ЭКГ-ның анализі; жүрек тондарының пайда болу механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері



I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
а. ЭКГ тісшелерінің пайда болуы және табиғаты.
б. Тісшелер мен интервалдар параметрінің қалыпты көрсеткіштері.
в. Жүрек тондарының пайда болу механизмдері және аускультациялық нүктелері.
г. Балалар жасындағы ЭКГ.ның ерекшеліктері.
III.Қорытынды.
IY.Пайдаланылған әдебиеттер.
Электрокардиография – жүректе пайда болатын электр тогін жазу тәсілі. Электр тогінің пайда болуы жүрек бұлшық етінің қозу қасиетіне байланысты.
Бұл тәсіл қазіргі дамыған мүмкіншіліктердің арқасыда клиникалық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Голланд физиологы Эйтховен-ЭКГ-ны гальванометр көмегімен тіркеуді бірінші болып ұсынды. Ресейде бұл тәсіл казань физиологы А.Ф.Смайлов арқасында белсенді түрде қолданыс тапты. Қазіргі таңға дейін экг-ның танымал теориялары жоқ. Көбірек таралғаны дипольдік теория. Ол қозған және қозбаған миокард бөлімдері арасында екі қабатты электірлік зарядты, яғни дтпольдан құралған сызықтан тұрады деген көрсетілімдерден нәтижеленген. Электрокардиографияның нәтижесінде электрокардиограмма алынады. Электрокардиограмма (ЭКГ) — жүрек жұмысы нәтижесінде туындайтын және дененің бетінде жүргізілетін потенциалдар айырмасының графикалық көрінісі. Электрокардиограф (грек. kardia - жүрек, grapho - жазамын) - адамның немесе жануарлардың жүрек қызметінде болатын электр құбылыстарын жазып алатын аспап.
Стандартты тіркемелерді электрокардиография тәсілінің авторы Эйнтховен ұсынған, сондықтан олар Эйнтховен тіркемелері деп аталған. 1-ші стандартты тіркеме көмегімен оң жіне сол қолдың арасындағы потенциал айырмасын, 2-ші стандартты тіркеме көмегімен оң қол мен сол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын, 3-ші стандартты тікеме арқылы сол қол мен сол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын тіркеп, қағазға түсіреді. Эйнтховен екі қол және сол аяқты тең қабырғалы үш бұрыштың ұштары деп қарап, ол үшбұрыштың әр қабырғасы бір тіркемеге сай келеді және жүрек осы үшбұрыштың ортасында орналасқан деп есептелінеді. Ал стандартты тіркемеде жазылған электрокардиограмманы жүректе пайда болатын потенциал айырмасының тең қабырғалы үш бұрыштың қабырғаларына түскен проекциясы деп қарауға болады.
1.Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева,
Алматы, 2005, 663 б.
2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев., Алматы, 2005, 598 б.
3. Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва,
Высшая школа, 1987 .
4. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004 ж. – 78 бет.
5. «Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.
6. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.
7.Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека. А. А. Утепбергенов, 1995 .
8.Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАРАТ ОСПАНОВ атындағы БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТІҢ ӨЗіндіК ЖҰМЫСЫ
СТУДЕНТТІҢ ӨЗіндіК ЖҰМЫСЫ

Мамандық: Жалпы медицина
Пән: Физиология - 2
Кафедра: Қалыпты физиология
Курсы III
Тақырып: ЭКГ-ның анализі; жүрек тондарының пайда болу механизмдері.
Балалардағы ерекшеліктері.

Орындаған: Құдабаева Г. Б.
Тобы: 310Б
Тексерген: Аққожина А.М.

Ақтөбе 2016 ж.

Жоспар:

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
а. ЭКГ тісшелерінің пайда болуы және табиғаты.
б. Тісшелер мен интервалдар параметрінің қалыпты көрсеткіштері.
в. Жүрек тондарының пайда болу механизмдері және аускультациялық нүктелері.
г. Балалар жасындағы ЭКГ-ның ерекшеліктері.
III.Қорытынды.
IY.Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Электрокардиография - жүректе пайда болатын электр тогін жазу тәсілі. Электр тогінің пайда болуы жүрек бұлшық етінің қозу қасиетіне байланысты.
Бұл тәсіл қазіргі дамыған мүмкіншіліктердің арқасыда клиникалық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Голланд физиологы Эйтховен-ЭКГ-ны гальванометр көмегімен тіркеуді бірінші болып ұсынды. Ресейде бұл тәсіл казань физиологы А.Ф.Смайлов арқасында белсенді түрде қолданыс тапты. Қазіргі таңға дейін экг-ның танымал теориялары жоқ. Көбірек таралғаны дипольдік теория. Ол қозған және қозбаған миокард бөлімдері арасында екі қабатты электірлік зарядты, яғни дтпольдан құралған сызықтан тұрады деген көрсетілімдерден нәтижеленген. Электрокардиографияның нәтижесінде электрокардиограмма алынады. Электрокардиограмма (ЭКГ) -- жүрек жұмысы нәтижесінде туындайтын және дененің бетінде жүргізілетін потенциалдар айырмасының графикалық көрінісі. Электрокардиограф (грек. kardia - жүрек, grapho - жазамын) - адамның немесе жануарлардың жүрек қызметінде болатын электр құбылыстарын жазып алатын аспап.

Стандартты тіркемелерді электрокардиография тәсілінің авторы Эйнтховен ұсынған, сондықтан олар Эйнтховен тіркемелері деп аталған. 1-ші стандартты тіркеме көмегімен оң жіне сол қолдың арасындағы потенциал айырмасын, 2-ші стандартты тіркеме көмегімен оң қол мен сол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын, 3-ші стандартты тікеме арқылы сол қол мен сол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын тіркеп, қағазға түсіреді. Эйнтховен екі қол және сол аяқты тең қабырғалы үш бұрыштың ұштары деп қарап, ол үшбұрыштың әр қабырғасы бір тіркемеге сай келеді және жүрек осы үшбұрыштың ортасында орналасқан деп есептелінеді. Ал стандартты тіркемеде жазылған электрокардиограмманы жүректе пайда болатын потенциал айырмасының тең қабырғалы үш бұрыштың қабырғаларына түскен проекциясы деп қарауға болады.

Негізгі бөлім.

а. ЭКГ тісшелерінің пайда болуы және табиғаты.

ЭКГ-да негізінен 5 тізшені ажыратуға болады: P, Q, R, S, T. Кейде U толқынын да байқауға болады. Қозудың ең алдымен оң, содан кейін сол жақ жүрекше миокардын біртіндеп қамтуынан Р тісшесі (жүрекшелік тісше) қалыптасады. Р тісшесінің ұзақтығы жүрекше миокарды қозуға енді қатыса бастаған уақытымен сәйкес келеді, және ол жүрекшелердегі қозу үрдісінің толық өту ұзақтығын қамтиды.
P-Q сегменті жүрекшедегі барлық миокардиоциттер қозуымен толық қамтылған кезеңге сәйкес келеді, олардың арасында потенциалдар айырмасы жоқ.
Қозудың таралу үрдісі атриовентрикулярлы түйін шекарасы мен Гис будасының бастапқы бөлімін құрайтын құрылымдарда, жүректің ішкі бөлімінің терең тіндерінде өтеді, тәртіпке сай ол жер жалпы ЭКГ-да бейнеленбейді. Қозу жүректің беткейінде жатқан миокард талшықтарына жеткен кезде-R, Q және S тісшелері пайда болады. Q тісшесі негізінен қарыншааралық қалқа миокардиоциттерінің қозуын көрсетеді. Rтісшесі қарыншалар денесі мен ұшындағы миокардиоциттер қозуын, ал S тісшесі - қарыншаларды қамтитын миокардиоциттер қозуын бейнелейді. Барлық миокардиоциттер деполяризацияланған уақытта, S- T интервалы байқалады. Реполяризация бұл - T тісшесінің пайда болуы. Миокардтаңы қозу эндокардтан эпикардқа қарай таралады деп есептеледі, ал реполяризация кері баңытта өтеді: алғашында эпикардқа жақын жатқан миокардиоциттер реполяризацияланады, одан кейін эндокардқа жақын жатқан миокардиоциттер. Патология кезінде өзгерістер қозудың таралу баңыты бойынша байқаладыжәне бұл ЭКГ-да тісшелердің амплитудасының, формасының, конфигурациясының өзгерісімен бейнеленеді.

б. Тісшелер мен интервалдар параметрінің қалыпты көрсеткіштері.

Қозу жүрек ырғағын (ритмін) қалыптастырушы СА - түйін клеткасында пайда болады. Бірақ бұл процесс ЭКГ - де тіркелмейді. Әрі қарай, ЭКГ - де жүрек алды қозуды Р тісшесі айқындайды. Р - тісшесінің бастапқы бӛлігін оң жақ жүрек алдының қозуы, ал соңғысын - сол жақ жүрек алдының қозуы қалаптастырады. Сол жақ жүрек алдына қозу аралық жүрек алды арқылы жетеді. Аралық жүрек алды жұмысының бұзылуы кезінде Р тісшесінде қозудың тіркелуі ӛзгерістерге ұшырайды, яғни электрокардиограммада Р тісшесі кең доға түрінде кӛрініс табады. Сонымен, P тісшесі - екі жүрек алды деполяризация процесін білдіреді. Бұрын айтылғандай ,екі жүрек алды бір мезгілде қозады, нәтижесінде ЭКГ де бір ғана тісше түзіледі (бекітпеге тәуелді оң болуы мүмкін, бұл кезде изоэлектрлік сызықтан жоғары болады,теріс болуы да мүмкін , бұл жағдайда изоэлектрлік сызықтан тӛмен болуы мүмкін ). Атривентрикулярлық түйінде қозу түйінаралық өткізгіш жолдары арқылы (Венкебах, Бахман және Торела шоғырлары) жүреді. Оның ролі: - жүрек алдынан қозудың қарыншаларға ӛтуі; - жоғарғы бӛлімдерді автоматизмдік қасиеті тӛмендеген жағдайдағы АВ - түйіннің ритм жүргізушісі болуы; - жүрек алдынан келетін импульстердің өте жиі болып кетуі кезінде АВ - түйін олардың әрбір екіншісін ғана өткізуі; Бірақ бұны блокада деп есептеуге болмайды; - АВ - түйінде қозу толқынының физиологиялық тежелуі РQ изоэлектрлік сегментінің тіркелуіне әкеледі, бұл кезде жүрекалды толық жиырылып, қан жүрек алдынан қарыншаларға құйылады. 22 Оптималды үзілістің бұзылуы (өте қысқа немесе тым ұзақ) қанның құйылуының төмендеуіне алып келеді. Бұл жүрек жетіспеушілігі кезінде байқалады және максималды жұмысты (мысалы, спортта) қажет етеді. Сонымен, P-Q(R) сегменті- жүрек алды деполяризациясы соңынан бастап, қарынша деполяризациясы басталғанға дейінгі уақыт. Жоғарыда айтылғандай, бұл АВ-түйініндегі импульстің физиологиялық тежелуі Ал жақша ішінде R тісшесінің бірге жазылу себебі, қалыпты жағдайдың ӛзінде, Q тісшесі кӛптеген адамдарда болмайтыны сирек емес, мұндай жағдайда P-R сегменті P тісшесінің соңынан R тісшесінің басына дейін деп саналады. P-Q(R) интервалы - жүрек алды деполяризациясының басталуынан, қарынша деполяризациясы басталғанға дейінгі уақыт (жүрек алды импульс өткізу жылдамдығын сипаттайды). Р-Q интервалының шамасы бойынша жүрекшеден қарыншаға қозудың қалыпты жылдамдықпен таралуы туралы жорамалдауға болады. Қалыпты жағдайда осы уақыт 0,12 -- 0,20с- қа тең. Одан соң, қозу процессі жоғарыда айтылғандай Гис шоғыры және оның үш тармақтары бойынша (оң жақ, сол жақ алдыңғы және сол жақ артқы) ӛткізуші жүйесі бойымен ӛтіп, Пуркинье талшықтары арқылы қарыншаларға өтіп QRS коплексі болып ЭКГ де қарыншалардың деполяризация уақытын сипаттайды. Қарыншалар комплексінің бірінші тісшесі Q әріпімен белгіленіп, теріс зарядтарын иеленеді. Q тісшесі - қарынша аралық перденің жоғары үштен бірінің қозуын сипаттайды. R және S тісшелері жүрек жоғары ұшының қозуын сипаттайды. QRS жиынтығының жалпы ұзақтығы қарыншалардың қозумен қамтылу жылдамдығын білдіреді және ол 0,06 -- 0,1 с (сурет 7) құрайды Миокарда инфарктысы және жүрек бұлшық етінің басқа да ауыр зақымдарында ЭКГ де Q тісшесінің патологиялық ұлғаюы байқалады. Патологиялық болған жағдайда Q жүру уақыты (ені) 0,03-0,04с құрайды, ал тереңдігі (амплитудасы) R тісшесінің (14) асып кетеді (III бекітпеде - (12)). Қарыншалар біркелкі қозған кезде, ЭКГ де ST изоэлектрлік сегменті жазылады. Әрі қарай, қарыншалардың жедел реполяризациясын Т тісшесі бейнелейді. Кейбір адамдарда қалыпты жағдайда ST сегменті изосызықтан кӛтеріліп және біршама доға түрде жазылады, бұл қарыншалардың ерте реполяризация синдромымен (ЕРС) байланысты. Кей бекітпелерден тіркелген бұндай изосызықтан кӛтеріңкі, доға түріндегі ST сегментінен кейін Т тісшесі теріс белгілі болуы мүмкін, ал оң белгілі Т негативті тісшесінің бейнеленуі өте сирек. Кей жағдайда, әсіресе баяулатылған ритмде кӛбінесе жас адамдарда генезі әлі күнге дейін мәлім емес (баяу реполяризация, іздік потенциалдар) U тісшесі тіркеледі. Бұл тісше гипокалиемияда, бас миы зақымданғанда, бірқатар дәрілердің (кордарон, хинидин, новокаинамид және т.б.) әсерінен ұлғаяды. Аталған қалыпты тісшелерінен басқа ЭКГ - де қосымша элементтерді де көруге болады. Дельта - толқын уақытынан бұрын қарыншалардың қозуы 23 кезінде (Вольф - Паркинсон - Уайт, WPW) қарыншалар мен жүрекшелер арасындағы қосымша өткізгіш жүйесіне байланысты болатын, шамалы қарыншалар комплексіне сол жағымен жанасатын PQ сегментінде бейнеленеді. Бұл элемент үшбұрышты қарыншалар комплексінің басында доғал бұрыш тәрізді ∆ грек әріпіне ұқсас, биіктігі мен полярлығы әртүрлі болып келеді. Q-T интервалы - жүректің электрлік систолалық уақытын білдіреді. T-P комплексі - ереже бойынша, изосызықта жатады және жүректің электрлік диастолын білдіреді. R-R интервалы - толық бір кардиоцикл уақытын сипаттайды, немесе жүректің толық бір жиырылу уақытын сипаттайды (сау адамның ЭКГ - сында P-P, Q-Q, R-R, S-S, T-T интервалдары ӛзара тең болатынын атап өту керек, R тісшесі ереже бойынша ең үлкен амплитудасы бар болғандықтан оны оңай ажыратуға болады және пульс жиілігін анықтау үшін, кардиоцикл уақытын білу үшін ең алдымен R-R интервалын пайдаланады.

Қалыпты ЭКГ-ның 10 ережесі.

1-ереже: PR интервалы 0,12 - 0,20 секунд немесе 6 - 10 мм.
2-ереже: QRS кешенінің ені - 0,10 секундтан аз немесе 3-5 мм.
3-ереже: QRS кешені II және I шықпаларда басым болуы керек.
4-ереже: Қалыпты жағдайда QRS және T барлық шықпаларда бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрек аймағы, ірі және шеткі тамырларды тексеру әдісі
Миокардиосклероз ревматикалық жүрек ауруы
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
«ЖҮРЕК –ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ
Педиатриядағы симуляция негізінде оқыту
Миокард инфаркты
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің жалпы сұрақтары
Жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдалуы себептерімен даму механизмдері
Балалардағы жұқпалы аурулар. Иммунды алдын алу
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер
Пәндер