1 жасқа дейінгі балалардың физикалық және нервтік психикалық дамуын бағалау


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті
Студенттің Өзіндік Жұмысы
Мамандық: Жалпы медицина
Дисциплина: Балалар аурулар пропедевтикасы
Кафедра: Балалар пропедевтикасы
Курс: 3
Тақырыбы: 1 жасқа дейінгі балалардың физикалық және нервтік психикалық дамуын бағалау
Орындалу формасы: мәнжазба
Орындаған: Жангабаева Ж.
Тобы: 307 "А"
Тексерген: Жилкибаева Б.
Ақтөбе 2017 жыл
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Балалардың физикалық дамуы, ерте жастағы көрсеткіштері
- Балалардың нервтік-психикалық дамуы
- Балалардың психомоторлық-ақыл ой дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі кезде педиатрия, қоғамдық денсаулық сақтау, психология, педагогика және құқық салаларындағы көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің баланың дамуында оның өмірінің алғашқы жылдарының атқаратын маңызы зор екені туралы пікірлері бір жерден шығады. Бұл - аса зор мүмкіндіктер кезеңі, сонымен қатар жағымсыз әсерге осалдық танытатын кезең. Баланың нәресте кезінен ата-анасымен және жақындарымен арада қалыптасатын қарым-қатынасы оның денсаулығына, дамуына, қоғамға бейімделу қабілетіне, әлеуметтік мінез-құлқының қалыптасуына елеулі түрде әсер етеді. Баланың бүлдіршін кезінен жақсы тамақ ішіп, денсаулығының мықты болуы, ата-анасының қамқорлық жасауы және оны оқуға ынталандыру балалардың мектепте жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне, денсаулығының дұрыс болуына және қоғам өміріне белсенді қатысуына көмектеседі. Сенсорлық-қозғалу, әлеуметтік-эмоционалдық және сөйлеу/когнитивті қабілеттерін қоса алғанда, балаларды бүлдіршін жасынан дамыту адамның бүкіл өмір бойында денсаулығының болуына, оқуы мен мінез-құлқына аса маңызды негіз қалайды. Балаға сапалы күтім жасау, қамқорлық көрсету, оның қабілеттерін мақсатқа сай дамыту тек баланың өмірін, оның соматикалық денсаулығын сақтап қалуда ғана маңызды болып табылмайды, сонымен қатар оның тұлға ретінде қалыптасуында да маңызы зор. Медицина қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі баланың қорғаныш күштерінің сенімділігін, физикалық, эмоционалдық және интеллектуалдық тұрғыдан үйлесімді дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Үйлесімді физикалық, эмоционалдық және интеллектуалдық даму - денсаулықтың басты көрсеткіштері. Дені сау бала ширақ, күш-қуаты мол, білімге құштар келеді. Ол қоршаған орта жағдайларына жеңіл бейімделеді. Оның үстіне бала жасының негізгі ерекшелігі оның өсу және даму қарқыны екенін ескеру қажет. Бала неғұрлым кішкентай болса, бұл үдерістер соғұрлым тез, жедел өтеді. Педиатрияда «физикалық даму» термині деп балалық шақтың түрлі кезеңдерінде баланың бойының, салмағының, жекелеген дене мүшелерінің өсуі мен биологиялық өсіп-жетілуі түсініледі.
1. 1. БАЛАНЫң ФИЗИКАЛЫқ ДАМУ КөРСЕТКІШТЕРІНІң ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КөРСЕТКІШТЕРІ
Баланың физикалық дамуын бағалау үшін төмендегілер қажет:
- Антропометрия жүргізу.
- Центиль аймағында орнын анықтап, бағалау.
- Психикалық дамуын жасына байланысты бағалау.
Баланың физикалық дамуы дегеніміз оның жасына байланысты бойының және салмағының өсуі.
Физикалық дамуы қалыпты болуы және қалыс қалуы мүмкін.
1 жасқа дейінгі балаларды горизонтальды таразыда, 2жастан жоғары вертикальды таразыда жүргізеді
1-жасқа дейінгі балалардың бойын горизонтальды. 1 жастан үлкен балалардың бойын вертикальды бой өлшегішпен анықтайды.
Баланың психикалық дамуын бағалау көрсеткіштері - көру, есту анализаторлары, эмоциясы, қозғалысы, түсіну, сөйлеу қабілеті, іс - әрекеттері.
Баланың психикалық дамуының тежелуі:
І - дәрежесінде - 1-2 көрсеткіштің тежелуі
ІІ -дәрежесінде 3 -4 көрсеткіштің тежелуі
ІІІ- дәрежесінде 5-7 көрсеткіштің тежелуі
IV - дәрежесінде қалыпты емес тежелу, яғни 1-2 көрсеткіш эпикриз уақытында, қалғандары 2- 3 эпикриз уақытына тежелуі.
... жалғасыБалалардың бойының өсуі мен дамуын дұрыс бағалау үшін баланың жасына сәйкес бұл пара-метрлер физиологиясының ерекшеліктерін, сондай-ақ оларға ықпал ететін факторларды білу қажет.
Балалардың дамуының негізгі көрсеткіштері:
◊ дене салмағы;
◊ бойы/ұзындығы;
◊ бас шеңбері;
◊ психомоторлық дамуы.
Дене салмағы -баланың өсуі мен дамуының неғұрлым маңызды құрамдас бөлігі, баланың салмақ қосуының баяулап қалуы немесе тоқтап қалуы оның жеткіліксіз тамақтануының және өсуінде кемшілік бар екенінің бірінші белгісі болып табылады.
Баланың салмақ қосуының физиологиялық динамикасы қандай?
◊ Дені сау, айы-күні жетіп туған нәрестенің салмағы 2, 5 - 4, 4 кг. аралығында болады. Туғаннан кейінгі алғашқы 3-4 күнде бала денесінің салмағы аздап азая бастайды, 5-6%-ға салмағын жоғалтады, мұны салмақтың физиологиялық кемуі деп атайды. Алғашқы аптадан кейін салмақ қосу тұрақты әрі үздіксіз жүреді.
◊ Алғашқы 6 ай ішінде дені сау сәби әр аптада 150 грамнан 250 грамға дейін салмақ қосады. Кейінгі 6 ай ішінде апта сайын денеге салмақ қосу - 100-150 грамды, 12-14 ай арасында - 50 грамды құрайды.
◊ Туғанына 5 ай толған соң, бала өзінің дене салмағын туған кезіндегі салмағына қарағанда екі есеге көбейтеді, ал 12 айға қарай - оны үш еселейді.
БАЛАЛАРДЫң ФИЗИКАЛЫқ ЖәНЕ ПСИХИКАЛЫқ-әЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ
Бойы (денесінің ұзындығы) . Бала туғаннан бастап 2 жасқа дейін «денесінің ұзындығы» деген термин қолданылады, ал 2 жастан асқан соң «бойы» деген термин қолданылады. Дені сау, айы-күні жетіп туған нәрестенің денесінің ұзындығы туған кезде 46-56 см болады. Өсу - үздіксіз үдеріс. Түрлі жаста бұл үдерістің жеделдеуі немесе баяулауы мүмкін. Туғаннан кейін бойы өте тез, бірден өсе бастаған баланың әдетте кейінгі айларда өсуі бірте-бірте баяулай бастайды.
Алғашқы 6 айда бала 16 см, кейінгі 6 айда 8 см өседі.
1 жастағы баланың бойы шамамен 75 сантиметрге өседі және 4 жаста туған кездегі денесінің ұзындығынан 2 есеге артық, 100 сантиметрді құрайды.
Бас шеңбері. Баланың бас шеңберінің өзгерістерін бақылау оның физикалық дамуына дәрігерлік бақылау жасаудың ажыратылмас компоненті болып табылады. Дені сау баланың басының өсуі оның миының өскенін көрсетеді. Туған кезде баланың бас шеңбері орташа алғанда 34-36 см болады. Бас шеңбері алғашқы айда неғұрлым тез (3-5 см) өседі. Бас шеңберінің орташа мәні 3-айда 40, 5 см, 6 айда - 43 см, 12 айда - 46 см болады.
Баланың өсуі мен дамуы үздіксіз жүріп отырады. Әу баста баланың басы тез өседі. Алғашқы 6 айдан кейін кеуде шеңбері тез өседі. 9-12 айдан бастап аяқ-қолдары мейлінше тез өсе бастайды.
![]()
1. 2. БАЛАЛАРДЫң ПСИХОМОТОРЛЫқ ЖәНЕ
АқЫЛ-ОЙ ДАМУЫ
Психомоторлық мінез-құлық баланың өмірінің белгілі бір кезеңдеріндегі нерв жүйесінің түрлі бөліктерінің қалыптасуын білдіретін болғандықтан, баланың дамуының елеулі аспектісі болып табылады.
Баланың дамуын бағалау үшін мыналар секілді бірнеше дағдылар түрін бөліп көрсетуге болады:
◊ қозғалтқыш (немесе моторика) - кесені ұстап, оны қолына ала білуі, аузына апара алуы, орнына қоя білуі.
◊ әлеуметтік - тәрбиешімен жұмыс, тәрбиешінің көмегі мен мақтауын күту.
◊ Когнитивті - қай кесенің үлкен, қайсысы кішкентай екенін, бірінің ішіне бірі салынған қандай кеселерді баған етіп тұрғызуға болатынын сынақтан өткізіп және қателіктер арқылы үйрету, тапсырманы орындау оңайға түспейінше оны қайталата беру.
◊ Эмоционалдық - тапсырманы орындау үшін кеселерді бірінің ішіне бірін салмайынша ренжімей немесе ұрыспай түрлі жаңа әрекеттерді жасата беру; қамқор ересек адаммен өзінің жетістіктерін бөлісуі.
Баланың дамуының сенімді әрі көрнекті индикаторы оның моторлық дағдыларға (таянышсыз отыруы, төрт тағандап еңбектеуі, басқа адамның көмегімен тұруы, басқаның көмегімен жүруі, өз бетінше тұруы, өз бетінше жүруі) қол жеткізуі, сөйлеу және есту қабілеттерінің дамуы болып табылады.
Баланың дамуында ауытқушылықтар байқалған кезде ол міндетті түрде денсаулық сақтау немесе білім беру жүйелерінің бейінді мамандарына әрі қарай тереңдетіп тексеруге жіберілуі тиіс. Баланың дамуында ауытқушылықтар байқалған жағдайда оның денсаулығын бағалау, мінез-құлқын анықтау және оларды түзету үшін шешім қабылдау мақсатында баланың дамуына мониторинг жүргізу және бағалау қажет. Баланың дамуын бағалау оның емдеуге болатын проблемаларын ерте анықтауға мүмкіндік бере отырып, физикалық дамуын, ақыл-ой және әлеуметтік дамуын бағалайтын неғұрлым маңызды аспектілердің бірі болып табылады. «Физикалық даму» түсінігімен антропометриялық көрсеткіштер туралы түсінікті байланыстыру дұрыс деп саналады, ол баланың өсуі мен дамуының, тұтастай алғанда, оның денсаулығының жай-күйін бағалауда психомоторлық даму көрсеткіштерімен бірге пайдаланылатын негізгі көрсеткіштер болып табылады. Көрсеткіштердің бір ғана жалғыз өлшемі баланың осы белгілі бір уақыттағы жай-күйін көрсетеді.
Баланың дамуын бағалау және оған мониторинг жүргізу үшін белгілі бір уақыт аралығында мыналарды:
◊ денесінің салмағы мен оның салмақ қосу жылдамдығын;
◊ бойының өсуін және өсу жылдамдығын;
◊ бас шеңбері және бас шеңберінің өсу жылдамдығын
◊ психомоторлық және ақыл-ой дамуын өлшеу қажет.
1-кесте - Балалардың физикалық және психологиялық-әлеуметтік дамуын
өлшеу жиілігі және мерзімдері
Жиілігі Мерзімдері
бірінші өлшеу туған кезде
екінші өлшеу 1 ай
1 жасқа дейін ай сайын
1 жастан 2 жасқа дейін әрбір 3 ай сайын
2 жастан 3 жасқа дейін әрбір 6 ай сайын
кейінгі жылдары жыл сайын
Емшек сүтінің жеткілікті екенін анықтау қажет болған, сондай-ақ баланың дамуында ауытқушылықтар болған жағдайда баланың салмағын неғұрлым жиірек өлшеу қажет болып табылады.
Баланы зерттеу нәтижелері әлі де рұқсат етілетін шекте болған кезде баланың бойының өсуіне мониторинг жүргізу арқылы оның бойының өсуі мөлшерден тыс ауытқу белгілері дамығанға дейін жеткіліксіз тамақтану немесе ауыру салдарынан тежелгенін не тоқтап қалғанын анықтау мүмкін болады. Оны осылайша ерте анықтау бізге баланың өсуіндегі бұзушылықты ерте түзетуге мүмкіндік береді. Баланың өсуіне монитоирнг жүргізу саламатты балалық шақты қамтамасыз етуге жағымды барынша ықпалын тигізетін медициналық іс-шара болып табылады.
БАЛАЛАРДЫң МОТОРЛЫқ ДАМУЫНЫң НЕГІЗГІ КЕЗЕңДЕРІ
![]()
Тіреусіз отыру
Сипаттамасы. Бала бүкіл денесі мен басын ешкімнің көмегінсіз
және қолдарын тіремей ұстап тұра алады. Бала басын көтеріп
тік (яғни алға қарай бүгілмей) отырады. Әдетте аяқтарының бірі
бүгіліп тұрады.
Критерийлері. (а) бала басын ұстайды; (б) бала тепе-теңдікті
ұстауға немесе қолдарын тіреп өзіне көмектесуге тырыспайды;
(в) бала кемінде 10 секунд тік отыра алады.
Тексеру әдістемесі. Балаға күлімсіреп бетті бұрып, оны
отырғызу қажет. Одан кейін балаға екі қолымен ұстайтындай
және оны тірек ретінде пайдалана алмайтындай етіп, ойыншық
ұстату керек.
Еңбектеу
Сипаттамасы. Бұл кезең алақандары мен тізелерін тірек етіп,
аяқтары мен қолдарын кезек-кезек қозғалтып, бауырын көтеріп
жорғалайтын кезең: оң қолы мен сол аяғы бірге алға жылжиды не-
месе артқа кетеді, немесе керісінше сондай тәртіппен.
Критерийлері. (а) Қолдары мен тізелері алға немесе артқа қарай
кезек қозғалады; (б) баланың бауыры жерге тимейді; (в) қатарынан
кемінде үш рет үздіксіз және жүйелі қозғалады.
Тексеру әдістемесі. Баланы етпетінен жатқызу керек, бірақ оның
бауыры жерге тимеуі тиіс. Консультант балаға қарсы шамамен
120-150 см. қашықтықта тұруы қажет. Бала егер өзі еңбектемесе оған баланың назарын аудара-
тын ойыншық немесе бір затты көрсету керек. Баланың ойыншыққа еңбектеп жетіп, оны қолына
алуына ықпал ету қажет.
Сүйеніп тұру
Сипаттамасы. Бұл - баланың алға қарай қадам басу үшін бүкіл
денесінің тепе-теңдігін ұстап тұруға тырысып, аяқтарына тұрып,
тігінен қозғалу қабілетін игеруге алғаш рет тікелей қадам басу
сатысы. Мұның негізгі мәні егер бала денесін тіремей әрі осы
затқа қарай бүгілмей қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) екі
қолымен ұстап тұрса, ол шын мәнінде өзінің салмағын ұстап тұра
ала ма дегенге келіп тіреледі.
Критерийлері. (а) бала
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz