Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігін ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі

2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.ҚР . дағы шағын және орта бизнестің жағдайы ... ... ... .
2.2. «Сұлтан» ЖШС . тің қазіргі жағдайы (сандық талдау) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.тарау. ҚР . дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2.ҚР . дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
К і р і с п е

Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын зерттеумен анықталады.
Сонымен қатар шағын жәнеи орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы бітіру жұмысының өзектілігін анықтайды.
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ – ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігін баянды етеді.
Бітіру жұмысының мақсаты. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының мәні. Бұл ғылыми жұмыстың зерттеу пәні ҚР – дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу, сондай – ақ осы сектордың дамуындағы проблемалар. Сондай – ақ «Сұлтан» ЖШС –і.
Бітіру жұмысының міндеттері:
1. Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың варианттарын зерттеу арқылы ролін қарастыру;
2. Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі қиындықтары мен проблемаларын терең талдау мен сипаттамаларын бітіріп кету;
3. Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу арқылы ҚР –дағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту жолдарын әзірлеу.
Бітіру жұмысының маңыздылығы. Бұл ғылыми жұмыстың теориялық маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай – ақ бұл бітіру жұмысныда тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің қамтуындағы проблемалармен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады.
Сонымен бірге 2.2. сұрағындағы «Сұлтан» серіктестігінің қаржылық – экономикалық жағдайын талдауды несиелік ресурстарды тартуға қолданудың мүмкіндігі де осы бітіру жұмысының тәжірибелік маңыздылығын анықтайды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:



1. Малый бизнес № 23 – 24. Декабрь. 1998г
2. А. Н. Токсанова. Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход. Алматы, 1999 г.
3. Феномен предпринимательсва в преходных общестах:состояния, проблемы, перспективы. \\ сборник научных работ. Алматы, 1999 г.
4. Николас К. Сирополис управление малым бизнесом. Москва, 1999 г.
5. Гражданский кодекс Республики Казакстан.
6. Аль – пари. Август – октябрь, 1997 г.
7. Статистический сборник Казакстана за 1998 и1999 г.\\ оперативная информация.
8. Аль – пари № 2, 1998 г.
9. Гончаров Б.М. Руководство для высшегоуправленческого персонала. Москва, 1998 г.
10. Малый бизнес: правовые и экономические аспекты. г. Астана,
1996 г.
11.Винс Р. Математика управления капиталом. Методы анализа риска для трейдеров и портфельных менеджеров. Пер. с англ. – М.: Альпина, 2000. стр 146-155;
12. Лян Е. Е., «Республика Казахстан – Европейский союз: перспективы экономического сотрудничества» // Analytic 3/2003. Материалы конференции.
13.Молчанов И.Н., Герасимова И.А. Компьютерный практикум по начальному курсу эконометрики (реализация на Eviews): Практикум / Ростовский государственный экономический университет. – Ростов-н/Д.,-2001.
14.Кремер Н.Ш., Путков Б.А. Эконометрика: Учебник для вузов / Под.ред.проф. Н.Ш.Кремера.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – с.284.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың
объективті қажеттілігін ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің
тәжірибесі
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнестің даму тенденциялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы ... ... ... .
2.2. Сұлтан ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық
талдау) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
3.1. Сұлтан ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
3.2.ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен
оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

К і р і с п е

Бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары шағын және
орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып
келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен
өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал
2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық
индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық
мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік
секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты
болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды
көсеткіш деңгейі 30% (бұл көрсеткіш бағдар ретінде ҚР – ның
президентімен өткен жылы халыққа жолдауында қарастырылып, бекітілген).
Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың
диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді.
Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ
жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен
салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы
мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта
кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі
қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Сондықтан осы ғылыми жұмыстың өзектілігі жоғарыда аталған
әртүрлі аспектідегі проблемаларды және оларды шешу жолдарын
зерттеумен анықталады.
Сонымен қатар шағын жәнеи орта бизнес секторының бүкіл әлемдік
сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы
бітіру жұмысының өзектілігін анықтайды.
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық
қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта
бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік
қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ – ына кірсе,
онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға
мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында
осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған. Дамыту
жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы зерттеу жұмысының
тақырыбының өзектілігін баянды етеді.
Бітіру жұмысының мақсаты. Шағын және орта кәсіпкерліктің
дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу
жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының мәні. Бұл ғылыми жұмыстың зерттеу пәні ҚР –
дағы шағын және орта бизнес секторының субъектілері мен олардың
қызметтерінің жағдайын (яғни кәсіпкерліктің объектісін) зерттеу, сондай –
ақ осы сектордың дамуындағы проблемалар. Сондай – ақ Сұлтан ЖШС –і.
Бітіру жұмысының міндеттері:
1. Шағын және орта бизнестің экономикалық жүйедегі дамытудың
варианттарын зерттеу арқылы ролін қарастыру;
2. Шағын және орта бизнес субъектілерінің түрлі аспектідегі
қиындықтары мен проблемаларын терең талдау мен сипаттамаларын
бітіріп кету;
3. Терең талдау негізіндегі проблемаларды шешу жолдарын зертеу
арқылы ҚР –дағы шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту
жолдарын әзірлеу.
Бітіру жұмысының маңыздылығы. Бұл ғылыми жұмыстың теориялық
маңыздылығы қазіргі жағдайда өте жоғары. Сондай – ақ бұл бітіру
жұмысныда тәжірибелік маңыздылығы да бар. Оның тәжірибелік
маңыздылығы қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің қамтуындағы
проблемалармен қиындықтарды шешу жолдарының шынайы өмірге, жүзеге
асырулары бойынша рекомендацияларды ұсынумен анықталады.
Сонымен бірге 2.2. сұрағындағы Сұлтан серіктестігінің қаржылық –
экономикалық жағдайын талдауды несиелік ресурстарды тартуға
қолданудың мүмкіндігі де осы бітіру жұмысының тәжірибелік маңыздылығын
анықтайды.

1. Тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнсті дамытудың
объективті қажеттілігі.
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі.

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның
қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің
алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер
кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен
байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде
тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып
келетін адамдардың қызметі2. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі
араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, касб түсінігі
негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген3.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп
тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер,
гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар
мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады4.
Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі
Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша
кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор
Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-
экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда
болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл
бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды
қорғайды.
Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай
категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас
элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық
шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге
мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде
байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік
береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей
айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай
салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім
көлемі.                    
Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және
шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас
ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар – нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі
кәсіпорындар – эконамика қаңқасы, экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен
және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар
жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда
пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған
кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ –
түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің
барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып
табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің
жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге
қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын
кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау
керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар,
шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін
фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500
адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын
фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын,
географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі
үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі
стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару
сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау
барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара
алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде кәсіпкерлік
және бизнес ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті
экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және
шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе
алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету
немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу
негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен,
кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым
салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.
Бірақ кәсіпкерлік және бизнес түсініктері экономикалық тұрғыдан
қарастырғанда синонимдер болып табылады. Бизнес түсінігі экономикалық
тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика
бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс
жүйесі ретінде анықталады.Бизнес нарықтық экономиканы барлық
қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы
жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін
қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі
адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір
формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге
асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес ( жалпы бөлім ):
кәсіпкерлік – азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан,
тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға
бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық
басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің
өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге
асырылады 5.
Соған қарамастан, тәжірбиеде кәсіпкерлік пен бизнес терминдері
бірін – бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, кәсіпкерлік және
шағын бизнес бірі – біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес
кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі
қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын.
Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді.
Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей
себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік,
экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде
кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету
керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске
халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу,
азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.

Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері.

Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар
кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар
үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі
компаниялармен бәсекелестікке түсе алмаитындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан
қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін
көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0,5 – 1 жыл ішінде
өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмаиды, ал ірі кәсіпорындар
үшін 5 – 6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі
кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние
Жүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес
сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі
кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, жәнеде
әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.
Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты
артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде кризис және жұмыссыздық
кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі
экономикалық кризиске байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына
алмайды. Американ-Экспресс ( 1987 ) мәліметтері бойынща шағын
өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі
компанияларға қарағанда 3 есе көп6.
Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп отыр. Бұл, шағын және орта
бизенстің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне
тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына
жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек
ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және
табысқа тікелей қатыс алу мүмкіндігі.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады.
Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен
және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен
шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық
арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын
пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі – ірі кәсіпорын қызметіне жатса,
автомобильді жөндеу – шағын және орта бизнес қызметі.
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті
еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға
негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып
табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, алолар
акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде
басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі
менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі
туындамайды6.

1.2 ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі.

Әлемдік тәжірибе шағын және орта бизнестіңэкономикадағы рөлі бағалауға
клмейтіндей жоғары екнің көрсетіп отыр. Ал мемлекет өмірінің барлық
салаларына әсерін тигізеді: жұмысшылар саны бойынша, өндірілетін
тауарларының көлемі бойынша, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері
бойынша жекелеген елдерде шағын және орта бизнес субъектілері маңызды рөль
ойнайды. Экономика үшін шағын кәсіпорындардың толықтай қызметі оның
икемділігінартырытын маңызды сұрақтар болып табылады. Тіпті, шағын және
орта бизнестіңдаму деңгейіне байланысты, мамандар елдердің өзгермелі
экономикалық жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін жталдайды. Қазақстан үшін
шағын бизнестің қалыптасуы жоғары дамыған қоғамға, жоғары дамыған
экономикаға өтетің көпір болуы қажет. Қиыншылықтар мен сәтсіздіктерге
қарамастан шағын және орта бизнес даму үстінде, экономиклық, әлеуметтік,
ғылыми-технологиялық мәселелерді щеще отырып қарқын алуда. Шағын және орта
бизнесті дамыту келесі мәселелерді шешеді:
-қоғамның және халықтың қажеттіліктерін жақсы қанағаттандыруға
мүмкіндік береті, өркениетті бәсекелестік нарықтық қатынастардың
қалыптасуы;
-ассортименттің кеңеюі мен тауарлар мен қызметтердің сапасының артуы.
Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылу арқылы, шағын бизнес
қызмет көрсету мен өнім сапасының артуына мүмкіндік туғызады;
-тауарлар мен қызметтердің нақты бір тұтынушыларға жақындауы;
-экономиканың құрылымдық өзгеруіне әсер ету. Шағын кәсіпкерлік
экономикаға өтімділік, икемділік береді;
-өндірісті дамытуға халықтың өз ақшаларын тартуы. Шағын кәсіпорын
иегерлері өз істеріне өз ақшаларын үлкен қызығушылықпен салады;
-қосымша жұмыс орындарының ашылуы, жұмыссыздық деңгейінің қысқаруы;
-адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға,
дарындарының ашылуына, әр түрлі қолөнердің дамуына ықпал етеді;
-еңбек қызметіне ірі кәсіпорындар белгілі – бір шектеу қоятын халықтың
жекелеген топтарын (үй жұмысымен айналысушылар, зейнеткерлер, мүгедектер,
оқып жатқан адамдар) тарту;
-меншік иелері, кәсіпкерлер, басқарушылардың әлеуметтік қатарларының
қалыптасуы;
-ғылыми-техникалық дамуды жандандыру;
-жергілікті шикізат қайнары ірі кәсіпорындар қалдықтары қолдану және
игеру;
- ірі кәсіпорындарға комплетелетін бұйымдарды дайындау және жеткізу
жолымен, көмекші және қызмет көрсету өндірісін құру арқылы әсер ету;
- арендаға алу немесе сатып алу арқылы төмен рентабельді және
тоқыраудағы кәсіпорындардан мемлекетті босату;
осы барлық аталған және басқа да шағын және орта бизнестің
экономикалық, әлеуметтік функцилары, оның дамуы ең маңыздылар қатарына
жатқызып, экономиканың ажырамас бөлігі ретінде қалыптастырады. Бірақ шағын
және орта бизнестің ролін таңдай отырып, оның дамуына кедергі болатын
себептерді айтпауға болмайды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасындағы күрделі экономикалық жағдай
(инфляция, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстардың үзілуі,
төлемеушілік, несиені пайдаланудағы жоғары пайыз, кәсіпкерлердің құқықтық
қорғалуы).
Екіншіден, кәсіптіліктің төменгі деңгейі, кәсіпкерлердің өз өздерін
теңгеруі.
Үшіншіден, халықтың кәсіпкерлерге толық сенімнің болмауы.
Төртіншіден, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі,
тіпті, керісінше мемлекеттік органдардың жиі араласуы.
Бесіншіден, қазіргі заманға сай ақпаратардың жеткізілуі, құрал –
жабдық, технологияның болмауы, күрделі есеп беру жүйесінің және арендалық
төлем құнының жоғары болуы.
Сонымен кәсіпкерліктің одан ары кеңеюі мемлекеттік маңызды
мәселелерінің бірі болып табылады, кәсіпкерлер мәселелерінің шешу үшін
әкімшілік – ұйымдық, технологиялық, техникалық ресурстар қолданылуы қажет.
Қазіргі уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік тікелей
немес жанама қолдау көрсететін елеулі ресурстары жоқ. Сондықтан, барлық күш
жағымды сыртқы ортаны қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл бағытты жүзеге
асыру үшін келесідей шаралар қажет: заңдық және нормативтік базалар ары
қарай қалыптасуы мен дамуы, өндірісті қолдайтын инфрақұрылымының барлық
қажетті элементтерін қалыптастыруы, бюджеттен тыс қаражаттар есебінен
кәсіпкерлікті қаржылық қолдлау аясын кеңйтуге әсер ету, тиімді
инвестициялық климатты қалыптастыру, мемлекеттік бақылауды тәртіпке
келтіру.
Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті
қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін
берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының
артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын
кәсіпорындардың өнім өндірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді.
Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты
жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші
деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал
мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қарыздан 10 % - тен
аз болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агегнттігінің құрылуы,
шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша әкімдердің қызметін қатаң қадағалау,
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер
беру.
1992 – 96 жылдары кезеңінде кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, екі
мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыру шағын бизнестің құрылуы мен
қалыптасуына негіз бола алады. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікпен
айналысатындардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны ішінде келесі
қатынасты құрады: 1992 жылы - 6%, 1993 жылы - 4%, 1994 жылы - 4%, 1995 жылы
- 5%, 1996 жылы – 5,2%. Қызмет етуші субъетілерінің саны 24030 бірлікке
дейін артты7. 2000 жылы тіркелгендердің саны 118429 бірлік, олардың ішінде
107134 – шағын кәсіпорындар8, және 59244 – қызмет етуші кәсіпорындар болды.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта
бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың балама жолы бола алады,
өйткені ол екі макроэкономикалық проблемелармен байланыстырады – жұмыспен
қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық
көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды
ынталандыру және шағын кәсіпорындар ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық
мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы он жылдықты дамыған
елдердегі экономиканың даму тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен
байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы,
қоғам ресурстарын толығырақ қолдану және инновациялық процесті күшейту
сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды
қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу саласына
айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизнестің нақтылануы қажет
еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға берілетін. Шағын
кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі
экономикалық жағдайға байланысты әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы
сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез
бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға,
сондай – ақ шағын кәсіпорындарды басқару және меншікті біріктіру дәрежесі
болып табылады.
Кез келген процесс сияқты шағын және орта бизнестің дамуы мен қолдауын
басқару қажет. Кәсіпкерлік басқару объектісі ретінде өзінің ерекшеліктері
бар. Егер бұл сұраққа басқару қызметі жағынан келетін болсақ, онда
басқарудың келесі қызметтерін көрсетуге болады:
- жоспарлау (стратегиялық менеджмент, маркетинг стратегиясын
әзірлеу, бизнес жоспарды әзірлеу);
- ұйымдастыру (барлық деңгейде кәсіпкерлікті сәйкес басқару
құрылымын құру);
- мотивация (кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыратын механизмді
қалыптастыру);
- бақылау (жоспарланған істерден ауытқуды анықтау және сәйкес
түзетулер енгізу);
Осы орайда ұсынғым келіп отырғаны мәні – шағын кәсіпкерліктің
экономика жағдайын жақсарту үшін ірі ағымы бар екенін көрсететін,
экономиканы дамыту үшін кәсіпкерлік модельді ұстану. Осы теорияға сәйкес
мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті тиімді, әрі икемді ынталандыру әдісін
табуы қажет9. Сәйкес мемлекеттік саясат қоғамдағы кәсіпкерлік климатты
өзгерте алады ма деген? Бұл сұраққа жауап оң болады. Тек бұл үшін, мемлекет
жаңа кәсіпорындар ашуды ынталандыратын, кәсіпкерлікті қолдау саясатын
жүргізуі тиіс. Және де бұл көп қырлы қолдау кәсіпорынның даму жағдайы мен
кезеңіне байланысты әр түрлі сипатта болуы қажет. Себебі, қай құрылған және
тоқырау алдында тұрған кәсіпорындар қолдаудың әр түрлі тәсілдерін қажет
етеді.

1.3. Нарықтық экономикасы бар елдердің шағын және орта бизнесті
дамытудағы тәжірибесі.

Көптеген шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын
бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт
болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау
механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық
ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді.
(кесте №1)10
кесте №1

№ Дамыған мемлекеттер тәжірибесі ҚР деңгейін бағалау
1 Мемлекттік саясат мақсаттарын анықтайтын Даму үстінде
кәсіпкерлік қызметті қолдау сұрақтарын
реттейтін әлеуметтік құқықтық актілер
болуы.
2 Мемлекеттік қаржылық, технологиялық, Даму үстінде
ақпараттық, кеңістік және кадрлық
мемлекеттік жобалардың жүйесін құрастыру
және жүзеге асыру
3 Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тікелей жәнеЖоқ
жанама шараларының байланысы
4 Әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден шағын Даму үстінде
кәсіпкерлікті қолдау жобаларын жүзеге
асырудың ассигновациясын анықтау
5 Шағын бизнес саласындағы барлық Жоқ
міндеттерді міндеттерді реттейтін дамыған
арнайы мамандандырылған мемлекеттік
мекемелердің болуы
6 Орталық, аймақтық және жергілікті билік Даму үстінде
органдарының функцияларын өзара рационалды
бөлу
7 Мемлекеттік билік органдарының шағын Жоқ
бизнес мүдделерін қорғайтын ұйымдармен
өзара қарым – қатынасы
8 Шағын бизнес саласындағы мемлекеттік Даму үстінде
саясатты өзара қарым – қатынасты қолдауға
бағытталған

Үлестерден көріп отырғанымыздай шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан
шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік
мамандардың айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың
әсеріне тәуелді.
Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан екі факторды есепке
алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі.
Кәсіпкерлікке барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде макроэкономикалық және
салалық деп бөлуге болады.

1 – сурет. Ортаның бизнеске макроықпалы

Экономикалық Бизнесті
факторлар мемлекеттік
реттеу
Ортаның бизнеске
макро ықпалы
Әлеуметтік Технологиялық
факторлар факторлар
Ресурстық факторлар

Ішкі немесе бақыланатын факторларға кәсіпорын қызметіне байланысты
факторларды жатқызады. Енді әртүрлі тәжірибесіне келейік.

АҚШ – ғы шағын бизнес .
Әдетте америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың санымен бағаланады:
өте ұсақ фирмалар – 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға
дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп (2 сурет).
Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар,
өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады.

2 – сурет. АҚШ-ғы әртүрлі деңгейдегі фирмалардың саны

Фирма көлемі Фирма саны
Ірі 1000
Орташа 134000
Шағын 2000000
Шағын кеңселер 3000000

АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез
бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері
әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және
саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс
шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын
кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.
Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында
жұмыс істейді11. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге,
жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп
отыр.
Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік.
Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының – 1953ж АҚШ Конгресі құрған
шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық
негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур
президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы
жандандыру үшін – шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін
дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар,
онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 % қызмет етеді. Шағын бизнес
кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің
52 % құрайды, және 99,7 % кәсіпкерлер – бұл шағын бизнес басшылары. Шағын
бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек
көрсетеді. Басты міндеті – шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және
өмір сүруін қамтамасыз ету. ШБӘ өз қызметін басқа агенттіктер мен
комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп
отырып жүзеге асырады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі
болғандықтан шағын бизнес әкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен
мәміле орнатуға көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер – кәсіпкерлерге ерекше
назар аударады. шағын бизнес әкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4
мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66
территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байлаиыс аудан – аймақ –
орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын бизнес қоғамдағы ресми
белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады.
Америкалық тәжірибе көрсетіп отырғанындай кәсіпкерлік еркіндігін
шектейтін кез келген үкіметтік немесе басқа да шектеулер ресми
белсенділікті төмендетеді. Сондықтан шағын бизнестің барлық мүдделері АҚШ
конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше ролді шағын бизнес әкімшілігі
шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын бизнеспен айналысқысы
келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді,
конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар өткізеді. Оның
үстіне, шағын бизнес бизнес - инкубатордың бастауымен ақпарат беру,
кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес берумен
айналысатын орталықтар ұйымдастырылған.
Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын бизнес мүдделер қорғайтын Адвокаттық
кеңсе құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңсе
негізгі міндеттері:
- мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын
бизнестің дамуына әсерін зерттеу.
- Шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және
статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес потенциалын
бағалау, шағын бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу т.б.
Қазақстандық тәжірибеде шағын бизнеске көмектесудің инкубаторлық
жобасын қолданған жөн. Инкубатор термині алғаш кәсіпкерлікпен
айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар,
федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады.
Инкубатордың басты міндеті – шағын, әсіресе иннновациялық бизнесті
алғашқы қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе
жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді.
Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар
бизнес – инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған
орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.
Әдетте бизнес - инкубаторлар бірнеше жаңа бастаушы орналасқан арнайы
ғимараттарда орналасқан. Олар ғимарттар мен құрал – жабдықтарды бірігіп
қолданып ғана қоймайды, сонымен бірге бизнес-инкубатор көрсететін барлық
қызметтерге, бизнес кеңестерге қол жеткізе алады. Кейбір қызмет түрі,
аренда құнына қосылған, көрсетілетін қызметтердің басқа түрлерінің бағасы
төменірек.
Бизнес – инкубатордың негізгі ресурстарына келесілер жатады:
а) бизнес- инкубаторлар персоналы, соның ішінде кеңес берушілер;
б) құрал – жабдықтар, соның ішінде ұйымдастыру техникалары (көшірме
машиналары, факс, компьютерлер т.б.);
в) бір жылға жалданатын ғимарттар мен жиһаздар;
Бизнес – инкубатордың басындағы тұлға – директор немесе атқарушы
директор.
Америка Құрама Штаттарындағы бизнес – инкубаторлардың 90% жуығы – бұл
коммерциялық емес ұйымдар, олардың басты мақсаттары жаңа кәсіпорындар құру
және дамыту. Қазақстан экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде бизнес –
инкубаторлардың құрылуын әлі ертерек дейді. Өйткені бизнес – инкубаторлар
коммерциялық ұйымдар ретінде мемлекеттік және мемлекеттік емес демеушілер
есебінен қаржыландырылады. Біздер үшін ең қиын қаржы көздерін табу. Соған
қарамастан, АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнес – инкубаторлардың
клиенті – 90 % жуығы жоғары эффективті кәсіпорындар болып табылады. Бұл
факт Қазақстанда бизнес – инкубаторларды құруда маңызды болып табылады.
Инкубаторлар мақсаты және қаржыландыру көздеріне қарай фирмалық,
мемлекеттік, университеттік және жеке деп бөлінеді. Қазір бүкіл әлемде
бизнес бизнес – инкубаторлар шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тартымды әдісі
болды.

Ұлыбританиядағы шағын бизнес.

Ұлыбритания тәжірибес көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс
көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім
сапасын көтеруде маңызды рол ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің
творчествалық мүкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын
кәіспкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты – қаржылық жеңілдіктер,
кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал
етті.
Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет
масштабын кеңінен статус – квосын сақтай отырып консервациялау; ресми
белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі
компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын
кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең
басты мақсаты – тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Үкімет шағын бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік –
экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу,
жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі
экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді қолданды. 1991 ж.
Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға оларды басқару мәселелері бойынша көмек
беруге мамандандырылған фирмалардың қызметінен зерттеу жүргізілді. Шағын
кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер танысып, кеңес берумен ғана
шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының фирманың жүзеге асуына ат
салысады. Бұл көмектің болуы және орта және шағын бизнестің даму
стратегиясының болуы бұл саланың Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.

Франциядағы шағын бизнес.

Кәсіпорындарды шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған
қағидаларының бірі – ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, он адамнан аз
жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар – шағын, 50-499
– орташа, 500 көп - ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда
мемлекеттің мақсатттарының бірі – шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске
ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кеңінен тарады. Шағын бизнесті
дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және і\әкімшілік шараларды қосатын
жоба дайындалды. Француз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол
жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына,
инвестицияның өсуіне, шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын
реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын
фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар құрды. Оның ішінде – аймақтық
даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын
компаниялар және т.б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар
бар12. 80 жыл басында несиелерді кепілдеудің Ұлттық қоры құрылды. Қор шағын
және орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын компапияның қарамағында.
Ол шағын бизнеске әр түрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65%
кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны
жұмыс бабында ұстап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.
Шағын және орташа кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы саны 16 500 000
адам. Орташа және шағын кәсіпорындардың орташа көлемі – 7 жұмысшыдан.
Шетелдегі француздық шағын және орташа кәсіпорындар – 1400. Мемлекеттің
жалпы экспорт көлеміндегі шағын және орташа кәсіпорындар пайдасына
жүргізілетін француз үкіметінің саясаты экономиканың бұл саласына
мемлекеттің қызығуын дәлелдейді. Ол үкіметтің екі декретінде көрінеді:
- Франциядағы ұсақ және орташа кәсіпорындары және шағын және орташа
кәсіпорындардың пайдасына 37 шара.
Құжаттардың атының өзі мемлекеттің шағын бизнестің дамуына қандай маңыз
беретінін айтады. Егер алғашқы құжат қаржылық – экономикалық қолдауды
қарастырса, онда екіншісі ұйымдық - әкімшілікті қарастырады. Ондағы ең
басты пункт болып тіркелу орталықтарында шағын кәсіпорындарды құруға
арыздарды қарастыруға бұрынғы 5 күннен 24 сағатқа дейін қысқарту, шағын
кәсіпорындарға даму банкін құру табылады, сонымен бірге әрдайым ірі
банктер және қаржылық ұйымдармен ынтымақтастықта болу жағдайды жақсартуға
және шағын кәсіпорындардың пайдасына қаржыландыру тиімділігін ұлғайтуға
мүмкіндік береді. Оған мысал ретінде территориялық орналастыру және
аймақтағы қызмет жөніндегі Делегацияны – DATAR келтіруге болады, ол
аймақтарда шағын және орта бизнесті дамытумен айналысады. DATAR өндірістік
жобаларға егер олар келесідей міндеттерге жауап берсе дотация бөледі:
1. Кәсіпорын территориялық құрылымның жоспарына айрықша зонада
орналақан болса
2. Кәсіпорынның қалпына келу жөніндегі құрылған жұмыс орындарының саны
(алғашқы қызметінің 3 жылы – 20жұмыс орны)
Жобаны қолдауда DATAR дотацияларға үштен бірін жобаның басында
ұсынады, ал қалған бөлігін – жобаны жүзеге асыру барысында кезеңдік
төлемдер жолымен жүзеге асады. Франция Үкіметінің басқа шаралары
өнеркәсіптік меншік субъъектілеріне салықты қысқарту қағидасын, өнеркәсіпті
зерттеу және даму орталықтарын құруды білдіреді.

Израильдегі шағын бизнес.

60 ж. бастап Израилде экономикаға үлкен ықпалды акционерлік қоғамдар
түріндегі ірі кәсіпорындар көрсетті. Дәл осы сектор үлкен табыс берді,
бірақ 80 ж. аяғындағы Шығыс Европа және КСРО елдеріндегі экономикалық және
саяси жағдайдың тұрақсыздану ірі масштабты иммиграцияға әкелді. Осы кезде
Израиль Үкіметі алдында жаңа азаматтарды жұмысқа орналастыру сұрағы туды.
Соған байланысты шағын және орта бизнесті дамытуды жылдамдатты. Израиль
тәжірибесіене келесідей шараларды:
1. Технопарктердің қызмет ету қағидалары бойынша технологиялық жылы
жайларды құру және дамыту. Технологиялық жылы жай тәуелсіз заңды
тұлғаны, фирма немесе ассоцияцияны білдіреді. Ол қажетті инфрақұрылымы,
ғылыми – зертттеулер құралдары, жұмыс жасау орындары бар кішкентай ұжымдар
біріктіреді. Оның қызметі жарғы немесе қоғамдық комитетпен реттеледі.
Технологиялық жылы жайлар жаңадан құрылған фирмаларды қолдайды. Кейде
өнім өткізу кезеңіне дейін жеткізеді.
2. Бизнес жылы жайларды құру. Олар өз басқару органдары, директорлар
кеңесі және де экономистер, заңгерлері, бухгалтерлері бар жеке компаниялар.
Бизнес – жылы жайлар өз ісін ашуға ынталы адамдарға, бірақ ол үшін
білімнің жеткіліксіздігі бизнесте бағыттала алмау және ең басты алғашқы
капиталдың болмауы кедергі жақсы мүмкіндіктер береді. Екі жыл бойы жобаны
құру үшін 300 000 шекелге дейін ақша бөлінеді (81 000 $) Ол жобаға
есептелген шығынның 80% жабады, қалған 20 % жеке инвесторлар ұсынады.
3. Ғылыми зерттеулерді сонымен бірге өнеркәсіпте дайын өнім өндіруді
қаржыландыратын ғылыми зерттеу ұйымдары мен қорларын құру.
4. Шағын кәсіпорындар қорының сауда және өнеркәсіп министрлігінің
жанынан жұмыс істеу. Қор шағын және орта бизнеске кәсіпорындардың
масштабына байланысты жеңілдік беру жолдарын инвестицияларды жүзеге
асырады. Көмек сонымен қатар, егер кәсіпорын несие алу үшін мемлекеттік
кепіл алу және жеңілдіктерден қашық аймақтарда орналасса қайтарымсыз ссуда
беру арқылы жүзеге асады. Жеңілдіктер көбінесе өнім өндіретін шағын және
орта кәсіпорындарға беріледі.
5. Көптеген Израилдік банктерге шағын бизнеске қолдау арнайы
бөлімшелер бар. Олар банктік жеңілдіктер, маркетингтік жеңілдіктер,
менеджерлік, консалтингтік қызметтер көрсетеді, кәсіпорындардың бизнес
жоспарларын дамыту жобаларын қарастырады және бағалайды.
6. Шағын және орта бизнесті қолдаудың маңызды бағыттарының бірі болып
мошав – овдимдерді қолдау табылады. Ол әрбір жанұя өз шаруашылығын
жүргізіп, өзінің жерін өңдейтін ауылшаруашылық, поселке. Ал өнімді бөлу
және өткізуді ауыл шаруашылық құралдардың сатып алуды коммуналдық
қамтамасыз етуді мошава тұрғындары кооперативтік негізде жүзеге асырады.
Мошаваларды ауылшаруалық өндірістің бірқатар негізгі бағыттар қалыптасқан:
- сүт шаруашылығы (30 сиырға дейін, орташа көлемі) бір жанұяға га.
- егістік (негізінен көкөніс және техникалық дақылдар) бір жанұяға
Қазақстанның шикізат ресурстарынан басқа дамыған ғылымы, біздің еліміздің
экономикасы кезіккен қиындықтарды және алатын интеллектуалдық потенциалы
бар. Оның үстіне республикада өз өндірістерін конверсиялау процесіндегі
кәсіпорындар, сонымен бірге негізінде Hitech сферасындағы шағын және орта
кәсіпорындады құруға болатын машина жасау зауыттары бар. Біздің
экономикамызда болып жатқан құрылымдық өзгерістер дамыған мемлекеттер
сонымен бірге Израилдің шағын және орта бизнестің дамуының тәжірибесін
есепке алу қажет.
Қысқаша, басқа мемлекеттік тәжірибесін қарастырайық. Мысалы, Кореяда
субконтрактілік кеңінен тараған. Бұл форма кәсіпкерлерге шағын және ірі
бизнесті ұжымдандыру мүмкіндігін береді. Яғни, трансұлттық компаниялар
шағын кәсіпорындардың көмегімен өзінің өндірістік және өткізу желілерін
кеңейтеді. Оның үстіне үкімет шағын кәсіпорындарды модернизациялауға
бағытталған жобалар құрастырды, технология және сапаның ұлттық институтын
құрды, шағын кәсіпорындардың өнімдерін алу және өткізуді кепілдеді. 1997 ж.
соңында Оңтүстік – Кореяда 2 640 000 шағын және орташа кәсіпорындар
тіркелді, ол жалпы Оңтүстік Корея компаниялардың 99,5 % құрды, онда 9 млн.
адам жұмыс істейді немесе жалпы жұмысшылардың 78,5 % құрайды. Шағын және
орта бизнес Әкімшілігінің мәліметтері бойынша шағын және орташа
кәсіпорындардың 90 % жалпы саны 50 жуық.
Енді Литвадағы шағын кәсіпкерлікті қарастырайық. Қазіргі уақытта бұл
сектор экономика тұрақтануының негізгі фактор болып табылады, оның
көмегімен дотацияны қажет етпейтін халықтың орта бөлігі құралады. Литваның
ішкі өнімдегі шағын кәсіпорындардың үлесі 69 % құрайды. Ал жұмысшылар саны
бойынша еңбекке қабілетті адамдардың 13. Кәсіпорындардың 90 % - тен көбі
шағын және орташа болып табылады. Мемлекет шағын кәсіпорындарға салықтық
жеңілдіктер береді.
- бірінші екі жылдай пайдаға салық тарифі 70 % проценттен төмендейді,
ал үш жылдан бастап 50 %14. Оның үстіне кәсіпорындарды несиелейтін
мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры құрылды.
Байқап отырғанымыздай, дамыған мемлекеттер тәжірибесі кәсіпкерлерге
жағдай жасауда үкімет шешуші рол атқаратынын көрсетуде. Ал ол шағын
бизнесті қолдау және дамытудың тиімді саясатын жүргізеді.
Олардың басшылыққа алған негізгі қағидалары келесілер:
1. Құқықтық және әкімшілік құрылымдарға негізделген нарықтық экономикалық
саясат.
2. Жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерді оқыту жобалары.
3. Кіші жаңа кәсіпорындар үшін капиталға қол жеткізуді қамтамасыз ететін
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
Жоғарғы үш шартта өте маңызды. Мысалы, тек ғана оқытып және техникалық
беру жеткіліксіз. Көптеген елдерде кәсіпкерлер заңының қиын заң жүйелеріне
тап болды. Мсыалы, Перуде жаңа фирманың тіркелуі үшін 11 рұқсат керек.
Перудің бостандық және демография институтының зерттеуі бойынша оны алуға
289 күн кетеді. Екінші жағынан, жеке секторды қолдайтын мемлекеттер
бірқатар жетістіктерге жетті. Олар шағын бизнесті экономикалық өсудің
негізгі көзі деп біледі. Польша тәжірибесі кедергілерді алып тастау және
кәсіпкерліктің гүлденуіне ықпал ететінін көрсетті. Елде қырық жыл бойы
кәсіпкерлікке жол берілмейтін орталықтандырылған жүйе қызмет етеді. Онда үш
жылда қиын экономикалық жағдайға қарамастан пайда табатын миллиондаған
жаңадан фирмалар ашылды.
Мұның барлығы шағын және орта бизнестің әсер ететін дамыған
инфрақұрылымның болу керектігін көсетеді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу
қаржылық ақпаратты дәлме – дәл және түсінікті ету үшін бухгалтерлік есеп
стандарттары қажет. Инфрақұрылым жолдарды, порт телекомуникация жүйесін
қоса алғанда қазіргі заманға сай болу керек. Фирмалардың капиталды алуы
үшін дамыған қаржылық нарық қажет. Қосымша қызметтер заң, сақтандыру,
бухгалтерлік және консултациялықфирмалар нарық қажеттіліктеріне сәйкес
қызмет етуі керек.
Қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің дамыту процесі Еуропаның
көптеген елдерінде, АҚШ және Жапонияда әлі жүріп жатыр. Қазір шағын бизнес
экономиканың қозғаушы күші екені мойындалуда. Шағын бизнес қазіргі қоғам
назарының ортасында, ол бүкіл халықтың өмірін қорғайды. Кейбір зерттеулер
бойынша шағын кәсіпорындар ірі компанияларға қарағанда табыстырақ.
Осылайша, шағын бизнестің болашағы өте жарқын, бастысы – оны басқара
білу.

2. Тарау. ҚР – дағы шағын және орта бизнестің
даму тенденциялары.
2.1. ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.
Бұл сұрақта Қазақстандық кіші және орта кәсіпкерліктің қазіргі
кезедегі мен соңғы жылдардағы жағдайы қарастырылады.
Дамыған индустриалды мемлекеттерде шағын бизнестің өзі ғана
жалпы ішкі өнімнің 50% - дан астамын алады. Біздің елімізде болса,
шағын бизнесті және оған орта бизнесті қосқанның өзінде олардың
ЖІӨ - гі сыбағалы үлесі 30% - дан аспайды. Мәселен, 2002 жылдың
нәтижелері бойынша еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің
жалпы іші өнімдегі үлесі 17% болды, ал 2003 жылы бұл пайыздық
қатынас 20% шамасында болды. Бұл статистикалық мәліметтер осы
сектордың ұлттық экономикасындағы елеулі еместігін көрсетеді.
1.,2...
Бірақ шағын бизнес субъектілерінің елеулігі бөлшек сауда
саласында байқалады. Осы саладағы олардың үлесі 90% - ға жетеді.
Мұндай жағдайдың қалыптасуын ең алдымен осы сектордың
бәсекелестік еместік қабілетімен байланысты.
Шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы қалыптасып отырған
жағдайдың қандай екенін көру үшін енді статистикалық мәліметтерді
келтірейік.
Қазақстандық экономиканың соңғы бес жылдағы қарқынды өсуі өзінің
бастауын әлемдік рыноктардағы шикізат ресурстарына бағалардың
шарықтауынан және үкіметтің сауатты нарық реформаларды жүргізуінен
алады. Олардың нәтижесінде Қазақстандық экономикаға ақша массасының
(мұнай долларының түсімінен) қысымы артып барады. Сол себепті қазіргі
кезде біздің елімізде инвестициялау объектілерінің тапшылығы
байқалуда. Сондықтан көптеген тұлғалар өз істерін ашуға тырысуда.
Статистика бойынша ҚР – сы агенттігінің мағлұматтары бойынша 2004
жылғы 1 қаңтар қарсаңында біздің елімізде шағын бизнестің 130779
субъектілері тіркелген. Олардың 71,5% әрекет етеді. Бұл өткен
периодтағы осы көрсеткіштегі 11,8% көп. 2004 жылдың 1 қаңтарында
белсенді кіші кәсіпорындарының 42,2% саудаға, автомобильдерді жөндеуге
және үй шаруашылығы қолдамындағы өнімдерді өндіруге мамандырылған.
Ал өнеркәсіптік бағыттағы әрекет ететін белсенді шағын кәсіпорындардың
үлесі 12,5% , ал осы кәсіпорындардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
Шағын кәсіпкерлікті басқару жүйесі
ҚР нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнестің дамуы
XХІ ғасырдың қарсаңыңдағы ҚР-ның әлеуметтік-экономиқалық саясаты
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің қалыптасу ерекшеліктері
Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері
Шағын және орта бизнесті дамытуда кездесетін проблемалар
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуы
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Пәндер