Аударма теориясы - сұрақ-жауап түрінде



“Аударма” – көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның/жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде аударманың аталмыш бұл екі сипатын бөліп қарау бар.
Қай халық болмасын дүниежүзілік өркениеттен оқшау өмір сүре алмайды. Бұл – халықтың халық болып, ұлт болып өмір сүруі үшін бірден-бір керекті шарт. Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар (ауызша аударма, жазбаша аударма, еркін баяндау, әңгіме ету және т.т.) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар. Қазіргі кезде аударманың қоладнылмайтын саласы жоқ. Телеграф агенттіктерінің хабарларын, газет-журнал материалдарын, техника мен ғылым мағлұматтарын, компьютер мен ғаламтор жаңалықтарын көпшілікке таратудың ең тиімді жолы – аударма.
Аударма - әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы. Оның проблемалары да әрі ескі, әрі жаңа болып түлене береді. Оны зерттеу аспекті де сан алуан болып келеді. Соның бірі – «лингвистикалық бағыт». Ол, негізінен, аудармада грамматикалық категорияларды тірек етеді. Осы лингвистикалық бағыт көркем аудармағада да ерекше болды. Аударма өнері, көркемдік дәлділік, аудармадағы талант, эрудиция дегендер-аударманың қадым заманнан бері келе жатқан проблемалары . Осыған орай, көркем аударма аударманың мақсаттары мен түпнұсқасының типін ескере отырып, оның жалпы стратегиясын белгілеуге көмектеседі. Аударма әдеби шығарма арқылы бір халықтың өмірін келесі бір халыққа таныстыру арқылы екі ел арасында рухани көпір орнатуға ат салысады. Жалпы аударманың негізгі екі концепциясы бар: лингвистикалық және әдебиеттану ғылымы. Аударма және аударматану бойынша негізгі екі мәселелер шеңбері бар. Бірінші мәселелер шеңбері – бұл аудару шекараларының мәселелері, яғни, мәтінді аудару мүмкіндігімен байланысты мәселелер. Екінші мәселелер шеңбері, біріншісімен арақатынасын белгілейтін және ерекше сипаттамасы бар аудару барабарлығымен байланысты мәселелер.

1. Аударма - әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы.
2. «Лингвистикалық бағыт» негізінен, аудармада грамматикалық категорияларды тірек етеді.
3. Соңғы жылдары аударма мәселесі психолингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, контрастивті лингвистика,мәдениаралық коммуникация тәрізді лингвистикалық қырларынан қарастырылуда.
4. Аударма - күрделі көп қырлы құбылыс. “Аударма” – көпмағыналы сөз.
5. Барлық құбылыстар (ауызша аударма, жазбаша аударма, еркін баяндау, әңгіме ету және т.т.) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар.

2. Аударма эквиваленттілігінің түрлері, мысалдармен дәйектеңіз.
Эквиваленттілік термині (лат. aequivalens, -ntis баламалы, теңбе-тең, кез келген нәрсені алмастыра алатын) қазіргі гылымда кеңінен қолданылады. Мысалы, эквивалентілі алмасу, эквивалентілі өнімдер, эквивалентілі ұғымдар және т. б.
Қазіргі аударматануда түпнусқа мәтiн мен аударма мәтіннің мазмұны арасындағы қатынасты анықтайтын аударма эквивалентілілігі (немесе жай ғана эквивалентілілік) деген термин қолданылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі мынада:
1) Аударма мәтін аударма адресатіларының қабылдауында түпнұсқа мәтінді толығымен алмастыру үшін арналған (мысалы, ағылшын тілін білмейтін адам Шекспирдің немесе Хеменгуэйдің шығармашылығымен оның аударма нұсқасы арқылы танысады. Бұл оның қабылдауында түпнұсқаның орнын алмастырады);
2) Аударма мәтін көлемі, интеллектуалды мазмұны және эмотивті ақпарат жағынан түпнұска мәтінмен дәл сәйкес келе бермейді. Өйткені 6ip тілден басқа тілге аудару кезінде түпнұсқа тіл мен аударылған тілдің мазмұнының лингвистикалық және лингвомәдени ерекшеліктері шартілы түрде алынған кейбір элементілердің "аударма шьғынынсыз" болмайды.
Олай болмаған жағдайда аударуда түпнұсқа мәтінде берілген ақпаратілың дерлік барлық компонентілерін жеткізу мүмкін емес.
Сонымен, аударма эквивалентілтігі (немесе эквивалентілтік) термині аударма мәтінің және түпнұсқа мәтінінің мағыналық, стилистикалық және коммуникативтік ақпаратыньң сақталуының салыстырмалы теңдігін білдіреді.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
1. Аударматану ғылымының салаларын атаңыз.
“Аударма” – көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір
тілде сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде
айтылғанныңжазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің
нәтижесін, өнімін білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде аударманың аталмыш бұл екі
сипатын бөліп қарау бар.
Қай халық болмасын дүниежүзілік өркениеттен оқшау өмір сүре алмайды.
Бұл – халықтың халық болып, ұлт болып өмір сүруі үшін бірден-бір керекті
шарт. Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар
(ауызша аударма, жазбаша аударма, еркін баяндау, әңгіме ету және т.т.)
адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен
тығыз байланысты құбылыстар. Қазіргі кезде аударманың қоладнылмайтын саласы
жоқ. Телеграф агенттіктерінің хабарларын, газет-журнал материалдарын,
техника мен ғылым мағлұматтарын, компьютер мен ғаламтор жаңалықтарын
көпшілікке таратудың ең тиімді жолы – аударма.
Аударма - әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы. Оның
проблемалары да әрі ескі, әрі жаңа болып түлене береді. Оны зерттеу аспекті
де сан алуан болып келеді. Соның бірі – лингвистикалық бағыт. Ол,
негізінен, аудармада грамматикалық категорияларды тірек етеді. Осы
лингвистикалық бағыт көркем аудармағада да ерекше болды. Аударма өнері,
көркемдік дәлділік, аудармадағы талант, эрудиция дегендер-аударманың қадым
заманнан бері келе жатқан проблемалары . Осыған орай, көркем аударма
аударманың мақсаттары мен түпнұсқасының типін ескере отырып, оның жалпы
стратегиясын белгілеуге көмектеседі. Аударма әдеби шығарма арқылы бір
халықтың өмірін келесі бір халыққа таныстыру арқылы екі ел арасында рухани
көпір орнатуға ат салысады. Жалпы аударманың негізгі екі концепциясы бар:
лингвистикалық және әдебиеттану ғылымы. Аударма және аударматану бойынша
негізгі екі мәселелер шеңбері бар. Бірінші мәселелер шеңбері – бұл аудару
шекараларының мәселелері, яғни, мәтінді аудару мүмкіндігімен байланысты
мәселелер. Екінші мәселелер шеңбері, біріншісімен арақатынасын белгілейтін
және ерекше сипаттамасы бар аудару барабарлығымен байланысты мәселелер.

1. Аударма - әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы.
2. Лингвистикалық бағыт негізінен, аудармада грамматикалық
категорияларды тірек етеді.
3. Соңғы жылдары аударма мәселесі психолингвистика, этнолингвистика,
лингвомәдениеттану, контрастивті лингвистика,мәдениаралық коммуникация
тәрізді лингвистикалық қырларынан қарастырылуда.
4. Аударма - күрделі көп қырлы құбылыс. “Аударма” – көпмағыналы сөз.
5. Барлық құбылыстар (ауызша аударма, жазбаша аударма, еркін баяндау,
әңгіме ету және т.т.) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен,
рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар.

2. Аударма эквиваленттілігінің түрлері, мысалдармен дәйектеңіз.
Эквиваленттілік термині (лат. aequivalens, -ntis баламалы, теңбе-тең, кез
келген нәрсені алмастыра алатын) қазіргі гылымда кеңінен қолданылады.
Мысалы, эквивалентілі алмасу, эквивалентілі өнімдер, эквивалентілі ұғымдар
және т. б.
Қазіргі аударматануда түпнусқа мәтiн мен аударма мәтіннің мазмұны
арасындағы қатынасты анықтайтын аударма эквивалентілілігі (немесе жай ғана
эквивалентілілік) деген термин қолданылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі
мынада:
1) Аударма мәтін аударма адресатіларының қабылдауында түпнұсқа мәтінді
толығымен алмастыру үшін арналған (мысалы, ағылшын тілін білмейтін адам
Шекспирдің немесе Хеменгуэйдің шығармашылығымен оның аударма нұсқасы арқылы
танысады. Бұл оның қабылдауында түпнұсқаның орнын алмастырады);
2) Аударма мәтін көлемі, интеллектуалды мазмұны және эмотивті ақпарат
жағынан түпнұска мәтінмен дәл сәйкес келе бермейді. Өйткені 6ip тілден
басқа тілге аудару кезінде түпнұсқа тіл мен аударылған тілдің мазмұнының
лингвистикалық және лингвомәдени ерекшеліктері шартілы түрде алынған кейбір
элементілердің "аударма шьғынынсыз" болмайды.
Олай болмаған жағдайда аударуда түпнұсқа мәтінде берілген ақпаратілың
дерлік барлық компонентілерін жеткізу мүмкін емес.
Сонымен, аударма эквивалентілтігі (немесе эквивалентілтік) термині аударма
мәтінің және түпнұсқа мәтінінің мағыналық, стилистикалық және
коммуникативтік ақпаратыньң сақталуының салыстырмалы теңдігін білдіреді.
Аударманың қазіргі теориясында эквивалентілік былайша қарастырылады:
1) түпнұсқа мәтінінің және аударма мәтінінің семантикалық, құрылымдық,
коммуникативтік; жанрлық-стилистикалық және прагматикалық сипатымен
байланысты кең деңгейлі ұғым;
2) аударманың манызды сипаты онсыз ашылмайтын, мүмкін болмайтын орталық
ұғым.
I-түpi (коммуникативтi эквивалентілік) I-түpдегі аударма
эквивалентілігінде түпнұсқа мазмұнының тек коммуникацияның мақсатынан
(ортақ мағынасынан) тұратын бөлігі сақталады:
Maybe there is some chemistry between us that doesn't mix. - екi
қошкардың басы 6ip қазанға сыймайды.
Яғни, коммуникацияның мақсаты - ойды жеткізудің маңызды бөлігін кұрап
тұрған ауыспалы мағынаны жеткізу. Мұнда коммуникативтік әсер химиялық
элементтердің өзара байланысын негізге ала отырып, адамдар арасындағы карым-
қатынасты көркемдеу арқылы жасалып тұр. Ақпаратты жеткізуде осындай
көркемдеу тәсілін кайтадан қолдануды аудармашы лайық көрмей, оны өз
тiліндегі дәл сол мағынаны беретін басқа тұрақты тіркес арқылы 6epiп отыр.
Мұндай деңгейдер аудармалар мынадай жағдайда жасалады:
1) мазмұнды жеткізуде одан да нақтырак беру мүмкін болмаған жағдайда;
2) дәлме-дәл аударма адресаттың қабылдауында тіптен басқаша қалыптасып,
коммуникация мақсатының дұрыс жеткізуіне кедергі жасауы ықтимал болған
жағдайда.
ІІ-TYPI (жағдайды суреттеу тәсілі сақталмайтын жағдаяттық эквиваленттілік)
Эквиваленттіліктің екінші түрінде түпнұсқа мен аударма мазмұнының жалпы
бөлiгi коммуникацияның мақсатын бірдей eтіп 6epiп қана коймай, бірдей
тілдік жағдаятты көрсетеді. Кез келген мәтін 6ip нәрсе туралы ақпараттан
тұрады, қандай да 6ip нақты немесе ойдан шығарылган оқиғамен байланысты
болады.
Эквиваленттіліктің eкінші түpi түпнұсқаға мағыналық жақындығы қолданып
отырған тілдік құралдардың мағыналарына негізделмеген аударма арқылы
көрсетіледі. Осыған ұқсас аудармаға мысалдар келтірейік:
1) Не answered the telephone. - Ол тұтқаны көтерді.
2) You see one bear, you have seen them all. – Барлық аюлар 6ip-6ipiнe
ұқсас.
Осы мысалдарда 6ip-6ipiнe теңестіріле берілген әртүрлі тілдердегі
сөйлемдерде түпнұсқаның сөздері мен синтаксистік құрылымдары аударма
мәтінде тікелей аудармасына сай келмейді. Әдетте бұл туралы "6ip ойды
басқа сөздер арқылы жеткізу" тәсілі деп айтады.
Эквиваленттіліктің екінші түрінің аудармада кеңінен қолданылуы әр тілде
басқа тілдерде еш қолдануға болмайтын нақты 6ip жағдайларды суреттеудің өз
тәсілдері бар екендігімен түсіндіріледі.
Ағылшын тілінде We locked the door to keep thieves out деп айтады, ал оны
біз тура аударып, (eciкті кілттедікғ, ұрыларды сыртта ұстау үшін) деп
жағдайды түсіндірсек кулкілі болады, алайда ұрылар үйге кіріп кетпес үшін
деп айтуға әбден болады.
ІІI-түpi (жағдайды суреттеу тәсілі сақталатын коммуникативтік-жағдаяттық
эквиваленттілік)
Эквиваленттіліктің үшінші түpi мынадай мысалдар арқылы сипатталады: і)
Scrubbing makes me bad- tempered. - еден жуу менің көңіл-күйіме кepi әсер
етеді.
2) London saw a cold winter last year. - Өткен жылы Лондонда қыс суық
болды.
Сипатталып отырған жағдаяттың барлық негізгі компоненттерімен олардың
қатынасы сақталган. Бipaқ сөйлемдердің құрылысы мен жеке сөздердің
семантикасы сәйкес келмейді. Бұл хабарламаны кұру барысындағы тіларалық
ерекшеліктердің себебінен болады.
Аудармалардың салыстырмалы талдауы жағдаятты суреттеуді турлендірудің
мынадай түрлepi бар екенін көрсетеді: 1) суреттеуді нақтылау деңгейі; 2)
хабарламадағы cypeттеоіп тұрған белгілерді 6ipiктipy тәсілі; 3) белгілер
арасындағы қатынастардың бағыты; 4) хабарламадағы жеке белгілерді бөлу.
IV-түpi (жағдайды суреттеу және ойын жеткізу тәсілі сақталатын
коммуникативтік-жағдаяттық эквивалентілік)
Эквиваленттіліктің төртінші түрінде, үшінші түрде сақталган үш компонентпен
қатар, аударғанда түпнұсқаның синтаксист ік құрылымының манызды бөлігі де
қатысады.
Аудару барысында түпнұсқаның синтаксистік тобының сақталу ықтималы көп
болуы түпнұсқа мазмұнының толық берілуіне әсер етеді.
I told him what I thought of her. - Мен ол туралы не ойлайтынымды айттым.
Не was never tired of old songs. - Oл ecкi әндерді тыңдаудан ешкашан
шаршамайды.
Аудару барысында ұқсас синтаксистік құрылымдарды қолдану түпнұсқа мен
аударманың, синтаксистік мағынасының жақын болуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік немесе мемлекетаралык мәтіндерді аудару кезінде осындай
параллелизмнің болуы өте маңызды. Мұнда аударма түпнұсқаның құқықтық
міртебесіне ие болады, яғни аутентикалық болып, екі мәтіннің де күшi
бірдей.
Сонымен, эквиваленттіліктің төртінші түріндегі түпнұсқа мен аударма
арасындағы байланыс мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
1) түпнұсқаның сөздерінің көбіне лексикалык топтың толық болмаса да,
мазмұны мағыналык жағынан жакын келетін параллелизмін табуға болады;
2) түпнұсқаның құрылысына ұқсас синтаксистік құрылымдарды немесе соған
байланысты синтаксистік түрлендірілген қатынастарды аудармада пайдалану, ол
түпнұсқада синтаксистік құрылымдардың мағыналарын барынша жеткізуді
қамтамасыз етеді;
3) аудармада түпнұсқа мазмұнының эквиваленттілігінің алдыңғы үш бөлігін:
коммуникацияның мақсаты, жағдайды және оны суреттеу тәсілін көрсетуді
сипаттайтын барлық үш бөлігін сақтап қалады.
V-TYPІ (жағдайды суреттеу, ойын жеткізу тәсілі және сөз семантикасының
құрылымы сақталатын коммуникативтік-жағдаяттық эквиваленттілік)
Эквиваленттіліктің соңғы 6eciнші турінде әртүрлі тілдердегі мәтіндердің
арасында жасалатын түпнұсқа мен аударма мазмұнының ұқсастық деңгейі барынша
жакын болады.
Эквиваленттіліктің бұл түpi мына мысалдар арқылы берілген: I saw him at
the theatre. - Мен оны театрда көрдім. The house was sold for і0 thousand
dollars. - Уй 10 мың долларга сатылды. He was sure we should both fall ill.
- Ол екеуміздің де сырқаттанып калатынымызға ceнімді еді.
Түпнұсқа мен аударма арасындағы осы тектес қатынастарға мыналар тән:
1) мәтінінің құрылымындағы ұқсастықтың жоғары денгейі;
2) лексикалык топтың барынша байланыстылыгы: аудармада түпнұсқаның барлық
сөздерше сәйкестіктер табуға болады;
аудармада түпнұсқа мазмұнының барлық негізгі бөліктерін сақтау.

3. Аударманың коммуникативтік эквиваленттілігі ұғымын түсіндіріңіз.

Аудару дәлдігі мәселесін филологтар бұрыннан бері қарастырып келе
жатыр. Қазіргі кезде бұл мәселе әр түрлі аудармалық бағытта зерттелуде
(Қазақстан мектебі: Г. И. Исина, А. Алдашева және т.б., Рессей мектебі: А.
Т. Алексеева, В. Н. Комиссаров, Н. Р. Ткачев және т.б., Германия мектебі:
Г.  Егер, К. Райс, Е. Штойберг және т.б.). Жоғарыда аталған лингвисттердің
зерттеулерінде назар эквиваленттілік терминіне аударылады

Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі және көп
қырлы ұғым ретінде қарастырылады. В. Н. Комиссаровтың пікірінше
эквиваленттілік ұғымы аударманың негізгі ерекшелігін ашып, қазіргі
аударматануда негізгі ұғымдардың бірі болып табылады .

Эквиваленттілік термині қазіргі аударма теориясында аз уақыттан бері
қолданылып келе жатыр (1938 жылдан бастап Лейпциг аударма мектебінде). П.
М. Топер пікірлердің көп қырлылығын белгілеп, аудару теориясына
эквивалент терминінің қашан және қайдан кіргенін анықтайды. Алғаш рет
эквивалент терминін Аударманың лингвистикалық аспектілері туралы
мақаласында Р. Якобсон ұсынған еді

Аударма түпнұсқаға абсолютті түрде дәл бола алмайды. Бірақ бұл тіл
аралық коммуникация үшін бөгде болмайды. Бұл ақындық формаларды жеткізу
қиыншылықтарымен, мәдени және тарихи ассоциацияларды, ерекше реалия
сөздерді және көркем мазмұндамалардың өзгешеліктерін жеткізуде шарасыз
жоғалтулармен ғана байланысты емес, сонымен қатар аударма мағынасындағы
бөлек элементтердің қарапайым пікірлерімен үйлеспей қалуымен де байланысты.
Мысалы, біз Der Student liest ein Buch деген неміс сөйлемін Студент
кітап оқып жатыр деп аударамыз. Көптеген жағдайларда осындай аударма дұрыс
болады және басқа өзгерістерді қажет етпейді. Бірақ, мұнда толық тепе-
теңдік жоқ. Неміс түпнұсқасында белгілі бір кісі, студент туралы нұсқау
бар, ал кітап бұл жерде қандай екені белгісіз болып тұр. Аудармада нұсқау
да, іс әрекет сөйлеп жатқан кезде өтіп жатқаны, іс әрекет жүйелі түрде
болмағаны туралы мәлімет жоқ. Алайда осы барлық жоғалтулар, үстемелер
аудармаға өз қызметін жасауға бөгет етпейді.

Көптеген жағдайларда мәтін мазмұнының құрылуына қатысатын
семантикалық құрылымның компоненттері оның белгілерімен тікелей ара қатысын
белгілейді. Сондықтан біз лексико-семантикалық эквиваленттіліктің келесі
деңгейлерін белгілей аламыз: денотативті, коннотативті және коммуникативті-
функционалды.

Коммуникативті-функционалды деңгей (яғни, интерпретатор деңгейіндегі
мазмұны) – мәлімет жіберушінің дербес тәсілмен бейнеленген түпнұсқа
белгісінің аудармаға сәйкес келуі, жіберушінің және мәтін қабылдайтын
адамның мәтіндерінің тіл белгілері мен мәлімет қорының сәйкес болуы.

4.Аударма ұғымына анықтама беріңіз, аударматанушы ғалымдар пікірлерін
жинақтап, пайымдаңыз.

Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі
толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл.

Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде
2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін
білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе
алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының
ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы.
Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін
үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады.

Көркем аударма – әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған
нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап
қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып
шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада
аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында
төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға
сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын
келетініне орай дәлме-дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп
ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз
тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін
неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі
тілді жақсы білуі қажет. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды,
түпнұсқаның ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз
қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын
төмендетпеу сияқты талантар толық сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің кең
арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби
шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем аударманың
қасиетін арттырып, түп-нұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім
иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта
туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте
алатын орны үлкен.

ХХ ғасырдың отызыншы жылдарының өзінде М.М.Морозов, Я.И.Рецкер,
А.В.Федоров сынды осы саланың білгір мамандары аударма бойынша маңызды
жұмыстар атқарып, олардың ізімен Н.Б.Аристов, И.М.Берман, Л.С.Бархударов
т.б. ғалымдар 50-60 жылдарда аударматанудың іргесін бекіте түскен. Қазақ
тіл білімінде аударматану мәселесі – ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға
алынған жаңа салалардың бірі. Қазақ тіл білімінде Ө.Айтбайұлының аударма
ғылымы және оның қалыптасуы туралы зерттеулері, А.Алдашеваның
аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени негіздерін айқындауға
арналған ғылыми зерттеулері аударма теориясы мәселелеріне арналды. Аударма
туралы толығырақ және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды. Аударма
теориясының міндеті – шығарманың түпнұсқа мен аудармасының арасындағы ара
қатынастардың заңдылықтарындағы ізін табу, аударманың жеке элементтерін
барлап байқаудан туған тұжырым, қағидаларды ғылыми негізге сүйеніп
қорытындылау және аударма практикасына көмек көрсететін, практик
аудармашыға себін тигізетін межені белгілеп беру. Сонымен, аударма
теориясының негізгі зерттейтін объектісі – түпнұсқа мен аударманың
арасындағы ара қатынас және оны пайымдау мен қорытындылауды керек ететін
нақты жайларға көшкен формаларының айырмашылығы.

Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған ойларды
басқа тілдің құралдарымен соған сәйкестікте немесе толық құндылықта беру
үдерісі. 1680 жылы ағылшын аудармашысы Дж.Драйден (1631-1700) аударманың 3
түрін ұсынады: Біріншіден, метафраз – түпнұсқаның дәл жеткізілуі,
екіншіден, парафраз – түпнұсқаның түріне емес, ерекшелігіне бағдарланып,
еркін жеткізілуі,үшіншіден, имитация (еліктеу) – түпнұсқа тақырыбына
жазылған шығарма. Аударма теориясының көрнекті маманы Л.С. Бархударов
құрылымдық сипатына қарай аударманы төрт түрге бөліп көрсетеді: 1) жазбаша-
жазбаша аударма немесе жазбаша мәтіннің жазбаша аудармасы; 2) ауызша-ауызша
аударма немесе ауызша мәтіннің ауызша аудармасы ; 3) жазбаша-ауызша аударма
немесе жазбаша мәтіннің ауызша аудармасы; 4) ауызша-жазбаша аударма немесе
ауызша мәтіннің жазбаша аудармасы. М.О. Әуезов 1955 жылы жазылған Көркем
аударманың кейбір теориялық мәселелері атты мақаласында аударманың үш
түрін атап өтеді. Бірінші – сөзбе-сөздік – әріпқойлыққа негізделген
аударма. Екінші – еркін аударма. Соңғысы аударманың өте-мөте қонымды ғылыми
дәлелденген түрі – шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін
ғылыми дәл, балама аударма

5. Аударманың арнаулы теориясы ұғымын пайымдап, мысалдармен дәйектеңіз
Аударма дегеніміз – кейбір аспектілері әртүрлі ғылымдардың зерттеу пәндері
бола алатын күрделі, көп қырлы құбылысы.Аударма жүргізу шеңберінде
психологиялық, әдебиеттік, этнографиялық және аударма әрекетінің басқа да
жақтары,сонымен бірге аударма қызметінің тарихы зерттелінеді.Қазіргі
заманға аударма жүргізуде негізгі орынды аударманы лингвистикалық
теориялық бөлігін лингвистикалық аударма теориясы құрайды. Аударма
теориясы термині Лингвистикалық аударма мағынасында колданылады.
Аударма теориясы жалпы аударма теориясы,жеке аударма теориясы,және арнайы
аударма теориясы болып бөлінеді.
Аударманың жалпы теориясының мақсаты – аударма ісінің жалпы заңдылықтары
мен ерекшеліктерін анықтау (осы саланы зерттеген ғалымдар: В.Н.Комиссаров,
Я.И.Рецкер, Ю.Найда, Р.К.Миньяр-Белоручев, С.В.Тюленев, т.б.).
Аударманың жеке теорияларының мақсаты – бір тілден екінші (үшінші) тілге
аудару кезіндегі заңдылықтарды анықтау. Мыс., қазақша – орысша, орысша –
немісше – қазақша аудармасының теориялары (мысалы, аударманың жеке
теорияларын зерттеген ғалымдар: А.М.Алдашева орысша-қазақша, В.Г.Гак
французша-орысша, Л.К.Латышев орысша-немісше).
Аударманың арнайы теорияларының мақсаты – аударманың әр алуан жанрлары мен
стильдерінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын анықтау. Мыс., көркем
аударманың теориясы (С.Талжанов, Г.Гачечиладзе, т.б.), ілеспе аударманың
теориясы (А.Ф.Ширяев, Г.В.Чернов т.б.), ғылыми аударманың теориясы
(М.Морозов, А.Л.Пумпянский, т.б.).
Көркем аударма – үлкен шығармашылық іс, оның нәтижесі – басқа тілде жаңа
көркемдік құндылықты жасаумен бағаланады және сол арқылы аудармашының
шығармашылық белсенділігін танытады.
Аудармашы шығармадағы жай ғана тілдік элементтерді жеткізуден басқа, ең
бастысы, көркемдік элементтерді жеткізуімен шеберлік танытады. Көркем
аударма – көркем шығармашылықтың түрі. Мұнда түпнұсқа негізгі қызметті
атқарады. Түпнұсқалық шығармашылықты шынайы түрде жеткізе білу –
аудармашының басты ерекшелігі. Аудармашының шығармашылық тәсілі негізінен
оның дүниетанымына байланысты. Өзінің дүниетанымына сәйкес аудармашы өзі
таңдап алған шығармалардағы көркем шындықты мазмұн мен түр бірлігінде,
жекеден жалпыға дейінгі тұтастықтың байланысында бейнелейді.
Аудармашының дүниетанымын жеке сөздер мен тіркестерден және де көбінесе
тұтастай әдеби элементтен, яғни мәтіннің аяқталған үзінділерінен іздеуге
болмайды. Көп жағдайда осынау дүниетанымның мәні де аудармашының
түпнұсқаға деген жалпы қатынасынан аңғарылады. Ол аударатын шығарманы
таңдап алуынан басталып, оның стилін қабылдап, түсінумен аяқталады.
Аудармашының дүниетанымы түпнұсқа аудармасы түрі мен мазмұнының бірлігін
қарастырып қана қоймай, аудармадағы ұлттық түрді сәйкестіру туралы
мәселені де осы бірлікте шешеді.
Ілеспе аударма – ауызша аударманың бір түрі. Ілеспе аударманың пайда болған
жері Нюрнберг қаласы.

Ірі халықаралық саяси жиындарда, ғылыми конференцияларда, форумдарда уақыт
үнемдеу үшін қолданылатын аударманың аса қиын күрделі түрі. Ілеспе аударма
ерекшелігі – тыңдай, есте сақтай отырып, сөз сөйлеушінің тек бірнеше
сөздерін өткізе отырып қана, ілесе аудара білу. Мазмұнды алаңсыз аудара
білу үшін аудармашы өз тілінде және өзі меңгерген өзге тілде еркін
сөйлеумен қатар, барлық салаға қатысты терминдерді сөз орамдарын білуі
қажет. Ілеспе аударма барысында аудармашы арнайы техникалық жабдықталған
дыбыс өткізбейтін оқшауландырылған кабинада отырады.

6. Аударылатын мәтіндердің классификациясын көрсетіп, мысалдар келтіріңіз
Аударма дегеніміз – аналитикалық және синтетикалық қызмет болып табылады.
Әрине, аударманың алғашқы сатысында осы мәтін талдаудың аналитикалық нысаны
және соңғы сатысында синтез нысаны болады.
     Мәтінді екі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады:  дәйекті
белгілері, прагматикасы, мақсатты құрылымы тұрғысынан, бұл көзқарас бойынша
оның әр түрлі белгілерін, мысалы мәтінді мәтін емес-тіктен ажырату,
кейбіреулер мәтінді тек жазбаша түрде, басқалары монологті тілдегі ауызша
түрде, енді біреулер мәтінді тек диалогті түрде болуы мүмкін деп есептейді;
 ал енді екінші көзқарас бойынша, мәтін – ғаламдық белгі, дабыл деп
түсіндіреді. Бұл тұрғыдан алғанда мәтін тек бір сөз ғана емес, мәліметтің
бүкіл мазмұнын білдіретін әріп, тіпті кейбір тыныс белгілері болып
табылады.
    Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте мәтінге төмендегідей анықтама
беріледі. Мәтін – байланыстық және тұтастық қасиеттері бола тұра белгілік
бірліктердің мағыналық байланысының біріккен түрі. И.Р. Галпериннің Мәтін
– лингвистикалық зерттеудің нысаны атты кітабында берілген анықтамаға
тоқталсақ, Мәтін – бұл сөйлеу процесін тудыратын, әдеби әрленген,
аяқталған объективті ойды білдіретін жазбаша құжат түріндегі шығарма.
Белгілі бір мақсатқа бағытталғандық және прагматикалық құрылымы бар әр
түрлі грамматикалық, лексикалық, стилистикалық байланыстарды біріктіретін
ерекше бірліктер мен тақырыптан тұратын шығарма[5,139]. Берілген
анықтамада байланыстық, тұтастық және прагматикалық құрылым сияқты,
мәтіннің оларсыз болмайтын негізгі ерекшеліктері көрсетілген.
   Дегенмен тағы бір анықтаманы талқылап көрелік. В.Л. Наердің ұсынған
анықтамасы: Мәтін – бір тұтас құрылым, түрі жағынан тілдік (лексикалық
бірліктер, грамматикалық формалар, байланыстар) және коммуникативті белгісі
жағынан бір коммуникантқа қатысты және оның коммуникативті ыңғайын
білдіреді. Мәтіннің басы мен соңы болады және жақсы құрастырылған мәтіннің
басы мен соңы жақсы байланысады. Мәтіннің маңызды ерекшелігі – оның ішкі
байланысы (мазмұны мен аяқталу бірлігі арқылы болатын), сонымен қатар
байланыстың эксплицитті және имплицитті түрлері (логикалық, грамматикалық,
лексикалық, стилистикалық, ассоциативті).
      Мәтіннің тұтастығы (integrity) мен байланыстылығы салыстырмалы
тұрақтылықпен ерекшеленеді және мәтіннің бір тұсында өзгерту қажет болған
жағдайда, оның басқа тұстары да өзгеріске ұшырауы мүмкін, ол әрине өңдеу
жасағанда анық байқалады[6,75].
    Мәтіннің лингвистикасы және оның практикалық бөлімі мәтінге
лингвистикалық талдау мен әдебиеттанудың нысаны бір. Ол – мәтін. Мәтін
лингвистикасы өзінің талдауында түрден мазмұнға қарай жүрсе, әдебиеттану
мазмұннан түрге қарай жүреді, және тағы бір ерекшелігі лингвист мәтінді
оқырман тұрғысынан талдаса, әдебиеттанушы автордың ыңғайымен, тарихи,
әлеуметтік және философиялық зерттеу жасай отырып талдайды.
Мәтінге лингвистикалық талдау төмендегі қағидаларға негізделеді:
1. Тарихи (мәтіннің жазылған уақытындағы тілді ескеру);
2. Түр мен мазмұнның өзара байланысын, сабақтастығын ескеру;
3. Мәтінді талдаудағы деңгейлік ұғым;
       Жалпы мен жекенің белгіленуі (координация, жалпы тілдік, жалпы
стильдік, жанрлық өзара байланыстарын ескеру).
     Осы жоғарыда айтылғандардан  мәтінге аудармашылық талдау негізі
лингвистикалық талдау деген тұжырым жасауға болады.
      Аударма процесі үш кезеңнен тұратыны мәлім:
        түп нұсқадағы мәтінді қабылдап түсіну;
        аударма процесі;
        өңдеу кезеңі
 Мәтінге аудармашылық талдау дегеніміз бұл – аударылатын мәтіннің мазмұнын
терең түсініп, оның аударылу инвариантын анықтау деңгейіне бағытталған
аудармашылық талдау қызметі.
МАТ төмендегідей жағдайға сүйенеді:
      Сөйлеу қарым-қатынас бірлігі- сөз де, сөйлем де емес, мәтін болып
табылады. Аударма қарым-қатынас құралы болғандықтан, көлеміне қарамастан,
мәтін аударманың негізгі бірлігі болып есептеледі.
      Мәтінді аудару қарым-қатынас бірлігі ретінде жеке сөйлемдерді
аударумен ерекшеленеді.
      Жазбаша мәтіннің жүздеген, тіпті мыңдаған түрлері бар, кәсіби
аудармашы солардың кез келгеніне жол таба білу  керек.
      Ешқандай мәтінді төмендегі үш сұраққа жауап алмай тұрып, табысты
аудармаға қол жеткізе алмаймыз:
1. Мәтіннің авторы кім?
2. Кімге арналған?
3. Қандай мақсатпен?
     Ал бұл сұрақтарға жауап беру тек мәтінмен толық танысқан соң ғана
мүмкін болады. Сонымен МАТ аударылатын мәтінді бір тұтас күйінде қабылдап,
содан соң компоненттерге бөліп, оның типологиялық түрін анықтап, қандай
қиындықтардан тұратынын түсініп, аудармаға қайсысы маңызды, қандай тәсіл
мен аударма бірліктерін таңдау керектігі үшін қажет.
          Жоғарыда атап өткендей, аударма процесінде үш кезеңді құрылым
теріске шығарылмайды. Дегенмен, кейбір жағдайларда бұл кезеңдердің
арасында, белгілі бір шекара жоқ,  аударманың түріне қарай әр кезеңнің
айқындалуы әр түрлі. Мысалы аталған кезеңдер синхронды аударма кезінде
бірігіп кетеді, ал жазбаша аудармада синхронды аудармаға мүлдем қарама-
қарсы процесс орын алады.
    Атап айтатын болсақ, жазбаша аудармада аталған үш кезең де ұсынынылып,
 аудармашының шығармашылық жұмысында тілдік құралды дұрыс таңдап және
бағалау қабілеті болу үшін бірінші кезеңнің, яғни түп нұсқа мәтінді
қабылдап түсінудің рөлі ерекше. Аударма процесінде бұл кезеңге ұзақ уақыт
мән берілмей келсе де, көптеген авторлар аудармашының мәтінді түсіну
мәселесін қарастыра бастады.
     М.Т. Брандес, В.И. Проворотов, Л.К. Латышев, И.С. Алексеева, Е.В.
Погорелов, Д.И. Ерманова сияқты лингвистердің соңғы еңбектерінде осы
аталған мәселе жан жақты қарастырылып, мәтінді аудару алдындағы талдау
 термині енгізілді. Кейбір жағдайда бұл термин аударма алды талдау
терминімен ауыстырылып, оның аударма процесі жүзеге асқанға дейінгі
орындалатын талдауды білдіретіні атап өтілді. Осы екі кезең, яғни танысу
мен түсіну бір-бірімен байланысты екені ескеріліп, мәтінге аудармашылық
талдау терминін қолдану ұйғарылды.
      Мәтінге аудармашылық талдау сапалы кәсіби аударма жасауда маңызды рөл
атқаратынын В.Н. Комиссаров, Л.К Латышев және басқа да зерттеушілер атап
көрсетеді. Е.В. Бреус тіпті аудармаға анықтама бергенде осы ұғымды
қолданады. Аударма дегеніміз – тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынас
процесінде түп нұсқа мәтінді аудармашылық талдау негізінде жаңа тілдік және
мәдени ортада алмастыратын екінші бір аударма мәтінді тудыру[7,104].
     Жоғарыда айтылғандай, мәтін үш өлшемнен, яғни қызметі, мазмұны және
құрылымынан тұрса, мәтіннің негізгі алты тілдік қызметі бар: денотативті
(референтті), экспрессивті (эмотивті), байланыс құрушы, металингвистикалық,
дериктивалық және поэзиялық. Бұлардың бәрі мәтінде әр түрлі комбинацияларды
құрайды. Сондықтан Л.К. Латышевтың тұжырымынан аударма инварианты дегеніміз
– мәтіннің функционалды ерекшелігінің тұтастығы немесе коммуникативтік
тапсырма болып табылады[8,192].
Мәтін дегеніміз ашық жүйе, ол оқырмандардың қолына тиген сәтте автормен
байланысын толық үзеді. Оқырман автор көрген нәрсені емес, тек өзіне керек
жерін ғана көре біледі. Аудармашы да, қарапайым оқырман да өзінің
когнитивті тәжірибесіне, өзінің тезаурусына сүйене отырып, түпнұсқа мәтінін
ұғынуы мүмкін.
         Аудармадағы мәтін мазмұнының түсінікті болып жеткізілуі тілдік
қолданыстың сауаттылығына байланысты.
         Аудармаға түскен мәтіннің түсініксіз болуы, бастапқы мәтін тілінде
жазылған нұсқасына амалдың жоғынан сүйенуіміз – аударма кезінде тілдік
қолданыс құралының жөн – жосықсыз сөз тізбегімен беріле салуында жатыр.
7) Аудармадағы транспозиция және трансмутация ұғымын түсіндіріп,
мысалдармен дәйектеңіз

Транспозиция – белгілі бір жанрдағы немесе функционалды стильдегі мәтінді
басқа бір жанр немесе функционалды стильге аудару.

Аударманың бұл түрі көбінесе әдеби пародияларда немесе адамдардың шағын
топтары арасындағы жаргон тілінде құрастырылған және жалпыхалықтық тілде
сөйлеушілірге түсініксіз мәтіндерде кездеседі.Бұл топта мейлінше көп
тараған аударманың түрі диахрондық тәржіме болып табылады.

Транспозиция негізінде тілдік бірліктерді семантикалық немесе
қызметтік салыстыру қажет; бұл қарым-қатынас метафоралық процесс, мұнда 3
элемент түрленеді: бастапқы форма (транспозицияланатын), транспозиция
құралы (транспозитор), нәтиже (транспозит). Транспозитор – айқындалушы
және айқындауыш арасындағы байланыс таңбасы. Мәселен, “Соңғы парыз”
романында күлкіге байланысты бірнеше метафоралық сөздердің бірнеше
транспозициясы берілген: сайқал күлкі, мысқыл күлкі, берекесіз күлкі,
қуақы күлкі. Жазушы күлкі деген бір сөзге байланысты көптеген метафоралық
тіркестер түзген: а) Қыз бас-аяғына асықпай көз жүгіртті де, бағанағы
мысқыл күлкіні бетіне қайта шаптырып, теңіз суына қымсынбай кіре берді
(133-б.); ә) Сол арада ғана санаңа бірдеңе жеткен еді, құр қиялға
әуейіленген өз қылығыңа өзің ұялғандай, бетіндегі берекесіз күлкіні дереу
жиып алып, жан-жағыңа қарап едің-ау (136-б.); б) ...әйтеуір торай көздің
қарашығына қуақы күлкі ұшқындады (8-б.). Бұл сөйлемдерде күлкі сөзімен
тіркесіп қана образ жасалып тұр. Бұлардың дені – қаламгердің өз қалам
тартысынан туындаған тіркестер. Ең алғашқы рет транспозиция теориясын Ш.
Балли жасады, оның жекелеген аспектілерін – (трансляция түрінде), бірінші
деңгейдегі транспозиция ерекшелегенде (сөздерді немесе негіздерді бір сөз
табынан екінші сөз табына ауыстыру). О. Есперсен, А. Сэше, А. Фреем, Л.
Теньер дамытты. Транспозиция идеясы трансформациялық әдіс негізінде жатыр.
Қазіргі тіл білімінде транспозиция сөзжасам, синтаксистік синонимдер,
семантика, синтаксис, троптар теориясы т.б. мәселелерге қатысты зерттеліп
келеді. Көптеген ғалымдар транспозицияны сөздің бір сөз табынан екінші сөз
табына көшуі, ауысуы тұрғысынан қарастырады. Ал атақты ғалым А.И. Моисеев
1985 жылы баспадан шыққан “Словообразования современного русского языка”
деген монографиясында транспозицияны тілде бар сөздерге омоним жасайтын
тәсіл тұрғысынан қарастырады. “Транспозиция – образование омонимов к уже
существующим словам” [77, 76 б.]. Сөздердің бір сөз табынан екінші сөз
табына көшуі тілде жаңа мағыналы сөз тудырады. Сондықтан оның сөзжасам
мәселесі екені ешбір күмән туғызуы мүмкін емес. Сондай-ақ, бір сөз табы
сөзінен екінші сөз табы сөзінің жасалуы дыбыстық құрамы бар жұрнақ арқылы
да, дыбыстық құрамы жоқ нөлдік жұрнақ арқылы да жасалатыны ғылымда
танылғаны белгілі. Ал транспозиция термині көп жағдайда нөлдік жұрнақ
арқылы жасалған туынды сөздермен байланысты қолданылады. Бұл мәселе жалпы
тіл біліміндегі, орыс тіл біліміндегі зерттеулерде түрліше аталып, түрліше
сипатталып келгенімен, оған нақты ғылыми сипаттама берген сөзжасамның
көрнекті маманы Е.С. Кубрякованың пікірін атап өткен жөн. Транспозиция
мәселесінің ғылымда ерте басталғанын айтады, ғалым бір категорияның тілдік
таңбасының екінші категорияға көшуі тілде 92 үлкен қызмет атқаратындығына
сүйеніп, Ш. Баллиден мына сөзін келтіреді: “Өз категорияларында қамалып
қалған белгілер сөйлеудің көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
құралдардың шектеулі көзі қызметін атқаратын еді. Алайда, категория аралық
алмастырулардың арқасында, ой босатылады, ал ой көріністері байытылады
және әртүрлі реңктерге ие болады” деген үзіндісін көрсетіп транспозиция
сөзжасамда үлкен қызмет атқарады деп түйеді [78, 64]. Ш. Балли
транспозициялық процесті зерттеу барысында қолданылып отырған терминдер
мен ұғымдарды енгізді. Ш. Балли енгізген “транспозиция”,
“транспозицияланатын”, “транспо-зициялаушы”, “транспозицияланған” және
“функционалдық-семантикалық транспозиция” деген терминдер тілде ауыспалы
құбылыс деп аталатын зерттеу аппаратына кірді.

Трансмутация– нақты бір жасанды тілден екінші бір жасанды тілге аудару
(мыс., эсперанто тілінен ым-ишара тіліне, т.т. аудару).

8) Көркем тәржіманың жанрлық түрлерін атап, мысалмен дәйектеңіз

Аударма — бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық
қайталай бейнелейтін тілдік қимыл.Көркем аударма – әдеби шығарманың бір
тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір
саласы. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай
дәлме-дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем
аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің
мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат
етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі қажет.
Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсқаның ұлттық сипаты, өзіндік
өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық
жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты талантар толық
сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма
арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері
сусындай алады. Көркем аударманың қасиетін арттырып, түп-нұсканың мағыналық
байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін
жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем
аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен. Қазақ
әдебиетінде қазіргі заманғы көркем аударма жасау дәстүрі 19 ғ-дан
басталады.[1]Абай неміс ақыны Гётенің, орыс ақындары Ю.Лермонтовтың,
А.Пушкиннің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне ерекше көркемдікпен
аударды, Ы.Алтынсарин орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің, Шәкәрім
Құдайбердіұлы Л.Толстойдың ("Асарха дон патша", "Үш сауал"), А.С. Пушкиннің
("Дубровский", "Боран"), Тұрағұл Абайұлы М.Горькийдің ("Челкаш"), АС.
Неверовтың ("Марья-большевичка", "Мен өмірге жерікпін"), Б.Прустың
("Антек") шығармаларын аударып, көркем аударманың дамуына ықпал етті. 20 ғ-
да аударма ерекше серпінмен дамып, А.Байтұрсынұлы (И.Крылов мысалдары),
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтер көркем аударманың арнасын кеңейтті.
Х.Өзденбаев, Т.Нұртазин, Ғ.Жарылғапов, Ә.Жұмабаев, Г.Бельгер, Н.Шәкеев,
Ж.Ысмағұлов, С.Ақтаев, т.б. қаламгерлер көркем аударма саласын жаңа санаға
көтеріп, соны ізденістерге барды. Қазақ әдебиеттану ғылымында көркем
аударма тарихы мен теориясын зерттеу ісі жолға қойылған. Филолог ғылым
докторы Н.Сағындықованың "Көркем аударманың негіздері" (1995) аталатын
монография жарық көрді. 2002 жылдан бастап "Аударма" баспасы әлем
әдебиетіндегі көркем шығармалардың озық үлгілерін қазақ тілінде шығарып
келеді.

Көркем шығарма аудармасын көркем аударма деп атаймыз. Көркем шығарманың
басты мақсаты белгілі бір эстетикалық әсерге жету және әдеби бейне жасау.

Көркем аударманың бірнеше түрі бар. Олар поэзия аудармасы, пьеса аудармасы,
сатира аудармасы, көркем проза аудармасы және ән мәтіндерінің аудармасы
болып ажыратылады.

Көркем аударма нысаны болып көркем шығарма саналады. Көркем шығарманы
немесе әдебиетті аудару кезінде аудармашы бірқатар қиыншылықтарға тап
болады. Көркем шығарма мәтіні экспрессивті немесе эмоциональді, эстетикалық
ақпарат беретін құрал болғандықтан, оның оқырманға немесе тыңдарманға
образды-эмоциональді әсер ететін ерекшелігі бар. Сол себепті, аударманың
бұл түріне және көркем аударма жасаушыға қойылатын талаптар өте ауыр. Әдеби
шығарманы аударғанда, әсіресе өлең жолдарын аударуда, оның ырғағы мен
мағынасын бере отырып аудару керек. Сонымен бірге, аудармашы эпитет,
метафора сияқты тәсілдерді пайдалана білуі керек.

Аударма мәдениетінің бүкіл даму жолы, әдеби тіліміздің өсіп-өркендеуі,
бүгінгі өміріміздің нақтылы талаптары бізді қазіргі уақытта реалистік дәл
аудармаға қарай бет бұрғызды. Біз көркем аудармада негізінен осы әдісті
қолдаймыз.Реалистік немесе шынайылық тұрғысынан дәл аударма дегеніміздің
мәнісі неде? Бұның жауабын, ең алдымен, жалпы көркем шығармаға қойылатын
талаптарға байланысты іздеуіміз керек. Әрбір көркем шығармадан өмірді
реалистік тұрғыдан ұғынып, шынайы түрде дәл бейнелеу талап етіледі. Шын
мәнісіндегі көркем шығарма дегеніміз, өмір шындығының образды түрде
бейнеленген нақты көрінісі. Көркем аударманы біз, ең алдымен, көркем
шығарма деп білеміз. Олай болса, көркем аударма туындысы да сол шығармада
суреттелген нақты өмір көріністерін түпнұсқаның тілі арқылы реалистік
тұрғыдан терең ұғып, өткір сезіне отырып, екінші тілдің образдық жүйесімен
бейнелеп берген нұсқасы. Демек, көркем аударманың да алдына қойылатын ең
басты талап- өмір шындығынан дәл шығып отыру.

Аудармашы өмір шындығын көргенде оған түпнұсқа арқылы қарайды және автордың
көзімен қарайды. Аудармашының алдына қойылатын үш түрлі талап бар.
Біріншіден, ол шығармада бейнеленіп отырған өмір шындығын дәл беруі керек.
Екіншіден, түпнұсқаның өзін айнытпай жеткізуі тиіс. Үшіншіден, ана тілінің
заңды жүйесіне ешқандай нұқсан келтірмеуі тиіс.

Көркем аударма жасау үшін аудармашы әдетте эпитет (әсірелеп суреттеу),
метафора (ауыспалы мағына) және сөйлемнің ритмика семантикалық
ерекшеліктерін, синтаксистік құрылымын қамтитын түрлі тілдік тәсілдердің
орасан зор мөлшерін пайдалана алады. Көркем аударманы қабылдаушыға жоғары
деңгейде жеткізу мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1. Эпитеттер. Олардың құрылымдық және семантикалық ерекшеліктерін,
тұлғалану деңгейлерін есепке ала отырып аудару.
2. Теңеулер. Құрылымдық ерекшеліктерін оған қатысты сөздердің
стилистикалық бояуын есепке ала отырып аудару кезінде қолданылады.
3. Метафора. Құрылымдық сипаттаманы образды дүние мен заттық дүние
арасындағы мағыналық қатынасты есепке ала отырып аудару.
4. Авторлық неологизмдер. Стилистикалық бояу мен сөздердің
компоненттерінің семантикасын сақтай отырып, автор қолданған аударма
тіліндегі сөз жасаушы үлгіге сәйкес келетін қоолданыстар.
5. Диалектизмдер. Әдетте жай лексикамен аударылады. Жаргонизмдер,
аргонизмдер, тағы басқаларын аударуда түпнұсқадағы стилистикалық
аударылу түрін сақтайды.
Көркем мәтін- белгілі бір уақытта дүниеге келген, өмір сүрген және өзін
тудырған дәуірдің белгілі бір құндылықтарын бойына сіңірген шығармашылық.
Ол индивидтің (оны дүниеге келтіруші, яғни жеке автор) қолтаңбасы бар дүние
болғандықтан, аудармашыға негізгі үш проблемамен бетпе-бет келуіне тура
келеді. 1.Мәтіннің мезгілдік ара-қатынастарын, ерекшеліктерін беру.
2.Автордың жеке стилін жеткізу. 3.Әдеби бағыттың негізгі ерекшеліктерін
ашып көрсету.

Бұрынғы кезде Мәтіннің архаикалық ерекшеліктері аудармада сол күйінде
берілуі керек пе, әлде ол модернизациялануы керек пе? деген сұрақ үнемі
талас тудыратын. Аударманың қазіргі заманғы техникасы модернизациялануды
мойындамайды және бұл пікір әсер ету теңдігі логикасына негізделген. Яғни,
шығарманың түпнұсқасын осы заманғы оқырман оқыған кезде алған әсері мен
аударма вариантын оқыған кездегі осы заманғы оқырманның алған әсерлері бір-
біріне тең болуы керек. Қазіргі заманғы аударма оқырманға мәтіннің өткен
ғасырда жазылғаны туралы ақпарат береді және түрлі көркемдік әдіс-
тәсілдердің көмегімен оқиға мәтінінің қаншалықты ескі екенін көрсетуге
тырысады. Мезгілдік колоритті беру процесіне шығармалардың формасы, мазмұны
қатысады. Аудармашы мазмұн құрылымына тиіспейді, ал оны рәсімдеу формасы
түгелімен аудармашының еркінде болады. Синтаксистік құрылымның
ерекшеліктері белгілі бір дәуірдің негізгі белгілері, жаңалықтары жайлы
хабар беру кезінде байқалады. Аталмыш ерекшеліктер уақытты толығымен
сипаттаушы әдіс-тәсілдер болып табылмайды, олар ең алдымен әдеби ағыммен
байланысты болады.

Дәуір тікелей алғанда, мәтіннің тілдік тарихи ерекшеліктерімен сипатталады.
Уақыттық қашықтықты жасау үшін қажетті негізгі шарттардың бірі аударма
лексикасында модернизмдердің қолданылмауы, яғни, аударма мәтінінде түпнұсқа
жасалған дәуірде қолданылмаған сөздерден аулақ болу қажет. Өйткені, өткен
дәуірлер әдебиеті автордың нақты бір әдеби ағымға жататындығымен
ерекшеленеді. Мысалы: сентиментализм, романтизм, реннесанс, натурализм,
реализм, эмпрессионализм, экспрессионизм және т.б. әдеби ағымның
идеологиясына, әдебиеттердің дамуының белгілі бір кезеңдеріне байланысты
болатын көркем шығарманы қабылдау ерекшеліктерімен тығыз қарым-қатынаста
болу жатады. Мәселен, романтизм дәуіріне персонификациялаушы
метафоралардың, түр-түс символикасының, проза ритмдерінің прозадағы
еліктеуіне одағайлардың жиі қолданылуы, лексиканың тұрақты қоры болып
саналатын романтикалық сөздіктердің болуы мысал бола алады. Аталмыш
ерекшеліктерді тауып, жақсы аударма жасау үшін, аудармашыға ең алдымен
түпнұсқа жазылған дәуір әдебиетінің ерекшеліктері жайлы ғылыми
зерттеулермен танысып, сол дәуірде жазылған басқа авторлардың еңбектеріне
шолу жасауы қажет. Көркем аударма кезінде ең қиындық тудыратын нәрсе–
автордың жеке стилін беру. Олар аудармашыға стилистикалық тәсілдерге талдау
жасау нәтижесінде белгілі болатын, автор стилінің ерекшеліктерін анықтайтын
гармониялық синтездің үлгісін бере алады. Әдетте, аналогтың жақындық
белгілі бір дәуірге жататын авторлар шығармаларының арасындағы ұқсастық пен
белгілі бір әдеби ағымның өкілдері болмауымен сипатталады.

Жоғарыда атап өткендей, көркем мәтін өзі дүниеге келген дәуірдің құндылығы
болып табылады. Әр кезеңдерде және әр түрлі мәдениетте аударма туралы әр
түрлі түсініктер орын алады. Сондықтан да барлық заманға сай аударма да
өте аз. Сирек жағдайға, Н.И.Гнедичтің Иллиада аудармасы жатады. Бұл
шығармадан басқа да түрлі аудармалардан біз, әдетте, аударманың қаншалықты
алуан түрлі болатынын көре аламыз. Кейбіреулер кез-келген аударманы,
сонымен бірге, көркем аударманы да бір тілде берілген шығарманы басқа бір
тілмен жеткізу құралы деп санайды. Дегенмен, көркем аударма тек қана
лексикалық және синтаксистік сәйкестікпен ғана емес, тілге қатысты
көркемдік байланыстар арқылы аударылуы керек. Осыған байланысты көркем
аудармада екі қағида арасында серпіліс пайда болды. 1.Сөзбе-сөз, нақты.
Бірақ, көркемдік жағынан толық емес аударма. 2.Көркемдік жағынан толық,
бірақ түпнұсқадан мағынасы алшақ, еркін аударма. Бұл екі принцип негізгі
екі көзқараста орын тапқан: аударманы лингвистикалық жағынан анықтау және
әдебиеттану жағынан анықтау.

Лингвистикалық аударма принципі алдымен түпнұсқа құрылысын қайта құруға мән
береді. Сөзбе-сөз аудару барысында аударма тілінде синтаксистік ауытқулар
болады. Осы кезде мәтін мағынасы мен құрамы өзгеріске ұшырайды: автордың
ойы түсінікті, бірақ оны жеткізу формасы тілге бөтен болады. Сөзбе-сөз
нақты аударма түпнұсқаның эмоциональді әсерін әрдайым бере алмайды. Сол
себепті, сөзбе- сөз дәлдік пен көркемдік бір-бірімен қарама-қайшылықта
болады. Осыған орай, аудару барысында тілдік қор мен тіл материалдарына
сүйенеміз.

Американ филологы Т.Сэвори Аударма өнері атты кітабында төмендегідей
қарама-қайшы талаптарды қозғаған.

А.Аударма түпнұсқа сөздерін беруі керек.

В.Аударма түпнұсқа ойын беруі керек.

А.Аударма- аударма болып оқылуы керек.

В.Аударма түпнұсқа сияқты оқылуы керек.

(оқырман оның аударма екенін білмеу керек)

А.Аударма түпнұсқа стилін көрсету керек.

В.Аударма аудармашы стилін көрсетуі керек.

А.Өлеңді проза түрінде аудару керек.

В.Өлеңді өлең түрінде аудару керек.

А.Аудармашы аудару барысында түпнұсқа мәтініне өз еркімен бір нәрсе қосып
немесе алып тастауға құқығы жоқ.

В.Аудармашы түпнұсқа мәтініне өз еркімен бір нәрсе қосып немесе алып
тастауға құқылы.

Қарап отырсаңыз, В тезисінің талаптарының орындалуы еркін аудармаға, А
тезисінің талаптарының орындалуы сөзбе- сөз, нақты аудармаға әкеліп соғады.

Жалпы аударма процесі де тілдің тілдік заңдылықтарына, олардың бір-бірімен
байланысына сүйенуі керек. Тіл заңдылықтарына сүйену аудармаға қажет.
Бірақ, көркем аударма тек тілдік қатынастардың нәтижесі емес. Зерттеушілер
тілді көркем әдебиет материалы деп біледі, көркем аударма да түпнұсқа
сияқты оның заңдылықтарына зор мән береді. Кей ғалымдар көркем аударманы
лингвистикалық емес, әдебиеттану көзқарасы бойынша сөз өнерінің бір түрі
деп біледі және қарастырады. Осы теорияға сүйеніп, аудармашы түпнұсқа
идеясын негізге алады. Сосын тілдің көмекші тәсілдері арқылы ойын пайымдап
жеткізеді.

Көркем аудармада маңызды, мағыналы элементтер мен ерекшеліктер нақты
жеткізілуі мүмкін емес. Кез келген аудармада міндетті түрде мына жағдайлар
орын алады:

1. Материалдың белгілі бір бөлігі қалыпқа келмей, алынып тасталынады.
2. Материалдың белгілі бір бөлігі дәл сол күйінде емес, басқаша етіп,
эквиваленттер арқылы ауыстырылады.
3. Түпнұсқада жоқ материал енгізіледі.
Сондықтан да, көптеген атақты зерттеушілердің ойынша, ең жақсы аударма
болып, аударманың түпнұсқамен салыстырғанда өзгеріске ұшырайтын
ерекшеліктері бар аударма саналады. Осыған орай адекватты аударма мақсаты,
түпнұсқаның нақты мағыналарын тіл құралдары арқылы жеткізу. Осыдан біз
түпнұсқаның ойын жеткізу үшін сөзбе- сөз аударудан бас тарту керек екенін
түсінеміз. Түпнұсқаның адекватты аудармасы деп, автор ойын толық етіп,
қалпы және стилистикалық сәйкестігі берілген аударманы айтамыз. Адекватты
аудармаға қойылатын негізгі талаптар:

1. Нақтылық. Аудармашы оқырманға автордың ойын толық жеткізуі тиіс.
2. Қысқалық. Аудармашыға көп сөздің қажеті жоқ. Берілген ой нақты және
қысқаша, мазмұнды жеткізілуі тиіс.
3. Анықтық. Аударма тілі ерекшеліктері ойды жеткізу мен оның түсінілуіне
кедергі болмауы тиіс. Ой мен берілген мәтін қарапайым және анық
берілуі керек.
4. Әдебилік немесе көркемдік. Аударма міндетті түрде әдеби аударма
тілінің нормасын қанағаттандыруы тиіс. Әрбір фраза шынайы, табиғи және
нық айтылуы тиіс.
Көркем аударманың ерекше түрі поэзияны аудару, яғни өлең жолдарын аудару
болып табылады.

С.Я.Маршак: Өлең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма теориясы
Аударма теориясы және аударма түрлері
Аударма теориясы қалыптасуы мен дамуы.
Бейнеөнімнің аудару ерекшеліктері» (“Monster-in-low” фильміне сүйене отырып)
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Аударма және өркениет
Көп мағыналы сөздерді аудару
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Аударма сапасының бағалау мәселелері
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
Пәндер