Балалардағы тірек-қимыл жүйесінің жасқа байланысты ерекшіліктері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан

Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Факультет: Жалпы медицина

Кафедра: Қалыпты физилогия

Дисциплина: Физиология

Тақырыбы: Балалардағы тірек-қимыл жүйесінің жасқа байланысты ерекшіліктері

Орындаған: Құдабаева Г. Б.

Тобы: 310 «Б»

Тексерген: Альмаханова М. Ж.

Ақтөбе 2017 жыл

Жоспары:

  • КІРІСПЕ
  • НЕГІЗГІ БӨЛІМ

А) Балалар қаңқасының өсіп дамуы.

Ә) Балалар бас сүйегінің дамуы.

Б) Балалар сүйегінің байланысуының және дене құрылысы қатынасының жастық ерекшеліктері.

В) Бала бұлшықеттерінің дамуы. Қаңқа бұлшықеттерінің физиологиясы

  • ҚОРЫТЫНДЫ

Тірек-қимыл жүйесі

Сүйектер, олардың байланысуы (буындар) және бұлшықеттер тірек-қимыл жүйелі мүшелерге жатады. Адамда қаңқа сүйектері 250-ден асады. Қаңқа (грекше: sceletom - кеберу) адамның денесіне белгілі пішін берумен бірге тірек-қимыл және қорғаныш қызметін атқарады. Қол-аяқ - денені қимылдатса, бассүйек - миды, сезім мүшелерін қорғайды, омыртқа бағанасы (жотасы) - тірек, таяныш, иілгіш бола тұрып, ондағы жұлынды қорғайды, кеуде қуысы - өкпе мен жүректі, ал жамбас қуысы (астау) құрсақтың (іштің) төменгі бөлігіндегі мүшелер мен несеп-жыныс мүшелерін қорғайды.

Нәрестенің қаңқа сүйектері 270-ке жетеді. Оның 98-і аяқ-қолдарда, қалғандары білік (оқ) қаңқасының және бас сүйектерін қалыптастыруға қатынасады (2-сурет) . Сүйектер ірі талшықты сүйек ұлпасынан түзілген. Олардың негізгі мақсаты кемікті заттан құралған. Тығыз заттары нашар дамып, сүйектің жиектері бойынша жұқа қабық түрінде болады. Нәрестенің кемікті заттарында сүйектің қызыл майы болып, ол қан жасайтын мүше болып саналады (2-сурет) .

Бала туылғаннан 1-6 жасқа келгенге дейін жілік (түтікті) сүйектерінің екі басында (эпифи-зінді), білезік және тілерсек сүйектерде сүйектену нүктелері пайда болады. Тек топай сүйегі мен өкше сүйегінде туғанға дейін, түтікті сүйектердің диафизі мен эпифиздерінің арасында сүйектену басталып, қалғаны эпифиздік шеміршек күйінде болып, солардың есебінен сүйек ұзынынан өседі. Сүйектердің жуандауы сүйекқабығының остеоген құрамдары есебінен болады. Осы кезде тығыз жабынының қалыңдығы ұлғаяды да заттар біртіндеп жойылады. Соның нәтижесінде жіліктің (түтікті) сүйектің ортаңғы денесінің (диафизінің) ұзына бойын қамтып жатқан қуыс пайда болады. Осы қуыста сүйектің қызыл майы қан жасайтын қызметін жоғалтып, жіліктің сары майын түзеді. Ересек адамдарда сүйектің қызыл майы тек омыртқаларда, қабырѓаларда, төсте, бас сүйекте-рінде және жіліктердің жекелеген эпифиздерінде ғана болады. 8-9 жастан бастап, сүйектердің төбешіктерінде, айдар-тарақшала-рында, өсінділерінде қосымша сүйектену нүктелері пайда болып, толық қалыптасуы жүреді. Бұл нүктелер 16-18 жасқа дейін өседі. Сүйектердің өсу аймағындағы (зонасындағы) шеміршек жыныстық жетілген кезеңде жұқарады да біртіндеп сүйек ұлпасына алмасады. Осыған орай сүйектердің ұзына бойына өсуі тоқталады. Сондықтан да 21-25 жасында адам денесінің өсуі тоқталады.

Балалардың сүйек жүйесін тексерген кезде қалыпты жағдайдан бірқатар күрделі ауытқулары кездеседі. Балалардың мешел (рахит) ауруына ұшырағандарында бойы өспей, әсіресе сүйектері жетілмейді. Қол-аяғы маймақ секілденіп, аяғы шалысып, талтақ бұтты, шашы да өте сирек болып, кейде шықпай да қалады. Бассүйегінің өсіп-дамуын үш кезеңге бөледі. Бірінші кезеңі - туылғаннан 7 жасқа дейін. Бұл кезеңде бассүйек бірқалыпты салыс-тырмалы түрде өседі. Бір жастан 3 жасқа дейін бассүйегі алғашқы кезеңге қарағанда шамалы баяулай-ды да, оның беталды сүйектері және мисауытының негізі жылдам ұлғая-ды. 3-тен 7 жасқа дейін бассүйектің өсуі алғашқы кезеңге қарағанда баяулайды. Екінші кезең - 7 жастан жыныстық жетілуге дейін бассүйегі тұтас күйінде өседі. Үшінші кезең - жыныстық жетілуден бастап 25-26 жасқа дейін жүреді. Осы кезеңде бассүйегінің өсіп-дамуы тағы да тездейді. Нәрестенің бассүйегі денесінің ұзындығына шаққанда, 3 жастың соңында - 1/5; 7 жаста -1/6; 12 жаста - 1/7, ал 25 жаста - 1/8-ге тең болады. Бассүйектің өсуі бойынша мисауыты мен беталды бөлімдерінің қатынасы өзгереді. М. Г. Привестің көрсетуі бойынша, нәрестенің беталдындағы сүйектерінің нашар дамуына байланысты, мисауытына салыстырғанда - 1/8 тең, ал ол көрсеткіш ересектерде болады.

Нәрестенің қаңқасы. Алдынан көрінісі:

1 - башпай сүйектері; 2 - табан сүйектері; 3 - тілерсек сүйектері; 4 - балтыр сүйектері; 5 - тізетобығы; 6 - ортан жілік; 7 - башпай сүйектері; 8 - алақан сүйектері; 9 - білезік сүйектері; 10 - жасбас сүйектері; 11 - білек сүйектері; 12 - омыртқалар; 13 - кеуде сүйектері; 14 - тоқпан жілік; 15 - жауырын; 16 - бұғана; 17 - төс; 18 - бас сүйектері; 19 - иық белдеу сүйектері; 20 - кеуде; 21 - қол қаңқа сүйектері; 22 - мықын белеу сүйектері; 23 - аяқ қаңқа сүйектері;

Нәрестенің бассүйегі

Нәрестенің бассүйегі әдетте сүйір басты (долихоцефалды) пішінді кездеседі. Оны қалыптасты-ратын сүйектер жұқа болып келеді. Мисауытындағы төбе аймағының қалыңдығы 1 мм-ге жетпейді. Сүйекаралық жіктері әлі қалыптас-паған және олардың аралықтары дәнекер ұлпаларымен бөлінген. Бұл сүйектердің белгілі дәрежеде қозға-лысын қамтамасыз етеді. Бассүйек-терінің бұрыш аймағындағы дәнекер ұлпалы жұқа қабаттары кеңейеді де еңбектерді түзеді. Ол ромб пішінді, оның көлемі 18х20-дан 25х35 мм-ге дейін жетеді. Ол 2 жасқа келгенде бітеледі. Артқы, шүйде еңбегі үшбұрыш пішінді болып, шүйде сүйек қабыршақ ұшының үстінде орналасады. Мисауытының бүйір беттерінде (төбе, маңдай, сынатәрізді сүйектің үлкен қанатының және самай қабыршағының арасында) сынатәрізді және (төбе сүйектерінің байланысқан, шүйденің және самай сүйектерінің пирамида негіздерінің аралығында) емізіктәрізді еңбектер бар. Айтылғандардан басқа, кейде тұрақсыз еңбектер: мұрын түбірінің аймақтарында, маңдай жігінің ұзына бойында, жебе (сагитталды) жік аймағында, шүйде сүйегінде кездеседі.

1 - төбе сүйегі; 2 - желке (артқы) еңбек; 3 - лямбда жігі; 4 -
шүйде сүйегі; 5 - емізік еңбег1; 6 - қабыршақ жігі; 7 - дабыл
сақинасы; 8 - сына еңбегі; 9 - сынаның үлкен қанаты; 10 -
маңдай сүйегі; 11 - алдыңғы (маңдай) еңбегі; 12 -
сагитталды ж!к.

  • Нәресте бассүйектерінің саны ересекке қарағанда көп. Маңдай, шүйде, негізгі, самай және астыңғыжақ сүйек бөліктері әлі бірікпеген. Олардың арасы дәнекер ұлпалы жұқа қабатпен бөлінген. Нәрестенің ауа қуысты сүйектері тіптен дамымаған. Сүйектің сыртқы беттеріндегі бұлшықет жабысатын кедір-бұдыр, төбешіктері айқындал-маған. Солай болса да маңдай және төбелеріндегі сүйектену нүктелері күшті дамыған.
  • Егер нәрестенің бассүйегінің пішіні сүйір басты (долихоцефалды) болса, ал 1 жасқа келгенде ол шақша (қысқа бас) брахи немесе мезоцефалды болып өзгереді. 7-12 жастарда бас пішіні тұрақталады.

БАЛА СҮЙЕКТЕРІНІҢ БАЙЛАНЫСУЫНЫҢ (БУЫНДАРЫНЫҢ) ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Нәрестенің сүйектері де ересек адамдардағыдай қозғалыссыз (синар-трозды) және қозғалмалы (диартроз-ды) байланысады. Қозғалыссыз (синартрозды) байланысу сүйекті (синдесмозды) және шеміршекті (синхондрозды) болады. Нәрестенің буындары тәнтанулық (анатомия-лық) жағынан қалыптасқан, бірақ ұлпа құрылымы, олардың құрамдары (элементтері) әлі жетілмеген. Сүйектердің буын ұштары туылған кезде бүтіндей шеміршекті болады. Буын шеміршегі талшықты, қабы жұқа және буынның қосымша элементтері нашар дамыған. 3 жасынан бастап буын жіктері өзіне тән түріне келе бастайды. Буындағы сүйектердің шеміршекті ұшы желімденіп мекемденуі (оссификациялануы) баланың 1-2 жасынан бастайды да ол кәмелеттік жасына дейін жалғасады.

Балалардың тәнтірліктік (физиологиялық) иіндерінің қалыптасуы

Тұтас омыртқа жотасы

Балалардың омыртқа бағанасы өсіп-дамуына байланысты, оның әрбір омыртқаларының жекеленген қыз-меттерінің жетілуіне (дифференция-циясы) тікелей байланысты. Баланың алғашқы 2 жылында омыртқа бағанасы ұзындығына қарай екі есе ұзарады. Содан кейін баяу даму кезеңі 16 жасына дейін сақталады да, одан кейін қайтадан белсенді өсуі басталады. Нәрестенің омыртқа бағанасына қарағанда, ересектерде 3, 5 есе ұзын болып келеді. Бел бөлімінің омыртқалары қарқынды өсіп дамиды. Ол бөлім 4 есеге ұлғайса, ал мойын бөлімі тек 3 есеге ұзарады. Омыртқа бағанасының бөлім аралық қатынасы 5-7 жасқа келгенде тұрақталады. Жаңа туылған кезде омыртқа сүйектері тік болады. Бала мойнын, басын бекіткен кезде - мойын иіні (лардозы), одан кейін отырған кезде - кеуде иіні (кифозды) қалыптасады. 1 жастың соңында бала жүре бастағаннан - бел иіні (лардозы), ал одан кейін - сегізкөз-құйымшақ иіні (кифозы) түзіледі. Бұны тәнтірлігін-танулық иіндері деп атайды. Осындай жебе иіндермен қабат, баланың маңдай жазықтықтағы иіні (скалиозы) болуы да мүмкін. Ондай иіндер кеуде бөлімінде (оң не сол жағына қисаюы) кездеседі. Ол кәдімгі мектеп оқушыларында ұзақ уақыт дұрыс отырмауларынан пайда болады (5-сурет) .

Тұтас кеуде қуысы

Нәрестенің кеуде қуысы кәдімгідей шошайған (пирамидалды) пішінді, оның алдыңғы-артқы бөлімі көлденеңіне қарағанда үлкен. Төс шеміршегі мен кіндік аралығындағы аумағының (эпигастралды) бұрышы доғал 115 дейін. Төс омыртқа бағанасына қарай сүйірленіп иілген, қабырѓалар көлденең орналасқан. Баланың кеуде қуысы бірінші жылда өте жылдам өседі, әсіресе 12-15 айында, 21-24 айында және 3 жастың соңында жылдам өседі. Бұл кезде кеуде қуысының барлық мөлшері ұлғаяды. Төс төмендеп, қабырѓалардың иілуі артып, төс шеміршегі мен кіндік аралығындағы (эпигастралды) бұрышы 60-70 құрады, алдыңғы-артқы және көлденеңдік мөлшері теңдей дерлік болады. 6-7 жаста кеуде қуысының өсіп-дамуы баяулайды. 7 және 12 жаста кеуде қуысының пішіні ересек адамдардың кеудесіне ұқсайды. Жыныстық жетілу кезінде кеуде қуысы қайтадан тез өсіп, баланың жыныстық және жеке-дара ерекшеліктеріне тән болып біржола қалыптасады.

Тұтас жамбас қуысы (астау)

Нәрестеде жамбас қуысы оймыш пішінді. Жамбас мүйістері онша айқындалмаған, мықын сүйектерінің жазық қалқандары тік орналасқан. Үлкен және кіші жамбас қуысының (астаудың) аралық шекарасы айқындалмаған. 3 жаста астаудың көлемі ұлғаяды, бірақ ол оймыш пішінін сақтайды. 7 жаста астау пішіні әлі оймыш тәрізді, бірақ шекаралық сызықтары білініп, мүйістері айқындалады. 8 жастан кейін астау оймыш пішінін жоғалтады, өйткені мықын сүйек қалқандарының иіндері ұлғайып, мықын шұңқырлары тереңдейді. Бұл кезеңде астау қарқынды өседі де балаларға қарағанда қыздарда тез өсуіне байланысты жыныстық белгілері пайда болады. 16-18 жаста жамбас қуысы (астау) жыныстық айырмашылықтары бітеді.

Нәресте денесінің бұлшықеттері. Алдынан көрінісі.

1 - ең кіші башпайды алшақтататын бұлшықет; 2 - үлкен бақайды жазатын ұзын бұлшықетінің сіңірі; 3 - бүгетін бұлшықеттердің (сіңірлердің) жоғарғы ұстағышы; 4 - башпайды жазатын ұзын бұлшықет; 5 - үлкенжіліншікалды бұлшықеті; 6 - балтырдың үшбасты бұлшықеті; 7 - санның текше бұлшықеті; 8 - мықын-үлкен жіліншік жолы (тракты) ; 9 - пирамидалы бұлшықет; 10 - алақанның сіңірлі шандыры (апоневрозы) ; 11 - жалпақ шандырды керетін бұлшықеті; 12 - басбармақ үстіртінің (тенар) бұлшықеттері; 13 - бүгетін бұлшықеттердің сіңірлі ұстағышы; 14 - шыбықтың қолбасын бүгетін бұлшықеті; 15 - шынтақтың қолбасын бүгетін бұлшықеті; 16 - алақанның ұзын бұлшықеті; 17 - тоқпан-шыбық бұлшықеті; 18 - ішке бұратын жұмыр бұлшықеті; 19 - құрсақтың тік бұлшықеті; 20 - қардың екібасты бұлшықеті; 21 - алдыңғы тісті бұлшықеті; 22 - көкіректің үлкен бұлшықеті; 23 - делта бұлшықеті; 24 - ауыздың шеңберлі бұлшықеті; 25 - шайнау бұлшықеті; 26 - әлпеттің үлкен және кіші бұлшықеті; 27 - көздің шеңберлі бұлшықеті; 28 - маңдай бұлшықеті; 29 - сіңірлі дулыға (тақиятәрізді сіңірлішандыр) ; 30 - ұрттың майлы денесі; 31 - мойынның беткі шандырқабығы; 32 - мойынның жалпақ теріасты бұлшықеті; 33 - делтаның шандырқабығы; 34 - көкірек шандырқабығы; 35 - қар шандырқабығы; 36 - кіндік сақинасы; 37 - білек шандырқабығы; 38 - құрсақтың сыртқы-қиғаш бұлшықетінің сіңірлішандыры; 39 - шат байламы; 40 - қолбасының тыс (дорсалды) шандырқабығы; 41 - торлы шандырқабық; 42 - жалпақ шандырқабық; 43 - балтыр шандырқабығы; 44 - аяқбасының тыс (дорсалды) шандырқабығы.

Нәресте денесінің бұлшықеттері. Артынан көрінісі

1 - табан сіңірліқабығы (апонев-роз) ; 2 - өкше (Ахиллов) сіңірі; 3 - камбалатәрізді бұлшықет; 4 - нағыз балтыр бұлшықеті; 5 - санның екі-басты бұлшықеті; 6 - санның бүйір жалпақ бұлшықеті (санның текше бұлшықеті) ; 7 - басбармақты жаза-тын ұзын бұлшықет; 8 - жазатын бұлшықеттердің сіңірлі ұстағышы; 9 - саусақты жазатын бұлшықет-тер; 10 - шынтақтың қолбасын жа-затын бұлшықет; 11 - тоқпан-шы-бық бұлшықеті; 12 - қардың үшбас-ты бұлшықеті; 13 - делта бұлшықе-ті; 14 - трапеция тәрізді бұлшықет; 15 - шүйде-маңдай бұлшықеті, шүй-де бұлшықетінің қарыны; 16 - төс-бұғана-емізік бұлшықеттері; 17 - жота (қыр) асты бұлшықеті; 18 - жұмыр кіші бұлшықет; 19 - арқалық ең жалпақ бұлшықеті, 20 - құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшықеті; 21 - бел үшбұрышы; 22 - орта бөксе бұлшықеті, 23 - шынашақ үстірті (гипотенар) ; 24 - басбармақүстірті (тенар) ; 25 - үлкен бөксе бұлшықеті; 26 - тақым бұлшықеті; 27 - балтырдың үшбасты бұлшықеті.

Қаңқа бұлшықеттерінің тән-тірлігінтануы (физиологиясы)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардын церебральды сал ауруы
Адам сүйектерінің ерекшеліктері
Қан жүйесi. Қан жүйесінің ауруларын тексерiп, зерттеу
Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер
Көкірек қуысының сүйектері
Балалардағы сүйек және бұлшықет жүйелерінің ерекшеліктері
Балалардың церебральды сал ауруы кезіндегі сөйлеу тілінің ерекшеліктері
Балалардың сал ауруында қолданылатын реабилитациялық шаралар
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК САБАҚТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz