Шаңнан тазарту жəне шаңды ұстау


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

1 Шаңнан тазарту жəне шаңды ұстау

  1. Жалпы түсініктер


Шаңнан тазарту қажеттігі əр түрлі себептерге байланысты. Байыту фабрикаларына түсетін кендердің құрамында оларды қазып алу, ұсату
үрдістерінде пайда болатын шаң болады. Егер кен ауамен байытуға түсетін
болса, ол алдын ала шаңнан тазартылуы қажет. Бірақ кен ылғалдылығы 3 5%-- тен асса ұнтақты шаң түрінде айыру қиын. Сондықтан кейінгі байыту үрдісі тек сулы ортада жүргізіледі, сондықтан ол ұнтақ шлам түрінде бөлінеді.
Шаң бөлу ортадан тепкіш күш пайда болатын камералы, жалюзді жəне
басқа аппараттарда ауа ағыны күшімен жүргізіледі. Шаң қандай мақсатпен бөлінсе де ол ауамен бірге атмосфераға шығып, оны былғамау керек. Сондықтан бөлінген шаң əрдайым ауадан бөлініп ұсталуы қажет. Шаң қандай құрамды болмасын адам организміне өте зиянды. Көпшілігі
организмнің əр жеріне жиналып ауыр ауру түрлеріне шалықтырады.
Байыту фабрикаларында түсетін кендердің құрамында оларды қазып алу
үрдісінде пайда болатын шаң түрі болады. Ерекше үлкен шаңның үлесі ұсату ұнтақтау, елеу үрдістерінде, пайдалы қазбаларды пневматикалық байытуда жəне кенді тасымалдау кезінде пайда болады. Байыту өнімдердің кептіру кезінде шаң түтін газдармен шығарылады. Шаң кейінгі байыту үрдістеріне айтарлықтай кемшілік келтірмегеннің өзінде организмге зияны тимес үшін ұсталуы қажет. Сондай жерлер əдетте, əр түрлі əдіспен жұмыс істеу кезінде қауыпсыздандырылады. Мысалы ұсатқыштар үстері, басқада
жерлер калқалармен қоршалынып, шаң сорғыш вентилятормен жалғасады. Одан шыққан шаңды ауа шаң ұстағыштарға түседі.

Құрғату үрдісінен шығатын шаң тек ауа тазарту үшін ғана емес онда бағалы зат үлесі жоғары болғандықтан (ол концентраттан бөлінген шаң) концентратқа кайта қосу үшін ұсталады.

Өндірістік шаң деп ауада ұзақ уақыт шөгетін əртүрлі көлемді қатты зат бөлшектерінен тұратын дисперсиялық жүйені атайды. Шаң түйіршіктерінің көлемі 1-ден 100 мкм-ге дейін (0, 001-0, 1 мм) өзгереді. Бөлшектер ауада біркелкі жылдамдықпен Стокс заңымен шөгеді. Сондықтан, ауадағы шаңды аэрозоль десе болады, мұнда дисперсиялық орта ретінде ауа болады да, ал дисперсті фаза

ретінде - шаңның ішіндегі қатты түйіршіктер. Ауадағы шаң оның бір көлемінде (мг/м3) бөлшектердің салмағымен, болмаса бөлшектердің 1см3 ауадағы санымен өлшенеді. Шаңда химиялық белсенділік үлкен -атмосферадан газды адсорбциялау қабілеті бар. Шаң бөлшектерінің электрлі қасиеті бар. Органикалық шаң - көмір, графит т. б. жəне алюминий, магний шаңдары ауадағы оттекпен байланысқанда отталу жəне
жарылыс болуы мүмкін. Шаң қандай құрамды болмасын адам организміне өте зиянды. Көпшілікте ол адам организміне жиналып ауыр ауру түрлеріне шалықтырады. Адамға шаңның зияндылығы бөлшектердің химиялық құрамына байланысты. Əктас, тас көмір шаңы танау қабықтарын тітіктендіреді. Қорғасын, мырыш, сынап, күшəлə (мышьяк) минералдар шаңдарының улылығы бар. Өте ауыр аурулардың түрі силикоз - деп аталады, ол SiO₂ шаңымен дем алу кезінде пайда болады.
Байыту фабрикаларында шаңмен күрес түрлері келесідей: пайдалы
қазбаларға су себу, егер кен ауамен байытуға түсетін болса, ол алдын ала
шаңнан тазартылуы қажет, ұсатқыштар үстері, басқада жерлер қалқалармен қоршаланып, шаң сорғыш вентилятормен жалғасады. Одан шыққан шаң шаңұстағыштарға түседі. Өндірістік орындарда шаңның шектік шоғырлануы (ПДК - ШРШ) санитарлық мөлшермен шектеледі.

1. 2 Шаңсыздандыру

Ұсақ шаңды түйіршіктерді бөліп алу екі əдіс арқылы жүргізіледі: ауа
ағымындағы əдістері жəне сумен суландыру (шламсыздандыру) əдістерімен. Пайдалы қазындылардағы шаңның үлесі, сол пайдалы заттардың қасиеттеріне жəне қазып алу əдістеріне, өңдеуге жəне оларды тасымалдауға тəуелді болып келеді. Мысалы, көмірлерді комбайнсыз алуда, ондағы ірілігі 0-0, 5 мм (шаң) кластық үлесі 10 % құрайды. Комбайнмен алынған көмірдегі бұл кластың үлесі 20 %-ке өседі. Ашық əдіспен алынған кенде шаңның үлесі жерасты қазуға қарағанда төмен. Магнетитті жəне гематитті темір кендерінде шаң үлесі төмен болады. Егерде темір кендерінде жұмсақ компоненттер бар болса, онда олар
шаң құрамын жоғарылатады. Түсті металдар кендері өздерінің мықтылығына қарай аз мөлшерде шаңды болады. Пневматикалық сепарациялауда (сұрыптауда) шаң көп шығады. Құрғақ шаңсыздандыру
үрдісі ауалы сұрыптағыштарды- шаңсыздандырғыштарда жүргізіледі. Мұнда шаңды бөліп алу ауа ағымында атқарылады. Ауа ағымы қозғалыстағы қопсыған зат қабатынан өту арқылы оны шаңсыздандырады. Осы кезде ауа ағымы шаң түйіршіктерін өзімен бірге ілістіріп, жол бойындағы шаңұстағыш құрылғыға жеткізеді. Ауа ағымынан түсіп бөлінген заттың ірі түйіршіктері шаңсызданған өнім ретінде арнаулы
жинағышта жиналады. Жалпы шаңсыздандырғыштар төмендегідей болып

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаңнан тазарту және шаңды ұстау
Өндірістік орындарда пайда болған өндірістік шаңдар
Сурик алу кезінде пайда болған газды тазалау жүйесін жобалау
Ауаны тозаңнан тазарту құралдары мен әдістері
Өндірістік желдету
Өндірістік шаң
Шаң ұстауда қолданылатын циклондар
Газды электірлік әдіспен өңдеу
«Шахта-қабат» сүлбесі бойынша қарағанды көмір кені аймағындағы №25 қабаттағы көмірді өндіру жобасын қарастыру
КД-10А және КД-20А орталықтандырылған секциялы кондиционер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz