Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 ОРМАН ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Баға және табиғат ресурстарын экономикалық.географиялық тұрғыдан бағалау теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.2 Қазіргі экономикалық және әлеуметтік географияда табиғат ресустарын пайдаланудағы төлемдер мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2 ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУ МЕН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
2.1. Орман ресурстарын экономикалық.геграфиялық тұрғыдан бағалаудың әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
2.2 Орман ресурстарын пайдалану төлемдерін топтастыру және жүйелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3 Қазақстандағы орман ресурстарының жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
3. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОРМАН РЕСУРСТАРЫНА СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
3.1 Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын экономикалық.географиялық тұрғыдан бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 45
3.2 Риддер орман шаруашылығы өндірісі кәсіпорнына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
67

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Егемен ел болғалы 17 жыл ішінде Қазақстан саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық өзгерістерді жалғастыруда. Қоғамның өркениетті дамуына орай еліміздің дүниежүзілік қауымдастықта өз салмағының арта түсіп, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына жан-жақты жағдайлар ьуғызуда. Нарық жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты табиғат қорын пайдаланудың тегін түрінен төлемді жүйеге өтуі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін қалыптасқан табиғатты тегін пайдалану теориясы табиғат қорын тиімді пайдалануды және қоршаған ортаны ластанудан сақтандыра алмады. Бұл, әсіресе қоры жағынан да, алып жатқан аумағы жағынан да аз орман ресурстары үшін ең қолайсыз кезең болды. Планетамыздың өкпесі саналатын бұл ресурсты экономикалық-географиялық тұрғыдан дұрыс бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыру бүгінгі ең өзекті мәселе.
Қазақстан территориясының 4 пайызға жетер-жетпес қана бөлігін алып жатқан орман ресурстарын қорғап, сақтап қалу және оны жетілдіру, территориямыздың 69 %-ын шөл және шөлейтті аймақтар алып келе жатқан шақта бұл мәселенің өзектілігін одан сайын арттырады. Осы жайды ескере отырып, бұл жұмыста түбегейлі экономикалық реформа жүргізуге арналған құжаттарды басшылыққа ала отырып, оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясын, табиғи ресурстардың негізгі түрлерін пайдалану бойынша жасалған кодекстерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау Заңына сәйкес табиғатты төлемді пайдалану принциптерін енгізу арқылы іске асыру мүмкіншілігі қарастырылады.
Қазіргі кездегі байқалған орман ресурстарын пайдаланудағы ысырапсыздыққа жол бермеудің негізгі бағыттары осы ресурстарға алдымен мониторингтік тұрғыдан зерттеу жүргізіп толық есеп-қисапқа алу және ең бастысы экономикалық тұрғыдан дұрыс бағалап, оларды пайдаланғаны үшін төлемді жүйені қалыптастыру. Осы жағдай дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға ықпал жасады.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Ғылыми жұмыстарды, арнайы әдебиеттерді, мерзімдік басылымдарды, әдістемелік құралдарды және басқа да жинақ, еңбектерді талдау нәтижесі табиғи ресурстарды пайдалану мәселелерін зерттеу саласында елеулі, әрі маңызды ғылыми жұмыстардың бар екендігін көрсетті.
Аталған салада, яғни табиғат ресурстарын тиімді пайдалану саласында, теориялық және әдістемелік мәселелерді шешуде көп еңбек сіңірген, теориялық негізін қалаған Л.В. Канторович, Н.С. Федоренко, Н.Н. Баранский, Э.Б. Алаев, Н.Н. Колосовский, Ю.Г. Саушкин, А.А. Минц т.б. еңбектерін ерекше атауға болады. Бірақ, сол кездегі (экономиканщ басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесінің үстемділігі кезінде), социалистік шаруашылық жағдайында, табиғи ресурстарды тегін пайдалану туралы пікірдің басым негізінде, олар ашық түрде табиғатты төлемді пайдаланудың теориясын қалыптастыра алмады. Сөйтсе де, аталған ғалымдардың ойларының қисыны қалай болғанда да табиғатты тиімді пайдалану үшін төлемнің қажет екендігіне әкеп саяды.
Жоспарлы экономика кезінде табиғат пайдалануда төлемдік жүйені қолданудың мүмкіндігі мен тиімділігі жайында КСРО ғалымдарының біраз еңбектерінде айтылды. Олардың арасында әкімшілік-әміршілдік жүйенің билік алып тұрған кезінде біршама ашық айтқан. В.К. Шкатовтың, З.Қ. Қарғажановтың бұл мәселені тереңнен жан-жақты қозғағанын айрықша атап өткен жөн. Халық шаруашылығын түбегейлі экономикалық реформалау кезеңінде осы бағытта К.Г. Гофман, С.Н. Бобылев, М.К. Клубничкин, Н.Н. Лукьянчиков т.б., Қазақстаннан С.Б. Байзақов, З.Қ. Қарғажанов, Е.М. Үпішев, Қ.М. Баймырзаев, Э.А. Түркебаев, Р.Қ. Ниязбекова, Р.С. Коренов, М.С. Тонкопий, С. Мұхаұлы, Е.Ә. Келемсейіт, Б.А. Исабеков, Н.А. Коваль, А. Молдахметов, В.А. Манзюк, В.Р. Колесников, М.Б. Кенжегузин, Ж.Х. Давильбекова, С.Р. Ердавлетов, К.К. Қажымұрат, Т.С. Сатқадиева және т.б., ал шет елдік ғалымдардан Д. Хоскольд, Д. Пирс, Т. Титенберг, К. Тернер, Г. Хоттелингтер біршама үлкен зерттеулер жүргізді.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және орналастыру тұрғысынан У.Б. Баймұратовтың еңбектерін атауға болады. экономикалық тұрғыдан бағалау, оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыру табиғатты тиімді пайдаланудың басты, негізгі элементтері ретінде экономикалық географияның жаңа бағыты болмақ. Бұл жаңа бағыттың пайда болуы экономикалық және әлеуметтік географияны бұрынғыдан да гөрі экономикалық ғылымдармен әлдеқайда етене, жақынырақ байланыстырады.
Қазіргі уақытқа дейін табиғат ресурстарының ішінде орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесін қалыптастыру жағынан ең аз зерттелген және практикалық шешімін таппаған мәселеге жатады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыруды зерттеу.
Қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесі міндеттер қойылды:
- табиғат ресурстарын, оның ішінде орман ресурстарын, экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау туралы теориялық ұғымдарды анықтап, нақтылау;
- Қазақстан Республикасындағы орман ресурстарының бүгінгі жағдайын талдау;
- орман ресурстарын бағалаудың әдістерін ұсыну;
- баға және бағалау ұғымдарына талдау және түсініктеме беру;
- табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін салық пен төлемнің айырмашылығы;
- Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау;
- Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесін қалыптастыру.
Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы орман ресурстары (Шығыс Қазақстан облысы мысалында) алынған.
Зерттеу тақырыбы. Қазақстандағы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және оны пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесін қалыптастыруды зерттеу – дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы болып табылады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс– кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында 36 қолданылған әдебиеттер тізімі берілді. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін диплом 15 кестемен жабдықталған. Жұмыстың көлемі 68 бет.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
1. Минц А.А. Экономическая оценка естественных ресурсов. – М.: Мысль, 1972. - С.64-76.
2. Васильев П.В. Экономическая оценка лесных ресурсов // Сб.: Оценка природных ресурсов. – М.: Мысль, 1968. - С. 122-128.
3. Баймырзаев Қ.М., Ғабдолла О.Ж. Баға және табиғат ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың өзара байланысы мен айырмашылығы // ҚазҰУ хабаршысы. География сериясы. – Алматы, 2002. - № 2, - 118-124 бб.
4. Григорьев В. Оценка предприятия: теория и практика. – М.: ИНФРА-М. 1997. - 318 с.
5. Ильев Л.И., Гордиенко Р.Н. Экономическая оценка лесов многоцелевого назначения. – М.: ЦБНТИлесхоз, 1980. - Вып. I. - С. 49-52.
6. О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс). – Алматы: Юрист, 2004. - 288 с.
7. Каргажанов З.К., Баймырзаев К.М., Калиаскарова З.К. Платежи за пользование природными ресурсами. – Алматы, 1997. - С. 28-32.
8. Нестеров П.М., Нестеров А.П. Экономика природопользования и рынок: Учебник для вузов. – М.: Закон и право, ЮНИТИ, 1997. - 413 с.
9. Голуб А.А., Струкова Е.Б. Экономика природопользования. – М.: АспектПресс, 1995. - 188 с.
10. Васильев П.В. Экономика использования и воспроизводства лесных ресурсов. – М.: АН СССР, 1963. - 484 с.
12. Лесной кодекс Республики Казахстан. – Алматы: Юрист, - 2003. -72 с.
13. Қарғажанов З.Қ., Баймырзаев Қ.М., Ғабдолла О.Ж. Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері және салықтары. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. - 135 б.
14. Жорабекова Ж.Т. Орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау мәселелері // ҚарМУ хабаршысы. Биология, география, медицина сериясы. Қарағанды, 2005. - № 2, - 39-41 бб.
15. Каргажанов З.К., Тлеубергенов М.А. и др. Теория и методика установления платы за использование минеральных ресурсов. – Алматы, 1991. -156 с.
16. Шкатов В.К. Рентные платежи в системе цен и рационализация природопользования // Тез. докл. Экономическая оценка и рациональное использование природных ресурсов: – М., 1973. - С.16-19.
17. Анучин Н.П. Сортиментные и товарные таблицы. – М.: Гослесбумиздат, 1963.
18. Ильев Л.И. Основы лесного кадастра. – М.: Лесная промышленность, 1969. - 128 с.
19. Байзаков С.Б. Экономическая оценка лесных ресурсов. – Алма-Ата: Кайнар, 1981. - 151 с.
20. Упушев Е.М. Экономика природопользования и охрана окружающей среды. – Алматы: Экономика, 1999. - 334 с.
21. Тонкопий М.С. Экономика природопользования. – Алматы: Экономика, 1998. - 475 с.
22. Мұқаұлы С., Үпiшев Е. Табиғат пайдалану экономикасы. – Алматы: “Экономика”, 1999. - 268 б.
23. Родионова И.А., Бунакова Т.М. Экономическая география, – М.: 2003.
24. Починкова С.В. Цена на лес в условиях рынка. – М.: Лесная промышленность, 1992. - С. 43-49.
25. Каргажанов З.К., Баймырзаев К.М. Экономический механизм природопользования. – Алматы: Ғылым, 2000. - 276 с.
26. Байзаков С.Б. Зависимость выхода хвойной массы от полноты насаждений // Научно-производственная конференция по вопросам лесного хозяйства в Казахстане: Тезисы докладов. – Алма-Ата, 1967.
27. Упушев Е.М. Экология, природопользование, экономика. – Алматы: НИЦ Ғылым, 2002. - 396 с.
28. Лазарев А.С. Лесные таксы. – М.: Лесное хозяйство, 1992. - С. 21-36.
29. Закон Республики Казахстан “Об охране окружающей среды” // Экокурьер, - 1997. - 20 августа - 16 сентября.
30. Ильев Л.И. Об оценке полезных функций леса // Лесное хозяйство. – М., 1981. - № 8. - С. 15-16.
31. Олдак П.Г. Сохранение окружающей среды и развитие экономических исследований. – Новосибирск: Наука, 1980. - 159 с.
32. Струмилин С.Г. О цене “даровых благ” природы // Вопросы экономики, 1967. - № 8. - С. 16-23.
33. Қаженбаев С., Махмудов С. Табиғат қорғау. – Алматы: Ана тiлi, 1992. -112 б.
34. Демина Т.А. Экология, природопользование, охрана окружающей среды. – М.: Аспект пресс, 1995. - 143 c.
35. Мамбетқазиев Е., Сыбанбаев Қ. Табиғат қорғау. – Алматы: Қайнар, 1990. - 387 с.
36. Васильев П.В. Лес и древесина в будущем. – М.: Лесная промышленность, 1973. - 159 с.

Мазмұны
кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1 орман орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан 6
бағалаудың теориялық және әдістемелік
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық 6
тұрғыдан бағалау
теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .
1.2 Қазіргі экономикалық және әлеуметтік географияда табиғат 11
ресустарын пайдаланудағы төлемдер
мәселесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2 орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау мен 18
тиімді пайдалану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
2.1. Орман ресурстарын экономикалық-геграфиялық тұрғыдан бағалаудың18
әдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Орман ресурстарын пайдалану төлемдерін топтастыру және 22
жүйелеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
2.3 Қазақстандағы орман ресурстарының жағдайы 29
... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОРМАН РЕСУРСТАРЫНА 45
СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
3.1 Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын 45
экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Риддер орман шаруашылығы өндірісі кәсіпорнына 58
сипаттама ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .

қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .6 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 67
пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Егемен ел болғалы 17 жыл ішінде Қазақстан
саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық өзгерістерді жалғастыруда.
Қоғамның өркениетті дамуына орай еліміздің дүниежүзілік қауымдастықта өз
салмағының арта түсіп, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына жан-жақты
жағдайлар ьуғызуда. Нарық жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының
жаңа бағыты табиғат қорын пайдаланудың тегін түрінен төлемді жүйеге өтуі
болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін қалыптасқан табиғатты тегін
пайдалану теориясы табиғат қорын тиімді пайдалануды және қоршаған ортаны
ластанудан сақтандыра алмады. Бұл, әсіресе қоры жағынан да, алып жатқан
аумағы жағынан да аз орман ресурстары үшін ең қолайсыз кезең болды.
Планетамыздың өкпесі саналатын бұл ресурсты экономикалық-географиялық
тұрғыдан дұрыс бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені
қалыптастыру бүгінгі ең өзекті мәселе.
Қазақстан территориясының 4 пайызға жетер-жетпес қана бөлігін алып
жатқан орман ресурстарын қорғап, сақтап қалу және оны жетілдіру,
территориямыздың 69 %-ын шөл және шөлейтті аймақтар алып келе жатқан шақта
бұл мәселенің өзектілігін одан сайын арттырады. Осы жайды ескере отырып,
бұл жұмыста түбегейлі экономикалық реформа жүргізуге арналған құжаттарды
басшылыққа ала отырып, оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясын,
табиғи ресурстардың негізгі түрлерін пайдалану бойынша жасалған
кодекстерді, қоршаған табиғи ортаны қорғау Заңына сәйкес табиғатты төлемді
пайдалану принциптерін енгізу арқылы іске асыру мүмкіншілігі қарастырылады.
Қазіргі кездегі байқалған орман ресурстарын пайдаланудағы ысырапсыздыққа
жол бермеудің негізгі бағыттары осы ресурстарға алдымен мониторингтік
тұрғыдан зерттеу жүргізіп толық есеп-қисапқа алу және ең бастысы
экономикалық тұрғыдан дұрыс бағалап, оларды пайдаланғаны үшін төлемді
жүйені қалыптастыру. Осы жағдай дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға ықпал
жасады.
Жұмыстың зерттелу дәрежесі. Ғылыми жұмыстарды, арнайы әдебиеттерді,
мерзімдік басылымдарды, әдістемелік құралдарды және басқа да жинақ,
еңбектерді талдау нәтижесі табиғи ресурстарды пайдалану мәселелерін зерттеу
саласында елеулі, әрі маңызды ғылыми жұмыстардың бар екендігін көрсетті.
Аталған салада, яғни табиғат ресурстарын тиімді пайдалану саласында,
теориялық және әдістемелік мәселелерді шешуде көп еңбек сіңірген, теориялық
негізін қалаған Л.В. Канторович, Н.С. Федоренко, Н.Н. Баранский, Э.Б.
Алаев, Н.Н. Колосовский, Ю.Г. Саушкин, А.А. Минц т.б. еңбектерін ерекше
атауға болады. Бірақ, сол кездегі (экономиканщ басқарудың әкімшілдік-
әміршілдік жүйесінің үстемділігі кезінде), социалистік шаруашылық
жағдайында, табиғи ресурстарды тегін пайдалану туралы пікірдің басым
негізінде, олар ашық түрде табиғатты төлемді пайдаланудың теориясын
қалыптастыра алмады. Сөйтсе де, аталған ғалымдардың ойларының қисыны қалай
болғанда да табиғатты тиімді пайдалану үшін төлемнің қажет екендігіне әкеп
саяды.
Жоспарлы экономика кезінде табиғат пайдалануда төлемдік жүйені
қолданудың мүмкіндігі мен тиімділігі жайында КСРО ғалымдарының біраз
еңбектерінде айтылды. Олардың арасында әкімшілік-әміршілдік жүйенің билік
алып тұрған кезінде біршама ашық айтқан. В.К. Шкатовтың, З.Қ. Қарғажановтың
бұл мәселені тереңнен жан-жақты қозғағанын айрықша атап өткен жөн. Халық
шаруашылығын түбегейлі экономикалық реформалау кезеңінде осы бағытта К.Г.
Гофман, С.Н. Бобылев, М.К. Клубничкин, Н.Н. Лукьянчиков т.б., Қазақстаннан
С.Б. Байзақов, З.Қ. Қарғажанов, Е.М. Үпішев, Қ.М. Баймырзаев, Э.А.
Түркебаев, Р.Қ. Ниязбекова, Р.С. Коренов, М.С. Тонкопий, С. Мұхаұлы, Е.Ә.
Келемсейіт, Б.А. Исабеков, Н.А. Коваль, А. Молдахметов, В.А. Манзюк, В.Р.
Колесников, М.Б. Кенжегузин, Ж.Х. Давильбекова, С.Р. Ердавлетов, К.К.
Қажымұрат, Т.С. Сатқадиева және т.б., ал шет елдік ғалымдардан Д. Хоскольд,
Д. Пирс, Т. Титенберг, К. Тернер, Г. Хоттелингтер біршама үлкен зерттеулер
жүргізді.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және орналастыру тұрғысынан У.Б.
Баймұратовтың еңбектерін атауға болады. экономикалық тұрғыдан бағалау,
оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыру табиғатты тиімді
пайдаланудың басты, негізгі элементтері ретінде экономикалық географияның
жаңа бағыты болмақ. Бұл жаңа бағыттың пайда болуы экономикалық және
әлеуметтік географияны бұрынғыдан да гөрі экономикалық ғылымдармен
әлдеқайда етене, жақынырақ байланыстырады.
Қазіргі уақытқа дейін табиғат ресурстарының ішінде орман ресурстарын
экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау және оларды пайдаланғаны үшін
төлемдер жүйесін қалыптастыру жағынан ең аз зерттелген және практикалық
шешімін таппаған мәселеге жатады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты –
Қазақстандағы орман ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау
және оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыруды зерттеу.
Қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесі міндеттер қойылды:
- табиғат ресурстарын, оның ішінде орман ресурстарын, экономикалық-
географиялық тұрғыдан бағалау туралы теориялық ұғымдарды анықтап, нақтылау;
- Қазақстан Республикасындағы орман ресурстарының бүгінгі жағдайын
талдау;
- орман ресурстарын бағалаудың әдістерін ұсыну;
- баға және бағалау ұғымдарына талдау және түсініктеме беру;
- табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін салық пен төлемнің айырмашылығы;
- Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын экономикалық-географиялық
тұрғыдан бағалау;
- Шығыс Қазақстан облысы орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер
жүйесін қалыптастыру.
Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасындағы орман
ресурстары (Шығыс Қазақстан облысы мысалында) алынған.
Зерттеу тақырыбы. Қазақстандағы орман ресурстарын экономикалық-
географиялық тұрғыдан бағалау және оны пайдаланғаны үшін төлемдер жүйесін
қалыптастыруды зерттеу – дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы болып
табылады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс– кіріспеден, 3 бөлімнен,
қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында 36 қолданылған әдебиеттер тізімі
берілді. Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін диплом 15 кестемен
жабдықталған. Жұмыстың көлемі 68 бет.
1 орман РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ Әдістемелік негіздері
1.1 Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан
бағалау теориялары
Жалпы өнімге және табиғат ресурстарына, оның ішінде табиғат байлығын
өндіруші салалардың өніміне баға белгілеу мәселесі экономикалық ғылым мен
шаруашылық тәжірибенің негізгі мәселесі болып табылады. Бұл мәселе бірнеше
ғасырлар бойы талқыланып келеді және оның қазіргі уақытта шектік пайдалылық
пен құнның еңбек теориясына дейін көптеген ғылыми тұжырымдамалары бар.
Капиталистік шаруашылықтағы нарық экономикасын зерттеу нәтижесінде жасалған
К. Маркстің еңбек құны теориясының негізгі ережелері нарық экономикасы
дамыған елдердегі ғалымдардың зерттеулерінде дәлелденген және бағаны реттеу
іс жүзінде тұрақтандыру кезінде сол елдерде қарастырылған. Осы теорияға
сәйкес қандай да бір тауарды өндіруге жұмсалған қажетті еңбек шығыны оның
бағасының негізі болып табылады. Төлемге қабілетті сұранысты
қанағаттандырғанда және салыстырмалы түрде экономикалық дамудың тұрақтылығы
жағдайында өндіруге кететін шығынның қажетті деңгейі жеке өнімнің орташа
шығын мөлшерімен анықталады. Қарастырылатын өнім түріне және өнімнің басқа
түрлеріне деген сұраныс (ұсыныс) өндіріс арқылы қамтамасыз етілгенде олар
экономикалық тепе-теңдік жағдайын білдіреді. Сұраныс ұсыныстан асып кеткен
жағдайда, бағалар қажетті шығындардан өсу жағына қарай ауытқиды, ал
сұраныстан ұсыныс асқан жағдайда олар төмендеу жағына қарай ауытқиды.
Сөйтіп, ұзақ уақыт ішінде бекітілген өнім түрінің бағасы оны ұдайы өндіруге
кететін қажетті шығынға байланысты және сонымен анықталады, яғни, бағаның
негізінде еңбек шығыны есептеледі, ал сұраныс пен ұсыныстың ара салмағы
салыстырмалы түрде қысқа мерзімде тауардың күнделікті бағасының шамасын
реттейді және бағаны тауар құнынан не жоғары, не төмен қарай ауытқытатын
фактор болып табылады.
Табиғат пайдаланушы салалардың өніміне қалыптасатын бағаға К. Маркстің
еңбек құны теориясын қолдану, аталған өнімге, оның ішінде табиғат
ресурстарының өзіне баға, сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, жеке өнімнің
ұдайы өндіруге кететін қажетті шығынының орташа деңгейі негізінде, басқа да
өнім түрлеріне белгіленетін сияқты белгіленеді. Осыдан келіп, баға табиғат
ресурстарына, оларды игеруге кететін шығынның деңгейінде қойылды. Бұл
өнімнің алуан түрінің, олардың құны (айырбастау құны) бойынша тұтыну құнын
айырбастау баламалылығы мен жалпы баға қалыптасу мәселесін шешуде үлкен рөл
атқарды [1].
Жоспарлы шаруашылық жағдайында, академик С.Г. Струмилиннің анықтамасы
бойынша, табиғи ресурстардың бағасы оларды игеруге және өндіріске
дайындауға жұмсалған шығын мөлшерімен анықталады. Табиғат ресурстарын
ашуға, өндіріске дайындауға және қалпына келтіруге адам еңбегі жұмсалған
жағдайда, олардың тұтыну құны болуы мүмкін, сондықтан олар экономикалық
тұрғыдан бағаланады. Осыған байланысты табиғат ресурстарының бағасын оларды
экономикалық бағалаудан ажырата білу керек.
Нарық шаруашылығы жағдайында табиғи ресурстардың бағасы ретінде оларды
пайдаланудан түсетін тиім алынады, өйткені сатылатын және сатып алынатын
ресурстардың өзі емес, дифференциалдық жер рентасы, яғни К. Маркс
көрсеткендей капиталистік шаруашылық жағдайында монополизацияланатын
табиғат ресурстары алып-сату нысаны бола отырып, құнның “иррационалдық”
түріне ие болады және “...бұл жердің сатып алу бағасы пайыздық ставкаға
сәйкес есептелінген – сол жер беретін жер рентасы”.
Нарық шаруашылығы жағдайында уақыт факторын ескере отырып анықталатын
жер рентасы жерді және жалпы табиғат ресурстарын экономикалық тұрғыдан
бағалаудың мазмұнын құрайды [2].
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі біртекті сұранысты
қанағаттандыратын және біркелкі сапалы өнімге қойылған бағаның бірдей
болуын, яғни бағалардың шамасы бірдей болуын талап етеді. Осыған байланысты
халық шаруашылығының табиғат пайдалану салаларындағы ірі масштабта
қолданылған және қолданылып келе жатқан қос және көбінесе келісімдік
(есепті) баға жүйесін жою қажеттілігі туындайды. Қазіргі уақытта мұндай
баға жүйелерінің қолданылуы түрлі табиғат рестурстарын пайдаланушы
кәсіпорындардың тиімділігін бағалау кезінде туындайды, “табиғи еңбек
өнімділігінің” әсерін бейтараптандырумен байланысты. Бірақта, аталған баға
жүйелері қазіргі уақытта өздеріне жүктелген міндетті толығымен әлі де
орындамайды, олар көбіне кәсіпорын жұмыстарының кемшілігін бүркемелейтін
құралға айналған. Нарықтық қатынастар жағдайында, кез-келген шаруашылық
басқару аппаратының, әрбір кәсіпорын, цех, бригада, жұмыскер т.б.
шаруашылық жүргізуіне бірдей экономикалық жағдай жасау, яғни әділетті түрде
бәсекеге түсу жағдайын жасау басты міндет болып табылады. Нарық жағдайында
өнеркәсіп салаларының жекелеген өндірісі мен ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының тең экономикалық жағдайда жұмыс істеуі үшін осы
кәсіпорындардың шикізат базасын экономикалық бағалауға негізделген рента
мөлшері шешуі тиіс.
Табиғи еңбек өнімділігін көрсетуші бірден-бір құрал – нақты өлшеуші
дифференциалдық жер рентасы, жер рентасы өз кезегінде табиғат ресурстарының
белгілі бір түрін пайдаланғанда туындайтын және оның тек табиғи және
экономикалық ерекшелігінен қалыптасатын мөлшерін көрсетеді. Табиғат
ресурстарын (ақшалай) экономикалық бағалаудың мағынасы оларды өндірісте
пайдаланғанда алынуға тиісті дифференциалдық жер рентасын және оның
түрлерін анықтау [3].
Рента әртүрлі жолмен алынады. Мысалы, тау-кен-металлургиялық өнеркәсіп
өнімдерін сату кезінде тау-кен рентасы түрінде, зиян шеккен кәсіпорындарға
мемлекеттік жәрдем, қаржы немесе рента әкелетін кәсіпорындардан көтерме
ставкалармен бюджетке аударма түрінде өнімге аймақтық сараланған есепті
баға түрінде алынды. Мұндай әдістер рентаның бүркемелеген түріне, яғни
рента алудың жанама әдісіне жатады және жоспарлы экономика кезінде халық
шаруашылығында болған ренталық қатынастарды бүркемелеу қызметін атқарды.
Бұл еңбек ұжымдарының таза күш-жігерімен қалыптасқан өндіріс тиімділігін
өлшеуді және табиғи ресурстарды пайдалану кезінде туындайтын “еңбектің
табиғи өнімділігін” көрсететін, дифференциалдық жер рентасын тура есептеуді
қиындататын. Сондықтан, біздің ойымызша ренталық қатынастардың жасырын
деформацияланған түрінен шынайы түріне өту қажет және рентаны тура ренталық
төлемдер түрінде алу керек [4].
Табиғи ресурстарды экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау сол ресурс
түрлерінің саны мен сапасындағы ерекшеліктері, жекелеген ресурстардың
игерілуі мен өндірілуі, зерттелу кезеңдеріндегі ерекшеліктерінің әрқилылығы
экономикалық-географиялық бағалау түрінің көп болуын туғызды және тура
бағалаудың әрбір түрі халық шаруашылығының белгілі бір мәселесін шешу үшін
пайдаланылды.
Табиғат ресурстарын бағалауда, бүгінгі күні түбегейлі зерттелген,
минералдық-шикізат ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау мысалында
экономикалық бағалау түрлерін қысқаша қарастырайық. Мысалы, жекелеген кен
көздерін (пайдалы қазба-кен орындарын) жалпы экономикалық бағалау мен
белгілі бір аймақтың минералдық шикізат ресурстарын бағалау ажыратылады.
Сонымен қатар олар игерілу кезеңдеріне байланысты: геологиялық-
экономикалық, жоспарлау-жобалау қарсаңындағы, жоспарлық-жобалық, өндірістік
болып бөлінеді.
Кен орнын геологиялық-экономикалық бағалаудың негізгі міндеті –
барлаудың бір кезеңінен екіншісіне өту тиімділігін дәлелдеу (іздеуден алдын-
ала барлауға, алдын-ала барлаудан нақты барлауға, нақты барлаудан –
өнеркәсіптік игеруге). Геологиялық-экономикалық бағалаудың нәтижелері
бойынша геологиялық-барлау жұмыстарының болашақ жоспары жасалады, кенді
бірінші болып ашқандарға берілетін сыйлықтың мөлшері белгіленеді, минералды
шикізаттың баланстық қор мөлшері анықталып, оның алуан түрлерімен елдің,
аймақтың, ауданның тау-кен өндіріс салалары қаншалықты қамтамасыз
етілетіндігі қарастырылады [5].
Кен орнын жоспар-жоба алдындағы бағалау аймақтың минералдық-шикізат
ресурстарын пайдаланудың болжамдық схемасын жасау үшін жүргізіледі. Сонымен
бірге жоба алдындағы бағалау бағаланатын жеке кен орнын игерудің жобасын
жасаудың тиімділігі жайындағы мәселені шешеді, ал жоспар алды бағалаудың
түпкі мақсаты, өндіргіш күштердің орналасуы мен даму схемасын, аумақтық
өндірістік және тау-кен өнеркәсіптік кешендерді жоспарлаудың, жалпы
өндірістің аумақтық орналасу мәселесін шешу болып табылады.
Жоспарлық-жобалық бағалау белгілі бір аумақтың өндіргіш күштерін және
жекелеген кәсіпорындардың орналасуы мен дамуын жоспарлау және жобалау
мәселесін шешу үшін жүзеге асырылады.
Кенді өндіру кезінде оны экономикалық-географиялық бағалаудың нәтижелері
өндірісте тікелей басшылық жүргізуде, пайдалы қазбаларды өндіргенде және
өңдеп, құрамындағы компоненттерді бөліп алған кездегі кеннің жоғалуы мен
құнарсыздануының нақты мөлшерін негіздеуде, сонымен қатар, тау-кен
жұмыстарын жүргізудің жылдық жоспарын жасау үшін қолданылады.
Өндірістегі кен орнын бағалау кезінде, оның бағалау нәтижелерін
өндірісті тікелей басқару үшін пайдаланғанда және рента мәселелерін
шешкенде тау-кен рентасының мөлшері қолданылады. Оны есептеу үшін бірыңғай
шеткі баға (шеткі шығын) қарастырылып отырған кен орнынан өндірілген
өнімнің сату бағасы қолданылады. Сонымен тау-кен өндірісі салалары
кәсіпорындарының күнделікті шаруашылық есеп көрсеткіштері мен бағалау
көрсеткіштерінің өлшемдестігі және салыстырмалылығы қамтамасыз етіледі.
Осыған орай бағалаудың халықшаруашылықтық, жеке шаруашылықтық есепті
түрлерін нақты ажыратуға болады. Шаруашылықтық есеп тұрғысынан бағалау тек
өндіріліп жатқан кен орындарына қатысты жүргізіледі және оның нәтижелері
халықшаруашылықтық тұрғыдан бағалаудың нәтижелерінен ерекшеленеді.
Кен орнын экономикалық тұрғыдан бағалау көрсеткіштерінің саны, олардың
мөлшері, әдісі мен анықтаудың дәлдігі бағалаудың мақсатына, міндетіне,
минералдық ресурстың түріне, кен орнының зерттелу, игерілу және өндірілу
кезеңдеріне байланысты. Кен орнының зерттелу, игерілу және өндірілу
деңгейіне, өсуіне қарай бағалау әдістері де күрделене түседі, оның
ескерілетін көрсеткіштерінің саны, бағалаудың дәлділігі арта түседі.
Нақтылығы мен дәлдігінің әртүрлілігі бағалаудың мақсатына байланысты
болады, ал оның неғұрлым дәлділігі минералдық-шикізат ресурстарына төлемнің
ғылыми негізделген нормативтерін белгілеу үшін қажет. Айта кету керек,
экономикалық бағалау әрқашанда салыстырмалы түрде, ал баға белгілеу кезінде
өнімдердің әрбір түрі ескеріледі.
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау шамасы оларды шаруашылықта
пайдаланған кезде алынатын тиіммен, дәлірек айтқанда, жоғарыда
көрсетілгендей дифференциалдық жер рентасының және оның тау-кен, су, орман
сияқты түрлерінің шамасымен өлшенеді. Минералдық-шикізат ресурстарын
экономикалық бағалау табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемнің шамасын
анықтаудың негізі болады [6].
Табиғат ресурстарының бағасы оларды ашу, игеру және өндіруге
дайындағанда қаншаға түсетінін көрсететін болса, экономикалық бағалау халық
шаруашылығының біртекті өнімге сұранысын қанағаттандыру үшін бағаланатын
ресурстан өндірілген өнім сол өнімді осы ресурстың сапасы төмендігінен
өндіргендегіден қаншалықты еңбекті үнемдейтіндігін көрсетеді. Табиғат
ресурстарының бағасы оларды қалпына келтіру, жаңғырту, қорғау төлемдерінің
негізі болатын болса, табиғат пайдаланушы салалар өнімдерінің пайдасы
оларды экономикалық бағалаудың алғашқы көрсеткіші болады.
Баға арқылы әртүрлі өзара бір-бірінің орнын алмастыра алмайтын өнім
түрлері салыстырылады, ал экономикалық бағалау бойынша қоғам сұранысын
қанағаттандыру үшін “бір-бірімен бәсекелес”, негізінен біртектес, бір-бірін
өзара алмастыра алатын ресурстарды пайдалану тиімділігі салыстырылады.
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерін анықтау үшін экономикалық
бағалау нәтижелерін қолдану бағалаудың іс жүзінде қолдану ауқымын елеулі
түрде кеңейтеді, енді ол шаруашылық-есеп қатынастарында, оларды
шаруашылықта пайдалануды экономикалық реттеу жүйесінде қарастырылады.
Табиғат ресурстарының бағасы өндірістің экономикалық нәтижелеріне, табиғат
ресурстарын тиімді пайдалануға белсенді әсер етеді.
Қазақстан Республикасының жағдайында табиғат ресурстарын төлемді
пайдалану оларды тиімді пайдаланудың тетігі болуы тиіс және әртүрлі табиғи,
экономикалық сипаттағы біртекті табиғат ресурстарының жекелеген көзде葀ін
өндіруде жекелеген кәсіпорындардыУ шаруашылық-есеп жағдайын теңестірудің
басты экономикалық құралы болады. Олар табиғат ресурстарын пайдаланғанда
алғашқы қалпыЭа келтірілуін, жаңғыртылуын және қоршаған ортаның Қорғалуын
ғамтамасыз етеді. Табиғат ресурстарына төлемдердің нақты жүйесін енгізбей
табиғат игеруші кәсіпорындардың нарықтық қатынастарға, түбегейлі шаруашылық
есепке көшуі мүмкін емес [7].
Табиғат ресурстары үшін төлемдер, оның ішінде пайдалану құқығы үшін,
ренталық төлемдерді, бұрынғы Кеңестер Одағында түгел дерлік табиғат
ресурстарын пайдалану меншік құқын пайдаланудың экономикалық көрінісі деп
түсінді. Мәселен, қазіргі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және
минералды шикізатты ұқсату туралы Кодексіне сәйкес Жер қойнауын пайдалану
төлемдері минералдық-шикізат ресурстарын толық, тиімді пайдалануды, жер
қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды экономикалық тұрғыда ынталандыру
мақсатында, өндіруші және өңдеуші күштер үшін шаруашылық-есеп жағдайын
ретке келтіруге, пайдалы қазбалар кен орындары мен техногенді құрылымдар
орналасқан аймақтарды және республикамыздың әлеуметтік-экономикалық
мәселелерін шешу мақсатында негізделді. Сөйтіп, табиғат ресурстары үшін
төлемдердің салықтардан ерекшелігі табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға
ықпал ететін экономикалық шаруашылық-есептік тетіктер мен ынталандырушы
жүйе ретінде қарастырылғандығында.
Салық дегеніміз жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасынан мемлекетке,
мемлекеттік аппаратты, оның ішінде әскери, ғылым мен мәдениетті, сонымен
бірге елдің еңбекке жарамсыз бөлігін қаржыландыруға алынатын қаражат
екендігі белгілі. Сондықтан, салықтың табиғат ресурстарының бағасына,
олардың экономикалық бағалануына, пайдалану төлемдеріне еш қатысы жоқ.
Бірақта, қазіргі уақытта тарихи қалыптасқан және іс-жүзінде қолданылатын
табиғат ресурстарына, әсіресе жер ресурстарына “салық” ұғымы бар. Мысалы,
Қазақстан Республикасында “Жер салығы туралы” Заң қабылданған және салық
жер ресурстарын тиімді пайдаланудың тетігі, экономикалық ынталандырушысы
деп айтылады. Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы жағдайында табиғат
ресурстарын немесе оларды пайдаланғаны үшін төленетін “салық” терминінің
қолданылуы, оның орнына табиғат ресурстарын пайдалану үшін төлем ұғымы
тұрғанда немесе енгізілгенде жол берілмейтін ескірген көзқарас, өзінің
шынайы қызметінің мағынасын өзіне тән сөзбен ашып көрсете алмайтын термин
болып табылады. “Салық” ұғымының әуел бастан-ақ қандайда болмасын
өндірістік, яғни табиғат ресурстарының кез келген түрін тиімді пайдалануды
ынталандырумен ешқандай байланысы жоқ. Сондықтан бұл ұғымға өзінің
атқаратын қызметіне тән емес нәрсені телудің қажеті жоқ. “Салық” ұғымының
мағынасын “табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем” ұғымымен
шатастыруға болмайды. Осыдан келіп табиғат ресурстарын қандай да болмасын
түрін пайдалануға қатысты “салық” терминінен бас тартып, “жерді
пайдаланғаны үшін” немесе “табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем”
деген сияқты терминді пайдаланған дұрыс [8].
1.2 Қазіргі экономикалық және әлеуметтік географиядағы табиғат
ресурстарын пайдалануда төлемдер мәселесі
Баршамызға белгілі, бізді қоршаған табиғи орта, жер қыртысы (жер шарының
қабығы) жекелеген құрылымдық элементтерден – табиғат кешендерінен құралады.
Бұл табиғи кешендер геоморфологиялық, геологиялық, физикалық, биологиялық,
географиялық және басқа да жаратылыстану ғылымы өкілдерінің жүргізген
зерттеулері негізінде анықталады. Мұндай зерттеулердің нәтижесінде табиғи
кешендер, бүкіл елдің аумағы физикалық-географиялық ерекшеліктерімен
қалыптасады. Табиғат кешендері генетикалық біртұтастығымен, салыстырмалы
біртектілігімен сипатталады.
Табиғи кешендердің жеке элементтері немесе олардың жиынтығы оларды
шаруашылыққа пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан алғанда бірдей болмайды, яғни
өзінің экономикалық маңызы бойынша әрбір сәтке сәйкес және уақыт ағымына
орай ерекшеленеді. Өндіргіш күштердің даму деңгейі мен зерттеулеріне сәйкес
материалдық әрекетке тікелей қатысу формасына қарай, адамның, адамзат
қоғамының қажеттілігін өтеу мүмкіндігіне байланысты табиғат кешендерінің
элементтері табиғи ресурс деп есептеледі. Мысалы, қазба байлықтарға –
минералды ресурстарға жер қойнауының тек қоғамның белгілі бір қажеттілігін
қанағаттандыру үшін ғана игерілетін бөлігі жатады. Мысалы бос тау жынысы
өндіріс технологиясы мен техникасының жетілген шағында, оған қоғамдық
қажеттілік пайда болған кезде ғана ресурсқа айналуы мүмкін. Құрамында орта
есеппен 1,5 %-дан аз мыс кені өткен ғасырда өнеркәсіптік құндылығы жоқ, бос
тау жынысы деп саналды, ал сондай қорғасын-мырыш кені өткен ғасырдың
басында бос тау жынысы деп есептелді. Құрамында фосфоры бар, темір кені
олардан болат пен шойын алу технологиясын ойлап тапқанша өндірісте
пайдалануға жарамсыз деп есептелді. Белгілі бір уақытқа дейін Чили
силитрасы, Хибин аппатиті мен нефелині, Қаратау фосфориті пайдаланылмай
келді. Өнеркәсіптің атом, ракеталық, космостық, теледидарлық сияқты жаңа
салаларының пайда болуы мен дамуына байланысты уран, берилий, цирконий,
титан, ниобий, цезий, рубидий, германий, стронций алу үшін минералды
шикізаттың жаңа түрлері игерілді [9].
Академик А.Е. Ферсманның айтуы бойынша “...табиғатта пайдалы және
пайдасыз, керекті және керексіз минералдар жоқ – адам өзінің жасампаз
еңбегімен табиғатты өзіне бағындырады және оны елдің өндіріс күшіне
айналдырады”. Сонымен, табиғат ресурсы деп өндіргіш күштердің дамуы мен
зерттелу деңгейіне сәйкес адамзат қоғамының қажеттілігін қамтамасыз ету
үшін пайдаланылатын табиғи денелерді немесе табиғи күштерді айтамыз [1].
Еңбек күшін жұмсау нәтижесінде қоғамның белгілі бір қажеттілігін қамтамасыз
ету үшін табиғи ортадан алынған табиғат ресурстары қоғамның материалдық
құндылығын құрайды. Олар табиғи зерзаттар емес, рұтыну өнімдері, еңбек
құрал-жабдықтары.
Табиғат ресурстарының рөлі мен мәні қоғам өмірінде уақыт өткен сайын
өзгеріп отырады. Өндірістің техЭикасы мен технжлогиясының жетілдірілуіне
қарай адамзаттың табиғатқа тәуелділігі кемиді, бірақ табиғи ресурстарды
барған сайын көп мөлшерде пайдаланады. Жоғарыда келтірілген анықтамаларға
сәйкес табиғат ресурстары біріншіден, табиғи денелер немесе табиғи күштер,
яғни табиғи ортаның, табиғи кешеннің бір бөлігі, екіншіден – табиғат
ресурсы ретінде табиғи денелерді немесе күштерді мойындау қоғамның өндіргіш
күші мен табиғаттың меңгерілгендігі белгілі бір деңгейде қалыптасады,
үшіншіден, оларды пайдалану материалдық іс әрекетке тікелей қатыстыру
формасында қоғамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандырады. Сонымен,
“табиғат ресурсы” түсінігінің өзі өндіргіш күштердің даму деңгейімен,
қоғамның қажеттілігіне қанағаттануымен және экономикалық тұрғыдан тиімді
пайдалануымен байланысты, сөйтіп, “табиғат ресурсы” түсінігінің өзі
экономикадан, қажеттіліктен тыс болмайды [10].
Табиғи ресурстардың адам өміріндегі рөлі жайында (негізінен философтар
мен экономистер) ұзақ уақыт бойы сөз таластырды. Идеалистер, мысалы,
адамзат қоғамының дамуы үшін материалдық жағдайдың маңыздылығын теріске
шығарып отырды, ал “географиялық бағыттың” өкілдері адамзат қоғамының
дамуында табиғи факторлардың шешуші рөл атқаратындығын баса жазып отырды.
Материализм ілімінің классиктері, табиғи ресурстар да еңбек сияқты зат
түріндегі байлыққа негіз болатындығын, бірақ олар еңбекпен өңделгенде ғана
тұтыну құндылығына ие бола алатынын көрсетті. Бұл жағдайда табиғат
ресурстары белсенді элемент емес еңбек заты болады. Марксистер қоғамның
дамуында шешуші рөлді қоғамдық өндіріс, әсіресе, өндіріс тәсілі атқарады
деп ойлады.
Қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың, қоғамның жекелеген топтарын бір-
біріне қарсы қоюдан гөрі олардың диалектикалық бірлігі жайындағы ұғым
қалыптаса бастады. Қоғамның экономикалық даму деңгейі ғылыми-техникалық
жетістіктегі жаңа бағыттарды қолдану арқылы елдің табиғи ресурстарын тиімді
пайдалану дәрежесімен анықталады.
Табиғи ресурстардың қоғамдық өндіріске тигізетін әсерін қазіргі заманғы
ғылым үш жақты қарастырады. Біріншіден, табиғи ресурстар адамды қоршаған
табиғи орта ретінде, адамзат қоғамының өмір суруі үшін қажетті, өмірлік
кеңістігі, өндірістің табиғи базисы болып табылады. Екіншіден, барлық
өндірістің мағынасы, сайып келгенде, қоғамның белгілі бір қажеттілігін
қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды адам қажетіне пайдалануға
жарайтындай етіп өнімге айналдыру болып табылады. Жоғарғы қарқынмен дамып
келе жатқан қазіргі заманғы өндіріс, табиғи ресурстардың алуан түрлерін
игеруде барынша кең түрде пайдалануды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда,
табиғат ресурстарының (дәлірек айтқанда, өндірістің шикізатпен қамтамасыз
етілуінің) халық шаруашылығын дамытудағы қоғамдық өндірістің тиімділігін
арттыруда маңызы зор. Мысалы, қазіргі заманғы радиоэлектроника,
термоядролық өнеркәсіп, авиажасау, электрэнергетикасы, ракета жасау,
космостық техника түсті металлургияның, сирек металды өнеркәсіптің өнімін
кең көлемде тұтынады. Бұл мағынада табиғат ресурстары негізгі өндіріс
“кірпіші” – материалдық өндірістің субстраты болады. Үшіншіден, бәрімізге
белгілі, табиғат ресурстарын пайдалану жағдайы, сапасы, қоғамдық
өндірістің, еңбектің өнімділік деңгейін анықтайды. Сол себепті К.Маркс ауыл
шаруашылығында, тау-кен өнеркәсібінде де мәселе тек қоғамдық өнімділікте
ғана емес, сонымен бірге табиғат жағдайына тәуелді болатын еңбектің табиғи
өнімділігіне де байланысты болады деп жазды. Табиғат ресурстары – табиғат
күштері – еңбектің өнімділігін арттырады, қоғамдық өнімнің өсуін қамтамасыз
етеді [11].
Табиғат пен еңбек – қоғамның материалдық игілігін құрушы алғашқы екі
фактор. Сондықтан адам және адамзат қоғамы, жоғарыда айтқанымыздай,
табиғатқа оны өндіріс пен өмір ортасы ретінде өндірістің, еңбектің нысаны
ретінде әсер етеді және сонымен қатар оны аталған әсерлердің зиянды
зардаптарынан қорғай отырып ықпал етеді. Аталған үш түрлі әсерлердің
жиынтығы, жалпы сөзбен “табиғатты пайдалануды” білдіреді.
Жоғарыда атап өткендей, табиғат ресурстарын, әсіресе, жер, су, орман
ресурстарын қазіргі күнгі масштабпен пайдалану табиғаттың тепе-теңдік күшін
бұзуы мүмкін және соған орай осы тепе-теңдікті сақтау үшін едәуір шығынды
қажет етеді. Сондықтан табиғат ресурстарының өндіріске тиімділігін – оның
оң жақтарын ғана емес, сонымен бірге келеңсіз жақтарын да ескеру арқылы
анықтауы керек. Қазіргі кезде табиғи ресурстардың алуан түрлерін
пайдаланудың тиімділігін анықтағанда табиғи ортаны қорғауға қажет шығынның
мөлшерін ескеру өте қажет. Сөйте тұра, табиғи ресурстардың өзі айналадағы
қоршаған ортаның құрамы ретінде адам өмірі мен өндірістің жағдайын
жақсартатын немесе нашарлататын фактор ретінде қарастырылуы керек. Бұл
жағынан алғанда табиғи ортаны қорғау мәселесі өздігінен табиғат ресурстарын
тиімді пайдалану мәселесіне айналды. Табиғат қорғау тұрғысынан алғанда,
табиғи ортаны сол қалпында сақтау лазым, ал өндірістің даму ауқымына сәйкес
адамның табиғи ортаға жан-жақты әсері артады. Қазіргі кезде шаруашылық
әрекеттің табиғи ортамен санасуы тек жеке микро деңгейде ғана емес сонымен
бірге әртүрлі масштабта табиғи-экологиялық жүйенің сақтауын талап етеді.
Қоғамның мүддесі табиғат пайдалануда экологиялық сыйымдылықты ескеруді
талап етеді. Экологиялық және табиғат заңдарының үйлесімділігі арқасында
табиғи өндіргіш күштердің дамуы қамтамасыз етілетін экологиялық тепе-
теңдік сақталуы қажет [12].
Табиғи ортаны тиімді пайдалану үшін әртүрлі ғылым жетістіктерін ескеру
керек. Биосферадағы биогеоценоздың жеке бөлігіндегі, сол сияқы жиынтық
түріндегі ландшафттағы антропогендік факторлардың өзгерісінен болатын
биологиялық, экономикалық және әлеуметтік зардаптардың салыстырмалы бағасы,
табиғи ортаның жағдайы жайында дәл мәліметтер керек. Жекелеген табиғи
кешендер бойынша да, сол сияқты бүкіл “адам және табиғат жүйесі” жан-жақты
байланысты модель құрмай тұрып табиғи ортаны тиімді пайдалану мәселелерін
дұрыс шешу мүмкін емес. Өндіріс пен табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің
кеңейе түсуіне орай қазіргі кезде табиғи-техникалық геосистеманың дамуын
талдау мен болжау бірінші кезектегі мәселеге айналады.
Табиғи ресурстарды пайдаланудың өндіріске, адам өміріне әсерін ғылымның
әртүрлі салалары, әсіресе, жаратылыстану ғылымдары зерттейді. Ол сан
қырлы, сондықтан ғылымдағы салыстырмалы түрде алғанда жаңа бағыттағы бұл
сала экономикалық география ғылымының үлесі болып табылады. Материалдық
өндірістің субстраты ретінде табиғат ресурстары көбінесе жаратылыстану және
техникалық ғылымдардың өкілдерімен қарастырылады. Табиғат пайдаланудың
еңбектің қоғамдық өнімділігі мен өндірістің тиімділігіне әсерін ең әуелі
экономика ғылымының өкілдері қарастырады [11].
Табиғи ресурстарды ұлттық байлыққа жатқызуға бола ма деген сұрақ ұзақ
жылдар бойы талқыланып келеді. Экономикамыздың нарықтық қатынастарға
көшуіне байланысты іс жүзінде бұл мәселе олардың еліміздің ұлттық байлығы
болып танылуы біржақты шешілді. Бұл мәселенің анық-қанығына жүгінбей-ақ
еңбекке бағытталатын табиғат ресурстарының сапасына қоғамдық еңбек
өнімділігінің тәуелділігі анық екендігін айтсақ та жеткілікті. Қоғамның
өндірістік ресурстарының шектеулі жағдайында, ең жоғарғы халықшаруашылықтық
нәтижеге жету үшін табиғат ресурстарының сапасы қоғамдық еңбектің
өнімділігін арттырушы фактор ретінде есептеу қажеттілігінен туындайды.
Осыдан келіп елдің ұлттық байлығының құрамындағы қандай да бір түрде
болмасын табиғат ресурстарын есептеудің қажеттілігі айқын. Біздің
көзқарасымыз бойынша, бұл жағынан академик Н.П. Федоренконың айтқанында
негіз бар. Ол “Өндірістік ресурстардың негізгі түрі – табиғат байлықтарына
экономикалық баға берілмеуі және басқару механизміне тән шаруашылықты
тиімді жүргізу экономикалық жағынан ынталандырудан тыс қалып қойғанда,
қалыптасқан жағдайды жарамды деп тануға болмайды” – деп жазды. Бірақта,
біздіңше, табиғат ресурстары механикалық түрде еңбек және жинақталған
материалдық ресурсқа теңгеріле алмайтындығын және олар тұтыну құнына арнайы
бағытталған адам әрекетінің нәтижесінде ғана айналатындығын ескеру қажет.
Табиғат ресурстарының осы ерекшелігі оларды қоғамның потенциалды байлығы
деп қарауды туғызады. Осыған сәйкес отандық әдебиеттерде “табиғи өндірістік
күштер” деген ұғым кездеседі.
Қоғамның өндірістік күшіне табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың әсері
қазіргі кезде оның жекелеген түрлері бойынша қарастырылып, тиімділігі
бағаланады. Халық шаруашылығының, тіпті кез келген аймақ шаруашылығының
дамуы оның табиғи ресурс базасының жиынтығына тәуелді болып табылады.
Осыдан келіп, табиғи ресурстардың жеке түрлерін ғана емес аймақтағы табиғи
ресурстардың жиынтығын экономикалық бағалаудың қажеттілігі туындайды.
Табиғи ресурстарды экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалауға келетін
болсақ, оның мәнісі тек ресурстың бір түрі ғана емес, табиғи ресурстардың
территориялық үйлесімділігін өндірістік тұрғыдан пайдалану бойынша
қалыптасқан “еңбектің табиғи өнімділігін” анықтау мен өлшеу болып табылады.
Біздің ойымызша бұл мәселе де эконом-географтардың міндеті.
Қоғамның “табиғи өндірістік күші” мәселесі қоғамдық өндірістік күшпен
салыстырғанда экономика ғылымында әлі де терең және кең зерттелмеген.
Социализмнің саяси экономиясы еңбек ресурстары мен өндіріс тәсілін басты
факторлар санайтын, сондықтан басты назар қоғамның өндірістік күштерін
дамытуға аударылатын. Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі мен оның
экономикасының нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты табиғи өндірістік
күштерді зерттеу қазіргі кезде бірінші кезектегі мәселеге айналды.
Сонымен бірге, табиғат ресурстары табиғаттың сыйы және оған адам еңбегі
жұмсалған жоқ, сондықтан оны тегін пайдалану керек деген маркстік-лениндік
теория көп уақыт бойы теріске шығарылмай келді. Теориялық жағынан табиғатты
төлемді пайдалануға көшудің қажеттілігі мен маңыздылығы ғылыми тұрғыдан да
тәжірибе жүзінде де қалыптасып отыр. Осыдан келіп теориялық тұрғыдан,
табиғатты төлемді пайдаланудың принциптері мен жалпы теорияалық-әдістемелік
негізін жасау, қолданудың маңыздылығын ғылыми түрде дәлелдеудің қажеттілігі
туындайды. Біздіңше мұны дәлелдеу қолданылып келген саяси экономияның
шегінде мүмкін емес. Саяси экономия ғылыми пән ретінде өндірістің нәтижесін
әділетті түрде бөлу тұрғысынан адамдардың өндірістік қарым-қатынасын
зерттейді. Бұл жағынан келтірілген қағиданың әділеттілігі, біздіңше күмән
келтірмейді. Табиғи ресурстар бүкіл адамзаттың жеке елдің, халықтың
игілігі. Өндірістің нәтижесін бөлу кезінде олар табиғи өндірістік күштің
негізі ретінде бөлшектенбеуі керек, кім болса да оның ішінде мемлекеттің
еңбексіз табыс алуының көзіне айналмауы керек. Табиғи ресурстардың неғұрлым
тиімді көздерін пайдаланумен қалыптасқан еңбектің табиғи өнімділігі
қоғамдық еңбектің өнімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс. Еңбектің қоғамдық
өнімділігінің артуы басқа жағдайлармен бірдей болғанда, бағаның жалпы
деңгейінің, оның ішінде халық тұтынатын тауарлар бағасының төмендеуін
қалыптастыруы тиіс. Сөйтіп, елдің табиғи ресурстарын дәлірек айтқанда
табиғи өндіргіш күштерді пайдаланудың нәтижесі бүкіл қоғамға – өзінің
шынайы қожасына – халыққа ешбір қайта бөлусіз, иемденусіз тиесілі. “Жалған
әлеуметтік құндылықты” ескермегенде тауар бағаларының мұндай төмендеуі
экономикадағы инфляциялық құбылыстардың негізгі себептерін жояды. Бірақ,
әңгіме табиғатты төлемді пайдалану туралы болғанда, мәселе өндіріс
нәтижелерін әділетті бөлуге байланысты адамдардың өндірістік қарым-қатынасы
жөнінде емес, өндірістің шешуші факторларының бірі ретінде табиғат
ресурстарын тиімді пайдалану туралы, елдің табиғат ресурстарын пайдалану
кезінде ең жақсы әлеуметтік-экологиялық-экономикалық нәтижелерге жету үшін
табиғатты пайдалану тиімділігі жайында болып отыр. Сондықтан табиғатты
төлемді пайдалану принциптерін қолданудың маңыздылығы теориялық жағынан
негіздеуге және оның жалпы теориясын қалыптастыруға, дәлірек айтқанда
табиғат ресурстарын төлемді пайдалануды, маркстік-лениндік саяси
экономияның ережелерімен, яғни К. Маркстің еңбек құны теориясымен емес,
өндірістің үш факторы теориясымен, яғни пайдалылықтың шегі теориясымен,
рента теориясымен, шығынды қайтару теориясымен және басқа да жаңа қазіргі
заманғы өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділік теориясымен
дәлелденуі керек. Тек осы жалпы теориялардың негізгі ережелерімен ғана
табиғатты төлемді пайдаланудың теориясын негіздеуге, оның тиімді параметрін
айқындауға мүмкіндік болады. Мұнда табиғат ресурстарын пайдаланудың
нәтижесін әділетті бөлу принципі өндірістің әлеуметтік-экономикалық
тиімділігін арттырудың тек бір факторы ретінде ғана қаралады.
Қоғам мен табиғаттың бір-біріне әсерінің мәнісін дұрыс түсіну табиғи
ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеу проблемасын шешудің философиялық-
теоретикалық фундаменті болып табылады [12].
Табиғат ресурстарын пайдаланудағы салық пен төлемдер және оларды
қолданудың қазіргі жағдайы
“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы”
салықтар кодексіне сәйкес: ауыл шаруашылығындағы, елді мекендердегі,
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге мақсаттағы орман, су қорының
жерлері салық салу нысаны болып табылады. Иелігінде немесе пайдалануында
жер учаскесі бар заңды және жеке тұлғалар жер салығын төлеушілер болып
табылады. Жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасу өңіріне
және сумен қамтамасыз етілуіне қарай анықталады және жер иесі мен жерді
пайдаланушының шаруашылық және өзге әрекетінің нәтижесіне байланысты емес,
яғни белгіленген түрде болады. Олар жер ауданының бір өлшеміне қойылып, жыл
сайын берілген жер учаскесіне төленіп отырылады. Басқа мемлекет
азаматтарына берілген жерден жер учаскесін пайдаланғаны үшін салық алу
тәртібі мен ережелері Қазақстан Республикасының сол мемлекеттермен жасаған
келіссөздері арқылы анықталады.
Азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген бау-бақшалық
және саяжай салудан басқа ауылшаруашылығына арналған жерлерге қойылған жер
салығының базалық ставкасы 1 гектарға есептелген және балл бонитетпен
өлшенетін топырақ сапасының өзгеруі бойынша сараланады. Балл бонитеттің 1-
ден 100-ге дейін ауытқуы кезінде солтүстік қаратопырақты, күңгірт қоңыр
және жазықтағы далалық, құрғақ далалық зоналарда, сонымен қатар тау
етегінде қою сұртопырақты (сұр-қоңыр), каштанды (қоңыр) және тау
бөктеріндегі қаратопырақты аумақтарға базалық ставка – 0,48 теңгеден 193
теңгеге дейін белгіленеді [13]. Балл бонитет 100-ден жоғары болған
жағдайында 1 гектар жерден алынатын салық ставкасы 202,65 теңге болады.
Жергілікті өкілді органдар өз құзыры шегінде жер учаскесінің орналасу
өңіріне, оның сумен қамтамасыз етілуіне, өндірістік және басқа да
шаруашылық жүргізу жағдайына байланысты жер салығының базалық ставкасын
азайтуға немесе көтеруге құқылы, тек ол 20 %-дан аспауы тиіс.
Ауылшаруашылығы немесе құрылыстық мақсатта пайдаланылмайтын жерлерден,
рекреациялық, орман және су қорларының жерлерінен салық алынбайды.
Ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерге, ғимарат, құрылыс немесе
басқа да өндірістік нысандар орналасқан жерлерге төмендегідей тәртіп
бойынша салық салынады (кесте 1).
Орман қорының жеріне салынатын салық, орман пайдалану кезінде ағаш
даярланып жатқан жерден басқа аудандарға, орман пайдалану үшін төленетін
төлемнің құрамына кіретін түбіршегіне қойылған ағаштың кесімді құнының 5 %-
дық мөлшерімен қойылады.
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 104-бабында орман ресурстарын
және ормандардың пайдалы қасиеттерін, ерекше қорғалатын орман аумақтарын
ақылы түрде пайдалану қарастырылған [14]. Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде орман пайдалану төлемақысы орман пайдаланудың Қазақстан
Республикасының салық Заңдарында көзделгендей жекелеген түрлері үшін
алынады.
Орман ресурстарын пайдалану үшін түбірақы деп аталатын (өсіп тұрған
ағашқа қойылған баға) нақты төлем ставкасы енгізілді. Төлемнің бұл түрі
ағаштың сапасына (іске жарайтын, отындық), түріне (қылқан жапырақты, жұмсақ
жапырақты, қатты жапырақты), ірілігіне (ірі, орташа, ұсақ), аумақтық
таралуына, ағашты тасымалдау арақашықтығына қарай сараланып белгіленеді.
Түбірақы мынадай негізгі қызметтерді орындайды: орман ресурстарын
жаңғырту, орман шаруашылық шығындарын қайтару, орманның кесім қорын
неғұрлым тиімді пайдалануды ынталандыру. Түбірақының орташа шамасы 1м3
ағашқа 3,80 ш.б. Бұл төлем ағаш дайындаудың өзіндік құнына кіреді. Орман
кесуді тиімсіз пайдаланғаны үшін, оны шамадан тыс кескені үшін еселенген
түрде қойылған айыптық төлемдер алынады.
Қазіргі кезде орман ресурстарын пайдалану Қазақстан Республикасының
Орман кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жерде айта кету керек,
Парламентте Орман кодексі қайта қаралып, 2003 жылы 8-шілдеде бекітілді.
Аталған кодекске сәйкес орман пайдаланудың шекарасы мен түрі анықталды.
Орман ресурстарына белгіленетін төлемдер: орман ресурстарын қорғау және
жаңғырту; орман ресурстарын пайдаланғаны үшін; орман ресурстарын шектен
артық пайдаланғаны үшін; орман ресурстарын ұқыпсыз, тиімсіз пайдаланғаны
үшін айып төлемдер [14].
Орман ресурстарын қорғау мен жаңғырту төлемінің құрамына: кесуге
берілген ағашқа; қосалқы орман өнімдеріне; орманды жанама пайдалану
төлемдері кіреді. Төлемнің бұл түрінің нормативтері (ставкалары)
ресурстарды пайдаланудың көлеміне қатысты, орманның әрбір түрі бойынша,
оларды қалпына келтіруге, өсіруге, қорғауға кеткен шығынның шамасымен
анықталады. Төлемді анықтағанда орманның қоғамдық-пайдалылығы, табиғат
қорғау қызметі ескеріледі
Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман қорының ормандарынан
көрсетілген шекті ставкалары барлық ормандарда ағаш даярлаушыларға негізгі
кесімдерге және басқа кесімдерге белгіленеді.
Отындық ағашқа төлем ставкасы 50 %-дан төмен белгіленеді. Ағашты
тұтынушыларға жіберетін пункттен ағаш кесетін жердің қашықтығына қарай
ставкаларға қосымша үстеме.Орман ресурстарын пайдаланғандағы төлемдер
аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыру мақсатында алынады.
Төлемнің ставкаларын облыс әкімшілігі орманның таралуына, қалпына келу
мүмкіншілігіне, пайдалану қолайлылығына сәйкес саралайды.
2 ОРМАН РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ- ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН БАҒАЛАУДЫҢ ЖӘНЕ
ТӨЛЕМДЕР ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСІ
2.1 Орман ресурстарын экономикалық-геграфиялық тұрғыдан бағалаудың әдісі
Орман ресурсы – биологиялық ресустарға жататыны белгілі, сондықтан олар
табиғи ортаға әсері жағынан болсын, табиғи пайда болу жағынан да көбіне
ұқсас келеді. Орман ресурсы пайдалану тұрғысынан көп салалы болып келеді,
әсіресе, өндірісте қолдану аясы жағынан ағаш шикізат есебінде қолданылады.
Одан басқа ағашты өндірісте пайдаланғанда одан түсетін қалдықтардың өзі
неше түрлі, ауыл шаруашылығында, өндірісте және шаруашылықтарда
таптырмайтын шикізат көзі болып есептеледі.
Минералды ресурстарға қарағанда орман сарқылмайтын және қайта қалпына
келетін ресурстарға жатады. Сондықтан бұл ресурсты қайта қалпына келтіріп
ғана қоймай, одан әрі өсіріп, дамытып, жетілдіруге болады. Бұл, әсіресе,
республикамыздағы ұлан ғайыр аумақты орманмен қамтамасыз етуге мүмкіншілік
бар екендігін көрсетеді.
Басқа табиғат русурстарына қарағанда орман ресурстарының ең бір басты
айырмашылығы көп жағдайда далалы және шөлейт аймақтарда өсіруге болады.
Бірақ мұндай табиғи қолайсыз жерлерде ағаш өсіру қымбатқа түсетіні белгілі.
Ағаш, қоры жағынан әр аумақта биологиялық тұрғыдан әртүрлі болады, сол
сияқты өсу динамикасы (қайта қалпына келу, сапасының өзгеруі, жылдық өсімі
және т.б.) да әртүрлі болады.
Орманның даму мүмкіншілігі ауыл шаруашылығының дамуымен биологиялық
тұрғыдан ұқсас болғанымен, экономикалық тұрғыдан ерекшелігі бар. Өндіріске
жарамды ағаш орташа есеппен 80-100 жыл өсетінін, ал химиялық өңдеуге
келетін ағаштың жылдам өсетін түрінің өзі 30-50 жылды қажет етеді. Ал бұл
орташа өндірістік циклдардан әлдеқайда ұзақ. Міне сондықтан да орман
ресурстарын іске жарамды ағаш ретінде пайдалану үшін оның ондаған жылғы
қорын әрқашан сақтап отыру қажет. Бұл жағынан алып қарағанда, ағаш
ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау мен минералды ресурстарды
бағалауда көп ұқсастық бар, әсіресе, қолдағы қордың қаншалықты құнды екенін
айыру тұрғысынан
R=Z - S,
(1)
мұндағы Z – жылдық дайын ағаш қорының құндылығы, нарықтық бағасымен, мың
тг; S – ағаш қорын дайындауға кеткен шығын мөлшері, мың тг.
Ауыл шаруашылығында, жер ресурсын бағалаудың ерекшелігі жердің
құнарлылығына, одан алынатын өнім мен баға мөлшерінің әрдайым өзгеріп
отыратынына байланысты екенін ескеріп, жыл сайын бағалап отыру қажет.
Орман алқаптары көбіне ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру үшін
пайдаланылатынын ескерсек, орман ресурстарын бағалағанда егісті, шабындық,
жайылым жерлерді де қоса бағалау қажеттілігі туындайды [16].
Ал су ресурсын алатын болсақ, басқа табиғат ресурстарына ұқсамайтын
өзіндік экономикалық тұрғыдан бағалау ерекшелігі бар. Бұл ресурсты
бағалағанда әр ауданда, аймақтарда су ресурстары үшін қолданылатын шектеулі
шығын мөлшерін ескеру қажет. Өйткені су ресурстары тасымалданбайтын,
орналасқан жерінде пайдаланылатын көп салалы ресурсқа жатады.
Жоғарыда келтірілген табиғат ресурстарын бағалағанда жалпы ұқсастығы
олардың орналасу ерекшеліктерін, яғни географиялық тұрғыдан табиғи
қалыптасу орны мен экономикалық тұрғыдан пайдалану деңгейі ескеріледі.
Әсіресе, экономикалық тұрғыдан табиғат ресурстары орналасқан жері
қаншалықты электр қуатымен, транспортпен, сумен, жұмыс күштерімен, жол
қатынасымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Ал орман ресурстарын
ағаш қоры есебінде пайдаланғанда бұлардан басқа жазықты жерде немесе биік
таулы-қыратты жерлерде орналасуына байланысты бағаланады. Бұл арада ағаш
дайындау шығынының әртүрлілігі ескеріледі.
Орман ресурстарының басты ерекшелігі, яғни көп салалылығы мынаған келіп
саяды: а) ағаш қоры; б) ылғал сақтайды; в) топырақ жамылғысын сақтайды; г)
микроклимат жағдайын қалыптастырады; д) демалыс орындары; е) жеміс-жидек
қоры қалыптасады (саңырауқұлақ, бүлдірген, жаңғақ, емдік шөптер, аңшылық
т.б.). Бұл тұрғыдан алып қарағанда орман ресурсының экономикалық тұрғыдан
бағалау мүмкіндігі қиындай түседі. Өйткені ылғал сақтау, таза ауа
қалыптастыру сияқты әрекеттерін тек жанамалай ғана бағалауға болады,
әлеуметтік құндылығын айырумен шектеледі.
Орман ресурстарын бағалағанда мына көрсеткіштерді ескерген жөн:
1. Орман ресурсы алып жатқан ауданның мөлшерін және ағаш қорының
көлемін.
2. табиғи ерекшелігін (ағаштың түрлері, жасы, тауарлық топтары т.б.).
3. табиғи және экономикалық тұрғыдан игеру мүмкіндігін.
Бұл әрине орман ресустарын өндірістік тұрғыдан пайдаланғанда, іске
жарамды ағаш дайындағанда қажетті көрсеткіштер және орман ресурсын оның
табиғи қалпында бағалаумен бірдей емес, мақсаттары да басқа.
Егер табиғат ресустарын сапасын анықтайтын нақтылы көрсеткіштер арқылы
және құндылығын анықтайтын экономикалық көрсеткіштер арқылы бағаланылатынын
ескерсек, онда орман ресурстарын бағалаудың қиындығы алып жатқан жердің,
ондағы жеміс-жидектің ылғал сақтау, қоршаған ортаны таза ауамен қамтамасыз
ету сияқты қасиеттерін бағалау ерекшеленеді. Ағаштарға инвентаризация
жүргізгенде оның алып жатқан орнын, сапасына қарай түрлерін, болашақта
орман ресурстарының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz