Қала тұрғындарына онкологиялық көмек ұйымдастырудың өзекті мәселелері



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А)Қала тұрғындарына онкологиялық көмек ұйымдастырудың өзекті мәселелері
Б)Қазақстан Республикасының халқына
онкологиялық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандарты
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Соңғы жылдары халықтын денсаулық сақтау саясаты аймағында қоғамдық денсаулық сақтаудың дамуына негізделеді. Денсаулық сақтау моделін құрастыру мәселесі жоғары дәрежелі көмекті қамтамасыз етіп көп шығынға әкелмейтін, кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының деңгейіне тәуелсіздігі көптеген себептерге байланысты, актуальды мәселе болып табылады. Заманауи технологиялардың медициналық көмек көрсетуде, өз кезегінде адамзаттың кең қабатына арнайы медициналық көмек көрсетудің қол жеткіліктілігін шектеп тез арада құнының жоғарылауына әкеліп соғады. Көптеген елдерде халықтың қартаю мәселесі денсаулық сақтау саласында жоғары шығынға әкеліп соғады. Стационарларда көмек көрсету этаптарында, көптеген дамыған елдерге ұқсас халықтың денсаулығын жақсартатын көрсеткіштерге, үміттендіретін нәтиже бермейді. Денсаулық сақтау жүйесін реформалау осыған байланысты дүние жүзіндегі осы саланың дамуына негізгі бағыт алды.Реформалаудың негізгі бағыты болып: ғылыми дәлелденген медицина позициясынан алдыңғы қатарлы денсаулық сақтау сапасынын бағалауды әдістеу, басқарушылық жүйесінде өзгерістер енгізу, денсаулық сақтауда эпидемиологиялық мәліметтерді іріктеп талдау және шешім қабылдау модельдерін әдістеу, сол сияқты медицина қызметкерлерінің популяциялық деңгейде денсаулықты нығайту қағидаларын, қажеттілігі бойынша алдын алу бағдарламаларын енгізу болып табылады.
Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру және халықтың денсаулығын нығайту, сол сияқты белгілі бір жағдайларда медициналық көмек көрсету, оны алдын алу өз мақсатына жеткен жоқ. Осы қызметтер денсаулық сақтау жүйесінде ең қажетті бөлімдер болып табылады.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулықты нығайту, кадрларды дайындау сұрақтары бойынша негізгі кілті болып есептеледі.денсаулық сақтау жүйесінде адам ресурстарының дамыту мемлекеттің негізгі басымшылығы болып табылады.
1. Субетто А.И. Ұлттық өмір сапасы, денсаулығыжәне мемлекетқауіпсіздігі – тұмыстың негізгі функционалдары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының өлшемдері// «Тринитаризм Академиясы», М., Эл № 77-6567, жарял.10904, 25.12.2003.
2. Қазақстандағы халықтың өмір сүру деңгейі (2011ж.шығарылым) ҚР Статистика агенттігінің статистикалық жинағы.
3. Интернет желісі материалдары

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Марат ОспановатындағыБатысҚазақстанмемлек еттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Факультет:Жалпы медицина

Кафедра:Қоғамдық денсаулық сақтау

Дисциплина: Қоғамдық денсаулық сақтау

Тақырыбы:Қала тұрғындарына онкологиялық көмек ұйымдастырудың өзекті
мәселелері

Орындаған: Құдабаева Г. Б. 310Б

Тексерген: Абилкаирова Б.К.

Ақтөбе 2017ж

Жоспар:

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
А)Қала тұрғындарына онкологиялық көмек ұйымдастырудың өзекті
мәселелері
Б)Қазақстан Республикасының халқына
онкологиялық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандарты
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Соңғы жылдары халықтын денсаулық сақтау саясаты аймағында қоғамдық
денсаулық сақтаудың дамуына негізделеді. Денсаулық сақтау моделін құрастыру
мәселесі жоғары дәрежелі көмекті қамтамасыз етіп көп шығынға әкелмейтін,
кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының деңгейіне тәуелсіздігі
көптеген себептерге байланысты, актуальды мәселе болып табылады. Заманауи
технологиялардың медициналық көмек көрсетуде, өз кезегінде адамзаттың кең
қабатына арнайы медициналық көмек көрсетудің қол жеткіліктілігін шектеп тез
арада құнының жоғарылауына әкеліп соғады. Көптеген елдерде халықтың қартаю
мәселесі денсаулық сақтау саласында жоғары шығынға әкеліп соғады.
Стационарларда көмек көрсету этаптарында, көптеген дамыған елдерге ұқсас
халықтың денсаулығын жақсартатын көрсеткіштерге, үміттендіретін нәтиже
бермейді. Денсаулық сақтау жүйесін реформалау осыған байланысты дүние
жүзіндегі осы саланың дамуына негізгі бағыт алды.Реформалаудың негізгі
бағыты болып: ғылыми дәлелденген медицина позициясынан алдыңғы қатарлы
денсаулық сақтау сапасынын бағалауды әдістеу, басқарушылық жүйесінде
өзгерістер енгізу, денсаулық сақтауда эпидемиологиялық мәліметтерді іріктеп
талдау және шешім қабылдау модельдерін әдістеу, сол сияқты медицина
қызметкерлерінің популяциялық деңгейде денсаулықты нығайту қағидаларын,
қажеттілігі бойынша алдын алу бағдарламаларын енгізу болып табылады.

Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру және халықтың денсаулығын
нығайту, сол сияқты белгілі бір жағдайларда медициналық көмек көрсету, оны
алдын алу өз мақсатына жеткен жоқ. Осы қызметтер денсаулық сақтау жүйесінде
ең қажетті бөлімдер болып табылады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулықты
нығайту, кадрларды дайындау сұрақтары бойынша негізгі кілті болып
есептеледі.денсаулық сақтау жүйесінде адам ресурстарының дамыту
мемлекеттің негізгі басымшылығы болып табылады.

Қала тұрғындарына онкологиялық көмек ұйымдастырудың өзекті мәселелері

Қазіргі заман жағдайында онкологиялық көмекті ұйымдастыру статистикалық
және эпидемиологиялық деректерді талдау арқасында қатерлі ісіктің таралуын
болжау жүйесіне негізделеді. Болжау жүйесі онкологиялық көмекті ұйымдастыру
мәселесінде ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға және басқаруды
ұйымдастыруда өмірге сай жобалар жасауға көмек береді. Квалифицирленген
онкологиялық көмекті беру үшін онкологиялық қызмет мекемелері материялды-
техникалық жабдықталған (аппараттар, реактивтер, дәрі-дәрмек, т.б.), арнайы
даярланған кадрлары бар , және де ақпараттық жабдықталған (қатерлі ісікпен
ауру және өлім көрсеткіштері, қатерлі ісікті ерте анықтау методологиясы
болу , диагностикалау, емдеу , жалпы ем жүйесімен байланыс, санитарлы
–ағарту жұмысынан тұрады) , онкологиялық мекемелер болуы керек. 
 
  Онкологиялық қызметтің негізгі міндеттері : 
1. Онкологиялық ауруларды және науқасты есепке алу.
2. Қатерлі ісікпен ауру және одан өлу анализі.
3. Онкологиялық науқастарға жоғары мамандандырылған көмек көрсету.
4. Диспансерлік бақылау ұйымдастыру. 
5. Онкологиялық қызмет жұмысының анализі.
6. Территориалды қатерлі ісікке қарсы бағдарламалар жасау . 
7. Қатерлі ісікті ерте анықтауға бағытталған шаралар ұйымдастыру және
өткізу жөнінде әдістемелік нұсқауларды орындау .
8. Қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында санитарлы –ағарту жұмыстарын
жүргізу.

Онкологиялық қызметтің негізгі құрылымдық бөлімі диспансер. Онкологиялық
диспансер: республикалық , аймақтық, облыстық , қалалық, аудандық болады.
Олар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің , облыстық ,
аймақтық, қалалық , денсаулық сақтау департаментінің қаармағында болады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің мәселелері туралы ережесінің 16-тармағының 16)
тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына
онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартыбекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Стратегиялық даму департаменті (М.Е. Шоранов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында
орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі
департаменті (Д.Е.Асайынова) мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықты
бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.

Қазақстан Республикасының халқына
онкологиялық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандарты

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді
ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 16)
тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Осы стандарт амбулаториялық – емханалық, стационарлық және
стационарды алмастыратын деңгейлерде онкологиялық науқастарға медициналық
көмек көрсету тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді.
      3. Онкологиялық төсектермен қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 540 бұйрығымен
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу
тізілімінде 2011 жылғы 22 қыркүйекте № 7198 болып тіркелген) (бұдан әрі – №
540 бұйрық) бекітілген Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек
көрсететін ұйымдардың қызметі туралы ереженің талаптарына сәйкес көзделеді.
      4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар болып
табылатын ұйымдарды қоспағанда онкологиялық ұйымдардың штаттары Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238
бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 15 сәуірде № 6173 болып
тіркелген) (бұдан әрі – № 238 бұйрық) бекітілген штат нормативтеріне сәйкес
белгіленеді.
      5. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
      верификацияланған диагноз – зертханалық зерттеу әдістерімен
бекітілген клиникалық диагноз;
      жоғары мамандандырылған медициналық көмек – медициналық ұйымдарда
диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа технологияларын
пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін
медициналық көмек;
      жоғары технологиялық сәулелік емдеу - қатерлі және қатерсіз
ісіктермен ауыратын науқастарға күрделі, бірегей немесе ресурстық
сыйымдылықты медициналық технологияларды (конформдық сәулелік терапия,
қарқынды модулдендірілген және кескіндер бойынша басқарылатын сәулелік
терапия, протондық сәулелік терапия, стереотаксикалық радиохирургиялық және
стереотаксикалық фракциялық сәулелену);
      қатерлі ісіктің химиотерапиясы – пролиферацияны тежейтін немесе ісік
жасушаларын қайтымсыз зақымдайтын дәрілік заттарды емдік мақсатта
пайдалану;
      маммология – сүт бездерінің әр түрлі ауруларының профилактикасына,
диагностикасы мен еміне арналған медицина бөлімі.
      проктология – жуан ішектің әртүрлі ауруларының профилактикасына,
диагностикасы мен еміне арналған медицина бөлімі.
      сәулелік терапия (радиотерапия) – бағытталған және арнайы дозаланған
иондаушы сәулеленудің көмегімен ісіктер мен кейбір ісікалды ауруларды емдеу
әдісі;
      скринингілік бағдарлама – клиникалық симптомсыз адамдардың ауруларын
анықтауға бағытталған халықтың белгілі бір санаттарын тарта отырып,
диагностикалық іс-шаралар бағдарламасы.
      ядролық медицина – онкологиялық ауруларды қоса алғанда адам ағзалары
мен жүйелерінің әр түрлі ауруларының профилактикасына, диагностикасы мен
емі мақсатында радиоактивтік элементтер мен иондаушы сәулелеуді қабылдайтын
медицина саласы.

2. Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек
көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары мен құрылымы

6. Онкологиялық ұйымдар онкологиялық науқастардың профилактикасына,
диагностикасына, емдеу мен медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды
уақтылы өткізу үшін құрылады.
      Осы ұйымдардың негізгі мақсаты онкологиялық аурулардан болатын өлімді
төмендету арқылы халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын ұлғайту болып
табылады.
      7. Онкологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға:
      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ
онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР тұрғындарына онкологиялық көмек ұйымдастырудың өзекті мәселелері
ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
Қатерлі дерттің алдын ал
Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін жасау
Патогенетикалық бағыттағы әлеуметтік медициналық жұмысқа
Семей ядролық сынақ полигонының проблемалары
Семей полигоны және қоршаған орта
Денсаулық сақтаудың және медицинаның жалпы теориялық жүйелік ілімдері
Медициналық көмектің сапасы
Демографиялық саясаттың тарихы
Пәндер