Банктік менеджмент, құрылымы және оның қазақстандағы қажеттілігі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

1 БАНКТІК МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Банктік менеджмент, құрылымы және оның Қазақстандағы қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Коммерциялық банктердің экономикалық іс.әрекетін басқару... 13
1.3 Коммерциялық банктердегі адам ресурстарын немесе персоналды басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ
2.1 «Казкоммерцбанк» ААҚ.ның экономикалық іс.әрекетіне талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2 «Казкоммерцбанк» ААҚ.ның персоналды басқару қызметіне талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

3 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстандағы коммерциялық банктердің экономикалық іс.әрекетін басқаруды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 49
3.2 Коммерциялық банктердегі адам ресурстарын басқарудың мотивациялық механизмін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... 56

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 67

ПАЙДАЛАНЫҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... .. 69
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Банктер - нарықтықтық құрылым жүйесінің орталық бөлімі болып табылады. Олардың қызметінің дамуы - нарықтық механизмді құрудың қажетті шарты болып табылады. Экономикалық қайта қалыптасу процесі банк жүйесін реформалаудан басталды. Бұл сала бүгінгі күні де қарқынды дамуда.
Ұзақ уақыт бойы банктер мемлекеттік органдар болып табылды және экономиканы әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесінің негізгі бағыттарының немесе құрылымдарының бірі болды. Соның нәтижесінде елімізде банк ісін ұйымдастыруда Қазақстандық банктердің дәстүрі және тәжірибесі болмады. Бүгінгі күні нарықтық экономикамызды құра отырып, біз қысқа мерзім ішінде банк ісін ұйымдастырудың қазіргі әлемдік деңгейіне еріксіз жетуіміз қажет.
Отандық банк жүйесінің коммерцияландырылуы, қаржы институттары арасында бәсекелестіктің шиеленісуі немесе өткірленуі дамыған елдердін банктерімен жинақталған жағымды тәжірибелерді танып білуге және оларды тәжірибеде қолдануға әкеледі.
Соңғы уақыттарда Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуында үлкен ілгерілеушіліктер болды.Үздік-банктер анықталды, банктік маманданулардың негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында клиенттік базаны бөлісу аяқталды. Мұндай жағдай банктер үшін банктік менеджменттің маңызын арттырды, ендігі кезде клиенттер бірдей қызметтер ұсынатын банктер арасынан өзіне деген ең жақсы қатынасты және жоғарғы деңгейлі қызмет көрсететін банктерді таңдауда. Бұл банктік менеджменттің марапаттау, мадақтау сияқты түрлі әдістер арқылы қызметкерлерді ынталандыруды, еңбекке мотивациялауды, адам ресурстарының сапасын арттыруды қамтитын банк персоналын басқару саласының маңызына жатады.
Банк қызметтері «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 31 тамыз 1995 жылғы Заң күші бар жарлығымен [1] және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 30 тамыз 1995 жылғы Заң күші бар жарлығымен [2] реттеледі.
Банктік менеджмент мазмұны оның мәнін ашатын құрамды бөліктеріндегі яғни, банктің персоналын басқару және банктің экономикалық іс-әрекетін немесе қызметін басқаруды реттеу, оларға байланысты ағымды және стратегиялық жоспарлар құру, ондағы кемшіліктер мен басымдықтарды талдау, қызметкерлердің іс-әрекетіне және ішкі нұсқаулармен, ережелердің орындалуына, сыртқы экономикалық өзгерістерге қатаң бақылау жасауды қамтиды. Дұрыс ұйымдастырылмаған банктік менеджментсіз дұрыс талдауға, тиімді бақылауға, реттеуге және шынайы жоспарлар құруға жету мүмкін емес.
Банктік менеджмент басқарудың ерекше саласы ретінде тек дамыған нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Ол банктік операциялар шеңберінің деңгейі дамыған, өркениетті елдерде қабылданған деңгейіне дейін ұлғайған кезде пайда болады, бұл қызметтерге бағалы қағаздармен, төлем карточкаларымен, валютамен түрлі операциялар, басқа банктердің және коммерциялық құрылымдардың акцияларын орналастыруға және басқаруға көмек, клиенттерге олардың қаражаттарын тиімді орналастыруға көмек және инвестициялық жобаны бағалауға көмек, лизинг, факторинг және тағы басқа қызметтер жатады.
Нарықтық экономиканы жаңа өнім немесе тауар массасын жасауға бағытталған, нақты инвестициялық жобаларды, бизнес-жоспарларды несиелеуді нарықтық механизммен, инфляцияға алып келетін мемлекеттік қаржыландыруды ауыстыратын қаржы нарығындағы несиелік мекемелер арасында нақты немесе шынайы бәсекелестікке негізделген банктік менеджментсіз ойлау мүмкін емес.
Банктік менеджмент банк ісін және банк саласындағы қызметкерлерді басқарудың ғылыми жүйесі болып табылады. Ол банк ісін жүргізудегі тәжірибеде дәлелденген басқарудың ғылыми әдістеріне негізделеді және қызметтегі тиімділікті арттырудағы негізгі фактор болып табылады, сондықтан оған дүние жүзілік банк саласында үлкен мән беріліп, көңіл бөлінеді және оның әдіс-тәсілдерінің дамуына, жетілдірілуіне және тиімді түрлерінін пайда болуына жағдай жасалады.
Қазір елімізде қаржы айналымын реттеуде және қамтамасыз етуде, халықтың банктердің тұрақтылығына және сенімділігіне оң көзқараста болулары аса қажет. Мысалға, ол үшін Қазақстанның ТМД- елдері арасында ең бірінші болып Кеңес Үкіметі кезіндегі халықтың жинақ салымдарын қайтаруын атап өтуге болады. Сондықтанда банктердің тұрақтылығын және сенімділігін, сондай-ақ халықтың қаражаттарын сақтау үшін, елдегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін толықтай банк ісін немесе банк саласын басқаруды қамтитын банктік менеджментті және оның әдіс-тәсілдерін игеріп , меңгерудің маңызы арта түсуде.
Бұл дипломдық жұмыста, оның тақырыбына сәйкес теориялық бөлімінде банктік менеджменттің мән-мазмұны, түсінігі және құрылымына немесе құрамына барынша терең түсінік беріледі, сонымен бірге оны құраушы банк персоналын және банктің экономикалық іс-әрекетін басқарудың мән-маңызына және әдіс-тәсілдеріне тоқталып өтеміз.
Осы теориялық бөлімдегі жеке бөлімшелерде олардың аталуына сәйкес Қазақстандағы банктік менеджмент ерекшеліктері және қажеттілігі қарастырылмақшы. Бұл диплом жұмысындағы талдау бөлімінде талдау обектісі ретінде Қазақстандағы ең ірі, үш үздік банктер қатарына кіретін «Казкоммерцбанк» ашық акционерлік қоғамы немесе оның персоналды басқару қызметі және экономикалық іс-әрекеттерді басқару қызметі қарастырылады. Талдаудың негізгі мақсаттары банктің табыстылығын, оның жоғарыда аталған басқару қызметтерінің тиімділігін, басқару қызметтерінің дамуына кері әсер етуші факторларды анықтау және осы нақты банкті талдау нәтижелерінің негізінде екінші деңгейлі банктердегі басқару іс-әрекеттерін немесе қызметтерін, оның ішінде персоналды және экономикалық іс-әрекеттерді басқарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады. Яғни банктік менеджменті жетілдіру жолдары банктік менеджменттің банктің адам ресурстарын басқару және банктің экономикалық іс-әрекетін басқару болып бөлінушілігіне сәйкес осы бағыттардағы немесе салалардағы қызметті жетілдіру жолдары осы дипломдық жұмыстың үшінші ұсыныстар жасау немесе жетілдіру жолдарын ұсыну бөлімінде беріледі.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстандағы банк менеджментінің қаржылық аспектісін қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын ашу үшін келесі тапсырмалар қойылды:
• Банктік менеджмент негіздерін қарастыру;
• Банктік менеджменттің Қазақстандағы даму ерекшеліктерін ашу;
• Қазақстандық екінші деңгейлі банктерінің басқару қызметінің қаржылық аспектісін «Казкоммерцбанк мысалында талдау;
• Қазақстандағы коммерциялық банктердің экономикалық іс-әрекетін басқаруды жетілдіру жолдарын қарастыру;
• Адам ресурстарын басқарудың мотивациялық механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеудің пәні болып Қазақстан Республикасының банк жүйесінде банктік менеджментті қолдану саналады.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының банк жүйесінде көрсетілтен қызметтерді басқару жүйесі саналады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін зерттеу тақырыбына қатысты отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, заңдар, Үкіметтің және ҚР Президентінің ресми құжаттары, заң және нормативті құжаттар, ҚР қаржы Министрлігінің нұсқаулары, ҚР Ұлттық банкісінің нұсқаулары мен әдістемелік ұсыныстары, ғылыми мақалалар мен статистикалық материалдар құрайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1 .«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 31 тамыз 1995 жылғы Заң күші бар жарлығы.
2.«Қазақстан Республикасының Үлттық банкі туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 30 тамыз 1995 жылғы Заң күші жарлығы.
3. Сейітқасымов Т.С. «Ақша, несие, банктер». Алматы. Қаржы - Қаражат 1999жыл.
4. Мақыш Серік Биханұлы «Коммерциялық банктер операциялары». Алматы, Издат Маркет 2004жыл.
5. Қонақбаев А.Г. «Мотивационный механизм использования человеческих ресурсов в коммерческих банках».Банки Казахстана №3 2005год.
6. «Казахстан за годы независимости» Информационно-аналитический сборник. ҚР статитика Агенттілігі, 2006 жыл,
7. Мақыш Серік Биханұлы «Ақша айналымы және несие». Алматы, Издат
Маркет 2004жыл.
8. Сейткасимов Т.С. Банковское дело. Алматы; Каржы-Каражат, 1998 год.
9. Балабанов И.Т. Банки и банковское дело. Санкт-Петербург; 2000 год.
10. Сатылганов К. «Народный банк: юбилей обязывает». Банки Казахстана №9, 2003год.
11. Қонақбаев А.Г. «Основные принципы формирования человеческих ресурсов коммерческих банков и их особенности». Банк Казахстана №12 2004год.
12. Роуз Г.С. Банковский менджмент: предоставление финансовых услуг. Москва, Дело ЛТД, 1997 год.
13. Тронин Ю. Банковский менеджмент: проблемы и решения. // Банковские
технологии. №10, 1999 год.
14. Интернет желісіндегі Казкоммерцбанк мекен жайы
15. Казкоммерцбанктің 2001- 2006 жылдар арасындағы жылдық есептері.
16. Бабачева Ю.А. Банковское дело. Москва; Финансы и статистика, 1994 год.
17. Лаврушин О.Г. Банковское дело. М; Финансы и статистика, 2000 год.
18. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк. Москва, ИПЦ «Ваза-Ферро» 1994 год.
19. Гомидов Г.М. Банковское дело и кредитное дело. М; Банки и биржы, 998
год.
20. Банки Казахстана - 2003-№4
21. Мамадиярова Д.М. Основы современного банковского дела. Алматы7 1997год.
22. Брук Н. Банковское дело и финансирование инвестиций. Москва, том 2.
Институт экономического развития Всемирного банка, 1995 год.
23. Бюллетень Национального Банка Р.К. №10 2000 год.
24. Володина В. Об элементах стратегии разработки новых банковских
продуктов. // Банковские услуги №10 1998 год.
25. Давыдова Л. «Банковское право Республики Казахстан.» Алматы; 2001 год.
26.Колесников В.И., Кроливецкий Л.П. Банковское дело. Москва, Финансы и
статистика, 1995 год.
27. Лисак Б.И. Процентная политика коммерческого банка. // Банки Казахстана
№2 1999 год.
28. Лаврушин О.И. Банковские операции. Москва, Инфарм, 1995 год.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
... ... ... ... ... ... ..
1 БАНКТІК МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Банктік менеджмент, құрылымы және оның Қазақстандағы 5
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
1.2 Коммерциялық банктердің экономикалық іс-әрекетін басқару... 13
1.3 Коммерциялық банктердегі адам ресурстарын немесе персоналды 20
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...

2 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
АСПЕКТІСІН ТАЛДАУ
2.1 Казкоммерцбанк ААҚ-ның экономикалық іс-әрекетіне талдау 30
жасау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .
2.2 Казкоммерцбанк ААҚ-ның персоналды басқару қызметіне талдау 46
жасау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .

3 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстандағы коммерциялық банктердің экономикалық іс-әрекетін 49
басқаруды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Коммерциялық банктердегі адам ресурстарын басқарудың мотивациялық 56
механизмін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .6 7
... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... . 69

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Банктер - нарықтықтық құрылым
жүйесінің орталық бөлімі болып табылады. Олардың қызметінің дамуы -
нарықтық механизмді құрудың қажетті шарты болып табылады. Экономикалық
қайта қалыптасу процесі банк жүйесін реформалаудан басталды. Бұл сала
бүгінгі күні де қарқынды дамуда.
Ұзақ уақыт бойы банктер мемлекеттік органдар болып табылды және
экономиканы әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесінің негізгі бағыттарының
немесе құрылымдарының бірі болды. Соның нәтижесінде елімізде банк ісін
ұйымдастыруда Қазақстандық банктердің дәстүрі және тәжірибесі болмады.
Бүгінгі күні нарықтық экономикамызды құра отырып, біз қысқа мерзім ішінде
банк ісін ұйымдастырудың қазіргі әлемдік деңгейіне еріксіз жетуіміз қажет.
Отандық банк жүйесінің коммерцияландырылуы, қаржы институттары арасында
бәсекелестіктің шиеленісуі немесе өткірленуі дамыған елдердін банктерімен
жинақталған жағымды тәжірибелерді танып білуге және оларды тәжірибеде
қолдануға әкеледі.
Соңғы уақыттарда Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуында үлкен
ілгерілеушіліктер болды.Үздік-банктер анықталды, банктік маманданулардың
негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында клиенттік базаны
бөлісу аяқталды. Мұндай жағдай банктер үшін банктік менеджменттің маңызын
арттырды, ендігі кезде клиенттер бірдей қызметтер ұсынатын банктер арасынан
өзіне деген ең жақсы қатынасты және жоғарғы деңгейлі қызмет көрсететін
банктерді таңдауда. Бұл банктік менеджменттің марапаттау, мадақтау сияқты
түрлі әдістер арқылы қызметкерлерді ынталандыруды, еңбекке мотивациялауды,
адам ресурстарының сапасын арттыруды қамтитын банк персоналын басқару
саласының маңызына жатады.
Банк қызметтері Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік
қызмет туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 31 тамыз 1995 жылғы Заң
күші бар жарлығымен [1] және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 30 тамыз 1995 жылғы Заң күші
бар жарлығымен [2] реттеледі.
Банктік менеджмент мазмұны оның мәнін ашатын құрамды бөліктеріндегі
яғни, банктің персоналын басқару және банктің экономикалық іс-әрекетін
немесе қызметін басқаруды реттеу, оларға байланысты ағымды және
стратегиялық жоспарлар құру, ондағы кемшіліктер мен басымдықтарды талдау,
қызметкерлердің іс-әрекетіне және ішкі нұсқаулармен, ережелердің
орындалуына, сыртқы экономикалық өзгерістерге қатаң бақылау жасауды
қамтиды. Дұрыс ұйымдастырылмаған банктік менеджментсіз дұрыс талдауға,
тиімді бақылауға, реттеуге және шынайы жоспарлар құруға жету мүмкін емес.
Банктік менеджмент басқарудың ерекше саласы ретінде тек дамыған
нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Ол банктік операциялар
шеңберінің деңгейі дамыған, өркениетті елдерде қабылданған деңгейіне дейін
ұлғайған кезде пайда болады, бұл қызметтерге бағалы қағаздармен, төлем
карточкаларымен, валютамен түрлі операциялар, басқа банктердің және
коммерциялық құрылымдардың акцияларын орналастыруға және басқаруға көмек,
клиенттерге олардың қаражаттарын тиімді орналастыруға көмек және
инвестициялық жобаны бағалауға көмек, лизинг, факторинг және тағы басқа
қызметтер жатады.
Нарықтық экономиканы жаңа өнім немесе тауар массасын жасауға
бағытталған, нақты инвестициялық жобаларды, бизнес-жоспарларды несиелеуді
нарықтық механизммен, инфляцияға алып келетін мемлекеттік қаржыландыруды
ауыстыратын қаржы нарығындағы несиелік мекемелер арасында нақты немесе
шынайы бәсекелестікке негізделген банктік менеджментсіз ойлау мүмкін емес.
Банктік менеджмент банк ісін және банк саласындағы қызметкерлерді
басқарудың ғылыми жүйесі болып табылады. Ол банк ісін жүргізудегі
тәжірибеде дәлелденген басқарудың ғылыми әдістеріне негізделеді және
қызметтегі тиімділікті арттырудағы негізгі фактор болып табылады, сондықтан
оған дүние жүзілік банк саласында үлкен мән беріліп, көңіл бөлінеді және
оның әдіс-тәсілдерінің дамуына, жетілдірілуіне және тиімді түрлерінін пайда
болуына жағдай жасалады.
Қазір елімізде қаржы айналымын реттеуде және қамтамасыз етуде, халықтың
банктердің тұрақтылығына және сенімділігіне оң көзқараста болулары аса
қажет. Мысалға, ол үшін Қазақстанның ТМД- елдері арасында ең бірінші болып
Кеңес Үкіметі кезіндегі халықтың жинақ салымдарын қайтаруын атап өтуге
болады. Сондықтанда банктердің тұрақтылығын және сенімділігін, сондай-ақ
халықтың қаражаттарын сақтау үшін, елдегі экономикалық тұрақтылықты
қамтамасыз ету үшін толықтай банк ісін немесе банк саласын басқаруды
қамтитын банктік менеджментті және оның әдіс-тәсілдерін игеріп , меңгерудің
маңызы арта түсуде.
Бұл дипломдық жұмыста, оның тақырыбына сәйкес теориялық бөлімінде
банктік менеджменттің мән-мазмұны, түсінігі және құрылымына немесе құрамына
барынша терең түсінік беріледі, сонымен бірге оны құраушы банк персоналын
және банктің экономикалық іс-әрекетін басқарудың мән-маңызына және әдіс-
тәсілдеріне тоқталып өтеміз.
Осы теориялық бөлімдегі жеке бөлімшелерде олардың аталуына сәйкес
Қазақстандағы банктік менеджмент ерекшеліктері және қажеттілігі
қарастырылмақшы. Бұл диплом жұмысындағы талдау бөлімінде талдау обектісі
ретінде Қазақстандағы ең ірі, үш үздік банктер қатарына кіретін
Казкоммерцбанк ашық акционерлік қоғамы немесе оның персоналды басқару
қызметі және экономикалық іс-әрекеттерді басқару қызметі қарастырылады.
Талдаудың негізгі мақсаттары банктің табыстылығын, оның жоғарыда аталған
басқару қызметтерінің тиімділігін, басқару қызметтерінің дамуына кері әсер
етуші факторларды анықтау және осы нақты банкті талдау нәтижелерінің
негізінде екінші деңгейлі банктердегі басқару іс-әрекеттерін немесе
қызметтерін, оның ішінде персоналды және экономикалық іс-әрекеттерді
басқарудың жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады. Яғни банктік
менеджменті жетілдіру жолдары банктік менеджменттің банктің адам
ресурстарын басқару және банктің экономикалық іс-әрекетін басқару болып
бөлінушілігіне сәйкес осы бағыттардағы немесе салалардағы қызметті
жетілдіру жолдары осы дипломдық жұмыстың үшінші ұсыныстар жасау немесе
жетілдіру жолдарын ұсыну бөлімінде беріледі.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстандағы банк менеджментінің
қаржылық аспектісін қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбын ашу үшін келесі тапсырмалар қойылды:
• Банктік менеджмент негіздерін қарастыру;
• Банктік менеджменттің Қазақстандағы даму ерекшеліктерін ашу;
• Қазақстандық екінші деңгейлі банктерінің басқару қызметінің
қаржылық аспектісін Казкоммерцбанк мысалында талдау;
• Қазақстандағы коммерциялық банктердің экономикалық іс-әрекетін
басқаруды жетілдіру жолдарын қарастыру;
• Адам ресурстарын басқарудың мотивациялық механизмін жетілдіру
жолдарын қарастыру.
Зерттеудің пәні болып Қазақстан Республикасының банк жүйесінде банктік
менеджментті қолдану саналады.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының банк жүйесінде
көрсетілтен қызметтерді басқару жүйесі саналады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін зерттеу
тақырыбына қатысты отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, заңдар,
Үкіметтің және ҚР Президентінің ресми құжаттары, заң және нормативті
құжаттар, ҚР қаржы Министрлігінің нұсқаулары, ҚР Ұлттық банкісінің
нұсқаулары мен әдістемелік ұсыныстары, ғылыми мақалалар мен статистикалық
материалдар құрайды.

1 БАНКТІК МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

1.1 Банктік менеджмент, құрылымы және оның Қазақстандағы қажеттілігі.

Банктік менеджмент банк ісін және банк саласындағы қызметкерлерді
басқарудың ғылыми жүйесі болып табылады. Ол банк ісін жүргізудегі
тәжірибеде дәлелденген басқарудың ғылыми әдістеріне негізделеді.
Банктік қызмет онымен айналысатын жұмысшылардың, яғни банктік
менеджмент мазмұнын көрсететін немесе ашатын, мінез-құлқы және ойлау
қабілетінің ерекшеліктерін анықтайтын бизнестің ерекше бір саласы болып
табылады.
Дамыған елдерде менеджмент өндірістің тиімділігін арттырудағы негізгі
факторлары қатарына жатады.
Банктік менеджмент мазмұнын келесілер құрайды: болашақтық
(перспективалы) және ағымды жоспарларды жасау, талдау, реттеу, бақылау.
Жоспарлаудың көмегімен банктер болашақтағы іс-әрекеттердің мақсатын,
саласын, көлемін және нәтижелерді қалыптасу көздеріне және шығындарға қарай
өлшейді. Бұлардың барлығы қызметкерлердің міндеттерінің шеңберін
белгілейтін болашақты және ағымды жоспарларды жасаудың көмегімен болады.
Жинақ көрсеткіштер арқылы банктің іс-әрекетінің барлық жақтары
үйлестіріледі және ақша нарығындағы бәсекелестік жағдайында іс-әрекеттің
жаңа әдіс-тәсілдерімен салаларын іздестірудің бағыттары анықталады.
Банктің барлық құрылымын қамтитын, әрбір бөлімшенің және жалпы банктің
даму болашағын жоспарлаудың нәтижесіне банк дамуының жиынтық жоспары немесе
бизнес-жоспар, сонымен қатар әртүрлі жеке бағыттардағы оперативті
жоспарлар, яғни несиелік, пайыздық, депозиттік, кадрлық, инвестициялық және
басқа да саясаттар жатады.
Талдау банк іс-әрекетін толықтай және бағыттар бойынша бағалау үшін
жүргізіледі. Бұл нақты жеткен нәтижелерді болжанған, өткен кезеңдегі және
басқа жақсы банктердің нәтижелерімен салыстыру арқылы жүзеге асады. Талдау
материалдары банк дамуындағы кері және дұрыс тенденцияларды, шығындарды,
қолданылмаған резервтерді, жоспарлаудың кемшіліктерін және шешім
қабылдаудағы сәтсіздіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Баланс
көрсеткіштерін талдау банк жұмыстарын жинақ талдауының негізін құрайды.
Талдаудың басты бағыттарына келесілер жатады:
- банк іс-әрекетінің келесідей көлемді көрсеткіштерінің, активтер,
депозиттер, өзіндік капитал, несие, пайда динамикасын бағалау. Бұл
бағалау басқа банктердің сәйкес көрсеткіштерімен салыстыру арқылы
жүргізіледі және осы банктің Қазақстанның коммерциялык банктер
жүйесіндегі орнын (рейтингісін) анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай
талдаудың нәтижелері осы банктің даму стратегиясын жасауға,
жетілдіруге көмектеседі:
- ресурстық базаның көлемін, құрылымын және құраушы бөліктерінің
дамуының негізгі тенденцияларын (өзіндік капиталды, депозитерді,
банкаралық несиелерді) бағалау;
ресурстық базаны талдау банк ресурстарының жеке бөлімдерін жіктеу
негізінде, құрылымдық көрсеткіштердің есебі негізінде оларды динамикалары
бойынша және басқа банктердің көрсеткіштері бойынша салыстыру арқылы
жүзеге асады. Ресурстық базаны бағалау банктің депозиттік саясатын жасау
үшін қолданылады;
банк активтерінің жағдайын бағалау (көлемін, құрылымын және несие,
инвестиция сияқты құрамды бөліктерінің негізгі даму тенденцияларын). Талдау
банк активтерін жіктеу негізінде, құрылымдық көрсеткіштердің есебі
негізінде
оларды динамикалары бойынша және басқа банктердің көрсеткіштері бойынша
салыстыру арқылы жүзеге асады. Жүргізілген талдау нәтижелері
банктің
инвестициялық және несиелік саясатын жасауға негіз болып табылады;
банк өтімділігін бағалау қаржылық коэффиценттер есебі негізінде және
оларды белгілі - бір деңгейлермен өсу қарқыны негізінде,
көрсеткіштер
деңгейінің өзгерісіне әсер еткен факторларды анықтау арқылы жүргізіледі.
Талдау материалдары банк өтімділігін басқару бойынша стратегияны және
тактиканы анықтауға мүмкіндік береді;
банк табыстылығын бағалау табыстар мен шығындар бойынша есеп
берулермен баланс мәліметтерін талдау негізінде жүзеге асады.
Талдауда
банктің табыстылығы және пайдалылығы сипаттамаларының, шығындар мен
табыстардың құрылымдық сипаттамаларының, активтерді
қолданудың
тиімділік сипаттамаларының сандық және сапалық көрсеткіштері
есепке
алынады. Осы талдаудың негізінде банк табыстылығын басқару механизмі
жасалады.
Осы бағыттармен қоса коммерциялық банктердің жиынтық талдау жұмыстары
банктің несие портфелін талдау, бағалы қағаздар портфелін талдау,
клиенттердін несиелік қабілеттілігін талдау, өзіндік капиталдың
жеткіліктілігін талдау, пайыздық маржа және тағыда басқа жекеленген
бағыттар бойынша талдамалық өңдеулер немесе жетілдірулер жүзеге асырылады.
Аталған талдамалық өңдеулердің материалдары банктің әрекет ету саласына
сәйкес банктік тәуекелдерді басқару саясатын жасау үшін қолданылады.
Банктік менеджмент жүйесіндегі реттеудің коммерциялық банктердің іс-
әрекетін қадағалауды мемлекеттің жүргізуімен шартталған белгіленген
ерекшеліктері бар. Банктік іс - әрекет өте тәуекелді, айналымына өте үлкен
соммадағы бөтен ақшаларды тартатындықтан мемлекеттік реттеу банктерді
лиценциялау, капитал жеткіліктілігі, өтімділік, әрекет ету саласын шектеу,
міндетті резервтер қалыптастыру сияқты бірқатар принциптердің сақталуын
қарастырады [3, б.96].
Осыған байланысты өзіндік реттеу жүйесі немесе банк ішіндегі реттеу
бірінші кезекте мемлекеттік қадағалау органдарымен бекітілген талаптармен
нормативтердің сақталуына бағытталған.
Банк ішіндегі реттеу жүйесіне келесідей дербес бағыттар кіреді:
банктің ұйымдастыру құрылымын жетілдіру, яғни банктің ары қарай дамуы
үшін ескі құрылымдық бөлімшелерді жетілдіріп, жаңаларын
қалыптастыру. Мысалға: жоспарлау және маркетинг бөлімі, тексеру
және талдау қызметтері;
банктік іс - әрекетті басқарудың сапасын жоғарылататын нұсқаулық және
әдістемелік материалдармен, шешім қабылдау процедураларын жасау және
жетілдіру;
нақты қалыптасқан жағдайларды есепке ала отырып, мақсаттарды,
артықшылықтарды және банк саясатын жүзеге асыру әдістемелерін түзету;
банк іс - әрекетінің жекелеген бағыттары бойынша тәуекелдер көлемін
шектеуге байланысты немесе тәуекелдерден қорғанудың қосымша кепілдік
жүйелерін жасауға байланысты нақты шаралар қабылдау;
кадрлық саясатты, персоналды оқыту жүйесін, банк ішілік бақылауды
ұйымдастыруды жетілдіру.
Банк іс - әрекетін бақылау сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Сыртқы бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен және сыртқы
аудиторлармен жүзеге асырылады. Ішкі бақылауды банк өзі ұйымдастырады. Банк
ішіндегі бақылау банктегі менеджменттің бір бөлігі болып табылады. Оның
қызметін уәкілеттіліктеріне сәйкес менеджерлер, сонымен қатар ішкі аудит
органдары жүзеге асырады. Банк ішілік бақылаудың басты міндеті банк
жұмысындағы жетіспеушіліктер мен теріс тенденцияларды дер кезінде анықтауға
және қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік беретін оперативті жүйені
қалыптастыру болып табылады.
Сыртқы және ішкі бақылаудың байланысы Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкісінің заңдылық және нормативтік актілерінің, банк ішіндегі нұсқаулар
және ережелердің, сыртқы бақылаушы органдардың белгілеулерінің
(жарлықтарының) сақталғандығын тексеруден көрінеді.
Банктік менеджмент мазмұны басқару саласы жұмыстарында нақты білінеді.
Банктік менеджменттің өрісі екі блогқа бөлінеді: қаржылық менеджмент және
персоналды басқару.
Қаржылық менеджмент нақты бір банктің мақсаттарымен міндеттеріне сәйкес
ақшалай өнімдердің қозғалысын, оның қалыптасуын және орналастырылуын
басқаруды қамтиды. Қаржылық менеджменттің негізгі бағыттары болып банк іс -
әрекетінің жекелеген салалары бойынша (депозиттер, несиелер, қызмет
көрсетулер, инвестициялар және т.с.с.) айқындалған банктік саясаттар жасау;
банктік маркетинг, активтермен пассивтерді, өтімділікті, табыстылықты,
өзіндік капиталды, несие портфелін, банктік тәуекелдерді басқару.
Қаржылық менеджменттің ерекшілігі бір банктік жүйе шегінде банктік іс
-шараларды ұйымдастырудың және экономикалық процесстерді басқарудың
біркелкі технологиясының жоқтығы. Әрбір банк ақша нарығындағы жүріс
-тұрысының өзіндік тактикасымен стратегиясын жасайды. Барлық уақытта
өзгеріп отыратын экономикалық жағдайлар банк ісін жүргізудің қалыптасқан
тәсілдерін түзетіп және жетілдіріп отыруды қажет етеді.
Банктік менеджменттің екінші өрісі, персоналды басқару - банктік
қызметкерлердің білімі және тәжірибелерін ұтымды немесе рационалды
пайдалануға бағытталған. Оған еңбекті мотивациялау, кадрларды орналастыру,
қызметкерлер жұмысын ұйымдастыру, кадрларды дайындау және қайта дайындау,
еңбек ақыны төлеу механизмі, мадақтау және ынталандыру, қызмет бабы бойынша
жоғарылау, бақылауды ұйымдастыру, коллективтегі қарым -қатынас принциптері
және тағы басқалар жатады. Персоналды басқарудың ғылыми негізіне психология
және іскерлік этика жатады. Олардың көмегімен әрбір қызметкердің ыңғайын
немесе бабын табуды дифференсациялау, қызмет карьерасын жоспарлау,
материалдық және моральдық ынталандыруды ұйымдастыруға болады.
Банктік менеджменттің негізгі бағыттарын келесідей үлгіде немесе схемада
көрсетуге болады (кесте 1).

Кесте 1 - Банктік менеджмент

№ Қаржылық менеджмент Персоналды басқару
1 Банктік саясат Еңбекті мотивациялау
2 Маркетинг Банктің ұйымдастыру құрылымы
3 Активтерді және пассивтерді Кадрларды орналастыру
басқару
4 Табыстылықты басқару Кадрларды даярлау және қайта
даярлау жүйесі
5 Өзіндік капиталды басқару Еңбек ақы төлеу,
ынталандыру және мадақтау жүйесі
6 Несиелік портфелді басқару Бақылауды ұйымдастыру
7 Банктік тәуекелдерді басқару Қызмет бабында жоғарлау жүйесі
8 Информациялық жүйені құру Коллективтегі қарым-қатынас
принциптері

Ескерту: Сейткасимов Г.С. Банковское дело - кітабынан алынған.

Шетелдік тәжірибеде банкті басқару сапасын бағалауға өте үлкен көңіл
аударылады, себебі оған нақты банкінің және бүкіл банк жүйесінің
сенімділігі байланысты болады.
Дұрыс емес немесе қате менеджмент факторларын анықтауға ерекше назар
аударылады, оларға жетекшілердің және қызметкерлердің өздерінің
біліксіздіктерімен немесе жете білмеушіліктерінен басқару процесіндегі
техникалық қателер, банкте қалыптасқан қиын қаржылық жағдайды бүркемелеу
әрекеттері, есеп берудегі бұрмаланулар немесе қателер, тікелей алдау және
алаяқтық жатады. Қате немесе дұрыс емес менеджмент
факторларының дер кезінде анықталуы мемлекеттік қадағалау органдарының
бұндай банктерге жетекшілерін орнынан босату, банкті тарату және қайта құру
шаралары түрінде әсер ете алады.
Сонымен қатар банктік менеджмент мазмұны банкті ұйымдастыру
принциптерінде ашылады. Банктерді ұйымдастыру принциптері ретінде банк
жұмысын ұйымдастырудың бастапқы жағдайы, өзіне тән функциялар және
операциялардың орындалуының алдын - ала жағдайларының пайда болуы.
Функционалдык принцип банкті ұйымдастырудың аса маңызды принципі болып
табылады. Банк ірі несие мекемесі болып табылатындықтан оның
басқару аппаратында несие құрылымдары болуы тиіс, сонымен қатар ол қолма -
қолсыз есеп айырусуларды ұйымдастырумен айналысатындықтан оның
кұрамында операционды басқарма немесе бөлім болуы тиіс.
Банктің көлемін, функциаларын және операцияларын банкті басқару
жүйесінің құрастырылуыда анықтайды.
Банкті ұйымдастырудың келесі принципі - бұл оның жекеленген
құрылымдарының (бөлімдерінің) иерархиялық билік уәкілеттіліктері. Биліктің
екі эшалоны бар. Бірінші эшалонға банк Кеңесі және Басқармасы, тексеру
(ревизионды) комиссия және несие комитеті жатады. Тексеру комиссиясы банк
жұмысын бақылауды жүзеге асырады, мысалға, тұтастай банктің және оның
жекеленген құрылымдарының шығындар сметасын сақтауы және тағы басқалар.
Несие комитеті банктің дербес бөлімі болып табылмайды, оның құрамына банк
бөлімдерінің лауазымды тұлғалар және банк кеңесімен кандидаттықтары
мақұлданған тұлғалар кіреді. Комитет басқару шешімдерінің сапасын жақсарту
және деңгейін көтеруге жауапты, несиелік операциялар өрісінде стратегиясын
анықтайды, несие саясатын үйлестіреді және принципиалды сұрақтар бойынша
шешімдер қабылдайды. Комитет өз іс -әрекеті барысында несиелік
операциялардың дамуының стратегиялық және тактикалық міндеттерін анықтайды,
несиелік операциялар есебін жүргізу бойынша негізгі нормативтік -
әдістемелік құжаттарды қарастырады немесе талқылайды, банк филиалдарына
қаржылық көмек көрсету шешімдерін қабылдайды, ірі көлемдегі несиелерді беру
бойынша шешімдер қабылдайды, несиелік операциялар бойынша пайыздык
ставкілер деңгейін белгілейді.
Банк Президенті (төраға немесе басқарушы) жанындағы эксперттік кеңес
биліктің бірінші эшелонына жатады, бірақ ешқандай биліктік уәкілеттіктері
жоқ. Оның құрамына әртүрлі білім саласының өкілдері кіреді. Эксперттік
кеңес өте маңызды, елдің және банктің саясатымен экономикасына байланысты
және оларды пропорционалды дамуын қамтамасыз ететін концепция
қалыптастыруға байланысты сұрақтарға кеңес береді, сонымен қатар ғылыми іс
- шаралар өткізуге және персонал біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыруға
көмектеседі. Банк құрылымының бағыныңқылық сатысының немесе жүйесінің
екінші эшелонына банк клиенттеріне қызмет көрсетумен байланысты барлық
басқармалар немесе бөлімдер және барлық қызмет бөлімдері (әкімшілік
-шаруашылық бөлім, заң қызметі бөлімі, кадрлар бөлімі және т.б.) кіреді.
Банк жұмысын ұйымдастыру тағы да бір принципке сәйкес болуы керек
-қойылған мақсаттарға сәйкестелу принципі. Әрине банк мақсаты максималды
пайда табу. Сондықтан да кез - келген банктің жұмысы табыстардың
шығыстардан асуын қамтамасыз ете алатындай ұйымдастыра алуы тиіс. Бұл
басқару аппараты қызметкерлері тобының жаңа клиенттер тарту, банктік
операциялардың орындалуын және тағы басқада қамтамасыз ететін жұмыстарының
арқасында болады. Банк үшін банктің қызмет етуін толықтай қамтамасыз ететін
және оны жергілікті жағдайларға сәйкес ұйымдастыру құрылымын қалыптастыруда
өте маңызды.
Рационалды басқару принципі банктің дамуы немесе дамуын қамтамасыз ету,
мысалға жаңа қызметтер ендіру, нарықты зерттеу, шығындарды қысқарту және
тағы басқалар.
Банкті ұйымдастыру жүйесі бақылауды қамтамасыз ету принципіне сәйкес
болуы тиіс. Бұл жерде негізгі элементке Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкісінің нормаларына орындалған операцияларының сәйкестігін бақылауды
қамтамасыз ететін ішкі және сыртқы аудит жатады.
Банк құрылымының ішкі бақылауын қамтамасыз ету принципі қызметкерлердің
іс - әрекетінің тәртібін белгілеу арқылы жүзеге асады. Оған сәйкес банкте
құжаттар болады, мысалға жарғы, бөлімдер және қызмет бөлімдеріне арналған
ереже, қызметтерге сәйкес әдістемелер. Банктің барлық қызметкерлері осы
аталған немесе басқа да құжаттарда көрсетілген өз міндеттерін біліп,
ережелерді орындаулары тиіс [4, б.124].
Соңынан келе банк тұрақтылықты және сенімділікті дер кезінде қамтамасыз
ете алатындай жылдам және жеткілікті информацияның келіп тұруы тиіс және
оны өңдеудін жаңа әдістері болуы тиіс.
Дамыған елдерде менеджмент өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды
факторларының бірі болып табылады. Ал менеджменттің негізгі мақсаты
-басқарудың рационалды жүйесі жолымен пайда табу.
Банктік менеджмент белғілі бір ерекшеліктерге ие. Банк қоғамдық
капиталды басқарады, сақтайды және клиенттердің ақша құралдарының
қауіпсіздігіне иелері алдында жауап береді және тек өзінің ғана емес жеке,
сонымен қатар қоғамдық мүдделерді де көздейді. Мүдделердің мұндай
үйлесімділігі банкке әрқашан тән болған, онсыз баланс өтімділігін, яғни
оған қоса ақша нарығындағы банк тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкін емес.
Коллективті және жеке мүдделердің үйлесімділігі банктік менеджмент
мазмұньшан көрініс табады және банктік менеджмент мақсатының келесідей
құраушы ерекшеліктерін анықтайды:
1. банк жұмысының рентабелділігін ақша нарығы жағдайында шаруашылық
жүргізуші субъект ретінде қамтамасыз ету;
2. банк сенімділігінің кепілі ретінде банк балансының
өтімділігін қамтамасыз ету, кредиторлар мен салымшылардың мүдделерін
сақтау;
3. клиент қажеттіліктерін серіктестік байланыстың тұрақтылығын және
ұзақтығын қамтамасыз ететін банкпен көрсетілетін қызметтердің сапасының
құрылымының, көлемінің максималды қанағаттандыруы;
4. берілген коллективтің өндірістік, коммерциялық және
әлеуметтік проблемалары шешімдерінің жетістікті үйлесімділігі:
5. - мамандардың жеке қабілеттіліктерін толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін дайындау, қайта дайындау және орналастырудың тиімді жүйесін жасау.
Аталған мақсаттар банктік менеджментті бірқатар сандық, сапалық және
әлеуметтік көрсеткіштердің орындалуына бағыттайды.
Банк іс - әрекетінің жалпы нәтижелерін талдау және бағалау үшін банк
клиеттерінің және олардың шоттарының саны, банкпен көрсетілетін қызметтер
және операциялар көлемі, депозиттер көлемі, несиелік және инвестициялық
салымдар көлемі сияқты сандық көрсеткіштер қолданылады.
Сапалық көрсеткіштерді бірнеше бөлімдерге бөлуге болады. Бірінші
табыстар және шығыстар көрсеткіштері тобының көмегімен банк рентабелділігін
басқару жүзеге асады. Құралдар айналымының жылдамдығы, операцияларды
жетілдіру шығындарының еңбек сыйымдылығы, құжаттар айналымының жылдамдығы -
бұл көрсеткіштер екінші топты құрайды. Үшінші топқа қызметтердің сапасы,
көлемі, құрылымы бойынша клиент сұранымдарының қанағаттану деңгейінің,
информация құпиялылығыньщ, іскерлік келіссөздер құпиялығын қамтамасыз
етілуінің көрсеткіштері кіреді.
Әлеуметтік көрсеткіштер коллектив мүшелерінің кәсіби дамуын, олардың
еңбекке қатынсын, әлеуметтік проблемалардың шешімдерін табу деңгейін
мінездейді немесе көрсетеді.
Банктік менеджменттің басқа ерекшілігі банк қызметінің мемлекет
тарапынан ақша иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында реттелуімен
байланысты. Сондықтан басқаруды ұйымдастыруда өз бетінше шешімдер
қабылдауда белгілі бір шектер орын алуы тиіс және де әрдайым өзгеріп
отыратын ақша нарығы конъектурасында белгіленген нормативтер мен
заңдылықтарды есепке ала отырып банк балансының ұтымдылығын қамтамасыз ету
жолдарын іздеу қажет.
Банк іс - әрекетін басқарудың ерекшелігі болып басқару өрісінің
кеңдігі, қаржылық операцияларды орындаудағы қомақты тәуекелдердің болуы
жатады.Бұл тәуекелдерден құтылу үшін жауапты шешімдерді коллективпен бірге
қабылдау принципі қолданылады.
Қазіргі жағдайларда тек қана үздік экономикалық бөлімдерді ғана емес,
сонымен қатар психология негіздері, құқық, іскерлік, этика сияқты білімді
игеру, банк маманын дайындаудың ерекшілігін көрсетеді. Банк менеджменті
мазмұнының анықталған ерекшеліктері қызметкерлердің негізгі контин-гентінің
әйелдерден құралуынан пайда болады. Осыған байланысты коллективтегі
әлеуметтік пролемалардың шешімдерін табуға, сонымен қатар өндірістік
атмосфераның жағымдылығын қамтамасыз етуге түсінбеушілік жағдайларды
туғызбауға үлкен мағына беріледі [5, б.12].
1996 жылдың соңында Қазақстанның банк жүйесінде дағдарыс байқалды.
Банктердің 20-25%-ы капитал жеткіліктілігінің төмен коэффиценттерін және 13
банк кері коэффициент көрсеткіштерін иеленді. Бұл оқиға көптеген банктердін
қалыптасқан жағдайға дұрыс икемделе алмағандығын және олардың банктік
менеджменттің әдіс - тәсілдерін жетілікті көлемде меңгермегендігін
көрсетеді.

Кесте 2 - ҚР-ғы коммерциялық банктердің сандық құрамы.

01.01.03 01.01.04 01.01.0501.01.06
Екінші деңгейлі банктердің саны, 37 35 35 34
оның ішінде
- шетелдің қатысуымен банктер 17 16 15 14
- жарғылық капиталда мемлекеттің 1 2 1 1
100% қатысуымен
Екінші деңгейлі банктердің 368 355 385 418
филиалдарының саны
Екінші деңгейлі банктердің 1020 1023 1106 1312
есеп-кассалық бөлімшелерінің саны
Екінші деңгейлі банктердің 8 10 11 17
шетелдегі өкілеттілігінің саны
Қазақстан Республикасындағы 14 20 18 18
банк-резидент еместердің саны
Казахстан за годы независимости Информационно-аналитический сборник. ҚР
статитика Агенттілігі [6, б.53], 2006 жыл

90-шы жылдардың басында банктердің саны 200-ден асты, олардың көбісі
сол жылдардың өзінде жойылып кетті. Ал жоғарыда аталғандай банк жүйесіндегі
дағдарыс басталған 1996 жылдан бері банктер саны жоғары қарқынмен азайды.
Банк санының азаю процесі әлі де жалғасуда, бірақ өте баяу қарқынмен. Әрине
бұл процеске ақша айналысының жылдамдығы, ақша массасының көлемі, клиенттер
саны сияқты факторлардың да әсері зор. Әйтседе негізгі фактор банктік
менеджмент болып табылады, яғни банктік менеджменттің ғылыми және
тәжірибедегі әдіс-тәсілдерінің толық меңгерілмегендігі немесе көңіл
аударылмағандығы. Бұған дәлел келтірсек қазіргі кездегі Қазақстандағы
банктеріміздің белгілі бір салаларды өзара иемденуі және клиенттер базасын
толықтай біршама бөліп алуы жағдайында да Наурыз Банк сияқты үлкен
банктердің дәрменсіздікке ұшырауын атап өтуге болады. Бұл аталған
дәйектердің барлығы Қазақстандағы банктік менеджментке қажеттілікті
көрсетеді.

1.2 Коммерциялық банктердің экономикалық іс-әрекетін басқару.

Банктің экономикалық іс - әрекеті өте ауқымды және оны осы бір бөлімде
ашу немесе қамту мүмкін емес, сондықтан да бұл бөлімде активтерді,
пассивтерді, банк капиталын және өтімділікті басқару стратегияларын
қарастыру мақсатын қойдық.
Банктік активтер және пассивтер портьфелі - бұл жоғары пайдаға және
қолайлы тәуекел деңгейіне жету үшін қолданылатын біртұтас бүтіндікке
жатады. Активтер мен пассивтерді бірге басқару банкке депозиттер және
заимдарды іскерлік активтіліктің циклдық ауытқуларынан және маусымдық
ауытқуларынан қорғаудың құралын, сонымен қатар банк мақсаттарын жүзеге
асыруға ықпал ететін активтер портфелін қалыптастыру үшін
қажет құралдарын береді. Активтер мен пассивтерді басқарудың мәні банк
балансының құрылымын оның стратегиясымен сәйкестендіруге әкелетін
тактикаларды қалыптастыруда және іс - шараларды жүзеге асыруда.
Активтерді басқару - бұл өзіндік және тартылған қаражаттарды
орналастырудың тәртіптері және жолы, яғни бұл нақты ақшаға, несиелерге,
инвестицияларға және басқа активтерге бөлу. Қаражаттарды орналастыруда
ерекше назар несиелік операцияларға және бағалы қағаздарға, инвестицияларға
аударылады.Қаражаттарды орналастырудың проблемаларының шешімі болып қолайлы
тәуекел деңгейіндегі және барынша жоғары табысты әкеле алатын активтерді
сатып алу жатады [7, б.158].
Банкпен тартылған қаражаттардың басым бөлігі талап ету бойынша немесе
өте қысқа мерзімді хабарландыру, бойынша төленуге тиіс. Сондықтанда банкті
басқарудың дұрыс шарты немесе жағдайы болып салымшылардың талаптарын және
банк клиенттерінің несиеге деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын нақты
ақшаның болуы мүмкіндігін қамтамасыз етуді жатқызуға болады.
Қаражаттарды орналастыруда банктің алдында әрдайым өтімділік және
табыстылық арасындағы дауды шешу мәселесі тұрады. Банк акцияларын
ұстаушылар ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға қаражат салу, несиелік
қабілеттіліқтері күдікті несие алушыларды несиелеу және қолданылмайтын
қалдықтарды қысқарту есебінен алынатын барынша жоғары табыстарға
қызығушылық танытады,бірақ бұл әрекеттер банктің салымдарды қайтару және
ескі клиенттері тарапынан несиеге сұранысты қанағаттандырудағы өтімділікті
нашарлатады. Табыстылық - өтімділік екеуінің біреуін таңдап алуды
(дилеманы) шешуге әрекеттерде активтерді басқарудың үш жолы бар. Бұл
әдістердің әрқайсысының кемшіліктері және артықшылықтары бар. Нақты
мәселелерді шешкенде коммерциялық банктің менеджері активтерді басқарудың
кез - келген әдісін немесе олардың үйлесімділігінің элементтерін қолданса
болады. Қаражаттардың жетіспеушілігі кезеңінде ортақ қор әдісі қаражаттарын
кеңінен қолдануға болады. Екінші әдіс - активтерді бөліп тарату немесе
қаражаттарды конверсиялау, үшінші - ғылыми басқару немесе ЭЕМ - ді
қолданумен байланысты. Әдістердің кез - келгенін қолданғанда қаражаттарды
тарту бойынша шекті шығындарды активтік операциялардан түсетін шекті мүмкін
табыстар мен мұқият сәйкестендіру қажет. Ортақ қорлар қаражаты әдісінің
негізінде барлық қаражаттарды біріктіру принципі жатады. Банкке қаражаттар
талап ету депозиттері, жинақ, мерзімді салымдар, сонымен қатар банктің
өзіндік капиталын қосқандағы әртүрлі көздерден түседі. Одан кейін бұл
қаражаттар сәйкес деп саналған активтер бойынша орналастырылады. Бұл
моделде банктің алдына қойылған мақсаттарға жетуге үлесін қосып жатқанда
қаражаттардың қандай көздерден түскендігі маңызды емес. Активтерді
басқарудың бұл әдісі келесі үлгіде сипатталады (сызба 1).

Сурет 1- Активтерді басқарудың әдісі

Ескерту: Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары-кітабынан
алынған.

Бұл әдіс менеджерлерден өтімділік және табыстылық принциптерінің
теңдігінің сақталуын талап етеді.Қаражаттарды осы принциптерге сәйкес ак-
тивтік операцияларға орналастырады.
Банкирлер ерекше көңілді алғашқы резервтерге аударады, себебі олар
несие алуға өтініштерді қанағаттандыру үшін және депозиттерді дер кезінде
қайтару үшін тез қолданыла алады. Бұл банк өтімділігінің басты көзі.
Алғашқы резервтерге мыналар жатады:
• касса;
• орталық банктегі корреспонденттік шоттағы және өзге де шоттардағы
ақшалай қаржатар;
• басқа да коммерциялық банктердегі корреспонденттік
шоттағы
қаражаттар;
• инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де шоттардағы ақшалай
қаражаттар.
Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің
негізгі көзі болып табылады.
Екінші реттегі резервтер - бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де
жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тә-
уекелмен, кішкене ғана кешіктіріп қолма - қол ақшаға айналдыруға бола-
ды.Кейбір шетелдік әдебиеттерде оларға мыналарды жатқызады:
вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар жатады;
талап етілетін несиелер (онкольдық);
бірінші класты қарыз алушыға берілетін несиелер.
Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты - алғашқы
резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады. Алғашқы және
екінші ретті резервтердің көлемін анықтағаннан кейін банк клиенттеріне
несиелер ұсына алады. Несиелер - бұл банк активтерінің басты бөлігі, ал
несиелер бойынша табыстар - банк табысының ең қомақты бөлігі.
Қаражаттарды орналастырудағы ең соңғы кезекте бағалы қағаздар
портфелінің құрылымы тұрады. Инвестиция портфелінің тағайындалуы -банкке
табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің
жақындауы шегінде екінші кезекті резервтерді толықтыру. Жоғарыда атап
өткендей екінші реттегі резервтерге шетелдік әдебиеттер бойынша не
кіретіндігін атасақ, ал бізде олармен қатар осы бағалы қағаздар портфелі
және ссудалық шоттардағы қаражаттар да жатады. Бұл қаражаттардың ортақ
қоры әдісі бір жағынан активтерді басқару әдісі болса, екінші жағынан
өтімділікті басқарудың негізгі әдісі болып табылады. Активтерді орналастыру
әдісі банкке қажетті өтімді қаражаттардың көлемі қорларды тарту көздеріне
тәуелді екенін көрсетеді.
Активтерді қаражаттарды конверсиялау әдісімен
басқарудың схемасы (сурет 2)

Сурет 2- Активтерді қаражаттарды конверсиялау әдісімен
басқару

Ескерту: Г.С.Сейтқасымов Банковское дело кітабынан алынған [8,
б.138].

Осы әдістің көмегімен қаражат көздеріне міндетті резервтер нормасымен
және олардың айналым жылдамдығына сәйкес шек қойылады. Мысалы, талап ету
депозиттері мерзімді депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің жоғары
нормасын қажет (талап) етеді және олардың айналым жылдамдықтары да басқа
салымдарға қарағанда жоғары. Бұл моделде банкте орталықтар немесе банк
ішіндегі банктер пайда болғандай болады - талап ету депозиттерінің банкі,
жинақ салымдарының банкі, мерзімді салымдар банкі және негізгі капитал
банкі. Қазіргі кезде банк өтімділігін басқаруда осы әдіс банктегі банктер
әдісі деп аталады. Қаражаттардың өтімділік және пайдалылық тұрғысына қарай
әртүрлі орталықтарға тиістілігін белгілеп алып, олардың әрбір орталықтан
орналастырылу тәртібі анықталады.
Талап ету депозиттері ең жоғарғы өтімді активтермен жабылуды қажет
ететіндіктен және жоғары айналым жылдамдығына ие болған соң, талап ету
депозиттері орталығынан маңызды бөлік алғашқы резервтерге бағытталады,
қалған бөлігі артықшылықпен екінші ретті резервтерге, қысқа мерзімді
мемлекеттік бағалы қағаздарға инвестициялау жолымен орналастырылады және
тек үлкен емес сомма ғана несиелер ұсынуға соның ішінде тек қысқа
мерзімдісіне тағайындалуы мүмкін. Ал мерзімді депозиттер банкінен
қаражаттар бұған қарама - қарсы орналастырылады. Оның маңызды бөлігі екінші
ретті резервтерді қалыптастыруға, соның ішінде орта және ұзақ мерзімді
несиелерге, ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағытталады. Банктік инвес-
тицияларды реттеу активтерді басқарудың дербес бағыты болып табылады. Бұл
әдістің құндылығы болып өтімді активтердің үлесін азайту және инвестициялар
мен несиелерге қосымша қаражаттар салу болып табылады, ал бұл өз кезегінде
пайда нормасының ұлғаюына алып келеді. Пайда нормасын ұлғайту жинақ
мерзімді депозиттерге және негізгі капиталға қарсы тұратын өтімді
активтердің шығынын жоюмен жүзеге асады [9, б.76].
Қарастырылған екі әдісте актив және пассив бөлімдерінің арасындағы
байланысты талдауда басқарудың қарапайым тәсілдерін қолдануға әкеледі. Олар
барлық инвестициялауға мүмкін қаражаттарды орналастыру, пайданың жеткілікті
нормасын қамтамасыз ететіндей және өтімділікті шектелген шегінде
операцияларды жүзеге асыру жолдарын көрсетеді.
Ғылыми басқару әдісі банктің экономикалық іс - әрекетінің проблемаларын
шешуге барынша күрделі жолдарды талап етеді, ол математикалық әдістермен
ЭЕМ қолдану арқылы нақты проблеманы шешудің бірнеше вариантын жасау және
олардың ішінде барынша тиімдісін таңдап алу болып табылады.
Пассивтік операцияларды басқару. Пассивтік операцияларды басқару кең
мағынада салымшылардың қаражаттарын тартумен, басқа да кредиторлармен және
банк үшін қаражат көздерінің тиісті комбинациясын анықтаумен байла-нысты іс
- әрекет түсіндіріледі. Ал тар мағынада - бұл банктің өтімділігін қол-
дауға, нарьщтағы несие ресурстарын жұмылдыруға бағытталған іс-әрекет . Пас-
сивтерді басқаруда банктер тартылған қаражаттардың шығындарын минимал-
дайтын көздерді қолдануға ұмтылуы керек , бұл банктің иелігіне табыстарды
және капиталды өсіру үшін көп жаңа қаражаттар қалдырады. Сонымен қатар
банкке депозиттердің, заимдық қаражаттардың және капиталдың көлемдері
арасында қолайлы қатынастарды таңдау қажет. Олар қорлардың жағымды қажетті
тұрақтылық деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл банкте барынша
жоғары деңгейдегі тәуекелді және ұзақ мерзімді инвестицияларды талап ететін
жоғарғы табысты активтер ұстауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік деңгейде
орталық банктер, пассивтерді басқара отырып несиелік экспонсия (кеңею) және
несиелік рестрикция саясатын жүргізеді. Несиелік ресурстар нарығында Ұлттық
банк екінші деңгейлі банктерге және үкіметке несие шектерін белгілейді,
сонымен қатар ол коммерциялық банктердің пассивтерінің қалыптасуына әсер
етеді. Бірақ бұл, тұтқаларды қолданғанда инфляцияға алып келетін
шаруашылықтарды асыра несиелеу немесе төлемсіздіктің пайда болуына алып
келетін жеткіліксіз несиелеуге алып келетін шаруашылықтардың ақша
ресурстарына қажеттілігі ескерілмейді. Екінші тұтқаға несие ресурстары
нарығындағы ұсыныс пен сұраныс заңдарын ескеретін - дисконт жатады.
Дисконттардың жоғарылауымен несие ресурстарына сұраныс төмендейді,
сәйкесінше екінші деңгейлі банктердің бос резервтер көлемі және жаңа
пассивтерді қалыптастыру мүмкіндігі төмендейді. Дисконтты төмендете отырьш,
Ұлттық банк коммерциялық банктердің пассивтік шоттарына ақша қаражаттарын
ұлғайтатын коммерциялық банктердің бос резервтерінің көлемін және сұранысын
жоғарылатады. Пассивтерді басқарудың құралына Ұлттық банктің валюта
нарығындағы және бағалы қағаздар нарығындағы операциялар жатады. Ұлттық
банк валюталардың өте ірі иесі болып, коммерциялық банктерге валютаны сата
отырып несие рестрикциясының саясатын жүргізеді, ал валютаны сатып ала
отырып несие экспонсиясы саясатын жүргізеді.Ұлттық банк барынша өтімді
мемлекеттік бағалы қағаздардың папкаларына ие болады. Ұлттық банк бұл
бағалы қағаздарды сата отырып екінші деңгейлі банктердің бос резервтерін
төмендетеді, ал бағалы қағаздарын сатып ала отырып- коммерциялық банктердің
бос резервтерін және олардың пассивтік шоттарда жаңадан ақшалар
қалыптастыру бойынша мүмкіндіктерін жоғарылатады. Ақша - несиелік реттеудің
құралдарының екінші жиынтығы Ұлттық банкпен белгіленетін нормалар,
нормативтердің қолданылуымен байланысты.
Ұлттық банк нормативтерді төмендете отырып коммерциялық банктерге
пассивтік шоттарында жаңа ақшалар қалыптастыруға мүмкіндік береді, ал
жоғарылата отырып банктердің пассивтік шоттарында ақшалар қалыптас-тырудың
мүмкіндіктерін қысқартады.
Пассивтерге әсер етудің бір құрамына банктің ағымды өтімділігінің
нормативі жатады:

Қолма-қол ақша қаражаттары және жылдам
өтімді активтердің соммасы
К4=
Талап ету депозиттерінің сомасы

Ұлттық банк өтімділік коэфициентін жоғарылата отырып пассивтік шоттарда
жаңа ақшалар қалыптастыру мүмкіндігін төмендетеді, ал оны азайта отырып -
банктердің эмиссиондық мүмкіндіктерін арттырады [10, б.7].
Банк капиталын басқару. Өзіндік капитал - бұл ұйымдастыру формасына
тәуелсіз, кез - келген кәсіпорынның қаржылық ресурстарының маңызды бөлігі.
Банк капиталына банк иелерімен салынған қаражаттар, резервтер және
бөлінбеген пайда жатады.
Акционерлік капиталдың және банк қаражаттарының құрылымында оған
теңестірілген бөлімдердің банктердің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі
үлкен.
1- шіден, өзіндік капитал жеткілікті көлемдегі депозиттер тартылғанға
дейін банктің қызмет етуіне және ұйымдастырылуына қажет. Жаңа банкте
қаражаттар, ғимараттар, құрал - жабдықтар алу үшін ,қызметкерлерге ақы
төлеу үшін және тағы басқаларға қажет.
Екіншіден, капитал банкте клиентер сенімін қолдайды және кредиторларды
оның қаржылық күштеріне иландырады. Капитал экономиканың құлдырау кезеңінде
заим алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға банктің қабілетті
екендігіне олардың сенімділігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы керек.
Үшіншіден, капитал ұйымдық өсуді және жаңа қызметтер, программалар және
құрал - жабдықтар қалыптастыруды қаражат- тармен қамтамасыз етеді.
Капиталдың төртінші қызметі - банкке ірі күтпеген шығындар немесе
төтенше шығындар қалыптасқан жағдайда басқарушьтлардың бұлардың шешімдерін
тапқанға дейін операцияны жалғастыруға мүмкіндік беретін -қорғау кепілдік
қызметі жатады. Өзіндіқ қаражаттары тиімді басқару банк табыстылығын
жоғарылатуға және салымдардың сақтаулығын қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді.
Барынша жоғарғы пайдаға жету қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы
қағаздардан несиелер ұсынуға өту жолымен мүмкіндік болады. Өтімділікке
деген қосымша қажеттіліктер немесе міндетті резервтерді ұлғайту несие
портфелі немесе бағалы қағаздардың бір бөлігін қолма - қол ақшаға айналдыру
жолымен қанағаттандырылады. Салымдар тарту мәселесін шешкеннен кейін
менеджер талап етілетін өтімділіктің көлемін есепке ала отырып тартылған
қаражаттарды инвестициялаумен немесе оларды несиелерге ұсынумен айналыса
бастайды. Өтімділікті және табыстардың өсуін қамтамасыз ету үшін банк
өзінің қысқа мерзімді қарыздары және депозиттік шоттары арқылы реттеуіне
болады. Пайыздық ставкілердің төмен кезінде берілген, қамтамасыз етілмеген
міндеттермелер одан да жоғарырақ ставкілер бойынша табысты инвестицияларға
арзан қаражат көздері болуы мүмкін. Өзіндік қаражаттарды басқарудың тиімді
құралы болып банк акцияларының, нарықтық бағасын аттыруға және қосымша
акцияларды барынша жоғарғы бағалармен сатуға мүмкіндік беретін дивидеттер
саласындағы саясат табылады.
Бұл саясат өзіндік капиталдарды орындау үшін пайданың бір бөлігін ұстап
қалудан гөрі, артығырақ болып көрінуі мүмкін. Ақша қаражаттарын акцияларды
шығару және орналастыру жолымен табу (мобилизация) - бұл банк үшін қымбат
және барлық уақытта қолданыла бермейтін қаржыландыру әдісі. Сондықтан
банктердің басқаруы және банктерді қадағалау органдары капитал және банк
балансының басқа бөлімдері арасындағы қолайлы қатынасты табуға ұмтылады.
Капитал жеткіліктігінің басты жалпыланған көрсеткішіне Базельдік келі-
сімге сәйкес тәуекелді активтердің коэфициенті жатады:

Тәуекелді активтер Банк капиталы
коэфициенті =
Тәуекел деңгейлері бойынша
өлшенген активтер соммасы

Қазақстан Республикасының ¥лттық банкімен бекітілген өзіндік қаражаттар
жеткіліктілігі (коэфициент түріндегі өзіндік капитал) нормативі: бірінші
деңгейлі өзіндік капиталдың банк активтерінің сомасына қатынасы және
банктің өзіндік капиталының тәуекел деңгейлері бойынша өлшенген активтер
сомасына қатынасы.
Банктің бірінші деңгейлі өзіндік кпиталының оның барлық активтерінің
сомасына қатынасы 0,06 - дан кем болмауы тиіс:

К1 = К1 А-П
Мұндағы К1 - бірінші деңгейлі өзіндік капитал;
А - барлық активтер сомасы;
П - қалыптасқан резервтер (провизиялар).
Банктің өзіндік капиталының оның тәуекел деңгейлері бойынша өлшенген
активтер сомасына катынасы 0,08 - ден кем болмауы тиіс:

К2 = Ар -Пс

Мұнда К2 - банктің өзіндік капиталы;
Ар - тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтер сомасы;
Пс - арнайы резервтер (шығынды және күмәнді несиелер бойынша
қалыптасқан провизиялар) қосылған өзіндік капиталға енбеген, қалыптасқан
жалпы резервтер сомасы.
Өзіндік қаражаттар (банктің өзіндік капиталы - К) екі деңгейден тұрады.
Өзіндік капитал (К) банктің акцияларға салынған инвестициялары және
басқа заңды тұлғалардың субординирленген қарыздарын шгергендегі I деңгейлі
және II деңгейлі (I деңгейлі капиталдан аспайтын мөлшерде) капитал сомасы
ретінде саналады.
Бірінші деңгейлі капитал (К1) кұрамына келесі компоненттер кіреді:
а) тіркелген көлемнің шегіндегі төленген жарғылық кор;
ә) қосымша капитал;
б) өткен жылдардағы табыстар есебінен кұралған қорлар, резервтер,
өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы шегерілген;
в) материалдық емес активтер;
г) өткен жылдардағы шығындар (убытки);
ғ) ағымдағы жылдың шығындарының ағымдағы жылдың табыстарынан асуы.
Екінші деңгейлі капитал (Кп) кұрамына келесі компаненттер кіреді:
а) ағымды жылдың табыстарының ағымды жылдың шығыстарынан асуы;
ә) негізгі кұралдарды және бағалы қағаздарды қайта бағалау;
б) тәуекел деңгейлері бойынша өлшенген активтер сомасының 1,25%
-нан аспайтын соммадағы жалпы резервтер (провизиялар);
в) бірінші деңгейлі капитал соммасының 50% - нан аспайтын
соммадағы, субординирленген мерзімді қарыз.
Субординирленген қарыз - бұл депозит болып табылмайтын, банкті тарату
жағдайында (қалған мүлікті акционерлер арасындағы бөліске түсер алдында) ең
соңғы кезекте қанағаттандырылатын жазбаша келісілген, банктің қамтамасыз
етілмеген міндеттемесі.
Екінші деңгейлі капиталға енетін субординирленген мерзімді қарыздың
бастапқы өтеу мерзімі 5 - жылдан кем болмауы тиіс, сонымен бірғе соңғы бес
жылдың ішіндегі әрбір жылда өзіндік капиталдың есебінен 20% - дан
субординирленген қарыздың бастапқы сомасы шегеріледі.

1.3 Коммерциялык банктердегі адам ресурстарын немесе персоналды
баскару.

Адам ресурстарын өте тиімді пайдаланатын банк, қызметкерлерін жақсы
жұмыс жағдайымен қамтамасыз етіп өз мекемесінің сенімділігін нығайтып
тұрақтылығын калыптастырудың негізгі бағыттарын игергені [11, б.15].
Адам ресурстарын басқару барлық жетекшілермен жүзеге асырылады,
сондықтан басқарудың аумағына жоғарыдан төменгі деңгейге дейінгі банк
жұысшыларының барлығы енеді.
Мақсаттарға жетудің тиімді шешімін таба алатын, жағдайды тез бағалай
алатын және істің даму болашағын болжай алатын жоғарғы деңгейлі кәсіби
маман - басқарушы, менеджменттің орталык тұлғасы болып табылады. Менеджер
ойлау қабілетінің тереңдігі, өз ісін жетік білушілік, тәуекелге бара білу,
табандылық немесе қайсарлык, көзделген жоспарларды жүзеге асыра білу және
коллективте лидерлік қабілетке ие болу сияқты кәсіби және жеке сапалык
белгілерге ие болуы тиіс.
Банктік менеджер банктің клиенті болып табылатын немесе болғысы келетін
кәсіпорындар, фирмалар және тағы басқалардағы менеджмент деңгейін бағалай
алуы тиіс. Бұл бағалау клиенттің несиелік кабілетін талдаудың және онымен
несиелік қатынастар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік менеджменттің сипаты
Қаржы менеджментінің мәні
Банктік тәуекелді басқару
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Банктік менеджменттің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің мәні мен маңызын анықтау
Банк жүйесі басқарылатын жүйе
Қаржы менеджменті банктік менеджменттің құрамдас бөлігі және аясы ретінде
Темірбанк АҚ қаржылық жағдайын талдау
Банк менеджменті, оның мазмұны және ерекшеліктері
Пәндер