Педиатрия дамуы. Қазақстандағы педиатрия


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік Медицина Университеті
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплинасы: Балалар аурулары пропедевтикасы
Курс: III
Тақырыбы: «Педиатрия дамуы. Қазақстандағы педиатрия ”
Дайындау түрі: Реферат
Орындаған: Темирбулатов Р.
Тобы: 305 “а”
Қабылдаған: Жекеева Б
Ақтөбе 2017 ж.
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Педиатрия даму тарихы
- Казакстандагы дамуы
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Адам өмірінің соңына дейін хирургке жолықпауы мүмкін. Алайда туылғанынан бастап есейгеніне дейін ең көп кездесетін дәрігері - педиатрдың орны өзге дәрігерлерден бір бөлек. Баланың физикалық және психикалық дамуын бақылап, өз жасына сәйкес дамып жатқандығын қадағалап, түрлі балалар ауруларын алдын алып емдейтін бірден-бір медицина саласының мықты мамандығы ол - педиатрия. Бүгінгі материалда осы мамандықтың қыр-сырлары туралы жас маманмен әңгімелесуді жөн көрдік.
Педиатрияның тарихына көз жүгіртетін болсақ : бұл мамандық жеке өз алдына тек ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ғана қалыптаса бастаған. Оның туған күні деп 1802 жыл Париж қаласында тұңғыш балалар ауруханасының ашылу күні деп саналады. Алайда, ежелгі заманда да, орта ғасырларда да Гиппократтан бастап өзге де ғалымдар бала ағзасының ерекшелігін, осы педиатрия мамандығына ерекше көңіл бөлу керектігін айтып, баланың тамақтануын, гигиенасын, балалар ауруларын алдын алу мен оларды емдеу жолдарын зерттегендері белгілі.
19 ғасырдың 2-жартысынан педиатрия өз алдына ғылым саласы ретінде дами бастады. Оның дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын дәрігерлері У. Кадоган, Г. Армстронг , т. б. болды.
- 19 ғасырдың аяғындаПарижде Педиатрия мектебі ашылды, ол бүкіл Еуропаға педиатрлар дайындайтын орталыққа айналды. Ресейде 1866 жылы орыс педиатрыА. Н. Тольский(1832 - 1891) алғаш Педиатрия клиникасының негізін салды. зерттеулердіA. И. Авенировабастады.
- 1933 жылыоның басшылығымен Қазақ медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) Педиатрия кафедрасы ашылып, мұнда туберкулез, безгек, күл, полиомиелит, т. б. аса қауіпті бала ауруларына қарсы шаралар іздестірілді. Қазір зерттеу жұмыстарымен Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы, сондай-ақ, республикадағы медициналық академиялар мен Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының Педиатрия кафедралары шұғылданады.
Педиатрия (грек. paіdos - бала және іatreіa - емдеу ) - медицина ғылымының балалар ауруларын зерттейтін саласы. Бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, бала ауруларының себептерін анықтау, емдеу, олардан сақтану, сондай-ақ, нәрестені туғанға дейін және туғаннан кейін дұрыс күту, тамақтандыру әдістерін қарастырады.
Мамандықтың әлеуметтік маңыздылығы: Медицинаның қажет емес дейтін саласы жоқ. Ал балаңыздың денсаулығын қадағалаушы дәрігер педиатрдың орны ерекше. Ата-ана вакцинацияның не үшін қажет екендігін, баланың эмоционалды проблемаларын біле бермеуі мүмкін. Бірақ оларды қашанда «Біздің сәбиіміз дұрыс дамып келеді ме?» деген сұрақ мазалайды. Осындай сұрақтарға жауап беріп, баланың ағзасындағы өзгерістерді бірден анықтай алатын дәрігер - педиатр.
Мамандықтың қауіптілігі: Бұл мамандық өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бала ата-ананың ең асылы болғандықтан, денсаулығының нашарлауына себепші болған педиатрдың қателігін ешқандай ата-ана кешіре қоймас. Педиатр нешетүрлі жағдайларда жұмыс істейді. Мысалы, участкелік дәрігер көбіне баламен екпе салып, жоспарлы қаралуға келген кезінде ғана кездесетін болса, реанимацияға келген педиатр мүлдем өзге балалармен кездеседі . . .
Қазақстандағы педиатрия[
- Қазір Қазақстанда6 жоғары медициналық оқу бар. Педиатр-дәрігерлердің саны - 6 мыңнан астам (2005) . Республикада травматология және ортопедия саласында, туа біткен аномалия, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, өкпе хирургиясы, реанимация және белсенді терапиямен емдеу әдістері жетілдірілді (К. Ормантаев, К. Қожақанов, т. б. ), операциядан кейінгі ішек резекциясынан сақтану жолдары табылды (З. Аханзарипов), балалардың туа біткен обструктивті уропатиясын хирурггиялық жолмен емдеу ретроспективті тұрғыдан зерттеліп, бұрыннан қолданылып жүрген хирургиялық коррекция тәсілдері жетілдірілді (І. Мәжібаев, Б. Майлыбаев) . Ревматизм мен жүре біткен жүрек ақауының (Б. Хабижанов, т. б. ) және эндокриндік сырқаттарды (Р. Базарбаева) анықтау, емдеу әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Жас нәрестелерге арналған сүт тағамдарының (“Балдырған”, “Балбөбек”, т. б. ) тұңғыш рет кешенді клиникалық-гигиеналық негіздемесі зерттелді (Ә. Машкеев, т. б. ) . Қазір Педиатрия саласы бойынша республикада ғылыми орталықтар құрылуда. Онкогематология орталықта тұңғыш рет балалардағы жедел лейкоз, апластик анемияжәне қатерлі ісікқан ауруларын емдеудің жаңаша бағдарламасы енгізілді (К. Омарова, т. б. ), неонатология орталыққалыптасты (Т. Чубакова) . [1] .
Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ғылыми-зерттеу мекемесі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz