Ғылымның адам қызметінің ерекше саласы ретінде сипаты


16) Ғылымның адам қызметінің ерекше саласы ретінде сипатын көрсетіңіз
Адамзат өзінің даму тарихы барысында қоршаған әлемді танып-білудің және игерудің бірнеше тәсілдерін меңгерді. Сондай тәсілдердің біріне сөзсіз ғылымды жатқызуға болады. Ғылым - қоғамның рухани мәдениетінің қурамдас бөлігі болып табылады. Адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде ғылым дами келе, қоғамдық сананың дербес формасына айналады. Себебі, қоғамдағы сан-салалы мәселелер көп жағдайда ғылымның араласуымен шешіледі.
Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.
Ең алдымен, ғылымтанушылардың назар аударған мәселесі - латынша «Sсіеnііа» сөзінің этимологиясы болды, оның мағынасы «білім» дегенді білдіреді. Ал кез келген білімнің ғылым емес екендігі белгілі. Білім - адамзаттың әр қилы тіршілік ету сферасынан: қарапайым өмірден, саясаттан, экономикадан, өнерден тағы басқа жағдайлардан алынады. Ғылым - тәжірибе жүзінде анықталған нақты дәлелдемелер мен логикалық заңдарға сүйенетін қорытындылардың негізінде білім әлемін жасайды. Бул әлемнің субъективті элементі болып саналатын адамзатқа, оның игілікті бағдарына шамалы ғана рөл бөлінеді (бул үшін өнер, мораль, дін бар) . Сондықтан бір-бірін толықтыра отырып, мәдениеттің бұл құрамдас бөліктері табиғат пен адамзат арасында байланыстырушы тізбек болып саналады.
Ғылым (араб. : علم (ілім) - білім , тану ; лат. scientia - білім ) - ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы. Жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы - ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.
Ғылым ерекше әлеуметтік институт және танымдық қызметтің ерекше формасы ретіңде XV-XVI ғасырларда пайда болды. Яғни, ол қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заманның мұқтаждығынан туған әлеуметтік құбылыс. Ендеше, ғылым, -жаратылыстану ғылымы ең алдымен капиталистік өндіріс тәсілінің нәтижесі. Оның қалыптасуына - үлкен үлес қосқан атақты ғалымдар Коперник, Галилей, Кеплер және басқалар болды. Осы жерде Галилей мен Ньютон жасаған классикалық механиканы айта кету керек. Өйткені, ол қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болғай ең алғашқы ғылыми теория.
Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына әлеуметтік және логикалық факторлар әсер етті. Әлеуметтікке практикалық қызметтің, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық еңбектің бөлінуінің өндіріс, техника талаптары, ал лоғикалыққа ғылыми таным дамуының ішкі логиқасының мұқтаждығы жатады. Ғылымның әлеуметтік мәнін, негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын ашуда әлеуметтік және логикалық факторлардың бірлігі қажет.
Ғылым дегеніміз ылғи дамуға байланысты қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айрықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің бір саласы.
Ғылымның негізгі ерекшеліктеріне тоқталайық. Табиғат пен қоғамның объективтік, адам санасынан тәуелсіз заңдарын ашу ғылымның негізгі қызметі Ғылым тарихи заттың дүниенің объективтік заңдарын ашу және олардың негізінде қарастырылып отырған құбылыстарды түсіндіру және жаңа процестерді болжай білу тарихы.
ылым, білімнің қурылысын анықтай келе біз ғылымға толық анықтама бере алатындай мүмкіндікке жеттік. Сонымен, ғылым дегеніміз - арнаулы қоғамдық қызмет нәтижесінде алынып, дамыған және қолдану барысында қоғамның тікелей тәжірибелік күшіне айналған объективті шындықтың динамикалық жүйесі.
Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:
1) түсіндіру - табиғат объектілері мен табиғат құбылыстарының мәнін ашып, түсіндіру;
2) жүйелеу - жиналған фактілік материалдарды сурыптап, бір жүйеге енгізу;
3) суреттеу - қоршаған жағдайдың байланыстары мен қасиеттерін сипаттап көрсету;
4) болжам жасау - дәл қазіргі кезде жүріп жатқан процестердің даму дәрежесін есепке ала отырып, болашаққа болжам жасау;
5) қорытынды жасау - табиғаттағы болып еткен, қазіргі кезде жүріп жатқан және болашақта күтілетін процестерді есепке ала отырып, ғылыми негізде қорытынды жасау;
6) жаңалық ашу - табиғаттың жаңа заңдарын ашу, жаңа ғылыми гипотезалар шығару;
7) өндірістік-тәжірибелік бағыт беру - алған білімді өндірісте, әлеуметтік басқаруда және тағы басқа салаларда қолдану мүмкіндігі;
8) дүниетанымдық - алған білімді әлемнің обьективті картинасымен байланыстыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz