Қоймалық операцияларды есепке алу және өнімді сату есептін информациялық қамтамасыздандыруы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 115 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Соңғы жиырма жылдың ішінде информацияның айналымы және көлемі адамзаттың барлық қызмет ету салаларында - экономикалық, қаражаттық, саяси, рухани үлкейді. Және де білімнің жинау, өндеу және қолдану процесі жылдан-жылға жеделденеді. Ғылымдардың айтуы бойынша, әр оң жыл өткен сайын, информацияның көлемі екі есе үлкейеді. Осыған байланысты жиналған информацияны эффективті сақтауға, өндеуге және таратуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған құралдарды қолдануға қажеттілік туады
Үлкен кәсіпорындардың қаражаттық буындар жұмыстарының сапасына қойылатын казіргі заманғы талаптарын алғанда, олардың эффективті жұмыстары, компаниялардың автоматтандырылған қоймалық есепке алудың компьютерлік жүйелерінің базасындағы, информациялық құралдармен байланысты екендігін ескеру қажет.
Компьютерлік есепке алудың өзіндік ерекшеліктері бар және ол кәдімгіден радикалды ерекше болады. Компьютер есепке алуды жеңілдетумен қоса, құжаттарды толтыру және сауда қызметінің жүруін анализдеу әрі басқару үшін жиналған деректерді жалпылау уақытын үнемдейді. Компьютер көмегімен алынған саудадағы болып жатқан жағдайлар туралы есеп берулерді онсыз да алуға болады - компьютерде ешқандай ерекше математика жоқ - ал есептеу сонша уақыт алады, тіпті жасалып болған соң ешкімге керегі болмай қалады немесе көптеген есепшілерді жұмысқа алып, соңында оларға кететін жалақының көлемі алған табыстан асып кетуі мүмкін. Демек, компьютерді қолданған соң «сан сапаға айналады»: есептеу жылдамдығы өскен сайын сауданы ұйымдастыру схемасы сапалық жақсарады.
Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық қамтамасыздандыру дербес компьютерлерде әлдеқашан қолдана бастады. Бірақ та бұлар немесе деректерді сақтау үшін арналған қарапайым бағдарламалар болды және де оларда қосымшаларды әзірлеу үшін құралдары болған жоқ, немесе олар соншалықты күрделі және қиын болған, тіпті компьютерді жақсы білетін адамдар, олармен қолданушыға толық бағытталған қосымшалары болмағанша жұмыс істегілері келмеген.
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты қоймалық есепке алу және құрылыс материалдардың сауда сферасында жұмыс істейтін кәсіпорындарға өнімдерді сату бойынша бухгалтерінің жұмыс орнын автоматтандыру жүйесін әзірлеу болып табылады.
Қоймалық есепке алу операцияларын және өнімдерді сатуды автоматтандыру үшін келесі есептерді шешу қажет:
- ЖШС «БугорОк» туралы материалды жинау;
- Қоймалық есепке алу операцияларын және өнімдерді сату есептерінің мағынасын анализдеу;
- Есептеуіш техниканы пайдалануды негіздеу;
- Есептеуді құру;
- Әзірлемелерді барлық қамтамасыздандырулар түрлерінен негіздеу;
- Инфологиялық моделді құру;
- Енгізілетін, тұрақты, мерзімдік және нәтижелік информацияны сипаттау;
- Жобаның таңдалған нұсқасын әзірлеу.
Автоматизацияның негізгі артықшылығы - ол сақталған информацияның артығын азайту, демек қолданылатын жады көлемін үнемдеу, артық көшірмелерді қайта жаңартудың көптеген операцияларына кететін қаражатты азайту, және әртүрлі жерде сақталған бір объект туралы мәліметтер арасындағы болатын қайшылықтарды жою, информацияның шындық дәрежесін үлкейту және информацияны өндеу жылдамдылығын үлкейту; артық ішкі, уақыт аралық құжаттардың, әртүрлі журналдардың, бумалардың, мәлімдемелердің және т. б. санын азайту.
Объектіні іздеу параметрлері көрсетілетін, арнайы экрандық формаларда орындалатын автоматты информацияны іздеу де уақытты азайтады.
Берілген жобаланатын жүйенің негізгі есебі есепке алу және шаруашылық операцияларды оперативті қадағалау, сыртқы орта үшін стандартты құжаттарды дайындау (есептер, накладнойлар, есеп-фактуралар) болып табылады. Шаруашылық процестермен оперативті басқару бірден бірнеше күнге дейін уақыт алады және оқиғаларды тіркеуді орындайды, мысалы, заказдарды жасау және орындалуының мониторингі, қоймадағы материалды бағалық заттардың түсуі және шығыны. Бұл операциялар итеративті, жүйелі мінездемелі болады, олар шаруашылықтық процестердің орындаушылардың өздерімен тікелей орындалады (жұмысшылармен, қоймашылармен, администраторлармен және т. б. ) және де құжаттарды нақты анықталған алгоритмдерге сәйкес жасаумен және тасымалдаумен байланысты. Шаруашылық операциялардың орындалуы сәйкес журналдарда есепке алынады. Бұл процестерді автоматизациялау информацияны бір базада сақтауға мүмкіндік береді, мұнда информация ыңғайлы интерфейс арқылы енгізіледі.
Берілген информациялық жүйе бухгалтерия бөлімінде көшірме блогінде іске асырылады. Бұл жүйенің қолданушысы қоймалық есепке алумен әрі шығындық құжаттарды көшірумен және түскен өнімдерді қабылдаумен айналысатын адам болады.
Информаәциялық жүйе қызметшіні күнделікті шығындық наклоднойларды толтырудың жұмыс көлемінен босатуға мүмкіндік береді. Бұрын құжаттар қолмен көшірілген болғандықтан, мұнда қайталынатын реквизиттер әрі номенклатураның үлкен тізімі көрсетілетін, сондықтан көп уақыт алатын. Автоматтандыру уақытты көп үнемдеуге мүмкіндік береді. Қызметшіге тізімнен тек керек клиенті таңдауға және анықтамадағы номенклатураны көрсету, күнді жазу және құжатты баспаға шығару жеткілікті. Баспаға шығарылған құжатта құжаттың басылатын формасына сәйкес орнатылған барлық керек реквизиттер автоматты көрсетіледі.
Есеп беруді жасау үшін керек деректерді сәйкес құжаттар ішінен іздеу арқылы жинау қажет, егер бұл жыл бойынша есеп беру болса, онда жылдық барлық құжаттарды қарау қажет, ал оған көп уақыт кетеді. Есеп беру бойынша қорытындыларды шығарғанда есептеуде үлкен нақтылық керек, ал бұл жоғарғы дәрежелі маманның қолынан әрқашан келе бермейді. Осы және көптеген басқа есептерді жобаланған информациялық жүйе шеше алатын болады.
Керек объектіні іздеу барысында (сумманы, құжатты, санды), егер ол туралы жазылған құжат белгілі болмаса, онда барлық құжаттар жиының ашуға және әр позицияны қарау керек болады. Автоматтандыру осы позиция бойынша таңдауды орындауға мүмкіндік беретін болады және керек құжаттардың көлемін азайтады, тіпті ізделініп отырған бір құжатқа әкеледі.
Прайс-бетті құрған кезде де қиындықтар кездесуі мүмкін. Егер қоймаға жаңа түрлі өнім әкелінген немесе ескі өнімнің бағасы өзгерген болса, барлық прайс-бетті жаңадан өзгерту керек болады. Автоматтандырылған жүйені іске асыру бұл қимылдарды номенклатураға жаңа позицияны қосу немесе ескі номенклатура мінездемелерін редакциялау арқылы автоматты орындауға мүмкін береді.
Узақ ескішіл жұмыстарды орындауға кететін уақыттарды үнемдеу арқылы қызметкердің еңбекшілігін көтеруге болады, ол енді тек өзінің жұмысын ғана емес өзіне басқа қызметтерді де орындай алады. Өзіндік автоматтандырылған жүйені әзірлеу барлық ерекшеліктерді ескеруге мүмкіндік береді, тек керек және қалай керек нәрсе ғана әзірленеді. Басқа жақта әзірленген өнімдермен жұмыс істейтін өнеркәсіптер бойынша анализ бағдарламаларды жүргізу бойынша кейбір қиындықтар болатының көрсетті, оның негізісі өнеркәсіптің және әзірлеушінің әртүрлі қалаларда болуларына байланысты. Осыған байланысты, қандай да бір толықтыруға немесе жөндеуге тапсырыс және нәтиже арасына кем дегенде бір ай уақыт кетеді.
- ПӘН АЙМАҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ1. 1 ЖШС «БугорОк» кәсіпорынның мінездемесі
ЖШС «БугорОк» фирмасы Семей қаласының нарығында пайда болуына үш жылдай уақыт болды. Фирма аумағында қомаларға аудандар бөлінген, онда клиенттерге сатылатын өнімдердің негізгі түрлері сақталады, сондықтан менеджерлер материалдардың қоймадағы бар болуын, түсуін, кетуін қадағалай және офистен жақын жерде өнімдерді есептеуді орындала алады. Осыған юайланысты құжаттар айналымы жеңілденген.
Өнім зауыт-өндірушіден тікелей түседі және осы өнім түрінде мұқтаж клиенттерге сатылады. Ұйым өнімнің өнеркәсіптен базаға жеткізілуін, қоймалануын, сақталуын және клиенттерге тиелуін орындайды.
Сатылатын өнімнің жүзден аса атаулары бар және оның саны тұрақты үлкейіп отырады. Көбінесе бұл құрылыс материалдары.
Ұйым көтерме сауданы ақшасыз есеп-қисап үшін жүргізеді. Бөліп сататын саудашылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, көтерме саудамен айналысатын кәсіпорын табысты сатылатын тауарға саудалық қосудан алады.
Сыртқы жүйеде ЖШС «БугорОк» өндірушілер және клиенттер арасындағы осы өнімге делдал ролін атқарады. Бұл 1 қосымшада көрсетілген.
Фирманың ішкі құрылымы өзін қосымшада (Б және В қосымшаларда) бейнеленген сызба ретінде ұсынады.
Фирманың басында бас директор тұрады, ол негізінен басқару сұрақтарын және стратегиялық сұрақтарды шешеді. Ол барлық бөлімдердің қызметтерін бақылайды. Сонымен қоса оның хабарламалық қызметіне қаражат тасқынының жылжу сұрақтарын шешу жатады.
Тауарды сатып алумен жабдықтау бөлімі айналысады. Оның функциясына тағы жабдықтау шарттары пайдалы жаңа жеткізушілерді іздеу кіреді. Осы бөлім барлық ассортимент бойынша сатып алулар сұрақтарын шешеді. Сатып алу, менеджерлермен жасалған сатып алушылардың мүдделері негіздерінде орындалады.
Сату бөліміне клиенттермен тікелей жұмыс істейтін менеджерлер кіреді. Әр менеджердің өзіндік клиенттер базасы бар. Ол келісім-шарттарды, мерзімдерді, жеткізу шарттарын және тауарды төлеуді келістіреді; сатыпалушылардан мүдделерді қабылдауды орындайды. Өзінің клиенттер базасын жаңа клиенттерді іздеу арқылы толықтырады.
Есеп бөлімі өзіне үш ішкі бөлімдерді кірістіреді: бас есепші, көшірме, төлеу және касса.
Бас есепші бухгалтерлік есепті жүргізеді, баланс, әртүрлі кездесетін салыстыруларды жасайды, барлық салықтарды есептейді және өзіне тәуелді бөлімдерді болатын сұрақтарды шешеді.
«Төлеу» бөлімі арнайы банкілік бағдарлама арқылы төлемдерді бенкіге жіберумен, алумен айналысады. Бұл есеп-шот бойынша жіберушілерге ақша жіберу, салықтарды төлеу, клиенттерден фирма есеп-шотіне күнделікті түсетін ақша қаражатын алу және т. б. төлемдер.
Кассир фирманың қолдағы ақша қаражатын таратумен айналысады (жалақыны төлеу, шаруашылық қажеттіліктерге ақша бөлу, іссапарлық ақшаны беру және т. б. )
Экономикалық қауіпсіздік бөліміне кіреді: күзет басшысы, ол объектінің қауіпсіздігі және рұқсатпен кіргізу жүйесі үшін жауап береді, жүйелік администратор, оның қызметіне информацияның қауіпсіздігінің сақталуы және есептеу кешенінің функционалдық қамтамасыздығы кіреді.
Автоматтандырылған жүйе «Көшірме» бөлімінің есептерін шешуге арналған. Бұл бөлімнің негізгі есептері- бұл шығын құжаттарын көшіру, кірулерді тіркеу, банкілік көшірмелерді тіркеу, қойма бойынша қалдықтарды шығару, номенклатураны және жаңа клиенттерді енгізу, клиенттермен өзара төлеуді орындау.
Бүкіл фирма және жеке көшірме бөлімі бойынша шешілетін есептің экономикалық маңызын толығырақ қарастырайық.
1. 2 Қоймалық операцияларды және өнімдерді сатуды есепке алудың экономикалық мәні
Шаруашылық есепке алу өзін бухгалтерлік, оперативті және статистикалық есепке алу жиынтығы ретінде ұсынады. Есепке алу - басқарудың еңбекқорлық функцияларының бірі. Есепке алудың ерекшелігі, ол шығатын және қорытынды көрсеткіштердің үлкен көпшілігі және біртектестігі. Ереже бойынша, қорытынды көрсеткіштер шығатын алғашқыдеректерді күрделі есептеулерді қолданбай әртүрлі белгілеулер бойынша көп рет топтастыру жолымен құралады.
ЖШС «БугорОк»-та сауда процестермен басқару тауарлардың түсу, сатылу және сұрау динамикасын, құрылымын және көлемін бейнелейтін информацияға негізделеді. ЖШС «БугорОк» және сыртқы орта (жеткізушілер, сатыпалушылар) арасындағы информацияның жыжуы информациялар тасқыны түрінде орындалады. Көтерме кәсіпорынға қатысты информацияның енгізу, ішкі және шығу тасқындары ажыратыла алады. Көтерме кәсіпорынның информация тасқынының рационалды ұйымдастырылуынан, жинау, тіркеу, тасымалдау, сақтау және информацияны өндеу әдістерінен, оның құрылымынан және уақытында алуынан сауда процестерімен эффективті және оперативті басқару тәуелді болады.
Көтерме саудасында тауарладың сатылуын есепке алу тауарды тиеу және сатыпалушыларға есептеу құжаттарын ұсыну кезінде орындалады.
Тауарды сату 3 қосымшадағы сызба арқылы орындалады.
Өнеркәсіптің информациялық тасқындарын қарастырайық. Мүддеші (юристік кісі) менеджерде өзіне қажет өнімге мүдде жасайды (факс бойынша жібереді немесе телефон бойынша келіседі) .
Менеджер төлеуге есеп-шотты шығарады және мүддешіге жібереді. Тауардың қоимада бар кезінде қажетті саны реззервіленеді. Егер тауар жоқ болса, онда жіберуге мәлімдеме құралады, мұнда мәлімдеменің құрылу күні, жауапты менеджер фамилиясы, өнім атауы және тауарды жеткізудің шекті мерзімдері көрсетіледі.
Құрылған мәлімдеме жабдықтау бөліміне жіберіледі, мұнда барлық мәлімдемелер өнімге, жіберілу мерзімі және т. б. қатысты сурыпталады және тауардың қоймға түсуінің мысалдық күні анықталады.
Менеджер осы деректерді ала отырып, клиентпен тауарды жеткізу мерзімдерін нақтылайды.
Жабдықтаушылар тауарға мәлімдемелерді жеткізушілерге ұсынады, ұсынылған есеп-шоттарды төлейді және фирма қоймасына түскен тауарды әкеледі.
Мүддеші оған ұсынылған есеп-шотты төлеген соң және төлеу банкі арқылы өтсе, онда ол тапсырған өнімнің артынан келе алады. Онымен бірге жұмыс істейтін менеджер қажетті құжаттарды құрайды және тауарды жібереді.
Өнімді сату және автоматтандырылатын объектінің функционалдық есептерін толық қадағалау процесін 3 қосымша сызбадан көруге болады.
АБЖ бағалы тауарлы-материалдардық заттардың кіруі және шығыны бойынша оперативті есепке алуды жүргізетін бухгалтердің күнделікті жұмысының автоматтандыруын шешу үшін арналған.
Жүйедегі негізгі информация бірлігі ол құжат. Құжаттың бірнеше түрлері бар: накладной, есептеу, алып тастау акті, төлеу және т. б. Барлық басқа информация (мысалы, ағымды уақыттағы қойыма жағдайы, есептеу шоттарының жағдайы, контрагенттермен баланс) деректер базасының осы негізгі файлдары негізінде есептелінуі мүмкін, оны тек керек құжатты енгізу немесе редакциялау жолымен өзгертуге болады.
Жүйедегі негізгі операциялар екі топқа бөлінеді: тауарлық және есептік-қаражаттық операциялар.
Тауарлық операцияларды орындау барысында, қоймадағы тауар саны өзгереді. Оларға Тауарды сату, Тауарды сатып алу, Тауардың жылжуы жатады.
Көшірме бөлімінің информациялық тасқының қарастырайық. (4 қосымша)
Тауардың түсуі кезінде жеткізушілерден келу накладнойы жасалады.
Клиент менеджермен оған ұсынылған есеп-шотты төлеген соң қомаға келіп өзінің өнімін алып кетуге құқы бар. Төленген соң үш күн аралығында тауар қоймашымен қоймада резервіленеді.
Есеп-шот негізінде қоймаға шығын накладнойының көшірмесі беріледі. Осы накладной бойынша клиент қоймадан өзінің төленген өнімін ала алады. Қоймада тауардың ұзындығы немесе салмағы өлшенеді және накладнойда өнімнің нақты саны көрсетіледі және қоймашы қолымен белгілінеді. Жасалынған белгілеулерді есепке алып тауарлық накладной және есеп-фактура көшірмесі беріледі, оларға содан соң қол және таңба қойылады.
Тауардың бұзылуы немесе артықшылығы жағдайында ішкі құжаттар жасалынады- алып тастау және оприходтау.
Бар деректер негізінде есеп берулерді құрастыруға болады.
Қоймадағы қалдықтар бойынша есеп беру. Ол нақты күнге және нақты өнім бойынша жасалуы мүмкін.
Сонымен қатар есеп берулерді түсу, шығын құжаттар және анықталған уақыт мерзіміндегі банкілік көшірмелер бойынша құрастыруға болады., олар қандай да бір уақыт мерзіміндегі осы құжаттар бойынша жылпы сомманы көрсететін,
Бұрын құралған кез-келген құжатты деректер базасынан шақырып баспаға шығаруға, қайта редакциялауға немесе жоюға болады.
1. 3 Информацияны өндеу ұйымдарының мінездемесі
Жобаланған жүйеде шешілетін есептер сәйкес бағдарламалық модулдермен іске асырылады, олардың әрқайсысының қанда да бір операцияларды орындау мүмкіншілігі болады, мысалы, информацияны түзету, деректерді іздеу, есеп берулерді құрастыру. Деректерді толтыру, түзету және іздеу процестері барлық модульдерде біртипті әдістермен іске асырылады. Деректерді енгізу және редакциялау кезінде қолданушымен енгізілетін информацияның дұрыстығын, оны қажетті типпен, мүмкін өзгеруге болатын мәндер жиынымен, енгізу маскасымен және т. б. салыстыру арқылы, тексеретін бақылау пайдалынады.
Деректерді енгізу және редакциялау үшін, барлық енгізу алаңдары әрі сипаттамалары мен басқару әрекеттерді (сақтау, өзгерістерді алып тастау) таңдау және ДБ-да жылжу үшін арналған басқару (мысалы, батырмалар) және навигация (жылжу) элементтері бар экрандық формалар қолданылады. Деректерді іздеуді қамтамасыз ету үшін сол сияқты экрандық формалар қолданылады, олар керек информацияның әртүрлі мәндерін (мәндер диапазоны), іздеу шарттарындағы мүмкін мәндерді бақылау арқылы, енгізуге мүмкіндік береді. Информацияны жеке алаңдар және алаңдар жиынтығы бойынша, іздеу шарттарымен жартылай немесе толық сәйкес келетін, қолданушы үшін ыңғайлы болатын әріптер регистрлерін ескермейтін іздеуді орындауға болады, сандық немесе «дата» типті алаңдар үшін мәндердің өзгеру диапазоның және т. б. көрсетуге болатын мүмкіншілік беріледі. Жүйенің әр бағдарламалық модулінде, анықталған түрдегі құжаттарды құрастыруға және баспаға шығару үшін, барлық қажет есеп беру формалары болады. Барлық есеп берулер ДБ-нан информацияларды таңдауды қолдана отырып автоматты генерацияланады.
Қойылған есептердің шешімдерін іске асыру үшін оперативті информация көзі ретінде түсу накладнойлар, шығын накладнойлар, төлеу бойынша есеп-шоттар, банкілік көшірмелер, қоймадан алынған деректер.
Бұл деректер тұрақты өзгеріп отырады және өнделетін информацияның үлкен көлемімен ажыратылады. Деректер жүйеге арнайы формалар арқылы енгізіледі және деректер базасында кесте түрінде сақталады.
Тұрақты информация да кесте түрінде сақталады және арнайы анықтамалар көмегімен іске асырылады. Бұл деректер практикалы өзгермейді, негізінен жаңалар енгізіледі, ал ескілер редакцияланады, ал керек жағдайда жойылады. Берілген жүйеде мұндай анықтамалар болып Материалдар, Материалдар типі, Өлшеу бірліктері, Ұйымдар, НДС ставкалары. Бірінші анықтамада фирманың негізгі тауарлары туралы информция кірістірілген, олардың типі, өлшеу бірліктері және бағалары. Контрагенттер анықтамасында клиент-фирмалар, жеткізушілер аттары және олардың адрестері көрсетілген. НДС ставкасы анықтамасында НДС проценттері және ставкалары көрсетілген.
Қорытынды информацияны есептеу үшін есеп берулер қолданылады. Есеп берулер берілген парамерлерге тәуелді құралады.
Негізгі есеп берулер бұл түсу және шығын құжаттар бойынша есеп берулер, қалдық тауарлар бойынша есеп берулер және прайс-беттерді құру.
Түсу және шығын накладнойлар бойынша есеп беру осы құжаттарды берілген мерзімге сәйкес топтастырады.
Бағалы тауарлы-материалды заттардың қоймадағы қалдықтары бойынша есеп берулері қойманың ағымды жағдайын, яғни дәл мезгілде бар тауар санын (есеп беруді жасау уақыты) .
1. 4 Есептеулерді формализациялау
Бағалы тауарлы-материалды заттардың түсуін есепке алу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz