Логикалық элементтер ұғымы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлтық Техникалық Зерттеу Университеті

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты

Электротехника, электроника және телекоммуникация кафедрасы

http://www.spmrk.kz/images/banners/partners/kaznitu.png

СӨЖ

Тақырыбы: Логикалық элементтер

Жұмысты орындау сапасы
Бағалау аралығы

Орындаған

%

№: 1
Жұмысты орындау сапасы: Орындаған жоқ, сабаққа себепсіз болмауы
Бағалау аралығы: 0%
Орындаған%:
№: 2
Жұмысты орындау сапасы: Жұмыстың орындалуы және студенттің белсенділігі
Бағалау аралығы: 0-20%
Орындаған%:
№: 3
Жұмысты орындау сапасы: Материалды өзіндік жүйелендіру
Бағалау аралығы: 0-10%
Орындаған%:
№: 4
Жұмысты орындау сапасы: Талап етілген көлемде және көрсетілген мерзімде орындау
Бағалау аралығы: 0-5%
Орындаған%:
№: 5
Жұмысты орындау сапасы: Қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалану
Бағалау аралығы: 0-5%
Орындаған%:
№: 6
Жұмысты орындау сапасы: Орындалған тапсырманың ерекшелігі
Бағалау аралығы: 0-10%
Орындаған%:
№: 7
Жұмысты орындау сапасы: Жұмысты қорғау
Бағалау аралығы: 0-50%
Орындаған%:
№:
Жұмысты орындау сапасы: Қорытынды
Бағалау аралығы:
Орындаған%:

Оқытушы: Тайсариева Қ. Н.

Студент: Тарихов С. М.

Мамандығы: 5B071900

Тобы: РЭТб-14-1к

Алматы 2016

Логикалық элементтер

Жоспары:

  1. Логика ұғымы
  2. Логикалық элементтер
  3. Логиканың функциялары

Логика - пікірлер жөне олардың байланыстары туралы ғылым. Ойлау, пайымдау әдістері туралы алғашқы ілімдер Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды, бірақ оның негізіне грек ойшылы Аристотель құрған ілім жатады. Неміс ғалымы Г. В. Лейбниц (1666 жылы) алғаш рет ойлау, пайымдау заңдарындағы анықталмағандықтың ауызша төрелік етуін және пікірлер арасындағы байланысты математикалық қатынас түрінде анықталатын математика тіліне аударуға тырысты. Жүз жылдан соң ағылшын математигі Джордж Буль математикалық зандылықтарға бағынатын логикалық әмбебап тілді құру туралы Лейбниц идеясын дамытты. Ол өз алдына ерекше алгебраны - барлық объектілерге, атап айтканда, сандар, әріптерден бастап сөйлемдерге дейін колдануға болатын белгілеулер мен ережелердін жүйесін ойлап тапты. Джордж Буль логикалык алгебраның атасы болып табылады.

XX ғасырдын басына дейін логика іс жүзінде дамыған жок, ол тек ЭЕМ теориясының пайда болуынан бастап қана өзінің қаркынды дамуын бастады.
Әрбір ғылым сияқты логика да бірнеше пәндерді қамтиды. Мысалы, формалды логика, математикалык логика, ыктималдық логика, диалектикалық логика және т. с, с. пәндерді атауға болады.
Формалды логика сөйлесу тілімен берілген ігікірлерді талдаумен байланысты.

Ыктималдык логика кездейсок параметрлермен жасалатын сынактың бірнеше серияларын қолдануға негізделген. Алынған нәтиженің дәлдігі жасалынған тәжірибелер санына тәуелді. Мысалы, тиынды лақтырғанда «елтаңба» немесе «жазу» жағының түсу ыктималдығы 1/2-ге тең, яғни тиынды лақтыру саны артқан сайын осы ыктималдық нақтылана түседі.
Математикалык логика дөлелдеулер техникасын зерттейді. Компьютерлер математика пәні сиякты аныктамалар мен дәлелдеулерде нақтылықты және қатаң реттілікті талап етеді. Пікірлер алгебрасы математикалық логика аймағы болып табылады.

Пікірлер алгебрасы-идеал пікірлерге қатысты ақкикат немесе жал¬ган пікір деп тұжырымдауға болатын пікірлерді зерттейтін логикалар алгебрасы. Логикалар алгебрасы пікірдің мағынасына назар аударып, терең қарастырмайды.

Сондықтан логикалар алгебрасы тек екі мағынаға ие болады, яғни пі кірлердің кез келгені «акикат» немесе «жалған» пікірлерінің біреуін ғана сипаттайды.

Қарапайым пікірлер логикалар алгебрасында латынның бас әріптерімен таңбаланады: А = {Абай - қазақ халқының ұлы ақыны}. В = {А. С. Пушкин - ұлы математик}. Акикат пікірге 1 саны, жалғанға 0 саны сейкес қойылады. Сондықтан А=1, В=0.

Құрмалас пікірлер табиғи тілде пікірлер алгебрасында логикалык амалдармен алмастырылатын «және», «немесе», «теріске шығару» сөздері арқылы құрылады. Логикалық амалдар ақиқаттық кестесімен беріледі және графикалық түрде Эйлер-Венн диаграммасы көмегімен бейнеленеді.

Логикалық элементтер - логика алгебрасы ережелеріне сәйкес кіріс сигналдарымен қарапайым логикалық операцияларды (функцияларды) жүзеге асыратын электрондық құрылғылар. Осындай операцияларға логикалық қосу - '''дизъюнкция''' (“немесе”), көбейту - '''конъюнкция''' (“және”), терістеу - '''инвертирлеу''' (“емес”) жатады. Қарапайым Логикалық элементтердің шартты белгілері суретте көрсетілген. Ақпараттық сигналдар ретінде электр кернеуі немесе тогының дискреттік мәндері (деңгейлері) қолданылады. Мысалы:

  • 0 - төмен деңгейге, 1 - жоғары деңгейге сәйкес келеді.

Логикалық элементтер функционалдық белгіленуі, ақпарат беру әдісі, сұлбатех. шешімі және пайдаланылатын электрондық құралдары бойынша ажыратылады. Күрделі Логикалық элементтер қарапайым операциялар орындайтын элементтерді біріктіру арқылы жасалады. Мысалы:

  • “немесе” - “емес”, “және - емес”, “немесе - және - емес”, т. б.

Құрылымдық түрде Логикалық элементтер жекеленген (дискретті) құраушылардан немесе интегралдық сұлба шала өткізгіш, [ (ИС) түрінде гибридті, үлдірлі орындалуы мүмкін. Қазіргі дербес компьютерлерде жоғары дәрежелі интеграциясы бар ИС-дағы Логикалық элементтер жүйелері қолданылады. Логикалық элементтер компьютерлердің, цифрлық автоматтардың элементтік негізін қалайды. ] (пленкалы), т. б.

Цифрлық (логикалық) құрылғылардың кірістері мен шығыстарындағы кернеу мәндері логикалық 0 немесе логикалық 1 деп аталатын екі түрлі деңгейде болады. Логикалық құрылғылардың бұл ерекшелігі оларды жобалау үшін немесе осындай дайын құрылғылардың жұмысын талдау үшін логика алгебрасының (немесе Буль алгебрасының) қағидаларын пайдалануға мүмкіндік береді. Цифрлық құрылғылардың атқарар қызметі сәйкесті логикалық функциялар арқылы сипатталады. Күрделілігі әртүрлі кез келген логикалық функцияны негізгі логикалық функциялар деп аталатын үш функция арқылы суреттеуге болады, олар - ЕМЕС, НЕМЕСЕ, ЖӘНЕ функциялары. Олардың атқарар қызметін кесте түрінде (ол ақиқаттық кестесі деп аталады) немесе сәйкесті логикалық өрнек арқылы суреттеуге болады.

ЕМЕС функциясы - аргументіне қарсы мәнді шығаратын, бір аргументті функция (1. 1-кесте), сондықтан бұл функция инверсия (inversion - терістеу) деп те аталады. Оның аргументі Х деп белгіленген болса, онда бұл функция Y= өрнегімен суреттеледі.

Х1
Х1: 0
: 1
Х1: 1
: 0

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логикалық амалдар
Информатика пәнінен лекциялық сабақтардың тезистері
Логикалық элементтер мен функциялар
Бір өлшемді жиындарға амалдар қолдану
Логикалық функцияларды ЭЕМ-де іске асыру, логикалық элементтер ЭЕМ-де сандарды көрсету әдістері
Ұғым— логакалық категория
Visual Basic-те компьютерлік логикалық ойын
Информатика пәніне кіріспе. ЭЕМ жұмысының математикалық негіздері.
Математикалық ұғымдар
Логикалық өрнектер электрондық схемалар құрудың басты негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz