Дәлелді медицина – емдік дәрілердің алға дамуының кепілі. Дәрілерді қате жарнамалаудың белгілері



Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

 1. Жалпы ережелер
 Дәрілік заттардың жарнамасына қойылатын жалпы талаптар
 Дәрілік заттардың халық арасындағы жарнамасына қойылатын талаптар
 Дәрілік заттардың жарнамасына рұқсаттарды ресімдеу және беру

ІІІ. Қорытынды
Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың жарнамасына рұқсат берудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) дәрілік заттардың жарнамасына рұқсат беру тәртібін айқындайды.
Таратуға және орналастыруға арналған дәрілік зат туралы ақпаратқа мынадай мәліметтер жатады: сауда атауы, халықаралық патенттелмеген атауы, тауарлық белгісі, өндірушінің аты, құрамы мен шығарылу нысаны, мөлшерленуі, фармакологиялық әсері, қолдануға көрсетімдері, жанама әсерлері, қолдану тәсілі мен мөлшерлері, енгізу тәсілдері, қолдануға қарсы көрсетімдері, қолдануға шектеулері, фармакокинетика, басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі, артық мөлшерленген, жағдайдағы шұғыл қажетті шаралар, айрықша нұсқаулар, дәрілік заттың құны.
Дәрілік зат туралы ақпарат клиникалық зерттеулер жүргізілгенде алынған және дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен Дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Қолдану жөніндегі нұсқаулық) көрсетілген деректерге сай болуы тиіс.
Анықтамалық-ақпараттық орталықтардың, фармацевтикалық ақпарат кабинеттерінің мамандары, медициналық сауда өкілдері өздері жұмыс істейтін ұйымдарда тиісті даярлықтан өтуі және жарнамалайтын дәрілік зат туралы дәл әрі толық ақпарат беру үшін жеткілікті ғылыми білімді меңгеруі керек.
Дәрілік заттарды сатуға ықпал ететін ісшараларда жүзеге асырылатын, кәсіби немесе ғылыми мақсаттар үшін ұйымдастырылатын кездесулерде, көрмелерде дәрілік заттарды жарнамалау шаралардың негізгі мақсатына қатысты жанама сипатта болуы және ол медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар арасында ғана таратылуы тиіс.
Мамандарға арналған жарнама медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар адамдарға арналған жарнама болып табылады.
Осы Ереже мамандар мен тұтынушыларға арналған Дәрілік заттарды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (аннотация-қосымша), ақпараттық мәліметтерге, сауда каталогтарына, прайс-беттерге, анықтама материалдарына, дәрілік заттар туралы оларда жарнамалық бекітулер жоқ болған жағдайда дәрілік заттарды өндіретін немесе сататын жеке немесе заңды тұлғалар туралы ақпаратқа, мазмұнында дәрілік заттарға сілтеме болмаған жағдайда адамның денсаулығына немесе ауруына қатысы бар ақпараттарға қолданылмайды.
• http://ru.wikipedia.org/wiki/Доказательная_медицина
• http://lib.komarovskiy.net/dokazatelnaya-medicina-kak-sredstvo-prodvizheniya-lekarstvennyx-sredstv-vlasov-v-v.html

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: дәлелді медицина негізі
Кафедрасы: дәлелді медицина негізі
Курс: 3

Тақырыбы: Дәлелді медицина – емдік дәрілердің алға дамуының кепілі.
Дәрілерді қате жарнамалаудың белгілері.

Орындаған: Оспанова Ақжан Тойбазарқызы
Тексерген: Мукашева Райса Нурлановна
Топ: 310 – Б

Актөбе, 2017 жыл

Жоспары:
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

✓ 1. Жалпы ережелер
✓ Дәрілік заттардың жарнамасына қойылатын жалпы талаптар
✓ Дәрілік заттардың халық арасындағы жарнамасына қойылатын талаптар
✓ Дәрілік заттардың жарнамасына рұқсаттарды ресімдеу және беру

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе

Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың 
жарнамасына рұқсаттар беру ережесі
1. Жалпы ережелер
      Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың жарнамасына рұқсат
берудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) дәрілік заттардың жарнамасына
рұқсат беру тәртібін айқындайды.
      Таратуға және орналастыруға арналған дәрілік зат туралы ақпаратқа
мынадай мәліметтер жатады: сауда атауы, халықаралық патенттелмеген атауы,
тауарлық белгісі, өндірушінің аты, құрамы мен шығарылу нысаны, мөлшерленуі,
фармакологиялық әсері, қолдануға көрсетімдері, жанама әсерлері, қолдану
тәсілі мен мөлшерлері, енгізу тәсілдері, қолдануға қарсы көрсетімдері,
қолдануға шектеулері, фармакокинетика, басқа дәрілік заттармен өзара
әрекеттесуі, артық мөлшерленген, жағдайдағы шұғыл қажетті шаралар, айрықша
нұсқаулар, дәрілік заттың құны. 
      Дәрілік зат туралы ақпарат клиникалық зерттеулер жүргізілгенде
алынған және дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен
Дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Қолдану жөніндегі
нұсқаулық) көрсетілген деректерге сай болуы тиіс.
      Анықтамалық-ақпараттық орталықтардың, фармацевтикалық ақпарат
кабинеттерінің мамандары, медициналық сауда өкілдері өздері жұмыс істейтін
ұйымдарда тиісті даярлықтан өтуі және жарнамалайтын дәрілік зат туралы дәл
әрі толық ақпарат беру үшін жеткілікті ғылыми білімді меңгеруі керек.
      Дәрілік заттарды сатуға ықпал ететін ісшараларда жүзеге асырылатын,
кәсіби немесе ғылыми мақсаттар үшін ұйымдастырылатын кездесулерде,
көрмелерде дәрілік заттарды жарнамалау шаралардың негізгі мақсатына қатысты
жанама сипатта болуы және ол медициналық және фармацевтикалық білімі бар
мамандар арасында ғана таратылуы тиіс.
      Мамандарға арналған жарнама медициналық немесе фармацевтикалық
білімі бар адамдарға арналған жарнама болып табылады.
      Осы Ереже мамандар мен тұтынушыларға арналған Дәрілік заттарды
қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (аннотация-қосымша), ақпараттық мәліметтерге,
сауда каталогтарына, прайс-беттерге, анықтама материалдарына, дәрілік
заттар туралы оларда жарнамалық бекітулер жоқ болған жағдайда дәрілік
заттарды өндіретін немесе сататын жеке немесе заңды тұлғалар туралы
ақпаратқа, мазмұнында дәрілік заттарға сілтеме болмаған жағдайда адамның
денсаулығына немесе ауруына қатысы бар ақпараттарға қолданылмайды.

Негізгі бөлім
Дәрілік заттардың жарнамасына 
қойылатын жалпы талаптар
      Дәрілік заттардың жарнамасы жарнамалатын зат дәрілік зат болып
табылатыны және медицинада қолданылатыны айқын түсінікті болатындай нысанда
ұсынылуы қажет.Дәрілік заттардың жарнамасы олардың ұтымды қолданылуына
ықпал етуі, дәрілік зат туралы дұрыс ақпарат беруі, терапиялық қасиеттерін
асыра көрсетпеуі тиіс. Жарнаманың нысанына қарамастан, дәрілік заттың
жарнамаланатын қасиеттері клиникалық зерттеулерде алынған және қолдану
жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген деректерге сәйкес келуі тиіс.
      Жарнамада қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген немесе
көрсетілген нұсқаулық шеңберінен шыққан ақпаратты, алынған ақпарат көзін
(ғылыми мақаланың, жарияланымның аты, басылымның аты, басылымның нөмірі,
жылы, беті) көрсете отырып пайдалануға болады.
      Дәрігерлердің рецептері бойынша босатылатын құрамында есірткі
құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар бар дәрілік заттар және
дәрілік заттардың жарнамасы тек қана медицина және фармацевтика
қызметкерлеріне арналып есептелген мамандандырылған басылымдарда жүзеге
асырылуы мүмкін.
      Дәрілік заттардың жарнамасы жарнамалық материалды дәрілік заттардың
қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін денсаулық сақтау
саласындағы сараптау органының (бұдан әрі - сараптау органы) алдын-ала
жасалған сараптамасынан кейін мемлекеттік органның рұқсаты негізінде
жүргізіледі. Жарнамалық материалда мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен
берілген дәрілік заттардың жарнамасына рұқсат туралы ақпарат болуға тиіс.
      Жарнама таратушы жарнама беруші тек дәрілік заттардың жарнамасына
мемлекеттік органның рұқсатын бергеннен кейін ғана жарнаманы орналастыруға
құқылы.
Дәрілік заттардың жарнамасы мамандарға арналған жарнама және халық арасында
таратылатын жарнама деп бөлінеді.

3. Мамандарға арналған жарнамаға қойылатын талаптар
      Мамандарға арналған дәрілік заттардың жарнамасы тек мамандандырылған
басылымдарда анықтамалық-ақпараттық орталықтар, фармацевтикалық ақпарат
кабинеттері арқылы, медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарға
арналған конференцияларда, симпозиумдарда, көрмелерде жүзеге асырылуы
мүмкін.

Мамандарға арналған жарнамада міндетті түрде мына мәліметтері болуы тиіс: 
      1) дәрілік заттың сауда атауы; 
      2) халықаралық атауына сәйкес белсенді заттың атауы; 
      3) белсенді заттың (заттар) мөлшерлеуге ұстауы (шығарылу нысаны); 
      4) қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес негізгі қолдану көрсетімдер; 
      5) қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес негізгі жанама құбылыстары
мен жағымсыз реакциялары; 
      6) өндірушінің жәненемесе сауда өкілінің аты, мекен-жайы; 
      7) дәрілік затты босату санаты; 
      8) қолдану сызбасы; 
      9) қарсы көрсетімдері, ескертулер мен аталған дәрілік затты сақтықпен
қолдану қажеттігі жөніндегі ақпарат; 
      10) басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу.

      Егер жарнамалық материалда дәрілік зат туралы кейбір мәліметтер,
алынып тасталса, көрсетілген ақпаратты алу мүмкіндігі мен көзіне сілтеме
(өндірушінің, сауда өкілінің мекен-жайы, сондай-ақ мамандандырылған
басылымның, анықтамалықтың, ғылыми мақаланың аттары, шығарылған жылы,
нөмірі, беті) жасалуы тиіс.
4. Дәрілік заттардың халық арасындағы 
жарнамасына қойылатын талаптар
      Тізбесін дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік орган (будан
әрі - мемлекеттік орган) бекітетін , рецептісіз босатуға жататын дәрілік
заттарды ғана халық арасында жарнамалауға болады.
      Дәрілік заттардың халыққа арналған жарнамасы ұғымды тілде жазылуы
керек және дәрілік заттарды дұрыс қолдануға қажетті мынадай ақпараттар
болуы тиіс: 
      1) сауда атауы; 
      2) негізгі қолдану көрсетімдері; 
      3) қолдану тәсілі мен мөлшері; 
      4) дәрілік заттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың (аннотация-
қосымша) анық әрі көрнекі ұсыным; 
      5) өндірушінің немесе сауда өкілінің аты мен мекен-жайы.
      Дәрілік заттардың халық арасындағы жарнамасында: 
      1) медицина, фармацевтика қызметкерлерінің белгілі адамдардың образы
пайдаланылмауы; 
      2) жеке бастарының танымал болуы салдарынан дәрілік заттың
қолданылуын ынталандыруы ықтимал ғалымдардың, денсаулық сақтау
қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен басқа да адамдардың
ұсыныстарына сілтеме жасалмауы; 
      3) дәрілік заттың бірегей, мейлінше тиімді әрі қауіпсіз дәрі ретінде
ұсынылмауы; 
      4) өндіруші-кәсіпорындардың абырой-беделіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пән Дәлелді медицина негіздері
Дәлелді медицинада дәрілік препараттарды жарнамалау құралы. ПМСП стационар деңгейінде препараттарды рациональды басқару
Дәрілік заттардың, медициналык максаттагы бұйымдардың жариялануы
Гомеопатиялық препараттарды дайындау әдістері
Дәрілік заттарды қолдануда туындайтын аурулар
Мейіргерлік үрдіс кезеңдері
Бесінші жолы, отандық фармацевтикалық заттардың өзіндік құнын төмендету арқылы оның нарықтағы өнімділігін арттыру
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулық
Туберкулез ауруының түрлері
Пәндер