Шаң ұстауда қолданылатын циклондар


Шаң ұстауда қолданылатын циклондар. Циклондар кен байыту
фабрикаларында ауаны жəне газды ұнтақ шаңды заттан ортадан тепкіш күш əсерімен тазалау үшін қолданылатын аппараттар болып саналады.
Циклондарды есептеу олардың негізгі өлшемдерін жəне кедергілерін немесе циклонның өнімділігін анықтау үшін жүргізіледі.
Циклондар- ауада(газда) ірілігі10-30 мк шаңдарды ұстайды. Циклондар
қарапайым (38-сурет) жəне батарейлі болып екіге бөлінеді. Қарапайым
циклондарды басқа шаңұстағыш аппараттарға қарағанда жұмысшы элементтің үлкендігіне байланысты ажыратуға болады. Осы қасиетін пайдаланып ірі шаң-тозаңды ұстауға пайдаланылады. Ал батарейлі циклондар бір топ кіші диаметрлі қарапайым циклондардан тұрады.
Циклондарда түйіршіктер салмақ əсерімен жəне ортадан тепкіш күштер
əсерімен шөгіледі. Циклон екі бөліктен- цилиндрлі жəне конустантұрады. Ауацилиндрлі бөлікке жанама орнатылған құбырмен түседі. Соған байланысты ауа
айналмалы қозғалысқа келеді де түйіршік салмақ жəне ортадан тепкіш күш
əсерімен ішкі қабырға бетіне жабыса жылжып конусты бөлектің түбіне түседі.
Ауа цилиндрлі бөлектің беткі қақпағының ортасындағы тесікке орнатылған
сұғындырма арқылы шығарылады.
38-сурет. Циклонның жұмыс істеу сұлбасы:
1-цилиндрлі бөлек; 2-құбыр; 3-конустық бөлек; 4-сұғындырма; 5-ішкі құбыр
Түйіршікке əсер ететін ортадан тепкіш күштің өлшемін төмендегі
формула арқылы анықтауға болады: p=mv
2
/r, кг,
мұндағы- m - шаң түйіршіктерінің массасы, кг сек
2
/см;
v - циклондағы шеңбер арқылы қозғалу жылдамдығы м/сек;
r - түйіршіктердің айналу радиусы, м.
Циклондарда шөгілдіру тиімділігі оның диаметріне байланысты. Мысалы,
диаметр- 0. 3 метрден3 метрге дейін өзгереді. Кіші диаметрлі циклондарда
шөгу дəрежесі92-95 % болса, ал үлкен диаметрлерінде- ол60-70 % ғана.
Бірақ кіші диаметрлілерінің өнімділігі төмен. Сондықтан практикада көбінде
параллельді жұмыс істейтін кіші диаметрлі екі, үш, төрт, алты жəне сегіз
циклондар қатар колданылады(батарейлі циклондар) .
Батарейлі циклондар(39-сурет) құрамына8, 12 жəне одан көп кіші
диаметрлі циклондар кіреді. Шаңды ауа барлық циклондарға бөлініп бірдей
түседі. Батареядағы циклон саны тазартылатын ауаның көлеміне байланысты
анықталады. Барлық циклондар катар бір қаптама(кожух) ішінде орналасады.
Ұсталынған шаң қаптаманың төменгі конусты бункеріне түседі, ал тазаланған
ауа оның жоғарғы қақпасындағы тесіктен шығады.
39-суретте батарейлі циклон- шаңұстағыш БП-75 көрсеткен, оның
техникалық сипаттамасы19-кестеде келтірілген.
Батерейлі циклон екі бірдей құрастырылған секциялардан тұрады, оның
əр біреуіне циклондар блоктары1, бункер2, шаң шығарғыш құрылғы3 жəне
тазаланған ауа шығарушы коллектор4 кіреді. Шаңдалған ауа əр циклонға жеке
түсіріледі, шаңнан тазаланады жəне газды ауаны бөлетін құбырлармен жалпы
коллектор арқылы циклоннан шығарылады. Циклондардағы шаң
жалпы бункерге шөгіп жəне одан арнаулы шаң шығарушы құрылғымен
шығарылады.
39-сурет. Батарейлі шаңұстағыш БП-75:
1- циклондар блоктары; 2 - бункер; 3- шаң шығарғыш құрылғы;
4 -коллектор
Циклонның негізгі өлшемдерін жəне кедергілерін анықтау
Есептеуге берілген шамалар болып саналатындар:
Q - циклонның шаңды ауа(газ) бойынша өнімділігі, м
3
/сағ;
w 1
- циклонға кіре берістегі ауа(газ) ағынының жылдамдығы(18-
25 м/сек) ;
w 2
- ауа шығатын сұғындырма(патрубок) құбырындағы ауа(газ)
ағынының жылдамдығы(6 м/сек) ;
η - ауаның(газдың) тазарту дəрежесі, %.
Циклонды есептеу сұлбасы40-суретте берілген
Циклонды есептеу сұлбасы
Циклондар - бұл газ ағынынан қатты және тамшылы бөлшектерді ұстау үшін қолданады. Циклондар өлшемі 5 мкм-ден және жоғары бөлшектері ұсталынады. Циклонда шаң ұстау негізі бөлшектердің инерциясын қолдану, яғни ортадантепкіш күш қолдану. Сурет - 7.
Шаңдалған газ ағыны циклон корпусының жоғары жағынан жеберіледі - 1. циклонға кірген газ жоғарыдан төмен қарай жылжиды. Бастапқыда орталық шығу құбырымен циклонның сыртқы цилиндрлік беткейінің арасындағы сақиналық кеңістікте - 3 айналады, содан соң циклон корпусында да сыртқы айналмалы құйың пайда болады. Осы кезде ортадан тепкіш күш артады, соның салдарынан айналмалы газ ағындағы қалқымалар, шаң бөлшектері циклон корпусының құбырларына ұрылады. Циклон конусына - 4 жеткен газ ағыны қайтадан шығу құбырына ішкі айналмалы құйынды түзіп жоғарыға жылжиды. [12]
Циклон қабырғаларына тиген шаң бөлшектері газ ағынымен төмен түсіп, циклон шаң шығару құбыры арқылы шығарылады. Шаң бөлшегінің төмен қарай жылжу себебінің шешуші факторы болып, ауырлық күші емес аэродинамикалық күш болады, осыған байланысты циклонды горизонтальді және иенкі қоюға болады.
Артықшылығы - аппаратта қозғаушы болмайды, жоғары температурадағы газды ( 500°С дейін ) тазалауы, шаңды құрғақ күйде ұстау, аппараттың әрдайым гидравликалық кедергісі, дайындаудың қарапайымдылығы.
Кемшілігі - жоғары гидравликалық кедергісі ( 1250-1500 Па ) , 5 мкм өлшемнен кіші бөлшектерді нашар ұстау, тез бірігетін газ қалдықтарын тазалаудың мүмкін еместігі
НИИО газ циклонның үш типі бар, олардың бір-бірінен айырмашылығы кіру құбырының иенкі бұрышы әр түрлі:
Тазаланатын газ мөлшері көп болған жағдайда топтық циклондар
қолданылады. Ол циклон диаметрін үлкейтпей тазалауға, эффективтілігін көтеруге мүмкіндік береді.
Топтық циклонды құрастырғанда жалпы бункерде, газ бір циклоннан екінші циклонға өтіп кетуі мүмкін, ал бұл шаң ұстауды төмендетеді. Оны болдырмау үшін циклондар бір типті болуы керек және гидравликалық кедергісі де бірдей болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz