Туризмді дамытуға әр елдердің және Қазақстандағы туризм түрлерін дамытуға арналған перспективті бағдарламаларды талдау


және халықаралық жағдайлар. Туризм өнімінің ерекшеліктері туризм саласының даму этаптары бойынша өзгеріп отырған.
Курстық жұмыстың мақсаты − Туризмді дамытуға әр елдердің және Қазақстандағы туризм түрлерін дамытуға арналған перспективті бағдарламаларды талдау.
Мақсатымен бірге келесі міндеттерді қамтиды:
− Бағдарламалардың түрлерін көбейту;
− Перспективті бағдарламалардың туризм дамуына қосатын үлесін анықтау;
− Перспективті бағдарламалардың орындалуын бақылау.
Курстық жұмыстың обьектісі − Қазақстан Республикасының ірі қалалары.
Бірінші бөлімде, туризмді дамыту бағдарламаларының негіздері
Екінші бөлімде, ҚР-ғы туризмнің перспективті бағдарламаларын талдау.
Үшінші бөлімде, ҚР-ғы туризм аясындағы перспективті бағдарламалардағы мәселелерді анықтау.
Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1 ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Туризм аясындағы бағдарламалар түсінігі және мәні
Әлем тәжірибиесінде табысы жағынан туризм индустриясы -газбен мұнайдан кейін үшінші орынды иеленеді. Туризм - кез-келген елдің экономикасына 3 қолайлы ықпалмен әсерін тигізеді. Олар - шет елдік валюта ағынын артырады, жергілікті азаматтарды жұмыс орындарымен қамтиды, мемлекеттің инфрақұрылымының дамуына ықпал етеді. ДТҰ мәліметтері бойынша, бір ғана саяхаттаушы саяхаттаған елінде шамамен Америка Құрама Штаттарының 1000 долларын тастайды екен. Ол ешқандай өсімсіз, қайта - қайтарып берілмей елдегі қалынатын ақшалар. Сондай ақ бір турист ақшасы 8 немесе 9 жұмыстық орындарын құрайтындай мүмкіндіктері бар. Себебі турист қаржысының 30%-ын орналастыру орындарында, 20%-ын тасымалдыуға, 35%-ын тамақтандыру орындарында және де 15%-ын тағы да басқа қызмет көрсету (театрлар, көрмелер т. б) орындарда қалдырады.
Қазіргі кезде туризмді дамытуға, мемлекеттердің қарым - қатынасына, бейбітшілігіне, гүлденуіне, адамдар құқықтарын құрметтеуіне, сақтауына үлесті арттыру, туризм дамытуына жәрдем ету жұмысынтарын атқарушы Дүниежүзілік туристік ұйым. Дүниежүзілік туризм ұйымы туризмдегі жобалар мен бағдарламаларды қаржыландырып және оларды жүзеге асырылуына ықпал етеді. Дамып келе жатқан елдерге туризм дамуы туралы тәжірибелермен алмасып, таныстыруды көздейді. "Тұрақты туризм - кедейшілікпен күресу құралы" бағдарламасы 2002 жылы ДТҰ мен ЮНКТАД-тың шешімі бойынша қабылданған болатын. Бұл бағдарлама 2 мәселені шешті олар туризмді дамыту және кедейшілікпен күресу [1] .
ДТҰ-ның жергілікті уәкілдіктері жергілікті туристік және ұлттық ұйымдардың қызметін дамыту мен қолдау мақсатында тікелей акцияларды жүргізеді. Дүниежүзінің кез-келген аймағы - Африка, Америка аймағы, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағы, Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия - осы жергілікті ұйымдардың көз алдында, Дүниежүзілік туризм ұйымының штаб-пәтері Мадрид қаласында базаға тіркеліп енген болатын. Жергікті уәкілдіктер ДТҰ-ның қызметін осы жерлерде тікелей жүзеге асырады. Олар әрдайым сан қилы, жердің түкпір-түкпіріне іс сапарлар шегеді.
Олар барлық елдердің туризм индустриясының басшыларымен жағдайларды талқылап және қажетті шешімдерді қабылдау үшін кездеседі.
Олар туристік ұйымдармен, әкімшіліктермен қажетті байланысты қамтамасыз етіп отырады. Әсіресе, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасымен қажетті қаражатты бөліп отыруын қадағалап отырады.
Олар ДТҰ-ның көптеген халықаралық және жергілікті іс-шараларында уәкілдік қызметін атқарып отырады.
Олар белгілі бір елде қызығушылық тудыратын тақырыпшаларға сәйкес семинарлар мен конференциялар өткізеді.
Олар көптеген елдерде қазіргі таңда актуалды болып келетін тақарыптарға презентациялар өткізеді. Осыған дейін, Таяу Шығыстағы Жаһандандыру мәселесі, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағында адам ресурстарын дамыту, Европадағы туризм, Америка аймағындағы сапа стандарттары, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағында дағдарыстық мәселелерді шешу сияқты және тағы да басқа жағдайларды қарастырды.
Олар көбінесе президенттік деңгейде туристік өнім туралы мәселелер мен туындаған жағдайларды шешуге көмектеседі. ДТҰ жылына бір рет өзінің 6 жергілікті комиссияларына конференция өткізіп тұрады.
Туризм әлем экономикасында бастапқы рөлдердің бiрiн атқарады. ДТҰ-ның деректерiне сүйенсек туризм әлемнің жалпылама өнiмінiң 10-нан 1 бөлiгiн, халықаралық инвестициялардың 11 пайызынан астамын, әлем өндiрiсінiң әрбiр 9-шы жұмыстар орындарын қамтамасыз етедi.
ДТҰ және Дүниежүзiлiк туризм және саяхат кеңесiнiң бақылауы бойынша туризмде құрылынатын әр жұмыстар орнында басқада салалар пайда болатын бестен тоғызға дейiнгі жұмыс орындары келедi екен. Туризм тікелей немесе жанамалық түрлерде экономиканың әртүрлі 32 салаларының дамуына ықпал жасайды. Мемлекеттің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседi [2] .
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм аясындағы перспективті бағдарламалар - мемлекеттің туризм жағдайын және де мемлекет ішіндегі туризм дамығын аумақтардың инфрақұрылымын дамыту үшін қолданатын сан қилы бағдарламалар. Туризмнен табысты салыстырмалы түрде азырақ алатын дамып келе жатқан мемлекеттер жыл сайынғы ел ішіндегі туризмді дамытуына деген әр түрлі бағыт - бағдарламарды құрайды және де қолданады.
Көбінесе туризмді дамыту бағдарламаларында келесі факторлар ерекше орын алады:
- адамдардың туристік қызметке қажетін тудыратын обьективті факторлар;
- адамдардың туристік қажеттерінің мазмұны мен сипаты, сондай-ақ қажеттіліктің әр түрлі категориялы класификациясы;
- туристік өнімдерді пайдаланушы адамдардың экономикалық көзқарасы және олардың (туристердің) ынта-көңілі;
- туристік өнімдерді өндіру үрдісінің экономикалық ерекшеліктері, туристік индустрияға және туризм сферасының еңбек мүмкіншіліктеріне талдау жасау;
- қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру, айырбастау және таратудың экономикалық ерекшеліктері;
- мекеме және сала деңгейлеріндегі туризм жұмысының қаражат және экономикалық ерекшеліктері;
- макро - және микро деңгейдегі туризмнің экономикалық және әлуметтік әсері [3] .
Сонымен, бағдарлама - алдын-ала жоспарланған және нақты ақшалай соммасы бөлінген жоспардың түрі. Бағдарлама туризмнің дамуын үлкен үлесін қосатын және әр түрлі туризм түрлерінде кездесетін мәселелерді шешуге бағытталған бағдар болып табылады.
1. 2 Перспективті бағдарламалар түрлері
Туризмді дамытудағы перспективті бағдарламалар көптеген түрлерге бөлінеді соның ішіндегі маңыздылары:
- Визалық рәсімдіктерді жеңілдету;
- Туризм дамыған аймақтарда инфрақұрылымды дамыту;
- Тарихи ескерткіштерді реставрациялау;
- Туризм обьектілеріне кадрлар дайындау;
- Мемлекеттің туризм имиджін көтеру;
- Туристік обьектілерге арнайы мемлекеттік стандарттар енгізу.
Әлемде қазіргі заманға сай инфрақұрылымның салаларын және туризмді дамытуға үлкен мән береді. Өйткені туризм индустриясы елдің барлық өңірлеріндегі экономика деңгейін белсенді түрде дамытуға ықпалын тигізеді. Туризмнің салаларында шаруашылықтарды жүргізетін субъектілер құрылысы мен олардың жұмысты атқаруы автомобиль көліктері, халықтың сауда, мәдениет, медициналық қызметті көрсетуінің даму жолдарымен өте тығыз байланысты. Әлемнің кез-келген елінде мәдени - тарихи және демалыс зоналары, ресурстары жеткілікті, соны туритсерге таныстыру арқылы әр елдің туризм саласында имиджін құру басты мәселе болып табылады.
Елдің экономикалық қабілетін дамытуды туризммен қатар тур өнім маңызды орынды алатындықтан, тур өнімге тоқталуымыз керек. Туризм елде көрсетілетін қызметтері және тауарлардың сауда-саттығынан көп өзгешеліктері орасан зор. Туризмдегі тауарлардың бұл өзгешеліктеріне тоқтала кететін болсақ. Бірінші өзгешелік, тур өнімнің сұраныстық бағасы және табысына бір-біріне байланысы жоғары болып келеді. Бірақта қазіргі уақыттағы сан түрлі саяси және де географиялық-әлеуметтік факторларға тәуелді болып келеді. Екінші өзгешелік, тұтынушыны өнімнен және тұтынатын орындарынан бөлетін қашықтықтарды бағындырады. Үшінші өзгешелік, туристерге көрсетілетін қызметтерінің сапасына келесі сыртқы факторлар үлкен әсер тигізеді: табиғи жағдайлар, ауа райы, туризм саласындағы саясат, халықаралық жағдайлар. Туризм өнімінің ерекшеліктері туризм саласының даму этаптары бойынша өзгеріп отырған [4] .
Осы туризм арқылы экономикасын дамытып отырған елдерде жетерлік. Ауданы бойынша шағын елдер Израильдің бюджетіне тек қана туризмнен - 2 млрд. доллар, Тайландқа - 7 млрд. доллар, ал АҚШ - тың қоржынына 50 - млрд. доллар пайда түседі екен.
Ал, бізде сыртқа шығатын туристік сапарлардың мөлшері - 50 пайызға жуық болса, елімізге келетін туристік сапарлар - 16 пайызды ғана құрайды. Туристер ағының қайткенде көбейтуге болады. Осы орайда Туркия мен Тайландтың туризмнен түсетін кірісті көбейту үшін визаны арзандатып, кейбір елдер үшін визасыз жүе кіргізгені нәтижелі болған. Туркия мен Тайландты туристер тасқыны басып қалды. Тайланд визасы небәрі 8 доллар тұрады.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие
Бірінші бөлімді қорытындылай кетсек, туризм дамуы Қазақстанның әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан ҚР туризмін дамытуда алдыңғы қатарлы дамыған елдердің туризмде қолданатын перспективті бағдарламаларын қолдану немесе өзіндік бағдарламаларды қолдану қажет.
2 ҚР-ҒЫ ТУРИЗМНІҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТАЛДАУ
2. 1 Туризмнің перспективті бағдарламалар жүйесінің даму үрдісі
Дүниежүзінде туризм барлық әлемдік экономиканың 10 пайызын құрайды. Бұл өте үлкен көлем. Бізде әлі өте аз. Мысалы біз 2025 жылға дейін экономикамыздың 8 пайызын туризмнен аламыз деп отырмыз. Ол үшін өте көп жұмыс істеу керек. Рухани жаңғыру, экономикамызды түзеу, инфрақұрылым, «Нұрлы жол» - барлығы осыған байланысты. Қазақстанда көретін жерлер, баратын жерлер көп. Даланың өзі, таудың өзі басқа елдер үшін өте қызықты. Көрсете білуіміз керек. Мына жүргізіп жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасының мағынасын қазақ әлі түсінген жоқ. Біз тарихымызда, еш уақытта ұлан-ғайыр жерімізде мұндай жолдар салғанымыз жоқ. Мысалы, оңтүстіктің азаматтары мұндай даңғыл жолмен өмір бақи жүріп көрді ме?
«Қазір Шымкенттен Алматыға келу, Шымкенттен Ақтөбеге жету көзді ашып-жұмғанша. Астана мен Бурабайдың арасындағыдай жолдар салынды. Ол жол - Қытайдың шекарасынан Алматыны, Жамбылды, Оңтүстік Қазақстанды, Қызылорданы, Ақтөбені басып өтіп, Ресейге шықты, 2700 шақырым», - деді Елбасы. Осы ретте Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Астанадан күннің сәулесіндей барлық өңірге жолдар салынып жатқанын атап өтті. «Оны ақпарат құралдарынан әр уақытта көрсетіп отыру керек деп ылғи айтамын. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жететін мәселе. Елдің ішкі экономикасы даму үшін қарым-қатынас болу керек, ол жылдам болуы тиіс. Тальго пойызы жүре бастаған кезге дейін Астанадан Алматыға 26 сағат жүретін едік, қазір 11 сағатта жетеміз. Астанадан Павлодар, Павлодардан Семейге, Семейден Өскеменге дейін жол салынып жатыр. Астанадан Қарағандыға дейін жол түсті. Қарағандыдан Алматыға дейін жеткіземіз. Астанадан Қостанай арқылы Ақтөбеге, Ақтөбеден Атырауға саламыз. Салынып жатқан ішкі жолдарды айтып отырғаным жоқ. Оралдан төмен қарай жол түседі. Сонда елдің елордасы бүкіл Қазақстан жерімен байланыста болады. Ол жолаушылардың жол жүруіне пайдалы екені рас. Жаңағы айтып отырған туризмді дамытудың негізгі шарты - осы. Егер келген адамдар Қазақстанды шарлап жүре алатын болса, мынадай жолмен жүрудің өзі қандай рахат. Қандай машинаң болса да, 150 шақырыммен жүйткіп отырасың. Сол жолдың бойында неше түрлі қонақүйлер, шағын бизнес дамиды», - деді ҚР Президенті.
Елбасы небәрі 2 жылдың ішінде Қытайдан - Каспий теңізіне дейін теміржол салынғанын да еске салып өтті. «Жұрт байқамай да қалды. Біз екі жылдың ішінде Қытайдан бастап Жезқазған арқылы Каспийге дейін 1500 шақырым теміржол салдық. Біз 1500 шақырым жол салып тастадық.
Сол жолдың бойында иен далада, бетпақ далада станциялар, тұрғын үйлер, ауылдар, тамақтанатын жерлер, көлік тоқтайтын жерлер пайда болды. Бетпақ далада өмір пайда болды. Жол - экономиканы жоғары көтеретін ең күрделі мәселе. Біздің қазір салып жатқан жолдарымыз балаларымызға, немерелерімізге, шөберелерімізге жетеді», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазақстан Президенті туризмді дамыту үшін жол, инфрақұрылым, сапалы қызмет қажет екендігін атап өтіп, олар дұрыс жолға қойылғанда мол қаржы табуға болатынын айтты. «Туризм әуежайдан, теміржол вокзалынан басталады. Өздеріңіз көрген әуежайды салдық. Үш миллиондық әуежайды 8 млн. адам қабылдайтындай жасадық. Ол терминал дүниежүзіндегі ең үздік технологиямен жабдықталған. Ал темір жол вокзалының (Астананың Нұрлы жол темір жол вокзалы) ауқымы Мәскеудегі Қызыл алаңмен бірдей. Соны көргенде «Қазақстанның мынадай жағдайы, мүмкіншілігі бар, баруға болады, келген қонақтарды жақсы қарсы алады, жататын жері, көретін дүниесі бар екен» дейді. Қазір Мәдениет және спорт министрлігінің ішінен арнайы туризм жөнінде комитет, компания құрып, осы істі қолға алайық деп отырмыз», деді Мемлекет басшысы [5] .
Кесте- 1. Туризм дамуының индикаторы
Қазақстанда экотуризмді дамытуға көптеген мүмкіндік бар. Соның арқасында ҚР әлемнің экотуризмдегі орталығы ретінде коюға мүмкіндік зор.
Экотуризм туристік ағындардың табиғи аумақтары, қоршаған ортаның негативті ықпалын қабілетті түрде инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде табиғат ресурстарын сақтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан аумақтарында ерекше қорғалатын 118 табиғи аумақ жұмыс істейді, соңын ішінде туризмнің дамуына бағытталған 11 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар бар. Мəдени назар аударарлық табиғи жасанды жерлерді қаржыландыру, олардың экологиялық жағдайын қамтамасыз ету мүмкіндіктері жасалуда. Сонымен бірге, ауыл шаруашылық туризмі потенциялды түрде даму үстінде халықаралық тəжірибені зерттеу барысында туризмнің əлеуметтік-экономикалық рөлі əртүрлі ресурстары бар аудандар.
Қазақстан Республикасында экологиялық туризмді дамыту қажеттілігі тек экономикалық фактормен - жаңа жұмыс орындарын ашу ғана емес, сонымен бірге əлуметтік тапсырыспен - халықтың денсаулық жəне бос уақытын пайдалану проблемасына тұтастай əрі жүйелі түрде мəн берумен де түсіндіріледі. Дүниежүзілік туристік ұйым сарапшыларының деректері бойынша соңғы он жылда экологиялық туризм неғұрлым танымал жəне кезкелген мемлекеттің тұрақты даму құралы болып табылады. Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Туристік əлеуетті зерттеу қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның экологиялық туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Оның негізін Еуразия орталығындағы бірегей табиғи жағдайлар мен ландшафттар, көптеген табиғи, тарихи ескерткіштер құрайды. Тұтастай алғанда, Қазақстандағы экологиялық туризмнің жағдайы тұрақталып келеді. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша, заңды тұлға мəртебесіндегі ұлттық ерекше қорғалатын аумақтар 2016 жылы 500, 8 мың туристке қызмет көрсеткен, туристік топтардың келуінен түскен кіріс 2016 жылы 84, 1 млн. теңгені құраған [7] .
Алайда экологиялық туризмнің басқа туризм түрлеріне қарағанда табиғи ортаға әлсіз әсеріне және кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейтініне қарамастан осы бағыттың дамуы күрделі қиындықтарға ұшырауда, ол рекрациялық - туристік инфрақұрылымның көп бөлігінің әлі қалыптасу кезеңінде болуына байланысты. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарғанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10% жуығы тек біз сөз етіп отырған табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кеінгі үшінші орынды иеленіп келеді. Экологиялық туризмнің басқа туризмдерден принциптік айырмашылығы - табиғатта туристердің берілген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың деградациясын болдырмау.
Экологиялық туризм бүгінде - соңғы оңжылдықта бүкіл әлем бойынща кең тарған, қазіргі заманға сай туризмнің жаңа бір бағыты болып табылады. Экологиялық туризмнің танымалдылығына дәлел болатын фактірлер, яғни экотуризмді одан әрі дамытуға қызығушылық танытып жүрген атақты халықаралық ұйымдар: Бүкіләлемдік Туристік Ұйым, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры, Халықаралық табиғат күзеті одағы және табиғат ресурстары.
Экотуризмді халықаралық және аумақтық деңгейде дамыту жөнінде жаппай барлық жерде конференциялар, конгрестер, кеңестер, симпозиумдар (халықаралық жиналыс) өткізілді. Осының нәтижесінде көптеген фирмалар туризмнің ішінен экотуризмге аса көңіл бөлді. Осындай кеңестердің бірі - 2004 жылы басталған «Қазақстандағы экологиялық туризмді дамыту жөніндегі бастама» ағымдағы жылы аяқталатын болады. Бастаманың мақсаты - ауылды өңірлердегі тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету және ауыл тұрғындары арасында экологиялық сана - сезімнің деңгейін арттыру болып табылады. 2009 жылы экологиялық туризм жөнінде қоғамдастық үкіметтік емес ұйымдардың көмегінсіз туристік фирмалар мен тікелей жұмыс істей бастады. Өзіндік ерекшеліктері бар Қазақстан бәсекелестік туризм индустриясын құруға үлкен мүмкіндік бар. Бұған мүмкіндік туғызатындар:
- аймақтың пайдалы геосаяси жағдайы халықаралық туристік және коммерциялық тасындар өтуінің мүмкіндігін сорл территория арқылы туғызу;
- саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформалар өткізу;
- мәдени - тарихи үзілістік ресурстардың әр түрлігі;
- еркін еңбек ресурстарының болуы.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы жұмыс істеп жатқан туризм жүйесі туристердің барлық сұранымдарын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері доқ.
Қазақстандағы экологиялық туризмнің әлсіз дамуының себептеріне келесілерді жатқызуға болады:
- экологиялық туризмнің нормативті-құқықтық базасының дамымағандығы;
- экологиялық туризмнің объектісінің жағдайы мен саны жөніндегі статистикалық есептің болмауы;
- салық саясатының жетілмегендігінің нәтижесінде туристік қызметке шетел туристерін қабылдайтын және отандық туристерді шетелге жіберілуін жүргізетін туристік фирма қызметінің сипаты шектеусізден 20% көлемінде қосымша құнға салық салынады;
- ерекше қорғалатын табиғи экологиялық туризм маршруттарын дамытуға қаражаттың жоқтығы, келушілерге қызмет көрсететін және ақпарат беретін дайындықтан өткен кадрлардың жоқтығы;
- магистральді жолдарды айтарлықтай алыста орналасқан экологиялық туризм объектілеріне көліктің жетуінің төменділігі;
- экологиялық туризм саласындағы халықаралық қатынастардың және экологиялық туризмді ұйымдастырудағы халықаралық тәжірибенің болмауы.
Экотуризм дамуы - мүлтіксіз және туристік қызмет нәтижесінде болған экожүйеге теріс әсер етуін төмендетудегі жалғыз жол болып табылады. Барлық дерлік елдерде экологиялық туризмнің дамуына үлкен көңіл аударылады. Соның нәтижесінде біздің тіршілік әрекетімізді қолдап тұратын қоғамның табиғи ортаға және экожүцеге көңіл аударуы жоғарлай бастады. Осы арқылы Қазақстандағы экологиялық туризм дамуы, біздің көзқарасымыз бойынша республикадағы барлық табиғи шаруашылық кешеннің сәтті дамуына, сондай-ақ басты әлеуметтік-экономикалық елдің мақсаты-қоғамның тұрақты дамуы мен салауатты өмір салты болуы үшін қоршаған ортаны жағымды жағдайлармен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қол жеткізе алады [8] .
ҚР Үкіметі 2014 жылы 2020 жылға дейінгі туризмді дамыту тұжырымдамасын бекітті. Бұл тұжырымдамада бес туристік кластерді дамыту көзделген. Астана іскерлік туризм орталығы болып анықталды. Алматы - іскерлік және халықаралық тау туризмінің орталығы болады. Тұжырымдамада ұлттық жобаларды жүзеге асыру қарастырылған. Бұл - «Оңтүстік Қаскелең» және «Көк - Жайлау; Шығыс Қазақстан - экологиялық туризмді дамыту орталығы», «Бұқтырма» және «Қатон - Қарағай» ұлттық жобалары іске асырылады; Оңтүстік Қазақстан - мәдениет туризмінің орталығы; Батыс Қазақстан - мәдениет және жағажай туризмінің орталығы [9] .
Туризм кластерін жетілдіруді қолға алып жатқан энтузиастарға Үкіметтің осы жылдың қаңтар айында еліміздің бірқатар аймақтарындағы ұлттық парктердің жағдайын жақсарту жөнінде қаулы қабылдауы жаңа серпіліс әкелгендей. Сондықтан да, олар Оңтүстіктегі Ақсу - Жабағалымен қатар, Жетісудағы бұрыннан бар ұлттық парктер Алтынемел мен Алатауға мықтап назар аударып отыр. Себебі шетелдерден туристер көп келетін жер, міне, осы табиғат нүктелері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz