Тұрғындардың физикалық дамуымен байланысты медициналық-әлеуметтік мәселелер



І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім:
а)Денсаулық сақтау жүйелерінің негізгі түрлері
ә) Демографиялық жағдайы.
б)Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі
в)Халық денсаулығының жағдайы
ғ) Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері.
д) Күтілетін нәтижелер.

ІІІ.Қорытынды.
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі – ақпаратты жинаудың, өңдеудің, агрегация мен талдаудың бірыңғай рәсімдері негізінде денсаулық сақтауды басқарудың бүтін құрылымын қамтамасыз ететін, мәліметтерді тапсыру құралдарымен байланысқан, жалпы идеологиямен, классификатор әдістерімен және басқа құралдармен бірлескен бағдарламалық-техникалық құралдар мен технологиялардың кешені.
« Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі» ұлттық жобасын іске асыру үшін негіздеме Денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. БАДСЖ-сін одан әрі жетілдіру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
ҚР БАДСЖ иесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тұлғасындағы мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі» тұжырымдамасына сәйкес бұл жүйенің шеңберінде қызмет ететін әрбір медициналық ұйым ҚР БАДСЖ бағдарламалық жабдықтамасымен қамтамасыз етіледі.ҚР БАДСЖ-н денсаулық сақтау және IT-технологиялар саласындағы отандық мамандар әзірледі және бұл Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды ақпараттандыруды дамытуға үлкен әсерін тигізді.
1.Р.Биғалиева, Ш.Исмаилов.
«Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару». Алматы«Эверо»-2009
2.Интернет материалдары.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан

Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Қоғамдық денсаулық сақтау
Курс: ІІІ
Тақырыбы: Тұрғындардың физикалық дамуымен байланысты медициналық-
әлеуметтік мәселелер

Орындаған: Оспанова А.Т.
Тобы:
310 Б

Тексерген: Абилкаирова Б.К.

Ақтөбе 2017

Жоспары:

І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім:
а)Денсаулық сақтау жүйелерінің негізгі түрлері
ә) Демографиялық жағдайы.
б)Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі
в)Халық денсаулығының жағдайы
ғ) Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері.
д) Күтілетін нәтижелер.

ІІІ.Қорытынды.
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі – ақпаратты жинаудың,
өңдеудің, агрегация мен талдаудың бірыңғай рәсімдері негізінде денсаулық
сақтауды басқарудың бүтін құрылымын қамтамасыз ететін, мәліметтерді тапсыру
құралдарымен байланысқан, жалпы идеологиямен, классификатор әдістерімен
және басқа құралдармен бірлескен бағдарламалық-техникалық құралдар мен
технологиялардың кешені.
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі ұлттық жобасын іске асыру
үшін негіздеме Денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. БАДСЖ-сін одан
әрі жетілдіру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2011 – 2015 жылдарға арналған Саламатты Қазақстан мемлекеттік
бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
ҚР БАДСЖ иесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
тұлғасындағы мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі тұжырымдамасына
сәйкес бұл жүйенің шеңберінде қызмет ететін әрбір медициналық ұйым ҚР БАДСЖ
бағдарламалық жабдықтамасымен қамтамасыз етіледі.ҚР БАДСЖ-н денсаулық
сақтау және IT-технологиялар саласындағы отандық мамандар әзірледі және бұл
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды ақпараттандыруды дамытуға
үлкен әсерін тигізді.

Негізгі бөлім

1.Медициналық-статистикалық жүйе
Емделушілердің медициналық қызметкерлер құрамымен қарым-қатынасқа
түсуінің барлық үдерістерін ақпараттандыруды қамтамасыз ететін емделушіге
бағытталған жүйе.
Дерекқорда емделушіге туған күнінен бастап көрсетілетін медициналық
қызметтер туралы жеке мәліметтер жиналады (медициналық ұйымдарға бару,
өткізілген емдеу-диагностикалық шаралар, анықталған аурулар, емделушіге
тағайындалған және көрсетілген медициналық қызметтер, соның ішінде
қабылданған дәрілік заттар, егер емделу тікелей медициналық ұйымда
өткізілсе, профилактикалық шараларды жоспарлау және орындалуына мониторинг
жүргізу).
Ресурстарды басқару жүйесі
Медициналық ұйымдардағы нақты қажеттіліктерді есепке ала отырып,
кадрлық және материалдық-техникалық жабдықталуының стратегиялық және шұғыл
мәселелерін шешеді, сонымен қатар бірыңғай анықтамалардың және
кодификаторлардың пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізу жүйесі
Ақпаратты жинау, жалпылау және талдау, Республиканың барлық
аймақтарындағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы жергілікті билік
органдарын және Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты құрылымдарын
уақытылы ақпараттандыру міндеттерін шешеді.
Дәрілік қамтамасыз етуді, дәрілік айналымды мониторингілеуді басқару
жүйесі
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық
техниканы өндіру, қозғалыс пен пайдалану үдерістеріне автоматтандырылған
бақылауды жүзеге асырады.
Бұл жүйенің құрамында міндеттердің төрт кешені бөлінген. Бірінші –
дәрілік заттардың нақты және экономикалық қолжетімділігінің мәселелерінде
ақпараттық ресурстарды қалыптастыру бойынша кешен. Екінші – дәрілік
аурулардың және дәрілік өлімнің алдын алу бойынша ақпараттық ресурстарды
қалыптастыру бойынша кешен. Үшінші – амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік
заттарды пайдалану бойынша ақпараттық ресурстарды қалыптастыру бойынша
кешен. Және төртінші – дәрілік заттардың сапасы туралы ақпараттық
ресурстарды қалыптастыру бойынша кешен.
Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесі
Объектілік индикаторлық көрсеткіштерді қалыптастырудың негізінде
көрсетілетін қызметтер бөлігінде медициналық ұйымдар мен қызметкерлер
құрамының қызметін бақылаудың сапасын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Жүйе
медициналық кадрларды қайта даярлауға және аттестациялауға ақпараттық
қолдауды қамтамасыз етеді. Емделушілердің қате диганоздары мен шағымдарының
барлық жағдайлары бұл Жүйеде белгіленген диагноздар мен тағайындалған
медициналық қызметтер туралы қатаң құжатталған ақпараттың негізінде
қарастырылады.
Қаржыларды басқару жүйесі
Саланың қаржылық ағындарын басқаруды жүзеге асырады.

2.Соңғы жылдары Қазақстанда халықтың туу көрсеткішінің 18,42-ден (2005 ж.)
22,75-ге дейін (2008 ж.) өсуі, өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтағаны – 9,74
(2005 ж. - 10,37), тұрғындардың табиғи өсу коэффициентінің 1000 адамға
шаққанда 13,01-ге дейін (2005 ж. - 8,05) артқаны байқалып отыр.
Демографиялық жағдайдың оң өзгеріспен алғажылжуына қарамастан, әйелдер
мен балалар денсаулығының төмен деңгейі сақталып отыр. Ұрпақты болу
денсаулығы мәселесі өзекті күйде қалып отыр, неке құрған 16%-ы бедеу болып
табылады. Ана өлімінің негізгі себептері (2008 ж. тірі туған 100 мың
нәрестеге шаққанда. - 31,2) акушершік қан кету, гестоздар, экстрагениталдық
патология, жоғары көлемде түсік жасатудың салдары және аурушаңдық (жыныстық
қатынас арқылы берілетін жұқпалар, қаназдық) болып қала береді. Бұл жағдай
медициналық қызметтер сапасының жеткіліксіздігінен және оның тиісті
стандартталуының болмауынан де күшейе түсуде.
Нәресте өлім-жітімі көрсеткішінің тірі туылған 1000 балаға шаққанда
15,15-ден (2005 ж.) 20,76-ға (2008 ж.) дейін өсу үрдісі орын алып отыр. Бұл
көрсеткіш дамыған елдер мен ТМД-ның кейбір елдерінің осыған ұқсас
индикаторларынан асып отыр. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінде
(БҚЖИ) Қазақстан нәресте өлім-жітімі деңгейі бойынша жетекші орынға ие,
сонымен қатар статистикалық мәліметтер айырмашылығы тірі және өлі
туылғандардың халықаралық өлшемдерінің негізгі есебінен айқындалған. Сәби
шақтағы өлім-жітім құрылымы дамушы елдер деректеріне сай келеді және алдын
алуға болатын мүмкіндіктері айқындалған (асфиксия, туу кезіндегі жарақаттар
және жұқпалар).
Сәби шақтағы және балалар өлімінің себептерін зерттеу жөніндегі
халықаралық сарапшылардың талдауы бойынша Қазақстанда жыл сайын 0-ден 5
жасқа дейінгі 5 мың бала өледі екен, оларды тең жартысы – жаңа туылғандар.
Сонымен қатар ерте жастағы балалар өлімі көп жағдайда денсаулық сақтау
жүйесінде алдын-алуға болатын мүмкіндіктері бар себептерден де болып
жатады. Осыған қоса Қазақстанда адам дамуының жоғары индексі бар елдерге
қарағанда аналар өлімі 4-10 есе артық. Бұл ретте оның көпшілігі алдын алуға
болатын себептерден де болып жатады.
Аналар мен балалар денсаулығының жеткіліксіз деңгейі, әлеуметтің
елеулі аурулардың таралуы, қоғамдық денсаулықтың төмен деңгейі және кепілді
көлемде ақысыз медициналық көрсетудің тиімсіз қамтамасыз етілуі халық
денсаулығының төмендігін айқындайды.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік елеулі аурулар экономикаға
айтарлықтай зиян келтіреді және болжанып отырған өмір сүру ұзақтығын
төмендетіп отыр, оның деңгейі 2008 жылы 67,11 жасты құраған. 2007 жыл
бойынша бәсекеге қабілеттіліктік жаһандық индексінің (БҚЖИ) мәліметтеріне
қарағанда Қазақстан болжанып отырған өмір сүру ұзақтығы көрсеткіштері
бойынша (64 жас) 101 орынды алады.
Жалпы өлім-жітімнің ең көп үлес салмағын (50,3%) қанайналым
жүйелерінің аурулары (ҚЖА) алады. Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігінің деректері бойынша, 2008 жылы ҚЖА-дан қайтыс болғандар саны
76750 адамды құрады, оның ішінде еңбекке жарамды жастағылардың үлесі (16-62
жас) 25 % құрады.
3.Қазақстан РеспубликасындаДенсаулық сақтау жүйесі 2010 жылғы қаңтар
айының 1 –ші жұлдызынан бастап Біріңғай Ұлттық Денсаулық сақтау жүйесінде
жұмыс атқаруда.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу (бұдан әрі БҰДЖ)
денсаулық сақтау саласында соңғы жылдары қалыптасқан жағдай да алдыңғы
реформалардың сыни бағасының нәтижесі болды және 2010 жылы Елбасының
тапсырмасы бойынша жүзеге асты.

БҰДЖ өзінің қисынды жалғасын 2011-2015 жылдарға арналған Саламатты
Қазақстан атты жаңа мемлекеттік бағдарламадан тапты. БҰДЖ аясында
стационарларда ерте қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту
технологиясын енгізу үшін ресурстар табуға мүмкіндік ашылды, бұл өз
кезегінде болашақта үлкен экономикалық және медициналық тиімділікке қол
жеткізуге мүмкіндік береді. Стационарды ерікті түрде таңдауды қамтамасыз
ету аумақтық тіркелу шекарасын елемей, медициналық қызмет көрсетуді
жеткізушілердің арасында бәсекелестіктің дамуына жағдай туғызатын ақша
науқастың соңынан жүріп отырады деген қағиданы жүзеге асырумен қатар
жүреді.
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ДБҰЖ қабылдау аясында Қазақстан
Республикасының әрбір азаматы өзінің қалауы бойынша кез келген стационарда
тегін көмек алатыны туралы айтылған. Бұл ТМККК – Тегін медициналық
көмектің кепілді көлемі аясында жүзеге асырылуда. Біріңғай Ұлттық Денсаулық
сақтау жүйесі енгізілгеннен бері негізгі мақсаттар атқарылуда: халықты
дәрігерлік тексерумен қамтылуына біріңғай тарифтің тұрақтануы, қол
жетімділік, науқастардың өз қалауымен медициналық ұжымды таңдауы,
медициналық ұжымдар арасындағы бәсекелестік ортаның қалыптасуы. Негізгі
реформа жұмысы науқастың медициналық ұйымды таңдауы және Ауруханаға жатқызу
бюросының Қазақстан барлық өлкесінде ашық жұмыс істеүі. Ауруханаға жатқызу
порталы бұл жоспарлы түрде емдеуге жатқызуға арналған компьютерлық
бағдарлама, барлық деректер дәрігер мен науқасқа қолжетімді. Республиканың
әр тұрғыны тұрған жері мен (прописка) байланыссыз Медициналық мекемені өзі
таңдауына мүмкіндігі бар. Ауруханаға жатқызу бюросының негізгі мақсаты –
бұл ауруды ауруханаға жоспарлы жатқызушылықтың жылдамдығы болып келеді.
Біріңғай Ұлттық денсаулық жүйесінің бір бөлігі болып келген бюро Порталы
жүйенің бірінші қатарлы 2 принципті атқарады. Аурудың өз қалауымен
медициналық ұжымды таңдауы және медициналық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патогенетикалық бағыттағы әлеуметтік медициналық жұмысқа
Қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсi
Адамды қоршаған орта және олардың түрлері
Қазіргі Қазақстандағы байлық пен кедейшілі
Қазақстанның жастарының денсаулық мәселелерін Ақтөбе облысының мысалында талдап, баға беру және шешу жолдарын ұсыну
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
Денсаулық сақтау саласы
Денсаулықтың негізгі көрсеткішінің бірі дене дамуы
Қарт адамдарға әлеуметтік көмек пен қорғау көрсетудегі әлеуметтік қызметкердің рөлі
Пәндер