Телекоммуникациялық желілердегі коммутация әдістері



Кіріспе
1. Коммутациялық тораптың құрылымы
2. Байланысты орнату тәсілдері
3. Телекоммуникациялық желілердегі коммутация әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Коммутация деп электр тізбектерінің қосылуын, ажыратылуын және ауыстырылуын айтамыз. Коммутация коммутациялық тораптарда жүзеге асырылады. Электрбайланыстың желілерінде коммутация көмегімен абоненттік құрылғылар өзара бір-бірімен ақпаратты жіберу (қабылдау) үшін жалғанады. Абоненттік құрылғылар кейбір жағдайларда желінің соңғы құрылғылары деп аталынады. Коммутация электрбайланыс желісінің құраушы бөліктері болып табылатын коммутациялық тораптарда (КТ) жүзеге асырылады.
Желінің абоненттік құрылғылары абоненттік жолдармен (АЖ) КТ жалғанады. Бір қалада (елді мекенде) орналасқан КТ байланыстырушы жолдармен байланыстырлады. Егер коммутациялық тораптар әр түрлі қалаларда орналасса, онда оларды байланыстыратын байланыс жолдары халықаралық немесе ішкіаумақ деп аталады.
Абоненттік жолдары қосылатын коммутациялық торап коммутациялық станция немесе жай станция деп аталады. Кейбір жағдайларда абоненттік жолдар подстанцияларға (ПС) қосылады. Абоненттік құрылғыны ақпаратты жіберу және қабылдау үшін қолданатын тұлға абонент деп аталады. Ақпаратты желінің бір абоненттік құрылғысынан басқасына жіберу үшін осы құрылғылардың арасында сәйкес тораптары және байланыс жолдары арқылы байланыс орнату талап етіледі. Коммутациялық тораптарда байланысты жүзеге асыру үшін коммутациялық аппаратура орнатылады.
1. Теория сетей связи. Учебник для вузов связи. Под ред. В. Н. Рогинского. - М.: Радио и связь, 1981. -192 с.
2. Абилов А. В. Сети связи и система коммутации. Учебник для вузов. -М.: Радио и связь, 2004. -288 с.

Жоспары

Кіріспе
Коммутациялық тораптың құрылымы
Байланысты орнату тәсілдері
Телекоммуникациялық желілердегі коммутация әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Коммутация деп электр тізбектерінің қосылуын, ажыратылуын және ауыстырылуын айтамыз. Коммутация коммутациялық тораптарда жүзеге асырылады. Электрбайланыстың желілерінде коммутация көмегімен абоненттік құрылғылар өзара бір-бірімен ақпаратты жіберу (қабылдау) үшін жалғанады. Абоненттік құрылғылар кейбір жағдайларда желінің соңғы құрылғылары деп аталынады. Коммутация электрбайланыс желісінің құраушы бөліктері болып табылатын коммутациялық тораптарда (КТ) жүзеге асырылады.
Желінің абоненттік құрылғылары абоненттік жолдармен (АЖ) КТ жалғанады. Бір қалада (елді мекенде) орналасқан КТ байланыстырушы жолдармен байланыстырлады. Егер коммутациялық тораптар әр түрлі қалаларда орналасса, онда оларды байланыстыратын байланыс жолдары халықаралық немесе ішкіаумақ деп аталады.
Абоненттік жолдары қосылатын коммутациялық торап коммутациялық станция немесе жай станция деп аталады. Кейбір жағдайларда абоненттік жолдар подстанцияларға (ПС) қосылады. Абоненттік құрылғыны ақпаратты жіберу және қабылдау үшін қолданатын тұлға абонент деп аталады. Ақпаратты желінің бір абоненттік құрылғысынан басқасына жіберу үшін осы құрылғылардың арасында сәйкес тораптары және байланыс жолдары арқылы байланыс орнату талап етіледі. Коммутациялық тораптарда байланысты жүзеге асыру үшін коммутациялық аппаратура орнатылады.
Соңғы абоненттік құрылғыларды байланыстыруға арналған сызықты және тұрақты құралдардың жиынтығы байланыстырушы жол деп аталады. Байланыстырылатын абоненттік құрылғылардың арасындағы коммутациялық тораптардың саны желінің құрылымына және байланыс бағытына тәуелді. Талап етілетін байланысты жүзеге асыру үшін коммутациялық торап және абоненттік қүрылғы басқарушы сигналдарымен бір-бірімен ауысады. КТ байланыс бір хабарламаны жіберуге жеткілікті уақытқа (мысалы, телефонмен бір сөйлесу үшін) немесе бір хабарламаны жіберуге кететін уақыттан артық ұзақ уақытқа орнатылуы мүмкін. Бірінші түрдегі коммутация - жедел, ал екінші түрі - кросстық (ұзақ уақытты) деп аталады.

1. Коммутациялық тораптың құрылымы

Коммутациялық торап келіп түсеті ақпаратты қабылдауға, өңдеуге және таратуға арналған құрылғы болып табылады.
Өзінің қызметін атқару үшін коммутациялық торапта мынадай бөлшектері болуы қажет (1.1 сурет):
кіретін және шығатын жолдарды (линия) (каналдарды) ақпаратты жіберу уақытында байланыстыруға арналған коммутациялық өріс (КӨ);
коммутациялық өріс арқылы кіретін және шығатын жолдардың арасындағы байланысты орнатуды, сонымен қатар бақараушы ақпаратты қабылдауды және жіберуді қамтамасыз ететін басқарушы құрылғысы (БҚ).

сурет. Коммутациялық тораптың негізгі құраушылары.

Басқарушы ақпаратты қабылдау және жіберу үшін арналған аппаратураға төмендегілер (1.2 сурет) жатқызылады:
регистрлер (Рег), немесе нөмірді қабылдау жинақтары (НҚЖ), кодтық қабылдап-жіберушілер және санақ құрылғылары;
сызықты сигналдарды (өзара әрекеттесу сигналдарын) каналды бөлу үшін кіріс және шығыс желілері (линия) немесе каналдары бойынша қабылдауға, сонымен қатар өзара әрекеттесу сигналдарын торапнің басқару құрылғысынан сигналдарды қабылдауға және жіберуге арналған кіретін және шығатын желілердің (линия) (каналдардың) сызықты жинақтары;
телефон аппараттарын қоректендіруге, байланысты орнату барысында қызметтік сигналдарды қабылдауға және жіберуге арналған шнурлы жинақтар (ШЖ);
байланыс жолдарын кіргізуге және шығаруға арналған құрылғылар (кросс).

2 - сурет. Коммутациялық тораптың құрылымы.

Сонымен қатар торапта электр қоректендіру көздері, дабыл беретін және жүктеме параметрлерін (хабарламалар санын, шығынды, сабақ ұзақтығын және т.б.) есептейтін құрылғы бар.

2. Байланысты орнату тәсілдері

Коммутацияның үш тәсілі бар: каналдардың коммутациясы, хабарламалардың коммутациясы, пакеттердің коммутациясы.
Телефон желілерінде коммутацияның кең тараған түрі каналдардың (байланыс жолдарының) комутациясы. Ол жіберілген мекен-жай бойынша жіберуші мен және қабылдағыштың арасында ақпаратты жіберудің барлық уақытында уақыттың нақты масштабында жол берілетіндігімен сипатталады. Бұл тәсілдің кемшілігі көп жағдайда жол толық қолданылмайды, себебі ақпарат (сөзді хабарлама) ұзақ үзілістермен үзіледі. Бұл каналдарды толық қолданбауға алып келеді, ол өз кезегінде шақырылымға талап етілетін сапалы қызмет көрсетуді ұстап тұру үшін желідегі олардың санын арттыруды талап етеді. Коммутацияның мұндай жүйелерінде шақырудың қызмет көрсету сапасы каналдың және коммутация құралдарының бос болмауынан байланысты орнатудың болмау мүмкіндігімен (шығынды жүйелер) немесе шақыруды күту уақытымен (күтілетін жүйелерде) бағаланады. Аталған көрсеткіштер нормаланады.
Хабарламаларды коммутациялау тәсілі қабылдағышпен ақпарат жіберушінің арасында алдын ала жол орнатылмайтындығымен сипатталады, ал қажетті бағыттағы канал хабарламаның басында жазылған мекен-жай бойынша тек хабарламаны жіберу үшін беріледі, ал үзіліс кезінде бұл канал басқа хабарламаларды жіберу үшін қолданылады. Коммутациялық станцияға (торапқа) келген хабарлама (немесе оның бөлігі - сегмент) сақтаушы құрылғыға келіп түседі. Хабарламаны қабылдап және мекен-жайларды талдағаннан кейін хабарлама қажетті бағытқа жіберу үшін кезекке қойылады. Хабарламаларды коммутациялау жүйесі күтілетін жүйелер болып табылады. Шақыруға қызмет көрсету сапасы бөгелудің орташа уақыты бойынша бағаланады. Хабарламаның коммутация тәсілі нақты уақыт масштабында жұмыс талап етілмеген жағдайда қолданылады. Каналдардың коммутациясымен салыстырғанда хабарламалардың коммутациясының келесідей артықшылықтары болады: каналдарды қолдану жоғарылайды; әр түрлі аумақтарда әр түрлі типтегі каналдарды қолдану мүмкіндігі; торап арқылы өтетін хабарламалар тіркеледі және сақталады.
Пакеттердің коммутациясында хабарламалар пакет деп аталатын көлемі бірдей бөліктерге бөлінеді. Әр пакетке пакет нөмірі және хабарламаны алушының мекен-жайы беріледі. Бір хабарламаның пакттерін жіберу хабарлама коммутациясындағы жіберуге ұқсас және бір немесе әр түрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Шеткі орында пакеттер жинақталады және мекен-жай бойынша беріледі. Пакеттердің коммутациялау тәсілін қолдану бойынша ақпаратты нақты уақыт масштабында жіберуді талап ететін жұмыстар жүргізіледі (ATM технологиялары, FrameRelay және басқалары).
Коммутацияның әр тәсілінің артықшылықтары және кемшіліктері болады және олар ақпараттың белгілі бір түрі үшін белгілі бір жағдайларда тиімді қолданылуы мүмкін.
Коммутациялық техникаға телефон байланысы ең көп әсер еткен, сондықтан коммутациялық техника негізінен соның әсеріне дамыған. Телефонды коммутация техникасының негізін қалайтын негізгі принциптер ақпараттың басқа түрлері үшін коммутациялық құрылғыларды тұрғызу үшін кеңінен қолданылады. Осыған байланысты коммутациялық құрылғыларды тұрғызу принциптері келесі дәрістерде толығырақ баяндалады.

Жіктелу белгісі
Коммутациялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультисервисті желі мүмкіндіктері
Қазіргі заманғы ақпараттық жүйе
Ашық және жабық нөмерлеу жүйелерін зерттеу
Электробайланыс желілерінің жалпы құрылымы
Телекоммуникация желілері және электрлі байланыс жүйелері
Компьютерлік желілерді қорғау жүйесі
ЖЕРГІЛІКТІ ТЕЛЕФОН ЖЕЛІЛЕРІ
Ұялы байланыстың транспорттық желі технологиясын таңдау
Телекоммуникациялық желілердің ортақ құрылымы
Ethernet деректерін тасымалдау протоколы
Пәндер