Шаңнан тазарту және шаңды ұстау



КІРІСПЕ
1 Шаңнан тазарту және шаңды ұстау
1.1 Шаңсыздандыру
1.2 Шаң ұстау әдістері және шаңұстағыштар
1.2.1 Шаңұстағыш апараттар
1.3 Шаңұстағыштар
1.4 Шаң ұстауға қолданылатын циклондар
1.4.1 Батарейлі шаңұстағыштардыңтехникалық сипаттамалары
1.5 Циклонның негізгі өлшемдерін жəне кедергілерін анықтау 17
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Шаңнан тазарту қажеттігі əр түрлі себептерге байланысты. Байыту фабрикаларына түсетін кендердің құрамында оларды қазып алу, ұсату
үрдістерінде пайда болатын шаң болады. Егер кен ауамен байытуға түсетін
болса, ол алдын ала шаңнан тазартылуы қажет. Бірақ кен ылғалдылығы 3 5%-- тен асса ұнтақты шаң түрінде айыру қиын. Сондықтан кейінгі байыту үрдісі тек сулы ортада жүргізіледі, сондықтан ол ұнтақ шлам түрінде бөлінеді.
Шаң бөлу ортадан тепкіш күш пайда болатын камералы, жалюзді жəне
басқа аппараттарда ауа ағыны күшімен жүргізіледі. Шаң қандай мақсатпен бөлінсе де ол ауамен бірге атмосфераға шығып, оны былғамау керек. Сондықтан бөлінген шаң əрдайым ауадан бөлініп ұсталуы қажет. Шаң қандай құрамды болмасын адам организміне өте зиянды. Көпшілігі
организмнің əр жеріне жиналып ауыр ауру түрлеріне шалықтырады.
Байыту фабрикаларында түсетін кендердің құрамында оларды қазып алу
үрдісінде пайда болатын шаң түрі болады. Ерекше үлкен шаңның үлесі ұсату ұнтақтау, елеу үрдістерінде, пайдалы қазбаларды пневматикалық байытуда жəне кенді тасымалдау кезінде пайда болады. Байыту өнімдердің кептіру кезінде шаң түтін газдармен шығарылады. Шаң кейінгі байыту үрдістеріне айтарлықтай кемшілік келтірмегеннің өзінде организмге зияны тимес үшін ұсталуы қажет. Сондай жерлер əдетте, əр түрлі əдіспен жұмыс істеу кезінде қауыпсыздандырылады. Мысалы ұсатқыштар үстері, басқада
жерлер калқалармен қоршалынып, шаң сорғыш вентилятормен жалғасады. Одан шыққан шаңды ауа шаң ұстағыштарға түседі.
1 Интернет сайт: library.psu.kz
2 Кен байыту негіздері, Көшербаев
3 Сусыздандыру және шаңұстау, Шаутенов. М. Р
4 Основы обогащения полезных ископаемых, Авдохин.В.М
5 Основы обогащения полезных ископаемых, Чечотт.Г.О

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Шаңнан тазарту және шаңды ұстау

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 Шаңнан тазарту және шаңды ұстау 6
0.1 Шаңсыздандыру 6
0.2 Шаң ұстау әдістері және шаңұстағыштар 9
0.2.1 Шаңұстағыш апараттар 10
0.3 Шаңұстағыштар 11
0.4 Шаң ұстауға қолданылатын циклондар 14
0.4.1 Батарейлі шаңұстағыштардыңтехникалық сипаттамалары 16
1.5 Циклонның негізгі өлшемдерін жəне кедергілерін анықтау 17
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 19
КІРІСПЕ
Шаңнан тазарту қажеттігі əр түрлі себептерге байланысты. Байыту фабрикаларына түсетін кендердің құрамында оларды қазып алу, ұсату
үрдістерінде пайда болатын шаң болады. Егер кен ауамен байытуға түсетін
болса, ол алдын ала шаңнан тазартылуы қажет. Бірақ кен ылғалдылығы 3 5%-- тен асса ұнтақты шаң түрінде айыру қиын. Сондықтан кейінгі байыту үрдісі тек сулы ортада жүргізіледі, сондықтан ол ұнтақ шлам түрінде бөлінеді.
Шаң бөлу ортадан тепкіш күш пайда болатын камералы, жалюзді жəне
басқа аппараттарда ауа ағыны күшімен жүргізіледі. Шаң қандай мақсатпен бөлінсе де ол ауамен бірге атмосфераға шығып, оны былғамау керек. Сондықтан бөлінген шаң əрдайым ауадан бөлініп ұсталуы қажет. Шаң қандай құрамды болмасын адам организміне өте зиянды. Көпшілігі
организмнің əр жеріне жиналып ауыр ауру түрлеріне шалықтырады.
Байыту фабрикаларында түсетін кендердің құрамында оларды қазып алу
үрдісінде пайда болатын шаң түрі болады. Ерекше үлкен шаңның үлесі ұсату ұнтақтау, елеу үрдістерінде, пайдалы қазбаларды пневматикалық байытуда жəне кенді тасымалдау кезінде пайда болады. Байыту өнімдердің кептіру кезінде шаң түтін газдармен шығарылады. Шаң кейінгі байыту үрдістеріне айтарлықтай кемшілік келтірмегеннің өзінде организмге зияны тимес үшін ұсталуы қажет. Сондай жерлер əдетте, əр түрлі əдіспен жұмыс істеу кезінде қауыпсыздандырылады. Мысалы ұсатқыштар үстері, басқада
жерлер калқалармен қоршалынып, шаң сорғыш вентилятормен жалғасады. Одан шыққан шаңды ауа шаң ұстағыштарға түседі.
Құрғату үрдісінен шығатын шаң тек ауа тазарту үшін ғана емес онда бағалы зат үлесі жоғары болғандықтан (ол концентраттан бөлінген шаң) концентратқа кайта қосу үшін ұсталады.
Өндірістік шаң деп ауада ұзақ уақыт шөгетін əртүрлі көлемді қатты зат бөлшектерінен тұратын дисперсиялық жүйені атайды. Шаң түйіршіктерінің көлемі 1-ден 100 мкм-ге дейін (0,001 - 0,1 мм) өзгереді. Бөлшектер ауада біркелкі жылдамдықпен Стокс заңымен шөгеді. Сондықтан, ауадағы шаңды аэрозоль десе болады, мұнда дисперсиялық орта ретінде ауа болады да, ал дисперсті фаза
ретінде - шаңның ішіндегі қатты түйіршіктер. Ауадағы шаң оның бір көлемінде (мгм3) бөлшектердің салмағымен, болмаса бөлшектердің 1см3 ауадағы санымен өлшенеді. Шаңда химиялық белсенділік үлкен - атмосферадан газды адсорбциялау қабілеті бар. Шаң бөлшектерінің электрлі қасиеті бар. Органикалық шаң - көмір, графит т.б. жəне алюминий, магний шаңдары ауадағы оттекпен байланысқанда отталу жəне
жарылыс болуы мүмкін. Шаң қандай құрамды болмасын адам организміне өте зиянды. Көпшілікте ол адам организміне жиналып ауыр ауру түрлеріне шалықтырады. Адамға шаңның зияндылығы бөлшектердің химиялық құрамына байланысты. Əктас, тас көмір шаңы танау қабықтарын тітіктендіреді. Қорғасын, мырыш, сынап, күшəлə (мышьяк) минералдар шаңдарының улылығы бар. Өте ауыр аурулардың түрі силикоз - деп аталады, ол SiO₂ шаңымен дем алу кезінде пайда болады.
Байыту фабрикаларында шаңмен күрес түрлері келесідей: пайдалы
қазбаларға су себу, егер кен ауамен байытуға түсетін болса, ол алдын ала
шаңнан тазартылуы қажет, ұсатқыштар үстері, басқада жерлер қалқалармен қоршаланып, шаң сорғыш вентилятормен жалғасады. Одан шыққан шаң шаңұстағыштарға түседі. Өндірістік орындарда шаңның шектік шоғырлануы (ПДК - ШРШ) санитарлық мөлшермен шектеледі.

1 Шаңнан тазарту және шаңды ұстау

1.1 Шаңсыздандыру

Ұсақ шаңды түйіршіктерді бөліп алу екі əдіс арқылы жүргізіледі: ауа
ағымындағы əдістері жəне сумен суландыру (шламсыздандыру) əдістерімен. Пайдалы қазындылардағы шаңның үлесі, сол пайдалы заттардың қасиеттеріне жəне қазып алу əдістеріне, өңдеуге жəне оларды тасымалдауға тəуелді болып келеді. Мысалы, көмірлерді комбайнсыз алуда, ондағы ірілігі 0 - 0,5 мм (шаң) кластық үлесі 10 % құрайды. Комбайнмен алынған көмірдегі бұл кластың үлесі 20 %-ке өседі. Ашық əдіспен алынған кенде шаңның үлесі жерасты қазуға қарағанда төмен. Магнетитті жəне гематитті темір кендерінде шаң үлесі төмен болады. Егерде темір кендерінде жұмсақ компоненттер бар болса, онда олар
шаң құрамын жоғарылатады. Түсті металдар кендері өздерінің мықтылығына қарай аз мөлшерде шаңды болады. Пневматикалық сепарациялауда (сұрыптауда) шаң көп шығады. Құрғақ шаңсыздандыру үрдісі ауалы сұрыптағыштарды - шаңсыздандырғыштарда жүргізіледі. Мұнда шаңды бөліп алу ауа ағымында атқарылады. Ауа ағымы қозғалыстағы қопсыған зат қабатынан өту арқылы оны шаңсыздандырады. Осы кезде ауа ағымы шаң түйіршіктерін өзімен бірге ілістіріп, жол бойындағы шаңұстағыш құрылғыға жеткізеді. Ауа ағымынан түсіп бөлінген заттың ірі түйіршіктері шаңсызданған өнім ретінде арнаулы
жинағышта жиналады. Жалпы шаңсыздандырғыштар төмендегідей болып
бөлінеді: ортадан тепкішті, камералы, жалюзийлі, роликті, дірілді, тербелісті жəне тағы бақа түрдегідей. Пайдалы қазындыларды байыту
тəжірибесінде неғұрлым көп қолданылатыны - ортадан тепкіш шаңсыздандырғыштар. Шаңды судың ағымында бөлуде електер, гидроциклондар, əр түрлі сулы сұрыптағыштар қолданылады. Ауада сұрыптау үрдісінде шаңды бөлу ағымдардың тік, тура (горизонтальді) бағыттарында (1-сурет) жүргізіледі. Шаңсыздандыру камерасына берілетін ауа мөлшері V (м3с) газдың жылдамдығына ʋ (мс) жəне
камераның кесіндісіне F (м²) тəуелді:

1 - сурет. Шаңсыздандыру сұлбалары:
а-тік ағын; б-тура ағын; в-аралас ағын

Газ(ауа) ағынының затты қиып өту кезіндегі жылдамдығы келесі
формуламен анықталады:
(1.2)
Мұндағы: ʋк - берілген шаң ірілігіне байланысты шаң түйіршіктерінің қалқу
жылдамдығы,мс;
m - шаңның шаңгазды қоспалардағы концентрациясына (nk) тəуелді
болатынкоэффициент
Шаңсыздандыру камераларын есептеу жəне шаңсыздандырғыштарды таңдау келесі ретпен жүргізіледі: бөлінетін шаңның мөлшері анықталады, елеуішті талдау кезінде kͫ шамасы қабылданады, берілетін газдың салмақ мөлшері мен көлемі, газдың жылдамдығы ʋ₁ жəне шаңсыздандырушы камераның кесіндісі анықталады.
Шаңсыздандырушы қондырғының жұмысы шаңды бөліп алу
дəрежесімен жəне оның пайдалану коэффициентімен сипатталады.
Бастапқы өнімдегі шаң мөлшерімен жəне одан шаңды өнімге бөлініп алынған шаң мөлшері арасындағы қатынасты шаңсыздандыру дəрежесі немесе шаңды
бөліп алу дəрежесі деп атайды.
Шаңды бөліп алу дəрежесі ɛᵤ төмендегі формуламен анықталады:

Мұндағы α - бастапқы өнімдегі шаң мөлшері, %;
β - шаңды өнімдегі шаң мөлшері, %;
x - бастапқы өнімнен алынған шаңды өнім, %.
Байыту фабрикаларында көпшілік жағдайда шаңсыздандыру үшін
ортадан тепкіш шаңсыздандырғыштар қолданылады. Олардың бір түрі
2-суретте келтірілген.

2 - сурет. Ортадан тепкіш шаңсыздандырғыш:
а - ОЦ - 3,5 ; б - ОЦ - 7
ОЦ - 3,5 аппараттарында шаңсыздалынатын бастапқы зат оймыш 1
арқылы айналып тұратын дискіге 2 түсіріледі жəне ортадан тепкіш күш
əсерімен оның бетінен лақтырылып ішкі камераның 3 қабырғаларына келіп түседі. Одан төмен қарай жалюздер 4 арқылы конусқа 5 төгіледі.
Шашыратылған зат астыңғы жағынан ауа ағынымен үрлендіріледі. Ауа ағыны вентилятормен 6 іске асырылады, ал вентилятордың айналуы білік 7 арқылы беріледі. Ауа ағынымен көтерілген шаң түйіршіктері вентилятор роторының қалақшаларына түсіп, одан сыртқы цилиндрлі камераның8 қабырғаларына лақтырылады. Осы жағдайда шаң түйіршіктері айналмалы қозғалыс алу негізінде осы камераның конустық бөлігіне9 түсіп, одан сұғындырма 12 арқылы шаңсыздандырғыштан алып кетіледі. Шаңсызданған өнім шаңсыздандырғыштан конус5 жəне сұғындырма арқылы шығарылады. Шаңнан тазарған ауа жалюзииілер арқылы ішкі камераға қайта оралады да шаңсыздалынатын зат қабатынан өтіп вентиляторға қарай бағытталады. Демек, ауа шаңсыздандырғышта айналмалы қозғалыста болады. Бастапқы шаңсыздалынатын өнім қабатын реттеу конус арқылы жүргізіледі.
2 б-суретте жетілдірілген ортадан тепкіш шаңсыздандырғыш - ОЦ - 7
келтірілген. Оның вентиляторға6 жəне дискіге 2 арналған жеке жетектері
10 ,11 бар. Сыртқы камераның8 көлбеу бұрышы шамалы болып келеді жəне шаңды аппараттан шығаруға арнаулы құрылғы 9 қарастырылған.
Ортадан тепкіш шаңсыздандырғыштар ықшамды, тиімді болып келеді. Олардың кемшілігі - ылғалды затты шаңсыздандыруда. Құрғақ заттардан шаң жақсы бөлінеді(шаңұстау əсерлігінің коэффиценті70 - 80 %), ал ылғалды заттардан шаңды ажырату нашар атқарылады(25 - 30 %).

1.2 Шаңұстау əдістері жəне шаңұстағыштар

Шаң бөлінетін жəне жиналатын орындарда вентиляциялық жабдықтармен (шатыр, жең, қаптау жəне т.б.) шаңдарды бөліп алу шаңұстау деп аталады. Шаңнан тазаланған ауа(газ) қайта айналып атмосфераға түгелдей немесе жартылай технологиялық үрдіске қайта қолдануға қайтарылады. Шаңұстаудың екі түрі бар:
1) өндірістік-технологиялық;
2) өндірістік-санитарлық.
Өндірістік-технологиялық жүйе ауа немесе газды шаңнан тазалауға одан
кейін тазаланған шаң технологиялық үрдісте пайдалануда қолданылады.
Мысалы, пневматикалық байытуда(көмір байыту фабрикаларында),
байытылған өнімдерді кептіру, пайдалы қазбаларды тасымалдау жəне т.б. Аталған жүйенің ерекшелігі, онда көп ауа(газ) тазартылады, үлкен
желдеткіштермен жəне өндірістік өнімділігі жоғарғы аппараттармен
шаңұсталынады.
Өндірістік - санитарлық жүйе ауадан шаңұстау үшін қолданылады, көп
шаң шығарылатын жабдықтардан жəне пайдалы қазбаларды тиейтін жерлерде пайдаланылады. Бұл жүйе аз мөлшерде ауаны шаңнан тазартады.
Ауаны шаңнан тазалау механикалық жəне электрлік əдістермен
жүргізіледі. Механикалық тазарту əдістері құрғақ жəне сулы болып бөлінеді.
Шаңдалған ауадан(газдан) шаңды бөліп алу жəне оны камераларда
шөгілдіру немесе шлам түрінде ажырату əр түрлі əдістермен атқарылады: ауырлық жəне екпінді күш əсерімен, кеуекті қалқадан ауаны(газды) сүзумен шаңды ұстау, электрлі күштер əсерімен шаңды ионизациялаумен электродтарға шөктіру, шаң түйіршіктерін суландырумен оларды шламдар ретінде бөліп алу, майда шаң бөлшектерін коагуляциялау арқылы ірілендіріп, сонан ауырлық жəне екпінді күштер əсерімен шөгілдіру.
Шаңнан тазалау əдістерін таңдау шаңның бағаларына қарай, тазалау
шамасына, тазаланатын ауаның температурасына жəне басқа факторларға
байланысты қарастырылады.
Байыту фабрикаларында қолданылатын шаңұстағыштардың
Сипаттамалары 1-кестеде келтірілген.

1.2.1 Шаңұстағыш апараттар

1 - кесте
Шаң ұстау
əдістері

Əсер құралы
Аппараттар
Механикалық,
құрғақ
Жай қозғалатын ауадан(газдан)
шаң бөлшектерінің шөгуі, ауырлық
күш əсерімен
Шаң қондырғыш камералар

Шектеулі ағынның бөлегінде
шаңның шоғырлануы оның
бөлшектерінің қозғалуындағы
инерциялық күштің əсерімен
Инерциялық жалюзді
шаңұстағыштар

Айналмалы ауа ағынынан ортадан
тепкіш күш əсерінен шаң
бөлшектерінің шөгуі

Ортадан тепкіш шаңұста-ғыштар(жай жəне батарейлі
циклондар)

Шаңдалған ауаны кеуекті
қалқалардан сүзу
Құрғақ шаң сүзгіштер

Механикалық,
сулы

Шаң бөлшектерін суландыру
арқылы оларды ауадан бөліп алу
Сулы циклондар жəне
циклонды шайғыштар

Шаңдалған ауаны көпіршік жəне су
қабатынан сүзу

Ортадан тепкіш
скрубберлер. Қабыршақты
шаңұста-ғыштар.
Сұғындырмалы скрубберлер
жəне т.б.
Электрлік
Кері электрлі зарядтармен шаң
бөлшектерін зарядтау жəне оларды
оң зарядталған электродтарға
шөктіру
Электрсүзгіштер

1.3 Шаңұстағыштар
Шаңұстау көпшілік жағдайда бірнеше аппараттарды қолдану арқылы
жүргізіледі. Əр аппаратта ірілігіне қарай шаңның əр түрлі ірілікті фракциялары
ұсталада.
Жұмыс принциптеріне қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаңнан тазарту жəне шаңды ұстау
Сурик алу кезінде пайда болған газды тазалау жүйесін жобалау
Өндірістік орындарда пайда болған өндірістік шаңдар
Газды электірлік әдіспен өңдеу
Өндірістік шаң
Өндірістік желдету
Ауаны тозаңнан тазарту құралдары мен әдістері
КД-10А және КД-20А орталықтандырылған секциялы кондиционер
«Шахта-қабат» сүлбесі бойынша қарағанды көмір кені аймағындағы №25 қабаттағы көмірді өндіру жобасын қарастыру
Шаң ұстауда қолданылатын циклондар
Пәндер