Қанның газдық құрамының тұрақтылығын сақтаудың балалардағы ерекшелігі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы БҚММУ

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы:Жалпы медицина

Дисциплина:Қалыпты физиология 2

Кафедра:Қалыпты физиология

Курс:3

Тақырыбы:Қанның газдық құрамының тұрақтылығын сақтаудың балалардағы ерекшелігі.

Орындау әдісі:реферат

Орындаған:Әмірше Олжас

Группа:308 «б»

Бағасы:

Қолы:

Күні:

Ақтөбе 2013ж.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) «Балалар ауруының пропедевтикасы»,

Балаш Түсіпқалиев, Ақтөбе 2002 жыл.

2) «Адам анатомиясы», А. Р. Рахишев, Алматы, 2005.

3) Агаджанян Н. А., Тель Л. З., Циркин В. И., Чеснакова С. А.

Физиология человека, Санк-Петербург, 2000.

4) Адам физиологиясы. Сатбаева Х. Қ., Өтепбергенов А. А., Нілдібаева Ж. Б. Алматы, 2005 жыл.

5) Патофизиология. Нұрмұхамбетұлы Ә.

Алматы, 2007 жыл.

Жоспары:

І. Кіріспе: Қанның газдық құрамы жайлы түсінік.

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Тынысты реттеуде қанның газдық құрамының маңызы (Фредерик тәжірибесі) .

ә) Оттегі мен көмір қышқыл газының қан арқылы тасымалдануы.

б) Қанның газдық құрамының тұрақтылығын сақтаудың балалардағы ерекшеліктері.

ІІІ. Қорытынды.

Тірі организмде тіршілікке қажет газдар өкпеден тінге, тіннен өкпеге жеткізіледі. Оттегі мен көмір қышқыл газ, сондай-ақ азот қанға атмосфералық ауадан енеді. Алғашқы аталған екі газдың мөлшері артерия мен венада бірдей емес, артерияда оттегі, ал венада көмір қышқыл газы көбірек. Өкпеде оттегі ауадан қанға қарай, көмір қышқыл газ қаннан альвеолаға өтеді. Ал тінде керісінше, оттегі қаннан тінге, көмір қышқыл газ тіннен қанға көшеді. Азот - газ алмасуына қатыспайтын бейтарап газ, оның көлемі (1%) артерия мен вена қанында бірдей болады.

Тынысты реттеуде қанның газдық құрамының маңызын Л. Фредерик айқас қан айналым жасаған тәжірибесімен дәлелдеген. Бұл тәжірибеде арнаулы операция арқылы екі иттің күре тамырлары мен ойыс веналары айқастырылып жалғастырылады. Оның нәтижесінде бірінші иттің денесінен қан екінші иттің басына, ал екінші иттің денесінен - бірінші иттің басына баратын болады. Егер бірінші иттің кеңірдегін қысып, оны тұншықтырса (асфиксия), екінші иттің тынысы жиілейді, ол ентіге бастайды (диспноэ) . Оның себебі, тұншықтырудың әсерінен бірінші иттің қанында СО2 көбейіп (гиперкапния), оттегі азаяды (гипоксемия) . Осындай құрамды қан екінші иттің тыныс орталығына әсер етеді де, оның тынысы жиілейді, өкпенің желдетілуі күшейеді. Демек, екінші иттің қанында оттегі көбейіп, көмір қышқыл газы азаяды. Бұл қан бірінші иттің басын қоректендіретіңдіктен, оның тыныс орталығының қозғыштығы төмендеп, тыныс сирейді, немесе тоқтайды.

Сонымен оттегінің жетіспеуі және көмір қышқыл газының қанда жиналуы тыныс орталығын қоздыратын факторлар болып табылады. Тыныс орталығының қозғыштығына қандағы сутегі иондарының концентрациясы да әсер етеді. Оттегі қан арқылы гемоглобинмен қосылыс түрінде(оксигемоглобин-HвО2) тасымалданады. Қалыпты жағдайда 1г гемоглобин 1, 34 мл оттегіні қосып алады. Оттегімен қаныққан 100 мл қандағы оттегі мөлшері қанның оттектік сыйымдылығы деп аталады.

Оксигемоглобиннің ыдырауы (диссоциациясы) . Қан айналысының үлкен шеңбері капиллярларында оксигемоглобин ыдырап, оттегін бөліп шығарады. Бөлініп шыққан оттегі сол арадағы тінге өтеді. Оксигемоглобиннің түзілуі мен ыдырауы қандағы оттегінің кернеу күшіне байланысты. Оксигемоглобин ыдырауын қисық сызық арқылы көрсетуге болады.

Қан айналсының үлкен шеңберіндегі капиллярларын жайлаған көмір қышқыл газы тіннен қанға өтеді. Оның көлемі артерия қанында 52 %, венада 58%-ке жетеді. Мұның 4, 5%-і карбогемоглобин, 2, 5%-і жай еріген газ, 51%-і химиялық қосынды(көмір қышқылы, оның тұздары - NaHCO3KHCO3) .

Қан айналысының кіші шеңбері капиллярларындағы артық көмір қышқыл газ (6%) альвеолаға өтіп, ондағы ауамен бірге сыртқа шығады. Вена қаны артерия қанына айналады. Көмір қышқыл газдың қан арқылы тасымалдануы, қызыл қан түйіршіктері - эритроциттерден қан плазмасына ауысуы сол қанда оттегінің алмасуымен тығыз байланысты.

Газ түрлері
Альвеолада Венада
Артерияда Тінде
Газ түрлері: О2
Альвеолада Венада: 100 → 40
Артерияда Тінде: 100 → 20
Газ түрлері: СО2
Альвеолада Венада: 40 ← 46
Артерияда Тінде:
  1. 60

Ұрық қанында ересек организммен салыстырғанда оттегі аз және көмір қышқыл газы көп болады. Адам ұрығының СО2 60% болса, анасында 45-50% болады.

Жаңа туған нәрестелерде алғашқы дем алған кезде кіндік артериясынан қанды алған уақытта СО2 мөлшерінің жоғары болатыны анықталған. Жаңа туған нәресте қанының газдық құрамы тез өзгеріп отырады. Бірнеше тыныстық әрекеттен соң, оның құрамы альвеолалық ауаның құрамымен бірдей болады. Нәрестенің алғашқы күндері қандағы СО2-ның қысымы жоғарылайды, яғни бала организмінде СО2 өндіруге өкпелік вентиляцияның сәйкессіздігі байқалады. Ары қарай бала қанының газдық құрамы ересек адамның газдық құрамына тез жақындай бастайды.

Тыныс шығару ауасындағы СО2 мөлшері жас ұлғайған сайын азая береді.

О2-нің дем шығару ауасында көп болуы балалар альвеоласына қанға ересектерге қарағанда О2 азырақ кіруімен түсіндіруге болады.

Осылайша, 17 жастағы жасөспірімдерде өкпедегі оттегіні тұтынуы 4, 3-ке, ал 6 жастағы балаларда тек 3, 3-ке тең болады. Бұл көрсеткіш жаңа туылған нәрестелерде 2 есе төмен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патофизиология-2 пәнінен дәріс жинағы
Ішкі секреция бездері. Гормондар
Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромының анықтамасы
Педиатриядағы симуляция негізінде оқыту
Балалардың бас ми инсульті кезіндегі гемостаздың бұзылысы және оның үстемелі емі
Қан жүйесi. Қан жүйесінің ауруларын тексерiп, зерттеу
СЫРТҚЫ ОРТАНЫҢ КЕРІ ӘСЕРЛЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІ ФАКТОРЛАР ӘСЕРІНЕН ТУЫНДАҒАН ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
Есту қабілеті бұзылған балалардың есте сақтау қабілетін дамыту ерекшеліктері
Қан плазмасының құрамы
Спорттық жүзудің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz