Корпорациялық басқару


Шығарылым
Құрметті мемлекеттік аттестациялық комиссияның төрағалары мен мүшелері, сіздердің назарларынызға «Корпорациялық басқару» деген тақырыпқа дипломдық жұмысымды ұсынамын.
Мазмұны
Кiрiспе . . .
1 тарау. Корпорациялық құрылымдар қалыптасуының теориялық негіздері
1. 1. Корпорациялық құрылымдар:ұғым, мән, белгілер
және ерекшеліктері . . .
1. 2. Корпорациялық құрылымдардың қалыптасуы . . .
1. 3. Ұйымдастыру қағидалары, критерийлері және әдістемесі . . .
1. 4. Экономиканы қайта құрылымдау жағдайындағы корпорациялық
біріктіру . . .
2 тарау. Корпорациялық секторды мемлекеттік реттеу
2. 1. Корпорациялық құрылымдардың жұмыс істеу үдерісіне
мемлекеттің әсері . . .
2. 2. Корпорациялық құрылымдар қызметін ұйымдық-құқықтық
реттеу . . .
3 тарау. Корпорациялық басқару жүйесі
3. 1. Елдің ұзақ мерзімді экономикалық дамыту негізін нығайтудағы
корпорациялық бақсқару жүйесінің рөлі . . .
3. 2. Корпорациялық басқару жүйесінің қазіргі заманғы үлгілері және
олардың сипаттамасы . . .
4-тарау. Корпорациялық мәдениетті кәсіпорындарда қалыптастырудың теориялық әдіснамалық аспектілері
4. 1. Корпорациялық мәдениеттің жалпы түсінгі мен мәні . . .
4. 2. Корпорациялық мәдениеттің элементтері . . .
4. 3. Корпорациялық мәдениетті қалыптастыру бойынша әлемдік
тәжірибе . . .
4. 4. Корпорациялық мәдениетті қалыптастыру технологиясы . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Халықаралық бизнес пен экономикалық даму проблемасы тұрғысынан корпорациялық басқару үлкен қызығушылық туғызып отыр. Оның жүйесiз болуы инсайдерлерге компания қаражатын немесе мемлекеттiк меншiктi акционерлердiң, кредит берушiлердің және басқа да мүдделi тараптардың мүддесiне зиянын келтiрiп, тиiмсiз пайдалануға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар қазiргi заманғы ғаламдық экономиканың ұйымдастыру шарттарында корпорациялық басқарудың әлсiз жүйесiмен өз қызметi үдерiсiнде қолайсыз жағдайлармен кездеседi. Әлемдiк жаһандану ғасырында корпорациялық басқару әдiстерi деген түсінік барған сайын нығаюда, айтарлықтай дәрежеде жеке ұйымдардың тағдырын және толық экономикалық жүйелерiн анықтайды.
Корпорациялық басқару жүйесi компаниямен елдерге инвестиция тартуға, ұзақ мерзiмдi экономикалық даму негiзiн нығайтуға және түрлi бағыттардың бүкiл жылыны бойынша бәсекелестiк қабiлетiң қамтамасыз етуге көмектеседi. Сондай-ақ, ол активтерге қисынды пайда алуға кепiлдiк беретiн болғандықтан жеке компанияларға ғана емес, мемлекеттiк кәсiпорындарға да қажет.
Корпорациялық басқаруды ендiру менеджерлер мен басқаруға компания қызметiнiң ойластырылған стратегиясын әзiрлеуге, басқарушылардың алынған нәтижелерге сыйақысының байланыстылығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бере отырып, фирманың басқару сапасын арттыруға әкеледi.
Шетелдер тәжiрибесi осындай жүйемен мүмкiншiлiгi бар мемлекеттер iрi көлемдi және өтiмдiк капитал нарығын куәландырады. Сондықтан оларды жүргiзу компания қыметiн басқару ережелерiн жасаудың ғана ұйғармайды, сондай-ақ нарықтың экономика қағидаларын сәйкестiрушi демократиялық құруды қалыптастырады.
Бизнес ұйымының корпорациялық нысаны әлемде үлкен ауқымды қызметi бар кәсiпорындарға пайдаланылатын бизнес басымдық болып табылады. Ол бiр жағынан, қоғамның эволюциялық дамуының сипатты мысалы болып табылады, екiншi жағынан, нарықтық экономика шеңберiнде одан әрi дамуға едәуiр бейiмделген болып ұсынылады.
Субъектiнiң тиiмдi қызмет iстеуi олармен таңдап алынған корпорациялық басқару жүйесiне байланысты. Өйткенi ол қоғамға инвесторлар мен кредит берушiлердiң өз қаражаттарын сенiп тапсыруға болатын, корпорацияның жақсы басқарылатын ұйым болып табылатынына көз жеткiзедi.
Корпорациялық менеджмент басқарушылық қызметкерлер кәсiпқойлығына жоғары талап қояды. Корпорациялық басқарудың негiзi болатын қағидалардың бiрi меншiк құқығы мен бақылауды бөлу қағидасы болып табылады. Акционерлер - корпорация капиталының меншiктенушiсi, бiрақ бұл үдерiстің бақылау және басқару құқығы iстiң мәнiсi бойынша менеджментке тиiстi. Бұл қағида кәсiпқой менеджментке тән кәсiпкерлiк тәсiлдi бизнестi түрлi көздерден қаржыландыру тәсiлiн бiрiктіруге мүмкiндiк бередi. Осыған қажеттi кәсiпқой дағдысы, бiлiмi, сапасы бар менеджмент капиталды жақсы пайдалануға бағытталған шешiмдер қабылдауға және iске асыруға қабiлеттi. Бұл корпорациялық басқарудың теориялық және әдiстемелiк негiздерiн, Қазақстандағы көкейтестiлiктiң өсуiне байланысты осы саладағы шетел тәжiрибесiмен танысуға басты мән берiлген.
Бұл дипломдық жұмыста корпорациялық басқару жүйесi туралы толық мәлiметтi қалыптастыруға, сондай-ақ iс-тәжiрибелiк қызмет үшiн қажеттi дағды қалыптастырылады.
1 тарау. Корпорациялық құрылымдар қалыптасуының теориялық негіздері
Корпорациялық құрылымдар: ұғым, мән, белгілер және ерекшеліктер
Нарықтық экономикадағы үдерiстер меншiктiң әрбiр субъектiсi қызметiнiң еркiн құқымен анықталады. Нарық бұрын қабылданған ең сәттi шешiмдердi қайта қарауға, үнемi тәуекелге баруға мәжбүрлеп, кәсiпкерлер мүддесiн тоғыстырады. Мұндай жағдайда кәсiпорын қатаң бәсекелестiк күреске төтеп беруi үшiн өз капиталы құрылымын болжауға және мерзiмiнде өзгертулер жүргiзуге мәжбур. Осыған байланысты нарықтағы табыс тұтынушымен анықталады, өндiрушi бәсекелестiкке қабiлеттi болатын өнiм өндiруге мүдделi.
Нарықтық экономика жағдайында өндiрiстi басқарудың мүлде жаңа ұйымдастыру нысандары мен әдiстерiне қажеттілiк пайда болды. Нарықтық сапаға қоятын талабы өсiп қана қойған жоқ, өндiрiс сипаты мен оларды басқаруды түбегейлi өзгерттi.
Өтпелi экономикадағы бiрiктiрiлген корпорациялық құрылымдар тұрапатты шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң пайда болуы олардың түрлендiру жағдайында әкiмшiл-әмiршiл экономиканың нарықтық экономикаға айналғандағы қалыптасатын қоғамдық өндiрiстегi мәнi мен орнын теориялық түсiну қажеттiлiгiн туындатады.
Экономикалық құбылыстарды зерттеу факторларды талдаудан басталады, соңғысы олардың тұтастығы мен өзара байланыстылығынан алынады. Бұл үдерiс нақты болмысы эмпирикалық зерттеу, оның маңызды ерекшелiктерi, «тек» және «түр» белгiлерiн анықтау арқылы жүзеге асырылады. Осы негiзде логикалық ойлау түсiнiк пен санатты қалыптастырады. Осылайша, түсiнiк танымның ұзақ үдерiсiнiң нәтижесi. Ақыл тiрi құбылысты танып бiлумен басталады, түсiнiк қалыптастырумен аяқтайды.
Түсiнiк - нақты-жалпы табиғатқа немесе белгiлi бiр құбылыстар тобының (тегiнiң) «жалпы тұрпатын» көрсететiн ойлау қозғалысының басты формасы; «iстiң мәнiсiн түсiнудiң» синонимi, яғни осы құбылыс үлгiсiне имманенттi олардың заңының болуына, олардың кейбiр объективтi бөлiнген бүтiннiң құрамында нақты (өз iшiнен бiрнеше рет және заңды мүшелерге бөлiнген) бiрiгуi. Түсiнiк өзiнiң толық және аяқталған нысаның белгiлi құбылыс кешенiнiң кең жайылған теориялық бейнесiнiң құрамында анықтамалардың даму үдерiсiнде ғана алады. Жекелеген абстрактiлi анықтамалар түсiнiк сәттерiн ғана құрайды, ал олардың өз ұғымы бiрлiк арқылы көрiнедi. Сондықтан «Түсiнiк анықтауда» басқа белгiде «мән» немесе «мағына» белгiлерiн анықтауда термин сөз көрiнедi, ал жиынтық белгiлер термин сөздер арқылы ғана көрiнген сол ерекше саланың құбылысы түрлi сөздердің объективтi бiрлiгi осы ұгымның объектiсiн құрайды. 1
Түсiнiктi анықтау үшiн тек жалпыны бөлу жеткiлiксiз, жалпының айрықшалық ерекшелiгiн түсiну керек. Одан да жалпы түсiнiктер санаттан көрiнедi.
Санаттар - бұл түсiнiк, бiрақ олардың әрқайсысы санатты болмайды. Оның себебi болмысты танудың өз рөлi бойынша, белгiленген құбылыстардың маңыздылық дәрежесi бойынша түсiнiк тең бағада емес. К. Маркс санат - «бұл барлық көп түрлiлiктiң мәндi, типтiк» мазмұны, олар - өндiрiстiң «теориялық көрiнiсi, қогамдық қатынастарының абстракциясы».
Экономикалық санаттар - экономикалық үрдiстер мен құбылыстардың мәндi тұстарын көрсететiн экономика ғылымындағы маңызды ұғым. Олар зерттелетiн объектiнiң сыртқы және iшкi қасиетiн көрсетедi. Ойлау объективтi шындықты ешқашан дәл сол күйiнше көрсете алмайтыны белгiлi, сондықтан қандай да бiр экономикалық санат тану үдерiсiнде тиiстi құбылыстың барлық көп жақтылығын толық қамтымай, тек жақындатып бередi. Осыдан шығатыны, санат нақты өндiрiстiк қатынастың қоғамдық санасында тұрақтандыру болып табылады. Санат қозғалысы қоғамдық өндiрiстің даму заңдылығын ғана сипаттап қоймайды, сонымен қатар, танымның қарама-қайшылығын растайды. Санаттың объективтi негiзiн өндiрiстiк қатынастар құрайды, бiрақ соңғылары оларды тудыратын құбылыстарды барлық уақытта дәл бере алмайды.
Нақты өндiрiстiк қатынастар (қоғамдық тұрмыспен) мен тиiстi экономикалық санаттар (қоғамдық санада) арасындағы байланыс күрделi жанама сипат алса, оған қоса өндiрiстiк қатынастар үздiксiз қозғалыста және дамуда болатындықтан, бұл түрiнде ұйымдастырылады. Ондағы акциялардың көбiсiнiң бiр ғана иесi болады, бiр отбасына немесе акционерлер тобына тиiстi болады. Корпорация бiр тұрпатты өнiмнiң негiзгi өндiрушiлерiн бiрiктiредi, бұл өндiрiстi монополияландыруға алып келедi. Олар инвестициялық ахуалдың шоғырлануына жәрдемдеседi, ғылыми-техникалық дамуды қамтамасыз етедi және өндiрiс дамуына, өнiмнiң техникалық деңгейiн көтеруге және бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге әсер етедi. Сонымен қатар бұйымның жаңа кезеңiн енгiзу кезiндегi өндiрiстi меңгеруде жүрiп жатқан салалары жедел дамиды. 2
Корпорация - дамыған елдерде кең таралған кәсiпқой басқарушылардың жоғарғы эшелоны қолына үлестiк меншiктi, заңды мәртебенi және басқару қызметiнiң жинақталуын қарастыратын кәсiпкерлiк қызметтi‚ ұйымдастыру нысаны.
Корпорация қызметiндегi бағыт пен басты бағдар әлемдiк экономиканың дамуында бiрiншi орынға шығаратын мәселелерге байланысты өзгердi.
Әлемдiк және Қазақстан экономикасындағы өзгерiс әсерiнен елдiң бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн көтерудің тиiмдi құралы ретiнде құрастырылатың корпорациялық құрылымның бiрiгу үдерiсi кең таралады.
50-60 жылдары «бiрiгу» ұғымы халықаралық бiрлестiктер деңгейiнде кең таралды, одан кейiн ұйым деңгейiне көтерiлдi. Жалпы экономикалық бiрiгулер әсерiнен өздiгiнен қызмет ететiн ұйымдар негiзiнде iрi құрылымдар қалыптаса бастады. Түрлi экономикалық құрылымдар қайта бiрiгiп, бiр-бiрiн толықтырып, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында өзара әрекеттiң айқын және сенiмдi желiсi және салынды; бiрiктiретiн құрылымдардың тиiмдi өсуiне алып келетiн синергиялық әсер құрылды.
Осылай, Ю. Винслов, А. Мелентьев «бiрiктiрiлген корпорациялық құрылым» (БКҚ) деп активтердi шоғырландыру немесе ортақ мақсатқа жету үшiн келiсiм-шарттық, өзара шарттық қатынастар активтерi негiзiнде бiрiгiп бiрлесiп қызмет iстейтiн кәсiпорындарды (ұйымдарды), заңды немесе шаруашылық дербес топтарын айтуға болады.
Ресей экономист - ғалымдары С. Авдашеваның және В. Дементьевтiң пiкiрi бойынша бiрiктiрiлген корпорациялық құрылым деп бiрлескен қызметi нарықтың өзара шарт шеңберiнен шығатын кез келген кәсiпорьтн бiрлестiктерi түсiнуге болады.
Ю. Якутин бiрiктiрiлген корпорациялық құрылым - 6ұл өз активтерiн акционерлiк негіздегi немесе келiсiм-шарттық қатынастар базасында шоғырландыратын өндiрiстiк, қаржы-кредиттiк, саудалық, жаңартпалық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және 6асқа да кәсіпкерлердiң бiрлестiктерiмен берiлген iрi корпорациялық сектор деп санайды. 3
Тиiстi көзқарас талдауы және жүргiзiлген зерттеу зерделенiп жатқан экономикалық феноменге авторлық түсiндiрiп беруге мүмкiндiк бередi.
Бiрiктiрiлген корпорациялық құрылымдар макро, мезо және микродеңгейдегi шаруашылық жүргiзушi құрылымдардың дамыған бiрiгулерiмен шарттасылған, еңбектi қоғамдық бөлудiң шартында туындаған және кеңейтiлген ауқым негiзiндегi және жағдайында бiртұтас өндiрiстiк-экономикалық жүйенi бiлдiредi. Бұл үрдiстiң экономикалық мазмұнын өзара байланысты болса да, жеке, жекелеген қызмет түрлерiнiң (түрлi салалардың, инфрақұрылымдардың, банк қаржыларының, оның iшiнде қызмет сату бағытына карай түрлерге бөлiнуiмен) қойылған мақсаттарға жету үшiн бiрыңғай өндiрiске айналуында.
БКҚ-ның қалыптасуының және дамуының маңызды қағидасы мына талаптар түрiнде құрылған жиынтықтылық болып табылады:
- БКҚ тиiмдiлiгiнiң бағасын өнеркәсiптiк кәсiпорындар, банктілер, сауда-өткiзу ұйымдарының құрылымдық қызметiнiң ерекшелiгiн ескеру мiндет етiледi;
- тиiмдiлiкке әсер ететiн сыртқы және iшкi факторлар жиынтығы;
- экономикалық, жаңартпалық және әлеуметтiк тиiмдiлiк; БКҚ-ның тиімділігін талдаудың келесі үрдістік қағидасы, оған мыналар кiредi:өндіріс көлемін ұлғайту; инвестиция құрылымын жетідіру; Өндiрiстiк құжаттарды және басқарушылық аппаратты қайта құрылымдау; Қаржылық өзара есеп айырысуларды жеделдету және өнімді игеру, мерзімін қысқарту, өндіру және жүзеге асыру;
Синергия мен байланысты «бағдарламалық» қағидасына мыналар кіреді:
- тиiмдi бағдарламаларда инвестициялық ағымдарды пайдалану; өндірістік қуаттарды қарқынды пайдалану; қаржы шығындарын үнемдеу; корпорациялық қорлар есебiнен қаржыландыру; еңбектi бөлу,
Бiрiктiрiлген корпорациялық құрылымдар ерекшелiгiнен өзара әрекет үдерiстерiн көрсететiн көрсеткiштер блогы бар есепке алу қағидасы шығады:
- бас компания еншiлесiмен; оның iшкi өнеркәсiптiк кәсiпорындарында; өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен банкiлер арасында.
Соңгы ақпараттық қағида, БКҚ басқару органдары есеп алуы үшiн қажеттi корпорация iшiнде ақпарат алмасу.
Iрi бiрiктiрiлген құрылымдар ресурстарды бiрiктiру есебiнен бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етушi дамыған елдердiң және әлемдiк шаруашылық экономикасының ядросын құрайды. Олардың iшiнде едәуiр көп таралған iрi бiрiктiрiлген құрылым нысандары холдинг үлгiсiндегi компаниялар, қаржы-өнеркәсiптiк топттар. 1-кестеде жаңартпалық құрылымдардың нысаны, мәнi және мақсаты берiлген. Бiрiгудiң едәуiр тартымы ұйымдастыру нысандары болып қаржы-өнеркәсiптiк топттар нысанындағы корпорациялық бiрлестiктер саналады.
1. Біріктірілген корпорациялық құрылымдарын ұйымдастыру нысандарының салыстырмалы сипаты.
Бұйымды жалпылай сату кеңсесі арқылы өткізу.
Тауардың сату бағасын және босату шарттарын белгілеу.
Әрбір қатысушы үшін өткізу ауданын анықтау.
Әрбір қатысушының нарыққа тауар топтамасын жеткізу көлемін белгілеу.
Монополиялық бағалардың өсуі есебінен кіріс алудың тұрақтылық кепілі.
Кәсіпорынның дербестігін жоғалтпай, нарықтың жалпы көлемінде пайданың ең үлкен үлесін баып алу. Көптеген өткізу, қызмет көрсету, қаржы, сақтандыру, ғылыми-зерттеу және өндірістік кәсіпорындардың өзара іс-қимылы.
Банкілердің және басқа да қаржылық құрылымдардың қаржы қаражатын жинақтау.
Қазақстан экономикасының көтерiлуiне және тұрақты дамуына жағдай жасау белгiлi бiр дәрежеде iрi корпорациялардың қызметiне байланысты болады. Корпорациялық бiрлестiктер өнеркәсiптiк саясаттың негiзгi жүргiзушi болып, экономиканың стратегиялық мақсаттарына жетуге жәрдемдесуi тиiс. Бiздiң елiмiзде жүргiзiлiп жатқан реформалар мәнi бойынша шаруашылық жүйенi ұсақ тауарлы өңдiрiске алып баратын жолға бағыттайды. Iрi кешендердiң, технологиялық және экономикалық кәсiпорындарға байланысты құлдырауы 1991 жылы қабылданған «Жекешелендіру және мемлекет иелiгiнен алу туралы», «Монополиясыздандыру туралы» заңдардан бастап, 1991-1993 жылдардағы Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендіру бағдарламаларымен анықталды. Бұл үдерiс өндiрiстiң институционалдық құрылымының құлдырауына және осы негiзде көре тұра әлсiз шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылуына алып келедi.
Қазақстанда жалпы ұлттық корпорация қалыптастыру жолымен жинақтау бұйымдарын дайындайтын және әр түрлi шикiзат түрлерiн өңдейтiн шағын кәсiпорындар құруды жеделдетуге мүмкiндiк бередi. Шағын-зауыттардың тамақ өнеркәсiбiнде ғана емес, машина жасаудын да болашағы зор. Олардың құрылуы соңғы өнiмдi салыстырмалы түрде аз шығынмен шығаруды көбейтудi қамтамасыз етедi.
Жылу-энергетикалық кешенде, металлургияда, химия өнеркәсiбiнде, машина жасауда iрi корпорация ұйымдастыру республика аймақтарындағы казiргi шарттастырылған кәсiпорындардың тиiмдi жұмыс iстеуiне көмектесетiн салааралық және шаруашылық-аралық байланыстарды нығайтуға, өнiм шығаруды ұлғайтуға және оның табыстылығын көтеруге мүмкiндiк бередi. Мұндай корпорациялық құрылымдар өндiрiстi әртараптандыруды күшейту, ұйымдастыру мен басқаруды жақсарту, маркетинг атқарымен дамыту жолымен барлық шаруашылық жүйелердiң тиiмдi қызмет iстеуiне жағдай жасайды; нарықтық жүйенiң экономикалық тұтқалары тым кешендi және оңтайлы пайдаланылуы мүмкiн; келешекке бағыттайтын жоспарлауды қолдану негiзінде стратегиялық мiндеттердi табысты шешу үшiн нақты мүмкiндiктер пайда болады.
Нарықтық экономика дамыған елдерде орташа және iрi корпорациялық кәсiпорындары (акционерлiк компаниялар) бар. Ондай корпорацияларды, оның iшiнде салааралық және мемлекетаралық корпорацияларды куәлік бойынша интегралдық жүйе деп атауға болады. АҚШ-та өзiнiң саны бойынша, мысалы, басқа мемлекетгер кәсiпорындардың жалпы санында үлес салмағы бар. Бiрақ ЖІӨ-дегi және мемлекеттiк бюджет кiрiсiндегi үлес салмағы бойынша олар алдыңғы қатарда. Осылай АҚШ-та корпорациялар барлық компаниялардың 1% құрап, жалпы тауар мен қызметтiң өткiзедi. Фирмалардың жалпы санының 73% жеке иелiктер, оның iшiнде фермерлер және 9% - серiктестiктер немесе шағын кәсiпорындар құрайды. Корпорациялардың жалпы санында алдыңғы орынды, өз кезегiнде, олардың iшiндегi iрiлерi алады. 300 ең iрi корпорацияда барлық ЖІӨ-нiң 40% жуығы өндiрiледi.
Экономиканың табысты дамуына өздерiнiң ерекше ролiн аттыратын шағын және iрi фирмалар қажет. Алайда экономикалық өсудiң орталығы ХIХ ғасырдың соңғы ширегiнен бастап бүгiнгi күнге дейiн әлемнiң барлық жетекшi елдерiнде капиталды және ғылымды қажет ететiн салалары болып қала бередi. Электро-техникалық саласында экономикалық дамуы өткен ғасырдың 80-жылдары құрылған және қазiрде басым болатын салыстырмалы түрде қуатты бiрқатар компаниялар: «Джәнерал электрик», «Вестингауз», «Сименс» және басқалары анықтайды. Iрi фирмалар электрондық өнеркәсiптің де дамуын анықтайды.
Iрi корпорациялық құрылым құру идеясы Қазақстан экономикасы үшiн жаңалық емес, бұл үрдiс бұрыңғы орталықтандырылған жоспарлы экономикада орын алған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz