Әртүрлі сферадағы сыбайлас жемқорлық әрекет үшін моральдық-этикалық жауапкершілік



І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім:

1. Дәрігерлер арасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі
2. Мемкелет басындағылар арсындағы сыбайлас жемқорлық
3. Әртүрлі сферадағылар арасындағы жемқорлық жауапкершілік
ІІІ.Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Сыбайлас жемқорлықпен байланысты мәселенің барлығы – «сыбайлас жемқорлық» дегеніміз не, ол қайда және неліктен пайда болады дегеннен бастап, осы құбылыстың қоғам үшін келтіретін салдары қандай дегенге дейін – қазіргі кезде нақты жауап ала алған жоқ. «Сыбайлас жемқорлық» ұғымының өзі ұзақ уақыт бойы экономистер, политологтар, социологтар және басқа да қоғамтанушылардың қызу пікірталасының өзегіне айналды. Егер мемлекеттік шенеуніктің парашылдығын «сыбайлас жемқорлық» ұғымына (және заңмен тиісті жаза белгілесе) жатқызуға болса, онда мысалы, баспасөз бен бизнес бойынша әлуетті серіктестерді қабылдау мен фуршеттер туралы не айтуға болады (оларды қалай жазалауға болады)? Сыбайлас жемқорлыққа арналған жұмыстардың авторлары көбінесе оның «дәстүрлі түрі – мемлекеттік (атап айтқанда бюрократиялық және саяси) сыбайлас жемқорлықты қарастырады. Ол биліктің өзі сияқты тым көне және оған лицензиялармен, сайлаушылардың даусымен, әкімшілік және сот шешімдерімен, қазынашылық қызметтермен сауда жасау жатады.
2003 жылы 10 желтоқсанда 113 елдің өкілдері Мексикада халықаралық күш қолдана отырып, сыбайлас жемқорлықты жүгендеуді ұсынатын құжатқа қол қойды. Қазақстан БҰҰ-ның бұл конвенциясын ратификацияламады. Қазақстан СІМ өз бас тартуын уақыттың жеткіліксіздігімен және сыбайлас жемқорлықпен күресуде өз заңдарымыздың бар екендігімен ақтайды. Біздіңше, бұған мемлекеттен ұрланған активтерді қайтару және қылмыскерлерді беру жөніндегі шаралар кедергі болса керек.
Таяуда Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы» Жарлығы (18.04.2005) шықты.
1.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негіздері» Алауханов Е.Ж. Алматы 2009ж
2.Сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздері / ғылыми ред. С.В. Максимов. - М.: Спарк, 2000. - 22 б.
3.Замалетдинов Р.Р., Ибрагимова Е.М., Амирова Д.К. Оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: жалпы білім беретін оқу орынд. 10-11 сынып оқушылары үшін оқу құралы - Казань қ.: Магариф-Вакыт, 2010. - 159 б.
4.Жетпісбаева Р. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы
5.Ғаламтор материалдары

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Факультет:Жалпы медицина
Кафедра:Әлеуметтік-саяси пәндер
Дисциплина: Жемқорлыққа қарсы күрес мәдениет негіздері курсына кіріспе
Курс: 3
Тақырыбы: Әртүрлі сферадағы сыбайлас жемқорлық әрекет үшін моральдық-
этикалық жауапкершілік

Орындау түрі: реферат

Орындаған: Құдабаева Г.Б.
Тобы: 310Б
Тексерген: Валиахметова Р.Б.

Ақтөбе 2017 ж.

Жоспары:

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім:

1. Дәрігерлер арасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі

2. Мемкелет басындағылар арсындағы сыбайлас жемқорлық

3. Әртүрлі сферадағылар арасындағы жемқорлық жауапкершілік

ІІІ.Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты мәселенің барлығы – сыбайлас
жемқорлық дегеніміз не, ол қайда және неліктен пайда болады дегеннен
бастап, осы құбылыстың қоғам үшін келтіретін салдары қандай дегенге дейін –
қазіргі кезде нақты жауап ала алған жоқ. Сыбайлас жемқорлық ұғымының өзі
ұзақ уақыт бойы экономистер, политологтар, социологтар және басқа да
қоғамтанушылардың қызу пікірталасының өзегіне айналды. Егер мемлекеттік
шенеуніктің парашылдығын сыбайлас жемқорлық ұғымына (және заңмен тиісті
жаза белгілесе) жатқызуға болса, онда мысалы, баспасөз бен бизнес бойынша
әлуетті серіктестерді қабылдау мен фуршеттер туралы не айтуға болады
(оларды қалай жазалауға болады)? Сыбайлас жемқорлыққа арналған жұмыстардың
авторлары көбінесе оның дәстүрлі түрі – мемлекеттік (атап айтқанда
бюрократиялық және саяси) сыбайлас жемқорлықты қарастырады. Ол биліктің өзі
сияқты тым көне және оған лицензиялармен, сайлаушылардың даусымен,
әкімшілік және сот шешімдерімен, қазынашылық қызметтермен сауда жасау
жатады.
2003 жылы 10 желтоқсанда 113 елдің өкілдері Мексикада халықаралық күш
қолдана отырып, сыбайлас жемқорлықты жүгендеуді ұсынатын құжатқа қол қойды.
Қазақстан БҰҰ-ның бұл конвенциясын ратификацияламады. Қазақстан СІМ өз бас
тартуын уақыттың жеткіліксіздігімен және сыбайлас жемқорлықпен күресуде өз
заңдарымыздың бар екендігімен ақтайды. Біздіңше, бұған мемлекеттен ұрланған
активтерді қайтару және қылмыскерлерді беру жөніндегі шаралар кедергі болса
керек. 
Таяуда Қазақстан Республикасы Президентінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметiндегi
тәртiп пен реттiліктi нығайту жөнiндегі шаралар туралы Жарлығы
(18.04.2005) шықты. 

Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice –
адамгершілікті зерделеу)термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен
қолданылуда), – яғни бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін
орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Қазіргі
заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді:
ғылыми – медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік
аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы;
практикалық – кәсіби медицициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен
ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық
тәжірибие саласы.
Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың
әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді:
медициналық қызметкер – емделуші,
медициналық қызметкер – емделушінің туысқандары,
медициналық қызметкер – медициналық қызметкер.
Төрт этикалық қағидаттар: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және және
толыққанды медициналық көмек. Қағидаттардың күнделікті қолданылуын
талқыламас бұрын әрбіріне жеке сипаттама бергеніміз жөн болар.
Қайырымдылық қағидаты: “Мен емделушіге мейіріммен қараймын немесе ең
болмағанда зиян келтірмеймін Қайырымдылық дегеніміз емделушіге зерек және
ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағайының күрделігімен
барабар емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық
араласуға дайындығы және қабілеттілігі. Ең бастысы, медициналық
қызметкердің кез келген әрекеті нақты емделушінің жағдайын жақсартуға
бағытталуы шарт!
Автономия қағидаты әрбір емделушіге және оның шешімдеріне сыйластықпен
қарауды талап етеді. Кез келген адам мақсат ретінде қарастырылғанмен, сол
мақсатқа жеткізетін құрал ретінде қарастырылмайды. Медициналық көмектің
құпиялылықты, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және өзген де
көзқарастарын сыйлау, медициналық шара қолдануларға ақпаратты келісім беру,
күтуді бірлесе жоспарлау және жүзеге асыру, сонымен қатар, емделушінің өз
бетімен шешім қабылдауы, немесе осы емделушінің заңды өкілінің шешім
қабылдауы сынды аспектілері автономия қағидатымен байланысты. Әділдік
қағидаты зиян келтірмеу- медицина қызметкерлерінің мәртебесіне, әлеуметтік
жағдайына, мамандығына және сыртқы ахуалдарға қарамастан барлық
емделушілерге бірдей қарау және бәріне бірдей көмек көрсету. Осы қағидат,
сондай ақ, медициналық қызметкер қандай бір көмек көрсетсе де, оның
әрекеттері емделушіге және өзге де тұлғаларға нұқсан келтірмеуі тиіс.
Емделуші мен оның туыстары немесе өзге де медицина қызметкерлері арасындағы
кикілжің туындаған жағдайларда, осы қағидатты басшылыққа ала отырып, біздер
емделушінің мүддесін қорғауымыз қажет.
Толыққанды медициналық көмек көрсету қағидаты кәсіби медициналық көмекті
және емделушіге кәсіби көзқарасты, сапалы диагностикалау және емдеу жүргізу
үшін денсаулық сақтаудың барлық мүмкіндігін қолдануды, профилактикалық
шараларды және паллиативті көмек көрсетуді көздейді. Осы қағидат денсаулық
сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен
қатар этикалық кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді.
Медицина қызметкерінің рухани жауапкершілігі оның медициналық этиканың
барлық қағидаттарын сақтауын тұспалдайды.
Медбике-емделуші арасындағы қарым-қатынастар:
Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті.
Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға
Сіз деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.
Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға,
палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.
Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы
емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа
түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.
Медбике – емделушінің туысқандары (және жақындары) арасындағы
қарым-қатынастар:
Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы қажет;
Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс орындау
тәртібін түсіндіруі тиіс;
Тек өз құзыреті шеңберінде сұхбаттасуы (науқастың сырқаты, болжамы жөнінде
әңгімелемей, дәрігерге жолдау) тиіс;
Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс күте
білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.
Медбике-дәрігер арасындағы қарым-қатынастар:
Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады;
Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы тиіс;
Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен болған өзгерістер туралы
дәрігерге жедел хабар берілуі тис;
Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған жағдайда ,
науқас жоқ уақытта, сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мән-жайды
талқылауы қажет.
Медбике-медбике арасындағы қарым-қатынастар:
өз ұжымдастарымен жұмыс істеу барысында дөрекілікке, тұрпайылыққа жол
берілмеуі тиіс;
Қандай да бір ескертулер, науқас болмаған уақытта, әдепті түрде айтылуы
тиіс;
Тәжірибиелері мол медбикелер жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетулері
қажет;
Қиын жағдайларда бірі біріне көмектесулері тиіс.
Медбике-кіші медицина қызметкері арасындағы қарым-қатынастар:
өзара сыйластықты сақтаулары тиіс;
кіші медицина қызметкерінің жұмысын сыпайы түрде бақылауы қажет;
Әдепсіздікке, дөрекілікке, тәкаппарлыққа жол беруге болмайды;
Науқастар мен келушілердің көзінше ескертулер жасауға болмайды.
 

 

Мемлекеттiк қызметтiң принциптерi
      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет:
      1) заңдылық;
      2) қазақстандық патриотизм;
      3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот
тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң
бiртұтастығы;
      4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң
мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;
      5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк
қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес
мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;
      6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;
      7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiліктiлiгi;
      8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу;
      9) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз
өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк
қызметшiлер мен төменгi мемлекеттiк органдардың қызметшілерi үшiн
мiндеттiлiгi;
      10) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;
      11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып
есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
      12) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
      13) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы
атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны
үшiн көтермелеу;
      14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не
тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн
жеке жауаптылығы;
      15) мемлекеттiк қызметшілердiң бiлiктiлiгiн арттыруды үздiксiз
жүргiзу принциптерiне негiзделедi.
      2. Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол
берiлмейдi. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған кезде
заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық
бiрлестiктер мен олардың органдарының шешiмдерiне байланысты болмайды.
      Осы Заңның қолданылуы
      1. Осы Заң барлық мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылады, бұған
Қазақстан Республикасының Конституциясында, к онституциялық заңдарында
немесе өзге де заң актiлерiнде олар үшiн өзгедей құқықтық мәртебе
белгiленген жағдайлар қосылмайды.
      1-1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының заңдарында және
Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде реттелмеген бөлігінде
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдар
тағайындайтын немесе сайланатын мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге
қолданылады.
      2. Мыналар:
      1) техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк
органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар мемлекеттiк
қызметшiлерге жатпайды. Мұндай адамдардың тiзбесiн Қазақстан
Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның
ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері мемлекеттiк
қызметшiлерге жатпайды.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен.
     Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi
             орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi
      1. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi
- уәкiлеттi орган) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты
және есеп беретiн, мемлекеттiк қызмет саласында бiрыңғай мемлекеттiк
саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, оған мыналар:
      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) мемлекеттiк қызметтi жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны
жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде заңдарда
белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;
      3) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына үлгiлiк бiлiктiлiк
талаптарын әзiрлеу және бекiту;
      4) мемлекеттiк қызмет персоналы жөнiндегi республикалық дерекқорды,
оның ішінде автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені)
қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттік қызметтің кадр құрамы жай-күйінің
және мемлекеттік лауазымдардың мониторингін жүргізу;
      4-1) мемлекеттiк әкiмшілiк қызметтің кадр резервін қалыптастыру;
      4-2) мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын
айқындау, сондай-ақ тестілеуді ұйымдастыру;
      5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі);
      6) осы Заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін,
сондай-ақ актілерді әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне
бекітуге ұсыну;
      7) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлер даярлау, қайта
даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру, оның iшiнде шетелдерде де, мәселелерi
жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
      8) мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және олардың
бiлiктiлiгiн арттыру бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен
орналастыруды үйлестiру;
      8-1) мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлерден сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасағаны үшiн берiлген тәртiптік жазаны мерзiмінен бұрын алып
тастауға келiсiм беру;
      9) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызмет саласындағы заңдарды
сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      9-1) мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын сақтауын бақылауды
жүзеге асыру;
      10) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымды атқаруға арналған конкурстарды
өткiзу тәртiбiн белгiлеу, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткiзiлуiн
бақылауды жүзеге асыру;
      10-1) кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сай келуі
бөлігінде мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындауға келісу;
      10-2) мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын
әзірлеу мен бекіту тәртібін айқындау;
      10-3) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісе
отырып, мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
туралы үлгілік ережені бекіту;
      11) мемлекеттiк органдардың осы Заңды және өзге де нормативтiк
құқықтық актiлердi бұза отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы
ұсыныстар енгiзу;
      12) мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың
қолданылу мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды
адамдардың iс-әрекетi мен шешiмiне жасалған шағымдарын қарау;
      13) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі);
      14) мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттардың
жобаларын дайындауға қатысу;
      14-1) мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтердiң сапасын арттыру
жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және
Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де
функцияларды жүзеге асыру жүктеледi.
      2. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi органдардың бiрыңғай
жүйесін уәкiлеттi орган мен оған бағынысты аумақтық бөлiмшелер құрады.
      Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет
шегiнде жүзеге асырады.
      2-1. Уәкiлеттi органның облыстарда, республикалық маңызы бар қалада,
астанада тәртiптiк кеңестерi болады, олар туралы ереженi уәкiлеттi органның
ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      3. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң шешiмдерi
бұйрықтар нысанында ресiмделедi.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.03.11 N 393,
2005.07.08. N 75 (2-1-тармақтың күші 2005 жылғы 1 шілдеден бастап
қолданысқа енгізіледі; қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);
2011.07.05 N 452-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізілетін); 14.12.2012 N 59-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап
үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
      1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз құзыреті шегінде:
      1) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын орындауы жөніндегі
қызметін үйлестіреді;
      2) тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі
өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады;
      3) аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік
қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметшілерді
тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметінен босату
рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
      4) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің
мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді;
      5) мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын
қамтамасыз етеді;
      6) мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін
бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін
арттыруды ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқама
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Мүдделер қақтығысы ұғымы
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың экономикалық себептері мен жағдайлары
Пәндер