Әр түрлі физиологиялық жағдайлардағы тыныс алудың ерекшеліктері: ыстық климатта, таулы аймақта және жоғары барометрлік қысымда


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
Мемлекеттік Медицина Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Курс: 3
Тақырыбы: Әр түрлі физиологиялық жағдайлардағы тыныс алудың ерекшеліктері: ыстық климатта, таулы аймақта және жоғары барометрлік қысымда
Орындаған: Тәжіғос А. Т.
Группа: 307 «Б»
Тексерген: Калдыбаева А. Т.
Ақтөбе, 2017
Жоспары:
- КІРІСПЕ.
Тыныс алу жайлы түсінік.
- НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
а) Ыстық климатта тыныс алудың ерекшеліктері.
ә) Таулы аймақта тыныс алудың ерекшеліктері.
б) Жоғары барометрлік қысымда тыныс алудың ерекшеліктері.
- ҚОРЫТЫНДЫ.
Тыныс алу - дегеніміз ағзаның қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы.
Адам мен жоғарғы дамыған омыртқалылардың тынысалу процесі бірнеше кезеңде атқарылады:
- Сыртқы тыныс.
- Өкпедегі газ алмасу.
- Газдардың қанмен тасымалдануы.
- Ішкі тыныс.
- Торшалар митохондрияларындағы биологиялық тотығу.
Физикалык жүктеме кезіндегі тыныс алу организімнің оттегіні
Қабылдау мөлшерінің жоғарлауына әкеледі. Тез жургенде физикалык жуктеме кезінде 4 л/мин оттегінің қажеттілігі туындайды. Ол қалыпты жағдайда 2-2, 5 л/мин. Осы кезде организмде оттегінінің жетіспеушілігі байқалады да оттекті емес заттар жиналады. Егер біртекті жұмыс атқарған адамның оттегіге қажеттілігі 3-4 л болса ол өте ауыр жұмыста 10-20 л дейін жетеді.
Қоршаған ортаның жоғары температурасында адамның тыныс алу жиілейді, өкпенің вентиляциясы терең тыныс алу есебінен жоғарылайды.
Өкпенің шамадан тыс гипервентиляциясы қан құрамындағы көмірқышқыл газдарының шығуына әсер етіп, қандағы оның қысымын төмендетеді, ол өз алдына қанның рН-ын сілтілік жаққа ығыстырады.
Сондықтан гипокапния мен тыныс алкалозы адам организмінің қызынуының негізгі тұрақты белгілері болып табылады.
Температураның жоғарылауы қанның СО2-ні байланыстыру қабілетін нашарлатады.
Ауаны вентиляцияны тудырушы бірнеше себеп бар. Бірінші қозғалуға акелетін жане ми қыртысындағы иммпульстер ауыр дене қызметі кезінде қозады ол иммпульстерді бұлшыкетке акеледі сонымен қатар демалу бұлшыкеттерін қоздырады ол болса дем алу нейрондарын қоздырып демді күшейте түседі. Адамдар стимулге байланысты тез қозғалғанда дем алу қалпы бұзылады. Ол адамның физикалык жуктемеде кейін оттегі алмасуының бұзылуына, жөтел мен шашалуға әкеледі.
Екінші себеп, демалу импульстері жұмыс жасап жатқан бұлшықет проприорецептрлерінен стимулденеді. Бұл қол - аяқтың бұлшықеттері қызметі бәсеңдегені, оттегімен қанығу мөлшерінің азаюы, көміртегіні қажет етудің төмендегенін көрсетеді. Нервті әсерленуді өкпенің газ алмасуын жоғарлататын гуморальды өзгеруде және қолға жгут салғанда байқауға болады. Зерттелушіге қолдың соңғы бөліміне жгут салады, осы кезде рСО2, рО2, рН бұлшықетке әсер етпейді, бірақ сол кезде веноэргометрде өкпе вентиляциясының түскенін көреміз.
Үшіншіден, тыныс стимулы қан химизмінің өзгерісіне және дене температурасының өзгерісіне байланысты. рСО2 көбеюі, рО2-нің азаюы, сондай-ақ қоршаған ортаның қышқылдануы өкпе вентиляциясын күшейтеді. Қоршаған ортаның қышқылдануы сүт қышқылының көбеюінен болады.
Биік тауға шыққанда, кабинасы бүлінген ұшақтармен, ауа шарларымен биікке көтерілгенде немесе атмосфералық қысымы төмендегенде адам организмінде оттегіне қажеттілік туындайды. 9000 метр биіктікте барометрлік қысым с. б. б. 225, 6 мм-ге дейін төмендейді.
Жоғары барометрлік қысым әсер еткенде қан тамырлары мен өкпе ұяшықтары жыртылып кетуі мүмкін. Содан ауа эмболиясының дамуына қолайлы жағдай пайда болады.
Оттегінің қандағы меншікті қысымын әдейі жоғарылатқан кезде, ол қанда (әсіресе еріген оттегі) көбейе түседі. Ал капиллярлар эндотелийінен тек еріген газ өтетіні белгілі. Осыған орай оттегі тінге де көбірек өтеді. Оттегінің бұл қасиеті медицинада емдеу мақсатымен кеңінен қолданылады (гипербариялық оксигендеу, яғни оттегін қанға қысыммен енгізу) . Адам оттегіне толы қысым камерасына ( барокамераға ) кіргізіледі де, оттегінің қандағы меншікті қысымы көбейтіледі. Мұның нәтижесінде қанда гемоглобин оттегімен әрекеттесіп, түгелдей оксигемоглобинге айналады, еріген оттегінің көлемі де арта түседі, сөйтіп қан әбден оттегіге қанығады.
Ыстық әсерлестігімен көрінеді. Теңгерілмеген ыстық соғу кезінде дене қызымы қайтадан көтеріледі, зат алмасу, тыныс алудың бұзылыстарын көруге болады, ол гипоксияға әкеледі.
Асқын қызыну кезінде терінің терді көп мөлшерде шығаруы сусыздануға, сумен электролиттердің көптеп шығуына әкеледі. Бұл кезде қанның қоюлануы, оның тұтқырлығын жоғарлатып, жүрек қызметін қиындатады, қан айналым жеткіліксіздігі дамиды. Осыдан организмде оттегінің үдемелі жетіспеушілігінен адамның жан тапсыруы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz