Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина университеті
Мамандығы:
Жалпы медицина
Дисциплина:
Эпидемиология
Кафедрасы:
Эпидемиология
Курс
:
ІІІ
Тақырыбы
:
Тұмау және құс тұмауы, шошқа тұмауы кезіндегі жүргізілетін
шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
Орындау әдісі
:
реферат
Орындаған:
Құдабаева Г. Б.
Тексерген:
Нұрмағанбетова Г. Ж
Группа:
310 Б
Ақтөбе қаласы, 2017 ж
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тұмаудан сақтану жолдары
2. Пандемия. Құс тұмауының алдын-алу
3. Жануарлардың жұқпалы ауруларын алдын алу және емдеу препараттары.
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
Тұмау - тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы - ортомиксовирустар, олардың үш типі: (А, В, С) бар. Өте жұқпалы ауру. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа нұсқасын түзуі мүмкің.
Кейде ол асқынып, тыныс жолын, жүйке жүйесін, қантамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т. б. арқылы жұғады. Тұмау дерті - дала ызғарын сездіре бастағаннан адамның бойына жабысып алатын аса қауіпті болмаса да, жағымсыз дерт. Бірақ, ауруға ем қолданбай, асқындырып алсаңыз, соңы өлімге әкеп соқтыратын ауруларды тудыруы ғажап емес
Тұмаудың алдын -алу шаралары.
Жыл сайын дүниежүзінде тұмаумен және басқа жедел вирустық жұқпалармен миллиондаған адамдар науқастанады.
Биылғы жылдың эпидкезеңінде облыс бойынша жедел респираторлық вирустық жұқпамен 13 000 аса жағдай тіркеліп отыр, тұмау жұқпасы тіркелген жоқ. Сырқаттанушылықтың негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды - 64, 8% (8619 жағдай) .
Тұмаудың вирустары жиі өзгеріп, әр 2-3 жыл сайын өз қасиетін өзгертіп тұрады, бұл адам ағзасының жұқпаға тез бейімделуіне әкеледі. Тұмау вирустары жоғары температура әсеріне тұрақсыз, ал төмен температурада тіршілігін ұзақ уақытқа сақтайды. Вирустар залалсыздандыру заттары, УФ сәулелері әсерінен тез өледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің мәліметіне сәйкес 2011-2012ж. ж. эпидемиологиялық маусымда тұмаудың А (H1N1, H3N2) және В типті вирустары штаммдарының белсенділігін болжайды.
Жұқпа көзі ауру адам, әсіресе алғашқы 2-3 күн бойы сырқаттанғандар.
Тұмау кенеттен қалтырау, дене қызуының көтерілуі, жалпы әлсіздіктен басталады. Кейіннен мұрын бітіп, су ағып, жөтел, тамақтың ауруы, қиналып тыныс алу байқалады.
Сырқаттанушылық көбінесе 2-3 күнге созылады, кейде 5-7 күнге дейін. Балаларда тұмауы өте ауыр өтеді, сонымен қатар баланың аяқ-қолы тартылып құсуы мүмкін, бұл ағзаның тез сусыздануына әкеледі. Осындай жағдайларда балаға жедел жәрдем көрсетіп, ауруханаға жатқызу қажет. Тұмауға әр-түрлі асқынулар тән: ең жиі кездесетіндері өкпенің және ортаңғы құлақтың қабынуы, менингит пен менингоэнцефалит.
Тұмаудың алдын алудың ең тиімді шараларының бірі - халықты иммундау. 2011-2012ж. ж эпид. кезеңіне халықты тұмауға қарсы иммундауға облыстық бюджеттен 15 218 254 млн. теңге қаржы бөлініп, Франциядан шыққан «Ваксигрипп» және Нидерландта шыққан «Инфлювак» вакциналарының 19 498 дозасы сатылып алынды. Тұмауға қарсы иммундау «осал топтарға» жүргізілді - ұйымдасқан жабық мекемелер (бүлдіршіндер, балалар, мүгедектер, қарттар үйілері және мектеп интернаттар), жиі ауыратын иммунитеті төмен балалар мен созылмалы аурулары бар 65 жастан асқан қарт адамдар және медицина қызметкерлері. Тұмау науқастарына сырқаттың қызу кезеңінде төсек тәртібі ұсынылады, дәрумендік диета және сұйық тағам түрлерін молынан пайдалану керек. Науқастың бөлмесін жиі желдету қажет. Алдын алуда жеке бас гигиенасын сақтау пайдасы мол (жиі қолды сабынмен жуу) . Түшкіріп жөтелген кезде ауызды немесе мұрынды бет орамалмен жабу керек. Медициналық бетперде (маска) қолданып, 2 сағат сайын ауыстыруды ұмытпаңыз
ПАНДЕМИЯСөз реті келгенде мына бір деректі де назарға сала кеткенді жөн көріп отырмыз. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің болжамынша, “құс тұмауы” пандемиясы жағдайында республиканың 1, 5 миллион тұрғыны ауырып, 150 мыңы ауруханаға түседі. 3 мың адамның көз жұмуы ықтимал. Міне, жалпы халқы 5 миллионға жетпейтін шағын ғана Қырғызстанда болуы ықтимал жағдай бұл. Көңілге үрей үйіретін болжам екені де талас туғызбаса керек.Жабайы құстар таратуы ықтимал аурудың осы бір ауыр түрі, яғни “құс тұмауы” бүгінде бүкіл әлем жұртшылығын алаңдатып отырКөңіл қошын көтеріп, жан дүниеңді жадырататын, айналаңа нұрлы шуағын төгіп, табиғат-ананы жаңаша түрге енгізетін көктем айлары да жақындап келеді. “Қондырып көктемді қанатына, құс қайтып келеді Алматыға” деп басталатын белгілі ән жолдарында айтылатынындай, жабайы құстардың тек Алматыдан ғана емес, бүкіл Қазақ елі аумағынан уақытша мекен табатын кезіне шын мәнінде аса көп уақыт қалған жоқ.Міне, табиғат жасарып, жасанатын жыл мезгілімен қатар қайтатын жабайы құстар өздерімен бірге әлемге “құс тұмауы” деген атпен танымал қатерлі ауру түрін де ала келуі әбден мүмкін. Шекара туралы ойлап бас қатырмайтын олар үшін бүкіл Жер планетасы ортақ үй, ортақ игілік. Жыл мезгіліне қарай өздеріне ғана белгілі “сүрлеуден” ауытқымай, әрі-бері ұшып жүре береді. Ал “құс тұмауының” үй құстары арқылы адамға жұғу ықтималдылығы жоғары екені бүгінде баршаға мәлім.“ҚҰС ТҰМАУЫ” ДЕГЕНІМІЗ НЕ?Осы мақаланы жазу барысында бірқатар анықтамалықтарды ақтарып, көптеген жарияланымдарды парақтауға тура келді. Біраз ізденістің нәтижесінде аталған қатерлі ауру туралы бір мақалаға “жүк боларлықтай” мағлұмат жинақталды. Өзіміз осы саланың маманы болмағанымызбен, жиған-тергеніміздің қалың оқырман үшін танымдық, кеңестік сипатта, сақтық шараларына мән беру тұрғысында пайдасы тиеді деп сенеміз. Ал “құс тұмауына” қатысты сақтық шаралары аса қажет етілетіні еш күмән туғызбайтындай.“Құс тұмауының” А, В деп аталатын вирустарының ішінде, әсіресе, Н5 және Н7 түрлері аса қауіптілері болып табылады. Ол алғаш рет ХХ ғасырдың басында Италияда анықталып, ұзақ уақыт адамға қауіпсіз саналып келген.Тұмаудың А вирус түрі құстарды қоса есептегенде шошқалар мен жылқыларда, тюленьдер мен киттерде болуы ықтимал. Тұмау вирусының құстарда болатын түрі “құс тұмауы” деп аталады. “Құс тұмауы” вирусы әдетте адамға құстан тікелей берілмейді және адамдар арасында айналысқа түспейді деген ұстаным бар. Ал “құс тұмауын” таратуда, өзінің аты айтып тұрғанындай, жабайы құстардан келетін қатер басым. Вирустардың ішінде адамға қауіптісі Н1, Н2, Н3 және N1, N2 түрлері болып табылады. Бір атап көрсететін жәйт - “құс тұмауы” жабайы құстар арасында ауру туғызбағанымен, үй құстарын қырып салады. Ол адамнан адамға жұқпайды делінеді, бірақ ауырған құстармен байланыстың салдары адам үшін қайғылы аяқталуы ғажап емес.ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛҒА ШОЛУ“Құс тұмауы” вирусының адамға жұққаны туралы мәлімет алғаш рет Гонконгте тіркелді. Онда Н5N1 түрі 18 адамға жұғып, 6-уының өліміне әкеліп соққан. 2003 жылы басталған Н5N1 эпидемиясы Вьетнам, Камбоджа, Қытай, Индонезия, Лоюс, Пәкстан, Корея Республикасы, Таиланд, Тайвань және Жапония секілді Азияның он елін шарпыды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) дерегіне сүйенсек, 2003 жылдан бері 100 адам аталған аурудың тырнағына іліксе, жартысынан астамы көз жұмған.Гонконгтегі оқиға “құс тұмауының” вирусы (Н5N1) құстармен қатар адамға да жұғатынын айғақтады. Бұл вирустың құстан тікелей адамға берілетінінің алғашқы оқиғасы болатын. Ауру ошағын жою үшін 1, 5 миллион тауық өртеп жіберілді. 1999 жылы сол Гонконгте АН9N2 вирусын екі бүлдіршін жұқтырғаны анықталса, 2003 жылы Н5N1 вирусы тағы да екі адамның бойынан табылды. Сол жылы Нидерландыда осындай 86 оқиға тіркелді. 2004-2005 жылдары Н5N1 вирусымен Вьетнам мен Таиландта және Қытайда 37 адам ауырды. Ал өткен жылдың 1 тамызындағы дерек бойынша, әлемде “құс тұмауын” жұқтырған 67 адам тіркелсе, 25-і қаза болды.Кейбір елдерде жаңа жыл басталғалы бері маза жоқ. Қатерлі вирус 2005 жылдың желтоқсанында, яғни жаңа жыл қарсаңында Түркия жағалауларына жетті. Үш адам көз жұмды. Жүздеген қаз, үйрек, тауық өртелді. Қытайда да “құс тұмауы” екі адамның өліміне себепкер болды. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде вирус ошақтары жиі-жиі көрініс беріп қалуда. Тұтастай алғанда осы өңірде 2003 жылдан бері 70 адам опат болды деген дерек бар. “Құс тұмауы” Украина мен Әзірбайжанды, Ресейді және Румыния мен Болгарияны да айналып өткен жоқ. Ол Ресейдің 8 субъектісін қамтыды. Бұл елдерде үй құстары ауырғанымен адамдар аман.СИПАТЫ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗВирустың адамнан адамға тікелей берілетініне айғақ жоқ. Сонымен қатар, оған қарсы қолданатын вакцина да табылмай отыр. Жұқтыру көзі мен бойға тарау жолы да әзірше беймәлім. Осының салдарынан вирустың таралуына бақылау орнату іс жүзінде мүмкін емес.Мамандар “құс тұмауын” тоқтатудың аса қиын екенін айтады. 1997 және 2003 жылдарғы вирусқа қарағанда, 2004 жылдың үлгісіндегі Н5N1 вирусы үй құстарының көптеп қырылуына әкеліп соқтырған. Ал бұл адамдардың ауыру ықтималдылығын да жоғарылатады. Үй құсының салқындатылған және тоңазытылған етінің қаупі ұлғая түседі, өйткені, Н5N1 вирусы минус 70 градустан төмен температурада көптеген жылдар бойы сақтала алады. Бірақ оның жақсы пісірілген кезде жойылатыны анықталған.“Құс тұмауы” ошағын жою вирустың таралу тәсілін дәл анықтауға тікелей байланысты. Алайда оның әуелде жабайы құстар арқылы тарайтыны қиындықтар туғызады. Одан кейінгі тәжірибе көрсеткеніндей, вирустың фермалар арасында таралуына адамдар мен құрал-жабдықтар себепкер. Гонконгтегі 1997 жылғы “құс тұмауы” пандемиясын елдегі бүкіл үй құстарын жою арқылы ғана ауыздықтау мүмкін болған. Қазіргі кезде вирус бүкіл Азиядағы үй құстары арасында тарағандықтан, оның алдын алу мен жою анағұрлым күрделі.Н5N1 вирусы алдыңғыларымен салыстырғанда аса мол аумақты қамтуы мүмкін. “Құс тұмауының” таралуына әсер ететін факторлар бақылауға алынбағандықтан, вирустың Азия арқылы трансмиссиясы бір мезгілде болып отыр. ДДҰ “құс тұмауының” ошағы Азияның бірқатар елінде бірдей бой көрсетуі тарихи тұрғыдан таңданарлық жағдай екенін айта келіп, вирустың жаңа түрінің (Н5N1) бүкіл жер шарына таралу қаупі туындап отырғанын көлденең тартады. Тағы бір назар аударатын мәселе, “құс тұмауы” вирусының жылдам эволюциялануы келе-келе оның адамнан адамға тікелей жұғу ықтималдылығын жоғарылатады. Ал мұндай жағдай орын алатын болса, оның ақыры үлкен қасіретке апаратыны айтпаса да түсінікті.КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНУІ, ПАТОГЕНЕЗ“Құс тұмауының” адамдағы белгілері кәдімгі тұмаумен ауырғандағыға ұқсастықтан бастап, көз инфекциясы, өкпенің қабынуы, т. б. өмірге қатер төндіретін ауыр сырқаттар белгілерінде көрініс береді. Адамдағы ауру белгілері біртектес. Ол кәдімгі тұмаумен ауырғандағыдай: дененің қызуы көтеріледі, адам қалтырап тоңады, бұлшық еттері ауырады, жөтеледі, тамағы ауырады, т. с. с. Инкубациялық кезең үш күннен аспайды.Вирус кәдімгі лабораториялық тексерулерде анықталмайтындықтан, диагноз өте-мөте кеш қойылуы ықтимал. Сондықтан сырқат асқынып үлгереді. Оның салдары аса ауыр. Адам вирусты жұқтырғаннан 6-8 күн өтісімен-ақ қайтыс болады.ВАКЦИНАЛАР“Құс тұмауына” қарсы вакциналар іздестіру ауру тарай бастаған 1997-1999 жылдары-ақ басталған болатын. Британияның Chіron Corp компаниясы арнайы комиссияға “құс тұмауы” вирусына қарсы қолданылатын тәжірибелік вакциналардың сапасын тексеруге өтініш білдірді. Қазір аталған британиялық компания клиникалық сынақтарда қолданылып жүрген экспериментальді вакцина шығарумен айналысады. “Құс тұмауына” қарсы дәрінің үш түрі Ресейде шығарылғаны да белгілі болды.Экспериментальді вакциналар шығарумен, сондай-ақ, француздың Aventіs Pasteur фирмасы да шұғылданады. Бұл фирма қазірдің өзінде үкіметпен екі миллион доза көлеміндегі келісім-шарттық тапсырысқа қол жеткізе алды. Вьетнамдық ғалымдар Н5N1 вирусына қарсы вакцинаның прототипін жасап шығарды. Енді олар вакцинаны алдағы тамыз айында адамға қолдану арқылы сынақтан өткізіп көруге бел байлап отыр. Мұндай асығыстыққа негіз де жоқ емес: “құс тұмауынан” соңғы екі жылда көз жұмған адамдардың 70 пайызы Вьетнамның үлесіне тиесілі. Бүгінде ресми Ханой егер вирус мутацияға ұшыраса, онда ол адамнан адамға оңай беріліп, “құс тұмауының” эпидемиясы басталуы, яғни пандемиялық ахуал қалыптасуы ықтимал деп қауіптенуде.Бірақ ДДҰ мамандары бүгінде Вьетнамдағылар жасауға талаптанып отырған вакцинаның жаңа түрі аурудың өзінен де көп зиян әкелуі мүмкін деп санайды. Және оның себептерін де жайып салады.“ҚҰС ТҰМАУЫНЫҢ” ҚАЗАҚСТАНДА ТАРАЛУ ҚАТЕРІНЕ БАҒАМ“Құс тұмауы” Қазақстанға түрлі бағыттардан ұшып келетін құстармен жетуі ықтимал дейді жергілікті мамандар. Осы тұрғыдан алғанда, Ресей жақтан ұшып келетін құстар еліміздің солтүстігі мен шығысына қатер төндіруі әбден мүмкін. Өйткені, “құс тұмауы” былтырғы жылдың шілде-тамызында солтүстіктегі көршіміздің Новосибирь облысында, Алтай аймағында, Тюмень, Омбы облыстарында тіркелді.Қытай арқылы келетін құстар еліміздің шығыс өңірлеріне қатерлі. Себебі өткен жылдың маусым айында Шығыс Қазақстан облысының шекарасына 25 шақырым жерде “құс тұмауы” тіркелген еді. Енді Күршім, Зайсан және Үржар аудандары тұрғындарына аса сақтық таныту қажет болады.Қазіргі кезде “құс тұмауының” таралуы, жоғарыда да айтып кеткеніміздей, көктемгі жабайы құстар келуімен тікелей байланысты. Еліміз аумағы арқылы ұшып өтетін құстар да әлденіп алу үшін аялдайтындықтан, вирустың таралуына себепкер болуы мүмкін. Мәселен, жабайы қаз-үйрек Үндістан мен Пәкстан жақтан Ресейге еліміздің 24 ауданы үстімен ұшып өтсе, солтүстік Африка мен оңтүстік Еуропа аумағынан келетіндері жаз айларында Батыс Қазақстанның төрт ауданы мен Атырау алабын мекен ететін көрінеді.Қазақстанда адамдардың “құс тұмауымен” ауыруы әзірше тіркелген жоқ. Алайда құстар ауырған оқиғалар кездесті. Былтырғы жазда Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы ауылында балапандар тұмауратты. Ертеңінде бірнеше ондаған тауық бірінен кейін бірі өліп түсті. Осы ауданға қарасты Тұмсық ауылында арнайы комиссия өртеу жолымен барлық құс атаулыдан құтылған жөн деп шешті. Эпидемияға қарсы шаралар бүкіл құс фабрикаларында ғана емес, сондай-ақ орман және аңшылық шаруашылықтарында да жүргізілді.- Өткен жылғы желтоқсан айының ортасында-ақ біз республиканың барлық мамандарына арнап ДДҰ сарапшыларының қатысуымен республикалық семинар өткіздік, - деді біз хабарласқан кезде Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Кеңес Оспанов. - СЭС қазақстандықтардың Түркияға баруларына шектеу қоюды ұсынды. Елімізге келген барлық күдік белгілері бар адамдар оқшауландырылуда. Бортсеріктер мен ұшқыштар, кеденшілер тиісті ескертпелер алды. Барлық порттар мен вокзалдарда күндіз-түні жұмыс істейтін санитарлық-карантиндік пункттер жасақталып, адамның температурасын 4-5 метр жерден анықтайтын тепловизорлар алынды.АҚШ-тық мамандар Павлодар облысында “құс тұмауына” алғаш шалдыққан құстарды тексеруге көмектескен. 3 айда еліміздің 4 облысында 13 мың құс жойылған. Тұрғындар инфекцияның бар екенін жасырмаулары үшін жойылған құс иелеріне өтемақы төленіпті.“Кез келген жұқпалы аурудың таралуын ДДҰ 6 тармақта қарастырады, әзірше әлем елдері “құс тұмауының” 3-ші тармағында тұр, - дейді ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі Мұрат Ұсатаев. - Сондықтан қатердің алдын алуға уақыт бар”.ҚАТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫЖақында Астана қаласындағы санитар-эпидемиологтар мен ветеринарлар, сондай-ақ сауда-саттық саласының қызметкерлері аталған жұқпалы аурудың алдын алу мен қауіпсіздік шараларына арналған семинар өткізді. Онда Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі аса қауіпті жұқпалы аурулар департаментінің Астана қаласы бойынша бөлім бастығы Майра Жүсіпова өмірге қатерлі вирустың елордада пайда болуының алдын алуға байланысты қандай іс-шаралар атқарылып жатқаны туралы әңгімелеп берді. Біздің байқауымызша, мұндай ауқымды шаралар республикамыздың барлық өңірлерінде жүргізіліп жатқанға ұқсайды.Қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы профилактикалық процедуралар, яғни сақтану шаралары егжей-тегжейлі жазылған жаднама шығарыпты. Проблеманың маңызын ескере отырып, оның негізгі деген тармақтарын назарға ұсынғанды жөн көрдік.*Шикі еттің піскен тамаққа жұғыспауын қадағалау, піскен тамақты бөлек сақтау.*Шикі етке бөлек құрал (пышақ, кесуге арналған тақтайша) пайдалану.*Жұмыртқаны, шикі етті ұстаған соң және турағаннан кейін қолды жуу./Құс өнімдерінен тағам дайындағанда міндетті түрде технологиялық регламентті (температура мен пісу уақыты) сақтау.*Үй құстарының жабайы құстармен араласуына жол бермеу.*Мал жайлайтын киімдерді күнделікті киетін киімдерден бөлек қою, марліден тігілген бетперде, резеңке қолғап кию.*Құстардан клиникалық белгілер байқалса немесе қырылып қалса, тез арада ветеринарлық қызметке хабарлау. Ауырған немесе өлген құстың жанына жақындамау.*Тірі қалған құстарды бөлек қораға кіргізіп, аулаға шығармау, ветеринарлық қызмет мамандары рұқсат бергенше сойып, етін және жұмыртқасын пайдаланбау.Сөз реті келгенде мына бір деректі де назарға сала кеткенді жөн көріп отырмыз. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің болжамынша, “құс тұмауы” пандемиясы жағдайында республиканың 1, 5 миллион тұрғыны ауырып, 150 мыңы ауруханаға түседі. 3 мың адамның көз жұмуы ықтимал. Міне, жалпы халқы 5 миллионға жетпейтін шағын ғана Қырғызстанда болуы ықтимал жағдай бұл. Көңілге үрей үйіретін болжам екені де талас туғызбаса керек.Бұдан шығатын қорытынды - “құс тұмауының” маған қатысы жоқ, айналып өтіп кетеді демей, аса сақ болу. Оның үстіне малсақ қазақтың қорасында қой, ешкі, жылқы, сиырымен қатар, түрлі үй құстары ұсталады. Сондықтан, әсіресе, ауылдағы ағайынға сақтық таныту аса қажет болатыны анық. Мақаланы жазудағы мақсат та қорқытып-үркіту емес - болуы ықтимал жағдайдан сақтандыру. Сақтансаң - сақтайды деген емес пе.:
ПАНДЕМИЯ
Сөз реті келгенде мына бір деректі де назарға сала кеткенді жөн көріп отырмыз. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің болжамынша, “құс тұмауы” пандемиясы жағдайында республиканың 1, 5 миллион тұрғыны ауырып, 150 мыңы ауруханаға түседі. 3 мың адамның көз жұмуы ықтимал. Міне, жалпы халқы 5 миллионға жетпейтін шағын ғана Қырғызстанда болуы ықтимал жағдай бұл. Көңілге үрей үйіретін болжам екені де талас туғызбаса керек.
Жабайы құстар таратуы ықтимал аурудың осы бір ауыр түрі, яғни “құс тұмауы” бүгінде бүкіл әлем жұртшылығын алаңдатып отыр
Көңіл қошын көтеріп, жан дүниеңді жадырататын, айналаңа нұрлы шуағын төгіп, табиғат-ананы жаңаша түрге енгізетін көктем айлары да жақындап келеді. “Қондырып көктемді қанатына, құс қайтып келеді Алматыға” деп басталатын белгілі ән жолдарында айтылатынындай, жабайы құстардың тек Алматыдан ғана емес, бүкіл Қазақ елі аумағынан уақытша мекен табатын кезіне шын мәнінде аса көп уақыт қалған жоқ.
Міне, табиғат жасарып, жасанатын жыл мезгілімен қатар қайтатын жабайы құстар өздерімен бірге әлемге “құс тұмауы” деген атпен танымал қатерлі ауру түрін де ала келуі әбден мүмкін. Шекара туралы ойлап бас қатырмайтын олар үшін бүкіл Жер планетасы ортақ үй, ортақ игілік. Жыл мезгіліне қарай өздеріне ғана белгілі “сүрлеуден” ауытқымай, әрі-бері ұшып жүре береді. Ал “құс тұмауының” үй құстары арқылы адамға жұғу ықтималдылығы жоғары екені бүгінде баршаға мәлім.
“
ҚҰС ТҰМАУЫ” ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Осы мақаланы жазу барысында бірқатар анықтамалықтарды ақтарып, көптеген жарияланымдарды парақтауға тура келді. Біраз ізденістің нәтижесінде аталған қатерлі ауру туралы бір мақалаға “жүк боларлықтай” мағлұмат жинақталды. Өзіміз осы саланың маманы болмағанымызбен, жиған-тергеніміздің қалың оқырман үшін танымдық, кеңестік сипатта, сақтық шараларына мән беру тұрғысында