануды шөп биіктігі 10-12 см-ге, ылғалды жайылымдарда биіктігі 12-15 см-ге жеткенде бастау қалыпты болып саналады.
Әр түрлі табиғи - экономикалық аймақтарда малды жайып семіртудің өзінше ерекшеліктері болады, оған жайылым маусымының ұзақтығы және жайылымның құнарлылығы жатқызуға болады.
Жайылымдардағы көкорайдың қорын бұрынғы жылдардағы егіс өнімділігіне қарай шамамен анықтауға болады. Егер, бұрынғы жылдары шөп өнімділігі гектарға шаққанда 12-15 центнерді құраса, көк шөп өнімділігі шамамен алғанда 3-4 есе артық, шамамен алғанда 45-60 центнерді құрайтын болады [9].
Малдың жайылымға деген сұранысын, орташа тірідей салмағы мен жоспарланған орташа тәуліктік салмақ қосу көрсеткіштеріне қарай анықтайды. Орташа тірідей салмағы 250-350 келі жас мал тәулігіне орташа есеппен 800-1000 грамм салмақ қосқан жағдайда, 40-50 келі көк шөп қажет етеді.
Шаруашылықтардың малды жайып семіртуге қажетті жайылымға деген қажеттілігін, шөптің құндылығына қарай анықтайды. Жайып семіртетін бір малға шаққанда: жазық жерлерде жас малға 1,5-2 гектар, сақа малға 3-4 гектар, шөлейт жерлерде жас малға 2-3 гектар, сақа малға 3-5 гектар, орманды жерлерде жас малға 2-3 гектар, сақа малға 3-4 гектра, суармалы жерлер мен жасанды екпе жайылымдарда 0,75-1 және 1-1,5 гектар жер бөлген дұрыс деп саналады.
Жергілікті жерлердің ерекшеліктеріне байланысты малдарды жайып семіртудің келесі әдістері пайдаланылады: табиғи жайылымдарда қосымша жемдемей; көк балауса шөппен, сонымен қоса, сүрлеммен қосымша жемдеу; көпжылдық жасанды жайылымдарда; қысқы уақытта шалғай жайылымдарда ірі азықтармен және құрама жеммен жемдеу; кейін азық-түлік өнеркәсібінің қалдығын пайдалана отырып, малды жайылымда семірту.
Малдар жайылым кезінде барлық өсімдіктерді пайдаланбайтынын айта өту қажет, кейбір өсімдіктер желінбей, тапталып қалады. Орманды жайылымдарда малдар өсімдіктердің 30 - 50 %, батпақты жерлердегі өсімдіктердің 40 - 60 %; құрғақ далалы, ойпаттау жерлерде өсімдіктердің 50 - 70 %, алқаптық жерлерде өсімдіктердің 60 - 80 %, дәнді дақылдар егілген жерлердегі өсімдіктердің 80 - 90 % азықтанатыны анықталған. Тәулігіне тірідей салмағы 200-250 келі жас мал бозды - бетегелі -дәнді дақылды жерлерде 25-27 келі көк шөп, құрғақ далаларда - 30-33 келі, таулы жайылымдарда 25-27 келі, орманды жайылымдарда 40-43 келі, екпелі жайылымдар мен сурамалы шалғындарда 20-25 келі көк шөп жейтіні анықталған. Мал шөбі тұрып қалған жайылымдарда жақсы қоң жинай алмайды. Сақа мал жайылымдарда семірту барысында жас малға қарағанда 35 - 50 % артық шөп жейді.
Малдарды жайып семірту кезінде, оларды табиғи және көп жылдық екпе жайылымдарда бағады. Малды суаруға, айдауға және демалуға кеткен уақытты қоспағанда, өнімділігі жоғары жайылымдарда тәулігіне 10-12 сағат, өнімділігі орташа жайылымдарда 13-14 сағат, өнімділігі төмен жайылымдарда тәулігіне 16 сағатқа дейін жайып бағады.
Шөптің жақсы желінуін қамтамасыз ету үшін жайылымдарды маусым ішінде де ғана емес, сондай-ақ, күні бойы ауыстырып отыру қажет. Таңертең малды шөбі нашар жерлерде немесе шөбі жуық арада шабылған жерлерде, кейін шөбі шүйгін жерлерге ауыстырып жаяды. Ыстық күндері малдарды түнде жаюға тырысады [10].
Малды жайып семіртудің жемісті өтуіне малдарды уақытылы және жеткілікті суарып отырудың маңызы өте зор. Орташа есеппен тірідей салмағы 200 кг бір ірі қара мал басына тәулігіне 30-40 литр, салмағы 400 кг малға 50-60 литр су керек. Жаз құрғақ және шөлді болғанда су 10-15%-ға артық қажет болады. Ірі қара малды тәулігіне кемінде 4-5 рет суару қажет. Сумен қамтамасыз ету мәселесін ерте қамдау керек. Табиғи су қоймалары жоқ жерлерге, құдық, тоғандар қазып, суаратын астаулар даярлау қажет.
Малды жаю кезінде артық айдамаған абзал. Мал табындары орта есеппен күніне 12-15 шақырым жол жүруі керек.
Малды жайып семірту маусымын жемісті өткізу үшін тек жайылымдардың болуы аздық етеді. Осы жайылымдарды, көк шөпті барынша тиімді пайдалану, сонымен қатар, шөптің дұрыс өсуіне қажетті жағдай жасаудың да маңызы зор. Бұлардың барлығын жайылымдарды қоршап, қашаларға бөліп пайдалану жүйесі арқылы ғана орындауға болады.
Бұл орайда, яғни жайылымдарды қоршап, қашаларға бөліп пайдалану кезінде жайылымдарды бөлек - бөлек учаскелерге, қашаларға бөліп, оларға арнайы дайындалған кесте бойынша жемшөп отырғызып, сол қашаларда малдарды кезекпен кезек жайып отырады. Осы қарапайым және қолжетімді тәсілдің көмегімен жайылымға қажеттілікті қысқартып, мал өнімділігін арттыруға болады.
Қашалардың санын шөп өнімділігіне, астық түсіміне, шөптердің өсу жылдамдығына, жаю маусымының ұзақтығына қарай, учаскелерді екінші рет зарарсыздандыру мүмкіндігіне орай анықтайды. 1 гектар өнімділігі жоғары жайылымға 20 бас жас мал, орташа өнімді жайылымға 10-12 бас, жайылымның оты нашар жайылымда 5-8 бас мал жаю дұрыс деп саналады. Әрбір қашада малдарды 5-6 күн жайған дұрыс болады. Осы жайылымдарда шөп 15-20 см-ге өскенде, қайта жаюға болады. Шөп көбінесе тез өседі, көктемде тәулігіне 1-1,5 см, жазда 0,4 - 0,5 см-ге. Жердің оты тәулігіне 0,5-0,7 см өседі деп алсақ, жайылымның арасындағы үзіліс кемінде 30 күн болуға тиіс.
Жақсартылған жайылымдарды электрмалшылардың көмегімен шағын бөліктерге бөліп, 1-2 күнде ауыстырып тұрған абзал. Бұл үшін шөп егілген жайылымдарды кемінде 20-25 қашаға бөлу керек.
Қашалардың көлемі шөптің түсіміне орай әртүрлі болады. Табиғи жайылымдағы 100 мал басына шаққандағы қашалардың ені кемінде 150-200 м, бір жастан асқан жас мал үшін 100-125 м, бір жасқа дейінгі жас мал үшін 50-100 метр болуға тиіс. Қашалардың ұзындығы енінен 3-3,5 есе артық болуға тиіс. Әрбір қашаға қыстау жағынан келу ыңғайлы болып, суаруға айдайтын жері болуы қажет.
Жайып семіретін малдың қажеттілігін жасау қиын емес. Жайылым өнімділігі гектарына алғанда 48 центерді құрайтын, күніне мал басына шаққанда 40 келі көк шөпті керек ететін табынның (80 бас) қажеттлігін есептеп шығу қиын емес, 5 күндік жайылымға 160 центнер (0,4х5х80) шөп қажет. Аумағына есептегенде әрбір шарбақтың аумағы шамаен алғанда 3,3 га (160:48) болуға тиіс. Шарбақтың ені шамамен алғанда 100 м, ал ұзындығы - 350-400 м. Болады [11].
Малды жайып семіртуде жоғары көрсеткіштерге тек үздіксіз, молынан көк шөпке жайғанда ғана қол жеткізуге болады. Дегенмен, табиғи жайылымдарда, әсіресе құрғақшылық аудандарда жайылым діттегендей болмайды. Сондықтан, қосымша шөп, сүрлем мен дәнді дақылдар егіп, малдарды қосымша жемдей отыру керек, осы мақсатта құрама жемдерді де қолдануға болады. Далалы жерлерде малды қосымша жемдеу үшін судан шөбін, қант құмайын, итқонақ шөбін, жоңышқаны, ерекешөпті, сұлышөпті пайдалануға болады. Ылғалы мол аудандарда беде, атқонақ шөбін, сиыржоңышқа - сұлы, бұршақ - сұлы, шалқан, қызылша, картоп және басқа дақылдарды пайлануға болады.
Малды балғын шөппен, сүрлеммен және бақша өнімдерімен қосымша жемдейді. Жас малға сүрлем мен бақша өнімдерін тәулігіне мал басына алғанда 10-12 келі, сақа малға 15-30 келі береді. Малдардың суаратын жерлерінде немесе дем алатын жерлерінде әрқашан жалайтын тұз тұру керек. Мал басына айына 1-1,5 келі тұз керек деп есептеледі.
Мал семірту кезінде жайылым мен демалудың белгілі бір тәртібі сақталуға тиіс. Шамамен алғанда келесі күн тәртібін сақтаған дұрыс болады: (1-кесте).
Тәулік бойы малдар 6-8 сағат (әдетте, түнде ық жерде немесе күндіз, ыстық кезде өзен жағасында, су қоймасының маңында) демалуға тиіс.
Жайылымдық учаскелердің ауысуына қарай, ықтырма (албарларды) жаңа жерге ауыстырады. Ашық даладағы ықтырмаларға көлеңке болатын қалқа жасаған дұрыс. Малды өлшеу және ветеринарлық тексеруден өткізу мақсатында таразылау және тексеру үшін белгілі бір орын дайындайды. Мұндай жер мал айдайтын жерден 4-5 шақырымнан қашық болмауға тиіс. Күндіз тоқтайтын жерлерді 5-6 күнде ауыстырып тұрған абзал. Бұл малдардың құрт ауруларының алдын алу үшін өте маңызды.

Кесте-1 Малдарды жаю және демалту кестесі

Іс-шаралардың аталуы
Ыстық кезде (сағат)
Салқын кезде (сағат)
Жаю
4.00 - ден -
7.00 - ге дейін
5.00 - ден -
9.00 - ге дейін
Малды суару және демалту
7.00 - ден -
8.00 - ге дейін
9.00 - ден -
10.00-ге дейін
Жаю
8.00 - ден -
11.00 - ге дейін
10.00 - ден -
12.00 - ге дейін
Малды суару және демалту
11.00 - ден -
16.00 - ге дейін
12.00 - ден -
15.00 - ге дейін
Жаю
16.00 - ден -
20.00 - ге дейін
15.00 - ден -
19.00 - ге дейін
Малды суару және демалту
20.00 - ден -
21.00 - ге дейін
19.00 - ден -
20.00 - ге дейін
Жаю
21.00 - ден -
01.00 - ге дейін
20.00 - ден -
24.00 - ге дейін
Малды суару және демалту
01.00 - ден -
04.00 - ге дейін
24.00 - ден -
05.00 - ге дейін

Фермалардан қашық орналасқан жайлауларда малды көлеңкелейтін шатыры, ауру малдарды оқшаулайтын изоляторы, малшылар тұратын тұрғын үй-жайлары бар лагерь жабдықтаған дұрыс.
Мал семіртудің негізгі көрсеткіштері - тірідей салмағының артуы, малдың қоңдануы. Егер барлық малдың салмағын өлшеу мүмкін болмаса, әрбір табыннан орташа салмақты, 20-25 бас малды таңдап алып, бақылау тобы ретінде ай сайын өлшеп тұрады. Бақылау тобының салмағының өзгеруіне қарай, барлық малдың қоңдануы жайлы қорытынды жасайды.
Мал семірту барысында барлық талаптарды, атап айтқанда, табындарды қалыптастыру, олардың әрбіреуіне жайылымдарды бекіту және тиімді пайдалану, күн тәртібін қатаң сақтау, малды дер кезіндеу суару, оларға қосымша минералдық жем беру, жауапты бақташыларды іріктеу талаптарын орындай алған шаруашылықтар жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді [12].

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы мал бордақылау шаруашылықтары
Қайрақ ЖШС шарттарындағы абердин ангус тұқымды малдардың сипаттамасы
Бұзауды күту
Ірі қара малды бордақылау және жайып семірту
Асыл тұқымды бұқалардың табынын толықтыратын таналарды азықтандыру
Ауру және ауруға күдікті мал
Сойыс малдарын ет өндіру кәсіпорындарына қабылдау
Малды союға дайындау
Өсімдіктері - түрлі шөптер басым астық тұқымдастар
Өнеркәсіп негізінде жүн мен қой етін өндіру
Пәндер