Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі патофизиологиялық емдеу. Экстракорпоральды және перитонеальды диализ


МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Патологиялық физиология - 2
Кафедрасы: « Патологиялық физиология»
Курс : IІІ
Тақырыбы: Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезіндегі патофизиологиялық емдеу. Экстракорпоральды және перитонеальды диализ.
Орындаған: Оспанова А. Т.
Тексерген: Мукышова Г. Д
Тобы: 310 Б
Ақтөбе 2017 ж.
ЖОСПАРЫ:
I. КІРІСПЕ.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі туралы жалпы түсінік.
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
- Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің этиологиясы және патогенезі.
- Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің классификациясы және клиникасы.
- Ажырату диагнозы, диагнозды қою.
- Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің емі.
- Гемодиализ, көрсеткіштері мен асқынулары.
- Бүйрек трансплантациялауға арналған көрсетілімдер.
III. ҚОРЫТЫНДЫ.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (СБЖ) - бүйректің созылмалы үдеме ауруларының салдары түрінде дамитын, бүйректің шумақтық және өзектік функцияларының біртіндеп және үдемелі төмендеуі нәтижесінде бүйректің ішкі ортаның тұрақтылығын ұстап тұру қабілетінен айырылуымен аяқталатын синдром.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен сырқаттанушылық 100 000 тұрғынға 5 -10 адамды құрайды.
Этиологиясы:
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің ең жиі себептері:
- Бірінші рет бүйрек шумақтарын зақымдайтын аурулар: созылмалы гломерулонефрит, жеделше гломерулонефрит;
- Бірінші рет бүйрек өзекшелері мен интерстицийді зақымдайтын аурулар: созылмалы пиелонефрит, интерстицийлік нефрит, балқандық нефропатия;
- Обструкциялы нефропатиялар: тынжытас ауруы, гидронеф- роз, несеп-жыныс жүйесінің ісіктері;
- Бірінші рет тамырлардың зақымдануы: қатерлі гипертония, бүйрек артерияларының стенозы, гипертония ауруы;
- Дәнекер тінінің жүйелі аурулары (ЖҚЖ, ЖСД) және жүйелі васкулиттер (түйінді периартериттер, геморрагиялық васкулит) ;
- Зат алмасу аурулары: қант диабеті, амилоидоз, подагра, кальций алмасуының бұзылуы (гиперкальциемия) ;
- Бүйректің іштен туа болатын аурулары:поликистоз, бүйрек гипоплазиясы, Фанкони синдромы, Альпорт синдромы және басқалары.
Созылмалы гломерулонефрит пен созылмалы пиелонефрит созылмалы бүйрек жетіспеушілігі себептерінің 80 % құрайды. Қалған себептердің ішінде ең жиі кездесетіндері: амилоидоз, қант диабеті, бүйрек поликистозы.
Патогенезі: Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі қызмет етуші нефрондар санының азаюы нәтижесінде дамиды. Нефрон саны 30-10% дейін азайғанда созылмалы бүйрек жетіспеушілігі айқын клиникалық көрінісі пайда болады, қалған нефрон саны 10% жеткенде созылмалы бүйрек жетіспеушілігі терминальды сатысының көрінісі орын алады.
Зақымданбай қалған нефронда нефрондардың гипертрофиясы, гиперфильтрация және шумақ ішілік гипертензия түрінде құрылымдық және функциялық өзгерістер дамиды. Бұл процестер бүйрек ішілік ренинангиотензин жүйесінің активтенуі және процеске өсу факторының қатысуымен іске асады. Ақырында қызмет етуші нефрондар массасының азаюы бүйректердің гомеостазды ұстап тұру қабілетінен айырылуын тудырады. Гомеостаздың бұзылуының негізгі түрлеріне жататындар:
1. Бүйректен басқа жолдармен бөліне алмайтын белок алмасу өнімдерінің, азот шлактарының (мочевина, креатинин, несеп қышқылы және басқалары) организмде жиналуы. Ұзақ уақыт азот шлактары уремияның көптеген сиптомдарын тудыратын «уремиялық» токсиндер деп аталып келеді. Қазір бұл пікір дәлелін тапқан жоқ. Оған қарамастан азот шлактарының қанда көбеюі бүйрек жетіспеушілігінің айқын белгілері ретінде қолданылады.
2. Су - электролит тепе - теңдігігің бұзылуы:
А) Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі алғашқы сатыларында бүйректердің концентрациялау функциясы бұзылады. Қалған нефрондар өте жоғары осмостық жүктеме жағдайында жұмыс жасайды және бір минутта қалыпты нефрондармен салыстырғанда еріген заттарды неғұрлым көп бөлулері керек. Ол үшін нефрондар бөлінетін несеп көлемін көбейтулері керек, сондықтан полиурия пайда болады; несеп бөлінудің ырғағы бұзылады - никтурия бой көрсетеді. Біртіндеп несептің салыстырмалы тығыздығы азаяды, изостенурия дамиды, кейін гипостенурия пайда болады. Концентрациялау функциясының бұзылуы өте ерте интерстицийлік нефритте, пиелонефритте, бүйрек поликистозында байқалады. Бүйрек жетіспеушілігінің терминалды сатысында олигурия мен анурия бой көрсетеді.
Б) натрий бөлінуінің (экскрециясының) бұзылуы. Қалыпты жағдайда бүйрек тәулік ішінде натрийдің 550 - 600 г сүзіп шығарады, оның тек 3 - 6 гнесептен сыртқа бөлінеді.
Организмге енген натрийды сол көлемде несеппен бөлу үшін бүйректер нефронның проксимальды және дистальды бөліктерінде оның реабсорбциясын өте азайту және натрий экскрециясын көбейту арқылы іске асырылады.
Бүйрек жетіспеушілігінде натрийды сыртқа бөлу 15 - 20 есе азайған жағдайда оның бөлінуін қамтамасыз ету үшін компенсаторлық факторлар іске қосылады: 1) бүйрек өзекшелерінің альдостеронға сезімталдығы азаяды; 2) уремиямен ауыратын адам қанының сарысуында «натрийурездік фактордың» болуы; 3) уремиямен ауыратын адам сарысуында интерстиций проксимальды өзекшелерге секрециялауды күшейтетін қасиет пайда болады; 4) уремияда натрийдің, фосфаттардың және судың реабсорбциясын бұзатын паратгормондардың көбеюі.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі үдей түскенде бүйректер натрийді ұстап тұру қасиетін жоғалтады. Бүйректер несептегі натрий концентрациясын 40 - 50 ммоль/г төмендету қасиетін жойғанда «тұз тапшылық» күй туындауы мүмкін. Бұл жағдай пиелонефритте, поликистозда, гиперхлоремиялық ацидозда байқалады. Тұз тапшылық күйде шөл, әлсіздік, гипотония, гематокриттің көбеюі, қан сарысуында жалпы белоктың көбеюі байқалады. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі терминальді сатысында организмде натрий жиналып, ол гипертония дамуының себебі болады.
В) Калий экскрециясының бұзылуы. Созылмалы бұйрек жетіспеушілігі калийдың қалыпты секрециясын медулярлық Na+, K+тәуелді АТФ-аза белсенділігінің күшеюі мен альдостерон секрециясының күзеюі қамтамасыз етеді. Тәуліктік диурез 600 мл жоғары болған жағдайда қандағы калийдың мөлшері қалыпты күйде болады. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі алғашқы сатысында гипокалемия байқалады. Оған тән белгілер: бұлшықет әлсіздігі, гипервентиляция, ентігу, құрысу. ЭКГ - да экстрасистолия, Т тісшесінің жадағайлануы және U тісшесінің пайда болуы.
Терминальдық бөйрек жетіспеушілігінің олигуриялық сатысында гиперкалемия байқалады, оның белгілері - гипотония, брадикрдия. Қаңқа бұлшықетінің құлдырама салдануы болуы мүмкін. Гиперкалиемияның ЭКГ белгісі - биік Т тісшісі, калий концентрациясы 7ммоль/л жоғары көтерілгенде QRS комплексі кеңиді.
3. Қышқыл - негіз күйінің бұзылуы. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі метоболизмдік ацидоз дамиды, оның пайда болу себебі биокарбонаттар несеппен көп бөлінуі және бүйрек өзекшелерінің Н+ және органикалық қышқылдарды бөлінуінің азаюы. Орташа дәрежелі ацидоздың клиникалық белгілері болмайды, ауыр ацидозда Куссмауль тынысы байқалады.
Метоболизмдік ацидоздың лабораториялық белгілері: қан плазмасы рН 7, 35 төмендеуі, стандартты бикарбонаттың 20 ммоль/л төмендеуі, СО2 азаюы, сілтілердің азаюы, несеп рН4, 8 - 5 дейін азаяды.
4. Фосфор - кальций алмасуды реттеудің бұзылуы. Бүйректерде Д витамині белсенді Д3 түріне ауысады, соңғысы кальцийдің ішек пен сүйекте тасымалдауын реттейді. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі Д3 витаминінің түзілуінің бұзылуы ішекте кальцийдің сіңуін азайтып, гипокальциемия тудырады. Бүйрек қызметі бұзылғанда гиперфосфатемия орын алады. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кальций - фосфор алмасуының бұзылуы сүйек өзгерістерімен - остеомаляция (сүйектің ауруы, проксимальды миопатия, қанда сілтілі фосфатазаның көбеюі), бүйректік фиброздаушы остит, остеопароз белгілерімен көзге түседі.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ішкі орта тұрақтылығының бұзылуымен қатар бүйректе эритропоэтин өндірілуі бұзылады, оның нәтижесінде анемия дамиды.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі рениннің өндірілуі тоқтамайды, оның өзі тұрақты артериялық гипертензия тудырады. Кейбір науқастар АҚҚ жоғары болуына организмде натрийдің жиналғаны әсерән тигізеді.
Патоморфологиясы: Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бүйректер біртіндеп бүрісіп, олардың мөлшері кішірейеді. Гистологиялық тексергенде шумақтар мен өзектердің склероздануымен қатар шумақтардың гипертрофиясы және өзекшелердің кеңігені, аралық тінде фиброз ошақтары анықталады. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде сау адамда болатын 2 млн. шумақ 200 - 400 мыңға дейін азаяды. Шумақтардың склерозында сәйкес өзектердің босап қалуы байқалады. Бүйректің аралық тін көбейген, дәнекер тін қаулап өсіп, тыртықтар тудырады. Артериолдар қабырңаларының гиалинозы мен липоидозы, олардың ұсақ тармақтарының облитерациясы байқалады.
Классификациясы: Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің 3 сатысын ажыратады:
- Бастапқы (латентті) сатысы - шумақ фильтрациясының жылдамдығы »40мл/мин. Полиурия, орташа дәрежелі анемия, артериялық гипертензия анықталады.
- Консервативті сатысы - шумақ фильтрациясының жылдамдығы 15 - 40 мл/мин. Полиурия, никтурия, анемия, артериялық гипертензия анықталады.
- Терминальды сатысы - шумақтық фильтрация жылдамдығы «15 мл/мин. Олигурия, уремия, гиперкалиемия, гипернатрие- мия, гипермагниемия, гиперфосфатемия, метаболизмдік ацидоз болады.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі басқа да классификациялары бар, олардың ішінде кең тарағаны С. И. Рябовтың классификациясы, онда созылмалы бүйрек жетіспеушілігі сатысы мен түрінің критерийлері ретінде креатинемия мен шумақ фильтрациясы алынған.
Клиникасы: Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің бастапқы сатысында науқас адамдарда бүйрек жетіспеушілігіне тән шағымдар болмауы мүмкін. Бұл кезде науқас адамдарда негізгі ауруға тән шағымдар болады. Кейін әлсіздік, ұйқышылдық, жадының нашарлауы, тез шаршағыштық, апатия, бүлшық ет әлсіздігі пайда болады. «Уремиялық токсиндердің» жиналуына байланысты терінің қышуы, мұрыннан, қызыл иектен, асқазан - ішек жолынан, жатырдан қан кетеді, тері асты қан құйылулар пайда болады. Несеп қышқылы ұзақ жиналған жағдайда уремиялық подагра және оған тән буындардың ауыруы, тофустар көрініс береді.
Диспепсиялық синдром белгілері бой көрсетеді: жүрек айну, құсу, ықылық ату, тәбеттің төмендеуі, тамаққа жиіркеніш болу, іш өту, кейде іш қату.
Бүйрек жетіспеушілігінің ерте белгілірі полиурия және никтурия.
Қарағанда:беттің қуқыл - сарғыш тартқан түсі (анемия мен урохромның жиналуы), аяқ - қолда «көгерген жерлер» болады. Тері құрғақ, онда қасыған іздер көрінеді. Тіл құрғақ, қоңыр түсті. Уремияның ауыр түрінде ауыздан несептің иісі (несептің немесе аммиактың иісі, мочевинаның иісі емес, себебі мочевинаның иісі болмайды) шығып тұрады. Несеп өте ақшыл болып көрінеді (урохромның аз концентрациясының болуы, немесе оның болмауы) .
Ауру адамның 80 % да артериялық гипертензия болады, жиі ретинопатия және қатерлі гипертензия белгілері табылады. Гипертония, анемия және электролиттік өзгерістер жүректің ауыр зақымдануын тудырады. Аурудың ақырғы сатысында фибринозды немесе экссудатты перикардит белгілері (төс артының ауыруы, ентікпе, перикард үйкелісінің шуы - «брайтиктерді жерлеу сазы») анықталады.
Уремия үдей түскенде неврологиялық симптоматика күшейе түседі, құрысалы бұлшық ет тартулары, энцефалопатия күшейе келе, уремиялық кома тудырады. Кома кезінде ауыр ацидоздық шулы тыныс (Куссмауль тынысы) байқалады. Кейде өте ауыр миопатия нәтижесінде ауру адам баспалдақпен көтеріле алмайды, тік қалыпта тұра алмайды. Біртіндеп сана күңгірттеніп, кома дамиды.
Инфекцияға бейімділік болады. Жиі пневмония кездеседі.
Қосымша зерттеулер:
-Зимницкий сынамасында гипоизостенурия анықталады.
-Қанда қалдық азоттың, креатининнің, мочевинаның көбейгені анықталады.
-Реберг сынамасында шумақ фильтрациясы азаяды. Ол 40 - 50 мл/мин. Дейін азайғанда созылмалы бүйрек жетіспеушілігі консервативтік сатысының, 15 мл/мин. Төмен азайғанда - терминальдық сатысының диагнозы қойылады.
Шеткі қанда: гипохромды анемия, у әсерлі лейкоцитоз, тромбоцитопения, тромбоциттер агрегациясының азаюы мен қансырағыштық белгілері болады.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің кеш сатыларында - гиперурикемия, гиперкалиемия анықталады. Метоболизмдік ацидоз белгілері, гипокальциемия, гиперфосфатемия, гиепрмагниемия табылады.
Көз түбінде *- ауыр ретинопатия белгілері көрінеді.
Рентгенологиялық тексергенде өкпеде өзіндік өзгерістер байқалады: уремиялық өкпе белгілері - өкпнің қақпаларынан басталып, екі жақты жоғары көтерілетін ошақты көлеңкелер көрінеді, олар сол қарыншалық жүрек жетіспеушілігінің белгілері немесе өкпе капиллярларының күшейген транссудациясының белгілері деп есептеледі.
Сүйек рентгенограммасында сүйектердің деминерализация белгілері анықталады.
ЭКГ - да сол жақ қарынша гипертрофиясы синдромы, гиперкалиемияда - ST жоғары ығысуы мен Т тісшесінің биіктеуі тіркеледі.
Диагнозын қою: Созылмалы бүйрек жетіспеушілігін анықтау үшін онша қиындық тудырмайды. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ерте клиникалық критерийлеріне бүйректің концентрациялық функциясының төмендеуі, анемия, шумақтық фильтрацияның азаюы жатады. Кеш критерийлерін қанда қалдық азот компоненттері концентерациясының көбеюі, метаболизмдік ацидоз және эндотоксикоздың клиникалық белгілері құрайды.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің клиникалық диагнозын тұжырымдауда:
- Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің тудырған ауруды (клиникалық түрін, морфологиялық вариантын) ;
- Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің сатысын;
- Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің басты синдромдарын ескеру керек.
Емі: Емнің басты міндеті - гомеостазды сүйемелдеу, бүйрек зақымдануының үдеуін баяулату, науқас адамдардың субьективті күйін жақсарту.
Емдеуде - маңызды орынды диетотерапия алады. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі диетамен емдеуде төмендегідей принциптерді ұстау керек:
- АҚҚ деңгейіне, тәуліктік диурезге және организмде сұйықтықтың жиналуына қарап тағамдағы NaCl көлемңн орташа дәрежеге дейін шегеру;
- Науқас адамның салмғын бақылап отырып, диурезге байланысты анықталатын сұйықтықтың ең жоғарғы көлемін анықтау;
- Белокты шегеру (аз белокты диета) ;
- Құрамында фосфор және/немесе калий көп тағамдарды және цитрустарды шегеру;
- Тағамның энергиялық құндылығы дене массасының 1 кг 35 ккал/күнде есебінде анықтайды.
Несеппен тұз жоғалтқан жағдайда 1 күнде қолданылатын тұз мөлшерін 8 - 10 г көбейтуге болады. Тұзақтық диуретиктердің үлкен дозасын қолданғанда ас тұзын шегермейді.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын адамдардың тәулігіне қабылдайтын сұйықтығының көлемі шамамен 1, 5-2л құрайды. Оны тәуліктік диурезге түзеу енгізіп есептен шығаруға болады.
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің даму жылдамдығын баяулатуға бағытталған емдңк шаралар комплексі бүйрек функциясының бұзылу дәрежесіне тәуелді түрде 3 сатыда іске асырылады. 1 саты бүйректің азот бөлу функциясының сақталатынымен сипатталады, бірақ функциялық резерв азаюы мүмкін. Бұл сатыда мына емдік шаралар орындалады:
А) негізгі бүйрек ауруын тиісті емдеу;
Б) АҚҚ мен протеинурияны ААФ ингибиторлары және А - 1 рецепторлары антогонистерінің көмегімен адекватты бақылау;
В) Асқынуларды мезгілінде және тиісті емдеу;
Г) Ятрогендік себептерді болдырмау:дәрілер, рентген контрасты заттар т. б.
Д) дене массасының индексі >27 кг/м2 болған жағдайда дене салмағын қалыпына келтіру.
Негізгі ауруды емдеу нефросклероз қалыптасуының алдын алады және созылмалы бүйрек жетіспеушілігі үдей түсуін баяулатады. Ол аурудың сипаты мен патогенезіне қарай іске асырылады.
Нефрогендік гипертензияда қолданылатын гипотензивті дәрілер:
-диуретиктер;
-ААФ ингибиторлары және А - 1 рецепторларының антогонисті;
-Дигидропириндиндік емес кальций антогонистері (дилтиазим, верапамил)
-Кальций каналдарының тек әсері ұзартылған дигидропиринді блокаторлары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz