Сауынды сиырларды толық қанды азықтандыру


Кіріспе
Бұрын жыл бойы қой, жылқы шаруашылықтарын жайылымда кезекпен бағып, оны экономикалық тұрғыда тиімді пайдалану мал санын көбейтіп, оның өнімділігін ұлғайтатын. Осы жұмысты қолға ала отырып және жайылымды тиімді пайдалану, қазіргі заман талабы. Ал оның негізгі мақсаты малды толыққұнды азықтандыру.
Малға күнделікті берілетін азық көлемін мейлінше нақтылынған мөлшерлер бойынша анықтағанда, бұрынғы Одақ кезіндегі азық мөлшерлері бойынша қолданылып келген орташа 22 көрсеткіштің орнына, қазіргі уақытта сүт бағытындағы мал үшін23-25, ет бағытындағы мал шарушылықтарында азықтың 15-17, жылқы үшін 28-30, ал қой, ешкі, түйе шаруашылығында 17-20, құс пен шошқа саласында 25-30 алмасатын ықпал етуші көрсеткіштері есепке алады. Мал қажет ететін жалпы қуат мөлшері алмасатын қуат өлшемі мен азық өлшемі түрінде берілген.
Соңғы жылдары мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығының нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты өндірістік кәсіпорындардың түрлері көбейді. Оның ішінде жеке ірі, орташа және ұсақ шаруашылықтар. Бұл шаруашылықтарда өнім өндіріп, оның тиімділігін арттырудың негізгі мақсаты азық қорын ғылыми негізде пайдалану. Өйткені, мал өнімдерінің өзіндік құнының негізгі бөлігін 60-73% азық құны құрайды.
Қазіргі шаруашылық иелерінің басым көпшілігі зоотехникалық ілімді игермеген, ауыл шаруашылық малын және үй құстарын қажетті деңгейде азықтандырып, оларды күтіп-бағуға іс жүзінде маман есебінде жақсы көңіл бөлінбейді. Мал азығының, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерін білмейтіндігін айтпағанның өзінде, тіпті малдан сапалы өнім алу істерін ұйымдастыра алмайды.
Осы мәселелерді ескере отырып, негізінен мал шаруашылығы саласынан алынатын өнімдердің сапасын арттыру үшін, азық қорын нығайтуға құрама жем өндірісін молайтуға, ірі, шырынды және құнарлы азықтармен толыққұнды азықтандыруға, сондай-ақ оларды ұтымды пайдалануға көңіл бөлуінуі керек.
Қазіргі кезде, белгілі бір аймақтың табиғаты мен ауа райы жағдайларына бейімделген технология негіздерін, мейлінше мол өнім беретін азықтық дақылдарын пайдалану үшін, оларды қарқынды агротехникалық тәсілдерді қолдана отырып өсіруге көңіл бөлінуі керек.
Жоспары
Кіріспе . . . 3
І Әдебиетке шолу . . . 4
1. 1 Азықтың қоректілігі, қоректілікке түсініктеме . . . 4
1. 2 Азықтарды жіктеу . . . 9
1. 3 Рациондарға түсініктеме, олардың типі . . . 13
ІІ Негізгі бөлім . . . 15
2. 1 Сауынды сиырларды толық қанды азықтандырудың
мөлшері мен рациондары . . . 15
2. 1. 1 Сауын сиырларды азықтандыру . . . 15
2. 1. 2 Сауын сиырлардың азықтандыру рациондары . . . 22
2. 1. 3 Сүттілігі жоғары өнімді сиырларды
азықтандырудың ерекшеліктері . . . 31
2. 1. 4 Сауылатын сиырларға арналған үлгілік
типтік рациондары . . . 32
І Әдебиетке шолу
1. 1 Азықтың қоректілігі, қоректілікке түсініктеме
Азықтың қоректілігі оның құрамындағы кездесетін жұғымды заттардың мөлшеріне байланысты болады. Мал мен құс азығының құрамына: алмасу қуаты, ақуыз (белок), май, минералдық заттар (макро-және микроэлементтер), көмірсулар, дәрумендер кіреді, немесе мал азығының қуаттық, ақуыздық, минералдық, дәрумендік жұғымдылықтары деп аталады.
Мал мен құс азықтарының жұғымдылығын бір ғана көрсеткіш бойынша бағалау мүмкін емес. Сондықтан да, қазіргі кезде және құс азықтары мен мерзімдік азық үлесінің жұғымдылығын құрамында қуаттық жұғымдылық, жемшөп пен мерзімдік азық үлесінің ақуздық, майлар, көмірсулар, минералдық заттар, дәрумендер сияқты көрсеткіштері бар кешенді бағалау әдәсі қолдалынады.
Мал азығының қоректілігі соңғы кезде көбінесе, алмасу қуаты бойынша бағаланады. Алмасу қуаты мал ағзасына, олардың тіршілік етуіне, алатын өніміне қажетті үрдіс. Алмасу қуаты тікелей баланстық зерттеумен немесе жанама әдістермен есептелінеді.
Қазіргі кезде көбінесе, сұлылық және қуаттылық азық өлшемі немесе алмасу қуаты МДж қолданылады. Біз дайындаған Анықтамалық оқулығында көрсеткіштер алмасу қуатымен (МДж) келтірілген.
Бір қуаттылық азық өлшемі (ҚАӨ) = 10 МДж алмасу қуатына тең болады. 1 МегаДжоуль =1млн Джоуль; 1 Дж = 0, 2388 ккал. Ал, 1 кал =4, 1868 Дж. Алмасу қуаты бойынша малдың қуатқа қажеттілігін есептеген кезде, оның қорытылуына және алмасуына байланысты шығыстары есептелінеді. Қуат алмасу сызбасы төменде көрсетілген. Сұлылық азық өлшемі әдістемелік тұрғыда жетілдірілмегендігіне байланысты, қазіргі кезде қолданылудан қалып бара жатыр. Ал, МДж-қуаттық (қуаттылық) бірлік қазіргі кезде азық қорын санау және экономист мамандарға азықтың салмақ өнімі құрамындағы МДж қуатын есептеу үшін керек.
Кейбір азықтардың құрамындағы су 75-80%-ға дейін жетеді. Азық құрамында су көп болса оның қоректік құнарлығы кем болады. Мал мен құс азықтарындағы құрғақ зат . Малға және құсқа берілетін азықты мөлшерлеуде маңызды көрсеткіштердің бірі-
мерзімдік азық үлесіндегі құрғақ заттың ең қолайлы деңгейін белгілеп алу болып табылады. Өйткені малды қуатты пен қоректік заттарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету осыған байланысты.
Мерзімдік азық үлесіндегі құрғақ заттың қорытылу деңгейі төмен болған сайын мал, әсірісе, мол өнімді мал, оны аз жейді. Мол өнімді мал, мерзімдік
Сызба-1. Қуат алмасу сызбасы
азық үлесіндегі 1 кг құрғақ затқа шаққанда, азықтағы қуаттың мейлінше мол шоғырлануын қажет етеді.
Ақуыз (Белок) - мал азығындағы қоректік заттардың ең бастысы. Оның құрамына: оттегі, сутегі, көміртегі, міндетті түрде азот, үнемі дерлік күкірт және кейде фосфор кіреді. Протеинде орта есеппен 16% азот бар дегенді еске ала отырып, мал және құс азығындағы шикі протеин құрамындағы азот мөлшерін 6, 25 коэффициентіне көбейту арқылы анықтайды. Ақуыз малдың тіршілігіне, жас малдың өсуіне, ірі малдың ет құруына, сүтінің артуына қажет. Оның жетімсіздігін басқа қоректік заттардың ешқайсысы алмастыра алмайды. Ақуыз барлық азықтардың құрамына кіреді деуге болады. Азықтарда оның мөлшері түрліше болады. Ал малға азық бергенде ақуздың организмге сіңірілген мөлшері ғана қорытылған протеин мөлшері болып есепке алынады.
Малдың протеинге қажеттілігін, жалпы протеин көлемін бұрынғыдай шикі протеинмен қоса есептеп, қосымша ыдырайтын (ЫП) және ыдырамайтын (ЫРП) протеинді, оның бөлшектерімен қорытылатын протеинді және құрамындағы аминқышқылдарында есептеген дұрыс.
Орта есеппен ыдырайтын және ыдырамайтын бөлшектердің қатынасы 60-70:30-40 болуы керек. Протеин құрамында жалпы азоты бар органикалық заттар кіреді. Күрделі ақуыздар және өнім бөлшектері, қарапайым амидтер, амин тұздары, нитрит және нитраттар жатады.
Аминқышқылдары көбінесе ақуыздың құрамына кіреді, бірақ олар бос түрлерінде азықтың құрамында болады. Ақуыздың негізгі атқаратын жұмысы мал денесінің құрылыс материалы болғандықтан, торша мен ұлпаның жаңаланып тұруын реттейді. Осыған байланысты күйіс қайтармайтын малды азықтандырғанда, әсіресе ақуыздың мөлшерін ескеру керек.
Азықтың құрамындағы ақуыздар өзінің еру қабілеті бойынша қарапайым және күрделі болып екі түрге бөлінеді. Қарапайым ақуыздарға: альбуминдер, проламин, глютамин, протамин және склеропротеин жатады.
Күрделі протеиндер құрамында қарапайым ақуыз бен қосымша қосылған түрлі қызмет атқаратын азотсыз заттар бар. Құрамындағы қоспаларға байланысты олар: глюкопротеиндер, липопротеиндер, нуклеопротеидтер, хромопротеидтер және басқа заттарға бөлінеді. Бұл заттар жалпы азықтың құрамында күнжара мен зығырда 30-45%, бұршақ тұқымдас дәндерде 25-30% және пішенде 12-15%, тамыртүйнекті жемістілерде 0, 5-1, 0% болады.
Жануар тектес азықтардың 70-90% мөлшерін негізінен ақуыздардың құрамындағы аминқышқылдары құрайды. Олардың қазіргі кезде 200 аса түрі бар, олардың 80-і жақсы зерттелген. Атқаратын жұмыстарына қарай аминқышқылдары екі топқа бөлінеді.
Бірінші топ малдың денесінде түзелмейді, сондықтан олар «ауыспайтын аминқышқылдары» деп аталып, жалпы малдың түріне қарай орташа саны 10 деп саналады.
Екінші топ азот құрамында бар азық бөлшектерден құралады - оларды «ауысатын аминқышқылдары» деп санайды.
Азық ақуыздарының құрамындағы аминқышқылдардың көлеміне қарай толыққұнды және толыққұнды емес болып бөлінеді. Ақуыздың құрамында ауыспайтын аминқышқылдары жеткілікті болса, ол протеиндер толыққұнды деп, ал жетпесе керісінше толыққұнды емес деп аталады. Шикі протеиннің құрамында қарапайым азотты заттар, амидтер, азот-қышқылды тұздар, нуклеиндік қышқылдар бар.
Амидтер деп ақуыздың құрамында аяқталмаған ақуыздық синтездің өнімі, азотқышқылы мен, аммиактан немесе ақуыздың ыдырау өнімі аталады. Сондықтан амидтер өсуі тоқтамаған немесе дайындалған кезде азықтардың құрамында көп болады. Амидтер құрамында несеп нәрі негізгі орын алады. Өте көп несеп нәрі жануар тектес азықтардың құрамында болады.
Күйіс қайтаратын малдың мес қарынында микробтардың симбиозы арқылы жеткілікті түрде ақуыз құрылады. Сондықтан күйіс қайтаратын малды азықтандырған кезде біз аминқышқылдарының мөлшеріне аса көңіл бөлмейміз. Осыған байланысты ірі қараны азықтандырғанда ыдырайтын және ыдырамайтын протеинді есептеуміз керек ( 3-кесте ) .
Көңіл бөле кететін жағдай азотқышқылының тұздары (нитрат және нитрит) өте улы заттар болып саналады. Бұлардың көлемі тыңайтқыш қолданған кезде, азықтың құрамында өте көп болады. Малдың денесінде нитриттер қанның гемоглобинын байлап, оны метгемоглобинге аударады, осының әсерінен торша тынысы бұзылады. Азықтың құрғақ затының құрамындағы азот қышқылы тұздарының мөлшері: жайылым өсімдіктерінің құрамында орташа есеппен 0, 02 мен 0, 6%, қызылшада - 0, 24%, жүгері көк сабағында -0, 50-1, 1%-ға дейін. Орта есеппен азықтың құрғақ затында 0, 2% аспауы керек. Жалпы азықтың құрамында азоттық топ Кельдаль әдісімен зерттелінеді. Табылған азот мөлшерін азықтың түріне байланысты тиісті көрсеткішке көбейтеді.
Азықтың құрамындағы азотсыз заттардың ішінде көмірсулардың ең көп мөлшері 80%-ға дейін болады. Көмірсулар мал азықтандыруда, өсімдік тектес азықтар мен мерзімдік азық үлесіндегі құрғақ заттың басты құрамдас бөлігі және олар мал организмінде зат алмасу кезінде бірінші орында болады.
Көмірсулар бірқантты - глюкоза, фруктоза, галактоза, манноза, рибоза, ксилоза, арабиноза; екіқантты - сахароза, мальтоза, лактоза, целлобиоза; үшқантты - рафиноза, көпқантты - крахмал, целлюлоза (жасұнық), декстрин, инулин, екі гликоген, пектиндік заттар, гемицеллюлоза, тағы да басқа болып бөлінеді.
Көмірсулардың қуат қоры ретінде - крахмал, сахароза, глюкоза, мальтоза, фруктоза тағы басқа; құрылыс материалдары ретінде - лактоза, манноза, галактоза, рафиноза, рибоза қолданылады. Лактоза - сүттің құрамында, манноза - арпамен, бидайдың дәнінде, ашытқыда, қылқан жапырақта; галактоза - тамыртүйнектер мен жемістерде, күнжарада, зығыр дәнінде; рафиноза - қант қызылшасында, қара бидай, бидай дәнінде көп болады. Малдың асқазанында қорытылу кезінде бір, екіқантты және көп қанттының ішінен - крахмал тез қорытылады, ал - көпқанттының крахмалдан басқа түрлері қиын қорытылады. Көмірсулар шикі жасұныққа және азотсыз шырынды заттарға (АШЗ) бөлінеді.
Шикі жасұнықтың құрамына целлюлоза, гемицеллюлоза және инкрустік заттар: лигнин, кутин, суберин кіреді. Шикі жасұнық нейтралдық - детергендірген (НДК) және қышқыл детергендірген (КДК) болып бөлінеді. Азықтың құрамындағы мөлшері азықтың түріне, дайындалған өсімдіктің өсу, даму кезіне, дайындау және сақтау технологиясына байланысты болады. Көп жағдайда ірі азықта: пішенде 20-30%, сабанда 35-40%, сұлы, арпа дәнінде 10-12%, көк шөпте 5-13%, ал тамыртүйнек жемістерде 0, 5-1, 4% аз мөлшерде кездеседі. Шикі жасұнықтың мөлшері азық құнарлығының төмен екендігін білдіреді.
Азотсыз шырынды зат (АШЗ) тарға - крахмал, қант, кейбір қышқылдар, инулин, пектин жатады. Крахмал өсімдіктің құрамында қоры ретінде көп мөлшерде дәнде, жеміс, тамыртүйнектердің тамырында 60-70%-ға дейін, ал аз түрде жапырақта, өсімдік сабағында 2%-ға дейін болады. Көбінесе малдың денесінде крахмалға ұқсас гликоген қор ретінде пайда болады. Азықтың құрамында қант - көбінесе жүзім қанты, фруктоза, манноза және күрделі қант түрінде кездеседі: қызылшада 18%, сәбізде 16% жас астықтұқымдас шөптің құрамында 13%, пішенде 1, 5-8%-ға дейін болады. Лактоза - малдың сүтіндегі қанттың бір түрі. Азотсыз заттардың құрамына майлар жатады. Майдың құрамы глицеринмен май қышқылдарының тұзы, бір тектес май қышқылы болса, қарапайым боп саналады, күрделісінде әр түрлі болады. Күрделі майлардың құнарлылығы, үйлесімдігі және басқа көрсеткіштері құрамындағы май қышқылдарына байланысты. Май қышқылдары толтырылған (стеарин, пальмитин, май, каприн, миристин, тағыда басқа) және толықтырылмаған (олеин, линол, линолен және арахидон) май қышқылы болып бөлінеді.
Май азық құрамында әртүрлі мөлшерде болады: бидайдың, қара бидайдың дәнінде - 1, 2%; жүгері, сұлы дәнінде - 5-6%, өте көп өсімдіктерде: зығыр, күнбағыс, қытай бұршақ, рапста 30-40%-ға дейін. Өсімдіктің сабағында, жапырағында, тамыртүйнекті жемістердің тамырында өте аз: дәнмен, тұқымда көбірек, көк шөпте, сүрлемде, пішенде 1, 2% дейін болады. Малдың жасына, тұқымына, күйіне байланысты денесінде 3-50%-ға дейін май болады. Май көбінесе қуат үшін пайдаланылады. Малдың денесінде май қоры көмірсулар мен ақуыздан синтезделеді, бірақ олардың өзінің химиялық, физикалық көрсеткіштері малда ұқсас болады.
Минералдық заттар (шикі күл) . Шикі күлдің құрамына макро-және микроэлементтер, топырақ, құм тағыда басқа күймейтін заттар кіреді.
Макроэлементтер сілтілі - кальций, магний, калий және натрий; қышқылды - күкірт, фосфор, хлор, бұларграммен, ал микроэлементтер: темір, кобальт, мыс, марганец, мырыш, бор, иод, бұлар милиграммен өлшенеді. Минералдық заттар азықтың құрамында органикалық және минералдық қышқылдарының тұзы ретінде, ал фосфордың бір бөлігі, күкірт, кремний, темір, магний және басқа органикалық заттар (ақуыз, майлар, көмірсулар) құрамында болады(3-кесте, қосымша) .
Дәрумендер мал азықтарында өте аз болады. Осыншалық аз болуына қарамастан малдың өсуіне, денсаулығына, төлдің өсіп жетілуіне т. б. физиологиялық жағдайына өте қажет. Дәрумендер организмге жеткілікті болу үшін малды жазда, өрісте көп жаю керек, өйткені көк шөпте дәрумендер мөлшері мол болады. Қыста, мал қолда тұрғанда, жақсы сапалы пішен, шырынды азықтар беру керек.
Өсімдік тектес азықтарда орта есеппен 5%-ға дейін шикі күл, кейбір шөлейт жерде өскен өсімдіктерде 10%-ға дейін болады. Өсімдіктің дәніне, тамырына қарағанда сабағы мен жапырағында күл екі есе көп болады. Жалпы күлдің мөлшері, минералдық заттардың мөлшері қосымша кестелерде келтірілген (2-сызба) .
Азықтың органикалық бөлігіне азотты, азотсыз заттар, дәрумендер, гармондар және басқа биологиялық заттар кіреді. Олардың азық құрамындағы мөлшері қосымша кестелерде келтірілген. Малды, азықтандырған кезде тағы да көңіл бөлетін жағдай ол толыққұнды рационды құру.
1. 2 Азықтарды жіктеу
Мал шаруашылығының өркендеп өсуі малды толыққұнды азықтандыру мен құнарлы азықпен қамтамасыз ету және азық қорының жеткілікті болуын қажет етеді. Қазіргі қолданылып жүрген азықтардың құрамы, құнарлылығы, технологиялық қасиеттері өте айрықша. Осы жағдайды ескере отырып, шаруашылықтардағы азықтарды топтастыру, ал олардың ұқсас көрсеткіштерін азық дайындаған кездегі қолданған технологияға байланысты, құрамына, қоректілігіне, малдың ағзасына тигізген әсеріне назар аудару керек.
Азықтар қоректілігіне, құнарлығына және басқа қасиеттеріне қарай келесі топтарға бөлінеді: ірі, шырынды және жем құнарлы азықтары.
Ірі азықтарға организмге сіңуі біршама қиын, құрамында пішен, сабан, топан, бұтақты, жапырақты, табиғи және ірі жасанды кептірілген (жүгері сабаны, мақта қабығы және паясы, күнбағыс себеті) азықтар жатады.
Табиғи ауамен және жасанды кептірілген өсімдіктер ірі азыққа жатады. Олар: табиғи, екпе шөптің пішені, пішеннен дайындалған ұн, ұнтақ, пішендеме, сабан, топан, кептірілген жапырақ, сабақтар. Ірі азықтың негізгі көрсеткіші: құрамында шикі жасұнықтың мөлшері өте мол. Мысалы: пішенде - 18-32%, сабанда 42% дейін, топанда -25-35%, пішен ұнында - 15-28%, пішендемеде - 13-18%.
Құрамындағы шикі жасұнықтың мөлшері азықтың құнарлылығына әсер етеді. Пішендердің 1кг-да 5, 5-8, 0 МДж алмасу қуаты, 30-40 г қорытылатын протеин, пішендемеде - 3, 5-5, 0; 45-115, сабанда - 3, 7-6, 9; 5-35, пішен ұнында - 7, 3-8, 6; 80-150 г. Ірі азық көмірсуларға, протеинге, дәрумендерге және минералдық заттарға бай, сондықтан ірі азықтар аулшаруашылық малдары үшін маңызды азық болып есептелінеді. Күйіс қайтаратын малға ірі азық ас қорытатын жолдарды толықтырып, малдың тойуына, сонымен қоса ас қорытуына әсер етеді.
Малға бұл топтағы азықтар қуат және протеин қоры болып табылады. Орташа 1кг азықта: 7, 8-13 МДж алмасу қуаты және 80-400г протеин болады.
Шырынды азықтардың құрамында көп мөлшерде су болады. Оларға: көк шөп, балауса шөп, сүрлем, тамыр-түйнекті жемістер (қант және мал азықты қызылша, сәбіз), тамыр жемістерінің пәлегі, тамыртүйнектілер - картоп, топинамбур жатады. Ірі және сүрлем сияқты көлемді азықтарға пішендеме де жатады. Бұларды «сүтейтүші азықтар» деп те атайды.
Жемазықтар (құнарлы азықұтар) қуатты, маңызды, малға жұғымды келеді. Жемге: сұлы, қара бидай, арпа, тары, жүгері, қытай бұршақ т. б. дәндер жатады. Өндірістік өнімдер, өндірістік өнеркәсіптерден қалған қалдықтар, жануар тектес азықтар, жасанды және түрлі химиялық, миккробиологиялық минералдық, дәруменді қоспалар, құрама жемдер (3-сызба) .
Көк азық: бұл топқа табиғи және қолдан егілген шабындықпен, жайылымдардағы көк өсімдіктер, тамыртүйнекті жеміс өсімдіктерінің сабағы тағыда басқа өнімдер жатады. Көк азықтың құрам ында 70-83% су болады. Құрғақ затында протеин, минералды заттар және дәрумендідер мөлшері көбірек, орта есеппен 13-25% шикі протеин, 4-5% шикі май, 13-18% жасұнық, 45% дейін азотсыз шырынды заттар және 8-11% шикі күл болады.
Көк азықтың құрғақ затының алмасу қуаты (1, 0-1, 2 МДж), қорытылатын протеин (120-220г/кг) құнарлылығы өсімдік тектес азық дәнімен бірдей болғанымен, олардың биологиялық құнарлылығы және дәрумендер мөлшері соңғысында көбірек. Өсу жүйесіне байланысты едәуір өскен сайын құрамындағы протеин мен каротин мөлшері азаяды да, жасұнықтары көбейеді, құнарлылығы осыған байланысты төмендейді. Көк азықтың қоректілігі өсімдік түріне, өсу кезеңіне, ауа райына, агротехникалық шараларға, дайындау технологиясына және мерзіміне, пайдалану кезіне байланысты болады.
Дәнді азықтар (құнарлы азықтар) және олардан өндірілген өнімдер үш топқа бөлінеді: бірінші құрамында көмірсулар көп, көбінесе астықтұқымдас; екінші - протеині көп - (бұршақтұқымдас) ; үшінші - майға бай - майлы өсімдіктер.
Өндіріс өнімдеріне - ұн, кебек, шрот, күнжара тағы басқалар қосымша өнім қалдықтары жатады.
Астық тұқымдас дақылдар дәндері мен олардан алынған өнімдердің негізгі қорынан құрама жем дайындалады. Олардың құрамында 14%-ға дейін шикі протеин, оның ішінде 75% қорытылады. Астық тұқымдас азықтардың биологиялық құнарлылығы төмен. Әсіресе, олардың құрамында лизин аминқышқылы жетіспейді, құрама жем дайындағанда құнарлылығын көтеру өте қиын. Құрамында 2-5% шикі май, кальций мөлшері төмен (0, 12-0, 01%), фосфор жоғары (0, 45-0, 47%) . Үштен бір бөлшегіне дейін дәндердің құрамында крахмал болады. Соның арқасында қуаттылық құнарлылығы жоғары болады. Құрамында 6% шикі жасұнық болады. Бірақ, жасұнық мөлшері әр түрлі 2, 2% жүгерінің дәнінде болса, 12% сұлының дәнінде, сондықтан олардың қуаттылық құнарлылығы әр түрлі. Астық тұқымдас азықтар көмірсулары құнарлы азықтарға жатады, бұл топқа бидай, арпа, сұлы, жүгері, қара бидай, құмай тағы басқалар кіреді. Арпа дәнінің орташа құрамында 1 кг 10, 3-11, 0 МДж алмасу қуаты, 100-105 г қортылған протеин, 22 г май, 40 г жасұнық, 4, 1 г лизин, 3, 6 г метионин+цистидин бар. Барлық малға қолданады, құрама жемге қосылады, диеталық азық болып саналады.
Жүгері - астық тұқымдас дақылдардың ішіндегі өте қуатты азық 1 кг 12, 2 МДж алмасу қуаты, 70-75 г қортылған протеин, 40-45 г май, 38-45 г жасұнық, 2, 1-2, 8 г лизин, 1, 8-2 г метионин+цистидин бар. Құсты азықтандырған кезде өте қажет.
Сұлы - барлық малға диеталық азық. Оның 1 кг 9, 5-10, 5 МДж алмасу қуаты, 75-80 г қортылған протеин, 40 г май, 95-100 г жасұнық, 3, 6 г лизин, 3, 2 г метионин-цистидин бар.
Бидай - малға құнарлылығы төмен басқа дәндермен араластырылып қолданады. 1кг бидайда орта есеппен - 10, 7-10, 8 МДж алмасу қуаты, 135 г шикі протеин, 3, 7 г жасұнық, 20 г май, 0, 6 г кальций, 4 г фосфор бар. Құрама жемнің құрамында ірі ұнтақталған түрінде қолданады. Ұн ретінде қолданғанда малдың қарнында қорытылмай, қорытылу үрдістеріне әсер етеді. Жаңа шабылған кезде өте қауіпті.
Қара бидай - құрамы бидайға ұқсас, бірақ бидайға қарағанда құнарлылығы төмен. Малды азықтандырған кезде, қара түсті дәндерді сақтықпен пайдалану есте болуы керек. Бұзылған азықты бордақыланатын малдың рационына 10% қосып қолданады.
Тары - құнарлылығы сұлыға ұқсас. 1кг тарының құрамында 9, 0 МДж АҚ, 110 шикі протеин, 40 г май, 90 г дейін жасұнық бар.
Құмай - құнарлығы өте жоғары азық. Құрамында протеин көбірек, май аз. Басқа дақылдарға қарағанда дәні өте қатты, сондықтан ұнтақтап беру керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz