Азық технологиясы мен ауыл шаруашылық малдарын толыққанды азықтандырудың тәжірибесін оқып білу


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Ауылшаруашылық малдарын ғылыми əдіспен азықтандыру ісі мал азықтандырудың ең басты мəселелердің бірі болып табылады. Бұл ғылыми өңірде көп еңбек сіңірген ғалымдардың жұмыстары орасан зор, олардың қатарында И. П. Павлов, Н. П. Червинский, Е. Ф. Лискун, М. Ф. Иванов, Е. Багданов, кейіннен И. С. Попов, А. Д. Симещенко, Н. В. Курилов, А, П. Дмитиченко, М. Ф. Томмэ, А. С. Емельянов, Н. И. Денисов, С. С. Еленевский, А. В. Модянов, К. М. Солнцев, А. С. Солун жəне тағы басқа ғалымдар бар. Ауылшаруашылық малдарды азықтандыру Батыс Европа жəне Америка елдерінде жүргізілген жұмыстарға қарай отырып, КСРО ғалымдары одан да ары ғылыми түрде ерекше азықтандыру тəсілдерін ойлап тапты.

Ғылыми түрде азықтандырудың бірнеше түрлері бар: Олар жем-шөптің құрамын жəне онын сіңілімдігін зерттеу. Жануарлардың күнделікті жейтін жем-шөбін қаншалықты беру, физиологиялық жағдайы мен оның беретін өнімділігін зерттеу, оған қоса қандай техника керектігін, қандай технология қолдану тиімді, осының бəрін зеттеу біздің ғалымдардың алдағы қойған мақсаты.

І Әдебиетке шолу

1. 1 Мал азықтарының топтастырылуы және олардың сипаттамалары

Теңестірілген жемшөп қоры, малды толыққұнды азықтандыру ісін ұйымдастыру, олардың жоғары сапалы азықпен қамтамасыз етілуі мал шаруашылығын өркендетуде шешуші роль атқарады. Шаруашылықтарда өндірілген жемшөптер мен өнеркəсіп шығаратын азықтардың қолданылу орны, құрамы мен жұғымдылығын, физикалық жəне технологиялық қасиеттері жағынан бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары бар. Жемшөп қорын жоспарлауға жəне оларды ұтымды пайдалануға ыңғайлы болу үшін, олардың негізгі көрсеткіштері (бастапқы шикізаты, дайындау технологиясы, қоректік жəне азықтық қаси- еттері, ағзаға тигізетін физиологиялық əсері) бойынша бір-біріне жақындарын топтарға біріктіреді. Іс жүзіндегі мақсаттар үшін оларды: көк азықтар, табиғи жəне жасанды жолмен кептірілген ірі азықтар, шынды азықтар, дəндер, тұқымдар жəне оларды өңдеуден алынған өнімдер, өнеркəсіптің жанама өнімдері мен тағам қалдықтары, малдан жəне микробтардан алынған азықтар, құрама жемдер, БВҚ, ТСА (табиғи сүтті алмастырушы), белоксыз азотты қосылыстар, минералды жəне витаминді қоспалар деп бөлген мейлінше ыңғайлырақ. Көк азықтар. Бұл топқа табиғи жəне екпе шалғындық- жайылым шөптері, астықтұқымдас жəне бұршақтұқымдас екпе дақылдар, тамыртүйнек жемістілер мен бақша дақылдарының пəлектері мен жапырақтары, жасанды ортада арнайы минералдық тұздар ерітіндісін сіңіріп дайындаған азықтар кіреді. Көк азықтар- дың өсу кезеңіне байланысты азық қоректілігі де өзгереді. Орташа есеппен қоректілігі 0, 5-0, 7 азық өлшеміне тең. Азық өлшемі көк азықтардың құрамына да байланысты. Көк азықтардың ерекше айырмашылығы-ылғалдылығының жоғарылығы (70-83%) . Олардың құрғақ заты протеиннің, минер- алды заттардың жəне витаминдердің өте көптігімен ерекшеленеді. Оның құрамында 13-25%-шикі протеин, 4-5%-шикі май, 15-18%- талшық, 45%-ға дейін АШЗ жəне 8-11%-шикі күл бар. Құрамындағы қуат (1, 0-1, 2МДж алмасатын қуат) пен 72 қорытылатын проттеиннің (1 кг-ында 120-220 г) мөлшері жағынан көк азықтар, өсімдіктен дайындалған құнарлы азықтарға шамалас, бірақ протеиннің биологиялық құндылығы мен витаминдердің мөлшері жағынан олардан артық. Өсімдіктердің қаулап өсу кезеңінде олардың қоректік құндылығы өзгереді: құрамындағы протеин мен каротин азайып, талшықтар көбейеді, соның салдарынан қорытылу денгейі мен қуаттық құндылығы төмендейді. Көк азықтардың қоректік құндылығы шөптердің ботаникалық құрамына, олардың өсу жағдайлары мен жерлеріне, өсіру агро- техникасына, жайылымдарға мал жаюдың қайталану уақытына байланысты болады. Табиғи жəне жасаңды жолмен кептірілген ірі азықтар. Мұндай азықтар табиғи жəне екпе шөптер, пішен. Пішен ұны, шөп ұны, жасанды жолмен кептіріліп туралған шөптер, пішендеме, сабандардың барлық түрлері, топан, кебек, бұтақ азық, қылқан- жапырақ ұны жатады. Азықтардың бұл тобын сипаттайтын негізгі көрсеткш - оның құрамында талшықтың көптігі. Мəселен, пішен- дегі талшық мөлшері 18-32%, сабанда - 42, топанда - 25-35, шөп ұны мен туралған шөпте - 13-16%. Бұл азықтар тобында ылғалдылығы 22%, ал пайда жəне азық өлшемі 0, 4-0, 65 кг. Бұл топтағы азық түрлерінің жұғымдылығы олардың кұрамындағы талшық мөлшеріне де, өсімдіктердің ботаникалық кұрамына да, шөптерді ору кезеңіне де, азықты дайындау технологиясына да байланысты. Əртүрлі пішендердің 1кг-ында 5. 5- 8, 0МДж АҚ, жəне 30-80 г қорытылатын протеин, пішендемеде тиісінше: 3, 5-5, 0 жəне 45-105 г; сабанда - 3, 7-6. 9 жəне 5-35 г, шөп ұнында - 7, 3-8, 6 жəне 80-150 г. Ірі азықтар - көмірсулардың, протеиннің, витаминдер мен минералды заттардың жақсы көзі. Күйіс малы үшін бұл азықтар мерзімдік азық үлестерін толықтырушы қызметін атқарады, азықтық аралас шөптердің белгілі бір көлемі мен құрылымын жасайды, қарындағы азықтың қорытылуына оң əсерін тигізеді. Шырынды азықтар. Сүрлем, тамыржемістілер, түйнекже- містілер, бақшалық жəне жапырақты дақылдардың шырынды жемістері, көкөністер сияқты сұлы азықтар өздерінің құрамындағы судың көптігімен (90%-ға дейін) ерекшеленеді, жеңіл сіңірілетін көмірсулардың жақсы көздері (сүрлемнен басқалары) болып 73 табылады, сүт шығару қасиеті бар, қарындағы азықтың қорыты- луына оң əсерін тигізеді, мерзімдік азық үлесіндегі қоректік заттардың тиміділігін арттырады. Қоректілігі 0, 10-0, 3 азық өлшеміне тең. Бұл азықтарда ылғал көп болғандықтан, қуаттық, жұғымды- лығы жоғары емес. Олардағы алмасатын қуат 1, 2-3, 5МДж-дан аспайды, протеин мен талшық та аз. Алайда, жеңіл қорытылатын жəне сүт шығаратын азықтар ретінде, олар (əсіресе, тамырже- містілер) - төлдер мен сүтті сиырлардың мерзімдік азық үлестері үшін бағалы жемістер. Дəндер, тұқымдар жəне оларды өңдеуден алынған өнімдер - ең алдымен, қуат пен протеин көздері болып табылады. Қоректілігі 1, 0-1, 34 азық өлшеміндей болады. Бұл азықтардың 1кг-да 7, 8- 13, 0МДж АҚ, жəне 80-100 г-ға дейін қорытылатын протеин болады. Құрамындағы негізгі қоректік заттардың мөлшерлеріне қарай, дəнді азықтарды көмірсуларға бай (астықтұқымдастардың дəндері мен тұқымдары), протеинге бай (бұршақтұқымдастардың дəндері мен тұқымдары) жəне майға бай (майлы өсімдіктер тұқымдары) азықтар деп бөледі. Азықтардың бұл тобына дəндер мен тұқымдарды өңдеу арқылы өндірілген өнімдер, ұн тарту өндірісінің қалдықтары, астық қалдықтары, жарма, тұқымдар жатады. Астық тұқымдастар дəндері - азықтық, құнарлы қоспалар дайындау үшін қажетті негізгі құрамдық заттардың бірі. Оларда орта есеппен алғанда 120 г шикі протеин бар болса, онын ішінде 75%-дайы қорытылатын протеин. Астықтұқымдастар дəні протеиннің биологиялық құндылы- ғы төмен болады. Лизин шикізаттың осы түріне жататын барлық азықтардағы аминқышқылдары мөлшерлерін шектеп тұрушы болып табылады. Сондықтан да, дəннің бір түрін екінші түрімен алмастыру жолымен азық қоспасы немесе құрама жем протеинінің сапасын айтарлықтай арттыру мүмкін емес. Астықтұқымдас дақылдар дəнінде 2-5% шикі май бар, ол өз құрамындағы кальцийдің аздығымен (0, 12-0, 01%) жəне салыстыр- малы түрде фосфордың көптігімен (0, 24-0, 47%) ерекшеленеді. Дəннің үштен екі бөлігінің 95%-ына дейін қорытылып кететін крахмалдан тұрады. Тез қорытылатын көмірсулардың көп шоғыр- лануы астық тұқымдастар дəні жұғымдылығының жоғары болуын қамтамасыз етеді. 74 Астықтұқымдас дақылдар дəнінде орта есеппен 6%-дай шикі талшық, бар, бірақ оның жекелеген түрлерінде бұл көрсеткіш қатты ауытқиды (жүгеріде 2, 2 жəне сұлыда 10% дейін) . Құрамдарындағы талшық айырмашылықтары сіңімді қуаттың санына, олай болса, дəннің азықтық құндылығына да айтарлықтай əсер етеді. Жалпы бағыт дəндегі талшық саны мен сіңірілетін қуат ара қатынасының дұрыс болмауына қарай ойысады. Арпа, жүгері, сұлы, бидай, қарабидай, тары, қонақжүгері көмір- сулы негізгі мал азығындық дақылдар болып табылады. 1кг арпа құрамында орта есеппен: 1, 21 азық өлшемі, 10, 541МДж АҚ, жəне 80-85 г қорытылатын протеин, 22 г май, 49 г талшық. 4, 1 г лизин, 3, 6 г метионин+цистин бар. Ол - малдын барлық түрлері мен топтары үшін өте жеңіл қорытылатын азық жəне құрама азықтардын ең манызды дəнді бөлігі. Жүгері барлық дəнді дақылдардың арасындағы мейлінше жоғары, қуатты азық болып табылады. Оның 1кг дəнінде 1, 3 азық өлшемі, 12, 2МДжАҚ жəне 70-75 г қорытылатын протеин, 40-45 г май, 38-45 г талшық, 2, 1-2, 8 г лизин жəне 1, 8-2, 0 г метион- ин+цистин бар. Жүгері əсіресе, құстардың мерзімдік азық үлестерінде қуат көзі ретінде ерекше бағалы. Сұлы - барлық мал түлігі үшін бағалы азық. Оның 1кг 1, 0 азық өлшемі, 9, 5-10, 5МДжАҚ жəне 75-80 г қорытылатын протеин, 40 г май, 95-100 г талшық, 3, 6 г лизин, 3, 2 г метионин+цистин бар. Бидай. Əдетте, мал азығындық мақсаттарға нандық қасиеттері төмен дəндердің басқа түрлері араласып кеткендерін пайдаланады. 1кг бидай құрамында орта есеппен: 1, 27 азық өлшемі, 10, 7-10, 8МДж АҚ, 13, 5% шикі протеин, 2% шамасында май, 0, 37% шикі талшық, 0, 06% кальций жəне 0, 4% фосфор бар. Бидай дəнін құрама азыққа жарма немесе ірі тартылған ұн түрінде пайдаланады. Ұлпа түрінде тартылған бидай мал азығына түскенде жабысқақ қойыртпаққа айналып, қарынға түскенде ас қорыту процесінің бұзылуына əкеп соғуы мүмкін. Бұл жағынан алғанда, белгілі бір уақыт сақталған бидайға қарағанда, жаңа ғана жинап алынған бидай қауіптірек. Құрама азық дайындау үшін бидайды басқа да дəн түрлерімен аралас пайдаланған дұрыс. Қарабидай. Химиялық құрамы жағынан оның дəні бидай дəніне ұқсас, бірақ дəмінің сапасы төмендеу. 1кг қарабидайдың қоректілігі 1, 14 азық өлшеміне тең. Тіпті қастауышпен жеңіл ғана зақымданған қарабидайдың озі мал үшін қауіпті. Мұндай санырауқұлақтардың 75 құрамында буаз малға іш тастаттыратын жəне өсіп келе жатқандарының ас қорыту процесін бұзуы мүмкін күрделі азотты органикалық заттар (алкалоидтар) бар. Сондықтан, мұндай дəнді мегежіндерге, тұқымдық қабандарға, енелерін еміп жүрген жəне енесінен айырған торайларға бергенде құрама азықтарға қосуға болмайды. Бордақыланып жатқан шошқаларға берілетін құрама азық құрамындағы оның шамасы барлық салмақ мөлшерінен 10%-ынан аспауы керек. Тары. Қоректік құндылығы жағынан бұл дақылдың дəні сұлының қоректілігіне жақын. 1кг тары құрамында 0, 98 азық өлшемі, 9, 0МДЖ АҚ, 11% шикі протеин, 4% шамасында май жəне 9%-ға дейін шикі талшық бар. Қонақ жүгерінің қоректік құндылығы жоғарырақ. Оның дəнінде арпаға қарағанда протеин аздау жəне май көптеу. Қуаттық жұғымдылығы жағынан дəндердің бұл түрлерінің іс жүзінде айырмашылығы жоқ. Қонақжүгерінің дəні майда жəне өте қатты. Оны ұсақтау кезінде осы жағын ескерген жөн, өйткені дəндердің басқа түрлері үшін ұсақтаудың бірдей жағдайларында, қонақжүгерінің айтарлықтай бөлігі ұнталмай жəне іс жүзінде мал оны дұрыс жей алмай қалуы мүмкін. Химиялық құрамы жағынан астық тұқымдастар дəніне қара- ғанда бұршақтұқымдастарға жататын бұршақ, қытай бұршағы, сиыр-жоңышқа, жасымық, бөрібұршақ, дəнінің айтарлықтай айырмашы- лығы бар. Бұршақтұқымдастар дəнінің, малазығындық құндылығы оның құрамында биологиялық тұрғыдан толыққұнды протеиннің көп мөлшерде болуымен айқындалады. Астық тұқымдастармен салыстырғанда, бұршақтұқымдастар дəнінде шикі протеин 2-3 есе жəне шошқа мен құс азықтандыру кезінде аминқышқылдары мөлшерлерін негізін шектеп тұрушы болып табылатын лизин 3-5 есе көп. Бұршақ - шошқа мен құсқа арнаған құрама азықтардың тамаша бөліктерінің бірі. Оның 1кг-ында 1, 10 азық өлшемі, 200 г-дай шикі протеин мен 15 г-дай лизин бар. Өзінің биологиялық құндылығы жағынан бұршақтың протеині қытай бұршағының майы алынған қалдығына немесе ет ұнына шамалас, ал қуаттық құндылығы тұрғысынан алғанда, астықтұқымдастар дəні деңгейінен төмендеу. 1кг бұршақта 11, 0МДж-дан артық АҚ, бар. Бұршақтағы көмірсулар негізінен қрахмал түрінде көрінеді, ондағы талшық мөлшері 5%-ға жуық. 76 Бұршақты мегежіндерге, бордақыға қойылған, өсіп келе жатқан шошқаларға арналған құрама азықтар мен аралас азықтарға жəне олардың бірден-бір белокты бөлігі (құрама азық салмағының 15-25%) ретінде пайдалану 580-630 г тəуліктік орташа салмақ өсімін алуға мүмкіндік береді. Ірі қараға арналған құрама азықтарға 10% дейін бұршақ қосады. Қытай бұршағы - ең құнды малазықтық бұршақтұқымдас дақыл. Қытай бұршағының баданалары - барлық өсімдік азықтары ішіндегі мейлінше толыққұндысы. Оларда 33% шикі протеин бар. Қытай бұршағының 1кг дəнінде 31, 9 г лизин болады. Қытай бұршағының белогы бұл көрсеткіші жағьнан мал белоктарына жақын, соның нəтижесінде, қытай бұршағы шошқа мен құсқа арналған құрама азықтардың ішінде теңдесі жоқ бөлігі болып табылады. Алайда, қытай бұршағының толық піспеген баданаларында қоректік заттарға қарсы əрекет жасайтын, ұйқы безі ферментінің тежегіші (трипсин ингибиторы), қанның қызыл түйіршіктерін желімдестіретін (гемаглютицин), липоксидаза, т. б. сияқты протеиннің пайдаланылуын нашарлататын жəне бір қарынды мал мен құстың ағзасына қолайсыз əсер ететін заттар бар. Сондықтан да бұл мал үшін қытай бұршағы дəнін тек жоғары температурада қуырып, зарарсыз- дандыратын арнайы жабық ыдыста қыздырып, сол заттектерден айыру, не басқаша жолдармен өңдегеннен кейін ғана пайдалану керек. Қытай бұршағындағы қоректік заттарға қарсы əрекет ететін заттар ыстыққа төзімсіз жəне ыстықпен өңдегенде жойылады. Қытай бұршағын күйіс қайыратын малға беру үшін, оны құрамында карбамид қоспасы бар мерзімдік азық үлестеріне енгізілетін құрама жемдерге, мочевинамен байытылған сүрлемге қосуға болмайтынын есте сақтау керек, өйткені қытай бұршағының дəнінде мочевинаның тез ыдырап, аммиак түзуге септігін тигізетін уреаза ферменті бар. Қытай бұршағының дəндерінде 17% дейін май бар, сондықтан олардың қоректілік қасиеті 1, 10-1, 14 азық өлшемі, қуаттық құндылығы жоғары, 1кг-ында 14-15МДж АҚ, болады. Өнеркəсіптің (тамақ, ашыту, қант, крахмал, май айыру, спирт, ағаш, қағаз өндіру кəсіпорындарының) жанама өнімдері. Бұл топқа өнеркəсіпте шикізатты өңдеу нəтижесінде алынатын жанама өнім түріндегі малазықтық заттар жатады. Мұндай азық- тардың 1 кг қоректік құндылығы айтарлықтай деңгейде ауытқиды. 77 Мəселен, тағам қалдықтарындағы, жаңа алынған сығынды- дағы, ағаш үгіндісіндегі 0, 18-0, 25 азық өлшемі, 1, 13МДж-дан күнжара қалдықтарындағы, сірнедегі - 12, 9МДж-ға дейін АҚ жəне сығындыдағы, майы алынған дəн қалдықтарындағы, т. б. - 8-10 г құнжарадағы, майы алынған дəн қалдықтарындағы 350-400 г дейін аралықта қорытылатын протеин бар. Теңестірілген мал азығында қызылша-қант (сығынды, сірне), спирт (төп) жəне май айыру, күнжара (дəн қалдығы) өндірістері қалдықтарының меншікті салмағы басым. Сығындыны ірі қараны бордақылаған кезде жаңа алынған жəне сүрлем күйінде пайдаланады. Жаңа алынған кезінде сығындының 1кг 1, 13МДж АҚ, 6 г қорытылатын протеин, 2, 5 г қанттар, 3 г дай, 33 г талшық болады. Сірне - жеңіл сіңірілетін көмірсулардың (қанттардың) көзі. Оның 1кг 9, 4МДж АҚ, 500-550 г қанттар бар. Дəн төбі - спирт өндірісінде дəн өңдеуден кейінгі өнім ретінде алынған мал азығы. 1кг төп құрамында: 0, 9МДж АҚ, 20-30 г қорытылатын протеин (1кг құрғақ затта 200-300 г), 5-9 г шикі май, 7- 11 г талшық болады. Төп - ірі қара бордақылау үшін құнды азық. Кебек (бидай жəне қарабидай кебегі) - астық өңдеуден алынатын жанама өнім. Олардың құрамы тартылатын алғашқы өнім құрамына байланысты. Кебек дəн қабықшаларына жəне оған жабысқан өсімдіктің қоректік затының майда бөлшектеріне бай келеді. Оларда 8- 10% ғана шикі талшық болғандықтан, дəнмен салыстырғанда қуаттық құндылығы едəуір төмен: қоректілігі 0, 63-0, 78 азық өлшемі болса, 1кг-ында 9, 0 МДж АҚ шамасында) . 15% шикі протеин жəне 3, 5-4% май бар. 1кг кебекте 5, 5-7, 8 г лизин болады. Кебек - фосфордың мол көзі, дегенмен едəуір бөлігі малдың ішін айдайтындай əсері бар фитиннің құрамында жəне нашар сіңірілетін түрінде болады. Мал мен микробтан алынатын азықтар. Азықтардың бұл тобына толық құнды протеиннің өте көптігі (1кг құрғақ затта 280-нен 800 г дейді қорытылатын протеин бар) тəн. Мал азықтандыруда мейлінше үлкен маңызға ие болатын азықтар: сүт жəне сүт өнімдері, мал мен балық өңдеуден қалған қалдықтар (ет, ет-сүйек жəне балық ұндары) . Сүт пен оны өңдеуден қалған қалдықтар - төл қоректен- діруде таптырмайтын өнім. Майы алынған сүтті айранның сарысуын сол күйінде де, сұйық жəне құрғақ табиғи сүталмас-78 тырғыштар құрамында да пайдалана береді. Ет өнеркəсібі қалдықтарында қоректілігі 1, 37 азық өлшемі. Қорытылатын протеин 119 г, Са жəне Р -127 г (ет, ет-сүйек жəне қан ұндары) 30-дан 80% дейін мөлшерде биологиялық тұрғыдан өте жоғары құндылығымен ерекшеленетін протеин бар. Ет, ет-сүйек ұндарының 1кг протеинінде 40-60 г лизин, 25-30 г метио- нин+цистин болады. Балық ұнының амин қышқылдық құрамымен айқындалатын, биологиялық құндылығы өте жоғары протеині бар. Балық ұнының 1кг-ында 0, 9-1, 5 азық өлшемі, 480-630 г қорытылатын протеин 0, 9- 1, 5 азық өлшемі, 480-630 г, қорытылатын протеин, Са -20-80г, Р-15- 60 г, 9. 9-14, 5МДж АҚ,, 650 г дейін қорытылатын протеин, 45-55 г лизин, 25-30 г метионин+цистин болады. Ол шошқа мен құстың мерзімдік азық үлестерін (рациондарын) ауыспалы амин қышқылдары бойынша теңестіру үшін ерекше құнды болып табылады. Микробтар түзілуінен алынатын азықтар арасында мейлінше құндылары - ашытқылар мен мұнайдың (БВА), спирттің (эприн) жəне басқалардың қалдықтарында өсірілетін бактериялық өнімдер. Бұл азықтар өздерінің құндылығы жағынан мал мен өсімдік - өсімдіктерден алынатын азықтардың аралығынан орын алады. Құрама азықтар, БВҚ, ТСА- мерзімдік азық үлестерін жетіс- пейтін қоректік элементтер мен қуаттар бойынша теңестіру мақсатында, сондай-ақ төл өсіру кезінде табиғи сүтті аздап немесе толық алмастыру үшін арнайы таңдап алынған көптеген бөліктерден тұратын зауыттарда дайындалған қоспалар. Құрама азықтар мен БВҚ, үлгі мөлшерлерін мал азығы қорының аймақтық ерекшеліктерін, мерзімдік азық үлестерінің құрылымын жəне мал азықтандыру түрлерін ескере отырып жасайды. Белоктық емес азотты қосылыстарды (карбамид, аммоний тұздарын, синтетикалық амин қышқылдарын), минералдық жəне витаминдік дəрілерді (микроэлементтерді, макроэлементтерді, витаминдерді, жетіспейтін элементтерді толықтырушыларды), мерзімдік азық үлестерін жетіспейтін қоректік элементтер мен қуаттар бойынша теңестіру не азықтық протеинді аздап алмастыру үшін қоспа ретінде пайдаланады. 79 Азықтардың сапасын бағалау. Азықтар кұрамына өте жұғымды, тез игерілуге бейім қоректік заттар шоғырланған. Оларға мал денсаулығына, мал өніміне зиянсыз өсімдіктер, жануар, микроб тектес өнімдер жəне минералдық қосындылар жатқызылады. Азықтарды жіктеу сұлбасы. Өсімдік тектес азықтар: Шырынды азықтар - көк балауса, сүрлем, тамыртүйнек жемістілер, бақша өнімдері. Ірі азық - пішен, сабан, топан. Жем - дəндер, күнжаралар мен шроттар, құрама жем. Ылғалды азықтар - техникалық өндіріс қалдықтары (барда, жом, мезга, сыра бөртпесі, сірне) . Жануар тектес азықтар: Сүт жəне сүт өнімдері (уыз, сүт сары суы, айран, ірімшік) . Ет комбинаттарының қалдықтары (қан, ет, ет-сүйек ұны) . Балық заводтарының қалдықтары (балық қалдықтары, ұны) . Микроб тектес азықтар: Азық, сыра, нан ашытқылары. Микробиологиялық түзу өнімдері (амин қышқылдары, антиби- отиктер, т. б. ) . АЗЫҚ Өсімдік тектес азықтар Жануар тектес азықтар Минералды азықтар Витаминдер мен қоспалар Ірі азық (клетчатка 19 % жоғары) Шырынды азықтар (ылғалдылығы 40 % жоғары) Құнарлы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабандарды азықтандыру нормасы мен рациондардың құрылымы
Қабандарды азықтандыру ( шошқа)
Шошқаларды семірту үшін азық қолдану
Дәнді азықтар және қалдықтарын малдарды азықтандыруда қолдану
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру
Жас құстарға нормаланған жүйеде азықтандыру ерекшеліктері
Шаруаларды жемшөппен қамту технологиясы
Сиыр туралы жалпы түсініктеме
Етті бағыттағы бұқаны азықтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz