Орман қорының түсінігі және Қазақстан Республикасы орман заңының принциптері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
3. 1. Орман қорының түсінігі және Қазақстан Республикасы орман заңының принциптері
Орман - ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланысты және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен.
Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсімдіктері өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне арналған орман қорын құрайды.
Орман қоры мемлекеттік және жеке орман қорларынан тұрады.
Мемлекеттік орман қорына жататындар:
1. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріндегі (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда)
2. табиғи және қолдан өсірілген ормандар, сондай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығының қажеттері үшін берілген, орман өсімдіктері өспеген учаскелері
3. халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдарының, магистральді құбырлардың құрылыстардың белдеулеріндегі ені он метр және одан көбірек, алаңы 0, 05 гектардан астам қорғаныштың екпелері жатады.
Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының жер туралы заң актісіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерде арнайы мақсаттағы платанциялық екпелер жатады.
Орман қорына жатпайтындар:
1. мемлекеттік орман қорының жерінен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемі 0, 05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі бұта өсімдіктер.
2. қала ормандары мен орманды саябақтарды қоспағанда, елді мекендер шекарасы шегіндегі жасыл желектер.
3. үй маңындағы саяжайлар мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен бұталар.
Қазақстан Республикасының орман заңдарының негізгі принциптері:
1. орманның климатын реттейтін, орта түзетін, егіс - топырақ қорғау, су сақтау және санитарлық - гигиеналық функцияларды орындайтын жалпы мемлекеттік мәнін мойындау;
2. ормандарды тұрақты дамыту;
орманның табиғи - қорық қоры объектілерінің мәдени және табиғи мұраның биологиялық әр-алуандығын сақтау;
3. ормандарды көп мақсатқа пайдалану;
4. орман ресурстарын ұтымды үздіксіз сарқылмайтындай етіп пайдалану;
5. орман қорын күзету, қорғау пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;
6. басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу мен алынған сүректі қайта өңдеуді жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жігін ажырату.
7. Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтірілген залалдың орнын толтыру.
8. орман ресурстарын ақылы пайдалану.
9. орман қорларының жай-күйі туралы ақпараттардың қол жетімдігі;
10. халықтың және қоғамдық бірлестіктердің орман қорын күзетуге және қорғауға қатысу;
мазмұны келесі
3. 2. Орман қорына меншік құқығы және орман қорын пайдалану құқығы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік орман қоры мемлекеттік меншік объектілеріне жатады және республикалық меншікте болады.
Жекеше орман қоры учаскелерін иеленуді, пайдалану мен оған билік етуді, Қазақстан Республикасының Орман Кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес, жекеше орман иеленушілер жүзеге асырады.
Орман қоры жерлерін, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін қамтитын Қазақстан Республикасының орман қоры орман құқығы қатынастарының объектісі болып табылады.
Орман құқығы қатынастарының объектілері орман кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен ақылы жағдайда орманның көп функциялы маңызы ескеріле отырып пайдаланылады.
Ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыруды, орман өсіру мен орман пайдалануды жүзеге асырудың жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар орман құқығы қатынастарының субъектілері болып табылады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығы тендер нәтижелері туралы хаттама және сол негізге алынып жасалған шарт негізінде туындайды.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану құқығы орман билетінің негізінде туындайды.
Орман пайдаланушыны заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесілі орман пайдалану құқығы Қазақстан республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мирасқоры - заңды тұлғаға ауысады.
Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесілі орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен басқа адамға ауысады.
Орман пайдалану құқығы - орман пайдалану түрі сақталғанда ғана, құқықтық мирасқорында орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қажетті қаражат пен өндірістік қуаттар және облыстық атқарушы органдар айқындайтын тиісті біліктілікке ие мамандар болған жағдайда, ал орман пайдалану жөніндегі қызметтің лицензияланатын түрі жүзеге асырылатын жағдайды лицензиясы бар болған кезде ғана ауысуы мүмкін.
Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетіне, орман билетіне өзгерістер енгізу арқылы рәсімделеді.
Жекеше орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекеше орман иеленуші айқындайтын тәртіппен туындайды.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстары ұзақ мерзімді орман пайдалануға тендер хаттамасы негізінде және кейін қарауында мемлекеттік орман қоры учаскелері бар уәкілетті орган немесе орблыстық атқарушы орган мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен рәсімделе отырып беріледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қаражаты мен өндірістік қуаттары және тиісті біліктілікке ие мамандары бар пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді орман пайдалануға беріледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары қысқа мерзімді орман пайдалануға мемлекеттік орман иеленушілер беретін орман билеті негізінде бір жылға дейінгі мерзімге беріледі.
мазмұны артқа келесі
3. 3. Орман қорын пайдалану шарттары және оны күзету мен қорғау міндеттері
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарында мынадай талаптар қойылады:
- орман пайдалану жүзеге асырылатын мемлекеттік орман қоры учаскесінің шекаралалры;
- мемлекеттік орман қоры учаскесінің алаңы және мөлшерлеу көрсеткіштері;
- орман пайдалану түрлері;
- орман пайдаланудың көлемі (мөлшері) ;
- орман пайдалану мерзімі;
- орман пайдалану төлемақысының мөлшері мен оны енгізу тәртібі;
- тараптардың орман ресурстарын күзету, қорғау және молықтыру жөніндегі міндеттері;
- тараптардың шарт талаптарын бұзғаны үшін жауаптылығы;
- лицензияның номері мен берілген күні;
- салық төлеушінің тіркеу номері;
- Қазақстан Республикасының орман заңдарында көзделген және тараптардың қалауымен анықталған өзге де талаптар көрсетіледі.
Орман пайдаланушылардың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегі құқықтары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz