Азықтарды сүрлемдеу және сүрлемдеу техналогиясы
Кіріспе
ІІ Әдеби шолу
2.1 Азық туралы түсінік
2.2 Азықтың жіктелуі
ІІІ Негізгі бөлім
3.1 Азықтарды сүрлемдеу және сүрлемдеу техналогиясы
3.2 Сүрленген азықтың химиялық құрамы және қоректілік бағалылығы
3.3 Сүрлемнің қоректілігіне әсер ететін факторлар.
3.4 Сүрлемнің сапасына ГОСТ.тың талабы
3.5 Сүрленген азықтар, әр түрлі малдар үшін азықтандырудың мөлшері және әзірлеудің тәсілі.
3.6 Құрама сүрлемді дайындау және қолдану
3.7 Сүрлем қоймасы
3.8 Сүрлемді ғимараттар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Мал шаруашылығы халықты биологиялық тұрғыдан құнды азық-түлікпен, ал жеңіл өнеркәсіпті бағалы шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының маңызды саласы. Аграрлық өнеркәсіптік кешені жан-жақты дамып келе жатқан тәуелсіз елімізде ежелден ата кәсіп болып келе жатқан ауыл шаруашылығының бұл саласы өзінің стратегиялық маңызын сақтауда. Бұған, бір жағынан, бүгінгі күнге дейін республика халқының жартысына жуығы ұлтымыздың түп тамыры болып табылатын ауылдық жерде тұрып келе жатқандығы болса, екінші жағынан, бар елдердің дүниежүзілік нарық қатынасына қолтықтаса араласып жатуы мәжбүр етеді. Демек, мал шаруашылығын қаркынды дамытудың мемлекетіміз үшін орасан зор экономикалық та, саяси да маңызы айқындалады. Қазақстанда мал шаруашылығы ертеден дамыған. Көшпенділер тіршілігі төрт түлік мал өсіріп, солардың өнімімен күн көруге негізделгендіктен, ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр.
Бүгінгі күнгі мал шаруашылығымен айналысатын мамандар осы ғасырлар бойы жиналған құнды атамұрамызды аяқ асты қылмай, жоғалтпай, қастерлеп, заман талабы мен дүниежүзілік нарық заңдылығы мен бәсекелестігіне сай қарқынды түрде дамытуларыз қажет. Бұған еліміздің табиғи жағдайына жете бейімделген қазақи мал тұқымдарын сұрыптап, жылдар бойы жүргізіліп келген будандастырудан айырып, өзіндік қасиеттерін тазартып, жергілікті тұқымдар бойына қан жүгіртіп, қайта жандандырулары керек. Мал шаруашылығын қарқынды дамытудың ғылыми негізін мал басын
көбейтіп, тұқымын асылдандыру, өсірілетін бастарының қоректік мұқтаждығын толық өтеп, азықтандыру және өсуі мен өнімділігіне қажетті жағдай қамтамасыз ету мәселерін зоотехния ғылымы құрайды. Оқулық құралда мал түлігі мен үй құсын өсіруге байланысты осы ғылымның жалпы сұрақтары берілген. Оқулық құралда авторлар елімізідің мал шаруашылығын дамытуда заманауи инновациялық технологияларды қолдана отырып, саланы дамытудың ғылыми негіздерімен танысады.

1. Скотоводство / Е.А.Арзуманян. – М.: Колос, 1984. 528 с.
2. Производство продукции животноводства / Б.П.Мохов., А.Н.Шаронин. – Ульяновск, ГСХА, 2005.
3. Скотоводство / Л.К. Эрнст. – М.: ВО «Агропромиздат», 1992.
4. Технология производства говядины на промышленной основе / Н.И. Востриков. – М.: ВО «Агропромиздат», 1988.
5. Системы выращивания крупного рогатого скота / Н.И. Клейменов. – М.: Росагропррромиздат, 1989.
6. Скотоводство / Н.И.Нусов., Г.Г.Игнатенко. – М.: Колос, 1974. 328 с.
7. Интенсификация откорма молодняка / А.А. Загришев. – М.: Московский рабочий, 1972. 88 с.
8. Технология производства молока и говядины / А.П. Солдатов., Л.П. Табакова. – М.: Колос, 1995.
9. Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных: Справочное пособие/ А. П. Калашников, Н.И. Клейменов, В. Н. Баканов и др. – М.: Агропромиздат, 1985. 352 с.
10. Аликаев В.А., Петухова Е.А., Халенова Л.Д. Руководство по контролю качества кормов и полноценности кормления сельскхозяйственных животных. –М.:Колос, 1967.
11. Баканов В.Н., Менькин В.К. Кормление сельскохозяйственных животных. – М.:В.О.Агропромиздат, 1989.
12. Богданов Г.А. Кормление сельскохозяйственных животных. – М.:Колос, 1990.
13. Георгиевский В.И., Анненков Б.Н.,Самохин В.Т. Минеральное питание животных. – М.:Колос, 1979.
14. Дмитриченко А.П., Пшеничный П.Д. Кормление сельскохозяйственных животных. –Л.:Колос, 1975.
15. Менькин В.К. Кормление сельскохозяйственных животных. – М.:Колос, 1977.
16. Нормы и рационы кормление сельскохозяйственных животных: Справочное пособие. –М.:Агропромиздат,1985.
17. Нормы и рационы кормление сельскохозяйственных животных. Справочное пособие 3-е издание переработанное и дополненное/ Подред.А.П.Калашникова, В.И. Фисинина, В.В.Щеглова, Н.Н.Клейменова. –Москва, 2003.394

red255;;;;
Кіріспе
Мал шаруашылығы халықты биологиялық тұрғыдан құнды азық-түлікпен, ал жеңіл өнеркәсіпті бағалы шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының маңызды саласы. Аграрлық өнеркәсіптік кешені жан-жақты дамып келе жатқан тәуелсіз елімізде ежелден ата кәсіп болып келе жатқан ауыл шаруашылығының бұл саласы өзінің стратегиялық маңызын сақтауда. Бұған, бір жағынан, бүгінгі күнге дейін республика халқының жартысына жуығы ұлтымыздың түп тамыры болып табылатын ауылдық жерде тұрып келе жатқандығы болса, екінші жағынан, бар елдердің дүниежүзілік нарық қатынасына қолтықтаса араласып жатуы мәжбүр етеді. Демек, мал шаруашылығын қаркынды дамытудың мемлекетіміз үшін орасан зор экономикалық та, саяси да маңызы айқындалады. Қазақстанда мал шаруашылығы ертеден дамыған. Көшпенділер тіршілігі төрт түлік мал өсіріп, солардың өнімімен күн көруге негізделгендіктен, ғасырлар бойы бай тәжірибе жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр.
Бүгінгі күнгі мал шаруашылығымен айналысатын мамандар осы ғасырлар бойы жиналған құнды атамұрамызды аяқ асты қылмай, жоғалтпай, қастерлеп, заман талабы мен дүниежүзілік нарық заңдылығы мен бәсекелестігіне сай қарқынды түрде дамытуларыз қажет. Бұған еліміздің табиғи жағдайына жете бейімделген қазақи мал тұқымдарын сұрыптап, жылдар бойы жүргізіліп келген будандастырудан айырып, өзіндік қасиеттерін тазартып, жергілікті тұқымдар бойына қан жүгіртіп, қайта жандандырулары керек. Мал шаруашылығын қарқынды дамытудың ғылыми негізін мал басын
көбейтіп, тұқымын асылдандыру, өсірілетін бастарының қоректік мұқтаждығын толық өтеп, азықтандыру және өсуі мен өнімділігіне қажетті жағдай қамтамасыз ету мәселерін зоотехния ғылымы құрайды. Оқулық құралда мал түлігі мен үй құсын өсіруге байланысты осы ғылымның жалпы сұрақтары берілген. Оқулық құралда авторлар елімізідің мал шаруашылығын дамытуда заманауи инновациялық технологияларды қолдана отырып, саланы дамытудың ғылыми негіздерімен танысады.
ІІ Әдеби шолу
2.1 Азық туралы түсінік
Азық дегеніміз - өсімдік тектес немесе жануар тектес жасанды минералдық азықтар. Химиялық құрамы жағынан мал организміне зиян келтірмейтін, сонымен қатар олардан өнім сапасын кемітпейтін қоректі заттарға бай. Азықтар әр түрлі табиғи және шаруашылық жағдайларда алынуына байланысты қоректілігі жөне құрамы бойынша тарқатылады. Азықтың құрамына әсер ететін факторларды біліп, дұрыс дайындалуына жоне тиімді пайдалану технологиясын меңгеру талап етіледі.
Сонымен азықтың құрамына және оның қоректілігіне мынадай себептер әсер етеді: экологиялық-географиялык, өсімдіктің түрі, климат, топырақ, тыңайтқыш, агротехника, өсімдіктің сорттық ерекшеліктері, жасы, жинау кезеңі, жинау технологиясы және сақталу жағдайы, ылғал, жылылық, жарық, әзірлеу тәсілі т.б [1].
1) Климат жағдайларынының әсерінен тек қана қоректік заттардың саны өзгеріп қоймай, оның сапасы да өзгереді, белоктық заттарды (протеин) құрамындагы амин қышқылдары, майдағы қанықпаған қышқылдар т.б. Оңтүстіктің баурайында өскен өсімдікке қарағанда көбірек жиналады. өсімдікте белоктық зат (протеин), солтүстік баурайында өскен өсімдікке қарағанда көбірек жиналады.
2) Құнарлы топырақта қоректік заттар жоғары болады.
3) Өсімдікте қоректік заттардың жиналуына органикалык тыңайтқыштарға қарағанда көң жақсы әсер етеді.
Көктемде жайылым шөбінің қоректілігі күшті, протеині көп болады. Жазда және күзде жайылым шәбі сарғайып, негізгі қоректік заттары кемиді. Пішенге орылған шәпті ұзақ кептіру немесе жауын-шашын қоректік заттарды кемітеді.
Кептірілген пішенде құрғақ заттың 13 бөлігі, қорытылған қоректік заттардың және протеиннің 23 бөлігі, кальций фосфор, марганец, темір, мыстың 12 бөлігіне жуық және мырыштың 13 бөлігін жоғалтады [2].
2.2 Азықтың жіктелуі
Мал азығы химиялық құрамына, оның организге тигізетін физиологиялық әсеріне және шаруашылықтың кұндылығына қарай, бөліну белгілеріне, жеуіне, қорытылып сіңуіне, құрылысына, қасиетіне, диетикалық, яғни арналып жасалған рационына байланысты негізгі топтарға бөлінеді.
Азық өсімдік тектес, жануарлар тектес болып келеді, микробиологиялық, минералдық, химиялық қосымшалар т.б. болып жіктелінеді. Қоректілігі, энергетикалық бағалылығы бойынша көлемді, концентратты азықтар болады. Егер 1 кг массасында азық өлшемі 0.65 және одан аз болса, көлемді азыққа жатады, ал егер 1 кг массасында азық љлшемі 0.6-дан кем болса онда ол азық концентратты азыққа жатады.
Өсімдік тектес азықтар мынадай топтарға бөлінеді:
1. Көк балауса азықтар: табиғи жайылымдардың шөбі, шалғындық шөп және екпе шөп.
2. Ірі азықтар: пішен, сабан, топан т.б.
3. Тамыржемістілер, тњйнекжемістілер.
4. Сүрлем.
5. Дән.
6. Пішендеме.
7. Өндірістік техникалық дақыл қалдықтары т.б.
Мал шаруашылығының практикасында азықтар мынада бөлінумен шектелінеді: ірі, шырынды, концентратты, жануар тектес, микробиологиялық синтез, минералдық үстеме қоректілер, синтетикалық азотты қосылыстар, аралас құрама азық т.б.
Еліміздің азық ендіру балансында ең негізгісін ірі азықтар құрайды. Ірі азықтарда, әсіресе, күйіс малдары мен жылқылардың қарын, ішектерінің қалыпты жұмыс істеуі үшін көп мөлшердегі клетчатканың болуы қажет [3].
Минералдық азықтарға: ас тұзы, бор, ізбес тасы, кішкентай қайыршақ, жануар тектес азықтар, микроэлементтердің тұздары т.б. жатады. Микробиологиялық өнеркәсіптің өнімі болып табылатындар: әртүрлі азықтық ашытқылар, ашыту өнеркәсібінің қалдықтары, аминқышқылдары, витамин препараттары, антибиотиктер, тегі логиялық заттар, ферменттер тағы басқалар. Концентратты жататындар: дәндер, күнжаралар, кебектер, құрғатылған бөртпе (сыра бөртпесі). Бұл азықтардың қоректілігі жоғары болады.
Азыққа қойылатын мемлекеттік талаптарға (ГОСТ) жататындар: азықтың қоректілігі, сіңімділігі, түсі, иісі, ылғалдылығы, топтары (кластары). Мал организміне қабылданатын азықтардың химиялық, құрамдағы қоректік заттардың сапалы және жоғары дәрежеде болуы. Азықтың мемлекеттік талапқа сапа жағынан кес келуі қажет: қабылданған азықтан қалдық қалдырмай сіңіруі, қоректенуі, жеуі, азықтың дәмдік қасиеті, иісі, физикалық формасы, құрғақ заттың мөлшері, зиянды қоспалардың өте-мөте аз дәрежеде болуы, азықтағы энергияның концентрациясы, диеталық қасиеті, хош иісінің болуы. Әрбір азық әзірлену сапасына қарай мемлекеттік стандарт ГОСТ әр түрлі болады [4].
Өндірісте азық дайындауды механикаландыру мен автоматтандыруды, мал азықтандыруда, азықты әзірлегенде, үйлестіріп бергенде қолдануға болады. Бұлар еңбек өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Шаруашылыққа жоғары өнімді машиналар, мысалы, ИГК-ЗОБ, "Волгарь-5", азық њсақтағыш, іластырғыш ИСК-3, ИРТ-165, ДИП-2, РСС-6Б, КТУ-10А т.б. қолданылады.
Мал азығын өндірісте дайындауда механикаландыру мен автоматтандыруда кең алымды, тұрақты ақаусыз жұмыс жасайтын, өнімді агрегаттарды және куатты желдеткіштер: УВ 6- 10. УВ-6-16, маялағыштар - СШР-0.5 немесе ПШД-50Д, пішен шабатын машиналар, азықты ұсақтағыштар: КСК-100, КУФ- LS. Е-280, барабанды құрғатқыштар, сүрлем жинайтын комбайндар, жоғары өнімді азықты түйіршікті түрде, жасайтындар, азық, үлестіргіштер, тырнауыштар, шаруашылық бойынша автоматты жабдықтарды қолдану қажет. ИСК-3 жемшөп ұсақтағыш-араластырғышы ірі азықтарды дымқылдығы қандай екеніне қарамастан ұсақтауға және жем-шөптің барлық түрін араластырып, аса бағалы азық қоспаларын дайындауға арналған. ИСК-3 жемшөп ұсақтағышыны мал азығын араластырған кездегі љнімділіғі 15 тсағат, сабанның дымқылдығы 20-30% аралығында болған жағдайда' ұсақтағыш өнімділігі 4-5 тсағат болады [5].
ІІІ Негізгі бөлім
3.1 Азықтарды сүрлемдеу және сүрлемдеу техналогиясы
Көк азық шырыны мен қоректік қасиеттерін сақтаудың тиімді де қарапайым әдісі - сүрлемге салу. Сүрлем анаэробтық жағдайда ашытылатын қанты мол жемшөпте өтетін микробиологиялық үдеріс (сүтқышқылды ашыту)
арқылы консервіленетін мал азығы. Сүт қышқылының жиналуынан сүрлемге
салынған шикізат реакциясы рН = 3,7-4,2 деңгейіне дейін қышқылданып, 107
барлық дерлік микробиологиялық өзгерістерді тежеп, тоқтатуынан, құрамындағы қоректік заттары ұзақ мерзім сақталады.
Сүрлемге жеңіл ыдырайтын канты мол балауызданып піскен көк жүгері
мен күнбағысты, бұршақ және астық тұқымдастар шалғынын, жас құрақты, бақшалық дақылдардың жапырағын, т.б. салуға болады. Қанты аз азықтарды сүрлемдеу үшін, оларды басқа шырынды, қантқа бай азықтармен, мысалы, тамыр-түйнек жемістілермен қоса салып, құрама сүрлем дайындауға болады.
Сүрлем салу үшін жерді қазып, кабырғалары мен едені тапталған немесе
тіпті бетондалған ор (траншея) дайындайды. Оған жүгеріні дәні сүттеніп- балауызданып піскен кезде, ал басқа көк азықтарды шырындалып, бойына қоректік заттарды жинаған кезеңінде, бірақ қатая бастағаннан бұрын орып, турап, нығыздап салады да әбден таптайды. Шырын сӛлі ағып кетпес үшін 100
киллограмына 15-20 кг сабан мен топан араластырып салса да болады. Сүрлем
салуға дайындалған орды 1-3 тәулікте, өсірсе қабырға тұсын мұқият нығыздап, қабат-қабатымен тапталған көкпен толтырады да үстін полиэтилен үлбірімен жан-жағын қымтай жауып, қалындығы 25-30 см етіп топырақпен көмеді. Полиэтилен үлбірі болмаған жағдайда сүрлем үстін ылғалдандырылған сабанмен 30-35 см жауып, оның үстін 5-10 см балшықпен сылап барып, 20-25 см топырақпен көмеді. Орға салынған өсімдік жасушалары бірден өлмейтіндіктен, олар өсімдік арасында қалған оттегін өз тыныстануына пайдаланады да, оттегін тауысқан соң өздері де өледі. Өсімдік шабылған кезінен бастап торша тыныстануы тоқтағанша тотығу реакцияларынан қоректік заттар ыдырайтын бұл кезеңді "аштық алмасу" кезеңі деп атайды. Ол неғұрлым қысқа болса, сүрлемге салынған азықтың қоректік заттары толығырақ сақталады. Кезең аяқталғанда оттегінсіз, яғни анаэробтық жағдайда, оттегілік ортада дамитын шіріткіш аэробтар дамуы тежеледі де, сүрлемге салынған азық шірімейді. Олардың орнына түрлі анаэробтық, қоректенуіне қант жеткілікті болған жағдайда алдымен сүт қышқылды бактериялар дамиды. Олардың дамуының барысында сүт қышқылы жиналып, ортаны қышқылдандырады. Соның нәтижесінде сүрлемге жаңа шабылып, салынған кӛктің бейтарап (рН=7) реакциясы біртіндеп, сүт қышқылының жиналу мӛлшеріне сәйкес қышқылданып, сүрлем "піскен", яғни сүрлемделуі аяқталған мерзімде (1-1,5 айда) рН көрсеткіші 4-4,2-ге жетеді. Мұндай қышқылды ортада барлық дерлік микробиологиялық үрдіс, өзгерушіліктер мүлдем тежеліп, сүрлемге салынған дақыл ұзақ уақыт бұзылмай сақталады.
Сүрлемге салынған шикізатта келесі биохимиялық өзгерістер өтсді:
1-ші кезең – сүрлемге салынатын көкті шапқаннан, салынатын ор не мұнара толғанға дейін өтетін аэробтық үдеріс; сүрлемдеу технологиясы сақталған жағдайда 3-5 тәуліктен аспауға тиіс;
2-ші кезең – сүрлемді жапқаннан кейін орын алатын аэробтық -анаэробтық өзгерістер; өсімдік түріне, микрофлорасына байланысты бірнеше сағаттан 7-8 тәулікке дейін созылады;
3-ші кезең – аиаэробтық жағдайдағы сүрлем қышқылдығының рН = 3,7-
4,2 ге дейін төмендеуі; созылу мерзімі сүрлем ылғалдылығы мен қантының мөлшеріне байланысты;
4-ші кезең – сүрлемді ашып, малға жегізуге алгандағы қыртысына ауа енгендегі аэробтық жағдайда өтетін өзгерістер [6].
Сүрлемдегі биохимиялық өзгерістер біртіндеп осы кезеңдік сатылармен өтеді. Өсімдік шабылып, орға салынғаннан кейін ондағы фототүзу тоқталып, біртіндеп анаболикалық реакциялары тежеліп, катаболикалық реакциялары өрістейді де, қоректік заттар түзілуі тоқтатылып, керісінше, олардың ыдырауымен сипатталатын "аштық алмасу" кезені басталады. Бұл кезеңде азықтың өз ферменттерінің әсерінен жүретін катаболикалық ыдырауға, өлген не әлсіреген өсімдік қоректік затымен қоректене бастаған микроорганизмдер
ферменттерінің әсері қосылады. Мұны дер кезінде тоқтатпаса, азық қоректік
заттары тотығып, Н2О, СО2, NH3 түріндегі аяққы қосындытарына дейін ыдырайды да, қоршаған ортасын қыздыратын энергия (жылу) шығарады.
Шабылып, сүрлемге салынған өсімдікте тек ішкі тыныстану өтеді. Оттегінің қатысуымен өтетін тыныстану өзгерістерінен ажырату үшін ондай оттегісіз өтетін ішкі өзгерістерді ашыту (брожение) деп атайды. Сүрлемге салынған өсімдік жасұшасыгың тыныстануынан бөлінген энергияның бір бөлігін микроорганизмдер пайдаланса, басым бӛлігі жылу түрінде босатылып сүрлем массасын қыздырады. Жәнеде шикізат мұқият тапталып, мықтап қымталмаған жағдайда өрістейтін аэробтық тотығуда анаэробтық тотығудан көрі энергия бірнеше есе көп бөлінеді. Бұл екі үдерісте де көміртегінің қос тотығы шығарылатындықтан, сүрлем қоректік заттарының ыдырауын оттегінің жұмсалуынан көрі көмірқышқыл газының шығарылуымен есептеген ыңғайлы. Осы көрсеткіш бойынша сүрлемдеуде қолданған түрлі қосындының тиімділігін бағалауға болады. Сүрлемге салынған шикізатта аэробтық тыныстану оттегі таусылғанша жүреді. Соның барысында өсімдіктің күрделі қоректік заттары өсімдіктік өзінің және микроорганизмдердің гидролитикалық ферменттерінің әсерінен гидролизденіп, қарапайым қосындыларға (ақуыз – аминқышқылдарына, май – май қышқылдары мен глицеринге, көмірсулар – моноқанттарға) ыдырайды. Осы ыдыраушылықта пайда болған қосындылардың біразы өзгеріссіз сақталып, біразы сол қалпында микроорганизмдер протоплазмасының құрылысына пайдаланылады, ал біразы микрооргапизмдер ферменттерінің әсерінен жаңа, бұрын өсімдікте болмаған заттарға айналдырылады. Осындай дайындық өзгерістерден өткен метаболиттер, яғни алмасу өнімдері, келесі аяққы кезеңде Кребс айналымы бойынша Н2О мен СО2-ге дейін толық тотығып, басындағы байлаулы энергиясын босатады. Сүрлемдеудің биохимиялық негізі болып табылатын сүтқышқылды ашытуды қамтамасыз ету үшін сүрлемге салынған дақылда қант қоры мол болуы шарт. Қант қоры неғұрлым мол болған жағдайда, қорегі жеткілікті сүтқышқылды бактериялар жақсы дамуынен жедел отетін сүтқышқылды ашытуда сүрлем массасында сүт қышқылы қажетті шоғырлану дәрежесіне дейін (рН = 4~4,2) жылдам жиналып, сүрлем сапасы жоғары болады. Сүрлемдеу үдерісін осы тұрғыдан бағалауды ұсынған академик А.А.Зубрилин осы қышқылдықты қамтамасыз етуге қажетті қанттың ең аз мөлшерін азықтың қанттық минимум" деп атаған. Оның пайыздық мөлшерін
(С, %) дақыл үлгісінің салмағын (М, г), оның реакциясын рН = 4,2 деңгейіне дейін қышқылдандыруға жұмсалған 0,1 нормалдық сүт қышқылы ерітіндісінің
көлемі (Т, мл) мен 1 мл-гі сүт қышқылына (К) кӛбейту арқылы анықтайды:
С = К х Т х 100 : М
Бірақ сүрлемдеудің бастапқы, жоғарыда айтылғандай, "жаппай ашытқылану" кезеңінде, барлық микроорганизімдер дами бастап, содан кейін орта қышқылдығы өсе келе, сүтқышқылды ашыту басым өрістеген мен, біршама көлемде басқа ашыту түрлері мен сору күші зор көгерткіштер (плесени) дамуы сақталатынды. Соның салдарынан шикізат қантының тек 60%-дайы ғана сүт қышқылды ашытуға, ал қалғаны сірке қышқылды, пропион қышқылды, ал сүрлем салу технологиясы жөнді сақталмаған жағдайда, сүрлемді сапасыздандыратын майлықышқылды ашытуларға, жұмсалады. Осыны және де ашытқылау барысында біршама қанттың спиртке айналадығын ескере отырып, жоғарыда келтірілген жолмен есптелінген сүт қышқылының минимумдық кӛлемін (С, %) 1,7 коэффициентіне (100 : 60 = 1,7)
көбейтеді.
Құрамындағы нақтылы қант мөлшері мен сүрлемделуіне қажетті қанттық
минимумы бойынша дақылдарды үш топқа бөледі:
а) наққылы қант мөлшері қажетті қанттық минимумнан көп жеңіл сүрлемделетін дақылдар;
б) нақтылы қант мӛлшері қажетті қанттық минимумна шамалас қиын
сүрлемделетін дақылдар;
в) нақтылы қант мөлшері қажетті қанттық минимумнан аз сүрлемделмейтін
азықтар.
Жеңіл сүрлемделетін дақылдарға собық дәні сүттеніп-балауызданып піскен жүгері, жетілген күнбағыс, тамыртүйнек жемістілер; қиын сүрлемделетін дақылдарға барлық бұршақ тұқымдастар көгі жатса, сүрлемделмейтін азықтарға сабан, қамыс жатады.
Жоғары сапалы сүрлем дайындау үшін сүрлемдеу технологиясы мен мерзімін қатаң сақтау қажет. Алдымен сүрлемге салынатын азықтың түрін, сортын белгілейді. Оларды дер кезінде шауып, ылғалдылығы 60-65% өсімдіктерді 2-3 см, ылғалдылығы 70-75% ӛсімдіктерді 4-5 см, ылғалдылығы 75-80% өсімдікгерді 8-10 см көлемінде майдалап турап, алдын ала жан-жағы тегістеліп, нығайтылған ордың бүкіл ені мен ұзындығын, біртіндеп табанынан
бастап, шынжыр табанды ауыр тракторлар мен нығыздап, таптап жинайды. Осылай, сүрлемге салынған шикізаттың, күнделікті биіктігі 1 метрден кем болмауға тиіс. Олай болмаған жағдайда, ауа оттегімен тотыққан азық жылуы
жоғарылап, қоректік заттары ыдырап, шығындалады. Салыну мерзімі созылған сүрлемнін сапасы төмендеп, дәмділігі нашарлайды. Оған жол бермеу үшін орды 3-5 тәулікте толығымен толтырып, үстін ауа өтпейтіндей етіп мұқият жабу қажет [7].
Орға толтырылып, үсті қымталып жабылған сүрлемдік массадағы оттегінін көлемін азайту үшін, оны мұқият таптайды. Оның тапталу нығыздығы салынатын көктін туралу мөлшеріне (ұзындығына) байланысты болады – шикізат неғұрлым қысқа туралса, соғұрлым нығыз тапталады. Бірақ тым қысқа туралған ылғалды көктің сөлі таптағанда кӛп сығылып, онымен қоса протеин мен басқа да сүтқышқылды бактериялардың әсерін әлсірететін заттар бөлініп, қажетті микробиологиялық үрдіске кедергі туғызуы мүмкін болғандықтан, оның алдын алу үшін сөлі мол шырынды балаусаны құрғақ азықпен, айталық, сабан мен араластыра сүрлемге салып, сүрлем шикізатының сөлі мен нәрі жақсы сақталатым 70% шамасындағы ылғалдылығын қамтамасыз етеді. Ылғалды жас балаусадан салынған сүрлемнін қоректілігі төмен болуымен қатар, орта реакциясы да тым қышқыл болатындықтан, иісі мен дәмі де жұғымсызданып, оны мал жақсы жемейді. Мұндай сүрлем сапасын жақсарту үшін сүрлемде сүтқышқылды ашытуды рістететін және де клетчатка қорытылуын жоғарылататын, арнайы ашытқылар мен глюковамарин, пектавамарин, нектофеотидин, амилоризин, эмилосубтилин, цитороземин секілді ферменттік препараттар мен қоса "Қазақсүрлем" шығаратын түрлі бактериялық препараттарды пайдалануға болады. Малға жегізерде қатты қышқылданған сүрлемнің қышқылдығын азайтады. Сүрлемге салынған дақыл сӛлін толығырақ сақтау үшін онымен сабанды қабаттап салуға да болады. Онда жүгері не күнбағыстың 15-20 см шамасында тапталған қабатының үстіне 7-10 см сабан қабатын таптап салады немесе сүрлем салынатын ор табанына алдын ала 1,5-2 м сабан тӛселсе, қалған сабанды қабаттамай-ақ, турап сүрлемдік дақылмен араластырып салуға да болады. Салынған массаға ор қабырғаларынан ауа кірмес үшін сабан қабатын оған 50 см-дей жеткізбейді және үстіңгі 50-70 см қабатына сабан салмайды.
Дәнге жиналған жүгерінің ылғалдылығы 45-55%, ал қанты 2-2,5% шамасындағы сабағынан да сапалы сүрлем дайындауға болады. Ол үшін оны
жеткілікті ылғалдандырып, қантқа бай тамыржемістілер және олардың пәлегі,
азықтық асқабақ, қарбыз, жем және сірне, т.б. азықтармен араластырып салады. 55% ылғалдылыктағы жүгері сабағының 1 тоннасына 0,5 т су, 0,7 т шырынды азық, 50% ылғалдылықтағысына 0,7 т су, 1,2 т шырынды азық, 45%
ылғалдылықтағысына 0,8 т су, 1,5 т шырынды азық қосады. Салынатын сүрлемнің әр 1 т шаққанда 1-2 кг ас тұзы, 1,5-2 кг глаубер тұзы, 3-4 кг карбамид, 2-3 кг диаммонийфосфат ерітілген судың жалпы 100% көлемінің сүрлемнің астыңғы қабаттарына 80% деңгейінде, ортаңғы қабаттарына - 80% деңгейінде, ал жоғары қабаттарына - 130% деңгейінде жұмсайды. Сүрлемге салынған массаның үстін топырақпен көмуге болады. Бірақ, бұл сүрлемнің үстіңгі қабатын біршама топырақ пен ластандырумен қатар, дайын сүрлемнің аршып алынуын да қиындатады. Сондықтан сүрлемге салынған массаны туралып, ылғалдандырылып, тығыз тапталған сабанмен қалыңдығын - 10-15 см етіп жапқан жөн. Бұл мақсатта ең дұрысы -сүрлемге салынған массаны, ауа кіруінен мұқият сақтайтын полиэтилендік жарғақты қолдану болып табылады Оның кейіннен жиналуы да жеңіл және бірнеше рет қайталап қолдануға болады.
Сүрлем қоректілігін жоғарылату үшін құрама сүрлем (комбинированный
силос) дайындайды. Оны келесі азықтардан, жалпы массасына есептегенде,
мынадай қатынаста араластырып дайындауға болады:
1) қант қызылшасы - 60%, жапырағымен жұлынған сәбіз - 14%, жүгері
собығы - 8%, жоңышқа ұны - 10%, бұршақ тұқымдастар дәні - 8%;112
2) асқабақ 60%, қызыл сәбіз - 14%, жүгері собығы - 8%, шӛп ұны - 10%,
дән қалдықтары - 8%;
3) асқабақ 45%, қызылша - 15%, сәбіз - 10%, жүгері собығы - 20%, шӛп
ұны - 10%.
Осылай құрастырылып салынған құрама сүрлемнің 1 кг- да, орташа, 0,22-
0,25 азық өлшемі, 20-22 г қорытылатын протеин, 20-30 мг каротин болады.
Жасұнығы 40-50 г-нан аспайтындықтан оны тӛл, шошқа мен кұс азығына жұмсайды. Қатты ашып, қышқылданған сүрлемді мал азығына кӛп пайдаланғанда малдың тәбеті төмендеп, месқарындағы микробиологиялық үрдіс тежеліп, ас қорыту ферментапиясы бұзылуынан мал гипогликемия, ацидоз, кетоз секілді зат алмасуының бұзылушылығына шалдығады. Сүрлем қышқылдығын кеміту үшін малдын сілекейі кұрамдас натрий бикарбонатынын ұнтағы немесе ерітіндісімен, жасанды сілекей қосындысы мен өңдеуге, ал сүрлемді бірден азотпен байыту үшін аммиак суын қолдануға болады. Тіпті қатты қышқылданған сүрлемде азықтық ашытқы өсіреді.
Сүрлеммен қатар шырынды азықтарға қант пен азықтық қызылша, азықтық сәбіз, картоп, асқабақ, т.б. жатады. Олардың ылғалдылығы өте жоғары (70% картоптікінен басқаларынікі - 80-90%) болғандықтан, 1 кг жалпы
қоректілігі 0,12-0,16 а.ө. аспайды (қант қызылшасынікі - 0,24 а.ө., картоптікі -
0,3 а.ө.). Құрғақ заты негізінен қанттардан (картоптікі - крахмалдан) тұратындықтан, мал тәбетін ашып, қант-протеиндік қатынасын жақсарту арқылы азық қорытылуын арттырып, сиыр сүттілігін молайтатын жеңіл қорытылатын азықтар болып табылады. Сонымен қатар сәбіз бен асқабақта
малды А витаминімен қамтамасыз ететін пигмент каротин мол жиналады - 150-200 мгкг [8].
3.2 Сүрленген азықтың химиялық құрамы және қоректілік бағалылығы
Сапалы сүрлем алудың негізгі шарты - сүрленетін өнімде тиісті мөлшерде қант пн ылғалдың болуы. Сүрленетін өнімнің ылғалдылық шегі 65-75 пайыз, қанттылығы 0.9-1.0 пайыз мөлшерінде болғаны жөн.
Сүрлемнің қоректілігі сүрленетін дақылдың табиғи күйіндегісінен кем болмайды. Сүрленген кезде протеин мөлшері өзгермейді, аздап қана көміртегі кемиді. Дұрыс сүрленген, малға беруге жарайтын сапалы сүрлем өр уақытта өзінің бұрынғы құрылымы мен түр-түсін сақтайды. Онда 1.8-2 пайыз органикалық қышқыл, сірке және сүт қышқылы болады. Ал майлы кышқыл мүлдем жойылады.
Сүрлемнің қышқылдығы көбейіп кетсе, оның азықтық қасиеті төмендейді. Оны малға бергенде малдың зат алмасуы бұзылады. Мүның алдын алу үшін және малдың ағзасына түсетін кышқылды азайту мақсатымен сүрлем тұщыландырады. Сонда оның құндылығы да артады. Бүл үшін ұнтақ немесе көмір қышқыл содасының ерітіндісі қосылады немесе одан ашытқылық азық өндіріледі, ал мұның соңғысы өзінің өсуіне сүт қышқылын пайдаланады.
Шаруашылықтар өз тәжірибесінде сөрлемді тұщылау кальцийленген сода, сорғыған көмір қышқылды натр неме каустикалық сода қолданылып жүр. Өндеуге 1.5-2 пайызді сода ерітіндісі қолданылады, ол 1 т ерітіндіге 250-300 л есебінде, сүрлемнің барлық қабатына бүркіледі. Бұдан соң азықты араластырып, 1 сағат қалдырады, одан соң малға бере бастайды. Сүрлем - қоректік сапасы жоғары және малдың сњ тілігін арттыратын азық. Оны мал жақсы жейді, сонымен қатар сњрлем басқа азықтардың тез, әрі жақсы қорытылуына мүмкіндік береді.
Сүрленген азық мал организміне қолайлы әсер етеді әсіресе қыста, шырынды азықтар тапшы кезде сүрлем малда алынатын өнімді едәуір арттырады. Сүрлемнің сіңімділігі де пішенге қарағанда анағұрлым басым және ол көк шөппен тең түседі.
Сүрлем әр түрлі витаминдерге, әсіресе, қаротинге бай. Мәселен, 1 кг сапалы жүгері сүрлемінде 20-30 мг, ал жүгері мен бұршақ тұқымдас шөптерден даярланған сүрлемде 40-45 мг-дай каротин бар.
Сүрлем дегеніміз - микробиологиялық және химиялы факторларды пайдалана отырып, жемшљпті маңызды биоло гиялық қосылыстармен байыту және сақтау. Сүрлеу өте күрделі биологиялық процесс. Оған табиғатта кездесетін микроорганизмдердің алуан түрлі топтары қатысады.
Сүрлем көлемді шырынды азыққа жатады, жоғары ылғалдылығы бар биологиялық өзгерісін реттеп отырудың нәтижесінде көк балаусадан алынады. Өсімдіктің көк балаусалары: жүгері, күнбағыс, дәнді шөптер, картоптың, тамыржемістілердің пәлектерін (ботва) сүрлеу тәсілін сүрлем деп атаймыз. Биологиялық дайындалған сүрлем органикалық қышқылдардың 15-25 мгкг каротинді, В,К,С,Д витаминдерді сонымен қатар кальцийді, фосфорды, аз (микроэлементтерді) ұстайды. Сүрленген азықтың химиялық құрамы сүрленетін азықтарда әр түрлі болады. Мысалы, сүрлем жүгеріден әзірленетін болса, онда оның құрамында 70-75% су, 2.5% протеин, 1,1% май, 12.4% ЮВ, 7.8% клетчатка, 2.7% күл болады. 1 кг сүрлем 0.21 азық өлшемі болады [9].
3.3 Сүрлемнің қоректілігіне әсер ететін факторлар.
Сапалы сүрлем алу үшін оған мынадай факторлар әсер етеді:
Жеткілікті, бірақ артық мљлшердегі қанттың болмауы;
сүрленетін азықтардың аралық ылғалдылығын төмендету мүмкіншілігі;
арнайы қабылдап дайындау;
технологиялык талаптарды орындау,
сүрленетін балаусалардың құрамы;
сүрленетін балаусалардың ылғалдылығы;
7) технологиялық жағдайлар.
Жеңіл жылдам еритін углеводтарға, қанттарға бай өсімдіктер жақсы сүрленеді, бұдан ашу кезінде сүт қышқылы құралады.
Жеңіл сүрленетін өсімдіктерге қанттың мөлшері, қант минимумынан жоғары болатын өсімдіктер жатады. Мысалы: 1) жүгері; 2) күнбағыс; 3) тамыржемістілер; 4) түйнекжемістілер; 5) ақ жүгері, қонақ жүгері (сорго); 6) бақша дақылдарының жемістері; 7) капустаның жапырағы т.б.
Бұл аталған өсімдіктердің бәрін жеке сүрлеуге және жақсы сүрлем әзірлеуге болады. Бұларда қант көп, әрі қанттың 60-70%-ы ашыту процесіне қосылғанда сүрленеді. Ал жүгері секілді жеңіл сүрленетін өсімдік 85% және одан да жоғары ылғалдылықта сүрлене береді [10].
3.4 Сүрлемнің сапасына ГОСТ-тың талабы
Сүрлемнің сапасы, қоректілігі малдың қалдық қалдырмай жеуі мен иісі, түсі, дәмі мен ылғалдылығы, топтарына байланысты. ГОСТ-тың талабына, сонымен қатар жоғары сапалы сүрлемнің дайындалуы, сақталуы, сапасын арттыру үшін химиялық консерванттар, қышқылдық препараттар қолданылады.
Жүгеріден дайындалған сүрлемнің сапасының сақталуы мына ретте болады.
1-кесте
Тәжірибе
вариаттар
Құрғақ затының
cақталуы
%
PH
сүрлемі
Сүрлемдегі % мөлшерінің болуы
Сүрлемнің құрғақ затындағы қанттың мөлшері
Сүт қышқылы
Сірке қышқылы
амиак
Сүрлем-
консервантсыз
84,4
3,75
1,05
0,59
0,051
1,1
Сүрлем препарат ВИК
93,4
3,91
0,75
0,47
0,021
4,4
Сүрлем препарат ВИК
93,6
3,70
0,97
0,64
0,021
5,3
Сүрлем сапасының биохимиялық сипаттамасы
Тәжірибе вариан
ты
Құрғақ зат
РН
Қышқылдық мөлшері
Құрғақ заттың 1 кг каротин
(мг)
23638-79 ГОСТ та сәйкес класс сапасы
Сүт қышқылы
Сірке қышқылы
Май қышқылы
Бірінші
21,52
3,80
2,41
0,94
-
58
І кл
Екінші
20,36
3,90
1,53
1,62
-
44
ІІ кл
Үшінші
20,38
4,10
0,94
1,08
0,20
36
ІІІ кл
төртінші
10,17
4,3
0,61
1,15
0,32
14
Класқа жатпайды
Класының сапасына қарай 1 кг сүрлемнің қоректілігі орта есеппен:
Кластар
Азық өлшемі
Сіңірімді белоктық зат
І кл
0,19
0,15
ІІ кл
0,15
11,8
ІІІ кл
0,10
7,9
Класқа жатпайтындар
0,07
5,5
Сонда ГОСТ-тың қоятын талабы: сутегінің көрсеткіші, РН, қышқылдардың қатынасы, қоректік заттардың мөлшері, құрамы иісі, түсі, температурасы, ылғалдылығы, кластары. Жүгеріні сүрлемге салудың ең жақсы мерзімі дәннің сүттеніп қамырлану фазасы [11].
ГОСТ-тың 23638-79 талабына сәйкес жақсы сүрлемнің: жағымды иісі, сүйкімді қышқылдық дәмі, көк жасыл түсі, ылғалдылығы болуы қажет.
Сүрлем қышқылдық көрсеткіштерінің сипаттамасы.
Сүрлемнің түсі
Қышқылдық көрсеткіші
балл
Қызыл
4,2 және оданда төмен
5
Қызыл күлгін
4,2-4,6
4
Күлгін
4,6-5,1
3
Сары
5,1-6,1
2
Сары жасыл
6,1-6,4
1
Хош иісті жеміс қышқылдығы нашар, нанның иісіндей болса – 4 балл
Хош иісі нашар, сірке, қиярдың иісіндей болса – 3 балл
Егер сүрлем өте жақсы болса, 11-12 балл
Егер сүрлем тек жақсы болса, 9-10 балл
Егер сүрлемнің сапасы орташа болса, 7-8 балл
Егер сүрлем нашар болса, 4-6 балл т.б
3.5 Сүрленген азықтар, әр түрлі малдар үшін азықтандырудың мөлшері және әзірлеудің тәсілі.
Басқа дақылдарға қарағанда жүгері - сүрлеу технологиясы талаптарына сай келетін дақыл. Қант минимумы теориясына сүйене отырып анықтағанда жүгері біршама тәуір сүрленетін дақыл және ол үшін 1-1,5 пайыздай қант қажет. Ал сүрлемге салар мерзімде жүгеріде қант 4 пайызға. жетеді.
Республикамыздың көптеген шаруашылықтары, соның ішінде оңтүстік облыстарда сүрлемге арнап жүгеріні пісіп- жетілудің ерте кезеңінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz